Қазақстан Республикасы өзiнiң дамуы барысында XXI ғаысрға күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Глобализация мен халақаралық бәсекелестiктiң күшеюi соңғы кездерi ұлттық экономикалардың бәсекелестiкке қабiлетiлiгi мәселесiн өршiтiп жiбердi. Ел экономикасының бәсекелестiкке қабiлеттiлiгi экономиканы басқарудың түрлi деңгейлерiнде қалыптасатын көптеген факторлар мен шарттарға тәуелдi болады. Дегенмен, елдiң бәсеке қабiлеттiлiгiнiң негiзi оның тауар өндiрушiлерi болып табылады. Олардың қаншалықты бәсеке қабiлеттiлiгiнен өнiмнiң сапасы және сәйкесiнше шығарылатын өнiм көлемi белгiленедi. Сондықтан, қазiргi уақытта өнiмнiң сапасы мен бәсекелестiкке қабiлеттiлiгiн арттыру мәселес кәсiпорын үшiн және де бүкiл ел үшiн аса маңызды мiндеттердiң бiрi болып табылады.
Осы мәселенi шешу жолдарының бiрi экономикалық дамудың бүгiнгi таңдағы шикiзаттық бағытынан қол үзiп, тиiмдi экономикалық өсудi қамтамасыз ететiн дамудың “индустриялық-инновациялық” сатысына өтуiмiз керек. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi.
Ал әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай бүгiнде әлемде дамыған және даму жағынан жоғары болып отырған елдердiң барлығы дамудың сервистiк-технологиялық бағытына өтiп кеткен, ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және өте тиiмсiз экономикадағы дамушы елдер жатады. Сондықтан елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына өтуi үшiн эономикалық дамудың индустриялы-инновациялы жолына түсуi қажет. Осы мақсатта елiмiзде бүгiнде алғашқы iс-шаралар жүзеге асуда. Оның негiзгi елiмiзде 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялы-инновация стратегияның қабылдануы болып табылады.
Сондықтан мен экономикалық теория пәнiнен бүгiнгi таңдағы өзектi мәселелердiң бiрi болып табылатын “Қазақстан Республикасының индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы” деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi Қазақстан Республикасының инновациялық мәселелерге қызығуы әлеуметтiк - экономикалық дамуда ең бiрiншi ғылыми техникалық дамумен байланысты болып отыр. Елдiң негiзгi экономикалық дамуына, яғни өндiрiс пен ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау және экономиканың сервистiк-технологиялық дамуы үшiн инновациялық қызмет ең қажеттi болуынан.
Менiң бұл курстық жұмысты жазудағы мiндеттерiме келесiлер жатады:
- Инновация ұғымын ашып және оның жiктелуiн қарастыру;;
- Инновациялық өнiмдi iске асырудағы инновациялық процестiң негiзгi кезеңдерi мен оның мақсаттарын анықтау;
- Инновациялық қызметi дамыған шетелдердiң саясаттарын қарастырып, олардың елiмiз экономикасы үшiн тиiмдi жақтарын қарастыру;
- Елiмiздiң экономикалық өсуiндегi инновациялық дамудың маңызының ерекше екенiн анықтау;
- Ұлттық инновациялық жүйенiң құрылымын талдау;
- Елiмiзде инновациялық қызметтiң дамуы мен оны қолдау шаралары.
- 2003-2015 жылдарға арналған инновациялық стратегияның мақсаттары мен мiндеттерiн қарастырып, оның даму жоспарындағы негiзгi бағыттарды көрсету.
I ИННОВАЦИЯ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДIҢ НЕГIЗI
- Инновация ұғымы және оның жiктелуi
XXI ғасырда әлемде мемлекеттiк экономика жүйесiнiң дамуының үш түрi айқын көрiндi. Оларға:
- Шикiзаттық бағыттағы экономика;
- Дамушы экономика;
- Индустриядан кейiнгi қоғам экономикасы.
Мұнда шикiзаттық елдерге жер қойнауында қазба байлықтары көп елдер жатады және олардың экономикасы экономика дамуында тұрақсыз шикiзаттық бағытқа негiзделген. Дамушы экономика елдерге жаңа технологияларды қолданушы елдердi жатқызамыз және олардың дамуына тiкелей шетел инвестициялары әсер етедi. Ал экономика дамуында ең тиiмдi жол болып табылатын индустриядан кейiнгi қоғам экономикасы ғылыми-техникалық потенциялы жоғары дамыған елдерде орын алуда. Бұл экономиканы бiлiмге негiзделген экономика деп атауға да болады. Бiздiң елiмiз әлi де болса индустрияға дейiнгi және индустриялы қоғамды бiрге басынан өткеруде. Ал бiздiң мақсатымыз алдынғы қатарлы, индустриядан кейiнгi елдер қатарына қосылу болып отыр.
Ол үшiн мемлекет бел шешiп араласуы керек, сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттiң реттеудiң объектiсi болып табылады.
Осы дамудың тиiмдi жолы болып табылатын инновациялық дамуды талқыламас бұрын инновация ұғымының өзiне тоқталу қажеттiгi туындап отыр.
Экономикада “инновация” терминi XV ғ. 1-шi жартысында пайда бола бастады. Бұл ағылшын сөзi “innovation” яғни “жандану” немесе “заттар өндiрудегi жаңа технологиялар” деген мағынаны бiлдiредi.
Инновация дегеніміз - бұрын рынокта болмаған жаңа сапалық қасиеттерге ие бұрыннан белгілі өнім немесе тіпті жаңа түрде жақсартылған технологиялық процестер түрінде көрінетін өзгерістер мен жаңалықтар.
Австрия ғалымы Й. Шумпетер XX ғ. 30-жылдары экономика ғылымына инновация ұғымын енгiздi. Оның түсiнiгiнше инновация тұтынушылар тауарларының жаңа түрлерiн қолдану, жаңа өнеркәсәптiк және рынок пен өнеркәсiптiң жаңа ұйымдарының пайда болуымен түсiндiредi. Шумпетер бойынша инновация – тек жаңашылдық емес, ол жаңа өндiрiстiк функция болып табылады.
Инновация категориясының экономикалық анализде басты төрт аспектiсiн көрсетуге болады:
- Инновация – интелектуалды еңбек нәтижесi, яғни инновация арқылы бәсекелестiкке төтеп бередi;
- Инновация – бәсекелестiк күш, яғни нарықтың тепе-теңдiгiн бұзады;
- Жаңа өнiм және жаңа процесс қоғамға оң нәтижесiн тгiзедi;
- Инновация – экономикалық өсу факторы ретiнде.
XX ғ. 50 жылдары американ оқымыстысы Роберт Солоу экономикалық өсудiң басты факторы ғылыми-техникалық прогресс екендiгiн айтқан. Мұны Саймон Кузнецта қолдады. Оның пiкiрiнше ұлттық өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның тұтынуын қамтамасыз етуде технологиялық прогрестiң маңызы ерекше екенiн айтты.
Техникалық прогресс теориясының дамуынан инновацияға берiлген ақшалай ресурстар көлемiнде өнiм бiрлiгiнде кететiн орташа шығындарды азайтып, өндiрiстiң техникалық күшiнiң жетiлуi деген анықтама бередi.
Қазiргi заманғы көз қарастар бойынша инновация техникалық жаңалықпен қатар, экономикалық және әлеуметтiк құбылыс болып табылады. Сондықтан бұл түсiнiкке Сэйдiң кәсiпкерлiкке берген анықтамасы жақын. “Кәсiпкер экономикалық ресурстарын төмен өндiрiстi және төмен табысты саладан жоғары өндiрiстi және табысты салаға ауыстыруға ынталы болады. Кейiн бұл анықтаманы Шумпетер: “кәсiпкерлiк мiндет болып, сананы қирату болып табылады” деп атап көрсетедi. Яғни, инновация кәсiпкерлiктiң ерекше құралы.
Экономикалық эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша олар техника – экономикалық зерттеуiнде инновациялық процесс туралы келесi әдiстемелiк негiздерiн ұсынды:
- экономикалық динамика мен экономикалық өсудi қозғаушы фактор инновациялық негiздегi бәсеке болып табылады;
- экономикалық дамуда бiлiм мен интелект басты рольде болуы керек;
- интелектуалдық қызметтi институционализациялау оның құрылымы мен негiзi болып табылады.
Инновациялық дамуда негiзгi ұғым бұл инновациялық процес болып табылады. Осы инновациялық процестiң негiзгi iске асу кезеңерiн келесiдей топтауға болады:
- Алынған ойларды жүйелеу:
- Рынок өзгерiсi туралы ақпарат жинау, жаңалықтар, ҒЗТКЖ ұйымдарынан алынған және маркетингтiк зерттеулер, фирма аппараттарының сауда делдалдарынан жинаған ақпараттары және т.б;
- Фирманың жаңа өнiм өндiру мүмкiншiлiгiн және тәуекелдер деңгейiн анықтау;
- Мақсаттық рынок және оның дамуы туралы ақпараттар жинау;
- Жекелеген ойларды талдау және жаңа өнiм идеясын зерттеу:
- Мүмкiншiлiктердi және ойды практикалық iске асыруды анықтау;
- Фирма дамуы стратегиясына жаңа өнiм өндiру жоспарының сәйкес келуi;
- Болашақ өнiмнiң патенттiк айқындығын анықтау;
- Жаңа өнiмнiң экономикалық тиiмдiлiгiне анализ жасау және маркетингтiк бағдарлама құру:
- Өнiм өндiру идеясының нақты жобаға айналу талдауын жасау;
- Өнiмнiң техникалық-экономикалық сипатын анықтау, оның сапасына және тұтынушылық қасиетiне баға беру;
- Потенциалды рынок сұранысына және сату көлемiне талдау жасау;
- Жаңа өнiмдi өндiруге кететiн шығындарды анықтап, өнiмнiң өз құнын өтеу мерзiмiн белгiлеу;
- Жаңа өнiм өндiруге қажеттi негiзгi ресурстардың көздерiн табу. Оларға: техникалық машиналар, құралдар, шикiзаттар, материалдар, кадрлық персоналдар және қаржылық ресурстар көздерi жатады;
- Жаңа өнiмдi игеру және оның рынокқа шығу мерзiмi;
- Өнiмнiң пайдалылығын талдап, оған маркетингтiк бағдарлама жасау;
- Жаңа өнiмдi дайындау:
- Жаңа өнiм дамуының нақты бағдарламасын жасап дайындау;
- Өнiмнiң техникалық жағдайын тексеру (экономикалық және әлеуметтiк қауiпсiздiгi, оны өндiрудiң қоршаған орта жағдайына әсерi);
- Тауардың атын белгiлеп, оның тауарлық белгiсiн, оралуын, маркировкасын жасау;
- Рынокта жаңа өнiмдi тестiлеу:
- Өнiмдi 3 айда шектелген рынокта тестiлеу жүргiзу;
- Сатылудың оптималды шараларын талдау;
- Жарнама әдiсi мен құралдарын талдау;
- Техникалық қызмет көрсетудi ұйымдастыру;
- Жаңа өнiмдi өндiрiске енгiзу туралы шешiм қабылдау:
- Жаңа өнiмнiң коммерциялық негiздемесi: сату көлемi, өнiмнiң пайдалылығы, сұранысты қанағаттандыру дәрежесi, өткiзудiң негiзгi каналдары мен әдiстерi, фирманың рыноктағы имиджi, тұтынушылармен байланыстың тұрақтылығы;
- Фирманың өндiрiстiк мүмкiншiлiктерi бар ресурстарды тиiмдi пайдалануы және маманданған қызметкерлермен толық қамтамасыз етiлуi;
- Қаржылық мүмкiншiлiктер: инвестициялар, несиелер және гранттар;
- Жаңа өнiмде патенттiк қорғаныстың болуы. Инновациялық саланы мемлекеттiк басқару және шетел тәжiрибелерi
Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда, уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат экспортынан және оның әлемдік рыноктағы жағдайынан тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізаттың күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Дәл осы жағдайдан шығудың бiрақ жолы бар, ол жоғары технологиялық өндірісті дамыту. Тек жаңа технологиялар ғана Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік береді. Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты көп қажет ететін өнімді жоғары технологиялық және экспорттауға бағытталған өніммен алмастыру, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану- Қазақстан-2030 стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі.
2002 жылдың шілде айында қабылданған “Инновациялық қызмет ” туралы Заңы Республиканың ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс әкелетін жаңалық болды. Мақсаты отандық өндірістің инновацияларға сұранысын арттыру, қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер құру, инновациялық даму салаларының басым бағыттарын белгілеп, сол арқылы ел экномикасын ары қарай дамыту.
Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал кез-келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекет көркеюінің негізгі жолы ғылыми - техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар және жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлтық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабіліеттігін жоғарылатады.инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге көз жеткізіп келеміз.Бүкіл әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда құрылған дүние жүзіндегі ең алғашқы технопарк – АҚШ-тағы “Силикон аңғарының” пайда болуына негіз болды. Өткен ғасырдың 80-жылдары технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия, Бразилия, Индия, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады.
Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жасап шығару жылдамдығынан американдықтар мен еуропалықтарды да басып озды. Жаңа автокөлік Жапонияда 1 айдан кейін шықса, АҚШ-та – 4 ай, Еуропада 2 айдан кейін шығады. Жапондықтар үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге жеткізу үшін 4 ай жеткілікті, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш- 11 ай.
Ал Қытайда жаңа техника мен жоғары технологияны өндіріске енгізумен 1950 ж. құрылған ҒТИП (ғылыми-техникалық индустриалды парктер) айналысады. Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және өндірістік жағынан қарқынды жылдамдықпен игеріледі. ҒТИП қарамағына әр түрлі саладағы ғылыми орталықтар мен кәсіпорындар кіреді. ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасайды, ғылыми зерттеулерін жүргізуге көмектеседі,ақпарат және қаржымен қамтамысыз етілуін қадағалайды,бір сөзбен айтқанда, кәсіпорынға “қолайлы орта” жасайды. Қытай экономикасына үлкен үлес қосып, инновацияны дамытып отырғанын ҒТИП құрамына кіретін кәсіпорын санының өсуінен байқаймыз. Ол шама 1991жылы –2587 кәсiпорын, 1992 ж. –9678 кәсiпорын, 1996 ж. –13722 кәсiпорын, 2000 ж. –20796 кәсiпоырн.
Ал Оңтүстiк Корея Республикасының ғылым мен техниканы соңғы 30 жылда өте қарқынды дамытты. Екінші дүниежүзілік соғыстан әлемдегі ең кедей елдердің бірі болып шығып, соғыстан кейінгі зерттеулердің басым бөлігін қорғаныс, ядролық және космостық салаларға бағыттады. Корея Республикасы ғылыми-техникалық саясатын өткен ғасырдың 60- жылдарының ортасында қолға алды. 1967 жылы басты міндеті ғылыми-техникалық саясатты жобалау және жүзеге асыру болып табылатын “Ғылым және технология Министрлігі” құрылды және “Ғылым мен техниканы қолдау туралы” Заң қабылдады. Осыдан кейінгі дамуы 5 жылдық кезеңдерге жоспарланды.
Финляндияға келетiн болсақ бұл ел 1991 жылға дейін экспортының жартысын КСРО-ға жіберетін. КСРО тарап кеткеннен кейін және 90- жылдардағы экономикалық дағдарыс Финляндия экономикасына да жағымсыз әсер етті. Мысалы, жұмыссыздық деңгейі 1991 ж 3,5%-дан 1993 ж 20%-ға дейін өсіп кетті. Осы келеңсіз жағдайдан шығу үшін Финляндия Үкіметі 1991 ж жаңа экономикалық бағдарлама қабылдады. Оның міндеті Финляндияны дамыған елдер қатарына қосу. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатымен Үкімет “Ұлттық инновациялық жүйені” құрды. Оның қызметін тікелей Финляндия Президенті қадағалайды.
Әрбір ел дүниежүзілік рынокта өз орнын тауып, үлесінен айрылмауға тырысады. Бұл тікелей инновацияларға қатысты екені мәлім. ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында дамыған елдер қолға алған негізгі мәселе де осы болатын. Алайда мемлекет құқықтық-нормативтік негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырып немесе басқа қаржы ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе, бұл саланың қарқынды дамуы да екіталай болып келедi.
Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік қолдаудың негізгі кең тараған 3 әдісі бар.
- Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы;
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ірі лабораториялар қалыптастыру, нәтижесін ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетте бұл лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мәселелерін шешумен айналысады.
- Қайтарымсыз негізде мемлекеттiк негiзде субсидиялар бөлу;
Мемлекеттік емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыи зерттеу жұмыстарына қайтарымсыз негізде мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінеді. Негізгі қойылатын шарт зерттеулер барысы бойынша толық есеп беру, алынған нәтижені ашық түрде жариялау
- Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибе жүргізуге инвестиция бөлінген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну.
Бұл мәселенің шет елдерде қалай шешілетініне назар аударып көрелік. Жапонияда инновацияларға 2-шi дүниежүзілік соғыстан кейін көп көңіл бөліне бастады. Елде шағын және орта кәсіпорындар бүкіл экономиканың негізін құрады. Ал мемелекет инновациялық саясатты солар арқылы жүргізеді. Шағын кәсіпорындар барлық кәсіпорындардың 99%-ын құраса, олардың ЖҰӨ-дегі үлесі 52%-ды құрады. Мемлекет саясатының шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлікті қолдауының мәні қажетті капитал салымы мен жұмыссыздық туралы деректерді сәйкестендіру болып табылады.
Мемлекеттік деңгейде инновациялық кәсіпорындарға мынандай қолдау көрсетеді:
- Мамандандырылған мемлекеттік мекемелер (шағын инновациялық кәсірорындарға кеңес беретін комисссиялар, кәсіпорындарды қолдайтын бас басқарма, регионалдық органдар, мемлекеттік даму корпорациясы, шағын инновациялық кәсіпорындар академиясы, шағын инновациялық кәсіпорындардың бүкіл жапондық регионалдық орталық комитеті) жаңадан құрылған шағын кәсіпорындарға көмек көрсетеді.
- Қаржылық кепіл беру мен қаржылық көмек көрсету
Оны Жапонияда 59 филиалы бар мемлекеттік қаржылық корпорация, 102 филиалы бар ұлттық қаржылық корпорация, 117 филиалы бар сауда және өндірістік кооперацияның Орталық банкі, шағын инновациялық кәсіпорындарға арналған кредиттерді сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады.
Шағын және орта бизнесті қолдаудың жапондық жүйесінің негізгі элементі ол құқықтық-нормативтік қамтамасыз ету болып табылады. Оған “Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау” туралы Заңнан бастап “Жаңа қызмет түрін енгізуде туындайтын төтенше жағдайлар” туралы Заңға дейін т.б. заңдар кешенін қамтиды.
Жапонияда Орталық банктер кредиттердің 47%-ын, ал жергілікті коммерциялық банктер 100% кредитті шағын және орта кісіпорындарға береді. Шағын инновациялық кәсіпорындарды қаржылық қолдаудың арнайы механизмдері қолданылады. Олар “жеңіл қарыздар” деп аталады. Егер жай қарызды 4-8%-бен алса, шағын инновациялық кәсіпорындар қарызды осының жартысымен, яғни 2-3%-да алады.
Ал Оңтүстік Кореяда инновация XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап дамыды. Технологиялық саясат ең алдымен ішкі технологиялық базаны құруға, шетел техникасын пайдалануға бағытталды. Сол мерзімде, яғни 1966 ж. мемлекет тарапынан қаржыландыратын тұңғыш зерттеу инстииуты “Корей Ғылым және технология институты” құрылды (KIST). Оның негізгі мақсаты озық шетел технологиясын үйрену және оны өндірісте қолдану болды. 70-жылдардың ортасынан басталған келесі кезеңде капиталды көп қажет ететін жән технологиялық тиімді, машина жасау, кеме жасау, химия, электроника және электроэнергетика секілді салалар мемлекеттік қолдауға ие болды.
Мамандарды даярлау ісі қолға алынып, көзделген бағытқа сәйкес келетін ЖОО KAIST- (Korean advances Institute of Science and Technology) ашылды. Ол үкіметтің адам ресурстарын дамыту және кадрларды дайындау саясатын жүзеге асыруға көмектесті.
80-жылдардың басында инновациялық саясатты дамытудың және жүзеге асырудың 3-кезеңі аяқталды. Ол стратегиялық маңызды салаларға шоғырланған инвестицияларды бағыттауды қаржыландыру, инвестициялау және кедендік бақылау салаларын либерализациялауды көздеді. Зерттеулер мен жобалаулар саласында тұңғыш Ұлттық бағдарлама жасалды. Ғылымды, білікті мамандарды даярлауды мемлекеттік қаржыландыру күшейе түсті. “Даэдок” ғылыми қалашығы құрылды. Бұл ғылыми қалашық мемлекет тарапынан және жеке сектордан қаржыландыратын оқу орындары, зерттеу орталықтары мен венчурлік фирмаларға ғимарат беріп, олардың біріккен зерттеулеріне көмек көрсетті.
Кореяда 1997-2002 ж.ж арналған инновацияның 5- жылдық жоспары мен елдің 2025 жылға дейінгі ғылым мен техниканы дамытудың ұзақ мерзімді жоспарында да мемлекеттің рөлі ерекше болып табылады.
Шетелдік тәжірибе көрсеткендей, ғылыми-техникалық потенциал- кез-келген мемлекеттің өркендеуінің кепілі. Экономикалық дамудың, мемлекет көркеюінің негізгі жолы- ғылыми техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар және жаңалықтар экономиканың құлдырауына төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлтық экономиканың тиімділігі мен бәсекеге қабіліеттігін жоғарылатады.
Шетелдер тәжірибесінен инновацияны дамытудағы мемлекеттің рөлінің өте маңызды екеніне көз жеткіздік, енді еліміздегі инновациялық үрдістерді дамытуға қандай мемлекеттік қолдау көрсетілетініне және жалпы елiмiздiң инновациялық жағдайы мен 2003-2015 жылдарға арналған стратегияның қызметтерiне тоқталайық.
II ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ
2.1 Индустриялы - инновациялы саясаттың елiмiз экономикасы дамуы үшiн маңыздылығы және оны дамыту шаралары
Бүгiнде елiмiз экономикасының дамуында негiзгi бағыт елде 1990 жылдан кейiн құлдырап кеткен барлық өндiрiстердi инвестиция тарту арқылы iске қосу, кәсiпкерлiктi дамыту, әсiресе шағын бизнестi мемлекеттiк қолдау, ғылыми-техникалық еңбектерге және инновациялық қызметтерге мемлекеттiк салық және несие жеңiлдiктерi арқылы оларды ынталандыру, елдегi халықтың бiлiм деңгейiн реформалау және жоғары дәрежелi мамандар даярлап шығару, сондай-ақ халықаралық экономикалық қатынастарда тиiмдi саясат жүргiзу елiмiздiң басты мiндеттерi болып отыр.
Қазақстан тәуелсiздiк алғаннан кейiн жаһандық экономикада әлемдiк тауар рыноктарына мұнай, газ, қара және түстi металдар мен уран өнiмдерiн шығаратын ел ретiнде қарастырылады. Ауылшаруашылығы өнiмдерiнен астық экспорттайды.
Қазақстанда пайдалы қазбалардың қорларының болуы оның салыстырмалы экономикалық артықшылығы болып табылатындықтан ол қазiргi уақытта классикалық экономика сценарйi бойынша дамуда.
Өндiрiстiң және шикiзат ресурстары экспортының қарқынды дамуы экономикаға экономикалық дағдарыстан шығып, соңғы үш-төрт жылда экономикалық өсудiң жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi. 1-кесте.
Өнеркәсiптiң шикiзат салаларына шетелдiк инвестицияларды тарту және қаржы саласында құрылымдық-индустриялық өзгерiстердi жүзеге асыру жөнiнде мемлекеттiк саясаттың жүргiзiлуiне байланысты Қазақстан экономикасының дамуында iлгерiлеу байқалуда, елде өмiр сүру деңгейi жоғарылап және ұзақ мерзiмдi кезеңге индустриялық сервистiк-технологиялық даму сатысына өтуге мүмкiндiк беретiн қаржы ресурстары жинақталуда.
Жылдар | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 |
Өнеркәсiп өндiрiсiнiң көлемi. Млрд. теңге | 660,0 | 810,7 | 1142,8 | 1798,3 | 2000,2 | 2233,0 |
Өнеркәсiп өндiрiсiнiң алдыңғы жылмен салыстырғандағы физикалық көлемiнiң индексi. | 91,8 | 104,0 | 102,7 | 111,5 | 113,8 | 108,7 |
Бүгiнгi таңда Қазақстанды әлемдiк қоғамдастық нарықтық экономикадағы мемлекет ретiнде мойындап отырғанын атап өту керек, ол ТМД елдерiнiң iшiнде бiрiншi болып инвестициялық ел ретiнде танылды.
Дүниежүзiлiк Банк Қазақстанды әлемдегi инвестиция алудан ең тартымды 20 елдiң қатарына қосты. Тәуелсiздiк жылдары Қазақстан экономикасына 21 млрд. АҚШ доллары тартылды.
Тек жаңа технологиялар ғана Қазақстанның өндірістік саласының тұрақты дамуына және ел экономикасының әлемдік экономикалық жүйеге интеграциялануына мүмкіндік береді. Экономикалық өсу, ЖҰӨ-дегі шикізатты көп қажет ететін өнімді жоғары технологиялық және экспорттауға бағытталған өніммен алмастыру, елдің ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді түрде пайдалану “Қазақстан-2030” стратегиясының маңызды мәселелерінің бірі.
2002 жылдың шілде айында қабылданған “Инновациялық қызмет” туралы Заңы Республиканың ғылым саласына, ел экономикасына үлкен серпіліс әкелетін жаңалық болды. Мақсаты отандық өндірістің инновацияларға сұранысын арттыру, қолданбалы зерттеулерді қолға алу, ұлттық технопарктер құру, инновациялық даму салаларының басым бағыттарын белгілеп, сол арқылы ел экномикасын ары қарай дамыту.
1990 ж. бүкіл КСРО елдерінің экономикасында жағымсыз жағдай қалыптасты. Қазақстанда барлық салалар дағдарысқа ұшырап, ғылымға көңіл бөлінбеді, көптеген кәсіпорындар жұмысын тоқтату, бөлшектену, тіпті қайта құрылу сияқты құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Мұның бәрінің себебі нарықтың қатал талабы болды. Тозған құрал-жабдық, шығыны көп икемсіз өндіріс, тиімсіз басқару, сын көтермес қаржылық жағдай және осы сынды мәселелер аяғына ұлттық экономика дамуына шырмауық болып оралды.
Нарыққа көшу процесі аяқталғаннан кейінгі жылдарда экономиканың жанданып дамуы шикізаттық (газ, мұнай, метал) өндiрiстен, яғни оларды сатудан түскен валюталық түсімдерге тікелей байланысты болды. Елiмiзде 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды. Оның соңғы бiрнеше жылдардағы көрсеткiшi тiптi 10% төңiрегiнде болып, жоғары өсу қарқынын көрсеттi. Бірақ бұл өсім шикізаттық бағыттағы пайда есебінен, яғни “көз бояушылық” екенін түсінген ҚР Үкіметі қырағылық танытып, елдің индустриалды-инновациялық саясатын қолға алды. 2002 жылдың шілде айында ҚР Президенті Жарлығымен “Инновациялық қызмет" туралы Заң күшіне енді. Оның негізгі бағыттары келесідей:
- Инновацияның басым бағыттарын анықтап, инновациялық бағдарламарды жасау.
- Мемлекеттің инновациялық саясатын жүзеге асыратын қажетті инвестицияны жұмылдыруды ұйымдастыру және жағдай жасау.
- Инновациялық инфрақұрылымды құру.
- Мемлекеттік бюджеттен инновациялық бағдарламалар мен жобаларды мақсатты қаржыландыру
- Бәсекеге жарамды өндірісті құруға мемлекеттің араласуы.
- Мемлекеттік тапсырыспен орындалатын инновацияларды міндетті түрде рынокпен қаматамасыз ету.
- Отандық инновацияларды шетелге шығару.
Ғылыми-техникалық инновациялық бағдарламаларды дамыту үшін арнайы даму институтары құрылған. Оның ішінде 3 қаржылық және 2 қызмет көрсету институтары бар.
Инновацияны жүзеге асыру үшiн оны мемлекеттiк қолдайтын құқықтық актiлер, инновациялық қызметтердiң iске асуы үшiн оны қамтамаасыз ететiн қаржылық институттар және оны нақты түрде жүзеге асыратын мекемелер, ҒЗТКЖ ұйымдарын қалыптастыруымыз керек. Сондықтан инновацияны дамыту үшiн осы сыртқы орталарды да жетiлдiруiмiз, оларды инновациялық қызметке ынталандыруымыз керек. Сондай-ақ өнеркәсiп саласын дамыту барысында кластерлiк желiлердi дамыту керек. Кластерлер таяу орналасқан кәсiпорындарды бiр орталыққа шоғырландыра отырып, тiзбектелген технология бойынша соңғы өнiм шығаруға қол жеткiзудiң бiрегей тәжiрибесi болып табылады.
“Инновациялық қызмет” туралы Заңда инновациялық ифрақұрылым құруға басты назар аударған. Инновациялық инфрақұрылымның негізгі тірегі- технопарктер.
Технопарктер өз кезегiнде ұлттық және регионалды болып екiге бөлiнедi.
Алатау АТП-не тоқталатын болсақ, ол еліміздегі инвестициялық жобалардың ең маңыздысы болып табылады. Оған ақпараттық технология және коммуникация саласындағы әлемдегі озық компаниялар тартылып, Microsoft. Hewlett Packard. Siemens т.б әлемдік лидерлермен ынтымақтастық жөнінде меморандумдарға қол қойылды. Ерекше экономикалық зона ретінде АТП-ның мынандай басты артықшылықтары бар: корпорация салығы екі есеге төмендетіліп, жер және мүліктік салықтан мүлде босатылады.
Үкімет тарапынан жүргізіліп жатқан инновацияны қолдау саясаты мен нақты іс-шараларға тоқталатын болсақ:
- бұл үрдістердің жүруін тездететін құқықтық қамтамасыз ету және экономикалық шараларды жүзеге асыруда бірқатар заң жобалары қабылданды. “Инвестициялық қор” туралы, “Техикалық реттеу”, ”Қазақстанның инвестициялық қоры”, ”Сауда қызметі”, ”Сауда өндірістік палаталар”, ”Арнайы экономикалық зоналар” туралы Заңдар қабылданып, Салық Кодексіне өзгертулер мен толықтырулар пакеті енгiзiлiп, 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялы-инновациялық стратегия қабылданды.
Мысалы, жоғары қосымша құн қосылған өнім өндіретін кәсіпорындардың корпоративті табыс салығына 30% жеңілдік, егер экологиялық менеджмент ИСО-9000 және 14000 халықаралық сапалық стандарттарға сәйкес болса, онда 50% жеңілдік көрсетіледі және өндіріске енгізлгеннен 10 жылға дейін корпоративтік салықтан босатылады.
2005 жылдан бастап, тозған негізгі қорларды жаңарту мақсатында амортизациялық аударымдарды есептеудің жаңа тәсілі қолданылатын болады, бұл Заң жобасы 2004 жылдың қыркүйегінде Парламентте қабылданды.
2) Индустриалды стратегияның дайындық кезеңінің басты міндеттерінің бірі-регионалды және халықаралық масштабта елдің бәсекелестікке жарамды салаларын анықтау. Елбасының тапсырмасымен “Маркетингтік-аналитикалық зерттеулер” орталығы және дүние жүзіне танымал “Джей Ай Остин” компаниясымен осы бағытта зерттеулер басталды. Оның қорытынды нәтижесі жылдың аяғында белгілі болады. Шетел инвесторлары және даму институтарының қатысуымен жоғары технологиялық өндірістерді құру жұмыстары да жүргізілуде. Үкімет трансұлттық компаниялар, ірі шетел және Қазақстан компаниялары арасында инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға күш салып келеді. Дүние жүзіндегі ірі компаниялар “Майкрософт”, “Хьюлетт Паккард”, “Сименс”, “Циско” ынтымақтастық жөнінде меморандумдарға қол қойылып және машина жасау, металлургия саласындағы ірі жобаларды жүзеге асыруға бағытталуда. Дәл осылай “Қазақстан-Камаз” автомобиль концорциумы құрылды. Оның мақсаты автомобиль және трактор жасауды дамыту.
Қостанайда “Агромашхолдинг” ААҚ комбайн және мотор жасаумен айналысады. ”Сингапур Технолоджис” және “Қазақстан Инжиниринг” біріккен кәсіпорны құрылды. Онда 2004 жылы барлық қаржыландыру көздерінен 250 индустриалды- инновафиялық жобалар іске асады.
Мемлекеттік Даму Институттары да нақты істі орындауға көшіп келеді. Мысалы, Қазақстан Даму Банкі 562,6 млн долларға бағаланған 22 инвестициялық жобаларды қаржыландырды. 2004 жылы Қазақстан Даму Банкі қаржыландыратын тағы 10 өнеркәсіп іске қосылды. Оның ішінде Астанада шыны пластикалық труба жасайтын және Шымкентте мақта-мата өндіретін өнеркәсіп орындары бар.
Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру корпорациясы да белсенді әрекет етуде. Биыл 20,5 млн долларға бағаланған 23 жобаны сақтандыру туралы шешім қабылдады.
Қазақстанның инвестициялық қоры осы жылдың 1-шілдесіне дейін 100 млн. теңге тұратын 2 жобаны қаржыландырды және 6 жобаны қаржыландыру көзделіп отыр. Ал “Ұлттық инновациялық қор” елiмiздегi тұнғыш геостационарлық спутникті құру және іске қосуды қаржыландыруды бастады.
3) Елді постиндустриалды дамуға көшіру экономиканың әлеуеті басым салаларын дамыту арқылы жүзеге асады. Қазақстанда ол салаларға ең алдымен космос және ядролық салалар жатады. Осы орайда Үкімет “ҚР космос саласының 2005-2007 ж.ж дамуы” деген мемлекеттік бағдарлама жасады. Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық аясында бірқатар маңызды зерттеулер жүргізілуде, оның ішінде қуаты 70 МВт болатын шағын атом станциясын құру және радияциялық техниканы пайдалана отырып шуды изоляциялайтын материал өндіру қолға алынды.
Инновациялық саланы мемлекеттік басқару-индустриалды-инновациялық саясатты жүзеге асырушы ғана емес, оның бағытын анықтап, сол процестердің қарқынды дамуына ықпал етіп,дұрыс орындалуын қадағалайтын бірден-бір қуатты құрал. Біздің елімізде де осы мәселе дұрыс жолға қойылып, тікелей Президенттің қадағалауында екені көңіл қуантады.
2.2 Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық стратегиясының мақсаты мен мiндеттерi және оның негiзгi бағыттары
Қазақстан Республикасында бүгiнгi таңда экономикалық дамуында ғылымды көп қажет ететiн отандық өндiрiстi дамыту, бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi алуға бағдарланған жаңа ақпараттық технологияларды әзiрлеу мен игеру және республиканың өнеркәсiп пен ғылыми-техникадағы әлеуетiн сақтау мен дамыту есебiнен ұлттық экономикалық қауiпсiздiң мүдделерiн қамтамасыз ету Қазақстан экономикасының өзектi стратегиялық мiндеттерi болып табылады.
Қазақстанның ғылыми-техникалық саясаты инновациялық процестердi жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгiзуге, өңдеушi өнеркәсiптегi жаңа қайта бөлiстердi игеру, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуеттi жандандыруға, ғылым мен өндiрiс арасындағы алшақтықты азайтуға, индустриялық қызметтi ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансфертi мен халықаралық стандарттарды енгiзудi қамтамасыз етуге бағытталуы керек.
Ғылыми-техникалық салада кәсiпкерлiк секторды қалыптастырмай инновациялық қызметтi дамыту мүмкiн емес. Соңғы жылдар iшiнде өнеркәiсп өндiрiсi көлемiнде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесi өзгерiсi шамалы болып отыр және тиiсiнше өнеркәсiпте 2,8-3,2%-ды, ал жұмыспен қамтуда 12,4-14,0% -ды қамтып отыр. Бұл көрсетiлген шамалар индустриясы дамыған елдердегiден бiрнеше есе аз.
Шағын инновациялық кәсiпкерлiктiң дамуы тежелуiнiң негiзгi себебi шағын кәсiпорындардың әдетте, iрi кәсiпорындармен салыстырғанда бәсекеге қабiлеттi өнiмдер шығара алмауында болып отыр.
Сонымен қатар, Қазақстандық өндiрушiлерге ғылыми әзiрлемелердi рыноктық тауар деңгейiне жеткiзу тәжiрибесi жетпейдi, менеджмент, маркетинг және талдау саласындағы жоғары бiлiктi мамандар жеткiлiксiз. Осыған байланысты қазақстандық мамандарды жетекшi шетелдiк ғылыми-зерттеу институттары мен компанияларына дайындық курстарына жiберу және бiлiктi шетел мамандарын тарту тәжiрибеге енгiзiлетiн болады.
Инновациялық дамудың базалық моделi негiзiнде iшкi (өсiру) және сыртқы (трансферт) инновация көздерiнiң арасындағы қатынас жатыр. Инновацияларды өсiру стратегиясы iргелi және қолданбалы жеке зерттеулерге негiзделген өзiндiк технологияларын белсендi жетiлдiрген алдынғы қатарлы елдерге ( АҚШ, ГФР, Англия, Жапония ) тән. Ал технологиялардың трансфертi стратегиясы iргелi және қолданбалы жеке әзiрлемелерi жоқ және бұл мақсаттарға арналған ресурстары шектеулi елдерде iске асырылады.
Сонымен, ғылыми-техникалық және иновациялық қызмет саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттары келесiдей:
- мемлекеттiң қатысуымен маманданған венчурлiқ қорлар құру және венчурлiк капиталды ғылыми-техникалық және иновациялық салаға тарту;
- инновациялық қызмет субъектiлерiн мемлекеттiк қолдаунысандары мен әдiстерiн әзiрлеу;
- инновациялық қызметтiң мемлекеттiк, салалық, салааралық және өңiрлiк сипаттағы маманданған субъектiлерiн құруға енетiн инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;
- инновациялық сала үшiн кадрлар даярлау және қайта даярлау;
- өнеркәсiптiң базалық саларында жаңа технологиялық құрылым қалыптастыру;
- технологиялардың өркениеттi рыногы үшiн жағдайлар жасау, яғни авторлық құқықты, патенттер мен сауда белгiлерiн қорғау саласындағы барлық халықаралық конвенцияларды тану арқылы шетел технологиясының трансфертiн ынталандыру;
- отандық кәсiплорындардың үздiк әлемдiк тәжiрибеге сәйкес сапа стандартына өтуiн ынталандыру;
- халықаралық донор ұйымдардың, мүдделi қаржы-несие және шаруашылыұ құрылымдарының гранттарын тарту болып табылу тиiс.
Стратегияның негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып, қызмет көрсету саласын мығымдау.
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес бiз экономиканың шикiзаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландыруының тездетуге, машина жасау мен өнеркөсiп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиiспiз. Яғни инновация – экономикалық өсуде негiзгi қозғаушы күш болмақ.
Ендi осы тұрақты экономикалық өсудiң бүгiнгi таңдағы ең негiзгi қозғаушы факторы болып отырған Индустриялы-инновациялы даму стратегиясының мақсаты мен мiндеттерi туралы тоқталып өтсем.
Стратегияның басты мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу; ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн жағдай жасау болып табылады.
Өңдеушi өнеркiсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа негiзделген тауарларды , жұмыстар және қызмет көрсетулер өндiрiсi мемлкеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.
Стратегияның мiндеттерi:
- өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету:
- өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;
- кәсiпкерлiк құрылымды қалыптастыру; бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды қамту; қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрестерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi итеру;
- ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру;
- сапаның әлемдiк стандартына көшу;
- дүниежүзiлiк ғылыми – техникалық және инновациялық процестерге қосыла отырып, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экономикамен ықпалдасуды күшейту.
Осы стратегияны iске асыру мерзiмi 2003-2015 жылдарды қамтиды және ол даму барысында келесiдей кезеңдерден тұрады:
1-шi кезең – 2003-2005 жылдар, басты түрде дайындық сипатындағы iс-шараларды жүзеге асыруға байланысты болады. Стратегияны табысты түрде iске асыру мақсатында ҚР-ның қолданыстағы заңнамаларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу, инвестициялық және инновациялық жобаларға мемлекеттiң қатысуын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк институттар құру.
2-шi кезең – 2005-2010 жылдар, стратегия iс-шараларын экономиканың барлық салаларында белсендi iске асыру кезеңi болады. Ғылыми-инновациялық инфрақұрылым негiзiнен қалыптасатын болады.
3-шi кезең – 2010-2015 жылдар, стратегияны iске асыру бөлiгiнде аса өнiмдi болады. Осы кезеңде iске қосылған қуаттарды және жаңа салалар мен рыноктардағы ҚҚТ дамыту жүзеге асатын болады. Тауарлар мен қызметтер өндiрiсiнiң және экспортаудың өсу қарқыны мұнай мен газ өндiрудiң өсiмiнен асып түседi. Экономика салалары мен экспорт құрылымын әртараптандыру жүредi.
Күтiлетiн нәтижелер: Индустриялық-инновациялық саясатты белсендi жүргiзу экономиканың өсу қарқынын жылына 8,8-9,2% қамтамасыз етедi. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ЖIӨ көлемiн 3,5-3,8% еседей ұлғайтуға мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4%-ке дейiн жеткiзуге, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыруға және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендетуге мүмкiндiк бередi. ЖIӨ құрылымында ғылыми және ғылыми инновациялық қызметтiң үлестiк салмағын 2000 жылғы 0,9%-тен 2015 жылы 1,5-1,7%-ке арттыруға мүмкiндiк беру.
ҚОРЫТЫНДЫ
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей, шикiзат ресурстарына бай кейбiр дамушы елдер тұрақты экономикалық дамуға қол жеткiзбей, шикiзаттың әлемдiк тауар рыноктарында жағдайдың өзгерiстерiне тым тәуелдi болып қала бередi.
Экономиканың шикiзат секторларынан едәуiр табысқа ие болып, мемлекет пен жеке сектор экономиканың жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды.
Экономиканың мұндай тиiмсiз дамуын қамтамасыз ететiн дамудың шикiзаттық бағытынан арылудың бiрден-бiр жолы елiмiздiң индустриялы-инновация дамуға бет алуы болып табылады. Ол үшiн елiмiз жүйелi түрде инновациялық саясаттарды жүзеге асырып, оның негiзгi бағыттарын анықтауы керек.
Индустриялық саясат дегенiмiз мемлекеттiң бәсекеге түсуге қабiлеттi және тиiмдi ұлттық өнеркәсiптi қалыптастыру үшiн кәсiпкерлiкке қолайлы жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенiн бiлдiредi.
Яғни елiмiз осы мәселелердi шешiп жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және экологиялық тиiмдi өндiрiстi қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. Сондай-ақ Елбасымыз биылғы жылы “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауында, елiмiз үшiн өзектi мәселелердiң бiрi Индустриалды-инновациялық стратегияның негiзгi бағыттарын атап көрсеттi.
Қорытындылай келе, индустриялық-инновациялық саясатты жүзеге асыруда келесiдей шараларды атқаруымыз керек:
- елдегi инновациялық күштердi қалыптастыру және нығайту;
- мемлекеттiк мекемелердiң қызметiн индустриялық-инновациялық дамудың мақсаттарына сәйкес қайта құру. Бұл – бiлiм, ғылым, қаржы фискальдық және тарифтiк саясатты жетiлдiрудi қажет етедi;
- индустриялы-инновациялы дамуды халық арасында насихаттау;
- отандық өнiмдердiң халықаралық рыноктарда бәсекеқабiлеттiлiгiн арттыру үшiн әлемдiк стандарттар мен сертификаттарға көшу;
- инновациялық қызметке мемлекеттiк қолдау көрсету, шағын инновациялық бизнестi ынталандыру.
Әрине дамыған елдер қатарына қосылу үшiн сол елдердiң даму жолын зерттеп, олардың ұлттық экономикамызға тиiмдi жақтарын ала бiлуiмiз қажет. Бiздiң елiмiзге әсiресе Оңтүстiк Азияның бiрнеше жаңа индустриялы елдерiнiң ұстанған саясаты ыңғайлы болып отыр. Яғни “Азия айдаһары мен жолбарысы” атанған елдер қысқа мерзiмдi аралықта индустриялы-инновациялы саясатты тиiмдi жүргiзу арқылы үлкен жетiстiктерге қол жеткiздi. Яғни , инновация – экономикалық өсуде негiзгi қозғаушы күш болмақ.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Н.А. Назарбаев. Қазақстан – 2030 Қазақстан халқына Жолдауы.
- Инновационный менеджмент / К.Нарибаев, С.Джуманбаев, А.Нусупова. – Алматы: Қазақ унивеситетi. – 1998. – 60 с.
- Купешова Сауле Телеухановна / “Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республике Казахстан,” – диссертация, Алматы, 2002 г.
- Статистика 1991-2001 десят лет независима Казахстана. Алматы. - 2002г.
- Шумпетер Й. Теория экономическая развития. – Москва; Прогресс. 1998. – 454 с.
- Есентугелов А. Долгосрочная стратегия развития экономики и размещение производительных сил в РК // Аль-Пари. №6, 2000 г.
- Ю. К. Шокоманов “Состояние и перспективы экономического развития Казахстана в переходной период” // Вестник КазНУ, Серия экономическая, №4, 2001 г.
- Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
- Н. А. Назарбаев. “Задача науки – способствовать развитию экономики” // Казахстанская правда, 16 апрель, 2002 г.
- Әбдiжапар Сапарбаев “Инновация – негiзгi қозғаушы күш” // Егемен Қазсқстан, 24 наурыз, 2004 ж.
- Н. Ә. Назарбаев. “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 19 наурыз, 2004 ж.
- Қуат Бораш “Инновация, оның елiмiз экономикасы үшiн маңызы қандай” // Егемен Қазақстан, 23 ақпан, 2004 ж.
- Купешова С.Т. Ғылыми-технологиялық және инновациялық саладағы мемлекеттің орны //Саясат №2, 2001г.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024