Алматы. 12 шілде. 7kun.kz - Мерзімі өтіп кеткен қарыздар 2017 жылдың мамырында 39,5 пайызға артқан. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.
Мерзімі өтіп кеткен несиелердің бір бөлігі 2017 жылдың мамыр айында 8 пайыздан 11 пайызға дейін өскен. Екінші деңгейлі банктермен берілген жиынтық несиелер 0,7 пайызға дейін өскен. Бір жыл ішінде экономикадағы несие көлемі 0,6 пайызға, ал төленбеген несиелер 35,7 пайызға артқан.
Несие жиынтығының сапасы мен жағдайдың ушығуна Delta Bank несиелерінің 98,4 пайызының сапасыз деп танылуы әсер етті.
Несие тарихының сапасы жөнінен алғашқы орында Халық Банкі тұр. Онда мерзімі өтіп кеткен несиелер 54,7 млрд теңгеге азайған (былтырғыдан 21 пайызға аз). Банктың несие жиынтығының 8,8 пайызы ғана нашар несиелер еншісінде. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш 11,6 пайыз болған.
Екінші орында - Цеснабанк. 2017 жылы төленбеген несие көлемі 7,5 млрд теңгеге (8,8 пайызға) кеміген. Нәтижесінде, жалпы несиелердің 4,8 пайызы ғана 90 күннен астам уақытқа мерзімі өткен.
Үшінші орында - ЦентрКредит Банкі, бір жылда мерзімі өтіп кеткен несиелер көлемі 5,3 млрд теңгеге (6,1 пайызға) кеміген.
Айта кетейік, 2008 жылдан бері бұл мерзімі өтіп кеткен несиелердің айлық өсімінің ең жоғарғы көрсеткіші.