Астана. 5 желтоқсан. 7kun.kz – 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін өседі. Қазақстандықтар бұл ақшаға қалай өмір сүруге болады деген сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жауап берді, деп хабарлайды 7kun.kz.
70 мың теңге – біліктілігі жоқ қызметкердің ең төменгі жалақысы. Министрдің айтуынша, ең төменгі жалақыдан бөлек, бюджеттік ұйымдардың барлық жалақысы көтерілуде.
«Білім беру ұйымдарында келесі жылға дейін екі есе, денсаулық сақтау – 2024 жылға қарай, әлеуметтік қамсыздандыру – 2025 жылға қарай екі есе. Компаниялармен жұмыс жүргізіліп жатыр, меморандум бар – орташа жалақы 20-дан 30 пайызға дейін өсті. Барлық жалақы көтеріліп, Еуропадағыдай болады деп айтуға болмайды, бірақ кезең-кезеңімен ЕТЖ ескеріле отырып, өседі», – деді министр.
Оның айтуынша, азамат 70 мың алса, тиісінше, мемлекеттік кәсіпорында келесі жылы және келесі үш жыл ішінде жалақы саласына байланысты 25-тен 35 пайызға дейін көтеріледі. Ал жеке сектор болса, онда әлеуметтік әріптестік аясында бірлескен жұмыс жүргізіледі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024