Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дж. Милльдің экономикалық ілімі

Дж. Милльдің экономикалық ілімі

Джон Стюарт Милль  (1806-1873)  -  классикалық политэкономияны аяқтаушылардың бірі. Оның әкесі  Дж.Милль экономист, Д.Рикардоның жақын досы -баласының тәрбиесін қадағалап отырды.Сондықтан кіші Милль он жасқа толғанда әлемнің грек, латын тарихына, әдебиетіне шолу жасады. Римнің тарихын жазады, философия, политэкономия тағы басқа ғылымдарды зерделеді. Өзінің бірінші еңбегі плитэкономия бойынша “Тәжрибесін” Джон Стюарт Милль жиырма үш жасында жариялады. 1843 жылы оның философиялық жұмысы “Логика жүйесі” шығып, оның беделін өсірді. Басты еңбегі “Политэкономия негіздері” деген атпен 1808 жылы басылып шықты. Ол өзінің осы кітабы туралы қарапайым ғана пікір айтып, бір хатында былай деиді: “кітапта оның логикалық қорытындысымен сай келетін пікірдің болуына күмәнданамын”.

Джон Стюарт Милльдің қолданбалы шығармашылығы Ост-Индия компаниясымен байланысты, мұнда ол жоғары қызметте оның жабылуына дейін (1858) істеді. 1865-1868 жылдары ол парламент мүшесі болды. Әйелінің өлімінен кеиін Францияға ауысып, Авиньонда 14 жыл тұрды(1859-1873).Джон Стюарт Милльдің өзінің моиындауы бойынша, оның теориялық-методологиялық бағыты Д.Рикардоға жақын еді. Д.Рикардоның “логикалық қорытындысы” ретіндегі позициясы және Джон Стюарт Милльдің  тікелей шығармашылық жетістіктері ретіндегі позициясы оның “Политэкономияның негіздері және оларды әлеуметтік философияда пайдалану жолдары” аттыеңбегінде толық берілген.

Зерттеу пәні

Бірінші кітабынан белгілі болғанындый, Джон Стюарт Милль политэкономия пәнінде Рикардоның көзқарасын қабылдады: бірінші қатарға “бөлу заңына қарсы өндіріс заңын қойды”.Үшінші кітабының соңғы тарауынада “Негіздер”  авторы өзіне дейінгі мектептерді қайталайды, яғни экономикалық дамуда ауыл  шаруашылығының мүмкіндіктерін жоққа шығарады.

Зерттеу тәсілі

Джон Стюарт Милль методологиялық зерттеулерінде классиктердің жетістіктерін қайталау бар, сонымен қатар мәнді тұрақты даму байқалады. Мысалы, үшінші кітабының жетінші тарауында ақшаның бейтараптылығын қолдай отырып, басқа тарауларда ақшаның сандық  теориясын жақтайды. Осында ақша қызметінің товар запасын бағалау өлшемі ретінде Джон Стюарт Милльдің  байлықтың қарапайым сипаттары аңғарылады.

Сөйте  тұра, «Негіздердің...» авторының өзіне тән методологиясы - өндіріс заңы мен бөлу заңын қарама-қарсы қояды. Біріншісі, оның ойынша, өзгермейді және техникалық жағдайлары тұрақты берілген, яғни «дене ақиқаты» сияқты «жаратылыстану ғылымдарына тән» сипатқа ие, мұнда адам еркіне тәуелді ештеңе жоқ. Ал, екіншісі, адам интелектісі арқылы басқарылатындықтан, оған қоғамға басқарушы таптың пікірі мен мүддесі ықпал етеді және әр түрлі елдер мен ғасырларда түрліше болады. Сол қоғамдағы дәстүр мен қоғамдағы әсер ететін бөліс заңдары меншікті қоғамдағы негізгі үш таптар арасында табыстарына қарай бөледі. Адам шешімдері арқылы бөлу зандарының түзілуін методологияның алғышарты ретінде алған Дж.С.Милль қоғамды әлеуметтік реформалау жөнінде өзінің ұсыныстарын батыл жасайды. Дж.С.Милльдің зерттеуінің тағы бір методологиялық жаңалығы – О.Конттан алған статика мен динамика түсініктерінің айырмашылығын көрсету әрекеті. IV – кітабының I – тарауында барлық экономистер қоғамның стационарлық және өзгермейтің экономика заңдарын тануға талпынды. Енді политэкономияның динамикасын статикаға қосу керек деп атап өтеді. Бірақ, М.Блауг жазғанындай, «Милльдің динамикасы тарихи өзгерістерді талдау дегенді білдіреді, статика қазіргі айтылып жүрген статистикалық талдау деп аталады». Бұл «Негіздер...» авторының динамикасының экономикалық қатынастардағы өзгерлермен байланысты жоқ дегенді білдіреді. Ал оларды, кезеңмен, уақыттық аспектіде қарау керек. Бүгінде оған дифференциалдық есептеу арқылы математикалық үлгілерде ғана қол жеткізу мүмкін.

Кұн теориясы

Дж.С.Милль күн теориясын бес кітаптық еңбегінің үшіншісінде жазады. Бірінші тарауында айырбас құны, тұтыну құны, құн және т.б. ұғымдарды қарап. Ол құнның (құндылық) барлық товарларда бір мезгілде мүмкін еместігіне, өткені құн деген түсінік салыстырмалы екендігіне назар аударады. Ал 4-ші  тарауында (3-кітап) «Негіздердің...» авторы Д.Рикардоның тезисін  қайталады: құн еңбекпен жасалады, ол товар игіліктері өндірісі үшін қажет. Еңбек санының құн өзгерісінде басты маңызы бар. Құн теориясында Дж.С.Милль позициясының ортодоксальды сипатын ескере отырып, экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты М.Фридмен қазіргі экономист-ғалымдарға мынандай үлгі боларлық ой айтты: «Экономикалық құбылыстар күрделі және түрліше болады деп айтылған әрбір тұжырымдар білімнің шығармашылыққа мағына беретін өтпелі сипатын жоққа шығарады. Бұл Дж.С.Милльдің әділ  мысқылымен қатар тұр: «Бақытымызға орай, күн заңында қазіргі (1848) немесе болашақ авторларға ештене  қалған жоқ, бүл пәннің теориясы аяқталған».

Ақша теориясы

3-кітапта ақша теориясы қарастырылады. Мүнда Дж.С.Милль ақша теориясын жақтайтының білдірді. Ал бұл теория бойынша, ақша, санының көбеюі немесе азаюы  товардың салыстырмалы бағасына әсер етеді. Оның сөзі бойынша бердей жағдайларда «ақшаның өз құндары ақшаның санына қарама-қарсы өзгереді: санының әрбір өсуі оның құнын төмендетеді, азаюы оның бірдей пропорцияда көбейтеді». Одан әрі 9-шы тарауда товарлардың бағасы сол түстағы айналыстағы санымен реттеледі, өткені алтын қоры соншалық көп деп ойлап, ол алтын өндіруге жұмсалған шығындардың өзгеруі сол кезде де, одан кейін де бағаға ықпал жасай алмайды деп түсінеді.

«Негіздер...» авторының жоғарыда айтып өткен ақшаның «бейтараптылығы» туралы тезисі мынандай пікірге әкеледі: «қоғамдық экономикаға өзінің табиғаты жағынан мәнсіз ақшадан басқа ештеңе жоқ, ол тек қулығы мол құрал, ол уақыт, еңбек үнемдеу ештеңе жоқ, ол тек қулығы мол құрал, ол уақыт, еңбек үнемдеу үшін қажет. Бұл механизммен тез және қолайлы іс тындыруға болады, бірақ басқа да көп механизмдердей тез де қолайлы емес, оның көзге көрінер, тәуелсіз ықпалы ол істен шықаннан кейін байқалады».

Еңбек өнімділігі теориясы

Бұл теорияда Дж.С.Милль А.Смитпен ытымықтас. Оны қорғау ниетімен «Негіздердің...» авторы тек өнімді еңбек қана (нәтижесі көзге көрінетін еңбек) байлықты, яғни материалдық игілікті жасайды». Оның позициясының жаңалығы мынада; өнімді деп меншікті сақтайтын және мамандық алуға кеткен еңбекті санау керек, ол қорлануды көбейтеді.

Дж.С.Милльдің ойынша, өнімді еңбектен түскен табыс өнімді түтынуға ие болады, егер оны түтыну «қоғамның өндіргіш күшін үлғайтып, сақтап отырса. Өнімді емес еңбектен түскен табыс деп ол өнімді еңбек жасаған табысты жай ғана қайта бөлу» деп есептейді. Тіпті, Милль бойынша, жұмысшылардың жалақыны тұтынуы - өнімді, егер ол өзін және жанұясын ұстауға қажетті заттарды табуға жетсе, өнімсіз – «байлық заттарын әкелсе».

Халық өсуінің заңы

I – кітаптын 10-тарауына қарап Дж.С.Милль үшін Т.Мальтустің халық өсуінің теориясы жай аксиома сияқты көрінеді. Әсіресе бұл тараудың 3-ші бөлімінде ол Ангияда 1821 жылғы халық санағынан кейін 40 жыл бойы өмір сүру заттары халық өсуі қарқынынан аспағанына өніл аударады. Осыдан кейін 12-13-ші тарауларда (2-кітап) отбасын өз еріктерімен азайтуды, әйелдердің эмансипациалануын дәлелдейтін аргументтерді көреміз және т.б.

Дж.С.Милльдің халық өсуі теориясына жақындығын оның «Өмірбаянындағы» мына сөздерінен  анық көреміз: «Мальтустің халық өсуі принципі, Бентамның басқа да пікірлері сияқты, біздерді біріктіретін ту. Бұл ұлы доктринаны бастапқыда адамзат прогресінің шексіздігіне қарсы аргумент деп қарап, оған қарама-қарсы қойып, түгелдей қызу қолдадық. Бұл – прогресті асырудың бірден-бір көрсеткіші, толық жұмыспен қамту, жоғары жалақымен қамтамасыз ету – осы халықтын өсуін өз еркімен шектеу арқылы мүмкін».

Капитал теориясы

I – кітаптын 4-6 тарауларын Дж.С.Милль капитал теориясына арнайды, оны ол – «бұрынғы еңбек өнімінің қорланған запасы» деп сипаттайды. 5-ші тарауда қызық түжырым дәлелденеді: инвестицияның негізі ретінде капитал жұмыспен қамтуды ұлғайтады, жұмыссыздықтын алдын алады, бірақ байлардың «өнімсіз шығындары» болмауы керек.

Табыстар тоериясы

Дж.С.Милль жалақы жөнінде Д.Рикардо мен Т.Мальтустің көзқарастарын ұстайды: оны еңбектің ақысы деп сипаттайды., жұмысшының күшіне сұраныс пен ұсыныс арқылы анықталады дейді. «Негіздердің...» авторы жұмысшы еңбек ақысының минималді мөлшері болады деген қорытындыны қайталайды. Сөйтіп, ол онын жұмысшы қоры деген доктринасынын негізін құрайды. Ал бұл бойынша ешкандай таптық күрес, ешқандай кәсіподақ жалақының өмір сүру деңгейіне сәйкес түзілуін мүмкін ете алмайды. Бірақ 1869 ж. Дж.С.Милль өзінің бір мақаласында ресми түрде «жұмысшы қоры» доктринасынын бас тартып, кәсіподақ жалақыны тежеуге шындап ықпал жасайды, тек жалақыны  тежеу «еңбек рыногында бәсекені жузеге асыруы мүмкін» деп тұжырымдамайды. Мүнымен қатар, Милль бойынша, жалақы басқа тен жағдайларда егер еңбек тартымсыз болса төмен болады. Ең соңында I –ші  кітаптын 4-тарауында Дж.С.Милль д.Рикардо сияқты жалақы минимумын физиологиялық минимуммен шатастырмады, біріншісі екіншісінен жоғары болуы тиіс деп түсіндірді. «Негіздердің...» авторы жалақы төлеудің көзі – қайсы бір «капитал қоры».Рента теориясын ойша қорытып, «Негіздердің...» автордың Д.Рикардоның рента құрайтын факторлар тұжырымын қолдайды: рентаны жерді пайдаланғанының компенсациясы деп қарайды.Бірақ Дж.С.Милльдің нақтылай түсуінше, жер участогі пайдалану түріне орай, кейде рентаны қамтамасыз етеді, немесе табыфсты жоятын шығындарды талап етеді.

Реформа теориясы

Социализм және қоғамдық социалистік құрылыс туралы ой-пікірлерді, трактовкаларды классикалық политэкономия өкілдерінің арасында алғаш айтқан – Дж.С.Милль еді. Бұл мәселелерді ол 2-ші кітабының 1-ші тарауында меншік проблемасына байланысты қараған. Алайда, социализмге бүйрегі бұрып тұрғанмен. «негіздердің...» авторы социалистерден принципальді түрде бөлектенеді: олардың әлеуметтік әділетсіздік меншіктің жеке құқылығына байланысты деген тұжырымы жөнінде еді. Оның ойынша, мұндағы міндет тек меншік құқылығынан туындайтын жеке-даралық және қиянат етушілікті жоюда жатыр. Дж.С.Милльдің жұмысында қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында мемлекеттің қатысу белсенділігін арттыру идеясы көптеген проблемалардан көрінеді. 3-ші кітаптың 20,21 тарауларында мемлекет баға белгілеуде орталық банктің процентін өсіруге бағыт үстауы тиіс, сөйтіп шетел инвестициясын келтіріп, ұлттық валюта қорын күшейтіп, щетелге алтынның кетуін тоқтатады. «Laissez faire» жалпы принцип болуы тиіс дегенге терең сенген Дж.С.Милль кітабының 4-ші тарауында қоғамдық қызметтің түрлі салаларында «рыноктың күші жүрмейтінің», рыноктық механизм әрекеті мүмкін еместігін» және қоғам  мүшесінің әрберуіне пайда келтіретіндей құқылық беру». Және мынадай тәртіп болуы керек: ешкім кедей болмауы, ешкім байлыққа ұмтылмауы, басқалардан алға шығуы кезінде ешкім кейінге ысырылмауы тиіс. «Негіздердің...» авторы мемлекеттің мүмкіндіктерін инфрақұрылымды құруға, ғылымды дамытуға, кәсіподақжұмысын тежейтін, тиым салатын заңдарды жоюға жұмсауға шақырады.

Милльдің ойынша, білім сапасы бірден анықталмайды, Сондықтан үкіметтің «адамдардың жас кезінен ол туралы пікірі мен сезімін теріше илеп шығаруына» жол бермеу үшін мемлекеттік жалпы қол жетерлік білім ұсыну дұрыс емес: белгілі жасқа дейін жеке мектептер мен міндетті отбасы білім жүйесін қалыптастыру керек. Мемлекеттік мектеп, оның ойынша, тек жекелеген аудандар үшін қажет. Жеке негіздегі қоғамдық білім минимумын «Негіздер...» авторы мемлекеттік сынақтар жүйесімен байланыстырады: сынақтан өтпегендердің ата-аналары салық түрінде компенсация төлейді, мемлекетке бастауыш мектептерді ақшалай қолдау жүктеледі. Дж.С.Милльдің әлеуметтік реформа доктринасының пайда болуы мынадай ой-пікірмен байланысты: тек өндіріс заңдарын, бөлу зандарын өзгерту аз. Мұнда «өндіріс пен бөлудің бір-бірінен алшақтанған сала емес, олардың өзара және жан-жақты терең жымдасқаның түсінбеушілік бар». Оның реформасынын тенденциялық және басты тұжырымдарын Ш.Жид пен Ш.Рист мынадай үш топқа бөлді:

  1. Кооперативтік өндірістік ассоциация арқылы жалдамалы еңбекті құрту;
  2. Жер салығы арқылы жер рентасын әлеуметтендіру;
  3. Мұрагерлік құқылықты тежеу арқылы байлық теңсіздігін тежеу.

Похожие материалы