ІІ дүние жүзілік соғыстан кейін әлемдік экономика АҚШ, Япония және Шығыс Европа сияқты жетекші мемлекеттердің дамуымен байланыста болды.
ІІ дүние жүзілік соғыс АҚШ-қа экономикалық дамуда жаңадан бір талпынысқа мүмкіндік берді. Оның соғыстан кейінгі әлемдегі негізгі орынды иеленуге әкелді. Осылай 1938-1948 жж арасында мемлекеттің өндірістік өнімді өндіруі 2 есе көбейді. Салыстыратын болсақ, дүние жүзілік соғыстар кезеңіндегі, яғни 20 жылда өнім өндіру тек 38 %-ға ғана өсті. Жалпы ұлттық өнім 1940 жылы 200 млрд доллардан 1950 жылы 300 млрд-қа дейін артты.
Соғыстан кейінгі кезеңде АҚШ басқармасының алдында шешештін келесідей негізгі мәселелер болды: өндірісті реконверсиялау, мемлекеттің экономикаға араласуын азайту, өндірістің төмендеуін тоқтату, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру. Осы мәселелерді шешуге «Маршалл жоспары» өзінің әсерін тигізді. Ол соғыстан зардап шеккен Европа мемлекеттері төмендегі шарттарды орындаған жағдайда оларға көмектесуді көздеді:
- өндірісті ұлттандырудан бас тарту;
- жеке меншік кәсіпкерлігінің еркіндігі.
- Американдық тауарларды кіргізу үшін сауда барьерлерін төмендету.
- АҚШ-қа тапшылық материалдарды жеткізу.
- жеке меншік американдық инвестицияларды көтермелеу.
Маршалл жоспары соғыстан кейінгі қаржы мәселелерін шешудегі нақты салымдарды көрсетеді. АҚШ-та ленд-лиз заңының жаңа жобасы бойынша соғыс кезіндегі жұмыс істеген халықаралық сауда механизмі қосылды. Бұл одақтастарына қару-жарақтарды, Европа мемлекеттерінің экономикасын қалпына келтіру үшін қойылымға қоятын қажетті тауарларды жеткізу процесін өзгертуге жол ашты. Сол уақытта Маршалл жоспары американдық өнеркәсіптің конверсиясына сәтті әсер етті.
1947-1955 жж АҚШ еуропалық мемлекеттерге 35 млрд доллар көмекке берді, соның ішінде 11,5 млрд соғысқа көмек ретінде, 17 млрд – қайтарымсыз негізде, ал қалғаны ұзақ мерзімді несие ретінде берілді.
«Маршалл жоспарын» іске асыру нәтижесінде АҚШ өзінің артық өнімінен құтылды, сонымен қатар перспективалық технологиялар кең дамыды, еуропалық мемлекеттер экономикасына инвестициялар өсті.
1960-1970 жж соңында кәсіпкерлікті өндіріс төмендей бастайды. Сол себепті 1971 жылдан бастап жаңа экономикалық саясат бағдарламасын іске асыру, долларды алтынға айрбастау тоқтатыла бастады. Доллар құнсызданып, инфляция өсті. 1980 жылдың қаңтарында инфляция 18 %, сұраныс бағасының индексі 13,5 %-ға өсті және бюджет тапшылығы көрініс тапты.
Сол кезеңдегі мәселелерді шешіп, елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік реттеудің неоконсервативтік реформасы қолданылды. Бұл жобада келесідей негізгі жағдайлар қарастырылды:
- корпарацияларға салық пен жеке табыс салығының қысқартылуы;
- кәсіпкерлікке заңды регламенттердің қатаң емес түрлерін дайындау;
- феодалдық шығындар мен бюджет тапшылығын қысқарту;
- ақша-несие саясатын жүргізу;
- ҒТР-мен байланысты терең құрылымыдық өзгертулер жүргізу.
1983-1989 жж инфляция 4 %-ға дейін түсті, жұмыссыздық азайып, ЖҰӨ көлемі 25 %-ға өсті. Бірақ 1980 жж АҚШ-тағы экономикалық өсу тез арада бәсеңдей бастады. 1989-90 жж ЖІӨ көлемі 1% ғана болды. 1990 жж-ң басында мемлекеттік бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыздың өсуі орын алды. 1990 жж 1980 жылдармен салыстырғанда экономикалық қарқыны төмен болғанымен, олар тұрақты болады. Бұл елдегі инвестициялық айналымның төмендеуіне әкелді. Осыған байланысты 1992 жылы «Жаңа экономикалық стратегия» қабылданды. Оның негізгі бағыттары:
- ұзақ мерзімді мәселелерге көп көңіл бөлу, монетарлыққа қарағанда шұғыл түрде фискальдық шараларды қолдану;
- кәсіпкерліктің дамуына дұрыс әсер ететін шарттарды құру;
- әлеуметтік мәселелерді шешуге мемлекеттің рөлін нығайту;
- шет елдік капиталды тарту.
АҚШ басқармасы экономикалық стратегияның бағыттарын 1990 жылдың соңына дейін ұстанды. 1990 жж-дың аяғында ЖІӨ АҚШ-та 8 трлн долларға дейін бағаланды. Ол әлемдік ЖІӨ-ң 21 %-ын құрады және басқа дамыған мемлекеттердің көрсеткіштерінен артық болды: Қытай-12%, Япония-7%, ФРГ - 5% .
1990 жж аяғында АҚШ-та экономикалық өсудің жарты жылдық көрсеткіші 2,2 % деп бағаланады.
Бұл өз кезегінде АҚШ-тың ХХІ ғасыр басындағы позициясын бекітіп, жоғары бәсеке қабілеттелікті қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта АҚШ басқа мемлекеттерге қарағанда экономикалық өсу қарқыны, өмір сүру деңгейі мен сапасына қарай алдыңғы қатарда.
Әр елдің экономикалық өсуіне әр түрлі факторлар әсер етеді. АҚШ-ң экономикалық өсуінің негізгі факторы ретінде ҒТР орнады. ҒТР-дың жылдам дамуының шешуші инструменті капитал салудың жылдамдығының, көлемінің, бағытталғанының және құрылысының өзгеруі. Экономиканың бүтіндей салалары модернизацияланды; шикізат ресурстарын қолдану мәселелерін шешу өзгерді; өндірісте, банктік жұмыста, қызмет көрсету аясында ЭЕМ кеңінен қолданыла бастады.
АҚШ-тың қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері:
жыл | ЖІӨ динамикасы, тұрақты баға бойынша | Өндірістік өндіру динамикасы, тұрақты баға бойынша | Мұнай өндіру, млн. тонна | Электроэнергетика өндірісі, млрд киловатт-сағат |
2003 | 101,6 | 99,8 | 283,4 | . . . |
2004 | 102,4 | 101,5 | 280,2 | 4051 |
2005 | 103,9 | 102,5 | 268,0 | 4081 |
2006 | 103,2 | 103,2 | 252,6 | 4152 |
2007 | 103,4 | 103,7 | 253,3 | 4252 |
Экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны, млн адам | Жұмыссыздық деңгейі, % | |
2003 | 136,5 | 5,8 |
2004 | 137,7 | 6 |
2005 | 139,3 | 5,5 |
2006 | 141,7 | 5,1 |
2007 | 144,4 | 4,6 |
2.2. Еуропа Одағындағы экономикалық өсу ерекшеліктері мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері
Әлемдік экономикада Еуропа Одағы ерекше орын алады. Оған ВМП-ң 28 %, халық қоныстануының 6,4 % келеді.
Қазіргі кезде Еуропа Одағына кіретін елдер оның экономикалық жағдайын , біріншіден, евроның болашақтағы перспективасын анықтайды. Әдебиетерде айтылғандай «бірлік валютаның перспективасы, алдын ала болжамдап қойылған оны құрудағы себептерден тұрады. Трансакциондық шығындардың төмендеуі, бәсекелестіктің артуы, инфляциямен күрестің жеңілдетілуі, интеграциялық үрдісті жылдамдату және күшті валютаны құру сәйкесінше инфляцияның деңгейін төмендетуге, экономикалық нығайту үрдісін күшейтуге және экономикалық өсудің тез өсуіне әкеледі».
Еуропа Одағындағы елдердің экономикалық болашағын болжау үшін алдымен орта және ұзақ перспективадағы Еуропалық валюта одағының жағдайына, жалпы инвестиция мен қаржыға, әлемдік нарықтағы еуропалық тауарлардың бәсеке қабілеттілігіне, сонымен қатар ішкі әлеуметтік-экономикалық аспектілерге – жұмыссыздық, инфляция деңгейі және т.б. әсер ететін факторларды қарастыру керек. Бұндай факторларға экономикалық нығайту үрдісін күшейту, евроның болашақтағы халықаралық валюта ретіндегі қасиеті, құрылған одақтың экономикалық потенциалы, сондай-ақ қаржы нарығының даму үрдісі жатады.
Экономикалық күшейту үрдісін нығайту. Евроның пайда болуы экономикалық күшейту үрдісін айтарлықтай күшейтті. Соңғы жылдары Европа Одағы мемлекеттерінің ненізгі макроэкономикалық көрсеткіштері өзара жақындай бастады: баға тұрақтылығын нақты жетістіктерге жеткізу қамтамасыз етілді, ұзақ мерзімді пайыздық қойылымдардың төмендеуі, ұлттық валютаны айырбастау курсы тұрақтандырылды.
Евроның халықаралық валюта ретіндегі перспективалары. Валютаның интернализациялық көрсеткіші келесідей факторларға тәуелді: ЖІӨ көлемі, әлемдік саудаға араласу деңгейі, экономиканың ашықтығы,, төмен инфляция, макроэкономикалық тұрақтылық, сырқы әсерлерге экономиканың тұрақтылығы, экономикалық өсудің потенциалы.
Экономикалық потенциал. Соңғы жылдары Европа Одағы АҚШ-тан тұрғындардың саны бойынша біршама алда. Ал ЖІӨ көлемі бойынша Жапониядан екі еседей артық, бірақ АҚШ-қа әлде болса да жетпеген.
Көрсеткіш | Өлшем бірліктері | Еуропа Одағы | АҚШ | Жапония |
Тұрғындар | млн | 302,2 | 272,0 | 127,0 |
ЖІӨ (әлемдік үлес) | % | 16,0 | 22,0 | 7,3 |
Тауарлар мен қызметтер экспорты | %ЖІӨ | 16,9 | 10,3 | 10,7 |
Тауарлар мен қызметтер импорты | %ЖІӨ | 15,9 | 13,2 | 9,1 |
Экспорт (әлемдік үлесте) | % | 18,9 | 15,2 | 9,1 |
Жұмыссыздық | % | 8,9 | 4,6 | 4,2 |
Мемлекеттік бюджет балансы | %ЖІӨ | 0,3 | 2,2 | -12,1 |
Мемлекеттік қарыз | %ЖІӨ | 69,7 | 44,5 | 130,4 |
2007-2010 жж Еуропалық Валюта Одағына Орталық және Шығыс Еуропаның кіруі бір жағынан Еуропа Одағының ЖІӨ қосындысы, экспорт, импорт, тұрғындар сияқты көрсеткіштерді көтеруші еді, алайда экономикалық потенциалда кері әсерін тигізуші еді, әсіресе жұмыссыздық деңгейі, мемлекеттік қарыз, ағымдағы баланс және жалпы Еуропалық Валюта Одағындағы елдерінің орта өмір сүру дейңгейі.
2006 жылдан бастап өзінің экономикалық күшімен Еуропа Одағы АҚШ-қа жақындап келеді. Бірақ қаржы нарығының дамуында екі аймақтың айырмашылықтары үлкен.
Қаржы нарығының даму деңгейі. Төмендегі кестедегі көрсеткіштерден көрініп тұрғандай Еуропа Одағының берілген банктік ссудалардың көлемі АҚШ-пен салыстырғанда 2 есе көп. Ал осы кездегі айналыстағы бағалы қағаздардың жалпы бағалануының көрсеткіштері мен қор нарығының капитализациясы 3 есе кем. Қазіргі кезде Еуропа Одағының корпоративтік бағалы қағаздар сферасындағы артта қалуы орасан, ал Еуропа Одағындағы күшті позиция ұстап тұрған бір ғана қор нарығы секторы – облигация.
Құрал | өлшем бірлігі | Еуропа Одағы | АҚШ | Жапония |
Банктік депозит | млрд евро | 4752 | 4743 | 4468 |
%ЖІӨ | 78 | 55 | 112 | |
Банктік ссуда | млрд евро | 6136 | 4155 | 4281 |
%ЖІӨ | 100 | 48 | 107 | |
Айналыстағы Ұлттық бағалы қағаздар, солардың ішінде: | млрд евро | 5432 | 14141 | 5061 |
%ЖІӨ | 89 | 165 | 127 | |
Корпорациялар | %ЖІӨ | 202 | 2494 | 583 |
Қаржылық институттар | %ЖІӨ | 1892 | 3900 | 754 |
Мемлекеттік секторлар | %ЖІӨ | 3329 | 7747 | 3724 |
Еуропа Одағының мәселесі тек оның қор нарығында американдық нарықтан төмен болуы емес, соныен қатар олар көбінде ұлттық болып қалуында. Қазіргі уақытта АҚШ-та 8 қор биржасы бар, олардың екеуі – NYSE және NASDAQ нарықтың 95 % алады. Еуропа Одағында 32 ұлттық қор биржасы бар олардың 2-3 ауқымды биржаға қосылуы әлі қарастырылмаған.
Тағы бір әсер ететін фактор – салық заңы. Ол ұлттық болып табылады және ұлттық болып көрінетіндей қалады. Салық – мемлекеттік басқару органдарының қолында қалған, макроэкономикалық реттеу құралдарының бірі,
Еуропалық Валюта Одағын 12-ден 22 мемлекетке дейінгі кеңеюі Еуропа Одағына тек Батыс емес, сонымен қатар, Орталық Еуропа, Балтия, Шығыс Еуропаның бөлігі мен Жерорта теңізінің Шығыс бөлігі кіретін болады. Осылай экономикалық жағынан халық саны 500 млн адамға және ЖІӨ - 7 трлн долларға тең, 5 млн км шаршы аумақты алып жатқан ең ірі біртұтас нарық пайда болады.
Бұл жерде мемлекеттердің Еуропалық Валюта Одағына кіруі принципиалдық нұсқада, себебі Еуропа Валюта Одағына мемелекеттердің қосылуы бұрын Батыс Еуропаның әлеуметтік-экономикалық моделі бойынша дамыған жоқ және Батыс Еуропалық қауіпсіздік жүйесінде болмаған.
Одаққа мемлекеттердің қосылуы тарихта болмаған әкімшілік-бұйрықтық мемлекеттік экономикадан нарықтыққа, авторитаризациядан парламенттік демократия және құқықтық мемлекетке өтуді жүзеге асыратын елдер,
Қосылудағы шешілмейтін мәселелердің біріне Орталық және Шығыс Еуропаның ауыл шаруашылығының бейімделуі жатады. Бұл мемлекеттер Еуропа Одағынан қаржылық ресурстарды алуды күткен. Бірақ Еуропа Одағының біртұтас ауыл шаруашылық саясаты қазірдің өзінде 50 % бюджетті жейді. Еуропа Одағының істегі ауыл шаруашылықты қолдау жүйесі бұрыннан пайдасыз деп мойындалған. Біртұтас ауыл шаруашылық саясатын 2000-2002 жж реформалау нәтижесіз қалды. Бұл кейбір мемлекеттердің қатал позицияларымен байланысты. Нәтижесінде Еуропа Одағымен ВТО арасында ауыл шаруашылығын реттеу туралы ешқандай реформа да, сұрақ та болмайды деген ойды қалыптастырады. Осылай Еуропа Одағындағы ауыл шаруашылығын қолдаудағы болашақтағы модель анықталмаған болып тұр.
Еуропа Одағына Орталық және Шығыс Еуропадағы жаңа мүшелердің қосылуы ынтымақтастық саясатын Еуропа Одағындағы 1990 жж керекті көлемде және формада жүргізілуіне күмән тудырады. Ал бұл Еуропа саясатының маңыздысы болып табылады. Оның құралдыра болып Еуропа Одағында белгілі бюджет пайызын қатаң тіркеумен құралатын құрылымдық қор және ұйымдасу қоры жатады. Құрылымдық қор ресурстарынан 1990 жж 178 млн адам, яғни Еуропа Одағындағы азаматтардың жартысынан көбі тұратын алушы-райондарға қолдау көрсетілген.
Қазіргі жағдайда Еуропа Одағына қосылайын деп отырған мемлекеттер ө бетімен нарықта да, құрылымдық қорда да дамуын Еуропа Одағының дәрежесіне көтере алмайды. Ал бұл Еуропа Одағының клиент типтес мемлекеттермен әлі ұзақ уақыт жұмыс істейді дегенді білдіреді.
Одаққа Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің қосылуы автоматты түрде ЖІӨ-нің 1 жан басына шаққандағы көрсеткішін төмендетті. «Жақындасу» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, оған сәйкес Еуропа Одағында жаңа қаржылық стратегияны жүзеге асыра отырып, Еурокомиссия Еуропа Одағына кірейін деп жатқан мемлекеттердің ерекшеліктерін ескеріп отыр. 2000-2006 жж бюджеттің қабылдануына байланысты Еуропа Одағынан Орталық және Шығыс Еуропа жаңа мемлекеттер-мүшелеріне 39,6 млрд евро бөлінді. Әр жылғы болжамдағы Еуропа Одағының экономикалық өсуі 2,5 % шамасында, жаңа мемлекеттер-мүшелер көрсеткіші 4%.
Еуропа Одағының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері:
жылдар мемлекет | Жұмыспен қамтылғандар саны, млн адам | ||||
2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2007 | |
Австиря | 3,8 | 3,8 | 3,7 | 3,8 | 3,9 |
Бельгия | 4,1 | 4,1 | 4,1 | 4,2 | 4,2 |
Ұлыбритания | 28,4 | 27,8 | 28,5 | 28,7 | 28,9 |
Германия | 36,5 | 36,2 | 35,7 | 35,8 | . . . |
Грекия | 4,2 | 4,3 | 4,3 | 4,4 | 4,5 |
Дания | 2,7 | 2,7 | 2,7 | 2,7 | 2,8 |
Ирландия | 1,7 | 1,8 | 1,9 | 2,0 | 2,0 |
Испания | 16,6 | 17,3 | 17,1 | 19,0 | 19,7 |
Италия | 21,9 | 22,1 | 22,4 | 22,6 | 23,0 |
Нидерланды | 7,9 | 7,8 | 8,1 | 8,1 | 8,2 |
Португалия | 5,1 | 5,1 | 5,1 | 5,1 | 5,2 |
Финляндия | 2,4 | 2,4 | 2,4 | 2,4 | 2,5 |
Франция | 23,9 | 24,6 | 24,4 | 24,5 | 24,7 |
Швеция | 4,2 | 4,2 | 4,2 | 4,3 | 4,3 |
Еуропа Одағындағы мемлекеттердің жұмыссыздық деңгейі
Еуропа Одағындағы мемлекеттердің өзара сыртқы сауда айналымы
Экспорт | Импорт | Сауд балансы | ||||||
қаңтар желтоқсан 2006 | қаңтар желтоқсан 2007 | өсу,% | қаңтар желтоқсан 2006 | қаңтар желтоқсан 2007 | өсу,% | қаңтар желтоқсан 2006 | қаңтар желтоқсан 2007 | |
Бельгия | 268,8 | 294,0 | 9 % | 256,2 | 281,7 | 10 | 12,6 | 12,3 |
Дания | 68,4 | 73,7 | 8 % | 60,8 | 68,6 | 13 | 7,7 | 5,1 |
Германия | 780,4 | 885,6 | 13% | 624,6 | 723,7 | 16 | 155,8 | 161,9 |
Ирландия | 88,2 | 89,6 | 2 % | 55,1 | 57,9 | 5 | 33,1 | 31,7 |
Грекия | 13,8 | 16,6 | 20% | 43,5 | 50,4 | 16 | -29,6 | -33,7 |
Испания | 154,8 | 163,6 | 6 % | 232,1 | 252,0 | 9 | -77,3 | -88,4 |
Франция | 372,5 | 389,9 | 5 % | 405,2 | 425,5 | 5 | -32,7 | -35,6 |
Италия | 299,9 | 327,0 | 9 % | 309,3 | 348,3 | 13 | -9,4 | -21,4 |
Люксембург | 15,1 | 18,2 | 20% | 17,6 | 21,2 | 21 | -2,5 | -3,0 |
2.3. Қазақстан мен дамыған елдер арасындағы экономикалық өсу ерекшеліктері
Ел Президенті Назарбаев Н. Ә. өзінің 2008 жылғы жолдауын мынандай сөздермен бастйды: «Менің жыл сайынғы Жолдауларым әдеттегідей жетістіктерімізді саралап, келешегімізді бағдарлауға, ең бастысы – баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауымызға бағытталып келеді. Қазақстан халқына арналған 2006 және 2007 жылдардағы Жолдауларымда мен ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орын алу мен 30 корпоративтік көшбасшыларын қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек...»
Қазіргі кезде Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері бойынша, бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде Қазақстан ТМД елдерінің барлығының алдына шығып, 61-ші орында тұр.
Мыңжылдықтар тоғысында Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне кірді. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, 2005 жылы Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің көлемі Орталық Азия мен Кавказдағы жеті мемлекеттің ІЖӨ-лерінің жиынтық көлемінен асып түскен. Жан басына шаққандағы ІЖӨ 5 есеге жуық – 1994 жылғы 700 доллардан 2005 жылғы 3400 долларға дейін өсті. 2008 жылы бұл көрсеткіштің 9000 АҚШ долларына дейін өсуі болжанып отыр. Қазақстан жан басына шаққандағы ІЖӨ көлемі бойынша ТМД елдері ішінде көш бастаушыға айналды. Алайда, Еуропаның дамыған елдерімен, АҚШ-пен, Канадамен, Жапониямен, Аустралиямен және кейбір дамып келе жатқан (Корея, Малайзия, Шығыс Еуропа елдері) елдермен салыстырғанда жан басына шаққандағы қазақстандық ІЖӨ әлдеқайда төмен.
Факторлық талдау соңғы жылдардағы экономикалық өсу көп ретте негізгі қорлардың ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілгенін көрсетеді. Экономикалық өсудегі капитал факторының үлесі өнімділік өсімінің үлесінен екі есе дерлік артық. Экономикадағы негізгі қорлардың қатты тозғанын ескерсек, дамудың осы кезеңінде бұл оң жағдай болып табылады. Болашақта өсудің негізгі факторы еңбектің жиынтық өнімділігінің артуы болуы керек.
Осы жылдар ішінде жаңа бюджеттік жүйе қалыптасты. 2000 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттің кірістері 2,6 есе ұлғайды. Елдің одан әрі экономикалық өсуін көтермелеу мақсатында салық жүктемесін азайту бойынша түбегейлі шаралар қабылданды.
Соңғы 10 жылда ең төменгі жалақы 25 есеге жуық өсті; зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 13 604 теңгеге немесе 25%-ға ұлғайды; жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері мен бір тұрғынға шаққандағы салым көлемі іс жүзінде 36 есе өсті. 2005 жылдан бюджет саласы қызметкерлерінің: мұғалімдердің, дәрігерлердің, мәдениет, әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлерінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер жалақысының мөлшері орташа есеппен 30%-ға ұлғайтылды. 2008 жылы кезекті ұлғайту жоспарлануда. Мұндай ұлғайту жеке секторда нақты жалақының және тұтастай алғанда экономиканың өсуімен қатар жүргізілуде. Қазіргі кезде Қазақстандағы жалақы ТМД елдерінде Ресейден кейін ең жоғарылардың бірі екенін және 2007 жылғы жағдай бойынша 282 АҚШ долларын құраған.
Бізде бірнеше жылдан бері тек қана ТМД елдерінің арасында ғана емес, жалпы үздіктердің бірі деп танылған жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Зейнетақы жүйесін реформалау 2000 жылға қарай зейнетақылар мен әлеуметтік жәрдемақылар бойынша жиналған берешектің барлығын өтеуге мүмкіндік берді. Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2008 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту зейнетақымен қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесін жасауға бағытталған.
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес Қазақстанның даму банкі, Инвестициялық қор, Инновациялық қор, Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі корпорация сияқты даму институттары құрылған. Бүгінде оларды жалпы капиталдандыру 1 миллиард АҚШ долларынан асады. Тұтастай алғанда 2004-2005 жылдары республика бойынша қаржыландыру көздері есебінен 1,5 млрд. АҚШ долларына жуық сомаға 395 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 18 мыңдай жұмыс орны ашылды. Тұтастай алғанда Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру экономиканың жылына 9%-дан кем емес өсу қарқынын қамтамасыз етеді деп күтілуде.
Сонымен бірге экономика мен әлеуметтік салада кешенді түрде шешілуге тиіс проблемалар баршылық. Қазіргі кезде кедейшілікпен күрес және елдегі жұмыссыздықты азайту өзекті мәселеге айналды. Бұл саладағы негізгі мақсат экономиканы әртараптандыру және индустриялық-инновациялық даму есебінен экономикалық өсу, өнімділікпен еңбек ету үшін жағдайлар жасау, еңбек рыногындағы белсенді саясат және халық кірісін ұлғайту, инфляцияны саналы түрде ірку, кедейлердің денсаулық сақтау және білім беру қызметтеріне қолжетімділігін арттыру, әлеуметтік көмектің атаулылығын, мемлекеттік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес бағдарламасы шеңберінде жұмыспен қамтудың белсенді шаралары (жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыздарды кәсіптік оқыту) қолданылады. Әр түрлі шаралар қолданылып жатқанына қарамастан Қазақстан мен дамғына елдер арасында үлкен айырмашылықтар бар. Оларды мына кестеден көруге болады:
Жұмыссыздық деңгейі
жылдар | Қазақстан | Дамыған елдер | ||
АҚШ | Жапония | Ұлыбритания | ||
2005 | 8,4 | 5,5 | 4,7 | 4,8 |
2006 | 8,1 | 5,1 | 4,4 | 4,8 |
2007 | 7,8 | 4,6 | 4,1 | 5,4 |
Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалақыдағы айырмашылық кем дегенде 6-7 есені құрайды және экономика салалары арасындағы қолданылатын айырмашылықтармен айқындалады. Жұмыссыздығы бойынша материалдық жәрдем алатын адамдардың үлесі 61,2%-дан 10,25%-ға дейін қысқарды. Бұл жұмыссыздық мәртебесі мен оларға материалдық көмек көрсету тәртібіне заңнамалық өзгерістер енгізумен байланысты болды. Бізде қызметкерлерге бүгінде өтелетін қажетті еңбек ақы дамыған елдерге қарағанда аз, бұл экономиканың жағдайымен байланысты болады. Көптеген елдерде ұлттық табыстағы жалақының қоғамдық қордағы үлесі талай онжылдықтарда өзгерген жоқ: 60-70%, бізде 37,7%.
Оның үстіне соңғы жылдары дамыған елдерде жалдамалы қызметкерлердің жеке жинақ ақшалары өндірісті дамытуға барған сайын кеңірек тартылатын болды. Бұл орайда жапондықтар тәжірибесі атап өтерліктей, олар 40-шы жылдардың аяғынан бастап жеке жинақ ақшаларын өндірісті дамытуға сала бастады. Осы орайда ең соңғы технологияларды әзірлеумен және пайдаланумен айналысатын фирмалардың көпшілігі акцияларын жалдамалы қызметкерлерге жеңілдетілген жағдайлармен сатады. Нәтижесінде барған сайын еңбекшілердің басым көпшілігі акционерлерге айналады. Мысалы, Ұлыбританияда өз корпорацияларының бағалы қағаздар салымдарына тартылған еңбекшілердің саны 2 млн. адамға жетті. Францияда, Жапонияда, Италияда халықтың ақша қаражаттарын акционерлік жинақтау қорларына тарту жекешелендіру барысында болып өтті.
Сонымен бірге, мемлекет өндірілген бір тонна мұнайдан қандай пайда алады деген сұрақ туындайды. Сарапшылардың деректері бойынша, 2002 жылы мұнай өндіретін компаниялардың кірістері 2001 жылмен салыстырғанда 16%-ға өскен, мұнай өндіру көлемі 18%-ға ұлғайған, ал бюджетке төленетін салықтар 12%-ға азайған. 1998-2002 жылдар арасындағы кезеңге жасалған талдау 1998 жылы мемлекетке салық түрінде 12 АҚШ доллары; 1999 жылы – 9; 2000 жылы – 24; 2001 жылы – 29 АҚШ доллары түскенін, ал 2002 жылы бұл көрсеткіш 22 АҚШ долларына төмендегенін көрсетті. Алайда мұнай өндіру мен электроэнергетика өндіруде Қазақстан дамыған елдерден өте артта қалуда. Мұның себебі ретінде дамыған елдерде жаңа технологиялардың пайдаланылуы мен Қазақстанда техникалардың ескіруін айтуға болады. Ондан басқа қажетті мамандардың аз болуын атап өткен жөн.
Мұнай өндіру | Электроэнергетика өндіру | |||||
жылдар | Қазақстан | АҚШ | Канада | Қазақстан | АҚШ | Канада |
2005 | 59,5 | 268,0 | 102,5 | 66,9 | 4081 | 587,0 |
2006 | 61,5 | 252,6 | 104,3 | 67,9 | 4152 | 590,4 |
2007 | 65,0 | 253,3 | 104,7 | 71,7 | 4252 | 616,4 |
Елдің экономикалық дамуының күрделі проблемаларының бірі – ұлттық валюта мөлшерінің айналымда оңтайлы болуы болып табылады. Экономикалық жүйеде теңгенің статистикалық өзгеруі жеке шаруашылықтар, компаниялар мен фирмалардың шешімдерді таңдауына күшті әсер ете алады. Сондықтан тұрақты ақша жүйесін жүзеге асыруды мүмкін ететін жағдайлар жасау басым міндет болып табылады.
Ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін алдымен елдің ішкі экономикалық жағдайын қалпына келтіру керек, яғни әлеуметтік, табиғи фактор мен технологиялық процестер арасындағы қайшылықты жағдайда тұрақты өсуге жету мүмкін емес. Тұрақты экономикалық өсуге жету үшін ең алдымен өндірістің құлдырауын тоқтатуды, өндірістің салалы құрылымындағы деформацияны түзетуді және тозған негізгі өндірістік қорларды жаңалауды қарастырып барып, өсуге жол ашу қажет. Сонымен жоғары қарқынды экономикалық өсуді отандық өндірушілер үшін қолайлы жағдай жасай арқылы өнеркәсіптің ғылымды қажетсінетін салалары мен өңдеуші салаларында қамтамасыз ету керек және елдің негізгі қор жүйесін жаңалап, ресурсты үнемдеуші өндірісті жүзеге асыру қажет, қосымша елдің тұрақсыз қаржылық және ақша-несие жүйесін реттеп, инвестициялық тәуелділікті төмендету қажет.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024