Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛI (курс)

ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛI (курс)

“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi.     Осындай бәсекеге қабiлеттi ұлттық тұрақты экономиканы қалыптастырудың негiзi экономиканың тиiмдi саясаттар мен стратегияларды жүргiзiп, оны iске асыруына байланысты. Осы экономикалық саясаттардың iшiнде инвестициялық саясатының орны айтарлықтай болып табылады. Өйткенi негiзгi капиталды инвестициялауда қаржылық және өнеркәсiптiк корпорациялар, инвестициялық және осының негiзiнде өндiрiске тiкелей инвестиция тартуды жүзеге асырады. Ал өз кезегiнде инвестиция экономиканың тиiмдi дамуының қайнар көзi болып табылады.

Сонымен қатар, экономикадағы инвестицияларды ұтымды пайдалану, оларды өнеркәсiптiң өңдеушi саласына тартуда, отандық инвестициялардың көлемiн арттыруда, шетелге инвестиция шығаруда отандық корпорациялардың инвестициялық саясатының маңыздылығы жоғары екендiгi белгiлi.

Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын бүгiнгi таңда елiмiз үшiн маңызды болып отырған “Инвестициялар экономикалық дамудың ресурстары ретінде” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi экономиканы тиімді дамытуға қосар инвестицияның және инвестициялық ресурстардың экономикалық маңызы, еліміз  өз инвестициялық саясатын тиiмдi жүргiзiп оны экономикада iске асыра бiлсе, онда елiмiз алдағы уақытта экономиканың шикiзат бағытынан қол үзiп, дамудың индустриялы-инновациялы жолына түсер едi.

Осы курстық жұмысты орындау барысында алдыма келесiдей мақсаттар мен мiндеттер ұсынамын:

Инвестицияның экономикалық мәнiн және оның экономиканың тиiмдi дамуындағы қажеттiлiгiн аанықтау; инвестициялық саясаттың iске асу заңдылықтарын және оған әсер ететiн факторларды қарастыру; осы инвестициялық саясатты iске асырудағы корпорациялырдың инвестициялық iс-әрекетiнiң маңыздылығын көрсету; шетелдік инвестицияларды ұлттық экономикада тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жолдарын анықтау қажеттіліктері, елiмiздiң мұнай және газ саласы бойынша қызмет етiп отырған корпорациялардың инвестициялық саясатының қажет болып отырған негiзгi бағыттарын ұсыну болып табылады.    Қазақстандағы қазіргі инвестициялық жағдайдың мәселелері мен даму барысына тоқталу болып табылады.

ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛI АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ

1  Инвестицияның мәні мен түрлері

Кез келген кәсіпорынның қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың бірі инвестициялық қызмет болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары ағымды шығындарды қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады. Инвестициялық қызметтің негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік табысқа немесе капитал өсіміне қол жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестиция дегеніміз – бұл табыс табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне салынатын ақша қаражаттары, құнды қағаздар, мүліктер, мүліктік құқықтар, басқа да құқықтар болып табылады.

Инвестиция дегенiмiз табыс табу мақсатында кәсiпкерлiк қызметке салынған мүлiктiк және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрi. Инвестициялық қызметтiң негiзгi мақсаты кәсiпкерлiк табыс табыс пен пайыз алу болып табылады. Инвестицияның экономиканың тиімді және тұрақты дамуындағы маңыздылығы жоғары.

Инвестиция негізінде бос капиталдардың, мемлекеттік қаржылардың және шетелтік капиталдардың экономикалық шаруашылықтың қаржыға мұқтаж болып отырған салаларға капитал ағымдары орын алады. Бұл әсіресе ұлттық маңызы бар өнеркәсіп және өндіріс түрлерін дамыту үшін қажетті. Сонымен қатар инвестициялық саясат жүргізуде шетелдік инвестицияларды тиімді пайдалану, оларды активті инвестицияларға бағыттау мәселесінің орны ерекше.

Жалпы коммерциялық практикада инвестицияның келесi үш түрiн көрсетуге болады:

  • Физикалық активтегi инвестициялар;
  • Ақшалай активтегi инвестициялар;
  • Материалдық емес активтегi инвестициялар.

Бағалы қағаздар арқылы жүргiзiлетiн инвестицияларды портфельдi инвестициялар деп атайды. Қаржылық инвестицияларға – акционерлiк кәсiпорындар немесе мемлекет шығарған акциялар, облигациялар және басқа да бағалы қағаздар, банктiк депозиттерге салымдар жатады.

Ал физикалық активтегi инвестициялар нақты инвестициялар болып табылады.  Нақты инвестициялар бұл өндiрiстiк капиталға ( құрылыс, машина және құрал-жабдықтар, ақпарат тарту, байланыс) салынған капиталдық салымдар. Бұлардың барлығы экономикада қозғалмайтын мүлiктермен байланысты.

Сыртқы инвестициялар тiкелей және портфельдi болып бөлiнедi. Тiкелей немесе тура инвестициялар кәсiпорынды басқаруға қатысуға құқықтар бередi, ал портфельдi инвестицияларда мұндай құқықтар болмайды.

Инвестициялар сондай-ақ пассивтi және активтi инвестициялар болып бөлiнедi:

Пассивтi инвестициялар - кәсiпорынның ескiрген құрылғыларын жаңарту және қызметкерлер мен жұмысшыларды даярлау мақсатында жұмсалатын инвестициялар.

Активтi инвестициялар – кәсiпорынның бәсеке қабiлеттiлiгiн, технологиялық деңгейін, инновациялық жаңашылдықтарға, осы заманғы талаптар мен стандарттарға сай негізде арттыру мақсатында салынған инвестициялар.

Инвестиция объектiлерi  болып жаңа инновациялық өнiм немесе қызмет түрiн өндiруге бағытталған құрылыс орындары, техникалық қайта жабдықталушы және өндiрiс көлемiн кеңейтушi кәсiпорындар, ғимараттар, негiзгi қорлар жатады.   Инвестиция объектiлерi жобаның көлемiне қарай келесiдей ерекшеленуi мүмкiн: коммерциялық, әлеуеттiк, экономикалық, мемлекеттiк маңызы бар салалар, инновациялық және т.б. Сондай-ақ циклдық сипатына қарай өнiмдi өндiруге толық қатысу немесе жекелеген жобалық-конструкторлық жұмыстарға қатысу.

Инвестиция – экономикалық стратегияның маңызды элементі. Өйткені қазіргі экономика жүйесін дамыту кезеңінде ішкі қаржылындыру көздерінің мүмкіндіктері жетіспеуде, сондықтан да сыртқы капиталды тарту және оны тиімді пайдалану мәселелері өте маңызды орын алуда.

Жалпы экономикада инвестиция қалыптасуының негізгі қайнар көздеріне келесі қаржылар мен капиталдарды жатқызуға болады:

  • Экономикадағы бос қаражаттар;
  • Ұлттық банк немесе екінші деңгейдегі банктердің шығарған қарыз түріндегі бағалы қағаздары;
  • Кәсіпорындардың акция шығару арқылы қаржы тартуы;
  • Мемлекеттен арнайы берілетін немесе жеңілдікті инвестициялар;
  • Халықтың әр түрлі салымдары;
  • Банктердің ұзақ мерзімді несиелері;
  • Шетелдік инвестициялар.

Тікелей шетел инвестициялары қазіргі уақытта жаһанданып жатқан экономиканың өндірістік негізі – халықаралық өндіріс жүйесін дамыту. Халықаралық инвестициялаудың әлемнің жалпы дамуындағы маңыздылығы оның капиталдардың жинақталған елдерден осы капиталға мұқтаж болып елдерге ағылуы болып табылады. Ал осының нәтижесінде әлемдік қоғамның тұрақты әрі біркелкі дамуы қамтамасыз етіледі.

Инвестицияларды әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады. Инвестициялардың жіктелу белгілері 1.2- суретте берілген.

Негізгі жіктеу белгісі ретінде инвестициялау объектілері қарастырылады. Бұл белгісі бойынша инвестициялар нақты (тікелей) және қаржылық (қоржындық) болып бөлінеді.

Нақты (тікелей) инвестициялар дегеніміз – бұл табыс алу мақсатында тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен тікелей байланысты нақты активтерге салынған ақша қаражаттары. Бұл кәсіпорындардың негізгі қорларын ұлғайтуға бағытталған капитал салымдары болып табылады. Нақты инвестициялар негізгі құралдарды қайта құру, кәсіпорындағаы өндірісті кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру немесе жаңаландыру арқылы жүзеге асады.

Қаржылық (қоржындық) инвестициялар – бұл табыс алу мақсатында құнды қағаздар нысанындағы қаржылық активтерді сатып алу. Бұл құнды қағаздар қоржынын қалыптастыруға бағытталған ақша салымдары болып табылады.

Инвестицияларесі белгісі – инвестициялау мерзімі. Аталған белгі бойынша инвестициялар қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.

Қысқа мерзімді инвестициялар – бұл бір жылға дейінгі мерзімге салынған ақша салымдары. Әдетте қаржылық инвестициялар қысқа мерзімді болып келеді.

Ұзақ мерзімді инвестицилар деп кәсіпорынға бір жылдан артық мерзімдер ішінде қалыпты табыс көзін қамтамасыз ететін жобаларды жүзеге асыруға салынған ақша қаражаттарын айтады. Ұзақ мерзімді инвестициялардың негізгі түріне кәсіпорынның негізгі құралдарын, өндіріс барысын кеңейтуге жұмсалған капитал салымдарын жатқызуға болады.

Кәсіпорынның инвестиция барысына қатысу сипатына қарай тікелей және тікелей емес инвестициялар болады. Тікелей инвестициялар жағдайында инвестор-кәсіпорынның капитал салу объектілерін таңдауда тікелей қатысуын түсінуге болады (өзге кәсіпорындардың жарғылық қорына, құнды қағаздардың кейбір түрлеріне капитал салу). Тікелей емес инвестициялар барысында инвестициялау объектілерін таңдау кезінде қаржылық дәнекершілер (брокерлік-дилерлік компаниялар) немесе инвестициялық қорлар қатыса алады.

Инвестицияланатын қаражаттардың меншік белгісіне қарай жеке және мемлекеттік инвестицияларды бөліп көрсетуге болады.  Жеке инвестициялар жеке тұлғалар мен мемлекеттік меншік нысанындағы емес кәсіпорындардың капитал салымдарын сипаттайды. Мемлекеттік инвестициялар – бұл мемлекеттік кәсіпорындардың, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың капитал салымдары болып табылады.

Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:

  • қаржылық және материалдық ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің кәсіпкерлік қызметін кеңейту;
  • жаңа кәсіпорындарды сатып алу;
  • бизнестің жаңа түрлерін меңгеру нәтижесінде өз қызметін әртараптандыру.

Кәсіпорындар инвестициялық салымдарды әр түрлі нысандарда жүзеге асыра алады, өйткені инвестициялау объектілері де алуан түрлі болып келеді. Инвестициялау объектілері 1.1- суретте көрстетілген.

2  Инвестициялық саясаттың экономикалық маңызы

Бүкіл инвестициялық қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның инвестициялық саясатымен негізделеді. Инвестициялық саясатты әзірлеу барысына кәсіпорынның басқару аппараты мен қаржы бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ маркетингтік, өндірістік және басқа да бөлімшелердің қызметкерлері қатысады. Бұл өз кезегінде, кәсіпорынның бетке алған инвестициялық бағытының келешекте дұрыс сарында жұмыс істеуіне септігін тигізеді.

Кәсіпорындар өзінің инвестициялық қызметі барысында белгілі бір инвестициялық саясатты бетке алады. Кәсіпорынның нвестициялық саясаты дегеніміз – бұл кәсіпорынның өз инвестициялық қызметін тиімді жүзеге асыру арқылы табыс табуға немесе өндіріс көлемін кеңейтуге бағытталған шараларының жиынтығы болып табылады.

Кәсіпорынның инвестициялық саясаты капитал салымдарының тиімді объектілерге салынуын, олардың өндіріс барысын сенімді ақша ағындарымен қамтамасыз етуге, нәтижесінде кәсіпорынның жалпы экономикалық қызметінің тиімділігін қамтамасыз етуге арналған. Демек, инвестициялық саясат өз кезегінде кәсіпорынның экономикалық саясатының құрамдас бөлігі болып табылады.

Нарықтық қатынастардың дамуы және сонымен байланысты макроэкономикалық саясаттағы өзгерістер кәсіпорындардың инвестициялық саясатына қосымша маңыздылық береді. Айталық, кәсіпорындардың инвестициялық қызмет жөніндегі міндеттері келесідей болуы тиіс:

  • кәсіпорынның даму стратегиясын анықтау;
  • өзінің инвестициялық бағдарламасын жасақтау және өзекті инвестициялық жобаларды анықтау;
  • инвестициялық ресурстардың оңтайлы орналастырылуын қамтамасыз ету;
  • кәсіпорын экономикасына капитал ағындарын және олардың қажетті объектілерге салынуын қамтамасыз ететін қолайлы инвестициялық жағдай қалыптастыру.

Кәсіпорындар аталған міндеттерін жүзеге асыру үшін өзінің инвестициялық саясатын белгілі принциптерге сүйене отырып жүргізу керек. Кәсіпорынның инвестициялық саясатының әлемдік тәжірибеде қалыптасқан принциптері келесідей:

  • капитал салымдарын қаржыландыру көздернінің алуан түрлі болуы;
  • іріктеушілік және ұқыптылық – инвестициялық жобаларды жан-жақты талдау нәтижесінде іріктеп, таңдап алу;
  • мақсаттылық – инвестициялық бағдарламаның түпкі қажетті нәтижелерді қамтамасыз ету мақсатында бағытталуы;
  • жүйелілік – инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті шаралардың жиынтығын жалпы ұлттық экономиканың даму деңгейімен байланыстыра отырып қалыптастыру;
  • қамтамасыз етушілік – кез-келген инвестициялық жоба қажетті ресурстардың барлық түрімен (қаржылық, еңбектік, ақпараттық, материалдық)және қажетті мөлшерде қамтамасыз етілуі тиіс;
  • өтелімділік – салынған қаржы-қаражаттардың барынша үлкен өсіммен қайтарылуы;
  • инвестициялық белсенділікке ықпал ету мақсатында экономикалық және ұйымдастырушылық құралдарды қолдану.

Инвестициялық саясаттың ріктеушілік және ұқыптылық принциптерін жүзеге асыру кәсіпорынның экономикалық өсіміне және жандана түсуіне септігін тигізетін инвестициялық бағыттарды (жобаларды) дұрыс таңдай білуді қажет етеді. Кез-келген кәсіпорын үшін инвестициялық саясатты жүзеге асыру  және инвестициялық бағыттарды таңдау келесідей қажеттіліктерді қамтамасыз етуі керек:

  • өзге кәсіпорындарға немесе жаңа өнімдерге қаражаттар салу мақсатында өзінің өндірістік әлуетін (потенциалын) дамыту;
  • инвестициялық бағдарламалардың өміршеңдігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетілетін салаларға капитал салу;
  • бәсекелестік қабілеті жоғары, ішкі және сыртқы нарықтарда үлкен сұранысқа ие болатын өнімдер мен салаларға инвестициялар салу.

Инвестициялық саясаттың негiздемесiн талдағанда келесi iшкi және сыртқы факторларды ескеру керек:

  • өндiрiлетiн өнiмнiң көлемiн, номенклатурасын және сапасын талдау;
  • мерзiм бойынша инвестиция негiзiнде iске қосылатын өндiрiстiң жалпы шығындарын және капитал салымдарын, сондай-ақ осы жобаға балама жобаларды қатар қарастыру;
  • ағымдағы эксплуатациялық шығындар;
  • ақысы төленiп, әлi құрылмаған құрылғыларды қолдану тиiмдiлiгi мүмкiншiлiгiн ескеру;
  • негiзгi және материалды емес активтердiң амортизациялық шегерiмдерiн ескеру;
  • корпорацияның есеп саясаты бойынша салық төлемдерiн минималдау шаралары.

Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Ал ол үшiн даму жағынан артта қалған және дамушы елдерге тән, шығындық өндiрiске алып келетiн шикiзаттық экономикадан тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ететiн жоғары индустриялы-техникалық өндiрiстi қамтамасыз етiп, бәсекеге қабiлеттi тауарлар мен қызметтер өндiруiмiз керек. Ол үшiн елiмiз экономикасына көп мөлшерде инвестиция тартылып және олар тиiмдi салаларға жұмсалуы тиiс. Ұлттық экономика үшiн тиiмдi болып келетiн өңдеушi салаларға шетелдiк иныесторлар қаржы салуға ынталы емес, себебi олар үшiн инвестицияны салып, одан жылдам пайда түсiретiн шикiзаттық өндiрiстер тиiмдi болып отыр.  

ҚР Статистика агенттiгi көрсеткендей, негiзгi капиталды инвестициялау негiзiнен шикiзаттық салаларға тартылуда. Өйткенi шетелдiк инвесторлар дайын өнiм шығаруға ынталы емес, себебi олар дайын, сапалы өнiм шығару арқылы өз елдерiне бәсекелес болуға ұмтылмайды. Оларға керегi бiздiң шикiзатымыз болып отыр.  Бүгiнде шетел инвестицияларының 80% шикiзаттық өндiрiске салынуда.

Инвестициялық стратегия ұзақ мерзiмдi кезеңдегi жоспарланған инвестициялардың және шетелдік инвестициялардың тұрақты дамуын, оларды тартудың және шығарудың тиiмдi жолдарын көрсету, жалпы болашақтағы инвестициялық бағдарларды айқындайды. Ал осы инвестициялық стратегияның iске асуы үшiн кәсiпорын белгiлi мерзiм аралықтарында және рынок құрылымының өзгерiсiнде инвестициялық саясаттарды iске асырады. Осы инвестициялық саясаттарды iске асырғанда келесi қағидаларды ескеру қажет:

  • Қарастырылып отырған шараларды экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық және әлеуметтiк тиiмдiлiктерiн максималдау;
  • Шетелдік капитал салымдарынан түсiп отыратын ұсыныстарды тиiмдi инвестициялау;
  • Пайдалы емес жобаларды iске асырғанда ақша ресурстарын тиiмдi пайдалану;
  • Шетелдік инвестицияның тиiмдiлiгiн арттыруда мемлекеттiк қолдауларды қажет ету;
  • Шетел инвесторларыннан несие және қарыз алуда белгiлi бiр жеңiлдiктерге ие болу;
  • Инвестициялық тәуекелдiлiктердi минималдауды қамтамасыз ету және инвестициялық ортадағы бәсекелiктi ескеру;
  • Шетелдік инвестицияларды сақтандыру және коммерциялық тәуекелдiлiктерге кепiлдеме берiлу жағдайлары.

Талданған инвестициялық саясаттың жағдайын сипаттағанда инвестициялық жобаның техника-экономикалық негiздемесiн қалыптастыру болып табылады. Осы техника-экономикалық негiзiн талдағанда оған барлық акционерлер, несиелеушiлер және шетелдік инвесторлар қатысады.

Талданған инвестициялық саясаттың жағдайын сипаттағанда инвестициялық жобаның техника-экономикалық негiздемесiн қалыптастыру болып табылады. Осы корпорацияның техника-экономикалық негiзiн талдағанда оған барлық акционерлер, несиелеушiлер және тағы басқа қатысушы тұлғалар қатысады.

Инвестициялық саясаттың негiздемесiн талдағанда келесi iшкi және сыртқы факторларды ескеру керек:

  • өндiрiлетiн өнiмнiң көлемiн, номенклатурасын және сапасын талдау;
  • мерзiм бойынша инвестиция негiзiнде iске қосылатын өндiрiстiң жалпы шығындарын және капитал салымдарын, сондай-ақ осы жобаға балама жобаларды қатар қарастыру;
  • ағымдағы эксплуатациялық шығындар;
  • ақысы төленiп, әлi құрылмаған құрылғыларды қолдану тиiмдiлiгi мүмкiншiлiгiн ескеру;
  • негiзгi және материалды емес активтердiң амортизациялық шегерiмдерiн ескеру;
  • корпорацияның есеп саясаты бойынша салық төлемдерiн минималдау шаралары.

Корпорация инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшiн ең бiрiншi корпорацияның инвестициялық шешемiн қабылдайды. Ал өз кезегiнде корпорацияның инвестициялық шешемi оның қаржылық шешiмiмен тығыз байланыста болады. Оны келесi суреттерден көре аламыз:

ҚОРЫТЫНДЫ

Қорытындылай келе,  инвестиция экономикалық дамудың негізгі ретсурстары болып табылады. Инвестицияның экономикалық маңызы негізінен инвестиция арқылы экономикалық салалардағы қаржылар бос саладан қаржыға немесе капиталға мұқтаж болып отырған салаларға қаржы аударымдарын қамтамасыз етеді және соның негізінде экономика тиімді дамуға бет алады.

Қазақстан Республикасы экономикасының дамуы негiзiнен инвестицияның көп мөлшерде тартылуына тiкелей байланысты. Өйткенi елiмiз өндiрiсiнiң жалпы деңгейi мен оның даму болашағының деңгейi қазiргi өндiрiс ауқымынан 10 есеге артық болып табылады. Бұл шамаға жету үшiн шетелдiк инвестицияларды тартумен қатар, отандық инвестицияның да үлесiнiң артуын басты орынға қойып, ұлттық инвесторлардың, яғни кәсіпорындардың  инвестициялық саясатын өндiрiстiң өнеркәсiп және өңдеушi саласына тартуына ынталандыруымыз керек.

Өз кезегiнде инвестиция дегенiмiз табыс табу мақсатында кәсiпкерлiк қызметке салынған мүлiктiк және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрi. Инвестициялық қызметтiң негiзгi мақсаты кәсiпкерлiк табыс табыс пен пайыз алу болып табылады.

Елiмiз дамуы үшiн бүгiнде ұлттық өндiрiске және өнеркәсiп салаларына тiкелей шетел инвестицияларын, нақты инвестицияларды және экономикалық iс-әрекетiне байланысты активтi, яғни бәсекеге қабiлеттi өндiрiске салынған инвестициялар тартуды жалпы экономика және корпорациялар негiзiнде iске асыруымыз қажет.

Мен курстық жұмысым барысында осы аталған инвестицияның және оның экономикалық маңызын толық аштым және инвестициялық  саясаттың тиiмдi ұйымдастырылуының елiмiз экономикасы үшiн қажеттiгiн, корпорациялардың инвестициялық саясатының iске асу механизмiн, жалпы Қазақстандағы бүгiнгi таңдағы инвестициялық жағдайын сипаттап өттiм деп айта алам.

Сонымен, отандық өнеркәсiптi дамыту шараларына нарықтық тетiктердi тиiмдi пайдалану мақсатында ресурстарды үнемдi пайдалану, экологиялық проблемаларды шешу, өндiрiстiк құрылымды дамыту, өнеркәсiп салаларының құрылымын жетiлдiру, бәсекеге қабiлеттi жоғары сапалы тауар өндiру мүмкiндiгi бар өңдеу салаларына қолдау көрсету, әлеуметтiк-экономикалық мәнi зор және ғылыми перспективасы жоғары салаларды ынталандыру және ең бастысы өнеркәсiп саласының бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыратын, сапалы өнiмдер шығару үшiн, осы шараларды жылдам  iске асырудың негiзi инвестицялық саясатты тиімді іске асырумен оны  дамыту алдағы экономикасы тұрақты дамыған, индустриялы ел болуымызға тiкелей жол ашпақ.

Бүгiнде Қазақстан экономикасы әлемдiк бәсекедегi орны айтарлықтай емес. Елiмiз шикiзат бағытындағы дамушы елдер қатарында. Әлемдiк тәжiрибе керсеткенiндей, әлемде шикiзат экспорттаушы елдер даму жағынан артта қалған немесе дамушы елдерге тән экономика болып табылады. Ал елбасымыз халыққа жолдауында “Мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Сондықтан, елiмiз алдынғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы үшiн тұрақсыз экономикалық дамуға әкелетiн шикiзат бағытынан қол үзiп, қазiргi заманғы жоғары дамыған ғылыми-техникалық экономикаға өтудi қажет етедi. Оның алғашқы қадамдары ұлттық экономикамызда жасалу үстiнде, яғни экономикамыздың шикiзат бағытынан ғылыми-техникалық шикiзат бағытына өтуi үшiн “2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын”  қабылдап, оны iске асыруда. Бұл стратегия алғашқы жылдан бастап экономикамызға оң нәтиже бере бастады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
  1. Қазақстан Республикасының 2003-жылдың 8-қаңтарындағы «Инвестициялар туралы» Заңы
  2. Игликов Е., «Инвестиционный потенциал финансовых институтов Республики Казахстан: состояние и перспективы», Рынок ценных бумаг Казахстана, 2005, №2
  3. Әубәкiров Я. Ә. Байжұманов Б.Б.  / Экономикалық теория.  Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi.
  4. Шарп У. Александр Г. Бейли Дж. Инвестиции – М: Инфра, 1998 г.
  5. Оспанов М.Т. Иностранный капитал и инвестиции. – Алматы: 1997 г.
  6. Хусанов Б.Д. Прямые иностранные инвестиции: глобальные и региональные тенденции 90-х годов. // Известия. Серия обественных наук, 2003, №3.
  7. С.И. Шушкина «Инвестиционный проектирование» практические руководства по обоснованию инвест. проект – Москва, - 1995 г.
  8. Кучукова Н., «Стимулирование инвестиций и повышение конкурентоспособности казахстанской экономики», Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана, 2004, №1
  9. Сейтказиева А. М., «Инвестиционная деятельность предприятия», Алматы - 1998
  10. Сембеков Е., «Об отдельных вопросах совершенствования инвестиционного проектирования в Казахстане», Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана, 2004, №2
  11. Тургулова А.К., «Проблемы и пепспективы обеспечения финансовыми ресурсами предприятий реального сектора экономики», Банки Казахстана, 2005, №3
  12. Назарбаев Н.Ә. “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында”. Қазақстан халқына Жолдауы, Алматы: атамұра, 2005. – 48бет.
  13. Статистический ежегодник. Алматы. – 2007г.

Похожие материалы