Есік қаласының экономикасы мен әлеуметтік аясының кешенді даму жағдайы және болашағы
Нарықтық қатынастар өтпелі кезеңде қоғамның әлеуметтік шиеленісушілік қысымы күшейіп және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуінен Қазақстан Республикасында әлеуметтік процестерді басқару зор мәнге ие болып отыр.
Қазақстан Республикасының экономикасы мен әлеуметтік саласында түпкілікті өзгерістер болып жатыр. Қазақстан Республикасының Үкіметі экономикалық-әлеуметтік реформаны онан әрі терендету және тездету жолындағы Президент Нұрсылтан Назарбаевтың бағытын дәйектілікпен өмірге ендіруде. Экономиканың нақты секторларын сауықтыра отырып, қаржы саласын реформалау, еліміздің экономикасына инвестицияларды тарту арқылы әлеуметтік саясатты белсенді жүргізу Үкіметтің 1998-2000 жылдардағы жұмыстарының басты мақсаты болып табылады. Бұл белгіленген бағдарламаны іске асырудың өзі стратегиялық жоспарлау мен бюджеттік бағдарламалаудың ғылыми әдістерін пайдалану негізінде еліміздің жоспарлау менэкономикалық-әлеуметтік басқару жүйелерін нақты тәртіпке келтіруді қажет етеді.
Соңғы жылдары әлеуметтік процестерге көп көңіл бөлінуі қазіргі кезеңдегі біздің қоғамымыздың дамуының мазмұны мен оны басқару формасының күрделенуімен түсіндіруге болады. Сондықтан осы процестердің өту ерекшеліктерін, олардың қоғам өмірінің әр түрлі сферасында, түрлі масштабта, оны басқарудың әр түрлі деңгейінде байланысын терең түсіну қажет.
Қазақстан республикасындағы жаңа экономикалық, саяси және әлеуметтік қатынастардың құрылуы жаңа, сапалы қоғамдық процестерді басқару жүйесінің дамуымен сипатталады. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында қалыптасқан әлеуметтік басқару жүйесінің негізгі қайшылықтарының бірі - әлеуметтік-экономикалық сферадағы жергілікті басқару органдарының және олардың осы басқаруды тиімді жүргізудің нақты мүмкіндіктері арасындағы өсіп аеле жатқан міндеттерінің бұзылуында. Сондықтан қоғамдық процестерді басқаруды жетілдірудің маңызды бағыты ретінде мемлекеттік және аймақтық басқарудың, экономиканы басқарудың салалық және территориялды принциптерінің органикалық байланысының қамтамасыз етілуін және белгілі бір аймақтар мен аудандар масштабындағы салааралық және сала ішіндегі әлеуметтік-экономикалық байланыстардың рационализациялануын мойындауымыз қажет.
Республикамыздың аймақтық әлеуметтік саясаты бір жақты мағынада халықтың өмірі ментұрмыс деңгейінің дамуының аудан-аралық өзгешеліктерін реттеумен байланысты. Осы өзгешеліктерді реттеуді территориялық жағынан түсіндіру қиын, бірақ, айта кету керек, қатысты стандарттармен кепілді ету республика масштабында да, жеке аймақ ішінде де өндіріс тиімділігін арттыру мәселелерімен байланыспаған. Жекелеген облыстардың әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы объективті өзгешеліктер оларды нарықты экономикаға өтпелі кезеңде тұрақты дамуын бірдей емес жағдайға қояды. Бір аймақтың екінші бір аймақтан артықшылығын олардың құрылу жағдайындағы басымды дамитын кейбір территория мен салаларға республикалық бюджеттен қаржылардың бөлінуімен түсіндіруге болады. Аймақтардың теңсіздік жағдайы нарықтың қайта құру мен механизмінің жүргізілуіне де байланысты.
Нарық экономикасына өтпелі кезең жағдайында халықтың тұрмыс деңгейі өзгеруі проблемасы зор мәнге ие болып отыр. Осы проблеманы шешу Қазақстан Республика реформалардың дұрыс бағыт алуына және қоғамда саяси тыныштық сақталуына себепші. Облыстағы халықтың тұрмыс деңгейінің жақсаруын тек экономикалық өсу мен стабилизацияның ұзақ мерзімді мақсаттарын көздететін саясат арқылы ғана жетуге болады.
- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК АЯЛАРДЫ КЕШЕНДІ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ
1.1 Экономикалық дамудың мәні
Кез-келген қоғамның экономикалық даму сипатын анықтау үшін “экономикалық жүйе” түсінігі қолданылады.
Экономикалық жүйе (грекше, systema-тұтас, бөлімдерден құралған) өзара байланысқан шаруашылық қатынастар мен белгілі бір тәртіпке келтірілген экономика элементтерінің жиынтығынан тұрады және экономиканы ұйымдастырудың нысаны болып табылады.
Басты міндеті - шектеулі өндірістік ресурстарды тиімді пайдалану жолдары мен әдістерін табу. Экономикалық жүйе өміршеңдігінің басты себебі- ресурстардың салыстырмалы түрде шектеулі болуы. Яғни, барлық қоғамға тән бұл мәселе тиімді шаруашылық жүргізудің әдіс-тәсілдеріне негізделген экономикалық жүйе арқылы өз шешімін табады. Экономикалық жүйенің тиімділігі қойылған мақсаттарға жету деңгейімен анықталады.
Экономикалық жүйенің мақсаты - халықтың әл-ауқатын арттыру, оларды материалдық, рухани, әлеуметтік, ұлтттық және басқа да құндылықтармен қамтамасыз етудің тиімді жолдарын енгізу. Сондықтан экономиканың тиімділігін арттыру үшін экономикалық жүйе бір тұрпаттан (типтен) екінші тұрпатқа өзгереді.
Экономиканың жүйелі сипатын ғылыми-теориялық тұрғыда қарастырған ағылшындық классикалық политэкономияның негізін салушы- А.Смит «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы» (1776ж. жарық көрген) басты ғылыми еңбегінде ең алғаш рет осы тақырыпқа ашық талдау жасады. Одан кейінгі экономикалық жүйе туралы ғылыми көзқарастар Д.Рикардо (1817ж.), Ф.Лист (1841ж.), Дж.С.Милль (1848ж.), К.Маркс (1867ж.), К.Менгер (1871ж.), А.Маршалл (1890ж.), Дж.М.Кейнс (1936ж.), П.Самуэлсон (1951ж.) еңбектерінде орын алды.
Экономикалық жүйенің даму бағыты туралы қарама-қарсы көзқарастардың тұжырымы бойынша:
- Жүйе оның барлық элементтерінің біртұтастылығы мен біркелкілігі арқылы дамиды. Әртүрлі экономикалық жүйелер өзара экономикалық тепе-теңдік күйде өмір сүреді, бірақ ұзақ мерзімде бір жүйе екіншісін ығыстыру арқылы өзгеріске ұшырайды. Бұл қоғамдағы реформалық өзгерістерді сипаттайтын теориялық көзқарас.
- Әртүрлі экономикалық жүйелердің бір кезеңде өмір сүруі бір-бірін толықтырады және экономикалық өсу мен экономикалық жүйенің сапасын арттырады. Қазіргі конвергенция теориясы бойынша әртүрлі экономикалық жүйелер өздерінің дамуы мен жетілуі нәтижесінде бірігуі арқылы жаңа экономикалық жүйені туындатады.
Өндіргіш күштер | ||
Табиғи: табиғи ресурстар, адамдардың мүмкіншіліктері | Қоғамдық: өндіріс құралдары, еңбек бөлінісі. | Жалпы: ғылым, білім, мәдениет, т.б. |
Өндірістік қатынастар | ||
әлеуметтік-экономикалық | ұйымдастыру – экономикалық (тәжірибе алмасу, маркетинг, менеджмент) | техника-экономикалық |
Ресурстар: табиғи, еңбек, қаржылық, ақпараттық. | Қоғамдық еңбек бөлінісі: өнімді шығарумен байланысты өндірістің мамандануы. | Еңбек процесі мен элементтері: еңбек, еңбек заты, еңбек құралы. |
Өндірістік мүмкіншіліктер: шектеулі ресурстарды таңдау. | Нәтижелер: өнім, қызмет. | Тиімділік: нәтиже мен шығындардың ара қатынасы. |
Мұндай кереғар көзқарастар экономикалық жүйенің қайшылықта дамитынын, үнемі өзгерісте болатынын сипаттайды. Көптеген дамыған елдерде меншікті ұлттандыру- мемлекет иелігінен алумен, жаппай жоспарлау- одан бас тартумен, орталықтандыру- орталықсыздандырумен ауыстырылды.
Экономикалық жүйенің қасиеттері: оның біртұтастылығы, жүйелілігі, тұрақтылығы, орнықтылығы, өзгергіштігі, қозғалғыштығы, қарама-қайшылығы.
Қоғамның даму процесінде қарама-қайшы мүдделердің орын алуы маңызды рөл атқарады. Экономикадағы басты қайшылықтар: өндіру мен тұтыну; материалдық және рухани қажеттіліктердің өсуі мен оларды қанағаттандыру мүмкіншіліктері; жинақтау мен тұтыну; және т.б. Қоғамның экономикалық дамуын тежеуші басты қайшылық- рыноктық және мемлекеттік өндірістің сипаты және өндіріс нәтижелерін иемдену.
Кез келген экономикалық жүйенің жалпы сипаты
Экономикалық жүйенің сипатты белгілері:
1) экономикалық жүйені құраушы бөлшектердің біртұтастылығы.
2) экономикалық жүйедегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық-заттай өзара тәуелділігі.
3) экономикалық жүйе құрылымының күрделілігі.
Экономикалық жүйенің әрбір элементі өзінше ішкі жүйені қалыптастырады. Мысалы, қазіргі өндіріс екі ішкі жүйеден: материалдық және материалдық емес өндіріс сфераларынан құралған.
Экономикалық жүйенің өндірістік мүмкіншіліктері пайдаланылатын ресурстардың сиректігіне байланысты шектеледі. Сондықтан қоғамның алдында таңдау мәселесі туындайды. Яғни, сирек кездесетін қымбат ресурстардың орнына жеткілікті әрі арзан ресурстарды пайдаланып, аз шығынмен көп пайда алатын тиімді жүйені таңдау.
Экономикалық жүйеде қызмет ететін шаруашылық субъектісі өз таңдауын жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарға ие болуы тиіс және не өндіру? қалай өндіру? кім үшін өндіру? керек деген экономиканың үш негізгі міндеттерін шешуге ұмтылады. Шаруашылық өмірдің бұл міндеттерін шешу тәсілін кез-келген қоғамға тән ақпараттық жүйе анықтайды. Шаруашылық іс-әрекетте әрбір субъектінің өз жоспары, талғамы, артықшылық беруі және өндіріс әдістері туралы көзқарастары болатындықтан, таңдауды үйлестіруді кім және қалай жүзеге асырады деген сұрақ туындайды.
Экономикалық теорияда үйлестірудің екі түрлі тәсілі қарастырылады: ішкі немесе табиғи тәртіп және сатылы тәртіп (иерархия).
- Табиғи тәртіп бойынша қажетті ақпараттар баға арқылы алынады. Ресурстар мен өндірілген игіліктердің бағалары шаруашылық субъектілеріне қай бағытта әрекет ету қажеттігін көрсетеді. Яғни, не, қалай, кім үшін өндіру керектігін анықтайды.
Рыноктық қатынастардың шекарасы ұлғайған сайын, көптеген шаруашылық субъектілерінің ресурстар, шығындар, пайда көлемі туралы толық ақпарат алуы қиындайды, өйткені ресурстар, талғамдар және тұтынушылардың артықшылықтары туралы ақпараттар шашыраңқы болады. Мұндай жағдайда баға мен балама шығындардың өзгерісі адамдардың экономикалық таңдауын үйлестіреді.
- Ақпарат алудың екінші тәсілі- орталықтан орындаушыға (өндірушіге) бұйрық, тапсырма түрінде жоғарыдан төмен қарай берілетін сатылы тәртіп (иерархиялық) жүйесі. Бұл жүйеде шаруашылық субъектілерінің ақпараттар алуы, қызмет ету бағыттарын анықтауы дербес, еркін таңдау арқылы емес, биліктегі өкілетті органдардың шешімдері арқылы жүзеге асырылады. Сатылы тәртіп жүйесіне мысал ретінде, бұрынғы Кеңес елдеріндегі мемлекеттік жоспардың (қандай бағада, не, қалай өндіру, ресурстарды қайда бөлу) бұйрықпен орындалғанын айтуға болады.
Экономикалық жүйе келесідей белгілеріне байланысты жіктеледі:
- Меншік нысаны мен экономикалық әрекетті басқару, бағдарлау тәсіліне байланысты:
- дәстүрлі экономикалық жүйе.
- орталықтан басқарылатын жоспарлы экономикалық жүйе (командалық- әкімшіліктік немесе тоталитарлық).
- рыноктық экономикалық жүйе.
- аралас экономикалық жүйе.
- Өркениет типтерінің даму нәтижелері ретінде экономикалық жүйе:
- дәстүрлі- қоғамдағы экономикалық қатынастар әдет-ғұрыптарға негізделеді. Өндіріс әдісі, көзқарастар, мәдениет, қоғамдық нормалар және т.б. ұрпақтан-ұрпаққа мұраға қалып отырады.
- либералды- қоғамның дамуы үшін тиімділікке жетуге ұмтылыс басым және жеке тұлғаның бастамашылығына ешқандай кедергілер жоқ (қазіргі индустриалды қоғам).
- аралас- бірінші және екінші типтердің элементтерінен құралады.
- Сыртқы экономикалық байланыстардың сипатына байланысты:
- жабық экономикалық жүйе- шаруашылық іс-әрекеттер белгілі бір шеңбер көлемінде, тұйықталған күйде жүзеге асырылады (натуралды шаруашылық).
- ашық экономикалық жүйе- басқа елдердің өндірістік бірліктерімен экономикалық байланыстар үнемі ұлғайып отырады (рыноктық шаруашылық).
Бізге белгілі, “әлеуметтік” ұғымы кең ұғымда “қоғамдық” деген мағынада қарастырылады. Сайып келгенде, әлеуметтік қатынастар - бұл қоғамдық қатынас. Осындай кең мағынада қатынастарға экономикалық, саяси, жанұя және әлеуметтік қатынастардың өзін де жатқызады, соңғысына, әдетте, адамның тұрмыс деңгейін, білім беру, жалпы мәдени деңгейлер және тағы басқа қатынасын жатқызады /11/.
Экономикалық даму ол нақты бір әлеуметтік нәтижелерге жетудің негізі болып табылады. Экономикалық процестер әлеуметтік процестермен тығыз байланысты. Бұл жөнінде, Д.И.Правдиннің айтуынша: “Әлеуметтік процесс – кең ұғымда – бұл адам өмірі мен олардың қатынасын көрсететін қоғамдық процесс. Осы мағынада экономикалық қатынастарды, қоғамдағы адамдардың барлық басқа қатынастарының негізін қалайтын әлеуметтік қатынастар деп те айтуға болады. Әлеуметтік қатынастар қысқаша айтқанда, адамның жеке тұлғалық факторы, оның қоғамдағы орны, әлеуметтік тегі, адам санасының қалыптасуымен тығыз байланысты” /12/.
Кез келген ұлттық экономиканың қалыпты жағдайы қоғамда әрекет ететін қарама-қайшылықты күштердің динамикалық тепе-теңдігін көрсетеді. Сондықтан экономикалық өсуді және экономиканың дамуын қарастырғанда макроэкономикалық көрсеткіштердің жалпы экономикалық тепе-теңдіктен ауытқуын сипаттайтын, қалыпты жағдайлар туралы да сөз қозғалады.
Экономикалық өсу дегеніміз - бұл қоғамдық өндірістің өсуі және сапалы түрде жетілдірілуі. Экономикалық өсу белгілі бір уақыт аралығындағы ұлттық экономиканың дамуын сипаттайды, яғни нақты ұлттық табыстың, нақты ЖІӨ-ң артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы. Мағынасы бойынша, экономикалық өсу өз құрамына өндіріс нәтижелеріне жаңа үдемелі теңдіктердің қалыптасуын қосатын, экономикалық даму процесінің бір нысаны болып табылады. Даму- бұл көп өлшемді процесс, оның құрамына техникалық экономикалық, әлеуметтік, саяси саладағы терең түбегейлі өзгерістер кіреді. Л. Бальцерович бойынша экономикалық даму қарқынын анықтайтын факторлар төрт топқа бөлінеді:
- Экономика дамуының бастапқы деңгейi (мысалы, жан басына шаққандағы табыспен өлшенетін);
- Адам капиталы, яғни халықтың білім деңгейі;
- Шаруашылық жүргізудің ішкі шарттары, яғни экономикалық құрылыс;
- Шаруашылық жүргізудің сыртқы шарттары, яғни әлемдік экономика конъюнктурасы.
Экономикалық даму оң және теріс экономикалық динамикада болуы мүмкін. Ал, экономикалық өсу экономикалық дамудың оң динамикасы болып табылады.
Экономикалық өсудің базасы болып өндіріс және ұдайы өндіріс тиімділігі табылады. Өндіріс пен ұдайы өндіріске талдау жасамай, экономикалық өсуге жету мүмкін емес. Сонымен, экономикалық өсу - бұл экономика дамуының оң динамикасын сипаттайтын, экономикалық элементтердің (жұмыссыздық, баға, өндіріс, т.б.) даму бағыты. Сонымен қатар, экономикалық өсу – бұл номиналды және нақты ЖҰӨ-ң өсуіне әкелетін қозғалыс, яғни елдің экономикалық қуатының артуының негізі. Сондықтан экономикалық өсу мемлекеттің экономикалық саясатының басты мәселесі болып табылады.
Нақты экономикалық өсу– экономикадағы негізгі қайшылықты (ресурстардың шектеулілігі мен қоғамдық қажеттіліктердің шексіздігі арасындағы) жаңа деңгейде шешу. Ол екі тәсілмен шешілуі мүмкін:
- Өндірістік мүмкіншіліктерді арттыру арқылы (жаңа ресурстарды, өндіріс процесінде жаңа мүмкіншіліктерді қолдану).
- Қолда бар өндірістік мүмкіншіліктерді тиімді пайдалану және қоғамдық қажеттіліктерді жетілдіру арқылы (темекі шегумен, нашоқорлыққа қарсы күрес, адамның өзін-өзі жетілдіруі, мәдениетті дамыту).
Тағы бір көңіл бөлетін ұғым – қазіргі экономикалық өсу. Қазіргі экономикалық өсу – нақты ұлттық табыстың өсу қарқынының халық санының өсу қарқынан тұрақты түрде жоғары болуы. Қазіргі экономикалық өсуге тән белгілер:
- Жан басына шаққандағы ЖІӨ өседі.
- Халықтың білім деңгейі жоғарылайды.
- Аграрлық сектордың үлесі азаяды.
- Урбанизация процесі жеделдейді.
- ЖІӨ-гі экспорттың үлесі артады.
- ЖІӨ-гі жинақ үлесі біртіндеп өсе бастайды.
- Экономика мен әлеуметтік-саяси даму арасында тығыз байланыс туындайды (демократиялану процесі).
Айта кету керек, экономикалық өсудің қарқыны мен экономикалық өсу сапасының жоғарылауы арасында белгілі бір алшақтық болады. Өсудің жоғары қарқыны өсу сапасының төмендеуі арқылы да болуы мүмкін. Мысалы, еңбек шығындарының артуына, сол арқылы экономикалық өсу қарқынын өсіретін жұмыс күнінің ұзаруы немесе еңбек интенсивтілігінің өсуі өз кезегінде экономикалық өсу сапасына кері әсер етеді, яғни бос уақытты азайтады. Керісінше, төмен және теріс экономикалық өсу қарқыны сапалы өнім шығару негізінде тұтынуды қанағаттандырумен қатар жүруі мүмкін. Сондықтан да көп экономистердің ойы бойынша өсу аса жоғары қарқынды (9-10%) болса да, төмен болса да (2-3%) экономикалық өсудің тұрақты қарқыны болу керек.
Экономикалық өсу өндіріс көлемі мен сұраныс өсетін экономиканың жағдайымен анықталады және құлдырауға қарсы тұрады. Сонымен қатар, ол экономикалық саясаттың басты мақсаты болып табылады және экономиканың циклдық ауытқуын жоя алмағанның өзінде, оны төмендетуге бағытталады. Сондай-ақ, дамудың объективті мүмкіндіктері жағдайында үздіксіз және барынша жоғары экономикалық өрлеуді қамтамасыз етуге бағытталады.
Экономикалық өрлеу әдетте жалпы ұлттық өнімнің өсуімен (пайызбен есептеледі) есептеледі. Бұл өлшем өнімнің мазмұнына және статистикалық ақпараттың сапасына байланысты болады.
ЖҰӨөсу = ЖУӨ1 / ЖУӨ0 х 100%
ЖҰӨ1 – есептік жылдағы жалпы ұлттық өнім
ЖҰӨ0 – базистік жылдағы жалпы ұлттық өнім
Өсу кез-келген экономиканың, оның табиғатына қарамастан, түпкі мақсаты болып табылады. Бұл мақсаттың басымдылығы екі жағдайға жауап береді:
- Жеке және ұжымдық кажеттіліктердің өсуін қамтамасыз ету (өмір сүру деңгейін көтеру);
- Халықаралық бәсекеге қатысу үшін барынша жағымды жағдайлар жасау.
Өсу сатылары:
- Дайындық сатысы кезінде бірқатар құрылымдық өзгерістер баяу және кезеңді жүргізіледі;
- Салыстырмалы қысқа (30-40жыл) «өрлеу» сатысы, арта түскен инвестицияның әсерінен экономика дамудың шегінен өтеді;
- Дамудың тұрақты өспелі сатысы, азды-көпті күшті ауытқуларға қарамастан экономика белсенділіктің тұрақты өспелі деңгейін сақтайды, бірақ бұл жерде өсу қарқыны алдыңғы кезеңге қарағанда төмен болады.
Дамыған экономикалық елдердің қазіргі басты мәселелерінің бірі- экономикалық өсудің өмір сүру деңгейіне теріс әсер етуші келеңсіз құбылыстардың дамуымен жалғасатындығында болып отыр. Бір жағынан, инфляция мәселесі экономикалық саясатты үздіксіз етуге және жедел экономикалық өсуге қол жеткізуге итермелейді. Осылайша үкіметтің барлық талпынысының негізі тұрақты экономикалық өсу болып табылады.
Әлеуметтік басқару – бұл қоғамды тәртіпке келтіру, жетілдіру мен дамыту, сапалық ерекшеліктерін сақтау, қоғамдық еңбек сипатынан туындайтын адам өмірі мен еңбек процесінде адамдардың қатынасының қажеттілігі, материалдық және рухани қызметтің өнімімен алмасу мақсатымен қоғамға әсер ету болып табылады.
Әлеуметтік басқарудың субъектілеріне мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар мен қызмет орындарын жатқызады.
1.2 Әлеуметтік аялардың дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі
Кедейшілік мәселесі кез-келген қоғамда байқалады. Бұл мағынада ол өте кең және үлкен назарды талап етеді. Алғашқыда кедейшілікті бағалау зерттеулері 19 ғасырдың соңында Ұлыбританияда жүргізілген. Соңғы 20 жылда әлемде кедейшілік мәселесіне арналған әдебиеттер кең таралған.
«Адам дамуы» категориясының қалыптасуына «өмір сапасы» әлеуметтік-экономикалық категория әсер етті. Жоғары өмір сапасы адамның барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету арқылы жүзеге асады.
Өмір сапасының деңгейін өлшеу көрсеткіштердің толық жүйесі негізінде жүргізіледі. 20 ғасырдың 70 жылдарында Дж. Форрестер өмір сапасын 5 глобальды параметрлермен сипаттауды ұсынған: халық саны, жинақталған капитал, ауыл шаруашылығының капитал үлесі, табиғи ресурстардың мөлшері, қоршаған ортаның ластануы.
Адам дамуы туралы 1-халықаралық баяндама адам дамуын «Адам таңдауының кеңеюі мен халықтың қол жеткізген тұрмыс деңгейі» деп анықтаған. Баяндамаға сәйкес әлеуметтік-экономикалық программа өлшеудің жаңа құралы енгізілді: Адам дамуының индексі(ИЧР), ол-өмір сүру ұзақтығын, білім деңгейін және кірісті қамтитын интегралды көрсеткіш.
Адам дамуының концептуалды схемасы 4 негізгі принципке сүйенеді:
- Продуктивтілік. Адамдардың өз қызметтерінің өнімділігін арттыру мүмкіндігі болуы қажет, кірісін қалыптастыру процесінде белсенді қатысып, әділ ақшалай сыйақы алу үшін еңбек етулері қажет. Сол сияқты экономикалық өсім, жұмыспен қамтылу және жалақы динамикасы адам дамуының негізгі құраушылары болып табылады.
- Тепе-теңдік. Бұл адамдар тең мүмкіншілікке ие болулары тиіс дегенді білдіреді. Экономикалық және саяси өмірдегі мүмкіндіктерге кедергі жасайтын жыныс, нәсіл, ұлт, шығу тегі, тұрғылықты орны, тұрмыс деңгейі сияқты мәселелер жойылуы қажет.
- Тұрақтылық. Жоғарғы мүмкіндікке қол жеткізу қазіргі ұрпақ үшін ғана емес, болашақ ұрпаққа да байланысты қарастырылуы қажет.
- Мүмкіндікті кеңейту. Даму адамдардың қызығушылықтарында ғана емес, олардың күш салуларымен жүзеге асырылуы қажет [7].
1994 жылдан бері Қазақстанда нарықтық экономика жағдайындағы тұрмыс деңгейін талдаудың ақпараттық базасын қалыптастырудың шаралары жасалынған. Өтпелі кезеңдегі Қазақстан халқының тұрмыс деңгейін талдауда 1995-2000 жылдардағы «Адам дамуының есебін» дайындау шегіндегі жүргізілген зерттеулердің нәтижелері үлкен роль атқарады. Бұл зерттеулер теориялық ойларды, адам дамуының концепцияларын, тұрмыс деңгейін талдаудағы халықаралық тәжірибелердің республикада практикалық бейімделуін қамтиды.
1997 жылдан бері Адам дамуының есебінің ерекшелігі-адам дамуының параметрлерін бағалап, олардың әдістемесін анықтап ғана қоймай, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық процесстер жүйелі түрде зерттелінген.
1997 жылы – қоғамның әлеуметтік дамуындағы мемлекеттің ролін анықтау, реформалардың әлеуметтік бағдарланған концепциясын жасау, өмір сапасының төмендеу себептерін айқындау.
1998 жылы - әлеуметтік және экономикалық процесстерді баланстау және теңестіру әдістемесін ұсыну, Қазақстан облыстары бойынша адам дамуының индекстеріне терең талдау жасалынған.
1999 жылы- адам дамуының жағдайларын аудандық деңгейде талдау, статистикалық мәліметтер қорын жасау, әлеуметтік даму мақсаттарына жетуге қажет ресурстарды бағалау, бұл ресурстардың ішкі, сыртқы көлемдерін анықтау.
2000 жылы Қазақстандағы кедейшілік жөніндегі тақырыптық есеп жасалынған, кедейшілікті өлшеу тәсілдері, онымен күрес стратегиясы ұсынылған.
Қазақстандағы тұрмыс деңгейін талдаудағы маңызды істердің бірі- 1996 жылы шілдеде Әлемдік банктің қатысуымен мемлекеттік статисикалық комиссияның көп мақсатты Қазақстандағы тұрмыс деңгейін зерттеуі. Оны жүргізудің негізгі мақсаты-үкіметтің экономикалық және әлеуметтік реформалардың тиімділігін бағалауды қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қорғау шешімдерін қабылдауда есеп нәтижелерін қолдану. Жоба халықаралық кеңесшілердің қатысуымен жүзеге асырылған, яғни Қазақстандағы тұрмыс деңгейін талдаудың халықаралық тәжірибелерін қолдануға мүмкіндік берді.
Әр түрлі әлеуметтік топтардағы тұрмыс деңгейін талдауды статистикалық зерттеу институты жүргізді: «Халықтың белгілі топтарының өмір құндылықтарын таңдамалы бақылау әдістемесі», 1994 жыл; «Әр түрлі әлеуметтік топтар бойынша өмір құнының өзгеру есептерін жүргізу үшін тауарлар, қызметтердің құрылымы мен жиынын анықтау және нұсқаулар әдістемесі», 1996 жыл. Экономикалық зерттеу институтында 1995-2001 жылдар аралығында халықтың тұрмыс деңгейін, кедейшілік мәселелерін зерттеулер жүргізіліп, Қазақстаннның әлеуметтік-экономикалық дамуының мемлекеттік бағдарламасын, стратегиясын, болжамдарын, концепцияларын жасау жүзеге асырылады.
Тұрмыс деңгейін талдаудың Ресейлік тәжірибесін зерттеу Қазақстан және Ресей халықтарының тұрмыс жағдайы мәселелерінің біртектілігін көрсетті:
-күнелту минимумының нақты көрсеткішінің болмауы.
-минималды жалақыны арттыру жолымен халықтың негізгі бөлігінің кірісін жоғарылату қажеттігі.
-бюджеттік сферада жалақыны арттыру қажеттілігі.
-жалақыны ашық төлеу қажеттілігі (эксперттердің бағалаулары бойынша коммерциялық секторда 30-50% жалақы жасырын төленеді).
Қазақстанда өтпелі кезеңде тұрмыс деңгейін талдаудың ақпараттық базасы және әдістері өзгеріске ұшыраған. Оның төмендегідей себептері бар:
-нарықтық экономикаға көшу және тұрмыс деңгейін сәйкес «координаттық жүйеде» көрсету қажеттігінің болуы.
-Қазақстанның халықаралық ақпараттық кеңістікке енуі және тұрмыс деңгейін мемлекетаралық салыстыруды қамтамасыз ету қажеттігі.
-сәйкес ақпараттық қамтамасыздықты қажет ететін әлеуметтік мәселелер мен міндеттердің пайда болуы.
Тұрмыс деңгейін талдауды жетілдірудегі негізгі міндет- статистикалық мәліметтерді өңдеу және шынайылық деңгейін арттыру. Сонымен қатар, алынатын мәліметтерді толықтыру қажет.
Тұрмыс деңгейінің қазіргі халықаралық сипаттамалары жаңа аспектілерді де қамтиды: салауатты өмір сүру, аймақтық және әлеуметтік қозғалысты қамтамасыз ету, ақпарат алмасу және қоғам өміріне араласу т.б.
Бірақ, мұндай факторларды есепке алу туралы ақпарат жоқ немесе жеткіліксіз, сол себепті зерттеудің бұл аспектісі кең таралмаған.
Үй шаруашылықтарын таңдамалы зерттеу тұрмыс деңгейінің негізгі ақпараты болып табылады. Қазақстандағы 2001 жылы жетілдірілген үй шаруашылықтарын зерттеу шет ел тәжірибелеріне сүйену нәтижесінде жақсы негізделген.
Қазақстанда барлық жүргізілген зерттеулерді байланыстырып, белгілі бір жүйеге келтіріп отыратын талдау орталығы қажет және оның аймақтық бөлімшелері болуы тиіс.
1990 жылдардың басында ТМД елдерінің бірқатарында халықты әлеуметтік қорғау міндеттері жүктелген мемлекеттік мекемелер құрылған. Осы мерзімнен бастап бұл елдерде күнелту минимумының деңгейлерін, тұтыну корзинасын бағалау негізінде халықтың кірісін анықтау есептері жүргізілген/2/.
“Әлеуметтік сақтандыру” негізінде азаматтарды әлеуметтік қамтамасыздықтың жоғарғы деңгейіне жеткізу батысевропалық елдерде кеңінен қолданылады, яғни күнелту минимумын қамтамасыз ету үшін жеңілдіктер жасау болып табылады.
Германияда сырқаттанған кезде, асыраушысынан айырылған жағдайда, кәрілік шағында, жұмыссыздық және кездейсоқ жағдайларға байланысты, яғни адам ақшасыз қалған кездерде әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің арнайы заңдары жасалынған.
Ұлыбританияда кірісті белгілі бір деңгейде сақтап тұру үшін тауарлар мен қызметтерді айырбастаудың жергілікті жүйесінің “Летс” деген атпен белгілі қолдауын айтуға болады. Бұл жүйеге байланысты айналымға шартты бірлік “летс” шығарылады да, тұрғындар көрсетілген қызмет үшін бір-бірімен есеп айырысады. Бірақ, бұл жүйе арнайы аудан көлемінде ғана жүзеге асырылып, сол ауданның әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін ғана қолданылады. “Летс” операцияларына салық салынбайды. Бұл шараны қолдану тұрмыс деңгейі неғұрлыым төмен аймақтарда тиімділікке әкелер еді.
Қытайда 20 жыл бойы жүргізілген экономикалық реформалардың нәтижесінде абсолюттті “кедей” халық саны 260 миллионнан 42 миллионға дейін азайған. 1978 жылдан бастап үкімет ауылдық жерлердегі кедейшілікпен күресу үшін қатаң шаралар қабылдаған, яғни кедейшілікті түбірінен үзу үшін жылына 2 млрд долларды жұмсай отырып, жалпы ұлттық бағдарламаны енгізген. Жер реформасы жасалынып, 80 жылдардың ортасынан бастап негізгі көңіл ауыл шаруашылығынан өнеркәсіпке аударыла бастады. Мемлекетік капитал салымдары шалғай аудандарға бөлініп, олардың салық түсімдерінің көп бөлігін өздеріне қалдыруға мүмкіншіліктері туды. Кедейшіліктің бір себебі болып отырған сауатсыздықпен күреске де баса назар аударған. Б¦¦-ның пікірінше Қытайдағы “‡міт” жобасының үйретері мол. Оның мәні еңбек ұжымдарының және жеке тұлғалардың ерікті көмегі арқылы ауылдық бастауыш білім беруді қаржыландыру[24].
Дамыған елдердегі кедейшілікпен күрес тәжірибелеріне тоқталайық.
Европалық Одақ елдері қатысты кедейшілік көрсеткіштерін қолданады, кедейлерді келтірілген таза кіріс медианасының 50%-нен аз қамтылған тұлғалар санымен анықтайды(альтернативті вариант ретінде 40 және 60 % алынуы мүмкін). Бұл ыңғайдың бір кемшілігі: нақты кедейлердің үлесі орташа кірістің өзгерісіне сәйкес көбейіп немесе азаюы мүмкін, бұл нақты жағдайды бағалауға мүмкіндік бермейді.
АҚШ-та 60 жылдары есептелініп, ресми кедейшілік шегі белгіленген. Кедейшіліктің абсолютті шегі азық-түлік тағамдарының минималды қажеттігі негізінде анықталған. Бағалау бойынша азық-түлік тағамдарына тұтыну тауарларының үштен бірі келеді, олай болса кедейшілік шегін анықтауда азық-түлікті сатып алуға қажет сома 3-ке көбейтіледі. Ал, біздің елімізде кедейшілік шегін анықтаудағы тұтыну корзинасының құны жалпы тұтыну шығындарының 70%-не тең.
Австралияда ешқандай ресми кедейшілік шегі қолданылмайды, ‡кіметтің назары тек мемлекеттік жәрдемақы нақты кіріске қалай әсер ететіндігін бақылауға ауады.
Индияда АҚШ-тағы сияқты калорияның минималды(ауылдық жерде-2435, қалада-2095) және азық-түлік емес тауарларына жұмсалатын шығын негізінде кедейшілік шегі анықталады.
Латын Америкасы елдері кедейшілікті бағалауда 2 жақты көзқарасты қолданады. Біріншіден, зерттеу нәтижесінде анықталған кіріс мәліметтері негізінде кедейшіліктің абсолютті көрсеткіші анықталады. Екіншіден, Латын Америкасында белгілі «қанағаттандырылмаған негізгі қажеттіліктерді тіркеу» әдісіне сүйенеді.
Швецияда кедейшіліктің ресми көрсеткіші жоқ, бірақ әлеуметтік сұрақтар бойынша жылдық жолдауда әртүрлі альтернативті бағалаулар жасалынады.
Оңтүстік Африкада кедейшілік жаппай сипатқа ие болған, әсіресе африкалық (ақ, түсті және үнді халықтарымен салыстырғанда) халық арасында кең етек жайған.
Дамушы елдердің әлемдік тәжірибесі халықтың кірісін арттырудағы үкімет саясатының 3 идеологиясын ұсынды:
-тұрақты және теңестіруші кіріспен қамтамасыз ететін авторитарлы реттеуді жүзеге асыру.
-секірмелі дамуға жол беретін кірістің ретсіз құрылуына жол бермеу.
- «әлеуметтік жақтардың» келісімімен жасалынған кіріс саясатын жүргізу, оның 2 мақсаты бар: ұлттық кірісті, мүмкіндігінше, тұрақты арттыру және кірістің тең бөлінуін қамтамасыз ету[8].
Өмiр сапасын анықтайтын көрсеткіштер
Тұрмыс деңгей түсінігі адам қажеттіліктерінің құрылымына сәйкес оларды қанағаттандыру мүмкіншіліктерін сипаттайды. Мұнда материалды қажеттіліктермен қатар рухани және әлеуметтік қажеттіліктер ескеріледі, яғни тауарлар мен қызметтерді тұтыну деңгейін ғана көрсетіп қоймай, орташа өмір сүру ұзақтығын, сырқаттану деңгейін, еңбек ету жағдайын, ақпараттық қамтамасыздық, адам хұқығын қорғауды да қамтиды. Сонымен қатар, халықтың әлеуметтік қорғалу деңгейі, адамның таңдау еркіндігі, мәдени, ұлттық, діни қатынастар да маңызды роль атқарады.
Өмiр сапасы көрсеткіштерін төмендегідей жүйеге келтіруге болады:
1) Өмiр сапасының интегралды индикаторлары:
1.1) Макроэкономикалық көрсеткіштер:
- адам дамуының индексі;
- халықтың кедейшілік индексі;
- өмір сүру ұзақтығының индексі;
- нақты кіріс индексі (жан басына шаққандағы және барлық халықты ескергендегі өсу қарқыны);
- нақты жалақы индексі;
- жалпы аралас кіріс;
- жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақысы;
- меншіктен түскен түсім;
- ағымдағы трансферттер;
- үй шаруашылықтарының түпкілікті түтынулары;
- әлеуметтік-мәдени шараларға бюджеттік шығындар.
1.2) Демографиялық көрсеткіштер:
- туу деңгейі;
- сәбилердің, балалардың, ананың өлім коэффициенті;
- жалпы өлім коэффициенті.
1.3) Денсаулық және білім көрсеткіштері:
- халықтың білімділік индексі;
- сырқаттану деңгейі;
- жұқпалы аурулардың жеке түрлерімен сырқаттану деңгейі;
- 10 мың тұрғынға шаққандағы дәрігер саны немесе 1 дәрігерге келетін халық саны.
1.4) Халықгың экономикалық іскерлік көрсеткіші:
- барлық халық пен жұмыспен қамтылғандардың ара қатынасы, жұмыссыздар үлесі;
- тұрақты кірісі жоқ ,баска тұлғаның асырауындағы экономикалық іскерлі тұлғалардың үлесі;
- асыраушылық коэффициенті (мемлекет және жеке тұлғалардың асырауындағы тұлғалардың жұмысбасты халыққа қатынасы);
- жұмыс аптасының, еңбек демалысының ұзақтығы;
- еңбекке қабілетті жас шекарасы.
2) Халықтың экономикалық іскерлік көрсеткіші:
2.1) Материалдық қамтамасыздықтың минималды әлеуметтік нормасының деңгейі:
- күнелту минимумы және минималды тұтыну жиынының (корзина) кұны;
- белгіленген минималды жалақы, зейнетақы, стипендия жәрдемақы мөлшері.
2.2) Үй шаруашылықтарының кірісі:
- жиынтық және ақшалай номиналды, нақты кіріс;
- кіріс кұрамы (жалақы, басқа да еңбекақы төлемдері, кәсіпкерлік қызметтен түскен кіріс, жеке үй шаруашылықтарының кірісі, меншіктен алынған кіріс, әлеуметтік трансферттер, әлеуметтік зейнетақылары, жәрдемақылар т.б);
- тұтыну бағаларының индексі;
- халықтың акшалай кірісінің сатып алу кұны.
2.3) Халықтың жеке топтарының кірісін бөлудегі теңсіздік:
- децильдік коэффициент. Ол аз қамтылған тұлғалардың 10%-нің арасындағы максималды кірістің жоғарғы кірісті тұлғалардың 10%-нің арасындағы минималды кірісіне қатынасы арқылы анықталады;
- халық кірісін бөлудегі теңсіздік коэффициенті;
- кедейшілік көрсеткіштері (кедейшіліктің деңегейінен төмен кірісі бар халық саны, кедейшілік коэффициенті).
3) Жеке тұтынулар (деңгейі және кұрылымы):
3.1) Ағымдағы және келтірілген бағаға сәйкес нақты тұтыну шығындарының кұрылымы мен динамикасы.
3.2) Тұтыну шығындарының ішіндегі тамақтануға жұмсалатын шығындардың үлесі.
3.3) Тұтыну шығындары ішіндегі білім алуға, емделуге және демалуға жұмсалатын шығындар үлесі.
3.4) Жан басына шакқандағы негізгі тамақ өнімдерін орташа тұтыну мөлшері.
3.5) Тұтынылған тамақ өнімдерінің химиялық кұрамы мен калориялылығы.
3.6) Химиялық кұрамы жағынан кұнды тағамдарды минималды дәрежеде тұтынушы тұлғалардың үлесі.
3.7) Халықтың мәдени-тұрмыстық, ұзақ мерзімді қолданыстағы заттармен қамтамасыздығы.
4) Халықтың тұрғын үй жағдайы:
4.1) Халықтың тұрғын үймен қамтамасыздығы (1 тұрғынға шаққандағы жалпы және тұрғылықты аудан).
4.2) Бір тұрғын бөлмесіне шаққандағы адам саны.
4.3) Тұрғын үйге меншік формасы.
4.4) Тұрғын үйдің сапалық сипаттамасы және тұрмыстық жағдай деңгейі
4.5) Халықтың тұтыну шығындарының ішіндегі тұрғын үйге төлем жасау шығындары.
5) Үй шаруашылығының мүліктік меншік жағдайы:
- пәтерлер, үйлер (олардың сапалық сипаттамасы);
- бау-бақшалық жер учаскелері;
- мал және ауыл шаруашылық техникалары;
- автомобиль және басқа да қозғалмайтын мүлік;
- басқа кұндылыктар.
6) Кылмыстылық деңгейі[21].
Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалау үшін қазір жағдайды нақты сипаттайтын қандай да бір кешенді түсінік жоқ.
Тұрмыс деңгейі түсінігінің анықтамасындағы қажеттіліктердің сипаты даулы болып табылады.
Материалды қажеттіліктер физикалық қажеттіліктерді, интеллектуалды, рухани және әлеуметтік қажеттіліктердің бір бөлігін қамтиды. Қажеттіліктерді төмендегідей етіп жіктеуге болады.
Тұрмыс деңгейінің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріне ақшалай кіріс көлемі жатады. 2001 жылы Қазақстанда алғаш рет халықтың тұтыну бюджетін талдау нәтижесінде кірістің шекті мәнінің шкаласы жасалынған(кесте 1)
Кесте 1 Кірістің шекті мәнінің шкаласы
Кіріс мөлшерінің интервалы, теңге | Шекті мән сипаты | |
1 | 2000-ға дейін | Кедейшіліктің жоғарғы шегі.Белгіленген кедейшілік деңгейінен төмен (яғни күнелтудің ең төменгі мөлшерінің 40 %-нен де аз) |
2 | 2001-3000 | Азық-түлік жиынының (корзина) мөлшері шегінде . |
3 | 3001-5000 | Күнелтудің ең төменгі шегі мөлшерінде |
4 | 5001-7000 | Қажет заттарды сатып алу және әлеуметтік маңызды қызметтерге төлем жасау мүмкіншілігі |
5 | 7001-10000 | Ұзақ мерзімді түтыну тауарларының минималды көлемін сатып алу мүмкіншілігі |
6 | 10001-15000 | Ұзақ мерзімді тұтыну тауарларының арзан жиынтығын сатып алу мүмкіншілігі |
7 | 15001-ден жоғары | Қымбат тауарларды сатып алу және қаржылық салым жасау мүмкіншілігі. Халықаралық критерилер бойынша кедейшіліктен шығу. |
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде халықты орта классқа енгізу критерийлері анықталған, оның төменгі шегі жан басына шаққандағы 15000 теңге мөлшерінде белгіленген[23].
Шоқаманов Ю.К. Қазақстан халқының кедейшілік индексін (ИБН) республикалық және облыстық деңгейде есептеуге төменденгі формуланы ұсынған:
Мұнда, Р1 -60 жасқа дейін өмір сүрмейтін халықтың проценттік үлесі.
Р2 -16 жастағы оқуға тартылмаған балалардың проценттік үлесі.
Р3 -күнелту минимумынан төмен кірісті халықтың проценттік
үлесі.
Р4 -тіркелген жұмыссыздық деңгейі.
Халықтың кедейшілік индексін аудандық деңгейде анықтауда қарама-қайшылықтар кездеседі. 60 жасқа дейін өмір сүрмейтін халықтың үлесі аудандық деңгейде есепке алынбаған. Оқуға тартылмаған балалардың да үлесін анықтау мүмкіндігі қарастрылмаған. ‡шінші көрсеткіш- күнелту минимумынан төмен кірісі бар халықтың үлесін анықтау үшін үй шаруашылықтарын таңдамалы зерттеу қажет. Тіркелген жұмыссыздық деңгейі жұмыссыздардың санын экономикалық белсенді халықтың санына бөлу арқылы анықталады.
Мұндай қиыншылықтарды ескере отырып, Шоқаманов Ю.К. аудандық деңгейде халықтың кедейшілік индексін анықтау формуласын ұсынған:
Мұнда ИБН-Р- аудандық деңгейдегі кедейшілік индексі.
Р1 –жалақының күнелту минимумының 50%-тік деңгейін
өтемейтін проценттік пункттердің саны, егер жалақының
күнелту минимумын өтеу деңгейі 50% немесе одан жоғары
болса, онда Р1 =0.
Р2- тіркелген жұмыссыздық деңгейі.
Жалақының күнелту минимумын өтеу деңгейі аймақтағы жан басына шаққандағы жалақы қорын күнелту минимумының көлеміне бөлу арқылы анықталады[8].
Жоғарыда айтылған индикаторларды және кедейшілік деңгейін бағалау әдістемелерін ауыл халқының тұрмыс деңгейін бағалауда қолдандым.
Тұрмыс деңгейін теориялық талдай отырып төмендегі қорытындылар жасауға болады:
- Халықты орта классқа енгізу үшін тұтыну бюджетін талдау нәтижесінде 2001 жылы Қазақстанда алғаш рет жасалған кірістің шекті мәнінің шкаласына сәйкес жан басына шаққандағы орташа кіріс 15000 теңгені құрау қажет.
- Тұрмыс деңгейін талдауға қажет статистикалық мәліметтердің жеткіліксіздігіне байланысты үй шаруашылықтарын зерттеудің орталықтары және аймақтық бөлімшелері құрылуы қажет, себебі өмір сапасын нақты бағалау үшін мәліметтер толық және жеткілікті дәрежеде болуы қажет. Сонымен қатар, дұрыс жасалынған қорытындылар атаулы әлеуметтік көмек алуға мүдделі халықты да нақты анықтауға мүмкіндік береді.
- Атаулы әлеуметтік көмек тағайындауда үй шаруашылықтарының өнімдерінің түсімін есептеу әдістемесін жетілдіру қажет.
- ЕСІК ҚАЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2.1 Қала экономикасының даму жағдайын талдау
Жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнім, халықтың жан басына шаққандағы орташа кірісі, орташа кіріс пен күнелтудің төменгі шегінің қатынасы, адам дамуының индексі көрсеткіштеріне сәйкес экономикалық даму деңгейін анықтау арқылы аймақтарды 3 топқа бөлуге болады. 2001 жылы жоғары даму деңгейіндегі аймақтарға Алматы қаласы (15,4 %), Атырау облысы (12%), Қарағанды облысы (9,9 %) енген. Бұл аймақтарда ауыр өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы жақсы дамыған. Олардың үлесіне жалпы аймақтық өнімнің 37,3 %-і тиеді.
Орта даму деңгейі өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы дамыған елдерге тән: Шығыс Қазақстан облысы (8,2 %), Павлодар (6,0 %), Оңтүстік Қазақстан (6,0), Маңғыстау (5,9 %), Батыс Қазақстан (5,1 %), Алматы (5,0 %), Қостанай (5,0 %), Ақтөбе (4,8 %) облыстары және Астана қаласы (4,7 %). Олардың жалпы аймақтық өнім көлеміндегі үлесі – 50,7 %. Төмен даму деңгейіндегі аймақтарға Ақмола (3,6 %), Солтүстік Қазақстан (3,3 %), Қызылорда (2,9 %), Жамбыл (2,2 %) облыстары енеді. Олардың үлесі – 12 %. Жан басына шақандағы жалпы өнім әрбір тұрғынның орташа кірісі мен шығынын сипаттай отырып, тұрмыс-жағдай өлшемі болып табылады (кесте1). Қазақстан ТМД елдерінің арасында бұл көрсеткіш бойынша Ресей мен Беларусьтан кейінгі 3-орынды иеленеді[22].
Еңбекшіқазақ ауданының аумағы 8,3 мың шаршы километр. Ауданда 206700 адам тұрады. Халықтың тығыздығы - шаршы километрге 24,7 адамнан келеді. Аудандағы елді мекендер саны – 79, ал ауылдық, кенттік округтер және қалалық әкімдіктер саны – 25. Оны 1 кестеден көруге болады.
Кесте 1 – Еңбекшіқазақ ауданындағы ауылдық және кенттік округтер
№ р/н | Ауылдық және кенттік округтердің атауы | № р/н | Ауылдық және кенттік округтердің атауы |
1 | Есік қалалық әкімдігі | 14 | Қорам ауылдық округі |
2 | Ават ауылдық округі | 15 | Қырбалтабай ауылдық округі |
3 | Ақши ауылдық округі | 16 | Масақ ауылдық округі |
4 | Аса ауылдық округі | 17 | Новоалексеев ауылдық округі |
5 | Балтабай ауылдық округі | 18 | Нұра ауылдық округі |
6 | Бөлек ауылдық округі | 19 | Октябрь ауылдық округі |
7 | Евгенемаловодный ауылдық округі | 20 | Рахат ауылдық округі |
8 | Жаңашар ауылдық округі | 21 | Саймасай ауылдық округі |
9 | Көктөбе ауылдық округі | 22 | Ташкенсаз ауылдық округі |
10 | Қазақстан ауылдық округі | 23 | Тескенсу ауылдық округі |
11 | Қаражота ауылдық округі | 24 | Түрген ауылдық округі |
12 | Қаракемер ауылдық округі | 25 | Шелек ауылдық округі |
13 | Қаратұрық ауылдық округі |
Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысындағы ең көпұлтты ауданның бірі болып табылады. Ауданда 10-ға жуық түрлі ұлт өкілдері тұрады.
Кесте 1 – Еңбекшіқазақ ауданындағы ұлттардың үлес салмағы
№ р/н | Ұлттар | ж ы л д а р: | ||
2004 | 2005 | 2006 | ||
1. | Қазақтар | 46,1 | 46,7 | 46,8% |
2. | Орыстар | 16,1 | 16,1 | 16,1% |
3. | Әзірбайжандар | 2,1 | 2,0 | 1,9% |
4. | Кәрістер | 0,6 | 0,5 | 0,4% |
5. | Күрдтер | 1,4 | 1,5 | 1,5% |
6. | Немістер | 0,8 | 0,9 | 0,8% |
7. | Түріктер | 5,7 | 5,9 | 5,7% |
8 | Ұйғырлар | 21,5 | 22,8 | 22,7% |
Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласы болып табылады. Бұл елді мекен туралы алғашқы дерек 1858 жылға жатады. 1867 жылдан бастап елді мекен - Надеждинск станицасы, ал 1918 жылдан Иссык станицасы деп аталған. Қала мәртебесі 1968 жылы берілген. 1992 жылдан бері қала Есік деп аталады. Қала аумағында бүкіл әлемге белгілі түркі тілдес халықтардың археологиялық ескерткіші «Алтын-Адам» табылған Есік қорғаны орналасқан.
Есік қаласы шағын қалалар қатарына жатады. Шағын қалаларға халқының саны 50 мың адамнан аспайтын қалалар жатқызылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда ондай қалалар саны 60.
Дамыған автокөлік инфрақұрылымы Есік қаласын Алматы облысының басқа қалаларынан ерекшелейді. Республикалық мәндегі автотрасса қала арқылы өтіп, Есік қаласын облыстың және республиканың басқа қалаларымен байланыстырады.
Қаланың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы, бай табиғат және ауыл шаруашылығы ресурстары оған қолайлы инвестициялық климат туғызып отыр.
Есік қаласы – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындар негізінде экономикасы тұрақты дамып келе жатқан, тұрғындар мен қала қонақтарына жоғары деңгейде мәдени қызмет көрсетудің қазіргі заманғы желісі дамыған елді мекен болып табылады. Болашақта қаланы демалыс, туризм және экскурсияның халықаралық орталығына айналдыру міндеті қойылып отыр және осы бағытта іс-шаралар жүргізілуде.
Есік қаласының болашақта демалыс, туризм және экскурсияның халықаралық орталығына айналуы үшін және осының негізінде қала экономикасын өркендете отырып, халықтың әл-ауқатын көтеруге мүмкіндіктері мол. Атап айтқанда, қаланың Алматы қаласына жақын орналасуы; аймақты дамытудың нормативті-құқықтық жағынан қолдау табуы; экологиялық таза аймақта, көркем табиға аясында туризмді дамыту мүмкіндігі; инвестиция тарту мүмкіндігі; тарихи-этнографиялық мұражай мен басқа да туристік құрылымдарды салу. Сонымен қатар қаланың өсіп-өркендеуіне мол мүмкіндіктер ашатын оның күшті тұстарын да атап өтуге болады: қолайлы табиғи-климаттық жағдайлар; табиғат ресурстарының болуы; тарихи-мәдени мұралардың болуы; қалада тұратын 49 ұлт өкілдерінің ұлтаралық келісімі, ынтымағы; дамыған инфрақұрылым, көлік жолдарының жақындығы; өнеркәсіпті дамыту үшін базаның болуы; шағын бизнестің өркендеп-дамуы; еңбек ресурстарының молдығы, жоғары білімді мамандардың көптігі.
Дегенмен, Есік қаласының қарыштап дамуына кедергі келтіретін жағдайлар да жоқ емес. Оларды да қаланың әлеуметтік-экономикалық даму барысын талдау үшін ескеру қажет деп ойлаймын. Атап айтқанда, сел қауіпі, сейсмиклық қауіпті аймаққа жататындығы; нарықтың сапасыз тауарлармен толығуы; шағын қалалар мен олардағы кәсіпорындардың инвестиция тартудағы жоғары бәсекелестіктері; жеке бюджеттің болмауы; экономикалық әлеуеттің толық пайдаланылмауы; инфрақұрылымның физикалық тозуы; коммуналды кәсіпорындардың жұмысының сапасыздығы және жылу коммуникацияларының жоқтығы.
Есік қаласының аумағы – 25,8 шаршы км. Қаладағы халық саны 31500 адамды құрайды, аулалар саны – 7443. Қаланың көпшілік аумағын жеке сектордың үйлері алып жатыр (5979 аула). Мұнан басқа қалада 104 көпқабатты (2374 пәтер) тұрғын үйлер бар. Жеке үйлерде қаладағы халықтың 76 пайызы тұрады. Қосалқы шаруашылықтарда (578 гектар) көбінесе картоп, сонымен бірге 180 гектар жерге өсіріледі көкеністер және 197 гектар жерді баулар алып жатыр.
Кесте 1 – Есік қаласының әлеуметтік–экономикалық дамуы
Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | жылдар | ||||
2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (салыстырмалы бағамен) | млн.тг | 197,1 | 212,8 | 228 | 246,8 | 254,0 |
Ауылшаруашылық өрдірісінің жалпы өнімі | млн.тг | 468,1 | 492,6 | 360,1 | 470,7 | 534,1 |
Негізгі қаржыландыру көздерінің барлығы есебінен күрделі қаржы жұмсау | млн.тг | 188,6 | 174,2 | 212,7 | 334,3 | 376,0 |
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру | мың м2 | 2,0 | 2,1 | 2,7 | 3,0 | 3,3 |
Бөлшек сауда айналымы | млн.тг | 372,9 | 374,4 | 378,5 | 383,0 | 386,5 |
Орташа айлық жалақы | теңге | 11150 | 13100 | 15613 | 17450 | 19141 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Білім беру мемлекеттік мекемелерінің саны | бірлік | 5 | 6 | 7 | 7 | 7 |
Денсаулық сақтау ұйымдарының саны | бірлік | 3 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 кесте мәліметтеріне талдау жасасақ, соңғы 5 жыл бойында өнеркәсіп өнімдерінің көлемінің артуы байқалады. Мәселен, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2002 жылы – 197,1 миллион теңге құраса, 2003 жылы 212,8 миллион теңге құрды, ал 2004 жылы өсу қарқыны 228 миллион теңгені құрған. 2005 және 2006 жылдары бұл көрсеткіш сәйкесінше 246,8 миллион және де 254,0 милион теңгеге жетті. Соңғы 5 жылдағы өнеркәсіп өнімдерінің арту қарқыны 16,1%–ды құрады.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы өнім көлемі соңғы жылдарда айтарлықтай өскен. Соңғы 5 жылдағы өнімнің өсу көрсеткіші 8,1%-ды құрады.
Негізгі қаржыландыру көздерінің барлығы есебінен күрделі қаржы жұмсау көлемі де бір қалыпты өсіп келеді. Бірақ, 2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылы қаржы жұмсау көлемі белгілі себептерге байланысты 4% -ға төмендеген. Алайда, келесі 3 жылда өсім қарқыны қайтадан өсіп, өсу қарқыны 35,2% – ды құраған.
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру жылдан жылға өсіп келеді. Соңғы 5 жылдағы оның өсу қарқыны бірқалыпды деңгейде өрбіп, өсу қарқыны 50%–ды құрап отыр.
Бөлшек сауда айналымы соңғы жылдары құбылмалы деңгейде дамыды. Оның даму көрсеткіші соңғы бес жылда тек 3,6%-ды құраған.
Орташа айлық жалақы өте үлкен қарқынмен дамып 61%-ды құраған. Қазір ол аудан бойынша 19141 теңгені құрайды. Бұл республиканың басқа шағын қалаларымен салыстырғанда біршама төменірек.
Білім беру мемлекеттік мекемелердің саны 2002 жылы 5 болса, бұл көрсеткіш 2006 жылы 7 жетті. Сәйкесінше өсу қарқыны 14,4 % құрады.
Ауданда соңғы жылдары денсаулық сақтау ұйымдарының да санының біршама көбейгені байқалады. Бұл ұйымдардың саны соңғы бес жылда 3-тен 6-ға дейін көбейген. Өсім қарқыны 50%-ды құрайды. Бұл Есік қаласы үшін үлкен жетістік.
Жоғарыда атап өткеніміздей, қалада негізінен ауыл шаруашылығы бағытындағы өнімдерді қайта өңдеумен айналысатын кәсіпоырндар басым. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласының дамуын сипаттайтын келесідей дерекетрді 2 кестеде келтіреміз.
Кесте 2 – Есік қаласының ауыл шаруашылығының даму көрсеткіштері
Өнім атауы | өлшем бірлігі | жылдар | 2006 ж. %-ға шаққанда | |||
2004 | 2005 | 2006 | 2004 ж. | 2005 ж. | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Егістік жер | га | 346 | 354 | 348 | 100,6 | 98,3 |
Мал басы | ||||||
оның ішінде: | ||||||
мүйізді ірі қара | бас | 710 | 747 | 750 | 105,6 | 100,4 |
қой | бас | 890 | 970 | 1050 | 118,0 | 108,2 |
жылқы | бас | 37 | 32 | 30 | 81,1 | 93,8 |
шошқа | бас | 700 | 728 | 750 | 107,1 | 103 |
құс | бас | 1758 | 1845 | 2000 | 113,8 | 108,4 |
Шаруашылық жүргізуші субъектілер | ||||||
оның ішінде: | ||||||
акционерлік қоғам (АҚ) | бірлік | 2 | 2 | 2 | 100 | 100 |
жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) | бірлік | 249 | 263 | 280 | 112,4 | 106,5 |
өндірістік кооператив (ӨК) | бірлік | 8 | 8 | 10 | 125 | 125 |
Жоғарыдағы кестедегі көрсеткіштерге мән беретін болсақ егістік жер көлемі 2004 жылмен салыстырғанда шаруашылығының басты саласы дәнді дақылдар өнімінің көлемі соңғы жылдары үлкен қарқынмен дамығаны байқалады. Соңғы бес жылдағы бұл сала өнімдерінің өсуі 79676 тоннадан 84653 тоннаға жетіп, өсу қарқыны 5,9%-ды құрады. Ал жүзім өндіру көлемі ауданда соңғы жылдары бір қалыпты дамуда оның жыл сайынғы мөлшері 3000 тоннаны құрауда. Ал майлы дақылдар өнімдерінің өсу көлемі әр түрлі сипатта дамуда. Ол 2001 жылы 2289 тоннадан 2003 жылы 1534 тоннаға дейін төмендеп, 2004 жылы 1732 тоннаға қайта көтерілген. 2005 және 2006 жылдары бұл көрсеткіш сәйкесінше 1868 және 1912 тоннаға жетіп, 2003 жылмен салыстырғанда 16% және 21%-ды құрады. Дегенмен, 2002 жылғы деңгейге әлі де жете қойған жоқ. Картоп өнімінің өсімі жыл сайын бірдей қарқынмен дамуда. Соңғы бес жылдағы өсім қарқыны 11,83%-ды құрады. Картоп өнімі ауданда ең дамыған салалардың бірі. Облыс бойынша да бірінші орынға ие. Соңғы жылдардағы көкөніс өнімінің көлемі біршама азайған. Азаю деңгейі 13%-ды құрайды.
Қазіргі уақытта Есік қаласында шағын бизнес кеңінен өркендеп отыр. Шағын бизнестің қалыптасып, дамуы мен нығаюы – қала экономикасының маңызды бағыттарының бірі. Қаладағы шағын бизнестің үлесі аудандағы көрсеткіштің 30 пайызын құрайды. Қаладағы өндірілетін жалпы өнімдегі шағын бизнес аясында өндірілген өнімнің үлесі 52,7 пайызды құрап отыр. Оны келесі кесте деректері дәлелдейді.
Кесте 3 – Есік қаласындағы шағын бизнестің даму көрсеткіштері
ж ы л д а р: | 2006 ж. %-ға шаққанда | ||||
2004 | 2005 | 2006 | 2004 ж. | 2005 ж. | |
Шағын бизнес субъектілері, бірлік | 285 | 301 | 313 | ||
Шағын бизнесте жұмыс істейтіндер, адам | 765 | 897 | 920 | ||
Сауда объектілері, бірлік | 189 | 203 | 218 | ||
Сауда саласында жұмыс істейтіндер, адам | 456 | 502 | 545 | ||
Тұрмыстық қызмет көрсету объектілері, бірлік | 21 | 23 | 24 | ||
Тұрмыстық қызмет көрсету объектілерінде жұмыс істейтіндер, адам | 40 | 45 | 48 | ||
Қоғамдық тамақтандыру объектілері, бірлік | 31 | 32 | 32 | ||
Қоғамдық тамақтандыру объектілерінде жұмыс істейтіндер, адам | 168 | 175 | 180 |
Кесте мәліметтерінен белгілі болып отырғанындай, Есік қаласында шағын бизнес субъектілерінің саны жыл санап артып келеді. Бұл халықтың әлеуметтік жағынан дамуына да зор ықпалын тигізетіндігі мәлім. Өйткені, экономиканың дамуы халықтың әл-ауқатының көтерілуіне үлкен әсерін тигізеді. Кесте деректері көрстеіп отырғанындай, шағын бизнес субъектілерінің саны 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 12-ге артқан (пайызға), соған орай бұл өз кезегінде қала халқының жұмыспен қамтылуына әсерін тигізіп, шағын бизнес саласында жұмыс істейтін адамдардың санының артуына себеп болып отыр. Сонымен қатар сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің саны да сәйкесінше өсу үстінде. Бұлардың санының артуы қала халқының жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға негіз болып отыр.
Қалада экономикалық қызметпен 931 шаруашылық жүргізуші субъект айналысады. Олардың қызметінің негізгі бағыттары – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірістік өңдеу, құрылыс және сауда. Кәсіпкерлік қызметпен 01.01.2007 жылғы мәліметке сәйкес 2840 адам айналысады. Есіктегі шағын кәсіпкерлік 9 цехты, 12 шағын-цех пен наубайханаларды, 3 диірменді, 11 жанар-жағар май құю станцияларын, 4 техникалық жөндеу орталығын, 8 рынокты, 3 отын базасын, 108 дүкенді, 89 киоскіні, 22 кафені, 32 дәріхананы, 2 мал дәрігерлік дәріхананы, 4 фотосалонды қамтиды. Ірі кәсіпорындардан «Компания «Фудмастер» ААҚ (мал шаруашылығы өнімдерін өнеркәсіптік өңдеумен айналысады), «Фудмастер-Асептик» ЖШС (асептикалық қорапта бөлме температурасында ұзақ мерзімде сақталатын шырын, сүт, йогурт шығарады), «Жол-құрылыс басқармасы -3» АҚ (жол-құрылыс жұмыстарымен айналысады; инертті материалдар, асфальт-бетон қоспаларын, цемент-құм плиталарын және т.б. құрылысқа қажетті өнімдер шығарады), «Трилис-пластик» ЖШС (полипропилен негізінде қап –қораптар шығарады), «Есік өнеркәсіп құрылыс» АҚ (құрылыс өнімдерін – кірпіш, қиыршық тас өндірумен айналысады), «Көктем» ААҚ (тігін өндірісімен айналысады: төсек жаймаларын, арнаулы киімдер, жұқа, жеңіл киімдер және т.б шығарады), «Резина» ЖШС (кең көлемді резина-техникалық өнімдер шығарады) жұмыс істейді. Осы аталған кәсіпорындар мен шағын бизнес субъектілерінде жұмыс істейтін халық саны 18909 адамды құрап отыр. Есік қаласындағы халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін 4 кесте мәліметтері көрсетеді.
Кесте 4 – Есік қаласындағы халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі
Көрсеткіштер | ж ы л д а р: | 2006 ж. 2005 ж. %-ға шаққанда | ||
2004 | 2005 | 2006 | ||
Қала халқының саны | 30761 | 31314 | 31500 | 100,6 |
Миграция сальдосы (+,-) | 583 | 570 | 509 | 89,3 |
Экономикалық белсенді халық | 16870 | 17000 | 18950 | 111,5 |
Экономикалық белсенді халық деңгейі, % | 54,8 | 54,3 | 60,2 | |
Жұмыссыздық деңгейі, % | 2,6 | 2,7 | 2,5 |
4 кесте мәліметтерін талдасақ, қаладағы экономикалық белсенді халық деңгейі 60,2%-ды құрап отыр, ал жұмыссыздық деңгейі 2,5%. Бұл көрсеткіштер қала халқының жұмыспен қамтылу деңгейінің басқа шағын қалалармен салыстырғанда едәуір жоғары екендігін көрсетеді. Оған қалада шағын бизнестің өркендеуі себеп болып отырғандығын айтып өттік.
Қаланың Алматы сияқты ірі мегаполиске жақын орналасуы халықтың күнкөрісінің негізін құрайды. Осыған байланысты қала халқының көпшілік бөлігінің табыс көзі - жеміс-көкөністер өсіріп-сату және сүт бағытындағы мал шаруашылығымен айналысу. Ірі қара малын қала тұрғындарының төрттен бір бөлігі ғана ұстайды. Еңбекшіқазақ ауданындағы халықтың жетіден бір бөлігі тұратын Есік қаласына бюджетке түсетін түсімдердің үштен бір бөлігі тиесілі. Енді осыған байланысты бюджеттік түсімдерді сипаттайтын кесте мәліметтерін келтіреміз.
Кесте 5 – Есік қаласындағы 2006 жылғы салықтық түсiмдер мың тенге
Салық түрлері | 2005 жылы | 2006 жылы | 2006 ж. нақты 2005 ж. нақты %-ға шаққанда | ||
жоспар | нақты | жоспар | нақты | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Жеке тұлғалардан түсетін салықтар | 23420 | 24495,8 | 24022 | 28648,4 | 116,9 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Жер салығы | 1900 | 2111,9 | 2190 | 2190 | 103,7 |
Мүлік салығы | 2020 | 2188,3 | 1832 | 2225,6 | 101,7 |
Көлік салығы | 19500 | 20195,6 | 20000 | 22042,8 | 109,1 |
Барлық салықтық түсімдер | 46840 |
Есік қаласындағы салықтық түсімдердің басым бөлігі көлік салығы есебінен болып отырғандығын 5 кесте деректері дәлелдеп отыр. 2006 жылы жеке тұлғалардан түсетін салық мөлшері 2005 жылмен салыстырғанда 16,9 пайызға артқандығын көріп отырмыз. Сол сияқты көлік салығы да 2006 жылы өткен жылға қарағанда 9,1 пайызға өскен.
Кесте 6 – Есік қаласындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін сипаттайтын көрсеткіштер
Көрсеткіш атауы | Өлшем бірлігі | ж ы л д а р: | ||||
2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Кедейшілік шегінің көлемі | теңге | 1739 | 1851 | 1937 | 2072 | 2150 |
Кедейшілік шегінен төмен тұратын адамдар саны | адам | 1780 | 1713 | 1701 | 1600 | 1500 |
Оның ішіндегі қалалық деңгейде атаулы әлеуметтік көмек алатындар | адам | 65 | 34 | 32 | 31 | 34 |
Мемлекеттік әлеуметтік көмектің орташа айлық көлемі | теңге | 317 | 502 | 777 | 829 | 867 |
Тұрғын үй көмегін алушы-лар саны | жанұя | 49 | 49 | 50 | 50 | 50 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Тұрғын үй көмегінің орташа айлық көлемі | теңге | 474 | 500 | 502 | 502 | 502 |
Тұрғын үй мен әлеуметтік көмекке қарастырылған ақшалай сома | мың тг | 31261 | 26579 | 27834 | 27834 | 27834 |
Оның ішінде: | ||||||
Әлеуметтік көмек | мың тг | 29861 | 25104 | 26359 | 26359 | 26359 |
Тұрғын үй көмегі | мың тг | 1400 | 1475 | 1475 | 1475 | 1475 |
Жоғарыдағы кестеден біз 2002 жылы кедейшілік шегінің көлемінің 1739 теңгені, 2003 жылы 1851 теңгені, ал 2004 жылы 1937 теңгені құрағанын байқап отырмыз. 2005 пен 2006 жылдары ол сәйкесінше 2072 және 2150 теңгеге жеткен. Бұдан біз соңғы жылдары кедейшілік шегі көлемінің артқанын байқап отырмыз. Ал, кедейшілік шегінен төмен тұратын адамдар санының жылдан жылға бір қалыпты азаюы байқалады. Соңғы 5 жылдағы оның азаю деңгейі бар болғаны 3,2 %-ды құрады. Оның ішіндегі қалалық деңгейде атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны да азайып келеді. Жоғарыдағы кесте бойынша қалада әлеуметтік көмек алатындар саны 2003 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 65-тен 34- ке төмендеген. Оның төмендеу қарқыны 44,8%-ды құрап отыр. Ал, бұл көрсеткіш 2006 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 34-ке жетіп, азаю қарқыны 10,86%-ды құрады. Мемлекеттік әлеуметтік көмектің орташа айлық көлемі жыл сайын артып келеді. 2003 жылы оның көлемі 2002 жылмен салыстырғанда 317 теңгеден 502 теңгеге көбейген. 2004 жылы оның деңгейі 777 теңгеге жетсе, 2005 жылы ол 829 теңгеге жеткен. Ал, 2006 жылы оның көлемі 867 теңгеге жетіп, 2002 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 65,5% -ды құраған. Қалада тұрғын үй көмегін алушылар саны соңғы жылдары көп өзгеріске ұшырай қойған жоқ. Бұл көмекті алушылар саны әр жыл сайын 49-50 жанұяға жетуде. Қалада жалпы тұрғын үй мен әлеуметтік көмекке қарастырылған ақшалай көмектің деңгейі 2002 жылы 31261 мың теңгені құраған. Бұл көрсеткіш 2003 жылы 26579 мың теңгеге төмендеп, оның төмендеу мөлшері де 15%-ды құраған. Келесі 2004, 2005 және 2006 жылдары бұл көмектің берілу мөлшері теңдей 27834 мың теңге болған. Оның 26359 мың теңгесі, яғни 94,7%-ы әлеуметтік көмектерге кетсе, қалған 1475 мың теңгесі, яғни 5,3%-ы ғана тұрғын үй көмегіне бөлінген.
Экономикалық өсу әлеуметтік инфрақұрылымның жеткілікті түрде дамығандығымен де сипатталады. Санитарлы-гигиеналық және медициналық бағдарламаларды, білім беруді, қоршаған ортаны қорғауды, жол салу және басқа да коммуникациялық жүйелерді дамыту қоғамға қосымша тиімділік береді. Мемлекет өз кезегінде аталған іс- шаралармен жеткілікті түрде қамтамасыз етуі қажет. Өтпелі экономика әлеуметтік инфрақұрылымды реттеуге мемлекеттің араласуы әкімшілік- құқықтық әдістен экономикалық әдіске көшуімен сипатталады.
Негізінен Еңбекшіқазақ ауданының орталығы болып табылатын Есік қаласы ауылдық аудан орталығы болғандықтан, өнеркәсіп өнімдерінің барлығы ауылшаруашылық өндірістері болып табылады. Қаладағы негізгі өнеркәсіп орындары төмендегідей:
- «Компания «Фудмастер»ААҚ;
- «Голд Продукт» АҚ;
- «Есикагропродукт» ЖШС және т.б.
2006 жылы Есік қаласында 2,7 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген. Жыл санап жаңа кәсіпорындар қатары көбейіп келеді. Атап айтқанда 2004 жылы кабель өнімдерін шығаратын «Электрокабель» ЖШС іске қосылды. Оңың қуаттылығы – кезегіне (сменада) 9 мың метр. Осы кәсіпорынды ашу үшін 50 млн. теңге инвестиция салынды, нәтижесінде 38 жаңа жұмыс орыны ашылды. «Компания «Фудмастер» ААҚ сүт өнімдерін өндіруде сапа менеджменті жүйесін енгізіп, қолдануда. Олардың БСҰ желісі бойынша ISO -9001:2000 талаптарын орындағандығы туралы сертификаттары бар.
Негізнен өнеркәсіп өнімінің артуы «Компания «Фудмастер» ААҚ үлесіне тиіп отыр. Аталған өнеркәсіп орны 2005 жылы 2,08 млн теңгеге өнім шығарса, ал 2006 жылы 2,5 млн. теңгенің өнімін шығарған. Өсу қарқыны 120,1 пайызды құраған.
Өкінішке орай, аудандағы үлкен өнеркәсіп орындарының бірі саналатын «Есикагропродукт» ЖШС қарқынды дами алмай отыр. Аталған мерзімде бұл өнеркәсіп орны тауарлы өнім шығарған жоқ. Оның бір себебі мекеменің құрал жабдықтары техникалық тозуға ұшыраған. Екіншіден, осы қоғамға бәсекелес болатын кіші кәсіпкерлік мекемелері де жыл санап артып келеді, мәселен наубайхана, диірмен саны. Үшіншіден, оған шикізаттың жетіспеушілігі себеп болуда. Қазіргі кезде бұл мекемеде бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. Сонымен қатар, бұл мекеме ауыл шаруашылық өнімдерін өсірумен айналыса бастады. 2005 жылы барлығы 500 гектар жерден 370 тонна бидай, 54 тонна арпа, 64 тонна картоп жиналды. 2006 жылы осы жерге 125 гектар күздік дақыл егілді.
Кесте 7 – Қаладғы өнеркәсіп орындарының тауарлы өнімдері көлемі
Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | ж ы л д а р: | |||
2004 | 2005 | 2006 | 2006ж 2004ж салыстырғанда өсім қарқыны | ||
«Компания «Фудмастер» ААҚ | мың тг. | 233500 | 247000 | 260510 | 110,4 |
«Фудмастер-Асептик» ЖШС | мың тг. | 3525 | 3673 | 3810 | 107,5 |
«Резина» ЖШС | мың тг. | 36 | 38 | 40 | 110,0 |
«Трилис-пластик»ЖШС | мың тг. | 1855 | 1918 | 2010 | 107,7 |
Жеке кәсіпкерлер | мың тг. | 988 | 1087 | 1160 | 114,8 |
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары | мың тг. | 40223 | 43403 | 45270 | 111,15 |
Қала бойынша барлығы | мың тг. | 280000 | 297119 | 312800 | 110,5 |
Жоғарыдағы кестеге көңіл аударсақ, Есік қаласындағы өнеркәсіп орындарының өндіріс көлемінің жылдан жылға артуы байқалады. Қаладағы өнеркәсібі ең жақсы дамыған «Компания «Фудмастер» ААҚ өнімінің көлемі 2006 жылы 2004 жылдағыдан 110,4%-ға, яғни 233500 мың теңгеден 260510 мың теңгеге өскен. Ал, «Фудмастер-Асептик» ЖШС-нің тауарлы өнім көлемі 2005 жылы 2004 жылғы 3525 мың теңгеден 3673 теңгеге өсіп, 2006 жылы бұл көрсеткіш 3810 мың теңгеге жеткен. Жалпы алғанда соңғы 3 жылдағы өсім қарқыны 107,5%-ды құрап отыр. «Резина» ЖШС-нің тауарлы өнім көлемінің өсу қарқыны соңғы жылдары бірқалыпты деңгейде дамуда. Оның өсу көлемі 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 36 мың теңгеден 38 мың теңгеге жетіп, өсу қарқыны 105%-ды құраған. Ал, 2006 жылы бұл өсім қарқыны 2004 жылмен салыстырғанда сәйкесәнше 110%-ды құрады. Аудандағы «Трилис-пластик» ЖШС-нің де тауарлы өнім көлемі соңғы жылдары өсу үстінде екендігін жоғарыдағы кестеден байқауға болады. Оның тауарлы өнім көлемі 2004 жылы 1855 теңгені құраған болса, 2005 жылы ол 21918 теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш 2006 жылы 2010 теңгені құрап, 2004 жылмен салыстырғанда өсім қарқыны 107,7%-ды құраған. Қалада жеке кәсіпкерлердің тауарлы өнімдерінің көлемі де қарқынды дамып келеді. Бұған дәлел 2004 жылмен салыстырғанда 2006 жылы жеке кәсіпкерлердің тауарлы өнімдері көлемі 988 мың теңгеден 1160 мың теңгеге өскен. 3 жылдағы өсу қарқыны 114,8%-ға жеткен.
Қала көлемінде жеке кәсіпкерлікті дамыту, шағын және орта бизнесті өркендетуге жыл бойында ерекше көңіл бөліп отырды. Нәтижесінде шағын кәсіпорындар 2006 жылдың 12 айында 39444 мың теңгенің өнімдерін шығарып, қызмет көрсетті. Бұл 2005 жылмен салыстырғанда 39,7 пайызға өскен.
Кесте 8 – Инвестициялардың тартылу көздері (млн.тг)
Көрсеткіштер атауы | ж ы л д а р: | ||||
2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2006ж 2003ж салыстырғанда өсім қарқыны | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Республикалық бюджет есебінен нысандарды күрделі жөндеу мен құрылыстар жүргізу | 265,2 | 281 | 294,3 | 377,4 | 129,7 |
Жергілікті бюджет есебінен нысандардың құрылысын жүргізу | 15,5 | 16,7 | 0 | 435,7 | 196,5 |
Жергілікті бюджет есебінен нысандарды күрделі жөндеу | 40,8 | 43,7 | 44,9 | 54,9 | 125,7 |
Кәсіпорын, мекеме, халық есебінен объектілерді күрделі жөндеу мен құрылыстар жүргізу | 47,2 | 47,2 | 35 | 44,7 | 95,4 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Барлығы: | 368,7 | 388,6 | 374,2 | 912,7 | 139,4 |
Жоғарыдағы кесте деректеріне талдау жасасақ, Республикалық бюджет есебінен нысандарды күрделі жөндеу мен құрылыстар жүргізуге 2003 жылы 265,2 млн. теңге жұмсалған. Бұл шама 2004 жылы 281 млн. теңгеге жетіп, өсу қарқыны 14,3%-ды құрады. 2005 және 2006 жылдары бұл қаржының көлемі 294,3 және 377,4 млн. теңгеге өсіп, 2003 жылмен салыстырғанда 117,6% және 141%-ға өскен. Нысандардың құрылысын жүргізуге жергілікті бюджет есебінен 2003 жылы 15,5 млн. теңге жұмсалған болса, 2004 жылы бұл қаржы 16,7 млн. теңгеге жеткен. Ал, белгілі себептерге байланысты нысандарды күрделі жөндеу мен құрылыстар жүргізуге жергілікті бюджет есебінен 2005 жылы ешқандай да қаржы бөлінбеген. Есесіне 2006 жылы бұл сомманың қарқыны тым көбейіп, 435,7 млн. теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш 2003 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 195,6%-ға өскен. Кәсіпорын, мекеме, халық есебінен обьектілерді күрделі жөндеу мен құрылыстар жүргізуге соңғы 4 жыл көлеміндегі өсу көлемі 47,2 млн. теңгеден 44,7 млн. теңгеге төмендеп, өсу қарқыны 95,4%-ды құраған.
Осындай тартылатын инвестициялардың есебінен 2007 жылы жұмыс істеп тұрған 1 кәсіпорынды кеңейту және 8 жаңа өндіріс орындарын ашу көзделіп отыр. Оны төмендегі 9 кесте мәліметтерінен байқауға болады.
Кесте 9 – Есік қаласында 2007 жылы іске қосылатын кәсіпорындар
№ | Кәсіпорын атауы | Өндірілетін өнім түрі | Жұмыс орындарының саны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | «Голд Продукт» АҚ | жеміс-көкөніс консервілері | 30 |
2 | «Заилиский продукт» ЖШС | жеміс-көкөніс консервілері | 60 |
3 | «Аль-Афи-Лимитед» ЖШС | мия тамырын өңдеу | 25 |
4 | «Мейджек ковер» ЖШС | жасанды жабындылар | 20 |
1 | 2 | 3 | 4 |
5 | «Берекелі оралман» ЖШС | құрылыс кірпіші | 25 |
6 | «АЙАТ» ЖШС | құрылыс кірпіші | 25 |
7 | «Ахмет и Н» ЖШС | құрылыс кірпіші | 25 |
8 | «Жұмабеков» ЖК | медициналық системалар | 20 |
9 | «Качиева Л» ЖК | жеміс-көкөніс шырындары | 15 |
Барлығы | 245 |
9 кесте деректері көрсетіп отырғанындай, 2007 жылы Есік қаласында жұмыс істеп тұрған 1 кәсіпорынды кеңейту және 8 жаңа өндіріс орындарын ашу шаралары іске асырылмақшы. Осыған орай, кесте мәліметтері көрсетіп отырғанындай, қалада 245 жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Оның қала халқының тұрмыс деңгейінің көтерілуіне мол септігін тигізері сөзсіз. Сонымен қатар 2007 жылы жалпы құны 740 млн. теңге болатын 100 орынға арналған акушерлік корпустың жұмысы аяқталмақшы. 250 орындық жаңа аурухана салу мақсатында 4,5 гектар жер бөлінді. Оның құрылысы алдағы жылдарға белгіленіп отыр. Бұл да қала халқының әлеуметтік мәселелерін шешуге үлкен ықпалын тигізбек. Соынмен бірге осы құрылыстың аяқталуы қосымша жұмыс орындарының ашылуына да әсер етеді.
Есік қаласындағы 2007 жылғы өнеркәсіпке салынатын инвестицияның жалпы көлемі 1 млрд.830 млн. теңгені құрайды деп жоспарланып отыр. Оның 1 млрд. 200 млн. теңгесі өңдеуші өнеркәсіпке жұмсалмақшы. Бұл Есік қаласының экономикасының өркендеуіне зор ықпалын тигізеді деп жобаланып отыр. Соған орай қала тұрғындарының әлеуметтік проблемалары да өз шешімін табады.
Қазіргі уақытта Есік өзенінде қуаттылығы 15 МгВт болатын 3 шағын су электр станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр. Олардың қуаттылығы 6 МгВт болатын алғашқысы ағымдағы жылдың қазан айында іске қосылмақшы. Қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында су құбыры желісін қайта жөндеуден өткізу 2007 жылға жоспарланып отыр. Қалада жүзеге асырылмақшы болып отырған көптеген жобалар іс жүзінде орындалса, қаланың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне негіз болар еді.
Кесте 2. 2003 жылғы Қазақстан аймақтарының халқының кедейшілік индексі,
Қазақстан аймақтары | Қала,% | Ауыл,% |
Ақмола Ақтөбе Алматы Атырау Щығыс Қазақстан Жамбыл Батыс Қазақстан Қарағанды Қызылорда Қостанай Маңғыстау Павлодар Солтүстік Қазақстан Оңтүстік Қазақстан Астана қаласы Алматы қаласы Қазақстан | 24,2 21,5 26,3 28,7 22,4 29,6 24,0 23,5 21,2 26,0 26,6 20,9 21,3 23,3 15,6 16,3 22,1 | 24,2 31,5 28,5 31 25,4 35,0 24,8 29,1 28,1 34,6 60,7 26,3 22,4 29,3 - - 27,6 |
Халықтың тұрмыс деңгейін зерттеуші ғалымдар ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейі қала тұрғындарына қарағанда біршама төмен екендігімен келіседі. Мұның төмендегідей себептерін бөліп көрсетуге болады:
- Ауыл тұрғындарының, әсіресе әйел адамдардың толық жұмыспен қамтамасыз етілмеуі.
- ¤неркәсіп жұмысшыларымен салыстырғанда ауыл шаруашылығы саласының жұмысшыларының жалақысы төмен.
- Әлеуметтік инфрақұрылым мекемелерінің желісі төмен дәрежеде дамыған, олардың көрсететін қызметтерінің сапасы да нашар.
- Үй шаруашылығын жүргізуге еңбек шығындары өте жоғары/10/.
Тұрмыс деңгейінің барлық көрсеткіштері бойынша ауыл қаладан біршама артта дамуда. 1990 жылдары жалпы халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі байқалып, ауыл халқының жағдайы күрт нашарлаған. Себебі, сол кездердегі халықтың негізгі кірісі жалақыдан құралған, ал ауыл шаруашылығы саласының жалақысы өнеркәсіп, қаржы т.б салаларға қарағанда айтарлықтай төмен екені белгілі. (Қаржы саласымен салыстырғанда 6-7 есе, өнеркәсіп, құрылыспен салыстырғанда 3,6-3,7 есе төмен).
Аграрлық секторды реформалау тұрмыс деңгейіне кері әсерін тигізді, колхоздар мен совхоздар таратылып, жаңа ауыл шаруашылық құрылымдарының пайда болуы олардың қаржылық қиыншылықтарын туғызып, мемлекеттік көмектің болмауы кірісті төмендетті. Нәтижесінде, жұмыссыздардың саны артып, ауыл халқының тұрмысы нашарлады.
Жан басына шаққандағы орташа кіріс ауыл және қала халқы арасында әртүрлі бөлінеді(кесте3).
Кесте3 Жан басына шаққандағы орташа кірістің үлестірілуі (%)
Кіріс мөлшері | Қала | Ауыл | ||||
1997 | 1998 | 1999 | 1997 | 1998 | 1999 | |
3000-ға дейін 3001-6000 6001-9000 9001-12000 12000-нан жоғары | 51,5 31,7 10,6 3,5 2,7 | 43,5 37,7 11,8 4,3 2,8 | 49,1 35,1 10,0 3,1 2,7 | 78,1 15,9 3,2 1,4 1,4 | 83,4 12,4 3,1 0,7 0,4 | 83,3 12,7 2,6 0,8 0,6 |
Кесте мәліметтеріне сүйене отырып аз қамтылған халықтың көп бөлігінің ауылдық жерде тұратынын байқауға болады, сонымен қатар жыл өтуімен кірісі төмен халықтың санының артып, кірісі жоғары халық санының күрт төмендегенін де байқаймыз.
‡й шаруашылықтарының тұтыну шығындарының құрылымы бойынша қала және ауыл айырмашылықтары байқалады. Халықтың кірісін аймақтық реттеу мәселелері республика аймақтары бойынша табыс айырмашылықтары факторларын зерттеу қажеттігіне әкеледі. Табиғи-климаттық фактор және оның халық тұтынуларына әсері республика және облыс халқының негізгі әлеуметтік-демографиялық топтарына арналған тұтыну корзинасының жиынын анықтауда ескерілуі тиіс.
Ауыл және қала үй шаруашылықтарының кірісі мен шығындарының құрылымы (2000ж.,%).
Элементтер | Қала | Ауыл |
Ақшалай кірістер, барлығы еңбек кірістері | 100 76 | 100 59 |
әлеуметтік трансферттер | 10 | 14 |
сатудан түскен кірістер | 7 | 21 |
басқа да ақшалай түсімдер | 7 | 6 |
Ақшалай шығындар, барлығы азық-түлік | 100 49 | 100 51 |
азық-түлік емес тауарлары | 24 | 32 |
ақылы қызметтер с.і: салық төлемдері басқа шығындар | 27 5 8 | 17 3 14 |
РФ-да азық-түлік тауарларын тұтыну ерекшеліктеріне сәйкес 16 зонаға бөлінген.
Азық-түлік жиыны барлық аймақтарда бірдей болғанымен, тұтыну нормаларына байланысты ерекшеленген. Климаттың қаталдығына сәйкес киім, аяқ-киім т.б жиыны, жылумен қамтамсыз ету мерзімінің ұзақтығына сәйкес-тұрғын үй-коммуналдық қызмет жиындары әртүрлі құрылған.
Қазақстан Республикасында табиғи-климаттық жағдайларға сәйкес айтарлықтай аймақтық айырмашылықтар бар болғанымен, бұл фактор тұтыну корзинасының құнын анықтауда ескерілмеген.
Сол себепті халықтың азық-түлікпен , киіммен қамтамасыз етілуінде мәселелер туындайды.
Кейбір аудандарда экстремальды табиғи-климаттық жағдайлар байқалады: шөлді, сусыз, таулы аймақ, адам денсаулығына кері әсерін тигізетін күшті желдер жиі болып тұратын, өте төмен немесе өте жоғары ауа температуралы аймақтар.
Сонымен қатар, «Күнелту минимумы мен кедейшілік сызығын анықтауға әдістемелік нұсқауларға» сәйкес барлық облыстар үшін азық-түлік тағамдарының біргелкі жиыны мен тұтынудың біргелкі нормалары бекітілген, сол сияқты негізгі азық-түлік емес тауарларына, қызметтерге және негізгі төлемдерге шығындар құнын анықтаудың біртекті әдісі қолданылады.
Мұндай айырмашылықтар әртүрлі табиғи-климаттық жағдайлардың және жергілікті ерекшеліктердің болуына сәйкес халықтың азық-түлік тағамдарын және басқа да тауарлар мен қызметтерді тұтыну деңгейінің бірдей дәрежеде болмауымен анықталады(кесте4, сурет 2,3).
Кесте 4 - Үй шаруашылықтарының тұтыну шығындарының құрылымы(%).
Тұтыну шығындары | Қала | Ауыл | ||||
2001 | 2002 | 2003 | 2001 | 2002 | 2003 | |
Азық-түлік тауарлары Азық-түлік емес тауарлары Ақылы қызметтер | 44 26 30 | 51,8 20,8 23,3 | 48,9 24,1 21,9 | 47 35 18 | 52,3 23,9 18 | 49,1 27,2 17 |
Ауылдық жерлерде ақылы қызметтер желісі дамымаған, себебі халықтың төлем жасау мүмкіншіліктері өте төмен(сурет2,3).
Аймақтар бойынша азық-түлік және басқа да тауарлар бағасы ақылы қызметтер тарифтері әр түрлі(кесте 5).
Кесте 5 Қазақстан аймақтары бойынша негізгі азық-түлік тағамдарын орташа баға (2002ж), 1кг бағасы,тг
Минималды | Максималды | Орташа | |
Нан,1сорт Сиыр еті Қой еті Күнбағыс майы Сүт,литр Жұмыртқа,10 дана Картоп Қант | 30 249 269 152 30 57 19 72 | 50 417 454 189 88 116 43 101 | 40 300 349 168 43 82 29 84 |
Кесте мәліметтеріне сүйене отырып, тауар түрлері бойынша ең көп айырмашылық сүт бағасы(2,9есе), жеміс(2,3-3,9есе), жұмыртқа(2есе) бағалары бойынша екендігін байқаймыз.
Осы себептерге сәйкес Қазақстан облыстары бойынша күнелту минимумының дифференциациясы жасалынған(кесте 6).
Кесте 6 Қазақстан Республикасының аймақтары бойынша 1997-2003ж.ж. күнелту минимумының динамикасы(орташа айлық)
Аймақтар | Күнелту минимумының деңгейі,тг | |||
1997 | 1999 | 2001 | 2003 | |
Қазақстан Республикасы ШҚО Жамбыл Маңғыстау Оңтүстік Қазақстан Павлодар Күнелту минимумының максималды және минималды коэффициентте-рінің қатынасы | 3505 3728 2745 4315 3199 3620 1,57 | 3394 3537 3110 4570 2838 3530 1,61 | 4596 4568 4236 6047 3685 4583 1,64 | 4734 4616 7836 6603 3787 4844 1,74 |
Жоғарыда келтірілген айырмашылықтардың болу себептеріне сәйкес әр түрлі аймақтардағы халықтың кірісін реттеу қажеттілігі туындайды, ал кірістің негізгі бөлігін жалақы құрайтындықтан жалақыны реттеудің аймақтық жүйесін жасау қажет[28].
Халықтың тұрмыс деңгейіне бюджеттік және қаржылық жүйенің тұрақтылығы мен тепе-теңдігі өз әсерін тигізеді.
2001 жылы Республикада қаржылық тұрақтылық пен экономикалық өсім байқалып минималды жалақы мен зейнетақының мөлшері артқан. Аграрлық секторды қаржыландыру 3 есе өсті. Республиканың қаржылық жағдайының тұрақталғанын Даму банкі мен Ұлттық қордың құрылуы дәлелдейді.
Даму банкінің негізгі функциясы ірі инвестициялық жобаларды несиелендіру. Ал, Ұлттық қор басқа мұнай өндіруші елдерде жағымды баға жағдайында қаржыларды шоғарландырып, жағымсыз жағдайда бюджеттің шығыс бөлігін қаржыландырады. Саясаткерлердің пікірінше, Қордың қызметінің тиімділігі мен мөлдірлілігіне күман келтіріледі. Мысалы, 2001 жылы әлемдік конъюнктураның жағымды болуына сәйкес ҚР болжанбаған қаржыға ие болған. Осындай ірі қаржыларыдң мақсатты жұмсалуын бақылау үшін Қордың қызметіне қатаң талап қойылып, арнайы ережелер бекітілуі тиіс, Қордың бақылау жүйесіндегі қоғамдық өкілдердің санын арттыру қажет.
Кедейшілік шегінен төмен тұрған адамдардың саны 2001 жылмен салыстырғанда 2002 жылы 2,2%-ға , ал 2003 жылы 1,9%-ға, 2004 жылы 1,6%-ға өсіп отыр. Бұл аз қамтылған халық санының 2002 жылы артып, 2003-2004 жылдары төмендеп келетіндігін білдіреді/сурет 4/.
Жыл сайын халықтың жан басына шаққандағы ақшалай түсімдері, орташа айлық атаулы жалақысы артқанымен жоғарыдағыдай жағдай байқалуда. Мұндай жағдай кірістің тең бөлінбеуімен түсіндіріледі, яғни халықтың тұрмысы жақсы бөлігінің одан ары жағдайын жақсартуға мүмкіншілік туып, кедей бөлігінің тұрмысының жылдан жылға нашарлауын көрсетеді.
Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында кедейшілік шегінен төмен тұрған адамдардың саны қалаларда 4,8 %, ауылдық жерлерде 20%-ды құрайды. Мұның өзі ауыл тұрғындарының жағдайының нашарлығын білдіреді.
Орташа айлық атаулы жалақы мөлшері ауданда облыстық деңгеймен салыстырғанда біршама төмен. 2002 жылы 20,1 есе, 2003 жылы 1,7 есе, 2004 жылы 1,6 есе аз болып отыр (кесте 14).
Кесте 14 Облыстағы орташа айлық атаулы жалақының салыстырмалы кестесі(тг)
Аймақ | 2002 | 2003 | 2004 |
ШҚО Зайсан ауданы | 16331 9372 | 18600 11309 | 18600 11309 |
Зайсан ауданында әрбір 10000 адамға 20,5 дәрігер, 60,5 медбике келсе, облыс бойынша 34,5 дәрігер, 71,4 медбике сәйкес келеді. Бұл ауданның медициналық қамтамасыздық деңгейінің төмендігін көрсетеді.
Ауыл шаруашылық саласында жекешелендіру жүріп, ыдырауы нәтижесінде және ауыл шаруашылық айналымынан құнарсыз және сортаң жерлердің шығып қалуына байланысты ауыл шаруашылық жерінің көлемі 1991 жылмен салыстырғанда 740,4 мың гектарға қысқарған. Сонымен қатар суармалы жердің 30%, яғни 9,14 мың гектар жер иесіз қалған. Көптеген суармалы жерлер каналдардың бұзылуынан, яғни оларға күтім жасалынбауына байланысты су көздерімен байланыс болмай қалды. Сол себепті су құрылысы нысандарын күрделі жөндеуден өткізу қажет. Оған сметалық құны 500,0 млн теңге болатын жоба жасалған. Қазірде каналдардың пайдалы әсер коэффициенті 0,35-0,5. егер күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген жағдайда бұл көрсеткіш 0,75-0,8-ге жетер еді. Астық өнімдерін мемлекеттің сатып алмауы және қабылдау пункттері элеваторлардың ауданнан шалғай жатуы ауыл шаруашылық құрылымдарының тұрақты және бәсекелесте жұмыс істеулеріне кері әсер етуде. ¦сынылған ауыспалы егістер сақталмайды, рентабельділігі жоғары дақылдардың (бұршақ, дәнді бұршақ тұқымдастар) өндіріске енгізу жеткіліксіз, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құнарлылығы төмендеп бара жатыр. Осы аталған кемшіліктерді жою арқылы өсімдік шаруашылығы өндірісін тиімділендіру. Ауданда 1991 жылдан бастап тыңайтқыштарды қолдану төмендей бастады, топырақтағы қара шірік 30%-ға азайды. Минералды тыңайтқыштарды қолдану көлемі азаюмен бір мезгілде ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі кемуде. Дәрілеу жұмыстары соңғы уақытта мүлде жүргізілмеген. “У” шашуға қолданылатын техникалардың жасы 15-16 жыл. Тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін 0,5 млн.тг қажет екендігі есептелген. Бұл шара жүзеге асырылса дәнді-дақылдың, күнбағыстың өнімділігі 15-20%, көкөніс 30%-ке артады.
Трактор және комбайндардың нормативті пайдалану мерзімі 7-10 жыл болса, аудандағы трактор, комбайндарға орта есеппен 17-18 жыл болған.
Техникалардың дайындық коэффициенті 0,7-ден аспайды және әрбір техниканың атқаруға тиісті жұмысы нормативтан 1,5-1,8 есе артық. Ауданда 1994 жылдан бері бірде-бір жаңа техника алынған жоқ, машина – трактор паркінің ескіруі 93%-ті құрайды және ауыстыруды қажет етеді. Жаңа техниканы лизинг арқылы алуға 3 жылда 95 млн.тг. қажет. Бүгінгі деңгейде өндірілген мал өнімдері, оның өнімдерінің түрі мен сапасы халықтың бүгінгі сұранысына сәйкес келмейді. Сүт бағытындағы ірі-қара малды жекелеген жерлерде шоғырландыру арқылы қолдан ұрықтандыру жұмыстарын дамыту малдың өнімділігін 15-20 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Бұл шара үшін 3 млн.тг. қажет. Ауданда ет өндіру көлемі халықтың осы өнімге сұранысын толық қамтамасыз етеді. Ет бағытындағы жаңа фермалар құру үшін, асыл тұқымды малдар сатып алып, тұқым сапасын жақсарту үшін жыл сайын 5 млн.тг. қаржы керек. Жылқы еті мен бие сүтін өңдейтін өнеркәсіптің жоқтығы жылқы шаруашылығының дамуына кедергі жасауда.
Қазақстанда бүгінгі күні халықтың кірісінің негізгі көзі – жалақы (70-75%). Экономиканың әртүрлі салаларында жалақы дифференциациясы байқалады. Мысалға, максималды(қаржы, сақтандыру) және минималды (ауыл шаруашылығы) жалақы арасында 3-4 есе айырмашылық бар. Ауыл шаруашылығы саласының жалақысы өте төмен, яғни тиімділігі жоқ. Сол себепті ауыл халқының тұрмыс деңгейі қала халқымен салыстырғанда біршама төмен, ауылда жұмыссыздық өте жоғары, яғни адамдарды жұмыспен қамту мүмкіншілігі төмен, тек қана мектеп пен емхана, әкімшілік қызметкерлері ғана-бюджеттік мекемелер болғандықтан жалақы алады. Бұрынғы жұмыс орындары жабылып шаруашылықтар толығымен тоқтатылған. Алғаш құрылған шаруа қожалықтарының ірі ауыл шаруашылық өндірушілері ғана сақталып, ұсақтары тарап кеткен. Мысалы, талдауға алынған ауылда алғаш 12 шаруа қожалығы құрылса, қазір соның 2-і ғана қалған. Қалғандары заңды таратылмағанымен, шаруашылықтары тоқтатылған. Бұл жағдайдың өзі жұмыссыздықтың шиеленісіп, халықтың тұрмыс деңгейінің төмендегенін білдіреді.
Ауыл шаруашылық өндірісінің биологиялық цикліне байланысты ерекше сала болғандықтан нарыққа бейімделу күрделі мәселеге айналды. Жұмыссыз халық қалаға қоныс аудара бастады. Мысалы, Кеңсай ауылында 1993-1998 жылдары 25 жанұя(барлық халықтың 9%-і) қалаға қоныс аударған. Ал, ауылда қалған халықтың құрылымына келсек, 1217 адамның (225 үй шаруашылықтары) 230-ы оқушы, 1-6 жас аралығындағы бала-65, зейнеткерлер-250, қалғангы -672 адам. Соның ішінде, 34 студент, ауылдан қалаға жұмыс іздеп кеткендер саны-41. Экономикалық белсенді халық-621. Ресми жұмыссыздық деңгейі-2,4% болғанымен, нақты жұмыссыздар саны 495 адам(79,7%). Экономикалық белсенді халықтың 80-ке жуығына жалақы төленбейді. Бірақ, соның ішінде 130 адам 2 шаруа қожалығының мүшелері немесе жалдамалы еңбек етуде, олардың ақшалай кірістері болмағанымен, шаруа қожалығының өніміне ортақ үлесте болады, яғни заттай өнім алады. Оларды жұмыссыздар қатарынан шегергенннің өзінде 365 адам (59%) мүлдем жұмыс істемейді, соның ішінде 72 адам атаулы әлеуметтік көмек алады, қалғаны үй шаруашылықтары өнімдерінің түсімімен немесе қолындағы зейнеткерлердің, жанұя мүшелерінің біреуінің еңбекақысының көмегімен өмір сүруде, яғни біреудің «асырауындағы» халық саны - 293. Халықтың негізгі кірісті бөлігіне мектеп мұғалімдері, әкімшілік қызметкерлері, сауда-саттықпен айланысушылар, дәрігерлер, жолаушыларды жеке көлігімен тасымалдау қызметімен шұғылданатын тұлғалар, зейнеткерлер жатады. Сонымен қатар, жеке шаруашылықпен айналысушы азаматтардың кірісі неғұрлым жоғары. Ауыл тұрғындарын жан басына шаққандағы кірісіне байланысты төмендегідей етіп топтауға болады.
Кесте 16 Ауыл тұрғындарын кіріс мөлшеріне байланысты топтау
Кіріс мөлшері, тг | Халық саны, адам | ‡лесі, % |
0-500 | 400 | 32,9 |
500-1000 | 75 | 6,2 |
1000-2000 | 130 | 10,7 |
2000-5000 | 150 | 12,3 |
5000-8000 | 362 | 29,7 |
8000-10000 | 85 | 7,0 |
10000-12000 | 15 | 1,2 |
1217 | 100 |
Кесте мәліметтеріне сүйене отырып халықтың 1/3-і тақыр кедей деуге болады, яғни 1217 адамның 400-нің кірісі 500 тг мөлшерінде болып отыр. Кедейшілік шегінен төмен тұрған халық шамамен 62,1%, яғни тең жартысы. Ал, орташа деңгейлі халықтың үлесі 36,7%-ті құраса, жоғарғы дәрежеде қамтамасыз етілген халықтың үлесі өте аз (1,2%). Мұның өзі халықтың негізгі бөлігінің кедей, біраз бөлігінің тұрмысы орташа деңгейде екендігін білдіреді.
Бұл есептеулер халықтың нақты кірісін (жалақы, зейнетақы) есептеу арқылы жүргізілген. Ал, ресми түрде есептелген кедейшілік деңгейі неғұрлым төмен.
Себебі, оны есептеуде үй шаруашылықтарының өнімдері есепке алынған.
Бірақ, бұл әдіс жетілдірілмеген. Себебі, жан басына шаққандағы кірісті есептегенде әр тоқсан сайын қолындағы малын сатылу бағасымен есепке алады. Бұл, әрине дұрыс емес. Мысалы, 1 жылқы 24411 тг.деп бағаланған. Тоқсан сайын оның өнімі 24411 теңгені құрамайтыны белгілі, тек оны сату арқылы ғана етінен сонша түсім алуға болады. Сол сияқты, қой, ешкі 3853 тг, сүтті бағыттағы сиыр 9025 тг, етті бағыттағы сиыр 10696 тг кіріс әкеледі деп есепке алынған. Сол себепті, есеп жүргізу тәсілінің шалалығы байқалып, аз қамтылған халықтың нақты деңгейін анықтауға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, атаулы әлеуметтік көмекке бөлінген қаржының шегін белгілеп, қаржыны үнемдеп жұмсау саясаты жүргізілгендіктен де кедей халықтың шынайы деңгейі анықталмайды. Бұл, әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімсіз қызметін білдіреді.
Ауыл тұрғындарының арасында сұраулар жүргізу нәтижесінде өз кірістерінің шамамен 70%-ін азық-түлік тағамдарына жұмсайтыны анықталған. Бұл көрсеткіштің жоғары болуы тұрмыс деңгейінің нашар болуының тағы бір дәлелі. Сонымен қатар азық-түлік құрылымы өте қарапайым, яғни жеміс-жидектерді тиісінше тұтыну тек жаз айларында ғана мүмкін болып отыр, сол сияқты ет, сүт өнімдерін де қажет деңгейде тұтынуға мүмкіншіліктері жоқ. Ауылда 1 диірмен ғана бар, одан басқа ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеумен айналысатын қызмет ұйымдастырылмаған
2.2 Әлеуметтік қорғау механизмдерінің нақты жүзеге асуын талдау
Халықтың тұрмыс деңгейін нақты дәрежеде анықтау үшін ауылдың 35 үй шаруашылықтарына талдау жүргізілген, халық саны 135 (барлық халықтың 10%-і). Олардың ішінде 15 үй шаруашылығының негізгі кірісі жалақы болса, 4 жанұя зейнетақы, қалғандары үй шаруашылығы өнімдерінің түсімін алады. Мүлдем кірісі жоқ жанұя саны-2. Атаулы әлеуметтік көмек алатын жанұя саны-9 немесе 51 адам. Талдау жасау үшін үй шаруашылықтары жанұя мүшелерінің санына байланысты 5 топқа бөлінген және кірісінің мөлшеріне байланысты топтастырылған.
Жанұя мүшелерінің санына байланысты топтау:
- 2 адамнан тұратын жанұялар. Жан басына шаққандағы ақшалай түсімдері орта есеппен 7600 теңгені құрады. Ал үй шаруашылығы өнімдерінің түсімін ескерсек 13950 теңгеге тең.
- 3 адамнан тұратын жанұялар. Жан басына шаққандағы ақшалай түсім орташа 6500 теңгені құрайды. Бірақ, бұл топ жанұялары ішінде біреуі мүлдем ақшалай кіріс алмайды, яғни 0-ге тең. Тек үй шаруашылығы өнімдерінің түсімі нәтижесінде күнелтуде. Егер, үй шаруашылық өнімдерінің түсімдерін ескере отырып жан басына шаққандағы орташа кірісті ескерсек 7802 теңгені құрайды.
- 4 адамнан тұратын жанұялар. Жан басына шаққанадағы ақшалай түсім -2650 теңге, үй шаруашылығы өнідерінің түсімін ескерсек-7006 теңге.
- 5 адамнан тұратын жанұялар. Жан басына шаққандағы ақшалай түсім-4160 теңге. үй шаруашылығы өнімдерінің түсімін ескергендегі жан басына шаққандағы кіріс-8451 теңге. Бұл топ жанұяларының ішінде біреуі, яғни 5 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.
- 5 мүшеден артық жанұялардағы жан басына шаққандағы ақшалай кіріс-600 теңге, ал үй шаруашылығы өнімдерінің түсімін ескерсек 5527 теңге. Бұл топ жанұяларының 8-і атаулы әлеуметтік көмек алады, себебі ешбір ақшалай кірістері жоқ.
Талдауға алынған 135 адамның 49%-нің ақшалай кірісі жоқ (кесте17).
Кесте 17 Жан басына шаққандағы кірістің үлестірілуі
Кіріс мөлшері, тг. |
Адам саны |
‡лесі, %-пен |
0 1000-4000 4000-8000 8000-12000 12000-18000 18 мыңнан жоғары | 66 26 33 5 2 3 135 | 49 19 24 4 2 2 100 |
Кесте мәліметтеріне сүйене отырып, халықтың 49%-і тақыр кедей деуге болады. Ауданда кедейшілік шегі 1975 теңге мөлшерінде белгіленген, бұлардың ішінде 78 адам (58%) атаулы әлеуметтік көмек алулары тиіс. Бірақ, нақты жағдай бұлай емес. Себебі осы адамдардың ішінде 61 адам, яғни 45%-і ғана алады, 13%-і атаулы әлеуметтік көмек алу мүмкіншіліктерін үй шаруашылығы өнімдерінің түсімі ескерілгендіктен жоғалтуда. Ал, үй шаруашылығы өнімдерінің түсімі халықтың өзін-өзі қамтамасыз етуіне мүмкіндік бере ме? Атаулы әлеуметтік көмек алүға мүдделі адамдардың жылдық жиынтық кірісін анықтау «Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау» министрлігінің 2002 жылғы 13-ақпандағы №31-П бұйрығына сәйкес «Атаулы әлеуметтік көмек алуға мүдделі тұлғалардың жиынтық кірісін анықтау ережелеріне» сүйене отырып жүргізіледі. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының аймақтары 4 топқа бөлініп, әрқайсысына жеке-жеке өнімділік деңгейі белгіленген. Соның ішінде, Зайсан ауданы Тянь-Шань таулы аймағына жатқызылып, төмендегідей үй шаруашылығы өнімдерінің түсімін есептеудің нормативті картасы қолданылады (кесте18).
Кесте 18 Үй шаруашылығы өнімдерінің түсімін есептеудің нормативті картасы[3]
Ауылшаруашылық өнімдері |
1 сотық жерден орташа жылдық өнімділік, кг. | 1 сотық жерге орташа жылдық шығын деңгейі, тг. |
Егін шаруашылығы өнімдері -бидай -жүгері -көп жылдық шөп -картоп -күнбағыс Мал шаруашылығы өнімдері -сүтті бағыттағы ірі-қара мал өнімі(сүт) -етті бағыттағы ірі-қара мал өнімі(ет) -қой, ешкі өнімі(ет/жүн) -жылқы өнімі (бие еті) -құс жұмыртқасы -құс еті | 20 40 45 120 16 2500 179 22/3,5 151 200 2,5 | 293 295 181 2324 277 20168 14047 2318 5795 728 489 |
Ауыл үй шаруашылықтарын іріктемелі талдау нәтижелері көрсеткендей халықтың тұрмыс деңгейі төмен, әсіресе, көп балалы жанұяларда жан басына шаққандағы кіріс 600 теңге мөлшерінде ғана болған, бірақ үй шаруашылықтары өнімдерінің түсімдерін ескерсек 5527 теңге, яғни күнелту минимумынан жоғары. Бұл-өте қарама-қайшылықты жағдай, себебі, ауыл шаруашылық өнімдерінің кірісітілігі және ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігі төмен екендігі белгілі.
Зайсан ауданының жеке үй шаруашылықтарының кірісін есептеудің нормативті ережелері мен нақты ауыл шаруашылығы өнімділігін салыстырайық(кесте20).
Кестеден көріп отырғанымыздай, егін шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі нормативті деңгеймен салыстырғанда төмен.
Сонымен қатар, мал шаруашылығының, әсіресе, етті бағыттағы малдың әкелетін түсімі нақты есепке алынбаған.
Кесте 20 ‡й шаруашылығы өнімдерінің нормативті ережелер бойынша және нақты жылдық түсімі
Егін шаруашы-лығы | Норматив бойынша | Нақты есептеулер | |||||
1 сотық жерден өнімділік, кг | 1 сотық жерге орташа шығын, тг | Пайда, тг | 1 сотық жерден өнімді- лік, кг | 1 сотық жерге ор- таша шы- ғын, тг | Пайда, тг | ||
Бидай Арпа Картоп | 20 25 120 | 293 234 2324 | 7 66 76 | 14 16 90 | 200 180 1760 | 10 12 40 | |
Мал шаруашы-лығы | Норматив бойынша | Нақты есептеулер | |||||
Бiр бас малдың орташа өнімділігі, кг(л) | Бiр бас малдың орташа шығыны, тг | Пайда, тг | 1 бас малдың орташа өнімділі- гі, кг(л) | 1 бас малдың орташа шығыны, тг | Пайда, тг | ||
Сүтті бағыттағы ірі қара Етті бағыттағы ірі қара | 2500 179 | 20168 14047 | 36100 42785 | 2500 130-170 | 20168 14047 | 36100 24950-36950 | |
Яғни, ірі қара мал нормаға сәйкес 179 кг шығару үшін кем дегенде малды 3 жыл өсіру керек, ал оның 3 жылдағы шығыны норма бойынша 42141 тг. құрайды, тек осы мерзімнен соң малды өткізу 14600 тг. таза кіріс әкеледі, ал бұл сома нормативті сомадан 3 есе аз.
Ірі қара малдың кірісін есептеуде тек сол жылы сатылған немесе өз қажетіне пайдаланған жағдайда ғана өнімін кірістеу қажет, ал қолда өсіріп, тауарлық мақсатта жұмсалмаса оның тек шығын ғана әкелетінін ескеру тиіс.
Сонда етті бағыттағы ірі қара малдың кірісі 42785 тг емес 14600 тг мөлшерінде есепке алынуы қажет. Осы 1 ғана себептен атаулы әлеуметтік көмек алуға мүдделі азаматтардың кірісінің есептелу айырмашылығын қарастырайық(кесте 21).
Кесте 21 Етті бағыттағы ірі қара мал өнімінің кірісін норматив бойынша және нақты есептеу нәтижесінің атаулы әлеуметтік көмекке әсері
Бір ірі қара мал кірісі | Норматив бойынша | Нақты | «Төлен беген» атаулы әлеуметтік көмек | ||
Айына, ж.б.ш.,тг | Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері,тг | Айына, ж.б.ш.,тг | Атаулы әлеуметтік көмек, тг | ||
2 мүшелі үй шаруашылығы 3 мүшелі үй шаруашылығы 4 мүшелі үй шаруашылығы 5 мүшелі үй шаруашылығы 6 мүшелі үй шаруашылығы | 1703 1188 891 713 594 | 192 787 1084 1262 1381 | 609 406 704 243 203 | 1367 1569 671 1732 1772 | 1175 782 587 470 391 |
Кестеден көріп отырғанымыздай, әдістеменің жетілдірілмеуіне сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуы дұрыс жүргізілмейді.
Сол себепті, үй шаруашылықтары өнімдерінің түсімін есептеу әдістемесін жетілдіру қажет.
Нақты атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған жанұя саны-31 немесе 128 адам(халықтың 10%-і). Ал, талдау нәтижелеріне сүйенсек халықтың 58%-і атаулы әлеуметтік көмек алуға мүдделі.
1 жанұяның орташа ай сайынғы ақылы қызметтерге жұмсайтын шығыны шамамен 2880 теңге(байланыс ақысы, отын, электр энергиясы, міндетті төлемдер т.б.).
Ай сайынғы ақылы төлемдерін өтегенннен соң тек атаулы әлеуметтік көмектің есебінен өмір сүретін жанұялардың тұрмыс деңгейі қандай болмақ?
Азық-түлік тағамдарының құрылымы төмендегідей болған(кесте26)
Кесте 26 Азық-түлік тағамдарының құрылымы (%)
Азық-түлік түрлері | Кедейлер | Қамтылғандар |
Нан
Ет өнімдеріСүт өнімдері, жұмыртқа Май, қант Бақшалық өнімдер Жеміс-жидек Сусын Сыйлық ретінде алынған тағамдар ‡йден тыс қолданылған азық-түліктер |
43 6 20 6 15 1 5 4 - | 12,8 17 25 12,6 17 3,6 5 6 1 |
Кесте мәліметтері кедейлер мен қамтылғандардың азық-түліктерді қолдануында елеулі айырмашылықтар бар екендігін көрсетеді, яғни кедейлер май, қант, ет, жеміс-жидектерді аз пайдаланады.
Халықтың денсаулық сақтау көрсеткіштерін талдау
Орташа күтілетін жас ұзақтығы адам дамуы индексінің құраушысы болып табылады, халықтың салауатты өмір сүру мүмкіндіктерін сипаттайды.
Денсаулық жас кезінде білім алуға жағдай жасайды, еңбек өнімділігінің негізі болып жеке және қоғамдық тұрмысты жақсартуға кепіл болады.
¤лу деңгейінің жоғары болуы Адам таңдауының мүмкіншіліктерін төмендетеді, яғни адам дамуына кері әсерін тигізеді.
Медициналық тәжірибеде халықтың денсаулық деңгейіне байланысты төмендегі жіктеу қолданылады:
- Денсаулығы толығымен жақсы адамдар-ешқандай созылмалы сырқаттары жоқ, нормадан функционалдық ауытқулары байқалмайтын,қалыпты физикалық және психологиялық дамудағы адамдар.
- Мәнді функционалдық ауытқулары байқалмайтын адамдар, яғни ауыр сырқаттанудың нәтижесінде қалыпты физикалық жағдайдан ауытқу.
- Созылмалы аурулармен ауыратын және мәнді функционалдық ауытқулар байқалатын адамдар, яғни ағзаның функционалдық мүмкіншіліктері бұзылмайды, ұзақ мерзімді аурулармен ауырады.
- Ағзаның функционалдық мүмкіншіліктерінің төмендеуі арқылы жүретін ұзақ мерзімдік созылмалы аурулармен сырқаттанған адамдар/8/.
Халықтың денсаулық жағдайын көрсететін көрсеткіштерін анықтау үшін олардың денсаулықтары жөніндегі өз бағалаулары және инструментальды зерттеулерді қодануға болады:
20 жасқа дейінгі адамдардың 49 %-і 1-топқа, 25%-і 2-топқа, 25,5%-і 3-топқа, 0,5%-і 4-топқа енеді.
Ал, 20-40 жас аралығында 1-топқа 20%, 2-топқа 45%, 3-топқа-20%, 4-топқа 5%-і енеді.
40 жастан асқан адамдар арасында 1-топқа 3%, 2-топқа 30%, 3-топқа 55%, 4-топқа 12%-і енеді(кесте27).
Кесте 27 Ауыл халқын денсаулық жағдайына байланысты топтау,%
Жас мөлшері |
I |
II | III | IV |
20 жасқа дейін | 49 | 25 | 25,5 | 0,5 |
Жас мөлшері |
I |
II | III | IV |
20-40 жас 40 жастан жоғары | 20 3 | 45 30 | 20 55 | 5 12 |
Кесте мәліметтеріне сүйене отырып жас өсуімен халықтың денсаулығы нашарлайтынын байқаймыз.
Сонымен қатар, экономикалық қиыншылықтарға байланысты көптеген жанұялар балаларын толық азық-түлікпен қамтамасыз ете алмайды.
Мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру сұрақтары қажет дәрежеде шешімін таппаған.
Ауыл мектебінің асханасында оқушылардың толық тамақтануларына мүмкіншілік жоқ, мұнда ыстық тамақпен қамтамасыз етілмеген, 230 оқушының тек 70%-і ғана мектеп асханасының қызметін пайдаланады.
Себебі, асханааны жеке адамдар жалға алып, пайда табу мақсатында қызмет етулеріне байланысты оқушыларға арнап арзанырақ бағамен тағамдарды сатуға қызығушылықта емес.
Бұл-күрделі экономикалық мәселе, ол тікелей бала денсаулығының дұрыс қалыптаспауына әкеледі.
Қалыпты санитарлық-гигиеналық жағдайлар қалыптаспай, жұқпалы аурулардың дамуына да жол ашылуы мүмкін.
Себебі мектепте сумен қамтамасыз ету жүйесі нашар дамып, санитарлық жағдай төмендеген. Мектепте медицина маманы жоқ, оқушылар арасында кеңес беру сабақтары жүргізілмейді. Вирустық гепатитке қарсы егу жүргізілмеуі себепті жаппай жұқпалы аурудың тарауы мектептің уақытша жабылуына әкеледі. 2002 жылы 7 бала, 2003 жылы 4 оқушы гепатитті жұқтырған.
Бұның барлығы аурудың алдын алу шараларының жеткілікті дәрежеде жүргізілмегендігін білдіреді.
Білім алу көрсеткіштері бойынша мектеп жасындағы балалардың барлығы оқуға тартылған.
Мемлекеттік грант пен несиеде оқушылардың үлесі 6% мөлшерінде. Аз қамтылған жанұялардың балалары жоғары білім алуға мүмкіншіліктері жоқ, жалпы студенттердің саны жылдан жылға азайып бара жатыр, себебі халықтың тұрмыс деңгейінің төмендігіне байланысты және ақылы оқу бағасының қымбаттауына байланысты жоғарғы оқу орнына түсушілердің саны азаюда.
Халық арасындағы мәдени-тәрбиелік жұмыстардың жүргізілмеуі қылмыстылықтың дамуына әкелуде. Себебі, мектеп оқушылары сабақтан тыс уақытта үйірмелерге, қосымша сабақтарға тартылмаған.
Мектептерде факультативтік сағаттар қысқарған, спорт үйірмелері жоқ, тек аудандық спорт жарыстары алдында ғана уақытша дайындықтар өткізіліп, оқушылардың арнайы бөлігі үйірмелерге тартылады, бірақ бұл жеткіліксіз. Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды қарастыру қажет.
Ауыл халқының тұрмыс деңгейін талдау қорытындылары.
Интегралды индикаторлар:
- Адам дамуының индексі
Қазақстан 0,7-0,8
Зайсан ауданында 0,6
- Халықтың кедейшілік индексі
Қазақстан –24,9
Шығыс Қазақстан –23,9
Өскемен-4
Тарбағатай ауданы-30
Зайсан ауданы-29
- өмір сүру ұзақтығының индексі-0,7
- Нақты кіріс индексі-(-0,01)
- Жұмысшылардың орташа еңбекақысы:
Шығыс Қазақстан облысы-18600тг
Зайсан ауданы-11310 тг
- Туу деңгейі -1,6%
- Өлім коэффициенті-0,9%
- Халықтың білімділік индексі-0,99
- 10000 адамға шақққандағы дәрігер мен медбике саны
облыста 34,5 және 71,4
ауданда 20,5 және 60,5
- Ресми жұмыссыздық деңгейі-3,1%
- Асыраушылық коэффициенті-0,2(20,6%)
- күнелту минимумы-5197тг
- жан басына шаққандағы орташа кіріс
Зайсан ауданы-8046тг
үй шаруашылықтарын зерттеу қорытындылары бойынша-2737тг
- тұтыну шығындарының құрылымы
Қазақстанда азық-түлік шығындары-49%, ақылы қызметтер -17%, үй шаруашылықтарын талдау қорытындылары бойынша азық-түлік шығындары-82%, білім, демалыс, емделу шығындары-5%.
Қорытындылай келе, облыстық немесе аудандық деңгейде тұрмыс деңгейін статистикалық мәліметтерге сүйене отырып талдау мен үй шаруашылықтарына іріктемелі зерттеу жүргізу қорытындылары арасында үлкен айырмашылықтар байқалады. Аз қамтылған халықтың кірісінің үлесі өте төмен болғандықтан жан басына шаққандағы кірісті есептегенде қамтылғандардың түсімінің салыстырмалы өте жоғары болуына сәйкес орташа кіріс күнелту минимумынан жоғары болып отыр. Кедей халықтың нақты санын қамтылғандардың “көлеңкесінде” қалуына байланысты анықтау мүмкін болмауда.
3 ӨМIР САПАСЫН ЖОҒАРЫЛАТУ ШАРАЛАРЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
3.1 Әлеуметтік қорғау жүйесін тиімді ұйымдастыру шаралары
1998 жылға дейін Қазақстанның әлеуметтік қорғау жүйесі Кеңестер Одағының дәстүріне негізделген. Бұл жүйенің нарықтық экономиканың шарттарына сәйкес еместігіне байланысты 1998 жылы түбегейлі реформа жасалынған. Реформаның бастапқы кезеңдерінде халыққа кең ауқымды көмек көрсетужүйесі сақталған, бірақ бұл саясат ұзаққа бармады.
1998 жылдың қаңтарынан бастап зейнетақы жүйесі реформаланып, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көштік. Әлеуметтік сақтандыру қоры, зейнетақы және жұмыспен қамту қорларының жабылуына байланысты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру көздері де өзгеріске ұшырады.
Зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы төлеу жауапкершілігі республикалық бюджетке жүктелді. Халықтың әр түрлі категорияларына тегін қызмет көрсету түріндегі жеңілдіктердің орнына арнайы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындалып, әлеуметтік қажеттіліктерге бағытталған қаржылардың тиімді қолданылуына мүмкіндік туғызып, бюджет ауртпашылығын екі еседен артық жеңілдетті.
Бірақ, арнайы мемлекеттік жәрдемақыларды төлеу халықтың кедей бөлігін қлдауға бағытталмады. Нарықтық экономикаға көшумен байланысты туындаған кірісті бөлудің теңсіздігі мәселесін шешу міндеттерін алға қойды. Себебі, әлеуметтік көмек жанұя кірісінің әртүрлілігін ескермей төмендегі категориялы топтарға төленді:
-аз қамтылған балалы жанұяларға біргелкі жәрдемақы.
-әскер қатарындағылардың балаларына.
-СПИД-ке шалдыққан балаларға.
-мүгедек балаларға.
-4 немесе одан да көп балалы жұмыс істемейтін және жалғызбасты аналарға.
1990 жылдың соңында Қазақ ССР-нің Министрлер Кеңесінің шешімімен 1,5-6 жас аралығындағы балаларға минималды жалақының 2 еселік деңгейіне дейінгі орташа кірісті жанұяларға минималды жалақының 50% мөлшерінде айлық жәрдемақы төленген.
1998 жылға дейін халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсетуде 2 еселік есептік көрсеткіш қолданылған[7].
1999 жылдың соңында «Күнелту минимумы туралы» жаңа Заң қабылданып, 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Бұл заңда негізгі көрсеткіш ретінде кедейшілік шегі қолданылған. Әлеуметтік көмекті тағайындау хұқығы аймақ әкімдеріне жүктелген. Күнелту минимумы -минималды тұтыну корзинасының құнына тең бір адамға қажет минималды кіріс деңгейі.
Кедейшілік шегі әлеуметтік көмекті көрсету негізі болып табылады. Ол республикадағы экономикалық мүмкіндіктер шегінде белгіленген адамдардың минималды қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажет кірістің мөлшері. Кедейшілік шегі мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктері тұрғысынан анықталғандықтан ол адамдардың минималды қажеттіліктерін өтемеуі мүмкін. Бірақ, кедейшілік шегін жоғарылату елдегі кедейлердің санын артырады, екінші жағынан, бұл кедейшілікпен күрес саясатына қарсы келеді, себебі халықтың бір бөлігінің біреудің асыраушылығында болуы арта түспек[1].
2002 жылдың 1 қаңтарында енгізілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңында жанұяның кірісін және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін анықтау түсініктері мен ережелері берілген.
Атаулы әлеуметтік көмекті алуға мүдделі тұлғаның жиынтық кірісі құжаттар негізінде есептеледі, жиынтық кіріс құрамына атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегі енгізілмейді.
Жан басына шаққандағы орташа кіріс тоқсандық жиынтық кірісті жанұя мүшелерінің санына және 3 айға бөлу арқылы анықталады. Атаулы әлеуметтік көмек орташа жан басына шаққандағы кіріс пен кедейшілік шегінің айырмасы шегінде белгіленеді[2].
Ресми кедейшілік шегі күнелту минимумының 38%-і мөлшерінде анықталған.
Әлеуметтік көмек мөлшері кедейшіліктің асқыну деңгейіне тәуелді, яғни жанұя неғұрлым кедей болған сайын, соғұрлым көбірек әлеуметтік көмек алады. Әлеуметтік көмектің кедейшілік шегіне дейін жетпеген соманы төлеу әдісі кедей халықтың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді, бірақ атаулы әлеуметтік көмек төленуге тиіс адамдарды дұрыс анықтау қажет.
Қазіргі кезде атаулы әлеуметтік көмекті есептеу механизмі жетілдірілмеген. Жергілікті жер ерекшеліктері, елді мекендердің өнеркәсіп орталықтарынан шалғайлылығы, табиғи климаттық жағдайлар ескерілмейді.
Жылдық жиынтық кірісті есептеу методологиясында кемшіліктер, түсінбеушіліктер жеткілікті, бұл әлеуметтік қорғау қажеттілігіне субъективті бағаны туғызады.
Еңбек пен әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша 2002 жылы сәуірде атаулы әлеуметтік көмек алуға еңбекке қабілетті азаматтардың 52%-і үміткер болған. Ауыл тұрғындары үшін еңбек еткеннен гөрі атаулы әлеуметтік көмек алу тиімді болған.
Кедейшілікті жоюдағы әлеуметтік қорғау жүйесінің неғұрлым маңызды бағыты-жұмыспен қамтуды арттыру стратегиясын жасау, бұл бүгінгі күн кірісін ғана арттырып қоймай, кәрілік шақта да қамтамасыз етудің шарты болып табылады.
Әлеуметтік қорғау шаралары төмендегілерді қамтиды:
- Халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуын ынталандыру – жеке кәсіпкерлікпен айналысу үшін патент төлемін азайту, ұсақ саудагерлердің салық төлемдерін жою, аз кірісті кәсіпкерлерген салық жеңілдіктерін жасау.
- Шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің аймақтық кәсіби одақтарын құру.
- Жұмыс істейтін азаматтарды міндетті әлеуметтік сақтандыруды енгізу.
- Негізгі азық-түлік тағамдарына, балалардың тауарларына және дәрі-дәрмектерге, табиғи монополия тауарларына бағаны реттеу.
- Шағын және орта бизнеске мемлекеттің тарапынан көрсетілетін көмектің дұрыс ұйымдастырылуы.
Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары: кірісті, жұмыспен қамтуды реттеу, әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін құру. Әлеуметтік қорғау жүйесі әлеуметтік саясаттың негізі болып табылады. Елімізде әлеуметтік саясатты Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен облыс әкімдеріне әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау, оны тағайындау және төлеу хұқығы берілген. Жанұялық көмек, баланың дүниеге келуіне байланысты көмек, жұмыссыздарға материалдық көмек жан басына шаққандағы айлық кіріс 2 айлық есептік көрсеткіштен аспағанда төленеді.
Тәжірибе бойынша біргелкі әлеуметтік салықты енгізу сақтандыру төлемдерін жоққа шығарды. Қазақстанда шет елдердегі сияқты әлеуметтік қорғаудың негізі ретінде әлеуметтік сақтандырулар алынуы тиіс. Ол қаржылық ресурстардың мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етеді.
«Халықты әлеуметтік қорғау концепциясына» сәйкес «Міндетті әлеуметтік сақтандыру» заң жобасы дайындалуда. Мұнда еңбек қабілеттілігі мен асыраушысынан, жұмысынан айырылған жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандырудың хұқықтық, экономикалық, ұйымдық жүйелері бекітілген. Сақтандыру төлемдерінің көлемі жұмсышылардың кірісінің 3%-ін құрайды және оны жұмыс беруші төлейді. Бұл жүйенің артықшылығы - әрбір азамат өз болашағы үшін жеке жауапкершілік алып, әлеуметтік сақтандыруға ұмылады.
Кедейшілік деңгейі біздің заң бойынша минималды қажеттіліктерге емес, бюджеттің мүмкіншіліктеріне негізделген. Бұл – бюджет 0-ге ұмтылса, халық қажеттіліктері де 0-ге ұмтылуы тиіс дегенді білдіреді. Тұтыну корзинасына 20 түрлі азық-түлік тағамдары енеді, ал адамдардың қалыпты физикалық жағдайын қамтамасыз ету үшін тамақ өнімдерінің ассортименті 2 есе көбеюі тиіс.
Халықтың тұрмыс деңгейінің артуы, кіріс пен жалақыны өсіру қоғамдағы шаруашылық және еңбектің мотивация жүйесінің қаншалықты дамығандығына байланысты. Мотивация дегеніміз – адамдардың мінез-құлқын бағыттайтын ішкі факторлар. Мотивтерді биологиялық және әлеуметтік деп бөлеміз. Биологиялық мотивтерге тамақ, баспана, демалыс, денсаулық т.б. жатады. Әлеуметтік мотивтер адам психологиясымен байланысты: қоғамдағы орны, сәттілік, еркіндік, сенімділік т.б. Сол себепті, әрбір жанұяның тұрмыс деңгейі макроэкономикалық конъюнктурамен ғана емес, оның таңдаған экономикалық стратегиясымен, жеке шаруашылық мінез-құлқымен байланысты. Себебі, әрбір адам өзінің мақсаттарын нақты айқындап, соған қол жеткізуге ұмтылуы тиіс.
Дамыған нарықтық экономикада әлеуметтік қорғау 2 бөлімнен тұрады:
- Еңбек қабілеттілігін жоғалтуға байланысты төленетін әлеуметтік көмек (денсаулығына байланысты, кәрілік, баланың дүниеге келуі);
- Әлеуметтік қызметтердің кешені – дәрігерлік қызмет, демалыс, жұмысқа орналастыру қызметі, кәрілерге қызмет көрсету.
Қаржы көздеріне байланысты әлеуметтік қорғауда әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмек ажыратылады. Ұйымдардағы барлық жұмысшылар (әлеуметтік салық төлейтін) әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылады.
Алға қойған мақсаттар орындалуы үшін, яғни халықтың әлеуметтік қорғалуын тиімді жүзеге асыруүшін төмендегі міндеттер шешілуі тиіс:
- Әлеуметтік қорғаудың белсенді және белсенді емес шараларын жетілдіру және дамыту;
- Отандық тауар өндіріушілердің бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерліктің дамуы үшін жағымды жағдай жасау;
- Білім беру, денсаулық сақтау, атаулы әлеуметтік көмек алуға «кедей» халықтың қолының жетуін қамтамасыз ету;
- Халық пен мемлекеттік емес секторды қатыстыра отырып мемлекеттік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету;
- Кедейшілік мәселесін шешу бойынша ортылық және жергілікті басқару ұйымдарының бағалау жұмыстарының жүйесін жетілдіру.
ХХI ғасырдың негізгі мәселелерінің бірі - әлеуметтік әділеттілік пен өндірістің экономикалық тиімділігін қаматамасыз ету. Әлеуметтік әділеттілік нарықтық экономиканың заңдарына қайшы келеді, сол себепті бәсекелі экономика жағдайында мемлекеттің араласуы қажет. Әлеуметтік қорғау мен кедейшілікпен күрестің негізгі және маңызды жағдайы – экономиканың дамуы. Экономикалық заңға сәйкес ЖҰӨ - нің 2,7% - ке артуы жұмыссыздықтың тұрақты деңгейде сақатлуын қамтамасыз етсе, әрбір қосымша 2% - тік өсім жұмыссыздық деңгейін 1% - ке азайтады. Бұдан шығатын қорытынды: халықтың өмір сапасын жоғарылату тек мемлекеттің әлеуметтік көмек көрсетуі арқылы жүзеге асуы мүмкін емес, ол үшін жалпы экономикалық жағдай жақсарып, адамдардың еңбекке деген мотивациясын қалыптастыру қажет.
3.2 Аймақтық деңгейде тұрғындардың тұрмыс деңгейін жақсарту шаралары
Қазір ауыл шаруашылығында алда тұрған күрделі мәселелердің бірі – жекеменшік жағдайында ірі тауарлы өндіріске өз еркімен бірігудің жағдайын шешу. Ел халқының жартысы ауылда тұратын мемлекет бүгінгі әлемде болмайды, мысалы, Америкада халықтың 3%-і ғана ауыл шаруашылығымен айналысады.
2003-2005 жылдар ауылды дамытуға арналғаны белгілі. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың белгілеген ұсыныстары төмендегідей:
1) Мемлекеттің қаржы-экономикалық, соның ішінде әлеуметтік және ауыл шаруашылық саясаты келешегі бар аумақтарға мақсатты бағытталуы тиіс.
2) Ішкі көші-қонды тиімді ұйымдастыру.
3) Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 3 жылдық бағдарламасын жасау, несиелендіру, жерді жеке меншікке беру, ауыл шаруашылық өндірісін сақтандыру мәселелеріне көңіл аудару.
4) Әлеуметтік салаға баса назар аудару, яғни 2003-2005 жылдары жыл сайын ауылда білім беруді, денсаулық сақтауды, ауыз сумен қамтамасыз етуді қаржыландыру көлемін 10 млрд теңгеге ұлғайту, ауыл шаруашылығын дамытуға жыл сайын қосымша 8-10 млрд тенге бөлу[4].
Осы міндеттерге сәйкес Зайсан ауданында ауыл шаруашылық азық-түлік бағдарламасы жасалынған. Оның негізгі мақсаты – аудан халқының азық-түлікпен өзін-өзі қамтуды тиімді жүйе негізінде қалыптастыру. Ауданда аграрлық азық-түлік секторы қатал дағдарысты бастан өткізіп, 1998 жылдан бастап ғана ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру біраз ұлғая бастаған.
Ауданда ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту арқылы жан басына шаққандағы өнім көлемінің артуы нәтижесінде халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға болар еді. ¤ндіріс дамып, жаңа жұмыс орындары ашылған кезде ғана нақты өсімге қол жеткізуге болады.
Ауыл халқының жұмыссыздығының артуының негізгі себептері:
-ұлттық экономиканы дамытуда ауыл шаруашылығы стратегиясының дұрыс құрылмауы.
-жаңа экономикалық жағдайға ауыл шаруашылық кадрларын даярлау жүйесінің сәйкессіздігі.
-ішкі және сыртқы нарықтағы ауыл шаруашылық тауарларының сұранысы талданбаған.
-ауыл шаруашылығы өндірісінің, әсіресе, мал шаруашылығының жалпы құлдырауы.
-ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қайта құру, меншік формаларының өзгеруі.
Халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту үшін шаралар:
1) Жаппай жұмыссыздық жағдайынан шығу үшін ауылда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін шаруа қожалықтарын немесе басқа да кішігірім шаруашылық бірлестіктерін құру қажет. Олар кем дегенде 15-20 үй шаруашылықтарын біріктіру қажет. Нақты жұмыс қолы 40-50 адамды құрайды, әсіресе, жанұя мүшелерінің ешқайсысы жұмыс істемейтін үй шаруашылықтарын қамту керек.
‡й шаруашылықтарын шаруа қожалықтарына біріктіру тиімді, себебі өнім өндіру нәтижесінде алынған түсім халықтың қосымша кіріс алуына мүмкіндік береді.
2) Кірістің тең үлестірілуін қамтамасыз ету үшін дамыған елдердің халықтың тұрмыс деңгейін жоғарылатуға қолдау көрсету тәжірибелерін қолдануымыз қажет. Мысалы, Канадада елдің солтүстігіне қосымша төлемдерді стандарттау жүйесі енгізілген, яғни мұнда аймақтың «солтүстіктілік» дәрежесі жасалынып, соған сәйкес жалақы, қызмет дәрежесі, шаруашылық саласына байланыссыз түрде қосымша төлемдер жасалынады.
Экономикалық дамыған елдерде тұрмыс деңгейінің аймақтық айырмашылықтары дифференцияланған минималды жалақыны белгілеу жолымен теңестіріледі. Мұндай тәжірибе АҚШ-та жасалынған, мұнда минималды жалақы федералды деңгейде сағатына 5,15$ болса, штаттарда 1,60-6,2$/сағ дейін ауытқиды.
Қазақстан Республикасында ең жоғарғы орташа номиналды жалақы Маңғыстау; Атырау облыстарында байқалса, ең төменгі жалақы АҚШ, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында дәстүрлі түрде көрініс табуда.
Сонымен, аймақтар бойынша жалақы дифференциациясын қалыптастыру үшін төмендегі шараларды жүзеге асыру қажет:
-Қазақстан Республикасының аймақтарына климат қолайсыздығы бойынша ғылыми негізделген топтама жасау. Бұл жұмыс ҚР ¦лттық ғылым академиясының географиялық институтымен жүзеге асырылуы мүмкін.
-Тамақтандыру институты мамандарымен әр түрлі табиғи-климаттық зоналар үшін дифференциалданған тұтыну корзинасының жиынын жасау нәтижесінде жергілікті жер ерекшеліктерін ескерген тұтыну шығындарының қажет мөлшері анықталды. Бірақ, азық-түлік емес тауарларының құрылымын анықтаумен айналысатын арнайы ұйымның болмауына байланысты сәйкес қиыншылықтар туындайды.
-Аймақтық күнелту минимумының негізінде минималды жалақыны дифференциалды түрде тағайындау.
Бұл шаралар мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатының түбегейлі өзгерістерін талап етеді, сонымен қатар қаржы мен уақыт факторлары да үлкен роль атқарады.
- Оқушылардың жоғары білім алуын қамтамасыз ету
4) Қазақстандағы орташа жас ұзақтығын арттыру мақсатында төмендегі шараларды жүзеге асыру қажет:
-Салауатты өмір сүруді қамтамасыз ету, нашақорлықпен күрес мақсатындағы ақпараттар көздерін, жергілікті қоғамдық ұйымдардың қызметін белсендіру.
-Халықты жұқпалы және паразиттік аурулардан қорғаудың жүйелі шараларын жүргізу.
-Туберкулезбен ауыратын адамдарды аурудың алдын алу мақсатында бөлек орналастыру сұрақтарын шешу.
-Қан, ісік ауруларының азаюы мақсатындағы экологиялық жобаларға мемлекеттік инвестицияның ағымын реттеу.
-СПИД бойынша ұлттық стратегияға сәйкес ерікті тестілеу, кеңес беру, белсенді профилактикалық жұмыстарды дамыту.
5) Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауда үй шаруашылықтары өнімдерінің түсімін есептеу әдістемесін жетілдіру. Жоғарыдағы талдаулар нәтижесі көрсеткендей мал өнімдері нормативтік ережеде көрсетілгендей түсім әкелмейді, соның әсерінен атаулы әлеуметтік көмек мөлшері азаяды. Етті бағыттағы ірі қара малдың жылдық түсімі 42785тг емес, 14600тг деп алынса аз қамтылған халықтың кірісінің деңгейін кедейшілік шегіне дейін жеткізуге мүмкіндік болар еді. Бірақ, әлеуметтік көмек халықтың күнелту минимумының 38%-ін ғана қамтамасыз етеді,яғни 1975 теңге барлық бірінші реттік қажеттіліктердің өзін қамтамасыз ете алмайды. Кедейшілік шегін жоғарылату, екінші жағынан, халықтың асыраушылық көңіл-күйін тудырады. Сол себепті, еңбекке жарамды жұмыссыз адамдар үшін атаулы әлеуметтік көмек төлеудің басқа жүйесін енгізіп, асыраудағы бала санына байланысты жеке әлеуметтік көмек тағайындалуы қажет.
6) Жергілікті жердің табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты тұтыну корзинасының құнын анықтауда азық-түлікке, тұтыну тауарларына жұмсалатын шығындардың айырмасын ескеру қажет, таулы аймақ болғандықтан Адам денсаулығына климаттың кері әсерін, қыстың ұзаққа созылуына байланысты жылумен қамтамасыз ету шығындарын есептеу керек. Бірақ, бұл өте күрделі және уақытты қажет ететін жұмыс. Ол үшін әрбір аймақта осы жұмыстармен айналысатын зерттеу орталығы ашылуы тиіс, сонда ғана нақты тұрмыс деңгейін бағалауға мүмкіндік туады. Сонымен қатар, тұтыну корзинасына енетін азық-түлік жиынының құндылығы 2100 ккал, ал АҚШ-та 3000 ккал және азық-түлік жиынының үлесі бізде 70% болса, АҚШ-та 33 %, яғни тұтыну шығындары 2 еседен артық деңгейде қарастырылған. Әрине, дамыған елдің тұрмыс деңгейін бізбен салыстыру мүмкін емес. Соған қарамастан, күнелту минимумының деңгейін жоғарлату шараларын қарастыру қажет. Жалақыны тағайындауда да жергілікті коэффициенттерді қолдану керек. Сонымен, Қазақстан Республикасының аймақтарын климат қолайсыздығы бойынша ғылыми негіздеп топтама жасау арқылы дифференциалды тұтыну корзинасын жасау және минималды жалақыны дифференциалды тағайындау.
7) Мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру саясаты жүргізілуі тиіс.
ҚОРЫТЫНДЫ
Таяудағы болашақта облыстық және жергілікті бюджнттегі шектелген ресурстармен жүргізіліп жатқан реформалардың әлеуметтік зардаптарын жұмсарту жолдарын ізденуіміз қажет. Бұл мақсат бюджетке тиімді де қолайлы, мұқтаж халықтың табысын көтеру бағдарламасы көмегімен орындалуы мүмкін. Осндай бағдарламалардың негізгі бір элементі - әлеуметтік трансферттердің адрестілік принципі.
Әлеуметтік бағдарламалардың адрестілік принципін жүзеге асырудың ең бір кең таралған механизмі ретінде қолда бар табысты немесе мұқтаждықты тексеру болып табылады.
Мұқтаж адамдарды олардың табысын өлшеу жолымен анықтау халықтың тұрмыс деңгейінің критериі – табыс мөлшерін анықтайтын және қандай да бір әлеуметтік көмек түрін көрсетуге көмектесетін кедейлік шегі болып табылады.
Кедейлік шегін анықтайтын негізгі көрсеткіш – ол күнелту минимумы.
Облыстық қаржылық мүмкіндік деңгейімен анықталған жанұя мүшелерінің жалпы табысы кедейлік шегі мөлшерінен төмен болса, олар әлеуметтік көмек көрсетілуге мұқтаж адамдар болып табылады.
1998 жылдың 12-ақпанындағы №103 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген1998-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының аз қамсыздандырылған азаматтарына шағын кредиттер беру Бағдарламасы орташа жан басына шыққандағы табыс деңгейі күнелту минимумының төмен катерориядағы адамдарды ұйғарады.
1998 жылдың 1-ақпанынан бастап облыстың халықты әлеуметтік қолдау және еңбек органдары жергілікті бюджеттен бөлінетін мемлекеттік жәрдем ақы төлене бастады. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдем ақы алатындар саны 68586 адам. Облыс бойынша жанұя жәрдем ақысын алатындар саны 17393 адам. Жәрдем ақы алатын 105402 адамға 1997 жылы 1,4 млрд. теңге жәрдем ақы төленбеді.
Оңтүстік Қазақстан облысында 30.07.98 жылы әлеумуттік-экономикалық дамудың жергілікті мүмкіншіліктерімен анықталған кедейлік шнгінен төмен тұратын жанұя саны 153478, ал бүкіл облыс бойынша барлық жанұя саны 392588. Бұл облыстағы халықтың жартысынан көбісі кедейлік шегінен төмен деңгейде тұрады деген сөз.
Кедейлік шегінен төмен тұратын жанұя санын азайту үшін, мынадай шаралар жүгізілуі қажет:
- Жалақы түріндегі халықтың табысын көтеру;
- Үкімет тарапынан және жергілікті бюджеттен берілетін әлеуметтік көмек пен жәрден ақылардың адрестілігін қамтамасыз ету;
- Шағын және орта бизнесті дамыту арқылы халықты жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз ету;
- Жұмыс күші бағасын, бірліктігін көтеруді ынталандыру;
- Мұқтаж азаматтарға әлеуметтік инфрақұрылым мен коммуналды қызмет көрсетулерге жеңілдіктер беру және тағы басқа.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаладың әлеуметтік зардабын азайиу үшін мемлекеттің реформалар ауыртпалығын біртіндеп аймақтар деңгейіне бағыттап, орталық және жергілікті басқару органдарының аймақтық өзара іс-қимыл жасауына, аймақтың өзін-өзі басқарудың дамыту принциптеріне негіздеп, тиімді саясат жүргізу қажет.
Қазақстанның 2030-жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998-2000 жылдарға арналған Бағдарламасындағы әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шншуде жергілікті өкімет органдарының өкілеттігін айтарлықтай күшейту қажет /14/.
Өтпелі кезеңде әлеуметтік процестерді басқаруда келесі негізгі мәселелер шешілу қажет:
Біріншіден, баға мен еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың тиімді саясатын жасау.
Екіншіден, нарық қатынастарына көшу жағдайында әлеуметтік процестерді басқарудың ғылыми негізделген әлеуметтік нормативтерін жасау мен қолдану.
Үшіншіден, барлық деңгейде – республикалық, аймақтық, облыстық, аудандық, еңбек ұжымдарының жауапкершілігі мен қызметін ескеретін әлеуметтік кепілдік жүйесін жасау /15/.
Халықты әлеуметтік жағынан қолдау шараларына арналған заңдар Қазақстанның заң шығарушы органдарында маңызды және көңіл қоюды талап ететін бөлігі болуы қажет. Сонымен қатар мемлекет саясатының әлеуметтік аспектілері жүйелі сипатта болуы тиіс.
Айта кету керек, біздің Конституциямызда Қазақстан Республикасы өзін әлеуметтік мемлекет ретінде бекітілуі кездейсоқ емес.
Қазақстан үшін жұмыс бастылықтың оның демографиялық құрылымының есебімен мәселелерін шешуі маңызды болып тұр. Жұмыс-басшылықтың дәстүрлі территориялық құралы, еңбек және еңбек жнткіліксіз аймақтарды бөлуге әсер еткен демографиялық жоспардың ерекшеліктерімен байланысты.
Жұмыссыздықтың қауыпты салдарынан қорғану үшін, Үкімет, барлық атқарушы билік, парламент кәсіпкерлікті, бәрінен бұрын жеке жанұялық және кіші бизнесті, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, тұрғын-үй құрылысын жандандыру бойынша толық кешенді шаралар қабылдау қажет.
Экстремалды қайыршылық категориясына кіретін тұрмысы нашар жанұялардан (зейнеткерлер, мүгедектер, жалғыз-аналар және көп балалы жанұялар) басқа кедейлердің жаңа категориялары пайда болды:
- Жұмыссыздар;
- бюджеттік сфераның төмен жалақылы өкілдер;
- ауылдың халықтары;
- мәжбүрлік демалыста жүрген жұмысшылар;
- бірнеше айлар бойы жалақы алмаған жұмысшылар:
- жастар /16/.
Қазақстанның кедейлік бейнесі, сондай-ақ басқа да ТМД елдерінде, түбегейлі түрде дамушы елдердің кедейлігінен айрықшаланады. Біріншіден, Қазақстанда қаңғып жүрген адамдар категориясының көптігі, олар жалақы төлемін кешіктіруінен, жинақ есебіне өмір сүруге мұқтаж. Екіншіден, сапалы құрамы да (білім, профессионалды дайындық) айрықталанады.
Қазіргі уақытта мемлекет үшін, халықтың әлеуметтік сфера салаларының қызметімен қандай көлемінде пайдалана алатынына байланысты, жеке материялдық мүмкіндіктерін таңдай алатындай жағдайларын қамтамасыз ету маңызды болып табылады.
Осымен қатар қоғам, экономикалық қиыншылықтырға қарамастан барлық азаматтарды минималды мөлшерде тегін немесе жеңілдік негізде тұрғын-үймен, медициналық қызметпен және басқа да әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етуіне кепілділік ету қажет.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік сфера дамуының нәтижелерінің маңызды көбейтетін шараларын кешенін анықтау мен өткізу, оның ресурстық қамтамасыз ету мәселелерін зерттеу проблемаларын шешу өте актуалды болып келеді.
Әлеуметтік мақсаттар мен тапсырмаларды жасауды тиімді қызметтесетін жүйесі болып табылатын әлеуметтік бағыттылыққа ие нарықтық экономика құру, елдің бүкіл халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, орта және ұзақ мерзімді болашақта әлеуметтік сфераның дамуының әдістемелік ережелерін жасауды талап етеді, халыққа әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмектің көлемін көбейту үшін қажетті қаржылай шараларын жасау керек.
Халық табысты өзінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өндіріс және жинақтау мақсатына пайдаланады. Өтпелі экономикадағы елдер үшін халықтың табысын реттеу өте актуалды, себебі өтпелі кезеңде халықтың өмір сүру деңгей тез төмендеуі байқалады.
Кедейшілік мәселесін әлеуметтік қолдау шараларымен, яғни жәрдем ақылар мен жеңілдіктер төлеу арқылы, елдегі қаржы тапшылығы кезінде шешу мүмкін емес.
Азия Даму банкісінің шешімі бойынша жұмыссыздық елдегі кедейшілік мәселесімен маңызды деңгейде әсер етеді және сондықтан да жаңа жұмыс орындарын ашу кедейшілікті төмендету бағдарламасының бір тіреуі болып табылады. Орталық жұмыссыздықпен күресу ауыртпалығын әлеуметтік сферадан жұмысбастылық сферасына ауыстыру қажет, яғни еңбек рыногының белсенді саясатына көшіру болып табылады.
Жұмысбастылықты кеңейту үшін қоғамдық жұмыстарды белсендіру қажет. АҚШ-да “әлемдік дағдарыс” жылдарында қоғамдық жұмыстар арқылы бір топ жұмыссыздарды қысқартуға маңызды әсер етті.
Жұмысбастылық саласында болашақта альтернативті нормаландырудың мақсатында Азия Даму банкісі орта және кіші бизнесті қолдау арқылы шешуге болады деген көзқараста.
Дамыған елдерде экономикалық дамудың негізгілерінің ішінде кіші бизнесті жеңілдікпен салық салу және несиелеудің икемдігі жұйесі болып табылады. Осындай кіші несиелер бөлу арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу арқылы, әлеуметтік тапсырмалардың бірі – кедейлікпен күресу мәселесін шешуге болады /17/.
2005 жылдың соңында Алматы қаласы бойынша жұмыссыздықтар саны 58 мың адамға азайады, қазіргі уақытта 70 мың адамды құрайды. Осы болжанып отырған кезеңнің соңында бұл көрсеткіші 45-55 мың адам белгіде тұрақталады.
Ортаайлық жалақы мөлшері 3 жыл ішінде 60-70%-ға өседі және болжанып отырған кезеңнің соңында 30-35 мың теңгені құрайды.
Бұл жұмыста халықтың тұрмыс деңгейi аймақтық деңгейде талданған. Ауыл халқының тұрмыс деңгейiнiң қала халқымен салыстырғанда төмен екендiгiнiң төмендегiдей себептерi анықталған:
-ауылдағы жаппай жұмыссыздық;
-ауыл шаруашылығы саласының жалақысының салыстырмалы төмендiгi;
-әлеуметтiк инфрақұрылым желiлерiнiң жеткiлiктi дамымауы;
-ақылы қызметтерiнiң жүйесi жетiлдiрiлмеген;
-үй шаруашылығын жүргiзуге еңбек шығындарының жоғарылығы.
Өмір сапасын талдай отырып төмендегі қорытындылар жасалынған:
- Өмір сапасы категориясы ретінде адамдардың өмір сүруі үшін тұтыну, материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін қажет кіріс алу қатынастарын сипаттайды. Соған сәйкес, өмір сапасы көрсеткіші жүйесінде кіріс, тұтыну және әлеуметтік көрсеткіштер негізгі болып табылады.
- Ауыл халқының тұрмысы ХХI ғасыр талаптарын қанағаттандырмайды, себебі халықтың көп бөлігі қажеттіліктерінің негізгі бөлігін қанағаттандыра алмайды. Кіріс дифференциациясы өте жоғары. Денсаулық және білім беру саласының қызмет сапасы төмендеген.
- Әлеуметтік институттарды рефоормалау және нарық субъектілерінің санасына жаңа нарықтық «ойын ережелерін» енгізу. Қоғамда қалыптасқан «экономикалық адамның» жаңа типі мемлекетке сенім артпай, өз күштеріне жүгінуі тиіс. Сонымен қатар, коррупция жойылып, халықтың «асыраушылық» мінез-құлқын жою қажет. Макроэкономикалық тұрғыдан дамуды қамтамасыз ету арқылы әрбір адамның тұрмысын жақсарту мақсаты алға қойылуы тиіс.
- Орта классты қалыптастыру үшін шағын және орта бизнесті дамыту.
- Әлеуметтік – экономикалық саясатты кірістің дифференциалдығын шектеуге бағыттау. Себебі, байлықтың бір адамның қолында жинақталуы оның билігін арттырып, қоғамға кері әсерін тигізеді. Сол себепті, меншікті жеке адамның қолына шоғырландыраму (мүлікке, мұраға прогрессивті салық нормасын енгізу, меншіктің акционерлік формасын дамыту) саясатын жүргізу қажет.
- Еңбек қажеттіліктердің барлық түрін өтеуі тиіс, сонда ғана еңбекке мотивация артады. Ол үшін экономикадағы жеке қызығушылықтарды жойып, өндірістің легитимділігін қамтамасыз етіп, әділеттілік, мораль, жауапкершілік сияқты қасиеттерді қалыптастыру қажет.
- Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жетілмеген, жалпыұлттық әлеуметтік сақтандыру жүйесін жасау қажет.
- Қазақстанның ұзақ мерзiмдi тұрақты дамуын жүзеге асыру үшiн және кедейшiлiкпен күрестi тиiмдi жүргiзуде кешендi, жүйелi бағдарлама жасалуы тиiс.
- Кедейшiлiк мәселесiнiң көп аспектiлiгiн, ерекшелiгiн ескере отырып кедейшiлiкпен күрестi тиiмдi жүргiзу үшiн кедейлердi арнайы жiктеп, неғұрлым аз қамтылған аймақтар мен аудандарды анықтау қажет. Кедейшiлiкпен күрес бағдарламасы үкiметтiң басқа да жоспарларымен, стратегияларымен үйлестiрiлуi керек. Бұл бағдарлама тұрақты экономикалық өсiмдi, жұмыссыздықпен күрестi, атаулы әлеуметтiк көмек механизмдерiн жетiлдiрудi, кедейшiлiкпен кұрестiң жергiлiктi жоспарларын құруды, бiлiм алу мүмкiндiгiмен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, экологиялық сұрақтарды, кедейшiлiкпен күрестi қаржыландыру тиiмдiлiгiн арттыруды, кедейшiлiк деңгейiн анықтау механизмдерiн жетiлдiрудi қамтуы тиіс.
- Нарықтың алғашқы жылдарында халықтың біраз бөлігінің ірі қалаларға ағылатындығын, артынан кері қозғалыстың басталатындығын ғалымдар ерте бастан ескерткен. Себебі, алғашқы жылдары қалаға жаппай қоныс аударған, әсіресе, арнайы мамандығы жоқ ауыл тұрғындары көп ұзамай қала өміріне бейімделе алмай кері қайтуға мәжбүр болған. ‡кімет мұндай жағдайда жеке адамдарға қайда көшу қажеттігін айта алмас, алайда, ол бақылаушылық ролін күшейтуі тиіс. Мәселен, мемлекет шетелден көшіп келген оралмандарға квота белгілейді, қаржылық көмек көрсетеді. Осындай шараларды ішкі қоныстанушыларға қолданып, мемлекет тарапынан қолдау көрсету тиіс. Қазір Қазақстан экономикасында қандай аймақтардың, қандай өндірістік салалардың болашағы бар екендігі айқындалып отыр. Халық қозғалысын соған қарай бағыттау қажет.
- Жергiлiктi жерлер ерекшелiктерiне сәйкес айырмашылықтардың болуына байланысты минималды жалақыны дифференциалды тағайындауды енгiзу керек.
Еңбекшіқазақ ауданының аумағы 8,3 мың шаршы километр. Ауданда 206700 адам тұрады. Халықтың тығыздығы - шаршы километрге 24,7 адамнан келеді. Аудандағы елді мекендер саны – 79, ал ауылдық, кенттік округтер және қалалық әкімдіктер саны – 25. Оны 1 кестеден көруге болады.
Кесте 1 – Еңбекшіқазақ ауданындағы ауылдық және кенттік округтер
№ р/н | Ауылдық және кенттік округтердің атауы | № р/н | Ауылдық және кенттік округтердің атауы |
1 | Есік қалалық әкімдігі | 14 | Қорам ауылдық округі |
2 | Ават ауылдық округі | 15 | Қырбалтабай ауылдық округі |
3 | Ақши ауылдық округі | 16 | Масақ ауылдық округі |
4 | Аса ауылдық округі | 17 | Новоалексеев ауылдық округі |
5 | Балтабай ауылдық округі | 18 | Нұра ауылдық округі |
6 | Бөлек ауылдық округі | 19 | Октябрь ауылдық округі |
7 | Евгенемаловодный ауылдық округі | 20 | Рахат ауылдық округі |
8 | Жаңашар ауылдық округі | 21 | Саймасай ауылдық округі |
9 | Көктөбе ауылдық округі | 22 | Ташкенсаз ауылдық округі |
10 | Қазақстан ауылдық округі | 23 | Тескенсу ауылдық округі |
11 | Қаражота ауылдық округі | 24 | Түрген ауылдық округі |
12 | Қаракемер ауылдық округі | 25 | Шелек ауылдық округі |
13 | Қаратұрық ауылдық округі |
Еңбекшіқазақ ауданы Алматы облысындағы ең көпұлтты ауданның бірі болып табылады. Ауданда 10-ға жуық түрлі ұлт өкілдері тұрады.
Кесте 1 – Еңбекшіқазақ ауданындағы ұлттардың үлес салмағы
№ р/н | Ұлттар | ж ы л д а р: | ||
2004 | 2005 | 2006 | ||
1. | Қазақтар | 46,1 | 46,7 | 46,8% |
2. | Орыстар | 16,1 | 16,1 | 16,1% |
3. | Әзірбайжандар | 2,1 | 2,0 | 1,9% |
4. | Кәрістер | 0,6 | 0,5 | 0,4% |
5. | Күрдтер | 1,4 | 1,5 | 1,5% |
6. | Немістер | 0,8 | 0,9 | 0,8% |
7. | Түріктер | 5,7 | 5,9 | 5,7% |
8 | Ұйғырлар | 21,5 | 22,8 | 22,7% |
Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласы болып табылады. Бұл елді мекен туралы алғашқы дерек 1858 жылға жатады. 1867 жылдан бастап елді мекен - Надеждинск станицасы, ал 1918 жылдан Иссык станицасы деп аталған. Қала мәртебесі 1968 жылы берілген. 1992 жылдан бері қала Есік деп аталады. Қала аумағында бүкіл әлемге белгілі түркі тілдес халықтардың археологиялық ескерткіші «Алтын-Адам» табылған Есік қорғаны орналасқан.
Есік қаласы шағын қалалар қатарына жатады. Шағын қалаларға халқының саны 50 мың адамнан аспайтын қалалар жатқызылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда ондай қалалар саны 60.
Дамыған автокөлік инфрақұрылымы Есік қаласын Алматы облысының басқа қалаларынан ерекшелейді. Республикалық мәндегі автотрасса қала арқылы өтіп, Есік қаласын облыстың және республиканың басқа қалаларымен байланыстырады.
Қаланың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы, бай табиғат және ауыл шаруашылығы ресурстары оған қолайлы инвестициялық климат туғызып отыр.
Есік қаласы – ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша өнеркәсіптік кәсіпорындар негізінде экономикасы тұрақты дамып келе жатқан, тұрғындар мен қала қонақтарына жоғары деңгейде мәдени қызмет көрсетудің қазіргі заманғы желісі дамыған елді мекен болып табылады. Болашақта қаланы демалыс, туризм және экскурсияның халықаралық орталығына айналдыру міндеті қойылып отыр және осы бағытта іс-шаралар жүргізілуде.
Есік қаласының болашақта демалыс, туризм және экскурсияның халықаралық орталығына айналуы үшін және осының негізінде қала экономикасын өркендете отырып, халықтың әл-ауқатын көтеруге мүмкіндіктері мол. Атап айтқанда, қаланың Алматы қаласына жақын орналасуы; аймақты дамытудың нормативті-құқықтық жағынан қолдау табуы; экологиялық таза аймақта, көркем табиға аясында туризмді дамыту мүмкіндігі; инвестиция тарту мүмкіндігі; тарихи-этнографиялық мұражай мен басқа да туристік құрылымдарды салу. Сонымен қатар қаланың өсіп-өркендеуіне мол мүмкіндіктер ашатын оның күшті тұстарын да атап өтуге болады: қолайлы табиғи-климаттық жағдайлар; табиғат ресурстарының болуы; тарихи-мәдени мұралардың болуы; қалада тұратын 49 ұлт өкілдерінің ұлтаралық келісімі, ынтымағы; дамыған инфрақұрылым, көлік жолдарының жақындығы; өнеркәсіпті дамыту үшін базаның болуы; шағын бизнестің өркендеп-дамуы; еңбек ресурстарының молдығы, жоғары білімді мамандардың көптігі.
Дегенмен, Есік қаласының қарыштап дамуына кедергі келтіретін жағдайлар да жоқ емес. Оларды да қаланың әлеуметтік-экономикалық даму барысын талдау үшін ескеру қажет деп ойлаймын. Атап айтқанда, сел қауіпі, сейсмиклық қауіпті аймаққа жататындығы; нарықтың сапасыз тауарлармен толығуы; шағын қалалар мен олардағы кәсіпорындардың инвестиция тартудағы жоғары бәсекелестіктері; жеке бюджеттің болмауы; экономикалық әлеуеттің толық пайдаланылмауы; инфрақұрылымның физикалық тозуы; коммуналды кәсіпорындардың жұмысының сапасыздығы және жылу коммуникацияларының жоқтығы.
Есік қаласының аумағы – 25,8 шаршы км. Қаладағы халық саны 31500 адамды құрайды, аулалар саны – 7443. Қаланың көпшілік аумағын жеке сектордың үйлері алып жатыр (5979 аула). Мұнан басқа қалада 104 көпқабатты (2374 пәтер) тұрғын үйлер бар. Жеке үйлерде қаладағы халықтың 76 пайызы тұрады. Қосалқы шаруашылықтарда (578 гектар) көбінесе картоп, сонымен бірге 180 гектар жерге өсіріледі көкеністер және 197 гектар жерді баулар алып жатыр.
Кесте 1 – Есік қаласының әлеуметтік–экономикалық дамуы
Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | жылдар | ||||
2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Өнеркәсіп өнімінің көлемі (салыстырмалы бағамен) | млн.тг | 197,1 | 212,8 | 228 | 246,8 | 254,0 |
Ауылшаруашылық өрдірісінің жалпы өнімі | млн.тг | 468,1 | 492,6 | 360,1 | 470,7 | 534,1 |
Негізгі қаржыландыру көздерінің барлығы есебінен күрделі қаржы жұмсау | млн.тг | 188,6 | 174,2 | 212,7 | 334,3 | 376,0 |
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру | мың м2 | 2,0 | 2,1 | 2,7 | 3,0 | 3,3 |
Бөлшек сауда айналымы | млн.тг | 372,9 | 374,4 | 378,5 | 383,0 | 386,5 |
Орташа айлық жалақы | теңге | 11150 | 13100 | 15613 | 17450 | 19141 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Білім беру мемлекеттік мекемелерінің саны | бірлік | 5 | 6 | 7 | 7 | 7 |
Денсаулық сақтау ұйымдарының саны | бірлік | 3 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 кесте мәліметтеріне талдау жасасақ, соңғы 5 жыл бойында өнеркәсіп өнімдерінің көлемінің артуы байқалады. Мәселен, өнеркәсіп өнімінің көлемі 2002 жылы – 197,1 миллион теңге құраса, 2003 жылы 212,8 миллион теңге құрды, ал 2004 жылы өсу қарқыны 228 миллион теңгені құрған. 2005 және 2006 жылдары бұл көрсеткіш сәйкесінше 246,8 миллион және де 254,0 милион теңгеге жетті. Соңғы 5 жылдағы өнеркәсіп өнімдерінің арту қарқыны 16,1%–ды құрады.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы өнім көлемі соңғы жылдарда айтарлықтай өскен. Соңғы 5 жылдағы өнімнің өсу көрсеткіші 8,1%-ды құрады.
Негізгі қаржыландыру көздерінің барлығы есебінен күрделі қаржы жұмсау көлемі де бір қалыпты өсіп келеді. Бірақ, 2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылы қаржы жұмсау көлемі белгілі себептерге байланысты 4% -ға төмендеген. Алайда, келесі 3 жылда өсім қарқыны қайтадан өсіп, өсу қарқыны 35,2% – ды құраған.
Тұрғын үйлерді пайдалануға беру жылдан жылға өсіп келеді. Соңғы 5 жылдағы оның өсу қарқыны бірқалыпды деңгейде өрбіп, өсу қарқыны 50%–ды құрап отыр.
Бөлшек сауда айналымы соңғы жылдары құбылмалы деңгейде дамыды. Оның даму көрсеткіші соңғы бес жылда тек 3,6%-ды құраған.
Орташа айлық жалақы өте үлкен қарқынмен дамып 61%-ды құраған. Қазір ол аудан бойынша 19141 теңгені құрайды. Бұл республиканың басқа шағын қалаларымен салыстырғанда біршама төменірек.
Білім беру мемлекеттік мекемелердің саны 2002 жылы 5 болса, бұл көрсеткіш 2006 жылы 7 жетті. Сәйкесінше өсу қарқыны 14,4 % құрады.
Ауданда соңғы жылдары денсаулық сақтау ұйымдарының да санының біршама көбейгені байқалады. Бұл ұйымдардың саны соңғы бес жылда 3-тен 6-ға дейін көбейген. Өсім қарқыны 50%-ды құрайды. Бұл Есік қаласы үшін үлкен жетістік.
Жоғарыда атап өткеніміздей, қалада негізінен ауыл шаруашылығы бағытындағы өнімдерді қайта өңдеумен айналысатын кәсіпоырндар басым. Сондықтан ауыл шаруашылығы саласының дамуын сипаттайтын келесідей дерекетрді 2 кестеде келтіреміз.
Кесте 2 – Есік қаласының ауыл шаруашылығының даму көрсеткіштері
Өнім атауы | өлшем бірлігі | жылдар | 2006 ж. %-ға шаққанда | |||
2004 | 2005 | 2006 | 2004 ж. | 2005 ж. | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Егістік жер | га | 346 | 354 | 348 | 100,6 | 98,3 |
Мал басы | ||||||
оның ішінде: | ||||||
мүйізді ірі қара | бас | 710 | 747 | 750 | 105,6 | 100,4 |
қой | бас | 890 | 970 | 1050 | 118,0 | 108,2 |
жылқы | бас | 37 | 32 | 30 | 81,1 | 93,8 |
шошқа | бас | 700 | 728 | 750 | 107,1 | 103 |
құс | бас | 1758 | 1845 | 2000 | 113,8 | 108,4 |
Шаруашылық жүргізуші субъектілер | ||||||
оның ішінде: | ||||||
акционерлік қоғам (АҚ) | бірлік | 2 | 2 | 2 | 100 | 100 |
жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) | бірлік | 249 | 263 | 280 | 112,4 | 106,5 |
өндірістік кооператив (ӨК) | бірлік | 8 | 8 | 10 | 125 | 125 |
Жоғарыдағы кестедегі көрсеткіштерге мән беретін болсақ егістік жер көлемі 2004 жылмен салыстырғанда шаруашылығының басты саласы дәнді дақылдар өнімінің көлемі соңғы жылдары үлкен қарқынмен дамығаны байқалады. Соңғы бес жылдағы бұл сала өнімдерінің өсуі 79676 тоннадан 84653 тоннаға жетіп, өсу қарқыны 5,9%-ды құрады. Ал жүзім өндіру көлемі ауданда соңғы жылдары бір қалыпты дамуда оның жыл сайынғы мөлшері 3000 тоннаны құрауда. Ал майлы дақылдар өнімдерінің өсу көлемі әр түрлі сипатта дамуда. Ол 2001 жылы 2289 тоннадан 2003 жылы 1534 тоннаға дейін төмендеп, 2004 жылы 1732 тоннаға қайта көтерілген. 2005 және 2006 жылдары бұл көрсеткіш сәйкесінше 1868 және 1912 тоннаға жетіп, 2003 жылмен салыстырғанда 16% және 21%-ды құрады. Дегенмен, 2002 жылғы деңгейге әлі де жете қойған жоқ. Картоп өнімінің өсімі жыл сайын бірдей қарқынмен дамуда. Соңғы бес жылдағы өсім қарқыны 11,83%-ды құрады. Картоп өнімі ауданда ең дамыған салалардың бірі. Облыс бойынша да бірінші орынға ие. Соңғы жылдардағы көкөніс өнімінің көлемі біршама азайған. Азаю деңгейі 13%-ды құрайды.
Қазіргі уақытта Есік қаласында шағын бизнес кеңінен өркендеп отыр. Шағын бизнестің қалыптасып, дамуы мен нығаюы – қала экономикасының маңызды бағыттарының бірі. Қаладағы шағын бизнестің үлесі аудандағы көрсеткіштің 30 пайызын құрайды. Қаладағы өндірілетін жалпы өнімдегі шағын бизнес аясында өндірілген өнімнің үлесі 52,7 пайызды құрап отыр. Оны келесі кесте деректері дәлелдейді.
Кесте 3 – Есік қаласындағы шағын бизнестің даму көрсеткіштері
ж ы л д а р: | 2006 ж. %-ға шаққанда | ||||
2004 | 2005 | 2006 | 2004 ж. | 2005 ж. | |
Шағын бизнес субъектілері, бірлік | 285 | 301 | 313 | ||
Шағын бизнесте жұмыс істейтіндер, адам | 765 | 897 | 920 | ||
Сауда объектілері, бірлік | 189 | 203 | 218 | ||
Сауда саласында жұмыс істейтіндер, адам | 456 | 502 | 545 | ||
Тұрмыстық қызмет көрсету объектілері, бірлік | 21 | 23 | 24 | ||
Тұрмыстық қызмет көрсету объектілерінде жұмыс істейтіндер, адам | 40 | 45 | 48 | ||
Қоғамдық тамақтандыру объектілері, бірлік | 31 | 32 | 32 | ||
Қоғамдық тамақтандыру объектілерінде жұмыс істейтіндер, адам | 168 | 175 | 180 |
Кесте мәліметтерінен белгілі болып отырғанындай, Есік қаласында шағын бизнес субъектілерінің саны жыл санап артып келеді. Бұл халықтың әлеуметтік жағынан дамуына да зор ықпалын тигізетіндігі мәлім. Өйткені, экономиканың дамуы халықтың әл-ауқатының көтерілуіне үлкен әсерін тигізеді. Кесте деректері көрстеіп отырғанындай, шағын бизнес субъектілерінің саны 2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 12-ге артқан (пайызға), соған орай бұл өз кезегінде қала халқының жұмыспен қамтылуына әсерін тигізіп, шағын бизнес саласында жұмыс істейтін адамдардың санының артуына себеп болып отыр. Сонымен қатар сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің саны да сәйкесінше өсу үстінде. Бұлардың санының артуы қала халқының жұмыспен қамтылу деңгейін арттыруға негіз болып отыр.
Қалада экономикалық қызметпен 931 шаруашылық жүргізуші субъект айналысады. Олардың қызметінің негізгі бағыттары – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірістік өңдеу, құрылыс және сауда. Кәсіпкерлік қызметпен 01.01.2007 жылғы мәліметке сәйкес 2840 адам айналысады. Есіктегі шағын кәсіпкерлік 9 цехты, 12 шағын-цех пен наубайханаларды, 3 диірменді, 11 жанар-жағар май құю станцияларын, 4 техникалық жөндеу орталығын, 8 рынокты, 3 отын базасын, 108 дүкенді, 89 киоскіні, 22 кафені, 32 дәріхананы, 2 мал дәрігерлік дәріхананы, 4 фотосалонды қамтиды. Ірі кәсіпорындардан «Компания «Фудмастер» ААҚ (мал шаруашылығы өнімдерін өнеркәсіптік өңдеумен айналысады), «Фудмастер-Асептик» ЖШС (асептикалық қорапта бөлме температурасында ұзақ мерзімде сақталатын шырын, сүт, йогурт шығарады), «Жол-құрылыс басқармасы -3» АҚ (жол-құрылыс жұмыстарымен айналысады; инертті материалдар, асфальт-бетон қоспаларын, цемент-құм плиталарын және т.б. құрылысқа қажетті өнімдер шығарады), «Трилис-пластик» ЖШС (полипропилен негізінде қап –қораптар шығарады), «Есік өнеркәсіп құрылыс» АҚ (құрылыс өнімдерін – кірпіш, қиыршық тас өндірумен айналысады), «Көктем» ААҚ (тігін өндірісімен айналысады: төсек жаймаларын, арнаулы киімдер, жұқа, жеңіл киімдер және т.б шығарады), «Резина» ЖШС (кең көлемді резина-техникалық өнімдер шығарады) жұмыс істейді. Осы аталған кәсіпорындар мен шағын бизнес субъектілерінде жұмыс істейтін халық саны 18909 адамды құрап отыр. Есік қаласындағы халықтың жұмыспен қамтылу деңгейін 4 кесте мәліметтері көрсетеді.
Кесте 4 – Есік қаласындағы халықтың жұмыспен қамтылу деңгейі
Көрсеткіштер | ж ы л д а р: | 2006 ж. 2005 ж. %-ға шаққанда | ||
2004 | 2005 | 2006 | ||
Қала халқының саны | 30761 | 31314 | 31500 | 100,6 |
Миграция сальдосы (+,-) | 583 | 570 | 509 | 89,3 |
Экономикалық белсенді халық | 16870 | 17000 | 18950 | 111,5 |
Экономикалық белсенді халық деңгейі, % | 54,8 | 54,3 | 60,2 | |
Жұмыссыздық деңгейі, % | 2,6 | 2,7 | 2,5 |
4 кесте мәліметтерін талдасақ, қаладағы экономикалық белсенді халық деңгейі 60,2%-ды құрап отыр, ал жұмыссыздық деңгейі 2,5%. Бұл көрсеткіштер қала халқының жұмыспен қамтылу деңгейінің басқа шағын қалалармен салыстырғанда едәуір жоғары екендігін көрсетеді. Оған қалада шағын бизнестің өркендеуі себеп болып отырғандығын айтып өттік.
Қаланың Алматы сияқты ірі мегаполиске жақын орналасуы халықтың күнкөрісінің негізін құрайды. Осыған байланысты қала халқының көпшілік бөлігінің табыс көзі - жеміс-көкөністер өсіріп-сату және сүт бағытындағы мал шаруашылығымен айналысу. Ірі қара малын қала тұрғындарының төрттен бір бөлігі ғана ұстайды. Еңбекшіқазақ ауданындағы халықтың жетіден бір бөлігі тұратын Есік қаласына бюджетке түсетін түсімдердің үштен бір бөлігі тиесілі. Енді осыған байланысты бюджеттік түсімдерді сипаттайтын кесте мәліметтерін келтіреміз.
Кесте 5 – Есік қаласындағы 2006 жылғы салықтық түсiмдер мың тенге
Салық түрлері | 2005 жылы | 2006 жылы | 2006 ж. нақты 2005 ж. нақты %-ға шаққанда | ||
жоспар | нақты | жоспар | нақты | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Жеке тұлғалардан түсетін салықтар | 23420 | 24495,8 | 24022 | 28648,4 | 116,9 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Жер салығы | 1900 | 2111,9 | 2190 | 2190 | 103,7 |
Мүлік салығы | 2020 | 2188,3 | 1832 | 2225,6 | 101,7 |
Көлік салығы | 19500 | 20195,6 | 20000 | 22042,8 | 109,1 |
Барлық салықтық түсімдер | 46840 |
Есік қаласындағы салықтық түсімдердің басым бөлігі көлік салығы есебінен болып отырғандығын 5 кесте деректері дәлелдеп отыр. 2006 жылы жеке тұлғалардан түсетін салық мөлшері 2005 жылмен салыстырғанда 16,9 пайызға артқандығын көріп отырмыз. Сол сияқты көлік салығы да 2006 жылы өткен жылға қарағанда 9,1 пайызға өскен.
Кесте 6 – Есік қаласындағы халықты әлеуметтік қорғау жүйесін сипаттайтын көрсеткіштер
Көрсеткіш атауы | Өлшем бірлігі | ж ы л д а р: | ||||
2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Кедейшілік шегінің көлемі | теңге | 1739 | 1851 | 1937 | 2072 | 2150 |
Кедейшілік шегінен төмен тұратын адамдар саны | адам | 1780 | 1713 | 1701 | 1600 | 1500 |
Оның ішіндегі қалалық деңгейде атаулы әлеуметтік көмек алатындар | адам | 65 | 34 | 32 | 31 | 34 |
Мемлекеттік әлеуметтік көмектің орташа айлық көлемі | теңге | 317 | 502 | 777 | 829 | 867 |
Тұрғын үй көмегін алушы-лар саны | жанұя | 49 | 49 | 50 | 50 | 50 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Тұрғын үй көмегінің орташа айлық көлемі | теңге | 474 | 500 | 502 | 502 | 502 |
Тұрғын үй мен әлеуметтік көмекке қарастырылған ақшалай сома | мың тг | 31261 | 26579 | 27834 | 27834 | 27834 |
Оның ішінде: | ||||||
Әлеуметтік көмек | мың тг | 29861 | 25104 | 26359 | 26359 | 26359 |
Тұрғын үй көмегі | мың тг | 1400 | 1475 | 1475 | 1475 | 1475 |
Жоғарыдағы кестеден біз 2002 жылы кедейшілік шегінің көлемінің 1739 теңгені, 2003 жылы 1851 теңгені, ал 2004 жылы 1937 теңгені құрағанын байқап отырмыз. 2005 пен 2006 жылдары ол сәйкесінше 2072 және 2150 теңгеге жеткен. Бұдан біз соңғы жылдары кедейшілік шегі көлемінің артқанын байқап отырмыз. Ал, кедейшілік шегінен төмен тұратын адамдар санының жылдан жылға бір қалыпты азаюы байқалады. Соңғы 5 жылдағы оның азаю деңгейі бар болғаны 3,2 %-ды құрады. Оның ішіндегі қалалық деңгейде атаулы әлеуметтік көмек алатындар саны да азайып келеді. Жоғарыдағы кесте бойынша қалада әлеуметтік көмек алатындар саны 2003 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 65-тен 34- ке төмендеген. Оның төмендеу қарқыны 44,8%-ды құрап отыр. Ал, бұл көрсеткіш 2006 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 34-ке жетіп, азаю қарқыны 10,86%-ды құрады. Мемлекеттік әлеуметтік көмектің орташа айлық көлемі жыл сайын артып келеді. 2003 жылы оның көлемі 2002 жылмен салыстырғанда 317 теңгеден 502 теңгеге көбейген. 2004 жылы оның деңгейі 777 теңгеге жетсе, 2005 жылы ол 829 теңгеге жеткен. Ал, 2006 жылы оның көлемі 867 теңгеге жетіп, 2002 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 65,5% -ды құраған. Қалада тұрғын үй көмегін алушылар саны соңғы жылдары көп өзгеріске ұшырай қойған жоқ. Бұл көмекті алушылар саны әр жыл сайын 49-50 жанұяға жетуде. Қалада жалпы тұрғын үй мен әлеуметтік көмекке қарастырылған ақшалай көмектің деңгейі 2002 жылы 31261 мың теңгені құраған. Бұл көрсеткіш 2003 жылы 26579 мың теңгеге төмендеп, оның төмендеу мөлшері де 15%-ды құраған. Келесі 2004, 2005 және 2006 жылдары бұл көмектің берілу мөлшері теңдей 27834 мың теңге болған. Оның 26359 мың теңгесі, яғни 94,7%-ы әлеуметтік көмектерге кетсе, қалған 1475 мың теңгесі, яғни 5,3%-ы ғана тұрғын үй көмегіне бөлінген.
Экономикалық өсу әлеуметтік инфрақұрылымның жеткілікті түрде дамығандығымен де сипатталады. Санитарлы-гигиеналық және медициналық бағдарламаларды, білім беруді, қоршаған ортаны қорғауды, жол салу және басқа да коммуникациялық жүйелерді дамыту қоғамға қосымша тиімділік береді. Мемлекет өз кезегінде аталған іс- шаралармен жеткілікті түрде қамтамасыз етуі қажет. Өтпелі экономика әлеуметтік инфрақұрылымды реттеуге мемлекеттің араласуы әкімшілік- құқықтық әдістен экономикалық әдіске көшуімен сипатталады.
Негізінен Еңбекшіқазақ ауданының орталығы болып табылатын Есік қаласы ауылдық аудан орталығы болғандықтан, өнеркәсіп өнімдерінің барлығы ауылшаруашылық өндірістері болып табылады. Қаладағы негізгі өнеркәсіп орындары төмендегідей:
- «Компания «Фудмастер»ААҚ;
- «Голд Продукт» АҚ;
- «Есикагропродукт» ЖШС және т.б.
2006 жылы Есік қаласында 2,7 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілген. Жыл санап жаңа кәсіпорындар қатары көбейіп келеді. Атап айтқанда 2004 жылы кабель өнімдерін шығаратын «Электрокабель» ЖШС іске қосылды. Оңың қуаттылығы – кезегіне (сменада) 9 мың метр. Осы кәсіпорынды ашу үшін 50 млн. теңге инвестиция салынды, нәтижесінде 38 жаңа жұмыс орыны ашылды. «Компания «Фудмастер» ААҚ сүт өнімдерін өндіруде сапа менеджменті жүйесін енгізіп, қолдануда. Олардың БСҰ желісі бойынша ISO -9001:2000 талаптарын орындағандығы туралы сертификаттары бар.
Негізнен өнеркәсіп өнімінің артуы «Компания «Фудмастер» ААҚ үлесіне тиіп отыр. Аталған өнеркәсіп орны 2005 жылы 2,08 млн теңгеге өнім шығарса, ал 2006 жылы 2,5 млн. теңгенің өнімін шығарған. Өсу қарқыны 120,1 пайызды құраған.
Өкінішке орай, аудандағы үлкен өнеркәсіп орындарының бірі саналатын «Есикагропродукт» ЖШС қарқынды дами алмай отыр. Аталған мерзімде бұл өнеркәсіп орны тауарлы өнім шығарған жоқ. Оның бір себебі мекеменің құрал жабдықтары техникалық тозуға ұшыраған. Екіншіден, осы қоғамға бәсекелес болатын кіші кәсіпкерлік мекемелері де жыл санап артып келеді, мәселен наубайхана, диірмен саны. Үшіншіден, оған шикізаттың жетіспеушілігі себеп болуда. Қазіргі кезде бұл мекемеде бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. Сонымен қатар, бұл мекеме ауыл шаруашылық өнімдерін өсірумен айналыса бастады. 2005 жылы барлығы 500 гектар жерден 370 тонна бидай, 54 тонна арпа, 64 тонна картоп жиналды. 2006 жылы осы жерге 125 гектар күздік дақыл егілді.
Кесте 7 – Қаладғы өнеркәсіп орындарының тауарлы өнімдері көлемі
Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | ж ы л д а р: | |||
2004 | 2005 | 2006 | 2006ж 2004ж салыстырғанда өсім қарқыны | ||
«Компания «Фудмастер» ААҚ | мың тг. | 233500 | 247000 | 260510 | 110,4 |
«Фудмастер-Асептик» ЖШС | мың тг. | 3525 | 3673 | 3810 | 107,5 |
«Резина» ЖШС | мың тг. | 36 | 38 | 40 | 110,0 |
«Трилис-пластик»ЖШС | мың тг. | 1855 | 1918 | 2010 | 107,7 |
Жеке кәсіпкерлер | мың тг. | 988 | 1087 | 1160 | 114,8 |
Ауыл шаруашылық кәсіпорындары | мың тг. | 40223 | 43403 | 45270 | 111,15 |
Қала бойынша барлығы | мың тг. | 280000 | 297119 | 312800 | 110,5 |
Жоғарыдағы кестеге көңіл аударсақ, Есік қаласындағы өнеркәсіп орындарының өндіріс көлемінің жылдан жылға артуы байқалады. Қаладағы өнеркәсібі ең жақсы дамыған «Компания «Фудмастер» ААҚ өнімінің көлемі 2006 жылы 2004 жылдағыдан 110,4%-ға, яғни 233500 мың теңгеден 260510 мың теңгеге өскен. Ал, «Фудмастер-Асептик» ЖШС-нің тауарлы өнім көлемі 2005 жылы 2004 жылғы 3525 мың теңгеден 3673 теңгеге өсіп, 2006 жылы бұл көрсеткіш 3810 мың теңгеге жеткен. Жалпы алғанда соңғы 3 жылдағы өсім қарқыны 107,5%-ды құрап отыр. «Резина» ЖШС-нің тауарлы өнім көлемінің өсу қарқыны соңғы жылдары бірқалыпты деңгейде дамуда. Оның өсу көлемі 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 36 мың теңгеден 38 мың теңгеге жетіп, өсу қарқыны 105%-ды құраған. Ал, 2006 жылы бұл өсім қарқыны 2004 жылмен салыстырғанда сәйкесәнше 110%-ды құрады. Аудандағы «Трилис-пластик» ЖШС-нің де тауарлы өнім көлемі соңғы жылдары өсу үстінде екендігін жоғарыдағы кестеден байқауға болады. Оның тауарлы өнім көлемі 2004 жылы 1855 теңгені құраған болса, 2005 жылы ол 21918 теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш 2006 жылы 2010 теңгені құрап, 2004 жылмен салыстырғанда өсім қарқыны 107,7%-ды құраған. Қалада жеке кәсіпкерлердің тауарлы өнімдерінің көлемі де қарқынды дамып келеді. Бұған дәлел 2004 жылмен салыстырғанда 2006 жылы жеке кәсіпкерлердің тауарлы өнімдері көлемі 988 мың теңгеден 1160 мың теңгеге өскен. 3 жылдағы өсу қарқыны 114,8%-ға жеткен.
Қала көлемінде жеке кәсіпкерлікті дамыту, шағын және орта бизнесті өркендетуге жыл бойында ерекше көңіл бөліп отырды. Нәтижесінде шағын кәсіпорындар 2006 жылдың 12 айында 39444 мың теңгенің өнімдерін шығарып, қызмет көрсетті. Бұл 2005 жылмен салыстырғанда 39,7 пайызға өскен.
Кесте 8 – Инвестициялардың тартылу көздері (млн.тг)
Көрсеткіштер атауы | ж ы л д а р: | ||||
2003 | 2004 | 2005 | 2006 | 2006ж 2003ж салыстырғанда өсім қарқыны | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Республикалық бюджет есебінен нысандарды күрделі жөндеу мен құрылыстар жүргізу | 265,2 | 281 | 294,3 | 377,4 | 129,7 |
Жергілікті бюджет есебінен нысандардың құрылысын жүргізу | 15,5 | 16,7 | 0 | 435,7 | 196,5 |
Жергілікті бюджет есебінен нысандарды күрделі жөндеу | 40,8 | 43,7 | 44,9 | 54,9 | 125,7 |
Кәсіпорын, мекеме, халық есебінен объектілерді күрделі жөндеу мен құрылыстар жүргізу | 47,2 | 47,2 | 35 | 44,7 | 95,4 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Барлығы: | 368,7 | 388,6 | 374,2 | 912,7 | 139,4 |
Жоғарыдағы кесте деректеріне талдау жасасақ, Республикалық бюджет есебінен нысандарды күрделі жөндеу мен құрылыстар жүргізуге 2003 жылы 265,2 млн. теңге жұмсалған. Бұл шама 2004 жылы 281 млн. теңгеге жетіп, өсу қарқыны 14,3%-ды құрады. 2005 және 2006 жылдары бұл қаржының көлемі 294,3 және 377,4 млн. теңгеге өсіп, 2003 жылмен салыстырғанда 117,6% және 141%-ға өскен. Нысандардың құрылысын жүргізуге жергілікті бюджет есебінен 2003 жылы 15,5 млн. теңге жұмсалған болса, 2004 жылы бұл қаржы 16,7 млн. теңгеге жеткен. Ал, белгілі себептерге байланысты нысандарды күрделі жөндеу мен құрылыстар жүргізуге жергілікті бюджет есебінен 2005 жылы ешқандай да қаржы бөлінбеген. Есесіне 2006 жылы бұл сомманың қарқыны тым көбейіп, 435,7 млн. теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш 2003 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 195,6%-ға өскен. Кәсіпорын, мекеме, халық есебінен обьектілерді күрделі жөндеу мен құрылыстар жүргізуге соңғы 4 жыл көлеміндегі өсу көлемі 47,2 млн. теңгеден 44,7 млн. теңгеге төмендеп, өсу қарқыны 95,4%-ды құраған.
Осындай тартылатын инвестициялардың есебінен 2007 жылы жұмыс істеп тұрған 1 кәсіпорынды кеңейту және 8 жаңа өндіріс орындарын ашу көзделіп отыр. Оны төмендегі 9 кесте мәліметтерінен байқауға болады.
Кесте 9 – Есік қаласында 2007 жылы іске қосылатын кәсіпорындар
№ | Кәсіпорын атауы | Өндірілетін өнім түрі | Жұмыс орындарының саны |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | «Голд Продукт» АҚ | жеміс-көкөніс консервілері | 30 |
2 | «Заилиский продукт» ЖШС | жеміс-көкөніс консервілері | 60 |
3 | «Аль-Афи-Лимитед» ЖШС | мия тамырын өңдеу | 25 |
4 | «Мейджек ковер» ЖШС | жасанды жабындылар | 20 |
1 | 2 | 3 | 4 |
5 | «Берекелі оралман» ЖШС | құрылыс кірпіші | 25 |
6 | «АЙАТ» ЖШС | құрылыс кірпіші | 25 |
7 | «Ахмет и Н» ЖШС | құрылыс кірпіші | 25 |
8 | «Жұмабеков» ЖК | медициналық системалар | 20 |
9 | «Качиева Л» ЖК | жеміс-көкөніс шырындары | 15 |
Барлығы | 245 |
9 кесте деректері көрсетіп отырғанындай, 2007 жылы Есік қаласында жұмыс істеп тұрған 1 кәсіпорынды кеңейту және 8 жаңа өндіріс орындарын ашу шаралары іске асырылмақшы. Осыған орай, кесте мәліметтері көрсетіп отырғанындай, қалада 245 жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Оның қала халқының тұрмыс деңгейінің көтерілуіне мол септігін тигізері сөзсіз. Сонымен қатар 2007 жылы жалпы құны 740 млн. теңге болатын 100 орынға арналған акушерлік корпустың жұмысы аяқталмақшы. 250 орындық жаңа аурухана салу мақсатында 4,5 гектар жер бөлінді. Оның құрылысы алдағы жылдарға белгіленіп отыр. Бұл да қала халқының әлеуметтік мәселелерін шешуге үлкен ықпалын тигізбек. Соынмен бірге осы құрылыстың аяқталуы қосымша жұмыс орындарының ашылуына да әсер етеді.
Есік қаласындағы 2007 жылғы өнеркәсіпке салынатын инвестицияның жалпы көлемі 1 млрд.830 млн. теңгені құрайды деп жоспарланып отыр. Оның 1 млрд. 200 млн. теңгесі өңдеуші өнеркәсіпке жұмсалмақшы. Бұл Есік қаласының экономикасының өркендеуіне зор ықпалын тигізеді деп жобаланып отыр. Соған орай қала тұрғындарының әлеуметтік проблемалары да өз шешімін табады.
Қазіргі уақытта Есік өзенінде қуаттылығы 15 МгВт болатын 3 шағын су электр станциясының құрылысы жүргізіліп жатыр. Олардың қуаттылығы 6 МгВт болатын алғашқысы ағымдағы жылдың қазан айында іске қосылмақшы. Қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында су құбыры желісін қайта жөндеуден өткізу 2007 жылға жоспарланып отыр. Қалада жүзеге асырылмақшы болып отырған көптеген жобалар іс жүзінде орындалса, қаланың әлеуметтік-экономикалық өркендеуіне негіз болар еді.
ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
- Закон РК « О прожиточном минимуме» от 16 ноября 1999г.№ 474-1 ЗРК // Казахстанская Правда 19 ноябрь, 1999г.
- Закон РК «О государственной адресной социальной помощи » от 17 июля 2001г. № 246-11 // Казахстанская Правда 10 август 2001г.
- Правила определения совокупного годового дохода лица, претендующего на получение адресной социальной помощи, 2002г. 13 февраль, приказ № 31-П // Бюллетень Министерства труда и социальной защиты РК, 2002г. №6.
- Назарбаев Н.А. Основные направления внутренней и внешней политики на 2003г. Послание Президента народу Казахстана 4 апреля 2003 года // Правительственный бюллетень 2003г., №2 .
- Отчет о человеческом развитии 1998года РК // ПРООН – Алматы 1998г.
- Уровень жизни населения в Казахстане / Под ред. А.А.Смаилова - Алматы 2000г. 188с.
- Шокаманов Ю.К. Человеческое развитие в Казахстане: методология измерения и анализ / Шокаманов Ю.К. - Алматы 2003г. 372с.
- Шокаманов Ю.К. Тенденции человеческого развития в Казахстане / Шокаманов Ю.К. - Алматы 2001г.348с.
- Коргаспаев Ж.К. Казахстанское село: современные тенденции, проблемы развития / Коргаспаев Ж.К., Жарекешев Х.Б., Омаров Н.А. - Алматы 2001г. 230с.
- Ахмамедов А.О. Проблемы и направления повышения уровня жизни сельского населения Туркменской ССР / Ахмамедов А.О. - Ленинград 1991г.
- Нарибаев К.Н. Өтпелi кезеңдегi әлеуметтiк-экономикалық дамуды болжау мәселелерi / Нарибаев К.Н. – Алматы, Казақ Университетi 2001ж.
- Симоненко В.Д. Семейная экономика / Симоненко В.Д. – Москва, Вита-Пресс 2002г. 192с.
- Сүндет ұлы Ж. Әлеуметтiк –экономикалық дамуды болжау және жоспарлау / Сүндет ұлы Ж. – Алматы, Ғылым 2002ж. 104б.
- Бекбенбетов Б. Социально-экономическое положение сельских жителей в пореформенный период / Бекбенбетов Б. – Тараз 1998г.
- Абуов К.К. Системный анализ в экономике сельского хозяйства / Абуов К.К. – Ақмола 1998г. 103с.
- Есиркепов Т. Государственное регулирование аграрного сектора в условиях перехода к рыночной экономике / Есиркепов Т., Зиябеков Б. – Алматы, Ғылым 1996г. 196с.
- Есполов Т.И. Эффективность агропродовольственного косплекса Казахстана / Есполов Т.И. – Алматы – Ғылым 2002г. 448с.
- Куватов М.Р. Проблемы агро бизнеса и перехода к социально ориентированной экономике в Казахстане / Куватов М.Р. –Алматы, Казинформцентр 1996г. 218с.
- Есентугелов А. Сельское хозяйство Казахстана: проблемы, пути их решения / Есентугелов А. – Алматы 2001г.
- Әлiпбай С. Iрi ауылдар, жаны сiрi ауылдар / Әлiпбай С. Iрi ауылдар, жаны сiрi ауылдар// Егемен Қазақстан 22 қаңтар 2002ж.
- Берешев С.,Можарова В., В.Пак.,А. Курасова Совершенствование анализа уровня жизни населения в казахстане / Берешев С.,Можарова В., В.Пак.,А. Курасова Совершенствование анализа уровня жизни населения в казахстане//Труд в Казахстане. 2002г.№3, С13-19.
- Искаков Н Индекс человеческого развития и система социальной защиты населения на региональном уровне / Искаков Н Индекс человеческого развития и система социальной защиты населения на региональном уровне//Аль-пари. 2002г. №4-5, С78.
- Можарова В. Теоретические аспекты исследовании системы жизнеобеспечения в Казахстане /Можарова В Теоретические аспекты исследовании системы жизнеобеспечения в Казахстане //Труд в Казахстане 2002г.№11,С26
- Нурланов А. Борьба с бедностью и безработицей: опыт, проблемы, пути решения / Нурланов А. Борьба с бедностью и безработицей: опыт, проблемы, пути решения // Труд в Казахстане 2002г.№6, С16.
- Овчарова Л. Бедность: где порог? /. Овчарова Л., Турунцев Е., Корчагина И Бедность: где порог? // Вопросы экономики 1998г. №2.
- Савченко П. Уровень и качество жизни: понятия, индикаторы, современное состояние в России / Савченко П., Федорова М., Шелкова Е. Уровень и качество жизни: понятия, индикаторы, современное состояние в России // Российский экономический журнал 2000г.№7,С66.
- Радостовец Н. Кедейшiлiкпен қалай күресемiз? / . Радостовец Н Кедейшiлiкпен қалай күресемiз?// Егемен Қазақстан 1999ж. 26 қараша
- Берешев С. Районные коэффициенты: за и против / № Берешев С. Районные коэффициенты: за и против // Труд в Казахстане 2003г.№2,3,4.
- Шокаманов Ю.К. Оценка бедности населения на районном уровне / Шокаманов Ю.К. Оценка бедности населения на районном уровне // Экономика и статистика 2001г.№1, С56-61.
- Кривко Н. Оценка уровня бедности в Республике Казахстан / Кривко Н. Оценка уровня бедности в Республике Казахстан// Экономика и статистика 2002г.№2,С9-16.
- Темирова Ж. Анализ и проблемы социальной защиты населения/ Темирова Ж. Анализ и проблемы социальной защиты населения // Транзитная экономика 2003г.№1.
- Гайсина С. Социально-экономические проблемы становления среднего класса в Казахстане / Гайсина С. Социально-экономические проблемы становления среднего класса в Казахстане // Рынок труда 2003г, №9.
- Касымбекова Н. Кедейшiлiктi жою дамуымыздың басты көрсеткiшi болмақ / Касымбекова Н. Кедейшiлiктi жою дамуымыздың басты көрсеткiшi болмақ// Түркiстан 2002ж. 17 қазан.
- Куралбаев А. Социальная сфера в условиях трансформации экономической системы / Куралбаев А. Социальная сфера в условиях трансформации экономической системы // Транзитная экономика 2003г. №5
- Прожиточный минимум в Казахстане «отлучен» от экономической реальности. // Эпоха.-21 май, 2004.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024