Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Банк тәуекелдерінің экономикалық мәні

Банк тәуекелдерінің экономикалық мәні

Қазақстан Республикасы өзінің дамуы барысында XXI ғасырға күрделі өзгерістермен аяқ басты. Соның ішінде қазір бізде тәуекелдердің рөлі өте зор. Ол барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекетте де, үкіметте де болуы мүмкін, ал біз тәуекелдің жою жолдарын қарастыруымыз керек. Негізінен, тәуекел – ке келген өндірушінің соның ішінде банктің болжаусыз қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды. Тәуекел – банктің берген несиелері бойынша төлемсіздік туындаған жағдайда, ресурстық базасы жеткіліксіз болған жағдайда, жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайған жағдайда пайдасынан айырылып қалу мүмкіндігін бейнелейді. Дей тұрғанымен, қаншалықты тәуекел деңгейі төмен болса, соғұрлым банктің жоғары мөлшерде  пайда табуы да мүмкін емес болады. Сондықтан да кез келген кәсіпкер, соның ішінде банк менеджерлері басқару шешімдерін қабылдау барысында табыс пен тәуекел деңгейінің оңтайлы қатынасына мән беруге тиіс, сондай-ақ тәуекелдердің түрлеріне байланысты оларды басқару және бағалау керек. Ал кез келген банктің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақытылы айналысып отыруға тиіс.

Банк ісінде тәуекел – белгілі бір банктік операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде қосымша шығын жұмсау салдарынан пайда алмау немесе өзінің ресустарының бір бөлігін жоғалту қаупін білдіреді.

Экономика дамуының қазіргі кезеңінде банк үшін тәуекелдер дұрыс басқарылуы және бағалануы қажет. Кез келген банк үшін тәуекелдің сандық бейнеленуі банктің алға қойған шараларды жүзеге асырудың тәуекелділігінен

шығынға ұшырауын және тәуекел саласындағы банктің стратегиясының сапасын көрсетеді.

Нарықтық қатынастардың қалыптасуына байланысты  тәуекелділік түсінігі  банктер өміріне  нақты кіруде.  Жоспарлы экономика жағдайында  банктер қатал түрде КСРО Мембанкісінің  жоспар-нұсқауы бойынша қызмет етті, сондықтан банктік тәжірибеде «тәуекелділік»   деген түсінік те болған жоқ.  Егер клиенттің  шотында  есеп айырысу  құжаттарын төлеу кезінде  ақша қаражаттары болмаған жағдайда банк автоматы түрде оған  төлем несиесін ұсынатын.

Қазіргі кезде банктік  нарық тәуекелдіксіз  мүмкін емес.  Ол кез  келген операцияда болады,  тек тәуекелдік  әр түрлі көлемде  болуы мүмкін.   Сондықтан банктік  қызмет үшін  тәуекелділікті мүлдем жою емес,  оны алдын ала болжап,  ең төменгі деңгейге дейін жеткізу  маңызды болып  табылады.

Банк менеджерлері пайда табуды тәуекелмен байланысты әрекеттер жасаудың салдары ретінде қарамайды. Тәуекел мен шығын, бір жағынан алғанда банктік пайда алуы мүмкіншілігіне қарама-қайшылық жасаса, екінші жағынан пайданың пайда болу табиғаты мен тәуекелдің пайда болу табиғаты арасында айырмашылықтың барлығына көңіл аударуды қажет санайды. Банктің өз қызметі процесінде тәуекел түрлерінің әр түрлі жиынтығымен кездеседі. Ал, банк менеджерлері тарапынан бұл тәуекелдерді болдырмау шараларын қарастыру керек және бұл тәуекелдерді белгілі бір дәрежеде басқару және бағалау қағидаларын зерделеу қажет. Осыған байланысты банк ісі пәнінен курстық жұмысымның тақырыбын « Банк тәуекелдерін басқару және оларды бағалау » деп алдым.

Бұл тақырыптың өзектілігі экономика дамуының қазіргі кезеңінде банк ісінде, ұйымдарда, қоғамдарда, кәсіпорындарда тәуекелдерді басқару және бағалау жолдарын қарастыру, сондай-ақ тәуекелдерді болдырмау шараларын қарастыру қажет, ал ол үшін тәуекелдердің басқарылуы және бағалануы туралы мамандық деңгейіміз жоғары болуы керек.

Осы тақырыпты орындау барысында мақсатыма: тәуекелдердің экономикада алатын орны, банк үшін тәуекелдердің түрлерін анықтау және оларды бағалау мен басқару және болдырмау шараларын қарастыру.Ал міндеттеріме:

  • Банк тәуекелдерінің экономикалық мәнін анықтау;
  • Банк тәуекелдерінің пайда болу көздері мен себептерін анықтау;
  • Банк тәуекелдерін басқарудың және бағалаудың әдістерін анықтау;
  • Банк тәуекелдерінің сыныпталуын қарастыру;
  • Тәуекелдердің жою жолдарын анықтау болып табылады.

І Банк тәуекелдерінің экономикалық мәні

1.1 Банк тәуекелдерінің пайда болу көздері мен себептері

Тәуекел гректің «ridskon,ridsa», италияның «risiko» және француздың тілінде «risque» яғни қазақша «қауіп, қатер» деген мағынаны білдіреді. Ал, латынша «rescum» сөзінің аудармасы болжанбайтын, қауіпті немесе білдіретін нәрселердің бірін білдіреді.

Тәуекелдердің тұжырымдамасы адамзатқа ежелден-ақ таныс. Өйткені тәуекел біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып келеді. Тәуекел – оқиғаның болу немесе болмау мүмкіндігін жүз проценттік нақтылықпен болжай алмауын айтамыз. Кез- келген адам тәуекел деңгейін төмендетуге тырысады. Өткені жағымсыз оқиғаның болу жағдайында тәуекелге ұшыраған адам шығын шегеді. Тәуекел деңгейі мен табыстылық деңгейі өзара пропорционал болып келеді. Яғни, тәуекел деңгейі неғұрлым жоғары болса, табыстылық деңгейі де соғұрлым жоғары болады. Керісінше тәуекел деңгейі төмен болса, табыс та төмен болады. Сондықтан  кез келген кәсіпорын табыс пен тәуекел деңгейлерінің арасынан ең тиімді немесе альтернативті арақатынасты таңдайды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, банк үшін тәуекелдерді басқару ең маңызды мәселелердің бірі болып келетінін айтып кеткен жөн. Өйткені кез- келген банктің қалыптасу процесінен бастап ,бүкіл қызмет ету уақытысында банктің іс- әрекеті көптеген тәуекелдерге тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан банктің болашақта банкроттыққа ұшырауы немесе ұшырамауы банктің тәуекелді басқаруымен және бағалауымен тікелей байланысты. Банк ісінде тәуекел деп – банктің табысы мен капиталына кері әсер ету оқиғаларының болу ықтималдығын айтамыз. Бұл оқиғаларға мыналар жатады:

  • Табыстың төмендеуі;
  • Берілген несиелердің қайтарылмауына байланысты шығындардың пайда болуы;
  • Базалық ресурстардың азаюы;
  • Баланстан тыс операциялар бойынша төлемдердің төленбеуі және тағы да басқалары.

Бірақ тәуекел деңгейі қаншалықты төмен болса, жоғары табыс алу ықтималдығы да соншалықты төмен болады. Сондықтан да кез-келген банк өзінің қаражаттарын табысы жоғары және тәуекел деңгейі төмен іс-әрекеттерге жұмсауға тырысады.

Тәуекел мен табыс деңгейлерінің арасындағы байланысты төмендегі сызбадан көруге болады.

Егер де банк өз қызметін бірінші бөлікте ұйымдастырса, мұндай банктің табыс деңгейі өте төмен болады. Банк ұзақ мерзімде бұл бөлікте қызмет етсе үлкен проблемаларға жүгінеді. Бұл бөлікті жеткіліксіз табыс бөлігі деп атауға болады.

Ал, екінші бөлікте қызметін ұйымдастыратын банк өзіне тәуекелділікті қабылдайды. Бірақ мұндай банктің жоғары табыс алу ықтималдығы төмендеп кетеді. Бұл бөлікті бекер тәуекелге бару бөлігі деп атауға болады.

Банк өз қызметін үшінші бөлікте ұйымдастырытын болса, өзін қажетті табыс деңгейімен қамтамасыз және негізделген тәуекел деңгейін қабылдайды. Тәуекел мен табыс деңгейлерінің оптималды қатынасы осы бөлікте орнығады.

Банктің басқармасы тәуекелдің пайда болу көздеріне және пайда болу себептеріне аса маңызды көңіл бөледі. Тәуекелдің пайда болуының үш көзін атап өтуге болады. Алғашқы екі түрі объективті сипатта, яғни банктің іс-әрекеттеріне байланыссыз немесе тәуелсіз болады. Ал, үшінші түрі субъективті сипатта болады, яғни банк қызметіне тәуелді болып келеді. Тәуекел деңгейіне әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы деп бөлуге болады.

Сыртқы тәуекелдерге банктік қызметіне байланыссыз туындайтын тәуекелдер жатқызылады. Олар экономикалық, құқықтық, қаржылық және басқа да факторлардан пайда болады.

Саяси – бұл мемлекет құрылу ерекшелігімен байланысты, мемлекеттік билік органдары қызметтерінің тұрақсыздығы ( мысалы, үкіметтің тез ауысуы, басқару және саяси режимнің өзгеруі ), үкіметтің экономикалық және басқа да саясаттарды дұрыс жүргізбеуі ( ұлтшылдандыру, жекешелендіру, т.б.), этникалық және аймақтық мәселелер, әлеуметтік топ мүшелерінің поляризациясы және т.б.

Құқықтық – банк қызметіне қатысты заңдық және басқа да нормативтік шектеулер (мысалы, экспортты немесе импортты шектеу, шетел банктері қызметін лицензиялау, шетел инвестицияларын лимиттеу );

Экономикалық :

  • Жалпы экономикалық тәуекелдер – экономикалық құндылықтар экономикалық саясатпен байланысты, ЖҰӨ өсуі ұзақ мерзімді төмендеуі, импорттың экспорттан жоғары болуы, экспорттан түсетін табыстың азаюы;
  • Қаржылық тәуекелдер – ақша-несие жүйесінің дағдарысы, инфляция, сыртқы қарыздың күрт өсуі, сыртқы қарызды өтеу көлемінің төмендеуі, сыртқы қарызға жаппай мараторйи, трансфертті тәуекел, елде несие мен займдар бойынша төлемдер жасау үшін қажетті мөлшерде шетел валютасының болмауы, сондай-ақ импортпен салыстырғанда шетел резервтерінің азаюы, жаңа экономикалық нормативтер, салықтар, алымдар, баждар, тарифтер мен квоталардың енгізілуі;

Банктің өзінің қызметіне байланысты тәуекелдер ішкі тәуекелдер деп аталады. Ішкі тәуекелдер келесідей бөлінеді:

  • банк активтерімен байланысты ( несиелік, валюталық, нарықтық, лизингтік, кассалық, есеп айырысушылық, факторингтік, корреспонденттік шот бойынша, қаржылық және инвестициялы тәуекел және т.б.);
  • банк пассивімен байланысты ( салым және депозит бойынша, банкаралық несиелерді тарту тәуекелдері және диверсификация тәуекелі );
  • банк өзінің активтері мен пассивтерін басқару сапасымен байланысты (пайыздық  тәуекел, өтімділік тәуекелі, төлем қабілетсіздігі, капитал құрылымы тәуекелі, банк капиталының жеткіліксіздік тәуекелі );
  • қаржылық қызметті жүзеге асыру тәуекелімен байланысты (операциондық, технологиялық тәуекелділік, жаңа енгізулер тәуекелділігі, стратегиялық, бухгалтерлік, әкімшілік тәуекелділігі, қауіпсіздік тәуекелі ).

Осы факторлар жиі кездесетін банк  тәуекелдердің пайда болуына себеп бола алады.

1.2 Банк тәуекелдерінің сыныпталуы

Коммерциялық банктердің жұмысындағы негізгі  принципі  максималды пайда табу.   Ал бұл  принципке жетуге тәуекелділік  кедергі болып отыр.  Басқаша айтқанда тәуекелділік -  бұл уақиғаның  құндық  тұлғалану ықтималдылығының шығынға ұшырататындығын білдіреді.  Тәуекелділік жоғары болған сайын,  көп пайда табу мүмкіндігі де жоғары.  Тәуекелділік  қазіргі  және келешектегі дамуы   бағалаудың және нақты мәліметтердің ауытқуынан  пайда болады. Бұл ауытқулар позитивті және негативті болуы мүмкін. Біріншіден, табыс табу мүмкіндігі айтылады, екіншіден,  тәуекелділік туралы айтылады.  Егерде  тәуекелділік алдын –ала өлшеніп,  бағаланып   және сақтандырылып қойылған жағадайда ғана табыс табуға болады. Сол себепті экономикалық проблемалардың  тәуекелділігінің  коммерциялық банктер  қызметтеріне,  ең алдымен  көңіл бөлінуі керек.  Негізгі проблемаларға:  банк ісіндегі тәуекелдің  сыныптамасы,  негізгі  оның бағалаулары және  есептеуінің әдістері жатады.  Әлемдік   практикада  банк ісіндегі  тәуекелділіктің  көп сыныптамасы бар,  солардың ішіндегі ең танымалы ол тәуекелділіктің жүйелі және жүйесіз  тәуекелділіктерге бөлінеді.

Жүйелі тәуекелділік -   бұл бүкіл қаржы нарығындағы  кризис тәуекелділігі. Бұл тәуекелдің түрі әртараптандырылмайтын болып табылады.  Жүйелі тәуекелділіктің анализі  құнды қағаздар портфелімен  жұмыс істеу және шетел валюталарымен операция жасау керек пе, егер де құрал жабдықтардың басқа активтердің формасының жұмсағанда жақсы болады ма деген бағалаулардан тұрады.

Жүйесіз тәуекелділік – бұл тәуекелділіктің түрі нақты қаржы құралдарымен байланысты және бұл түрін әртараптандыру (диверсификация) әсерінен барынша азайтуға болады. Зерттеуде көрсеткендей  жүйелік тәуекелділік  қаржы нарығында егер портфель 10 – 20  әр түрлі  қаржы құралдарынан,  соған қоса кездейсоқ таңдалынып алынған жиынтықтан тұрса, жүйесіз тәуекелділік  минимумға жеткізілуі мүмкін. Жүйесіз тәуекелділіктің  деңгейі – ол берілген қаржы құралдарының  сапасын бағалау.  Тәуекелділіктің мүмкіндіктерін  талдай отырып мыналарды  анықтау керек:

  • Қаржы нарығына толық немесе оның тек секторларына ғана жатқызылуын;
  • Ол биржа нарығына толық  немесе тек бөлек  региондарына,  облыстарына т.б.  орындарға тән;
  • Нақты қаржы құралдарына немесе барлығына байланысын;
  • Биржалық операциялардың техникалық  қызмет көрсетуіне байланыстылыған;

Жалпы биржа  нарығында жүргізілетін  банк операциялары  келесідей тәуекелділік түрлерімен   кездеседі:

Саяси  тәуекелділік.  Бұл тәуекелділіктің  басқару негізі  мемлекеттің   саясатты  тұрақтандыру  мақсатынан,  үкіметтің  қолдауы мен олардың  өткізетін программаларынан тұрады.

Хеджирлеу тәуекелділігі. Берілген тәуекелділіктің түрі  өндірістік  құралдарды пайдаланумен  байланысты (опциондар, фьючестер  және т.б. ).  Бұл базалық   активтердің  пайдасын  белгілеуге және мүмкін болғанша шығындарды  барынша  азайтуға мүмкіндік береді,   бірақ ол өте  қатал  бақылауды  талап етеді.

Шетел  несиелері бойынша тәуекелдік  - әсіресе 70- жылдары дамыған елдердегі қарыз алушылар несиесі бойынша  төлемдердің жапай кешіктіруімен байланысты орын алды. Бұл АҚШ тың бір талай аса ірі банктердің банкротқа ұшырауға  себеп болды.

Теріс пайдалану  тәуекелдігі - біздің елімізде 1991-1993  ж.ж. аралығында орын алған  банктердің үмітсіз берешегінің  ең көп тараған себебі.  Тексеру барысында маусымдық егіс жұмысына,  астық жинауға, өзіндік қаражатты  толтыруға бөлінген мақсатты несие  ресурстарын мақсатсыз пайдаланғанын растайтын  көптеген фактілер анықталады.  Бұл жеңілдікті несиелер басқа банктердің несиесі бойынша  берешекті өтеуге, машиналарды, сән салтанаты бұйымдарды сатып алуға  жұмсалған.  Алып сатарлық  жағдайларда,  орын алған,   бұл несиелер   коммерциялық құрылымдарға    нарықтық баға бойынша  сатылған валюталарға айырбасталған және т.б.

Теріс пайдалану  тәуекелдігі  банк жүйесінде 80- жылдары кезеңінен тарады. Бұл қатердің түрінен АҚШ-тағы барлық банктердің жартысынан көбісі банкротқа ұшырады. Директорлар мен жоғары лауазымды қызметкерлер несиені өз туыстары  мен  достарына  берген,  сондай-ақ, несиені қарыз алушының қаржылық жағдайын тексермей беру секілді сақтық шаралары қолданылмаған.

Елдің тәуекелділігі. Бұл тәуекелділікте саяси, экономикалық, әлеуметтік және т.б. түрлерін  қамтиды. Елдің тәуекелділігі саяси жүйенің өзгеруінен, қоғамдағы саяси күштің қайта құрылуы  мен саяси тұрақтылықа байланысты тәуекелділіктің  ысырап болу қатесі.

Заңнамалық өзгерістер  тәуекелділігі.  Бұл қызмет етуші заңнамалық нормалардың өзгеруінен белгілі бір қаржы құралдарының  өтімділігінің,  оң бағамдық құнының т.б.  байланысты осы қаржы құралдарына  салымдарды жоғалту тәуекелі.  Соныман қоса бұл берілген тәуекелділіктің түрі егер де  берілген заңдар  қалыптастырылмаған  немесе  мәліметтер базасы толық  жеткіліксіз болған жағдайда ғана пайда болады.  Ал бұл  жаңа  заңды құжаттарды  нарықта әзірлеу  кезінде  үнемі  зерделеп отыруды,  сонымен қатар заңның өзгеруімен  сәйкес, қолданыстағы банк құжаттарына  уақытылы өзгерістерді енгізуді талап етеді.

Талғамалы тәуекелділік. Басқаларымен салыстырғанда  операцияларды жүзеге асыруда  нақты қаржы құралдарының дұрыс таңдалмаған  тәуекелділік. Бұл берілген тәуекелділік нақты қаржы құралдарының сапасын дұрыс емес бағалаумен байланысты. Көбінесе  қаржы құралдарының түрлерінің өзгеруіне байланысты  тәуекелділіктің өзгерісін  бағалау үшін  тәуекелділіктің өзгеру шкаласын қолданады.

Уақытша тәуекелділік.   Бұл тәуекелдің  түрі қаржы құралдарын  қолайсыз уақытта сату  немесе сатып алудың әсерінен  шығынға  әкеліп соқтыратын  тәуекелділік.

Операциялық  тәуекелділік.  Компьютерлік жүйенің   ақпараттарды өңдеу кезінде кемшіліктер, төменгі сапалы техникалық қызмет көрсету жұмысының, операциялар технологиясының бұзылуы, компьютерлік айлакерліктерге байланысты ысырап болу тәуекелділігі.

Банк тәуекелдерін жіктеу мақсатында тәуекелдерді мына элементтер бойынша топтаймыз:

  • коммерциялық банктің түрі мен мамандану саласы;
  • банк тәуекелерінің пайда болуы немесе мамандану аясы;
  • банк клиенттерінің құрамы;
  • тәуекелділікті есептеу әдістері;
  • банк тәуекелінің деңгейі;
  • тәуекелді уақыт тұрғысынан үлестіру;
  • тәуекелді есепке алу сипаты;
  • банк тәуекелділігін басқару мүмкіндігі ;

Банк ісінде қызмет көрсету саласына тән тәуекелдердің түрі жиі кездеседі. Мысалы, инновациялық банктер жаңа технологияларды несиелендірумен байланысты тәуекелдерге жиі кезігеді. Ал, әмбебап банктерде тәуекелдің барлық түрлері кездесуі мүмкін. Сондай-ақ әкімшілік тәуекелдің мынадай түрлері кезігеді: құрылымдық басқару, ынталандыру, бақылау, стратегиялық тәуекелдер жатады, ал қаржылық тәуекелдерге қаржыландыру, өтімділік диверсификациялық, табыстылықтың төмендеу  тәуекелдері жатады, ал ұйымдастырушылық тәуекелдерге ақпараттық, персоналдық жаңа технологияларды пайдаланумен байланысты тәуекелдер жатады. Банк клиеттерінің құрамына байланысты әр банк тәуекелді есептеудің әдісін және тәуекел дәрежесін анықтайды. Осыған байланысты банк клиенттеріне  тәуекелдердің толық құрылымын анықтауға болады.

Ал, тәуекелдердің ең негізгі түрлеріне мыналар жатады:

Валюталық тәуекел. Шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты бағамның өзгеруімен байланысты валюталық ысырап қатері. Валюта тәуекелі, әсіресе,  бір ғана  валюта бағамының  әр түрлі валюта нарығында  сәйкеспеуімен немесе  уақыттың әр түрлі сәтіндегі  валюта бағамдарының  айырмашылығынан  пайда болатын  алып – сатарлық табысты  алуға ұмтылатын  банктерде жоғары болады. Валюталық тәуекел құрылымы екіге бөлінеді,  коммерциялық тәуекел – қарыздар  өзінің міндеттемелері бойынша  қарызды төлегісі келмейтін  немесе төлей алмауына байланысты  пайда болатын тәуекел; операциялық  тәуекел – нақты операциялар бойынша  валюталық шығындар тәуекелі.

Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.

Пайыз  тәуекелі – бұл нарықтағы пайыз мөлшерлемесінің болжамсыз өзгерісінен банктің пайыздық маржасының төмендеуін білдіреді.Ол мынадай себептерге байланысты пайда болады:

  • Пайыз мөлшерлемесінің түрлерін( тіркемелі, өзгермелі, және т.б.) дұрыc таңдамау;
  • Орталық банктің пайыз саясатындағы өзгерістер;
  • Банкте жасалған пайыз саясатының болмауы;
  • Депозиттер мен несиелерге баға белгілеудегі жіберілген қателіктер;
  • Өзге де себептер.

Есеп айырысу тәуекелділігі.  Қаржы   құралдарымен  операция жасауында, төлем-клирингтік жүйесінің технологиясының бұзылуы мен жеткіліксіздігіне байланысты пайда болатын  ысырап   болу тәуекелділігі.

Жоғарыда  айтылған тәуекелділік түрлері бір – бірімен  тығыз байланысты. Тәуекелділіктің бір түрінің  пайда болуы, басқа тәуекелділік түрлерінің  пайда болуына әкеледі, ал бұл жағдайды  нашарлатады. Бұл тәуекелділіктің түрлері биржа нарығында  барлық қатысушыларға тән,  бөлек қаржы құралдарымен  жасалатын операцияларына  байланысты  айырықшалық банк ісіндегі  тәуекелділіктер  пайда болады.

Есеп айырысу тәуекеліне мыналар жатады:

  • Төлемсіздің немесе төлем мерзімін бұзу тәуекелі;
  • Есеп айырысу формаларының, төлем және құжат айналымдары тәсілдерінің есеп айырысу операцияларының мазмұны мен мәмілелерінің сипатына сәйкес келмеу тәуекелі;
  • Есеп айырысуды ұйымдастыруға қатысты заңдар мен қойылатын нормативтік талаптарға сай келмеу немесе олардың бұзылу тәуекелі;
  • Есеп айырысуларды қатынасатын банктің барлық құрылымдық жұмысымен байланысты немесе технологиялық тәуекелдер;
  • Банкаралық есеп айырысу технологияларының тәуекелі.

ІІ Банк тәуекелдерін басқару және бағалау

2.1 Банк тәуекелдерін бағалау әдістері

Банктік тәуекелдерді бағалау кезінде тәуекел туралы толық ақпаратты алу бірнеше көрсеткіштердің есептеліну нәтижесінде алынады. Неғұрлым ақпаратты сапалы болып банктік тәуекелді бағалауда-салыстырмалы көрсеткіштер болып табылады. Ал, абсолютті көрсеткіштер бағаланып жатқан объектіден күтілетін нәтижелердің негізінде қолданылады. Тәуекелді бағалау кезінде  ықтималдықтың деңгейін анықтайтын көрсеткіштердің маңызы зор болып келеді. Банктік тәуекелдің деңгейін бағалау барысында нақты көрсеткіштердің жоспарланған көрсеткіштерден ауытқуын есептеп қана қоймай, сонымен қатар теріс ауытқулардың оң ауытқуларға қарағандағы ықтималдығы есептеледі.

Ал енді тәуекелді бағалау әдістеріне тоқталып кетсек.  

Тәуекелді бағалаудың статистикалық әдісі.

Тәуекелді бағалау мен оны басқарудың дәстүрлі әдістерінң бірі  болып табылады. Статистикалық талдаудың негізгі құралдарына  дисперсия, стандарты ауытқу, варияция коэффициенті жатады.  Бұл әдістің мәні үлкен уақыт аралығында статистикалық мәліметтерді талдауда жатыр. Бұл банктердің  шеккен залалының пайда болу жиілігін олардың пайда болу ықтималдығымен салытыруға мүмкіндік береді. Бұл әдісті банктің ішкі және сыртқы  тәуекелдерін бағалауға қолдануға болады. Бұған қоса бір банк үшін  залалдың мүмкін болатын деңгейінің  болу жиілігі нақты бір  залал деңгейінің болу жағдайының саны мен  статистикалық  талдаудағы оқиғалардың  жалпы санына байланысты болады. Банк тәуекелсіз  аймақта жұмыс істейтін болса,  еш залал шекпейді,   бұл болса жоғарғы табыс алуға мүмкіндік береді. Банк мүмкін болатын тәуекел аймағында қызмет етсе,  банк шеккен шығындардан  асып түседі.  Ал мүмкін   тәуекелдер  аймағын да қызмет  етсе,  ол өз қызметінен ешқандай пайда тапппайды. Тапқан табыстарының барлығы шығындарды жабуға жұмсалады. Критикалық  тәуекел аймағында банк банкротқа жақын болады. Алған табысы шығындарды жабуға жеткіліксіз болады.

Статистикалық әдіс статистикалық шығын және пайданы зерттеу, экономикалық қайтарымның шамасы мен алу жиілігін  анықтау одан кейін  ықтималдық  талдау мен болашақ  кезеңдегі  нарықтың жағдайына  болжам  жасауға негізделеді.

Хеджирлеу әдісі. Хеджирлеу   дегеніміз -   фьючерстік немесе  опциондық нарыққа қатысты  жеке нарықтың бағалық залалдарынан сақтандыруға негізделген әдіс.  Мұндағы биржалық опциондар үшін   жеке нарық ретіндегі нақты нарық,  сонымен бірге фьючерстік  нарықтар  қарастырылуы мүмкін.Хеджирлеу механизмі  нарық қатысушы әр уақыт мезетінде  фьючерстік және жеке  нарықта,  опциондық және нақты нарықта,  опциондық немесе фьючерстік нарықта қарама қарсы  позицияда тұруына негізделеді.  Бұл нарықтағы бір актив бағасы  қозғалыс бағыты сәйкес келеді. Басқаша  айтқанда егер сатушы бір нарықта сатып алушы болса,  басқа нарықта сатушы болу керек және керісінше.

Фьючестік және жеке нарықтағы хеджирлеу. Соңғы жылдары әлемдік  қаржылық нарықта тіркелген пайыздық қойылыммен валюталық бағамдағы қаржылық құралдарға негізделген қаржылық фьючерстік келісім шарты сату жүзеге асырылуда.

Қаржылық фьючерс  бұл алдын ала болашақ кезеңдегі  келісілген баға бойынша қаржы құралдарын сату  немесе сатып алу туралы келісім.

Қаржылық фьючерс  нарығы қаржы нарығының басқа сегменттерінен  келесі сипатамалар арқылы ерекшеленеді.

  • Қаржылық фьючерстер белгілі бір ережелер сақталатын орталықталған биржаларда,  баға ұсынысы ашық дауыс беру арқылы сатылады.
  • Келісімшарттар стандартталған нақты құрал түрін нақты бейнеленген уақытта саудаласуды жүзеге асыру қажет.
  • Қаржы құрадарын нарыққа келісімшарттағы  барлық тараптардың міндеттемелерін  орындалуына кепіл беретін  есептік палата арқылы  шығаруға болады.
  • Қаржылық фьючерс бойынша нақты қаржы инструменттерінің шығарылымы болмайды.
  • Фьючерс саудасы бойынша шығындар салыстырмалы түрде болады .

Фьючерстік келісімдер нарығы екі мақсатта  қызмет етеді:  біріншіден,  ол нарық қатысушыларына өздерін нарықтағы болашақ кезеңдегі бағаның жағымсыз өзгерісінен   сақтандыруға мүмкіндік береді. Екіншіден,  ол алыпсатарларға өте аз қамтамасыз етумен   үлкен пайда алуға мүмкіндік береді. Сонымен фьючерстік келісімдер нарығының дамуына  нарықтағы қаржы құралдарының  бағаларының ауытқулары себеп бола алады. Қаржылық фьючерсті  пайдаланушылардың екі  түрін атап айтуға болады. Олар хеджерлер мен алыпсатарлар.

Хеджерлердің мақсаты  пайыздық қойылым немесе валюталық бағамдардың жағымсыз  өзгеруін төмендету.

Аналитикалық  әдіс.  Қаржы нарығын екі аналитикалық тәсілмен бөліп көрсетуге болады.

  1. фундаментальді
  2. техникалық

Фундаментальды талдау   оның элементі бағалауға негізделеді, табысы,  нарықтағы  жағдайы,  активі  мен пассиві,  меншікті  капиталдағы және  эмитент  қызметінің нәтижелігін сипаттайтын  басқа көрсеткіштегі пайда нормасы. Фундаментальды талдауда коэффициент әдісі қолданылады.  Бұл әдіс тек сандық  мәліметтер үшін қолданылады.  Сондықтан тек қана бұл әдісті қолдану қате  ақпарат беруі мүмкін.  Келесі коэффициенттер жиі қолданылады.

p/c – nation  әрбір жай акцияға есептелген акцияға бағамдық құнының  таза пайда көлемінің қатынасы арқыла анықталады.

d/p  - ratio   жай акция бойынша дивиденттердің  оның бағамдық құнына қатынасы арқылы  есептеледі

бета коэффициенті  белгілі бір бағалы қағаз қызмет етуіне  нарықтағы жағдайдың  әсерін  анықтайды. Бұл коэффициент төмен болған кезде,  инвестиция тәуекелі  жоғары немесе керісінше болады.

R -  квадрат жалпы алғанда анықталмаған тәуекелдің  бағалы қағаздарға   салым жасаудағы үлесін сиапаттайды.

Техникалық талдау - бұл графиктердің көмегімен бағалардың келешектегі қозғалыс бағытын анықтау  мақсатында нарық динамикасын талдау. Техникалық талдаудың басты артықшылығы  оны сауданың кез келген құралы үшін,  кез келген уақыт аралығында пайдалануға болады.

Тәуекелді басқарудың құрамдас бөлігі  ретінде балансты  шоктық тестілеу әдісін қолдану қажет. Ол банк операцияларын жүргізуіне  зиянын келтіретін  оқиғалардың сандық әсерін  бағалауға мүмкіндік береді. 1994 жылы тәуекел жоғары құнды  бағалауға ( Value at Risk, VaR) негізделген бағалауға Risk Metrics әдісінің пайда болуы   тәуекелді басқарудағы құралдары сапалық жаңартты. VaR -  дегеніміз тәуекелі жоғары құн,  ол қаржылық құрал немесе портфелдік құрал бойынша  максималды потенциалды шығындарды  бағалау негізінде қалыптасады.  Сонымен, VaR  төрт айналым қызметімен анықталады.

  • Қаржылық құралдардың ағымдағы нарықтың құны;
  • Орташа квадраттық ауытқумен анықталатын табыс көздерін бағалау;
  • Болу жиілігіне тәуелді күтілетін залал  ықтималдығын сипаттайтын  сенімділік интервалы;
  • Ашық позиция уақыты: қаржылық құралдың тәуекелге бару кезеңі.

Нақты және толық, уақытылы алынған мәлімет  бантік тәуекелдерді сапалы түрде бағалау, талдау  және  басқаруы үшін  базисі болып есептелінеді. Тиімді   есеп беруді басқару қызметкерлер мен басшыларға өз қызметтерін орындауда  аз уақытта және аз құралдармен  тәуекелді басқару  қабілетін жоғарлатады. Мәліметтер әр топтың басқарушыларына жеткілікті,  детализациялау деңгейі мен форматында әртүрлі  басқарушылық деңгейінде бөліну керек. Басқарушылық мәлімет   басқарушылық есеп беру  құрылымына сәйкес  болуы керек және келесі есеп берулерді қамту қажет:

  • қаржылық есеп беру;
  • тәуекелді бақылау бойынша есеп беру;
  • сыртқы нарықтық тәуекелдер бойынша есеп беру;
  • пайда алу бойынша есеп беру;

Банк капиталының пайыздық тәуекелге тәуелділігін тек қана дюрация тәсілімен бағалауға болады. Дюрация ақшалай қаражаттардың қозғалысын, соның ішінде негізгі қарыз және пайыздық төлемдердің қайтару мерзімдерін ескере отырып, банк активтері мен пассивтерінің нарықтық құндарының өзгерісіне болжам жасауға мүмкіндік береді.

Имитациялық модельдеу көмегімен пайыз мөлшерлемелерінің болашақтағы өзгерісіне болжам жасау арқылы, олардың ақша қаражаттар ағымына, сондай-ақ банктің табысы мен экономикалық құнына ықпал ету дәрежесін бағалауға болады.

Өкінішке орай тәуекелді бағалаудың имитациялық моделі мен дюрация тәсілі отандық банктік тәжірибемізде қолданылмай отырғаны, бірақ алдағы уақыттарда қолданылуы маңызды тәсілдерінің біріне жатады.

Пайыздық тәуекелді бағалаудың келесі әдісіне GAP талдауы жатады.

GAP – үлгісінің формуласы төмендегідей:

GAP=RSA-RSL

Мұндағы, GAP- пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтері мен пассивтері арасындағы айырма.

RSA - Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтері.

RSL - Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк пассивтері.

Пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне сезімтал банк активтер мен пассивтерді өзара салыстырғанда оң және теріс GAP пайда болады.Демек оң GAP тұсында пайыздық тәуекел егерде нарықта пайыз мөлшерлемесі төмендесе ғана пайда болады.Мұндай жағдайда менеджерлер тұрақты пайыз мөлшерлемесінен берілетін ұзақ мерзімді активтердің көлемін көбейтуге және сонымен бірге қысқа мерзімді сезімтал пассивтерді көбейтуге тиіс.

Теріс GAP тұсында пайыздық тәуекел, егер нарықта пайыз мөлшерлемесі жоғарлаған кезде пайда болады. Мұндай жағдайда  банк менеджерлері пайданың пайыздық мөлшерлеме өзгерісіне сезімталдығын өлшеуге тиіс.Сонымен қатар мынадай шараларды қолдану қажет:

  • тұрақты пайыз мөлшерлемесімен берілетін ұзақ мерзімді активтердің көлемін қысқарту және сонымен бірге өзгермелі пайыз мөлшерлемедегі қысқа мерзімді сезімтал пассивтерді азайту;
  • активтер мен пассивтердің орташа қайтарылу мерзімдерін теңестіру;
  • ешқандай да шара қолданбау.

Банктің пайыздық тәуекелге тәуелділігін мынадай GAP-тік көрсеткіштерді пайдалану арқылы бағалауға болады:

  1. RSA/ RSL

Егер де осы көрсеткіш мәні RSA/ RSL >1 болса, онда GAP оң болады;

Егер де осы көрсеткіш мәні RSA/ RSL<1 болса, онда GAP теріс болады;

Егер де осы көрсеткіш мәні RSA/ RSL=1 болса, онда GAP нөлге тең болады;

GAP-тік талдауың басты артықшылығы оның көмегімен банктегі пайыздық тәуекелді жылдам және оңай бағалауға болады. Ал кемшілігіне мыналар жатады:

  • Тек қана нарықтағы пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне банк сезімтал банк активтер мен пассивтері тұрғысынан пайыз мөлшерлемесінің пайыздық маржаға және банк пайдасына ықпал етуін мүмкіндік береді;
  • Оның көмегімен банк капиталының шығынын бағалау мүмкін еместігі.

Сондай-ақ, қазіргі кезде несиелендіруге байланысты тәуекелдер туындап отыр.Оңды макроэкономикалық конъюкнктура  Қазақстан банктерінің,  олардың несиелеу операцияларымен байланысты тәуекелдерінің потенцияалды жағдайын  жасырады.  Экономикалық дағадарыс жағдайында бұл  тәуекелдер орын алуы және банк  үшін   күрделі мәселелер  туындатуы мүмкін.  Несиелеудің  тұрақты өсуін, сонымен бірге шикізатты емес  сектор кәсіпорындары  мен  үй шаруашылықтарының қарыздарының өсім деңгейін банктік жүйедегі тәуекелдер деңгейі жоғарлатады. Соңғы жылдары корпоративтік  секторларды несиелендіруге қарағанда, халықты несиелеудің деңгейі жылдам өсуде. Бірақ кәсіпорындар өздерінің сыртқы қарыздарының көлемін  жоғарлатып отыр,  қысқа  мерзімді айналым капиталын  толтыру мақсатында қарыздарды  және инвестицияларды қаржыландыру үшін ұзақ мерзімді  несиелерді тартады.  Бастапқыда халықа берілетін  қарыздың төменгі мөлшері  2007 – 2008(бірінші жарты жылдығы) ж.ж. аралығында  екі есе көтерілген, 2006 жылдың аяғында 1,1  трл тенге ( 8 млрд доллар)  жетті. Жекеленген несиелердің  жалпы пайызының 75% - ын  ипотекелық несиелер құрайды.  Отандық меншік  иелеріне  тиесілі орта және шағын кәсіпорындар   инвестициялар мен қарыздық   қаражаттар тапшылығын көруде. Сондықтан олар корпоративтік несилендірудің көлемін өсіруге  тырысатын банктерге көп назар аударады. Бұл банктер ұшырайтын   тәуекелдер  деңгейін  жоғарлатуы мүмкін.

жылдар 2001 ж 2002 ж 2003 ж 2004 ж 2005 ж 2006 ж 2007 ж 2008 I.ж.ж.
несиелік жиынтық қарыздар 240 250 500 750 1000 1627 2750 4590
қаржылық емес ұйымдардың және жеке секторларының ішкі несиелерінің жалпы көлемі 370 500 750 976 1200 1492 1981 3000

Осы кестеде көріп отырғанымыздай 2008 жылдың ( І ж.ж ) несиелік қарыздар мөлшерлемесі өте жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр, ал бұл тәуекел деңгейін жоғарлатады,осы кезде біз тәуекелдерді бағалап оларды басқаруымыз қажет.

Жылжымайтын мүліке бағаны  жасанды түрде көтеру, төмендету нәтижесінде,  сонымен бірге аймақтық саяси дағдарыс немесе  мұнай бағасының түсіп кету салдарынан Қазақстандық банктер банкротқа және  банктік жүйе дағдарысына ұшырауы мүмкін. Соңғы уақыттарда банктер  несиелеу  көлемін көбінесе ішкі нарықта өсіруде. Бірақ қазіргі кезде олар белсенді түрде  өз қызметтерінің көлемін Ресей, Украина, Қырғызстан және т. б.  ТМД елдерінде трансұлттық операцияларын  жүргізе отырып,  ұлғайтуда.  Тікелей несиелеу және инвестициялаудың  жиынтық көлемі 2008 бірінші жарты жылдығында  ұлттық  банктік  жүйенің жиынтық  активтерінің 10% - ын құрады. Бірақ басқа  елдерде өз бизнесін ұлғайтушы  ірі банктердің сыртқы несиелері мен инвестициялаудың  үлес салмағы  активтерге қарағанда жоғары. Standard and Poor’s    көз қарасы бойынша көп ТМД елдерінің бөлігі  Қазақстанмен салыстырғанда экономикалық, саяси,  құрылымдық және құқықтық тәуекелдерінің деңгейінің  өте жоғары болуымен ерекшеленеді.

Төменгі диаграммада ипотекаға несиенің жоғары көлемі көрсетіліп отыр,егер банктер несиені шексіз бере берсе, тәуекел жоғары деңгейде көрсетіледі, себебі банк бірінші деңгейде клиенттің төлем қабілеттігін зерттеу қажет және ол несиелердің қайтарылуында күмәні жоқ болуы керек, егер несие қайтарылмаса банктің тәуекел деңгейі жоғарлайды.

2.2 Банк тәуекелдерін басқару әдістері: Тұран Әлем банкінде тәуекелдерді басқару.

Жалпы тәуекелдерді басқару процесін мына схемадан көруге болады.

Осылайша, тәуекелдерді басқару процесі ұйымдар ішінде тәуекелді минимизациялауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бірқатар құралдар мен үлгілерді кіріктіреді. Тәуекелдерді басқару тәуекелдерді өлшеуге, мониторинг және оларға бақылау жасауға бағытталған барлық техникалық құралдар мен процедураларды қамтиды.

Тәжірибеде тәуекелді басқару процесін күрделендіретін  факторлар кездеседі. Мысалы,  нарықтық қатынастың тарихи тәжірибесінің болмауы, стратегия жасаудың қажеттілігі.  Дамыған нарық жағдайында, мысалы сенімділіктің берілген деңгейінде максималды шығындарды анықтау  статистикасы бар. Басқарылатын объектіге берген несиелері  және олармен байланысты несиелік тәуекел жатады. Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:

  • Несиелік қызметті ұйымдастыру;
  • Лимиттер белгілеу;
  • Несиелік тәуекел деңгейіне байланысты несиелерге рейтинг қою және белгіленген лимиттермен салыстыру;
  • Проблемалық несиелерді қалпына келтіру.

Төменгі кестеден көріп отырғанымыздай 1-ші топтың күмәнді несиелерінің  көлемі 2008 жылы 32,2% көрсетсе, ал 2007 жылы 31,9% көрсетіп отыр, яғни 1 жыл аралығында 0,3% -ға өскендігін көрсетіп отыр, ал оның өсуі тәуекелдің алдыңғы жылға қарағанда өскендігін көрсетеді, 2-ші топтың күмәнді несиелерінің көлемі 2008 жылы 1,1% көрсетсе, ал 2007 жылы 1,4 %-ды көрсетіп отыр, яғни 1 жыл аралығында 0,3% -ға  төмендегенін көрсетіп отыр, ал оның кемуі тәуекелдің алдыңғы жылға қарағанда кемігендігін көрсетеді. Сондықтан Қазақстан Республикасындағы тәуекелдерді басқару және бағалау, сондай-ақ бұрын соңды болмаған тәуекелдерді басқарудың заманға сай жүйесін енгізу өте  қажет болып отыр.

Тәуекел деңгейі бойынша Қазақстан банк клиенттерінің  және басқа                                    банктерінің несиелері.
  % 2008(I.ж.ж) 2007ж 2006ж 2005ж 2004ж 2003ж 2002ж
стандартты 58,2 56,2 60,7 71,3 69 55,2 71,9
Күдікті, 2008 жыл. 1қаңтарға дейінгі 19,4 25,5 39 24,4
Стандарты емес 19,4 25,5 33,1 19,7
Қанағаттандырылмаған 5,3 2,1 3,6 2,7
Тәуекелдің жоғарғы деңгейіндегі күмәнді  несиелер 2,1 1,4 2,3 2
1қаңтар 2008 жылдан кейінгі күмәнді несиелер 39,5 40,9 37,1
1 топтың күмәнді несиелері 32,2 31,9 26,1
2 топтың күмәнді несиелері 1,1 1,4 3,2
3 топтың күмәнді несиелері 4,2 5,2 4,6
4 топтың күмәнді несиелері 0,9 1 1,4
5 топтың күмәнді несиелері 1,1 1,4 1,8
Үмітсіз несиелер 2,3 2,9 2,1 2 2,1 5,8 3,7
Деректеме: Қазақстан Республикасының Ұлттық банксінің, қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау  агенттігі.

Жалпы несиелік тәуекелді басқаруды отандық банктерімізде несиелік тәуекел менеджменті жүзеге асырады.

«Тұран Әлем банкі» АҚ-ның пайыздық тәуекелдерді басқару жүйесінің элементтеріне мыналарды жатқызады:

  • Пайыздық тәуекелді айқындау ( идентификациялау ), яғни пайыздық мөлшерлемені өзгертуге және сол арқылы банктің таза пайдасы мен экономикалық құнына теріс ықпал ететін факторларды анықтау;
  • Пайыздық тәуекелді бағалау, пайыз мөлшерлемесіндегі алшақтықты анықтауға арналған пайыздық тәуекелді бағалау әдістерін пайдалану;
  • Бақылау, яғни пайыздық тәуекелді басқару процесіне жиі бақылау жасау.

Тұран Әлем банкінің тәжирибесінде валюталық тәуекелдің бірнеше түрлері қолданылады:

  • айырбас бағамының өзгеру тәуекелі – бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бағасы;
  • конверсионды операциялар тәуекелі – бір валюталық операциялар туындайтын валюталық шығын;
  • трансляциондық немесе бухгалтерлік тәуекел – банк балансының активтері мен пассивтерін қайта бағалау барысында туындайтын тәуекел.
  • Форфейтинг тәуекелі – банктің форфейтинг операциясы бойынша экспортердің валюта бойынша тәуекелдерінің факторинг қызметін көрсетуші банкке ауысуынан туындайтын тәуекел.

Банкаралық есеп айырысуларды басқарудың ең басты тәсілі – банктің корреспонденттік шотын басқару арқылы іске асырылады.

Деректеме: Қазақстан Республикасының Ұлттық банксінің, қаржылық нарық пен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау  агенттігі.

Егер де жоғарыдағы кестеде көріп отырғанымыздай 2008 жылғы көрсеткіш бойынша несиелік қарыз көлемі жоғары болып тұр, ал бұл жерде тәуекел деңгейі де жоғары болып тұрғаны белгілі сондықтан банктік тәуекелдерді басқару жүйесі нақты шаралар арқылы жүзеге асады. Ондай шаралар стратегиялық басқару деңгейінде немесе ұйымдастырушылық  деңгейінде жүзеге асуы мүмкін. Банктік тәуекелдерді басқаруға байланысты банктер тарапынан көптеген жалпы және арнайы әдістер қолданылады.Олардың ішінде жиі кездесетіндер:

  • Өзін-өзі сақтандыру. Банктің ссуда бойынша үмітсіз қарыздарды істен шығару және операциялар боынша мүмкін шығындарды жабу үшін мемлекеттен немесе құрылтайшылардан қосымша алған құралдар немесе банктің пайдасынан құрылған резервтік қоры болуы керек.
  • Лимиттеу – банктің тәуекелдерді шектеу мақсатымен партнерлер, құралдар және көлемдері бойынша банктік операцияларды зерттеуді шектеу.
  • Хеджирлеу. Қаржылық құралдарды сату-сатып алу бойынша ашық позициялар кері мәмілелер бойынша хеджирлену керек.
  • Сапаны басқару-тәуекелді басқарудың қазіргі уақытқа ең көп қолданылатын түрі. Оның негізгі мәні болып банк басқармасының тарапынан тәуекелдердің алдын алу болып табылады.
  • Нәтижелер мен таңдаулар туралы қосымша ақпараттарды алу практикада келесі шаралардың көмегімен жүзеге асады:

- банк клиенттері, банктің қауіпсіздік бөлімшесінің материалдары    және мерзімді басылымдар бойынша ақпараттарды іздестіру;

- Блумберг, Телерейтер, Рейтер, Интернет сияқты маманданған фирмалардан электрондық және  ақпараттық қызметтерді алу және аналитикалық агенттіктердің мерзімді басылымына жазылу.

Тұран Әлем Банкінің несиелік портфелінің сапасы 31 наурыз 2008 жыл бойынша ҚБА классификациясы (мың тг.)

Несиенің түрі Алдыңғы жыл Осы жыл
Несие % Провизия % Несие % Провизия %
Стандартты 680,977,513 33%   0% 769,054,748 36%   0%
Күмәнді 1,558,925,676 67% 99,017,659 89% 1,326,144,367 63% 117,053,664 87%
Күмәнді 1 категория 1,220,034,410 59% 61,001,721 55% 1,063,164,708 50% 53,158,235 40%
Күмәнді 2 категория 6,402,791 0% 640,279 1% 16,580,905 1% 1,658,0691 1%
Күмәнді 3 категория 146,991,507 7% 29,398,301 26% 141,658,771 7% 28,331,754 21%
Күмәнді 4 категория 9,865,824 0% 2,466,456 2% 73,857,629 3% 18,464,407 14%
Күмәнді 5 категория 11,021,804 1% 5,510,902 5% 30,882,354 1% 15,441,177 12%
Үмітсіз 11,974,454 %1 11,974,454 11% 16,854,298 1% 16,854,298 13%
Қорытынды 2,087,268,303 100% 110,992,113 100% 2,112,053,413 100% 133,907,962 100%

Осы кестеден көріп отырғанымыздай, үмітсіз несиелер көлемі 2007 жылы – 11974454 мың теңгені көрсетсе, ал 2008 жылы – 16854298 мың теңгені көрсетіп отыр, яғни, 4879844 мың теңгеге өскенін көрсетіп отыр, ал бұл Тұран Әлем Банкіндегі несиелік тәуекелдердің өсуіне жол беретінін көрсетеді, сондықтан оны алдын алу қажет. Банкирлер алғашқы жылдарға қарағанда тәуекелдерді, әсіресе, несиелік тәуекелді басқару проблемаларына көп көңіл бөледі, әрдайым өзгеретін экономикада аман қалу үшін оның пайда болу көздерін анықтап отырады. Сондай-ақ, Қазақстанның банктерінде бұрын болмаған тәуекелдерді басқару және бақылау, тәуекелдерді басқарудың заманға сай жүйесін енгізу қажет болып отыр, соған байланысты тәуекелдерді басқару және бақылау проблемаларымен айналысатын қаржыгерлердің де саны күннен күнге артып келуде. Солардың көмегімен тәуекелдерді басқарудың негізгі принциптері бекітіледі, яғни тәуекелді минимизациялау үшін құрал ретінде пайдалана аламыз.

ІІІ Тәуекелдерді жою жолдары. 

Банктік тәжірибедегі тәуекел қорларды теңгерімділік басқару әдістерін қолдану проблемаларында үлкен көңіл бөлуге септігін тигізеді. Қазіргі кезде жиі банктік секторда « тәуекелдерді басқару ғасыры » деп аталады. Максималды пайда табу мақсаты тәуекел деңгейіне түзетілуі керек.

Менеджерлер төмендегілерге көңіл бөлуі керек:

  1. Несиелік тәуекел - несие бойынша және қарызгердің өзінің міндеттерін орындауларына байланысты басқа да активтер бойынша маңызды зиян шегу;
  2. Балансталмаған өтімділік тәуекелі – қажеттілік туындаған кезде қолма-қол қаражаттардың болмай қалу проблемасы;
  3. Нарықтық тәуекел – банк активтері мен пассивтерің құнының өзгеруі;
  4. Пайыздық тәуекел – пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне байланысты пайыздық табыс пен пайыздық шығындардың арасындағы байланыс;
  5. Валюталық тәуекел - әлемдік ақша нарығында валюталық бағамының өзгеруі;
  6. Пайданы ала алмау тәуекелі – таза пайданың өзгеру мүмкіндігі;
  7. Төлем қабілетінің өзіндік тәуекелі – банктің мүмкін банкроттығы;

Тәуекелдің барлық түрлері мұқиятты түрде банк менеджерлері мен акционерлерімен бақылануы керек. Тәуекелді басқару мен бағалаудағы алғашқы қадам болып табылады. Банкирлер тәуекелді басқаруды проблеманың басынан оның шешілуіне дейінгі іс-қимылдың логикалық тізбектілік ретінде қарастыруы қажет. Банктер осы тәуекелдің барлық түрінен әртүрлі тәсілдерді қолданады. Тәжірибеде банк иегерлері өз мекемелерінің  қаржылық бағдарларын сақтау үшін бірнеше «қорғаныс сақиналары» бар. Солардың ішінде: сапаны бақылау, диверсификация, депозиттерді сақтандыру, хеджирлеу, консорциалдық негізде несие беру, меншік капиталы сияқтыларды көрсетуге болады.

Сапаны басқару. Кең қолданылатын қорғаныс әдісіің бірі, сапаны басқару – банкке нақты қиындықтар түскенге дейін проблемаларды шешу.

Диверсификация. Банк қаражаттарын қолдану бағыты мен алу көздерінің диверсификациясы тәуекел азаюының тағы бір әдісі. Банктер үнемі диверсификацияның тәуекел деңгңгейін төмендету үшін екі түрін қолдануға тырысады – қоржындық және географиялық. Қоржындық диверсификация несиесін және клиенттер арасында банк депозиттерін ірі және кіші іскерлік фирмаларды қоса, табыстың әртүрлі сомалармен көздері мен кепіл төлемдерді үйлестіру. Географиялық  диверсификация - әртүрлі географиялық аудандардан клиенттерді тарту және әртүрлі экономикалық талаптары бар мемлекеттер жатады. Диверсификация осындай түрлері банктік тәуекелді тиімді қысқартады.

Сақтандыру депозиттері тәуекелден сақтандырудың тағы бір түрі, яғни меншікті капиталдың анықталған пайызын Орталық банкте немесе әдейі құрылған корпорацияда банктер сақтандыру керек. АҚШ-та, мысалы, депозиттерді сақтандырудың Федералдық корпорациясы осы мақсатта құрылған.

Хеджирлеу. Қаржылық тәуекелдерді минимизациялау техникасы. Осы мақсатта негізгі келісімшартпен қатар қосымша үшінші жақпен де келісімшарт жасалады, талабы оның негізгі келісімінде қаржылық шығындарға апаратын жағдайлар туындаған кезде, қатысушы келесі  келісімшартта ұтады, жоғарыда көрсетілген шығындарды толығымен немесе жартылай бейтараптандыру. Хеджирлеу техникасында келесідей қаржылық құралдары пайдалануы мүмкін опциондар, фьючерстер, пайыздық своптар және т.б. Осылайша, қаржылық құралдарға және басқа да активтерге баға болашақта толық бірден өзгеру немесе жартылай жойылады.

Консорциалды негізде несиелендіру. Несиелік тәуекелді қысқартудың бір әдістерінің бірі. Бір қарызгер несиенің Үлкен сомасын беру екі және бірнеше банктермен іске асады. Осылайша, қайтарылмау тәуекелі айтарлықтай қысқарады.

Меншікті капитал. Жоғарыда көрсетілген тәсілдердің барлығы таусылса, тәуекелді қысқарту үшін банк иегерлерінің капиталы қолданылады. Соның есебінен үмітсіз несиелер шығынын және бағалы қағаздарға инвестиция, сонымен қатар басқарушылық және қылмыстық қателерді өтейді, пайда болған проблемаларды шешуге дейін банк қызмет жасау және зияндарды, шығындарды жабу үшін. Бірақ, банк шығындары үлкен болған жағдайда, ол тек қорғаныс сызығының қалған барлығын құртпайды, сонымен қатар меншікті капиталын да, ол өз есігін жабуға мәжбүр болады. Меншікті капитал – банктың банкроттыққа ең соңғы қорғаныс шегі болып табылады. Яғни, банкроттық тәуекел қанша жоғары болса, меншікті капитал соғұрлым көп болуы керек.

Қорытынды

Соңғы жылдары Қазақстанның екінші деңгейлі банктері үшін « тәуекел » категориясының мәні мен мазмұны артуда. Қазақстан өз тәуелсіздігін алған күннен бастап бүгінгі таңға дейін көптеген коммерциялық банктер тәуекелді дұрыс басқармау нәтижесінде банкроттыққа ұшырады. Осыған орай, қазіргі кезде тәуекелді басқару мен бағалаудың жеткілікті әдістері мен тәсілдері қалыптасқан. Әр банк өзінің қызмет ету саласына байланысты өзіне тән тәуекелдің түрлерін, оларды бағалаудың оптималды әдістерінің жиынын анықтайды. Қазіргі кезде банкирлер алғашқы жылдарға қарағанда, тәуекелдерді басқару проблемаларына көп көңіл бөледі, әрдайым өзгеретін экономикада аман қалу үшін оның пайда болу көздерін анықтайды.

Банктердің көпшілігінің  иелері  беделді кәсіпкерлер болып табылады. Қазақстанның банк  жүйесіндегі  жеке меншік құрылымының тұнық еместігі, ақпарат пен корпоративтік басқару көз қарасында  шынайы тәуекелді тудырады.

Қаржы нарығын және қаржылық ұйымын реттеу және бақылау  бойынша агенттіктің  Қазақстан банктерінде  тәуекелдерді басқару жүйелерін ендіру 2001 жылынан басталды.  2004  жылдың нәтижелері бойынша көрсетілген екінші деңгейлік банктердегі  тәуекелдерді басқару  және ішінара бақылау жүйелерінің  барына талаптар  туралы нұсқауларды екінші деңгейлі банктердің  орындауы бойынша,  тәуелсіз аудиторлық мекемелерінің  шолуларының нәрижелері негізінде  нұсқаудың  қосымша және  негізгі талаптарын орындау банктерде орташа  шамамен 64% құрағандығы  анықталды. Осыған байланысты 2005 жылдың қыркүйегінде ҚҚА берген нұсқаудың  тәуекелдерді басқару және  ішкі бақылау жүйелеріне талаптарды бөлектеп қарастыру бөлімінде, сонымен қатар  көрсетілген талаптарды ендіру  мерзімін оңтайландыруда өзгерулер енгізді.

Банктің үнемі  тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша есеп беру  мен қатар  осы шараларды енгізу, ҚҚА- ның  қадағалау тәжірибесінің  тәуекелді қадағалауға  бағдарланған халықаралық стандарттарға  жақындауына әсер етті, ал ол екінші деңгейлі банктерде  тәуекелді басқару жүйелеріндегі кемшіліктерді шапшаң түрде  бағалауға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда капиталдың  сыртқы нарықтарында халықаралық агенттіктерде рейтингтері бар банктердің  барлығы дерлік  белсенділік танытады.

Банктердің өтімділігі біртіндеп жақсаруда, бірақ оның  басқаруы жиі міндеттемелердің жоғары  шоғырымен  күрделенеді.  Қазақстанның банк жүйесіндегі өтімділіктің тәуекелділігі  қашанда шынайы уайым тудырды.   Алайда соңғы кездері Қазақстанның банктерін қорландыру  шетелдік капиталға жолдың кеңеюі және  жағымда макроэкономикалық конъюктурамен  салымдарды сақтандыру жүйесінің  пайда болуымен шартталған,  әртарапталған қаражаттардың өсуінің арқасында  жақсарды.

Несиелік тәуекелдің бұрынғыша Қазақстан банк жүйесінің  осал тұсы және оның даму перспективаларының  анықталмағандығының  негізгі факторларының бірі болып қалып тұр.  Банктің  жиынтық активтерінің құрылымында 70% жуық несиелер құрайды.  Осыған орай аса маңызды болып,  банктік  қызметтің осы түріне тұрақтылығы  көрсетіледі  несиелердің салалық құрылымдық динамикасы көрсеткендей,  ауыл шаруашылығын көлік байланысын,  өнеркәсіпті және сауданы  несиелеудің қысқаруы байқалады. Барлық көрсетілетін қызметтердің саласына  қатысты,  жылжымайтын мүліктің бағасының өсуімен және басқа салаларды  несиелеуімен түсіндірілетін құрылысты несиелеу өсіп келеді, ал тәуекелдердің туу қаупін көрсетеді.

1 қаңтар 2007 жылы банктердің  ссудалық портфелінде  жылжымайтын мүлік кепілдігінде ұсынылған заемдердің үлесі 27,6 % құрады. Республикамызда жылжымайтын мүлік нарғының дамуы  тәуекелділікті басқару жүйесін келешекте жетілдіруді талап етеді. Осыған байланысты 1 шілде  2005 жылы жылжымайтын мүліктермен операция жасауға,  несие бойынша  тәуекелді  бағалаудың  жүйесі енгізілді. Қаржылық бақылау органдары алдын ала,  коммерциялық банктердің  мүмкін болатын   салдарын минимализациялау шараларын қабылдай отырып, потенциалды  тәуекелді қалай төмендетуді ойлау қажет. Салық заңнамасын жетілдіру қажет, қор нарығының дамуын ынталандыру қажет, дамымаған қор нарығы  елдің инвестициялық ресурстарының  көбісін банк секторында шоғырлануына әкеліп соқтырады. Қаржылық делдалдылықтың әртараптандыру, қазіргі таңда банктер басым  болып келетін қаржылық қызметтер нарығында  толық бағалы бәсекелестікке жағдайлар жасайтын еді.

Егер отандық банктер  тәуекелділікті бағалау және  басқарудың  негізгі элементтерін меңгерсе,  онда өздерін көптеген жағымсыз  тосын сыйлардан  сақтандыра алады және  де  табыстылығын артыру мен  өзінің кейінгі өсуіне қажет  тәуекелділіктерді қабылдауға  жақсырақ дайындала алады.

Пайдаланған  әдебиеттер тізімі:

  1. Сейітқасымов Ғ. С. « Ақша, несие, банктер » Оқулық -  Алматы: Экономика, 2006 жыл.
  2. Мельников В. Д. « Основы Финансов » Учебник. – Алматы: ТОО « Издательство LEM », 2007 год.
  3. Тэпман Л. Н. « Риск в экономике » Учебник. – Москва: Юнити – ДАНА 2003 год.
  4. Садвакасова А.Б., Хаджиева А.Б. « Управление рисками коммерческих банков » Учебник. – Алматы.: Қазақ университеті. 2000 год.
  5. Сейткасымова Г. С. «Банковское дело » Учебник. – Алматы.: Қаржы – Қаражат. 1998 год.
  6. Беляков А.В. « Банковские риски: проблемы учета, управления и регулирования » Учебник. – Москва.: « БДЦ » 2004 год.
  7. « Банки  Казакстана » 2006 - 2007 г.
  8. « Мир Финансы » 2006 -2007 г.
  9. « РЦБК » 2006 - 2007 г.
  10. Мақыш С. Б. Банк ісі. Оқулық.- алматы: Издат Маркет, 2007.- 471 бет
  11. интернет www.kase.kz
  12. интернет www.google.kz

Похожие материалы