БЕРЛИН – Жаһандану қазіргі уақытта Батыста барған сайын жаман сөз жинауда. Популистік қозғалыс басшыларының айтуынша, оның кәдімгі азаматқа берер пайдасы аз, немесе тіпті мүлдем жоқ десе те болады, және оның орнына олар протекционизм және біржақтылықты жарнамалайды. Сауда немесе қаржылық реттеуге қатысты ұлттық саясат ұлттық ұлылықты қалпына келтірудің үшін ең сенімді жолы ретінде қарастырылады.
Бірақ бұл популистік күн тәртібі халықаралық ынтымақтастық және халықаралық сауда тек жеңімпаздар мен жеңілгендер бар ойын деген терең жетілмеген ойға негізделген. Шын мәнінде, ынтымақтастық және сауда барлық елдерге пайда бере алады. Көптеген жылдар бойы, дамыған және дамушы елдерде, олар жүздеген миллион адамды кедейшіліктен шығарды, жаһандық қауіпсіздікті және жаһандық өркендеуді нығайтты.
Әрине, тұрақты және инклюзивті экономикалық өсуге қол жеткізіп, оның барлық адамдарға пайда тигізуін қамтамасыз ету үшін жаһандануға ережелер мен танылған құрылым керек. Ұлттық заңнамаға келер болсақ, оған үнемі түзетулер жасауды талап ететін негіздемелік құрылым қажет. Бірақ одан толығымен бас тартып және жаһанданудан кету дұрыс шешім емес. Керісінше, біз халықаралық экономикалық ынтымақтастықты тереңдету және кеңейту жолдарын іздеуіміз керек.
Менің ойымша, G20 мықты және инклюзивті ынтымақтастық үшін ең үздік форум болып табылады. Әрине, G20 мінсіз емес, бірақ бұл қазір барлық адамдар үшін лайық болатын жаһандану нысанына жету үшін ең жақсы институт болып табылады. Ол арқылы әлемдегі негізгі өнеркәсіптік және дамушы елдер әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ететін ортақ жаһандық тәртіпті жасау бағытында бірлесіп жұмыс істеген. Шынында да, G20 ашық нарық, реттелген капитал ағындары, қиналған елдерге көмек беруді қамтамасыз етеін жаһандық қаржы архитектурасының саяси негізі болып табылады.
G20 қаржылық реттеу және халықаралық салық салу мәселелері бойынша жақсырақ үйлестіруде соңғы жылдары көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Ал, биылғы жылы G20 төрағалық ететін ел ретінде, Германия, Қытай және Түркия төрағалығы кезінде басталған маңызды жұмысты жалғастыруға міндеттенеді.
Мысалы, кенеттен болатын сілкіністерге қарсы жаһандық экономиканың тұрақтылығын нығайту үшін көп жұмыс жасалуы керек. Сондықтан G20-ның басты басымдықтарының бірі биыл борышқа негізделген, болжамсыз өсу моделі салдарынан орын алған 2008-2009 жылдардағы жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың қайталануының алдын алу болады.
Бірақ, ең бай және ең кедей елдер арасындағы алшақтықты шешу үшін, біз G20 шеңберінен шығуымыз қажет. Атап айтқанда, G20 ғана емес, шын мәнінде бүкіл әлем континенттің дамуының осы сын сәттінде Африкаға қол созуы керек.
Африкалықтардың өмір сүру деңгейін арттыруға байланысты моральдық мәселеден басқа, континенттің даму геосаяси тәуекелдерді азайту үшін аса маңызды болып табылады. Бірақ Африкада инвестициялау әлі аз, және бұл Африка елдеріндегі адамдарды өз өмірін жақсарту мүмкіндіктерінен айырады.
Осы себептерге байланысты, неміс төрағалығы барысында G20 Африкамен арадағы әріптестікті жандандыру үшін күш жұмсайды. Осы күш салудың орталық тірегі «Африкамен келісім» болып табылады, ол жеке инвестицияларды, оның ішінде инфрақұрылымға салынатындарды қолдау үшін негіз береді. Біздің ұсынысымыз бойынша, G20 саяси қолдауымен, Африка үкіметтері, халықаралық ұйымдар, сондай-ақ екі жақты серіктестер жеке сектордың инвестицияларын ынталандыратын кешенді, нақты елге бейімделген, инвестициялық келісімдерді дайындайды. Әрбір ел өзінің инвестициялық тәуекелдердін азайту үшін өз шараларын іске асырады.
Шын мәнінде, Африкамен Келісім бастамасы экономикалық дамуға бағытталған Африка одағының күн тәртібіндегі 2063 жоспарын жүзеге асыруға үлес қосу болып табылады. Яғни бұл АО күн тәртібі бүкіл континент бойынша макроэкономикалық, бизнес және қаржы құрылымдарын жақсарту үшін керекті бағдар береді.
Африкамен Келісім бастамасы барлық Африка елдері үшін ашық болса да, қазірдің өзінде бес ел осы жаңа тәсілдің ізашары болуға келісті: Кот-д’Ивуар, Марокко, Руанда, Сенегал, және Тунис қаржы министрлері келісімдермен жұмыс істеуге дайын екенін жазбаша түрде білдірді. Мен оларды Баден-Баденде наурыз айының 17-18-і орын алатын G20 қаржы министрлері мен орталық банктері төрағаларының отырысына қатысуға шақырдым.
Бұл отырыста, мен, менің G20 бойынша әріптестеріммен бірге осы елдерге өз жоспарларын ұсынуға арналған халықаралық платформаны ұсынатын боламыз. Біз олармен және Африкалық даму банкі, Дүниежүзілік банк және Халықаралық валюта қорының басшысыларымен әр елге байлынысты нақты инвестициялық келісімдердің элементтері туралы талқылағымыз келеді.
Содан кейін, осы бес ел, халықаралық ұйымдар мен екіжақты серіктестермен бірге, әрбір жеке инвестициялық келісімге енгізілетін нақты шаралар мен құралдарды таңдап алады. G20 бұл керекті өзгерістер туралы инвесторлардың хабардар болуын арттыруға көмектесіп, жоғары саяси танымалдылығын қамтамасыз етеді. Мен барлық серіктестер тығыз және тең негізде бірлесіп жұмыс жасаған кезде айтарлықтай прогресске қол жеткізуге болады деп сенемін.
Халықаралық ынтымақтастық күшті, тұрақты, теңдестірілген және инклюзивтік жаһандық өсуге қол жеткізудің жалғыз жолы болып табылады. Германия, жаһанданудың шын мәнінде барлық адамға пайдасын тигізуін қамтамасыз ету үшін, G20 шеңберінде және одан тыс, адал брокер ретінде қолынан келгеннің бәрін істеуге ұмтылады.
Автор туралы: Вольфганг Шойбле - Германияның қаржы министрі.
Авторлық құқық: Project Syndicate, 2017. www.project-syndicate.org
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024