Салық механизмі қаржы механизмінің құрамдас бір бөлігі, және салық саясатын жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Салық механизмі ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу қатынастарын жүзеге асыру арқылы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қаражат қорларын құруға, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеуге, шаруашылық субьектілерінің тұтынуын және қорлануын қамтамассыз етуге қажет салықтық қатынастардың амал -әдістерінің, ережелерінің жиынтығы.Қандай да болмасын мемлекеттің салық саясаты салық заңдылықтарын қабылдау, нормативтік актілерді бекіту, салықтардың түрлерін белгілеу, төлеушілердің ауқымын, ставкасын, жеңілдіктерін, төлеу мерзімдерін және салықтарды төлеу тәртібі, салықтық заңды бұзушылардың жауапкершілігі, бюджет жүйесі арқылы салықтарды бөлу, бір сөзбен айтқанда салық механизмі арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да салық саясатының, салық жүйесінің бірыңғай, әрі тиімді қызмет етуі салық механизміне тікелей байланысты.
Салық механизмі салық теориясындағы ұйымдастырушылық экономикалық категория ретінде ұлттық табысты бөлу барысында туындайтын басқарудың обьективті процесін айтады. Осы процестердің сферасын үш түрлі ішкі жүйеге бөлуге болады, яғни олар:
- салықтық жоспарлау мен болжау;
- салықтық реттеу;
- салықтық бақылау.
Негізінен салық механизмінің құрылымы мынандай негізгі элементтерден тұрады, яғни, салық жүйесі, салықтарды болжамдау, салықтарды есептеумен алуды ұйымдастыру, салықтарды алу әдісі, және салықтардың уақытылы әрі толық көлемде түсуін бақылау жүргізу. Осы процестер мен кезеңдердің барлығы салық түсімдерін жоспарлау мен болжамдаудан бастап, олардың түсуін салық органдары салық арқылы бақылаудың бірыңғай жүйесін құру. Салық механизмінің әр бір кезеңін, сатысын зерттеу қаржы ғылымында өзекті тақырыптарға жатады, өйткені салық механизмінің ұтымды ұйымдастырылуынан жалпы салық жүйесінің жай- күйі тікелей байланысты, әрі мемлекет кірістерінің көзі бюджетке тигізер әсері де мол.
Бүгінгі салық механизмі арқылы мемлекеттің жалпы экономикалық саясатының ұштасуы анық, өйткені, біріншіден мемлекеттік экономикалық реттеу жүзеге асырылса, екіншіден нарықтық экономика өз дамуын іске асырады екен.
Осы салық механизмі бүгінгі танда мемлекеттің мақсатты түрде экономикалық саясатын жүргізе отырып, қоғамның экономикалық дамуына экономиканың және қаржылық саясаттың стратегиясы мен тактикасы арқылы кәсіпкерлік пен еркін бәсекелестікті ынталандыру немесе тежеу қызметінде жүргізіледі.
2006-жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылған жаңа салық кодексі салық жүйесіндегі салық механизмінің бағыт бағдарламасын түбегейлі өзгертті. Салық кодесінде салықтар мен алымдардан басқа әр түрлі төлемақылар, болжаулар жалпы саны 35-ке жуық міндетті төлемдер қабылданды. Сонымен бірге салық кодексінде салықтық әкімшілендіру тәртібімен салықтық бақылау жаңаша іске асырылды. Осы және басқада мәселелер диплом жұмысының тақырыбына арқау болды.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты бүгінгі нарықтық экономика жағдайында салық механизмінің атқаратын рөлін және мемлекеттік бюджет кірістерін толықтыруда алатын орнын көрсету.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін және диплом жұмысының тақырыбын ашу үшін мынандай мәселелер қарастырылады:
- салық механизмінің құрылымына сипаттама бере отырып салық механизмінің экономикалық мазмұнын, маңызын қарастыру;
- экономиканы тұрақтандыру жағдайында салық механизмінің экономиканы басқарудағы алатын орны және Қазақстан Республикасындағысалық механизмінің негізгі элементтері: салықтық жоспарлаумен болжау, салықтық реттеу және салықтық бақылауға нақты сипаттама беру;
- ҚР Ұлттық Статистикалық Агенттігінің Статистикалық мәліметтері бойынша экономикалық талдау жүргізу;
- бүгінгі салық жүйесіндегі өзгерістерге барынша тоқтала отырып, салық механизмінің жаңаша бағыт - бағдарына сипаттам беру.
Диплом жұмысын жазу барысында классик-экономистердің еңбектері, қаржы және салық салуға байланысты оқу құралдары мен оқулықтар, Қазақстан Республикасының салық қатынастарын реттейтін салық заңдары мен нормативтік актілер қолданылды.
І. Салық механизмінің экономикалық мазмұны, теориялық негіздері
1.1 Салық механизмі - қаржы механизмінің құрамдас бөлігі
Қазіргі заманғы қоғамның дамуының айырықша ерекшелігі, оған мемлекеттің кең ауқымды ықпал етуімен сабақтасады. Мемлекеттің орталықтандырылған қаржы құралдары кешені ішіндегі экономикалық процестерді басқарудың бірден - бір тетігі салық саясатын жатқызуға болады.
Салық саясаты дегеніміз - мемлекеттің салық салу саясатында мақсатты түрде белгілі бір экономикалық құқықтық, және ұйымдастырушының - бақылау шараларын жүзеге асыру болып табылады.
Мемлекеттің салық саясатын жүзеге асыру үшін салық механизмінің барлық жиынтық элементтерін іске қосу керек.
Салық механизмі- қаржы механизмінің құрамдас бөлігі болып табылады және ол салық саясатын ұтымды жүзеге асыру үшін қолданылады. Ол өзінің мағанасына байланысты салықтық қатынастарды ұйымдастыру ережелерін білдіреді, осылардың көмегімен ауқымды жүйеде бөлу жәңе қайта бөлу қатынастарын қамтиды, оның функцияларын орындау үшін мемлекеттің орталықтандырылған қорын құру және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын, шаруашылық субъектілерін қорландыру мен тұтынуын жандандыру болып табылады. Орыс тіліндегі түсіндірме сөздігінде "механизм" машина, құрылғы, апаратты іске қосып тұрған ішкі құрылым деп түсіндіріледі.
Осы анықтаманы өзгерте отырып салық механизмінің буындар жүйесінің салықтық қатынастарын мемлекеттің салық саясатын іске қосуын айтуға болады.
Салық саясатының құрамына мемлекетте жинақталатын, қалыптасқан салықтардың түрлері, заңнамалық және нормативтік актілерді қабылдауды жүзеге асыру, салық төлеушілер, салық ставкалары, салық жеңілдіктері кіреді. Салықтарды қабылдау ретімен төлеу мерзімдері, салықтық құқық бұзушылыққа жауаптылық, бюджет жүйесі буындары арасындағы салықтардың бөлінуінің салық механизмі арқылы жүзеге асырылады. Салық саясатын жүзеге асырудың тұрақтылығы мен нақтылығы салық механизмінің салықтық зандар жүйесі немесе салық кодексі сияқты ерекше элементтерден тұрады. Осы қатынастар мемлекеттің салықтық құқық қатынастарының халықпен және шаруашылық жүргізуші субъектілерімен негізделеді, сонымен бірге жергілікті атқарушы органдар салықтарды басқару және біртұтас салық механизмін орындау кезінде айқындалған құқығы мен құзыреті шегінде қызмет атқарады.
Мемлекеттің салықты орындау сферасында қалыптасқан қатынасты салықтық құқық реттейді. Салық салу жөнінде қабылданған нормативтік актілер, сонымен қатар салық кодексі, барлық қызмет көрсету сферасындағы заңды және жеке тұлғаларға біркелкі салық саясатын жүргізу. Салықтық механизмге салықтық қатынастарды ұйымдастыру түрлері, нысандары, тәсілдері жатады. Олардың сандық және сапалық қабілетіліктерін анықтайды. Жалпы ішкі өнім бөлігін салықтардың қалыптасуымен жиналған орталықтандырылған мемлекеттік қорын және салық салумен салықтарды жинау деңгейін жатқызуға болады.
Сапалық параметрлерін салықтың әсерімен қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы, экономикадағы салықтық басқаруды, сұраныс пен ұсынысты, инвестициялық саясатты, салықтық түсімдердің барлық түрлерін және жоспарлы (болжамды) көрсеткіштердің орындалуын жатқызамыз.
Сандық параметрлерінің салық механизмінің мобильді блогы элементіне оперативтік таңдауға мемлекет және шаруашылық жүргізуші субъектілер пайдасына сол немесе басқа уақыт шеңберінде есептелінеді.
Салық механизмінің көмегімен мемлекет оның элементтерін біртұтастыра отырып, екі қарама - қарсы түсінік бастауларын біріктіреді. Олар: бір жағынан мемлекет басқаратын орталықтандырылған экономика болса, екінші жағынан нарықтық және өркениеттік қатынастар болып табылады.
Салық механизмі мемлекет қолындағы ең күшті құрал. Осы құрал арқылы орталықтандырылған экономикалық саясатты еркін бәсекелестік және кәсіпкерлік жағдайында қоғамның экономикалық дамуының нақты алға қойған мақсатына сәйкес, экономикалық және қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық бағдарламаларын ұсынады.
Салық механизмінің функцияларының басты мақсаты болып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының игеріміне қатаң түрде қарау және осының негізінде жалпы ішкі өнімнің, ұлттық табыстың бір қалыпты өсуін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл, ставка және салық дифференциясы, салықтық жеңілдіктер мен салықтарды пайдалану және т.б.
Салық механизмінің құрылымы келесі элементтерден тұрады:
- салық түрлерінің жиынтығы (салық жүйесі);
- салықтық төлемдерді жоспарлау және болжамдау;
- салықтық құқық және салықтық заңдылықтар;
- салық салу қағидалары;
- салықтарды басқару жүйесі;
салық элементтері;
- салықты төлеу қабілеттілігі және реттілігі;
- салықтық федерализм;
- салықтық бақылау;
- ақпараттық қамсыздандыру;
- салықтық есеп қисаптар.
Көрініп тұрғандай салық механизмі салықтарды басқарудан бастап, салықтық есеп қисаптарға дейінгі барлық жиынтық ережелері, формалары, салық салу қабілеттілігінің барлығын өз құрамына кіргізіп отыр. Ол кім, қашан, қалай, қандай көлемде, қайда салық төлейтінін анықтап, салық салуға не жатады және салықтың қайнар көзі неде, оның объектісінің өлшем бірлігін, қандай айыппүлдар салық қүқығын бүзушылар үшін, және басқа да
салықтық түсімдермен алымдардың теориялық және практикалық сұрақтарынан тұрады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі құрылымының және территориялық қағидасына сәйкес салық механизмін республикалық және жергілікті салықтарға бөлуге болады.
Салықтардың қоғамдық өндіріске ықпалдылықтарын
қарасақ олардың функционалды звенолары бөлініп шығады . Олар: фискалдық ынталандыру, реттеу, бөлінушілік, қоғамдық және бағыттаушы.
Әр буынға салықтық басқаруда және салық механизмінде өз элементтері жатқызылған, жақсы және шебер ұйымдастырылса, салық функциялары нақты, мақсаттарында орындалады.
1.2. Салық теориясындағы салық механизмінің негізгі элементтеріне сипаттама
Нарықтық экономиканы реттей отырып, әлеуметтік- экономикалық саясаттың негізгі төрт мақсатын ескеріп отыру қажет:
- тұрақты экономикалық өсуге жету;
- негізгі тауар мен қызмет түрлерінің бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- еңбекке жарамды халықтың толық жұмыс бастылығын қамтамасыз ету;
- тауарлардың экспорты мен импортын ескере отырып, сыртқы экономикалық қызметте теңдікті қамтамасыз ету.
Бұл төрт мақсат сиқырлы төртбұрыш тәрізді, өйткені олардың барлығын бірмезгілде қол жеткізуге болмайды. Сондықтан олардың арасында белгілі-бір балансты табу керек. Мысалға, егер бағалар өсетін болса, онда оларды шектеу, мен реттеу саясатын жүргізу қажет. Алайда бағаны шектеу экономикалық өсудің баяулауына және жүмыссыздықтың артуына әкеледі. Дәл сол сияқты толық жұмыс бастылыққа жету бағалардың өсуіне әкеледі, себебі еңбек ақыны көп адамға төлеу қажет болады, соған орай халықтың сұранысы артады. Нарықтық экономиканың бұл ішкі қайшылықтарын мемлекетке үнемі жұмсартып, олардың оптималды мөлшерін табу керектігі осыдан көрінеді. Тікелей экономикалық реттегіштердің көмегімен (салық салу, несиелеу т.б ) мемлекет өзінің функцияларын, мақсаттары мен саясатын іске асыра алады. Бұл мақсаттарда: жаңа және тапшы өнімдер өндірісін қаржыландыру, салықтық жеңілдіктер беру, халықтық тұтыну тауарлар шығаруда несиелік және салықтық жеңілдіктер беру, нақты тауар массасын өсірмей- ақ мүмкін болатын кәсіпорынның шаруашылық есепті табысының өсуіне тежейтін инфляцияға қарсы салықты ендіру, капиталдық сала аралық қозғалысына экономикалық және құқықтық жағдай, шағын кәсіпорындарға қаржылық көмек; нарық инфрақұрылымын қалыптастыру, коммерциялық ақпараттық байланыс жүйесін құру т.с.с. шаралар жүргізуге болады. Мұндай тұбегейлі экономикаларды жүргізуде, бюджеттік қаржылық қатынастарды өзгертуде салық жүйесіне маңызды орын беріледі. Әр-түрлі қоғамдық құрылыс формасындағы мемлекеттердің ешқайсысы өндіріске қатысушылардың бір бөлігін орталықтандырмай қызмет етуі мүмкін емес. Бұл қаржы-қаражаттарды шоғырландырудың негізгі формасы болып салықтар табылады. Таза фискалдық қызметімен қатар, салықтар алымдар жүйесі мемлекет тарапынан экономикаға әсер ету механизмі қызметін атқарады. Сонымен бірге, негізгі мақсаттардың бірі - салықтардың әлеуметтік әділеттілігін қамтамасыз ету, қоғамдық өндіріске қатысушылардың олардың шаруашылық жүргізу әдістерінің және меншік формаларының өзгешелігіне қатыссыз, мемлекет алдында тең салықтық жауапкершіліктің экономикалық жағдайларын жасау. Нарықты экономикада салықтар түбегейлі қоғамдық өзгерістер факторының рөліне ие болады: олар тең барлық деңгейдегі бюджеттердің негізгі кірістері, әлеуметтік кепілді қамтамасыз ету, жергілікті басқарудың қаржылық негізі ретінде болып қана қоймай, сонымен қатар мемлекеттің, шаруашылық субъектілердің және халықтың қызығушылығы мен қаржысының үйлестірушілік функциясын атқарады.
Салық жүйесі төмендегідей негізгі шарттарда жасалуы тиіс:
олардың ерекшеліктеріне және меншік формаларына байланыссыз, барлық кәсіпорындар мен шаруашылық жүргізуші ұйымдарының теңдігі; нақты және тұрақты салық заңымен қамтамассыз етілген кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекет пен тұрақты және ұзақ мерзімді қаржылар; министрліктер тағы басқа орталықтардың волюнтаризмінен қорғау, салық төлегеннен кейінгі қаржы ресурстарын пайдаланудағы негізгі өндіріс бөлімшелерінің толық дербестілігі; кәсіпорын ұйымдарының ақша - қаражаттар тартудағы және оны тиімді жұмсаудағы қызығушылығы; кәсіпорындардың өзін-өзі ақтау, өз қаржылары есебінен ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету; экономика дамуының приоритеттерін нақты анықтау және экономикалық реттеу құралы ретінде салық жеңілдіктері кеңінен қолдану; қаржылық санкцияларының бар болуы және оларды қолдану. Олар белгілі- бір салалардың, өндірістің және де қызмет түрлерінің дамуын шектей алады; бюджетпен есеп айрысуда түсінікті, қарапайым және ыңғайлы әдістер мен формаларды қолдану.
Салық жүйесінің моделі қолданылатын салық салу объектісінің, яғни табыстар мен шығыстардың әртүрлі арақатынасында жасалуы қажет. Салық объектісі ретінде табысты көп бөлігіне бағытталған модель табыс моделі АҚШ- та қолданылады. Онда халықтан жиналатын табыс салығы мен корпорациялар табысына салынатын салық үлесі салықтық түсімдердің басты бөлігі болып табылады.
Яғни салық салудың объектісі ретінде шығыстардың басым бөлігін алатын модель ТМД елдері ішінде, соның ішінде Қазақстанда (49%) кең өріс алды.
Бұл модельдер арасындағы принципиалды ерекшелік экономиканы салықтық реттеу мақсаттары мен мәселелеріне әртүрлі келу жолдарының шегінен шығып кетеді. Ол сонымен қатар салық салуды ұйымдастырудың сапасымен, яғни салық аппаратының жағдайымен, олардың салық төлемдерін толық және уақытылы алу мүмкіндіктерімен белгіленеді.
Әрбір салықтық алымдар салық төлеушілердің тұтынудағы мүмкіндіктерін шектейді. Алайда салықты алу әдістері төлеушілердің экономикалық жағдайына дифференциалды түрде әсер етеді.
Бірінші модельде бұл әсер адресті болады, және ең үлкен дәлділікке бұл жерде жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы ие. Кәсіпорындарға салынатын табыс салығы осы кәсіпорын ұйымының, иелері мен акционерлерінің қызығушылығына әсер етеді. Оның адрестілігі төмендеп, жеке тұлғалар топтарына бағытталады. Сондықтанда болар, АҚШ- тың федералдық бюджет түсімдерінің 41% жеке түлғаларға салынатын табыс салығы құрайды.
Бұл модельді қолдану, яғни тікелей салықтарды қолдану табыс пен салық түсімдерінің мөлшері арасында қажетті байланыстылықты орнатуға мүмкіндік береді. Мұндай байланыстылықты мемлекеттің фискалды мақсаттарына және қолда бар табыс мөлшерін реттеу мәселелерін шешуде кең көлемде қолдануға болады.
Тікелей салық салудың маңызды аспектісі болып салықтардың табыс құрамына (табыс ішінде) орналасып және табыс алушылардың ол табысты алу кезінде олардың қызығушылығына әсер ететіндігі табылады. Тікелей салықтар, заң бойынша, тауар бағасына әсер етпейді. Тікелей салық салу шығындарын жабу мақсатын өндіруші бағаларды көтерсе, оған кедергі болып бәсекелестік орта табылды. Сәйкесінше бәсекелестік механизмі
нақты тауар, өнім, қызмет түріне салық салынғанда, салық салынатын пайда, табыс көлемін азайту мақсатында өндіріс шығындарын көбейтуге жол бермейді. Тікелей салық көлемдері алдын-ала жеңіл есептелінеді, төлеушілердің қолында қалатын табыс көлеміне алдын-ала жұмсау жолдарын белгілеуге көмектеседі.
Екінші модельдің қызметінде, төлеушілердің тұтынуы кезінде, яғни тауарлар мен қызметтерге ақша қаражаттарын жұмсау кезінде төленетін жанама салықтар қолданылады. Жанама салықтардың басты ерекшелігі тауарлардың, өнімдердің, қызметтердің бағасының өсуі болып табылады.
Жанама салықтарды қолданғанда салық төлеушінің табысын дәл, адресті реттеуге қол жетпейді. Сонымен қатар жанама салықтар регрессивті сипатқа ие. Төмен табысты төлеушілер жанама салықтарды төлеуге жоғарыларға қарағанда көп ақша
қаражаттарын жүмсайды. Бұл фактор өмірге қажетті өнімдерді, қызметтерді иемдену қажеттілігінде басқа құрамына енгізілген салықтарды төлеумен қызмет етеді.
Тікелей және жанама салықтардың экономикалық мазмұнын талдау белгілі бір қоғамдық-экономикалық жүйеге қатысты олардың мәні мен қолданылуын анықтауға мүмкіндік береді:
1)негізінен тікелей салықтарды қолдану реттелген, жоғарғы ұйымдастырылған жүйелерге тән. Оларда шаруашылық жүргізуші субьектілер әсер ету үшін салықтық мүмкіндіктері тиімді қолданылады;
2)негізінен жанама салықтарды қолдану ұйымдастырушылық-экономикалық мүмкіндіктері аз жүйелерге тән: халық шаруашылығының салық базасы және салық апараты бар жүйелерге тән.
Мұндай жағдайда мемлекетке жанама салықтар арқылы фискалды саясатты жүргізуге қолайлы. Бұл салықтарды бюджетке акуммуляциялауға оңай, себебі мемлекетке табыстар қозғалысына қарағанда тауар қозғалысын есепке алу жеңілірек, ал төлеушілерге салық салудан құтылу оңай емес.
Жанама салықтардың маңызды қасиеті болып олардың тауар бағаларымен фискалды сәйкестілігі табылады, инфляция жағдайында бұл мемлекетке тұрақты табыс көзі қызметін атқарады, бағалардың өсуіменен жанама салықтардың түсімдері өседі. Сондықтан да болар, қазіргі өтпелі кезеңде, экономикалық тұрақсыздық, инфляция, жұмыссыздық кезінде біздің еліміздің осындай жанама салықтардың моделін таңдап алуы, тікелей және жанама салықтардың ерекшеліктері мен мүмкіншіліктерін қарастыру, салық жүйесін салықтардың оптималды құрамымен құруға, қаржылық және макроэкономикалық теңдікке жету мақсатында олардың мөлшерін өзгертуге мүмкіндік береді.
Салықтық реттеудің тағы бір тетігі салық салу ставкасы. Салықтық реттеу кәсіпорындар мен халықтың экономикалық белсенділікке қызығушылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл салық салу ставкасының мөлшері арқылы мүмкін болады. Салық салу мөлшері ең алдымен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесімен байланысты. Егер, олар салық түсімдерінің есебінен құрылатын жалпы мемлекеттік ақша қорлары арқылы қанағаттандырылса, онда салық салу деңгейі жоғары, ал егер қоғамдық қажеттіліктерді өтеу жүйесі халықтың жеке табысымен кәсіпорындардың қаржы - қаражаттарына бағытталса, онда сәйкесінше салық салу деңгейі де төмен болады. Мемлекеттік шығындарды қаржыландыруға қажетті салық түсімдері сомаларының жетіспеушілігі бюджет тапшылығын тудырады, ал ол өз кезегінде инфляцияға әкеледі. Қаржыландырудағы тапшылық ақшалардың сатып алу қабілетілігінің түсүіне әкеліп, оның нәтижесінде зардапты кәсіпорындар мен халық шегеді. Бұл әсер қысқа мерзімді болуы мүмкін, егер қаржылық тапшылық кезінде мемлекеттің мобилизацияланған ақша қаражаттары тиімді қолданылса және айналымдар кезінде экономикалық өсуге әкелсе. Ал, егер керісінше болса, онда қаржыландырудағы, тапшылық экономиканың натуралды затының теңсіздігінің ұлғаюына, инфляцияның артуына және ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің түсуіне әкеледі.
Салықтық реттеудегі салық ставкаларына байланысты маңызды аспект болып ішкі нормаларды ұстап қалу және шетел инвестицияларын тарту мүмкіндігі табылады. Жоғары салықтар капиталдың сыртқа қашуын тудырады, яғни капиталды қолданудан, түскен табыстардан аз салық көлемі алынатын қоздырма салықтық климаты бар елдерге ағылуы мүмкін. Бұл механизмнің әсер етуіне сонымен бірге офшорлық зоналар ықпалын тигізуі мүмкін. Екінші жағынан, жоғарғы салық ставкалары елге шетел капиталының көптеп ағылуын тежейді, себебі шетел капиталы ішкі қорлардың жеткіліксіздігі жағдайында экономиканың дамуын тежейді.
Сондықтан да салықтық реттеу бұл факторларды есепке алуы керек және экономикалық қатынастардағы елдердің салықтық жағдайларының теңестірілуіне үлес қосу керек.
Салықтық реттеуде салық ставкалары факторларымен қатар, салықтық жеңілдіктер жүйесі маңызды мәнге ие.
Жеңілдіктер арқылы қоғамға қажетті даму бағыттары ынталандырылады. Әлеуметтік сфераға ақша қаражаттарын салу, табиғатты қорғау және қайырымдылық шараларын қолдау, жаңа қызмет, өнім түрлерінің дамуына, тіпті әлеуметтік маңызды өнім мен қызмет түрлерінің өсуіне ықпал етеді. Алайда жеңілдіктер беру шекаралар эканомиканың негізделген шектерде болуы тиіс. Шаруашылық субьектілердің өзін-өзі қаржыландырудағы әр түрлі мүмкіндіктеріне байланысты салықтық жеңілдіктер шаруашылық жүргізудің тиімділігінің шынайы нәтижелерін бұрмалайды. Сонымен қатар, жеңілдіктер беру кезінде салық салудың негізгі принципі: субьектілердің салық алдындағы теңдігі бүзылады.
2. Экономиканы тұрақтандыру жағдайындағы салық механизмінің экономиканы басқаруда алатын орны
2.1 Қазақстан Республикасының салық механизмінің қызмет ету ерекшеліктері
Салық механизмінің элементтері салықтық жоспарлау мен болжау, шешімді қабылдау және өңдеулер жүйесінде негізгі элементтер болып табылады.
Салықтық жоспарлау мен болжаудың негізгі мақсаты- бюджеттік тапсырмалардың сандық және сапалық көрсеткіштердің экономикалық негізін қамтамасыз ету және салық концепциялардың заңдық тәртібінде қабылданған және өңдеулерден елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету. Бұл мәселенің орындалуының бірінші қаржылық жолы (ағымдағы салықты жоспарлау) және келешектегі перспектива (салықтық болжау). Осымен байланысты салықтық жоспарлаудың тактикасы мен стратегиясы ерекшеленеді.
Салықтар бойынша ағымдағы бюджеттік тапсырманың өңделуі, тоқсандық салықтық түсімдердің анықталуы. Олардың шешімі салық салудағы стратегиялық мақсаттарды зерттеуде және олар үшін құқықтық жағдай жасайды. Бұл жағдайда салықтық болжаудың негізі болып, ғылыми зерттеу есептерінің нәтижесі және ағымдағы салық міндеттерін орындау барысында. Бұл мәліметтерді жинау және өңдеу олардың позитивті және неготивті жақтарын айтуға болады, оны инвестициялау темптеріне әсері, салалар қозғалымдағы құрылымына, табыстарды территоияларға деген сәйкестігі, корпорациялар мен тұрғындарға әсері.
Салықтық тактика - дегеніміз билік органдарының тәжірибиелік әрекет кешені және бюджеттің табыс баптарының жалпы құрылымын өңдеу, салықтық реттеумен бақылауды өткізу. Тактикалық қадамдардың сапалық мазмұны барлық деңгейдегі бюджеттердің уақыттылы және толық орындалуының дәрежесін көрсетеді.
Бюджеттік салықтың қарым-қатынасқа қолданылатын оперативті салықтық әдістердің араласуы, салықтың әкімшілік салықтық құқық бұзушылықтың алдын алады, және де бюджетті салықтық тексерулер нәтижесінде айқындалған төленбеген салық сомалары арқылы толтырады. Соның нәтижесінде салық жүйесінің тиімділігі анықталады және оның салықтық топтарымен жекелеген салық түрлері, осының барлығы қабылданған оптималды салық концепциясын куәландырады, яғни экономикалық шындылыққа сай салық салу процесін реттейтін салық кодексіне өзгерістер енгізу қажет. Ағымдағы жылдағы салық міндеттемелерін орындалуын қамтитын салықтық қатынастардың мазмұнын зерттеп талдау, стратегиялық салықтық жоспарлаудың (болжаудың) ұтымдылығын білдіретін негізгі шарт қызметін атқарады.
Стратегиялық салықтық жоспарлау (болжау) басқару теориясы мен тәжірибиесінде айырықша орын алады. Ол барлық дамыған елдерде экономикалық алдын көру тәсілі ретінде қолданылады.
Орта мерзімдік перспективаға салықтық болжамның өңделуі мыналарды қосады:
- Территориялық меншіктің табыстылығына баға беру (аймақтардың қаржылық қамтамассыздандырылуы және бюджет тиімділігі, көрсеткіші қолданылады). Аймақтық мамандандырылуының салалардың техникалық қажеттілігін жаңарту, жалақының жағдайы, аймақтық ресурстар базасы, территориялық экспорттың- импорттың операцияларда қатысуы, өндірістік және әлеуметтік инфроқұрылымның сапалылығы, транспорттық магистралдармен қамтамассыз етуі. Бұл мәліметтер аймақтың жиынтық табысының әдістемелік есептерінің мәліметтінің базасын құрады, оның экономикалық, қаржылық және салықтық поттенцияларын құрады.
- Аймақтық экономикалық қарқынын ескере отырып, салықтық түсімдердің көлемін болжау. Бюджеттің барлық деңгейлерін қалыптастыруда бұл мәліметтер үлкен мағынаға ие, себебі оларда аймақтың қаржы ресурстарында, субсидия, субвенция, дотация және трансферттік қаржыларда деген қажеттілігін айқын көрсетеді. Аймақтың потенциясын білу салық салу режимінде жеңілдіктерді пайдалануды дәлірек рәсімдейді. Ол салық заңдылығын жетілдіру сұрақтарын шешуде қолданылады.
- Аймақтық әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін болжау, экономиканы құратын ресурстар мен мүлік түрлерін жоғарғы инвестициялау негізінде, қаржылардың үлесін анықтау, оны аймақтық меншікте қолдануда түскен және ішкі қажеттілікті қанағаттандыру үшін айналдырады. Меншік қатынастарына объективті қажеттіліктеріне түзету енгізу және жалпы мемлекеттік корпоративті және жеке экономикалық қызығушылықтарының механизмімен келісу.
Салықтық жоспарлау мен болжау қаржылық менеджменттінің негізгі базалық элементі деп қарастыруға болады. Бұл жағдайда қаржы менеджменті кең мағынада қарастырылады. Басқару позициясынан елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы.
Жалпы мемлекетің қаржы менеджменттінің құрамында негізгі позицияны бюджеттік салық менеджменті алады. Бұл басқару әрекеті, мемлекетік қаржы миистрлігі, есептеу комитеті және басқада басқару органдарымен жүргізіледі.
Жалпы мемлекеттік салықтық жоспарлаудың мақсаты, бюджетке салық төлеушілерінің салықтарының түсуін және қаржы ресурстарын анықтау. Бұл ресурстарды жоспарлауда басқару органдары мүмкіншілігінше жоғарғы деңгейде алуға бағытталады. Бұл процесс қоғам дамуына байланысты жалпы мемлекеттік тұтынушылардың өсуін есептеуге негізделеді. Қаржы қажеттілігінің өсу объективтілігін А. Вагнер енгізген. Көптеген себептерге байланысты мемлекеттік шығындардың өсу
тенденциясы анықталады: халықтың өсуі, қызмет салаларында қажеттіліктің өсуі, өндірістік салада халықтың білім деңгейінің өсуі.
Салықтар бойынша нақты тапсырмалардың өңделуі есепті жылға, бір қатар өзара байланысты әрекеттерді қосады:
- қалыптасқан экономикалық тенденция есебімен салықтық режим варианттарын іздеу;
- оптималды салық салу варианттына баға беру;
- алдағы салық режимдерінің негізділігі,
- салықтық табыстар проектісін есептеу, өткен жылдың бюджеттік орындалуына экспертиза өткізу нәтижиелері есебімен;
- үкімет пен парламент салықтық міндеттемелерді талқылау, олар бюджеттік жіктелуіне сәйкес болуы және бюджет табыстарының соңғы келісімі заңға сәйкес негізінде болуы.
Әр түрлі деңгейдегі бюджеттерге нақты салықтық түсімдердің есебіне үш принципиалды мағыналы қондырғылар үлкен маңызға ие.
- Салық төлеушімен бюджет арасындағы қарым қатынастардың негативті және позитивті жақтарын жекелеп талдау;
- Бюджет салық жүйесінде факторлық талдауды жүргізу, оның мақсаты жалпы салық жүйесінің әсерін, жекелеген салық түрлерінінің қаржы-шаруашылық көрсеткіштеріне керісінше;
- Экономикалық фискалдық, бюджеттік және салықтық құбылыстардың пайда болу мүмкіншіліктеріне болжамалы баға беру, салық төлеуші мақсатымен бюджет мақсаты арасындағы аймақтық. Оларды толық жою немесе сәйкестендіру мақсатында кешенді шараларды өндеу.
Бүгінгі таңда салық ғылымы бюджеттегі салықтық түсімдердің көлемін болжау әдістерінің арнай тәсілін құрды. Тәжірибеде, салықты болжау мен жоспарлауда жалпыға белгілі және кеңінен қолданылатын дәстүрлі әдістер қолданылады: баланстық, экстрополяциялық, нормативті және тағыда басқалар.
Сонымен, табысты болжау бұл заңмен белгіленген салық пен алымдардың құрылымындағы бюджеттік табысты жоспарлау. Осындай болжаулар негізінен бюджеттік процесте қолданылады, яғни болашақ бюджеттік баланысты анықтау үшін, шығынды жіктеу, қарызды қаржыландыратын құралдар және үлестік принцип негізінде табысты үлғайту.
Табыстың анықтамасын бергенде дәстүрлі түрде мемлекеттік бюджетке табыстың түсім көлемі салық құрылымының өзгерісіне әсерін айқындайды. Табысқа әсер еткен өзгертулерді перспективті жақсартулар деп санауға болады. Мұндай есеп, заң органдарына жеткізімді, яғни енгізілген өзгертулер салық заңдылығында орталық және жергілікті басқару органдарының табысына әсерін айқындайды.
Қаржылық болжамда келесі әдістер қолданылады:
- экстрополяциялық әдіс (немесе коэффициенттер) қаржылық көрсеткіштерді динамикалық қаулы негізінде анықтаудан тұрады. Есеп кезінде тұрақты түрдегі өсу немесе төмендеу түзету жетістіктер негізінде жүргізіледі.
- кең тараған әдістердің бірі ретінде нормативтік әдіс, жоспарлы қаржылық көрсеткіштер бекітілген норма мен нормативтік актілер негізінде жүргізіледі.
Осы айтылған екі негізгі әдістен басқа болжауда кең орын алған баланыстық әдіс болып табылады. Программалық мақсаттық әдіс және кең түрде қолданылатын экномикалық-математикалық моделдеу әдісі.
Баланыстық әдіс шығыс пен қаржылық көрсеткіштер жоспарында өзара қүрылымдағы қайнар көздерімен келісімдік түрде жүргізіледі және де өндірістік, қаржылық көрсеткіштер. Қаржылық банланстың талаптарын сақтау өнеркәсіптен экономиканың барлық салаларын қамтып табыстары мен шығыстарының арасындағы қарама-қайшылықтарды алдын-ала ескертуге мүмкіншілік туғызады.
Программалық - мақсаттық әдіс қаржылық болжаудың ғылыми техникалық бағдарлама әдістерінің бірі ретінде нарық жағдайында дамыту, яғни әртүрлі деңгейде жүзеге асырылады. Есептің әртүрлі варианттылығы экономикалық-математикалық әдістердің қолданылуы кең түрде жүргізілуін қолайлы шешімердің таңдауына әкеліп айқындайды.
Қазақстан Республикасында табысты болжаумен Республикалық және облыстық бюджетті болжау осы бюджеттің табыс бөлімін айқындау қаржы министірлігіндегі табыстарды болжау департаменті айналысады. Департамент барлық табыс түрі бойынша бір жылға болжау жасауға міндетті. Департамент табыс бойынша болжау жасауда, барлық ұйымдардан соның ішінде министрліктерден ақпараттар мен мәліметтер жинайды. Қаржы министрлігінің табысын болжау әдісі өте кең, яғни жан-жақтылықты салық кодексіндегі және бүкіл мемлекеттің қаржы саясатында болған өзгерістер есепке алынбайды.
Болжауды құру әдістемесінде негізінен қаржы министрлігінде қолданылуы салыстырмалы түрде қарапайымдылыққа ие және де кесімді түрде бекітіледі.
Сонымен қатар ортақтандырылған болжам әрбір табыстың түріне байланысты табыстың жалпы сомасын құрайды. Бюджеттік департамент салықтық түсімдер бойынша өткен жылдың есеп негізінде мәліметтер береді, ол салық комитеті Қазақстан Республикасының экономика министрлігі бойынша ақпарат береді. Табысты болжау департаменті түбегейлі алғанда қиын әдісті қолданады, яғни кейбір табыстың түрі негізінде, нақты көрсете " айтса занды тұлғалардан алынатын табыс салығы. Сонымен мысал ретінде табысты болжау осы салықтан бөлек-бөлек сектордан құралады және жалпы табыстық болжауы олардың қызмет әрекетіне байланысты.
Осы кезде әрекет етуші жүйелік тәжірибеде табысты болжау. Біріншіден, ол салық кодексіне өзгертулер енгізуге мүмкіншілік бермейді. Екіншіден, бұл әдіс қаржы министрлігінде сектор ішінде қозғалысы кем есепке алынуы, олар облыстарда жүргізілуі мүмкін, яғни осы әдістің мүмкіншілік бермеуі және тудырмауы.
Осының өзі біздің республикамыз үшін "Бюджет жүйесі" туралы заңды 1999 жылы 1 сәуірінде қабылданғанға дейін үлкен мағынаға ие болды, оған дейін әртүрлі бюджет деңгейлері арасында табыстарды бөлу жүйесі түрақсыз болды.
Шаруашылық өмірге тигізетін салықтардың реттеушілік әсері әр жақты мінездемелерге ие. Қаржы шаруашлық салаларын салықтық реттеу, бюджет табыстарын реттеуден ерекшеленеді.
Бүгінгі танда салықтар бюджет жүйесінің белгілі бір буынына бекітілген. Осы мақсатпен Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі " туралы заңына реттеулі салықтардың аударымдары нормасы бекітілген. Салықтардың пайыздық аударым әдісі- дәстүрлі болып табылады.
Пайыздық аударымдар әдісі ол жоғары тұрған бюджетке бюджет аралық қарым-қатынас тәжірибесі трансферттік реттеуді енгізді. ("Трансферт" - сөзі латын сөзі - кейінге қалдыру, орнын ауыстыру). Трансферт дегеніміз аймақтарға қаржылық көмекті көрсетуді білдіреді, ортақтандырылған табыс базасын толтыруды қажет ететіндіктерге. Ол реттеуші салықтардан түсетін пайыздық аударымдар.
Экономиканы салықтық реттеу саласында (өндірістік күштердің дамуы темпімен деңгейі, инвестициялық процесстер т.б.) салық ставкалары айырықша орын алады. Бұл процесстің теориялық мазмұны жеткізілген тепе-тендікті білдіреді. Нақты соманың беделдігі тәжірибиеде мағыналы болып табылады. Барлық экономистер үшін белгілі "Лаффер" әсері онда шектен асқан салықтық алымдар (жылдық жиынтық табыстан -35%) салықтық түсімдермен табыс соммасының төмендеуіне әкеледі. Сол себебтен бюджет жүйесінің ішінде салықтардың бөлінуі салықтарды болжау мен реттеуге тәуелді болып табылады. .
Салықтық реттеу - салық механизмі элементтерінің ішінде және мемлекеттік салық менеджменті саласында мобилді болып табылады.
Салықтық реттеу - бұл өндірісті дамыту үшін мемлекеттің жанама шаралар жиынтығының әсері, ол жалпы салық салу деңгейін төмендету немесе жоғарылату арқылы бюджеттік алымдардың нормасын өзгерту жолы арқылы.
Салықтық реттеудің мазмұны мен мақсаты, салық салу жүйесінің реттеушілік қызметінде қарастырылған. Салықтық реттеу әдістерінің мақсаттарымен салаларына байланысты, ол үшін өзара әрекет ететін салаларға бөлінуі мүмкін: салықтық жеңілдіктер жүйесі (преференциялар), санкциялық әдістер шарасы және бюджеттік салықтық тепе-теңдік әдістері. Бүгінгі таңда салықтар бюджет жүйесінің белгілі бір топтарына тіркелген (ҚР 1.04.1999ж. "Бюджет туралы заң" 7 және 11 бап). Олар өзіндік және тіркелген болып саналады, басқалары бөлшектеп сол немесе басқа бюджеттерге түседі. (реттеуші табыстар). Мысалға, корпоротивтік табыс салығы оның бөлінуі 50 % және 50 % болып табылады, ал мүлікке салынатын салық толығымен жергілікті бюджетке түседі.
Тиімді салық жүйесін құру үшін, оның ішкі экономикалық құрылымы ең алдыменен салық ставкаларының мөлшерін дұрыс қолдану қажет. Салық ставкаларының градациясы, салықтық реттеу жүйесінің негізгі бір буынын көрсетеді. Салық ставкаларының оптималды деңгейін есептеу процессі өте қиын және қүбылмалы болып табылады.
Сол себептен, салықтық реттеудің негізгі бір қүралы салық ставкасы болып табылады. Салық ставкаларын бекіту методологиясы және оның базасы өте маңызды сұрақ болып табылады.
Мемлекет бекітетін әртүрлі салық ставкалары, өндіріс шығындарын жоғарылатады (әлеуметтік бағдарламаларға арналған шығындар және т.б.).
Бұл жинақтық мүмкіншіліктерін кеміту, соған сай инвестицияға әсерін тигізеді, ол өз негізінде өндірістің өсуін кемітеді де ұсынысты төмендетеді. Қарастырылып жатқан теория "Лаффер" қисығына негізделген. Ол салықтардан түскен бір табыс екі деңгейлі салық салуды береді - төмен және жоғары. Мысалға, мемлекет нөлдік табысты, салықтық ставкасы (Т) немесе 100% болған жағдайда алады. 100% салықтық ауыртпалық жағдайында өндіріс тұншықтырылады да келешек уақытта іс әрекетін тоқтатады.
Лаффердің қисығына сүйенсек, белгіленген шектен (Т) салық салудың нормасының жоғарлауы бюджет табыстарының соммасын өсіреді. Себебі нарықтық экономикалық агенттердің қызығушылығын тимейді.
Теория жүзінде оптималды салық ставкасы (Т) бар деген ойлар бар, ол мемлекетке максималды табыс әкелуге (Дтах) және сол уақытта рентабелді кәсіпорындар үшін қуатты әсер тигізеді. Тауар өндірісін жоғарылату үшін мемлекет жоғарғы салық ставкасын бекітпеу керек (тиым салынған зона), ол өндірісті кеңейтуде тежеу жасайды, кәсіпорындардың өнім өндірісінің нәтижесіне деген қызығушыльіғын төмендетеді.
А. Лаффердің ойынша "егерде нарықтың сәттілігі жоғарғы және прогрессивті салықтармен кездессе, онда экономикалық белсенділік төмендейді". Салық ставкасын төмен белгілеу мемлекетке максималды табыс әкелмейді.
Салықтық реттеудің тәсілдері екі өзара байланысты салаға бөлінеді: салық жеңілдіктері және салық санкциялары. Бұл ішкі жүйелердің оптималды сәйкестілігі салық салуда икемділікті қамтамасыз етеді жән соңында салық саясатының нәтижелігін көрсетеді. Салықтық техниканың ағымдағы түзетулері экономикалық конъюктураның дамуына әсерін тигізеді. Инвестициялық процесстерімен сыртқы экономикалық әрекетті салықтық реттеу. Жалпы елдің шаруашылық комплексінің құрылымына позитивті әсер етеді.
Әлеуметтік салықтың тәжірибиеде салықты қуаттау жүйесінің бірқатар ұйымдастыру принциптерін өңдеп шығарған. Олардың негізгілері төмендегідей:
- салық жеңілдіктерінің қолдануы, менщік түріне, әрекет түріне, оның парламенттегі тобының субъективті бағалауына байланысты таңдамалы мінездемеге ие болу керек;
- салық жеңілдіктері, оның ішкі табиғаты бойынша әкімшілік жоспарлы мінездемеде қолдануы;
инвестициялық салық несиесі тек қана инвестициялық бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ететін салық төлеушілерге беріледі.
Жалпы мемлекеттің мағыналар:
- салық жеңілдіктерін қолдану бюджет табыстарына шығын жасамауы қажет не корпоротивтік не жеке тұлғалардың экономикалық қызығушылыққа әсерін тигізбеу керек;
- салықтық жеңілдік портфелін қалыптастыру тәртібін анықтау жалпы мемлекеттік деңгейде анықталады да ортақтандырылған билік заң тәртібіне бекітіледі;
- жергілікті деңгейде жеңілдікті қолдану жоғарғы заңдылықпен анықталады.
Сонымен, салықтық реттеу экономикалық негізделген жеңілдіктер жүйесі арқылы жүзеге асырылады, ол өзара келісілген стратегиялық әрекеттегі салықтық преференциялар комплексі арқылы жаңа және бәсекелестік деңгейі жоғары өнімді шығаруда шығатын қаржы шығындарын, технологиялық процестің модернизациялауды толықтырылады, шағын және орта өндірістік бизнесті қалыптастырады.
Салықтық механизмді жүзеге асыру салықтық бақылаудың мәліметтерсіз мүмкін емес. Мемлекет салықтық бақылауға тек қана фискалдық мәселелерді шешуге ғана үлкен мағына бермейді. Ол шаруашылық субъектілердің әрекетін әлеуметтік экономикалық реттеуде, экономикалық қылмыс деңгейін төмендетуде және құрамды тұрақтандыруда ерекше көңіл бөлінеді.
Салықтық бақылау, салықтардың бақылау функциясының түрі болып табылады. Одан басқа, фискалды және реттеуші функциясының жүзеге асырылуын атқарылуы нақты салықтардың бақылауы механизмі арқылы өтеді. Соныменен, салықтық бақылау қаржы сияқты салықтың және қаржылық тексерістер әрекеттерімен операциялармен байланысты шаруашылық субъектілердің әрекеттерінің сүрақтары және арнайы түрлерді қолдануды басқару. Оның ұйымдастыру әдістері және елдің бюджет жүйесіне түсетін салықтармен басқа да міндетті төлемдерді негізгі түрде мобилизациялауды өткізудің жиынтығы болып табылады.
Бюджетке уақытылы және толық салықтардың төленуімен есептелінуінің толық тексерістердің өткізілуі, бірінші орынды салық органдарына заң арқылы берілген құқықтар мен міндеттеріне тәуелді болады, оларға құжаттар ревизиясын өткізу.
Салық органдары өткізетін салықтық тексерістерді камералды және құжатты болуы мүмкін.
Камералдық салықтық тексеріс, салық органдарының орналасқан жері бойынша жүргізіледі, салықтық декларациялар, есептеулер, бухгалтерлік есептер, баланстар, түсініктеме хаттар және салық органдарына берген салық төлеушілердің құжаттарымен мәлімдемер негізінде жүргізіліді.
Камералдық тексеріс салық органдарының қызметкерлерімен олардың қызмет міндеттемелеріне сай, басшының арнайы шешімінсіз жоғарыда көрсетілген құжаттардың тапсырылған күннен бастап үш ай ішінде өткізіледі. Сонымен қатар салық органдары, салық төлеушілерден қосымша мәліметтерді талап етуге, түсініктемелермен құжаттарды алуға, салықтың бюджеттке дұрыс есептеліп және толық уақытылы төленгенін дәлелдейтін құжаттарды талап етуге құқылы.
Камералды тексерістердің негізгі мақсаты болып:
- салық төлеушінің салықтық есептері мен есептеулерінің сақталуын қамтамасыз ету, алу және тексеру;
- бухгалтерлік есеппен есептеулердің уақытылы тапсырмағаны үшін қолданылатын салық санкцияларына байларысты дұрыс аударымдардың болуына тексеруді жүзеге асыру;
- бюджетке және бюджеттен тыс қорларға аударылатын салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдерді есептеу сүрақтары бойынша салық төлеушілерді қабылдау.
Камералды тексерістің алдындағы мақсаттардан шыға, жұмысты өткізу кезеңдері төмендегі кезеңдерге бөлінеді: камералды тексерісті өткізуге дайындық, тексерісті өткізу,тексеріс нәтижелерін рәсімдеу, шешімдерді қабылдау және оның орындалуын бақылау.
Тексеруді өткізу дайындығы төмендегі кезеңдерді қосады: - тексерілген кәсіпорынның мемлекеттік кәсіпорындар рестіріндегі мәліметтерді құрылтайшы қүжаттар мәліметтерімен салыстыру, құрылтайшылардың өтініші, кәсіпорынның құрылуы туралы шешімнің жарлығы немесе құрылтайшы келісімі, кәсіпорынды мемлекеттік тіркегені немесе басқа да тіркеуші құжаттарды тіркегені үшін берілетін куәлік. Салық органдарындағы кәсіпорын құжаттарының жуықтығы, оның құрылғанын білдіретін құжаттарды, тексеруші салық төлеушілерден немесе кәсіпорынды тіркеген ұйымнан алуға міндетті;
- алдағы өткізілген тексерістер негізінде табылған кемшіліктер мен қажеттіліктерді талдау;
- аванстық төлемдердің дұрыс жасауын қадағалау, ал төлемдер бойынша анықтамаларды есептегі деректермен салыстыру арқылы тексеру жүргізу. Егерде мәліметтер сәйкс болмаған жағдайда, тексеруші оның себебін анықтап, оны жоюға бұйрық беру қажет;
- есепті жылда өткізілген тексерістердің нәтижесіндегі қосымша аударымдар мен салалар туралы мәліметтерді салық төлеушінің шотындағы көрінісімен салыстыру;
- бюджетке төленген нақты төлем сомалардың мәліметтерін қорғау, нақты түсімдер сомасын салыстыру шоттағы бейнемен, регистрлармен есеп кітабымен, есептек кезеңнің көрсетілген салықтық есептеулердің аванстық төлемдер және сомалардың өсуін талдау, камералды және құжаттық тексеру нәтижесіндегі есепті кезеңдегі қосымша есептеулер;
- салық ставкаларын дұрыс қолдануын тексеру.
Камералды тексеріс бухгалтер есеп-қисап қүжаттары негізінде салық базасының дұрыс анықталуы мен бюджетке төленетін халық сомасын салық төлеуші өзі толтырады.
Камералды тексерістің басталуы, салық бойынша бухгалтерлік есеп-қисаптың уақытылы тапсыруымен басталады. Камералды тексерісті өткізудің негізгі кезеңі болып, салық төлеушінің салықты есептеумен төлеу үшін қажетті бухгалтерлік есеп-қисаптың салық органына мерзімді тапсырылуы. Тексеруші нормативтік құжаттарда қарастырылғандай нақты бухгалтерлік есептің түрінің барлығын міндетті түрде салыстыру.
Камералды тексерістің келесі этаптарында (тексеріс нәтижесін рәсімдеу және шешімдерді, қабылдау және оның орындалуын бақылау) құжаттық тексерістің кезеңдеріне ұқсас болып келеді. Салық кодексіне сай тексеріс нәтижесінде табылған қосымша салықтық есептеулерді, салық органы талапқа сай тиісті салық сомасымен өсім ақыны талап етуге бағыттайды. Тәжірбиеде салық органдарының жұмысында құжаттық тексерістің екі түрі қоланылады: кешендік және тақырыптық, кешендік тексерулер салық комитетінің жылдық жоспары негізінде және тоқсандық (айлық) бекітілген тексерулер графигі негізінде өткізіледі.
Қазақстан Республикасның салық кодексіне сай күнтізбелік жыл ішінде бір мезгілде бір салық түрі бойынша екі және одан артықрет тексеру өткізуге тиым салынады.
Тақырыптық тексерулер салық полициясымен басқа да құқықтық органдар өткізген қарама-қарсы тексерулердің оперативті құжаттары негізінде жоғары тұрған салық органдарының шешімі бойынша өткізіледі. Тақырыптық тексерулердің объектісі болып заңды тұлғаның қаржылық-шаруашылық қызметтерінің сұрақтары және бухгалтерлік есеппен салықты төлеуге байланысты мәселелер болып табылады.
Құжаттық тексеру тікелей кәсіпорында және қызметті тұлғалардың барлығымен өткізіледі. Түнгі уақытта құжаттарды алу және кәсіпорыннан тыс жерде тексеру жүргізу заңмен тиым салынған. Бірақта салық органдарына, кәсіпорындардан салық салу объектісін кеміткен немес табысты жасырғанын куәландыратын құжаттарды алуға құқық береді, егерде оларды өзгертуге, құртып жіберуге және тағыда басқа қажетті негіз болған жағдайда.
Қазақстан Республикасының салық кодексі салық инспекциясымен салық полициясына аяқ асты тексерулердің келесі жағдайаларын қарастырады.
- соңғы салықтық тексеру, салық төлеушінің өзінің міндетін орындамаған немесе заң бұзушылықтарды дәлелдейтін деректердің барлығы;
- салық төлуеушінің қаржыларының болуына күмәндар туғызатын деректер болса;
- құжаттық бекітілмеген мүлік пен басқа да салық салу базасының өсірілуі туралы дәйектердің болуы;
- табысты өткізуде және баланс баптары бойынша шығындарды өткізуге заң бұзушылықтық болу;
- салықты немес алымды төлеуде, салық декларациясымен басқа қажетті құжаттардың көрсетілуі;
- салық салу объектісін жасыру немесе салық төлеушінің тексеруді өткізуге кедергі жасау фактілерінің болуы;
- алдағы жүргізілген бақылау немесе басқа да тексерістің өткізілуі тәртіпті бұзғаны немес оның қорытындысы жалған мәліметтерден құрылуы және басқа да жағдайлардың болуына негіздік бар болу.
Құжаттық тексерудің өткізу мерзімі және бақылау тобының құрамын анықтау үшін тексерілетін объектілердің көлем мерзімі және әрекет ерекшелігі қарастырылады.
Қоғамдық тәртіпте тексеруді жүргізу бағдарламасы келесі сұрақтарды қамтиды:
- бухгалтерлік есеп-қисапта табыстың (шығынның) және өнімді өткізуден түскен табыстың (жұмыс, қызмет) дұрыс көрсетілуі, негізгі табыстар, кәсіпорынның басқада мүлікімен табысының (шығысын) көрсетілуі;
- өндіріске және өнімді өткізуге (жұмысты және қызметті) мәнінен нақты шығындарды есепте дүрыс көрсетілуі;
- салық есептерінің салық салу объектісінің және салық салу айналымының дұрыс есептелуі жеңілдіктердің дұрыс қолдануы;
- салықтар мен аванстық төлемдердің бюджетке толық және уақытылы аударылуы;
- ұлттық экономикалық кейбір салаларынан салықтарды есептеумен бюджетке төлеу тәртібінің ерекшелігі.
Құжаттық салықтық тексеру жоспарлы және аяқ асты болуы мүмкін. Жоспарлы тексерудің өткізілуі салық төлеушінің аудандық немесе қалалық салық органдарына тексеруді бастауға үш күн қалғанда қол құжаты беріледі. Аяқ асты салықтық тексеру салық төлеушінің қол қүжатысыз салық комитетінің бастығы немесе оның орынбасарының арнайы шешімі арқылы жүргізіледі.
Құжаттық салықтық тексеру, жұмыс уақытында және салық төлеушінің жұмыс уақытында өткізіледі. Алдымен кәсіпорынның қаржы нәтижесінің дұрыстығы салық салынатын табыстың дұрыс есептелуі. Себебі бюджетке төленетін көптеген салықтардың түрінің көзі табыс болып табылады.
Алғашқы кұжаттармен тіркеу құжаттарының тексерілуі арнайы әдістер арқылы жүргізіледі, олар жалпы және таңдамалы болып табылады.
Жалпы тексеруге әдетте жауапты операциялар (негізінен кассалық және банктік операциялар), сонымен қатар бухгалтерлік есептегі мәліметтерді басқада құжаттармен салыстыру.
Қүжаттық салықтық тексеруде басқада құжаттар тексеріледі.
Таңдамалы бақылау екі түрде жүзеге асырылады: жыл шегінде жекелеген айлар немесе тексерілетін кезең болмаса әрбір ай және тоқсан құжаттарын тексеру.Таңдамалы тексеру тек күрделі мінезге ие құжаттарды ревизиялауға өткізіледі.
Салықтық тексерудің уақытына қарай былай бөлінеді: алдын- ала, ағымдағы және кейінгі бақылау.
Алдын - ала бақылау салықтық түсімдерді жоспарлау кезінде, салық төлеушілердің санын анықтауда, соның ішінде ең негізгі және күрделілерін, тексерудің түрлері мен әдістерін анықтауда жүзеге асырылады.
Ағымдағы бақылау салық органдарының негізгі әрекеті болып табылады және салық төлеушіні құжаттық және комералдық тексерілуін қорытады. Оны есепті кезең мен қаржылық жыл ішінде өткізеді, оны өткізу мақсаты, салық тәртібімен салық міндеттемесін орындамаудан салықты төлеуден қашу жолын жою үшін өткізіледі.
Кейінгі бақылау есепті салық кезеңімен бюджет жылының аяқталуымен өткізіледі. Жалпы бақылауда салықтар мен алымдарды жинауда жоспардың сандық және сапалық орындалуы оның төмендеу немесе жоғарлау дәйектері қарастырылады. Кейінгі бақылау алдын-ала бақылауға талдау негізінде қызмет етеді және келесі қаржы жылына салық органдары үшін жоспарды құру және қосымша әрекеттерді қарастыруға мүмкіншілік береді.
Салықтық тексерудің аяқталуымен байланысты, салық органдарының қызметкерлері тексеріс барысындағы жүргізілген әрекеттердің барлығын қарастырып салықтық тексеру актісін құрайды. Қазақстан Республикасының заңдарына сай барлық заң бұзушылықтар айқындалады. Тексеріс нәтижесі рәсімделеді.
Салық төлеушінің мониторингі, салық төлеушінің қаржылық -шаруашылық әрекетін бақылау жолы арқылы жүргізіледі, оның мақсаты нақты салық салу базасын анықтау және тауарлардың өзіндік құнын валюталық және Қазақстан Республикасының нарықтық бағаларының қолданылуын анықтау.
Салық төлеушінің мониторингі республикалық және жергілікті деңгейде жүзеге асырылады. Республикалық мониторингіне жататын салық төлеушілердің тізімін өкілетті мемлекеттік орган анықтайды. Мониторингіне жататын салық төлеушілер өкілетті мемлекеттік орган бекіткен тәртіп бойынша салықтық есеп береді.
2.2 Салықтық түсімдердің мемлекеттік бюджет кірістерін құраудағы рөліне экономикалық талдау (Алматы қаласы Салық Комитеті бойынша)
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және тиісті құқықтық нормаларға негізделген әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды. Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер өз алдына дербес қызмет етеді.
Мемлекеттік бюджетте мынандай принциптер қалыптасқан және олар бюджеттің мәнін айқындай түседі:
- қаржылық орталықтандырылуы, яғни олардың бір ақша қаражат қорларында жинақталуы;
- жоспарлылығы, өйткені бюджет-теориялық және практикалық мағынасы бойынша болашақ кезеңге арналған қаржы жоспары;
- тепе-теңдігі, яғни бюджет құрылымы бойынша кірістер мен шығыстардан тұратындықтан тепе-теңдік немесе баланстылықтың болуы тиіс;
- мерзімділігі, яғни барлық жоспарлар тәрізді мемлекеттік бюджет белгілі бір мерзімде құрылады немесе біз оны қаржы жылы деп атаймыз (Қазақстан Республикасының қаржы жылы 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейін).
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет кірістерінің құрамында ең маңызды орынды салықтық түсімдер алады. Осылай, Қазақстан Республикасы Статистика Агенттігіңің мәліметтеріне сәйкес 2004 жылы салықтар мемлекеттік бюджет кірістерінің 66.7% құрады, салықтық емес түсімдер (мемлекеттік меншіктен, мүліктен, мемлекеттің кәсіпкерлік іс-әрекетінен, әкімшілік жинақтар мен баждардан, айыппұлдар мен санкциялардан) 4.2% құрады, капиталмен жасалған операциялардан түскен кірістер 28.3%.
Салықтар мемлекеттің іс-әрекетін қаржыландырудың және оның аппаратын ұстаудың көзі болып табылады. Мемлекет осы тетіктерді қолдану арқылы ішінде болып жатқан экономикалық процестерге дәйекті ықпал етіп, олардың дамуын қоғамға тиімді бағыттарды итермелейді. Салық арқылы жиналған ақша қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік саясатты жүргізу мүмкіндігін береді.
Қазақстан Республикасында салықтардың келесі түрі бар: корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, ҚҚС, акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері, әлеуметтік салық, мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық.
1 кесте мың теңге
Мемлекеттік бюджет табысындағы салықтық түсімдер құрылымы
Табыс түрлері | 2003 ж | 2004 ж | 2005 ж | |||
I | % | I | % | I | % | |
Жалпы түсімдер соның ішінде: | 544673 | 100 | 476612 | 100 | 821153 | 100 |
Салықтық түсімдер | 524058 | 87.5 | 635792 | 85.2 | 750777 | 90.7 |
Корпоративтік табыс салығы | 163528 | 30.0 | 169048 | 26.6 | 207354 | 26.3 |
Жеке тұлғалар табыс салығы | 51016 | 9.3 | 68574 | 10.0 | 77381 | 10.6 |
ҚҚС | 115158 | 21.1 | 159913 | 25.2 | 175893 | 25.5 |
Акциз салығы | 19285 | 3.5 | 21830 | 3.4 | 25443 | 3.5 |
Жер салығы | 5741 | 1.1 | 5454 | 0.7 | 5588 | 0.7 |
Көлік салығы | 5701 | 1.2 | 6431 | 0.9 | 6540 | 0.8 |
Мүлік салығы | 14763 | 2.7 | 20944 | 3.3 | 22514 | 3.3 |
Әлеуметгік салық | 99082 | 18.9 | 124284 | 19.5 | 61058 | 17.9 |
Салықтық емес түсімдер | 23671 | 4.4 | 72505 | 9.7 | 47574 | 7.5 |
1-кестеден көріп тұрғандай мемлекеттік бюджет кірісіндегі салықтық түсімдер жылдан жылға артып отырғанын көруге болады, оның себебі салық механизмінің тиімді жұмыс жасауында. 2003 жылдың қортындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің кірістерінде ең үлкен салықтық түсімдердің ішінде корпаративтік табыс салығы оның үлесі 26.3%, және ҚҚС 25.5% алып отыр.
Қазіргі таңда біздің елімізде нарықтық экономикалық қатынастардың белсенді даму жағдайында жергілікті бюджеттер мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық саясатын іске асыруда елеулі орын алуда. Жергілікті бюджет қаражаттары есебінен халықты әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету шаралары жүзеге асырылады. Жалпы мемлекеттік ақшалай қаржыларды бюджет жүйесі буындарының арасында бөлінуі негізінде жергілікті бюджеттердің өз алдына дербестілік принципі қалыптасады. Осы принциптерге сәйкес жергілікті бюджеттердің кірістері бекітілген және реттелетін кірістерден құралады.
Жергілікті бюджет кірісіндегі салықтық төлемдерге экономикалық талдауды қалалық маңызы бар Алматы қаласы салық комитетінің деректері бойынша, жергілікті бюджетке толғымен түсетін салықтарға, оның ішінде бекітілетін салықтар бойынша түсімдер құрамында:
- жер салығы (673330,0 мың теңге немесе орындалу пайызы 91,1%-і),
- мүлік салығы (нақты 2389936 мың тг немесе орындалу пайызы -107,8%);
- көлік салығы (1030012,0 мыңтг немесе орындалу пайызы-102%-і),
- жеке табыс салығы (нақты 15849429,0 мың тг немесе орындалу пайызы -100,05%);
- әлеуметтік салық (22876505,0 мың тг немесе орындалу пайызы -105,6%);
- акциз (нақты 2146455,0 мың тг немесе орындалу пайызы -105,3%).
Ендігі кезекте Алматы қаласы бойынша жергілікті бюджетке бекітілген салықтардың үш жыл ішіндегі түсімдерінің сандық мәліметтерін қарастыратын болсақ.
2 кесте
Жергілікті бюджетке түсетін салықтық түсімдердің 2001-2003 жылдар аралығындағы сандық көрсеткіші (Алматы қаласы)
Төлемнің | 2003 жыл | 2004 жыл | 2005 жыл |
Атауы | |||
Барлық салықтық түсімдер, оның ішінде | 116284 | 127072 | 148846 |
Жер салығы | 763 | 765 | 673 |
Мүлік салығы | 1472 | 1798 | 2390 |
Көлік салығы | 1028 | 1193 | 1030 |
Жеке табыс салығы | 10666 | 14128 | 15849 |
Әлеуметтік салық | 16604 | 21481 | 22876 |
Акциздер | 1293 | 1714 | 2146 |
Енді жалпы осы жергілікті бюджетке бекітілген салықтарды әрқайсысын жеке-жеке даралап талдайтын болсақ, бірінші кезекте жергілікті салықтардың түрақты көзі ретінде меншік салықтарына тоқталмақпыз және үш жыл ішіндегі түсімдерін қарастырайық.
Жер салығы 2005жылдың 12 айының қорытындысы бойынша болжамдалған 739367,0 мың теңгенің орнына 673330,0 мың теңгені қүрады немесе 91,1%-ке орындалды. 2002 жылмен салыстырғанда салықтың бүл түрі бойынша түсім 92153,0 мың теңгеге азайды.
3-кесте
Өзара үш жылдық көрсеткіштерді салыстыру арқылы келесідей кесте пайда болды:
2002 жыл | 2003 жыл | 2004 жыл | |||||||
Телем нің атауы | Жоспар | Факт | Орын далу пайызы | Жоспар | Факт | Орын далу пайызы | Жоспар | Факт | Орын далу пайызы |
Жер салығы | 750051 | 764142 | 101,9 | 780000 | 765483 | 98,1 | 739367 | 67333 | 91,1 |
2003 жылы жоспар болжамдалғаннан 1,9% артық орындалған, ал 2004 ж жоспар 1,9% орындалмай қалған. 2005жылы болжам 8,9% орындалмаған немесе 91,1% орындалған.
Бұл салық бойынша болжамның орындалмауы келесідей мынадай негізгі факторлардың әсерінен туындады:
- көптеген кәсіпорындардың жер учаскесін жалға алып жүмыс істеулері әсер етті. Осының негізінде өткен жылда орташа шамамен 107424,5 мың тг салық төленбеді (оның ішінде ААҚ Алматының Халықаралық Аэропорты, ЖАҚ Бителеком, ПК Радуга, ЖШС Ақсай, ДЭУ Автобаза, ЖШС Промтехмонтаж, АТП-3 және т.б);
- Біршама кәсіпорындар қаржылық жағдайының тұрақсыздығынан 2004 жылдың ағымдағы төлемдерінің сомаларын 2001 ж орташа жуық шамамен мынадай сома 17892 мың тг төленген;
- Қ.Р Салық кодексінің 340 б. 7 тр енгізілуінің негізінде, жыл ішінде жер салығын есептеу мен төлеу бойынша міндеттемелер туындаған кезде салық төлеушілер салық міндеттемелері туындаған күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде ағымдағы төлемдердің есебін салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша салық органына табыс етуге тиіс. Бірақ бірқатар салық төлеушілер жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерін уақытылы төлеуін жүзеге асырмайды;
- Қ.Р Салық Кодексінің 324 б. 7 тр негізінде, діни бірлестіктер жер салығын төлеушілер болып табылмайды. Бұл түрі бойынша салықтық үтылу 4418 мың тг;
- Алматы қалалық мәслихатының 14 сессиясының 2 шақыруының шешімінің негізінде автотұрақтар бойынша коэффициенттер он нан екіге дейін төмендетілді. Соның негізінде орташа шамамен салықтық ұтылу 3807 мың тг құрады.
- Басқадай салықтық ұтылу — 16396 мың тг құрады. (Жерлерді мемлекеттік қорға қалдыру, және т.б).
Аталған салық бойынша түсімдерді көбейту мақсатымен келесідей іс-әрекеттер жүзеге асырылуда:
- Алматы қаласы бойынша салық комитеті мен Жер ресурсын басқару комитеті арасында түрақты және жедел ақпаратпен алмасу қызметі жөнінде жоспар келісілген және бекітілген;
- Алматы қаласы әкімінің шешімінің негізінде жер учаскілерін пайдалануға алған заңды және жеке түлғалардың жер салығы бойынша төлемдердің уақытында төленуіне бақылау жұмысы тұрақты жүргізілуде, аудандық салық комитеттеріне осы жұмыстарды күшейту мақсатымен шолу хаттары тарқатылған. №12-1 -7/7213 05.06.2002ж;
- Тоқсан сайын жер ресурстарын басқару комитетінен аудандық салық комитетіне жер участкілерін сатып алған субъектілер жайлы ақпараттар беріледі. Соның негізінде олардың тиісті салықтарын төлеуге және уақытылы есепке тұруларына бақылау жүргізіледі және т.б іс-әрекеттер жүзеге асырылуда.
- Сонымен қатар аудаңдық салық комитеттерінде: соның ішінде өндірістік емес төлемдер бөлімі және салық төлеушілермен жүмыс істеу бөлім қызметкерлерінің біліктілік деңгейін көтеру мақсатымен семинар сабақтары жүргізіледі (бұл сабақтарда: салықтық ставкалар, жер салықтарын есептеу мен төлеу мерзімдері, жер участкілерін пайдаланғаны үшін төлемдер, басқа да органдармен жұмыс істеу тәртібі жайлы мәліметтер айтылады).
Көлік құралдарына салынатын салық
2005 жылы көлік салығы болжамдалған 1010000,0 мың теңгеден асып, нақтылай 1030012,0 мың теңгені құрады немесе 102%-ға орындалды. Оның ішінде заңды тұлғалардан алынатын көлік салығы болжамдалған 330000,0 мың теңгеден кеміді, нақтылай 324310,0 мың теңге көлемінде түсті немесе 98,3%-ға орындалды және жеке түлғалардан алынатын көлік салығы болжамдалған 680000,0 мың теңгеден асып, нақтылай 705702,0 мың теңге көлемінде түсті немесе 103,8%-ке орындалды.
Болжамның 2%-ға артық орындалу себебі Алматы қаласы салық және жол полициясын басқару органымен көлік салығын есептеудің дұрыстығына және уақытылы төленуіне бақылаудың күшейтілуі, төлем мерзімінің 01.07.2005ж. уақытына дейін аяқталуына және айлық есептік көрсеткіштің 2004 жылғы 919 теңге көлемімен салыстырғанда 971 теңгеге көбеюімен байланысты. Сонымен қатар мына мекемелердің есепті жылда салықты төлеудің негізінде:
1.ЭХО ААҚ "Қазақтелеком" — 2354,4 мың тг;
- ААҚ "Автобус паркі № 6" — 3240,0 мың тг;
3."Кока-кола Алматы Ботлерс" — 2033,9 мың тг;
- ЖАҚ "Алматы Пауэр Консолидейтед" — 4712,2 мың тг;
- ЖШС "Янзар" --- 3945,4 мың тг;
- ЖШС "Стандарт Ойл"— 4200,0 мың тг;
- РШ Мем. Авиакомпаниясы "Беркут"-5 — 323,8 мың тг;
- ЖАҚ"Эйр-Қазақстан"--І-17336,6 мыңтг;
- ЖШС "Авиационная компания Саяхат" — 6829,2 мың тг;
- ААҚ "Алматы Халықаралық аэропорты" — 2000,0 мың тг;
- 11."Алматы Қаржы-Сауда Банкі" — 133575,0 мың теңге.
Мүлік салығы
Салық органдарының бақылауында 25543 кәсіпорын бар, соның ішінде 15094 кәсіпорын салықты төлеуге тартылған. 2003 ж 1138 кәсіпорында тексеру жүргізілді. 125 кәсіпорында тексеру нәтижесінде бұзушылық табылған. Тексеру нәтижесінде қосымша 210976,9 мың тг есептелді, оның ішінде борышы төленген 19296,6 мың тг құрады.
2005ж. заңды түлғаларға салынатын мүлік салығы болжамдалған 1937693,0 мың теңгеден асып, нақтылай 2096556,0 мың теңгені қүрады немесе 108,2%-ке орындалды. 2004 жылмен салыстырғанда түсімдердің есімі 599258,0 мың теңге немесе 40% құрады.
Қаланың аудандары бойынша жоспардың орындалуын қарастыратын болсақ:
- Алмалық ауданы — 107,1%
- Әуезов ауданы — 107,3%
- Бостандық ауданы—110,2%
- Жетісу ауданы — 104,5%
- Медеу ауданы — 112,6%
- Түрксіб ауданы ---104,7%
Осы мәліметтерге негізделе отырып қаланың барлық аудандарында мүлік салығы бойынша болжам артық орындалғанын байқауға болады. Бұл өз кезегінде жергілікті бюджеттің кіріс базасын молайта түседі.
4-кесте
Мүлік салығы бойынша салықтық түсімдердің сандық көрсеткіші
2003жыл | 2004 жыл | 2005 жыл | |||||||||||||
Төлемнің атауы | Жоспар | Факт | Орын далу пайызы | Жоспар | Факт | Орын далу пайызы | Жоспар | Факт | Орындалу пайызы | ||||||
Мүлік салығы | 1160000 | 1245584 | 107,3 | 1350314 | 1497298 | 110,9 | 1937693 | 2096556 | 108,2 | ||||||
Түсімдердің көбеюі келесі салық төлеушілердің негізгі құралдар алуымен байланысты:
- "Алаш" 2005ж. - 21457,0 мың теңге, 2004ж -24758,0 өсім сомасы -3301,0 мыңтеңге;
- "Ақ Бірлік" 2005 ж. - 25,0 мың теңге, 2004ж. - 28754 мың теңге, өсім сомасы - 3754 мың теңге;
- "Цветмет" 2004 ж. - 19331,0 мың теңге, 2005ж. - 26789,0 мың тг, өсім сомасы 7458,0 мың тг;
Сонымен қатар Болжамның артық орындалуы мынағанда байланысты:
- "Каспиан прогрессив технолоджи"- бұл мекеме жылдық салық соммасын ағымдағы жылдың басында түгелдей төлеп тастаған — 8146,4 мың тг;
- Афк Ардагер — 1277 мың тг;
- ГКП Водоканал — 4758,2 мың тг;
- ААҚ Казкоммерцбанк— 14311,1 мыңтг.
Азаматтардың кәсіпкерлік қызметінде және жедел басқару құқығындағы қосымша мүлік объектілерін салық есебіне тіркеу нәтижесінде;
- бау-бақша қауымдастықтарын және гараждық кооперативтерін салық салуға тартумен;
- өткен жылдардағы салык берешегін өндіріп алу нәтижесінде болды.
Әлеуметтік салыққа тоқталатын болсақ:
Салық органдарының бакылауында 79477 кәсіпорын есепте түр, сонын ішінде 28218 кәсіпорын салықты төлеуге тартылған.
2005ж 1826 кәсіпорында тексеріс жүргізілді, онын ішінде 594 кәсіпорынында бүзушылык табылған. Тексеріс нәтижесінде косымша 295723,8 мың тг есепке алынды. 172397,8 мың тг төленген.
Әлеуметтік салық болжамдалған 21655301 мың теңгеден асып. нактылай түсімдер 22876505 мың теңгені кұрады немесе 105,6%-ға орындалды. Өткен жылмен салыстырғанда түсімдер 1395144 мың теңгеге немесе 6.5%-ға өсті. Бюджетке түсімінің артуы жаңа ірі салық төлеушілердің есепке тұруымен байланысты. Мысалы: ЖШС "ВІР8" - 10596,2 мың тг, Алматы қаласындағы филиалы "Казстройсервис" - 9429,8 мың тг;
ЖАҚ "ЭЙР" - 13217,6 мың тг.
ААҚ "Альянс банк" - 1 1 33 1 ,7 мың тг.
ЖАҚ Корпорация "КУАТ - 1 1 128 мың тг ;
Салық бойынша берешекті 206845.0 мыңтеңге өндіріп алу. Тек осы жоғарыда аталған кәсіпорындар 2005 жылы 2004 жылға қарағанда қосымша 683346.0 мың теңге түсті. Салық органдарының есебін; 01.01.2004 ж 15287 жеке тұлғалар әлеуметтік салық төлеушілер ретінде тіркелген. 14001 салықты төлеуге тартылған. 2005ж 471 салық төлеушілерле тексеріс жүргізілді, 238-де бұзушылық табылған.
5-кесте
Алматы қаласы бойынша 2004-2005 жылдарға ішкі өнім тауарларына акциздер түсімінің салыстырмалы кестесі (мың тг.)
Атауы | 2004жыл | 2005жыл | |||||
Болжам | Нақты | % | Болжам | Нақты | % | ||
Арақ | 17022 | 193768 | 110,1 | 190980 | 215134 | 112,6 | |
Ликер арағы | 2775 | 1942 | 70,0 | 3429 | 3091 | 90,1 | |
Шарап | 62832 | 72876 | 116,0 | 62536 | 65844 | 105,3 | |
Коньяк | 15720 | 22458 | 142,9 | 34436 | 34963 | 101,5 | |
Шампан | 11691 | 15508 | 132,6 | 26866 | 33029 | 122,9 | |
Сыра | 263751 | 345966 | 131,2 | 383151 | 382763 | 99,9 | |
Күшті сусын | 123643 | 151030 | 122,2 | 92644 | 96090 | 103,7 | |
Зергерлік бұйым | 6605 | 7058 | 106,9 | 6018 | 9517 | 158,1 | |
Ойын бизнесі | 34343 | 49737 | 144,8 | 65240 | 85705 | 131,4 | |
Лотерея еткізу | 2659 | 2633 | 99,0 | 42866 | 74549 | 173,9 | |
Бензин | 181422 | 184082 | 101,5 | 188024 | 190808 | 101,5 | |
Жанаржағармай | 24163 | 38903 | 161,0 | 30000 | 33532 | 111,8 |
Қорытындылай келе, Алматы қаласының салық комитеті
2003 ж. бюджетке төленетін салық және басқа да міндеттердің барлық түрлері бойынша болжанған көрсеткіштерді орындауға қол жетті. Түсімдердің көлемі 2004 ж. салыстырғанда 10-45-ке өсті. Келесі салықтар, алымдар және төлемдер бойынша жоспар болжамдалған мөлшерден артық орындалды: табыс салығы, жеке және заңды тұлғаларға салынатын мүлік салығы, жеке және заңды түлғаларға салынатын көлік салығы, радио желілерін пайдаланғаны үшін төлем, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғаларды тіркеу үшін алым, жекелеген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым, базарларда тауар сату құқығы үшін алым т.б.
Сонымен бірге Алматы қаласы бойынша жалпы соңғы екі жылдағы салықтық түсімдерді қарастыратын болсақ, оны келесі 8-кесте арқылы көрсетуге болады.
6-кесте млн теңге
Алматы қаласы бойынша салықтар мен басқа да төлемдердің салыстырмалы түсімі (2004-2005 жж.)
Бюджет деңгейлері | 2004 жыл | 2005жыл | өсімі | |
Абс. түрде | %-пен | |||
Мемлекеттік бюджет | 127072 | 148846 | 21774 | 17,1 |
Республикалық бюджет | 71674 | 100739 | 29065 | 40,6 |
Жергілікті бюджет | 44857 | 46288 | 3249 | 7,2 |
III. Қазақстан Республикасының салық механизмін жетілдіру жолдары
3.1 Әлемнің дамыған елдеріндегі салық механизмінің қызмет ету тәжірибиесі
Әлемнің дамыған елдеріндегі салық жүйесі әр түрлі экономикалық, саяси, әлеуметтік шарттардың әсерінен құрылды.
Салық жүйесін құруда және салық механизмін жасауда дәстүрлі түрде мына оптималды салық салу принциптері қолданылады:
- салық ауыртпалығын үлестіру тең болу керек;
- тұрақтандыру және экономикалық өсу мақсатында салықтың қүрылымы салық саясатын қолдануда мүмкіндік туғызады;
- салық жүйесі әділетті болу керек және зандарға өз бетімен түсінік беруге рүқсат етпеу керек;
- салық жүйесі салық төлеушілерге түсінікті болу керек;
- салықты басқарудағы әкімшілік шығындар және салық туралы заң шығаруды сақтау минималды болу керек.
Әлемінің дамыған елдеріндегі салық механизмін құрудағы қиын проблема әр түрлі салықтарды қайта бөлу есебін көрсетеді, ал салықты өндіріп алуға байланысты, салық ставкаларының құрылымы, салық базасының анықтамасы және салықтың әсер ету саласы. Нәтижесінде экономикалық қайта бөлу кәсіпкерлердің және салық жүйесінің экономикасының әсеріне тәуелді. Бұл әсер сұраныс пен ұсыныс жағдайына, нарық құрылымына, жаңа салық жағдайын адаптациялау кезеңіне байланысты. Салықтық өзгерістер адаптациясы бағалардың өзгеруіне әкеледі, салық төлеушінің табысы мен шығындары әсер етіп, кәсіпкерлік қызметтің дамуындағы бағытты анықтайды.
Салықтың регионалды аспектісін қарастырайық. Салық жүйесінің маңызды элементі болып қандай болмасын салықтардың механизміне кіріспе, оларды реттеу, орталықтандырылған және жергілікті органдарының үкіметінің арасында мемлекеттік қаржылық ресурстарды бөлу және қайта бөлу. Бұл механизм үш деңгейде жүзеге асады: федералды (үкіметтік), аумақтық (штат органдары) және жергілікті (муниципалитеттер).
Жоғарыда келтірілгендерден федералды құрылымның өзінде де (АҚШ, Канада, Германия) салықтық түсімдердің жартысы шоғырланады және федералды үкіметпен қолданылады. Бұндай бөлудің негізінде мынадай түсінік жатыр, мемлекеттің орталық органдарының жеткілікті экономикалық негізі болмаса, оның экономикалық негізі салыққана бола алады, онда мемлекет қамтамасыз етіле алмайды.
Орталық және жергілікті органдардың арасында мемлекеттік қаржы ресурстарын бөлу және қайта бөлу механизмі, биліктің барлық деңгейіне салықтық міндтердің масштабы, оларды атқаратын функциясы мен принциптеріне сәйкес салықтық деректермен қамтамасыз ету елдердің конститутциялық құрылымымен анықталады. Елдегі үкіметтің қаншалықты деңгейде болуына қарай салық жүйесі екі немесе үш звенолы болуы мүмкін.
Федералды елдерде салық саясаты үш деңгейде өтеді: үкіметтік, аймақтық (штаттар, департамент, жер және т.б.) және жергілікті үкімет органдары (муниципалитет, графтік т.б.). Федералды бөлінбейтін мемлекеттерде (Франция, Жапония) екі деңгейлі салық жүйесі, ол жалпы мемлекеттік және жергілікті салықтан құралған.
Кәсіпорындармен жеке кәсіпкерлердің жалпы салығы олардың табысынан 3/1 бөлігінен аспауы тиіс. Жергілікті органдардың бюджет табысының бір бөлігі салық түсімі негізінен құралады (Жапонияда 30%, Францияда 54%, АҚШ-та 65%, Германияда 28%) сонымен қатар орталық бюджеттен субсидиялармен дотациялар. АҚШ-та, мысалы, жергілікті үкімет органдарының субсидиясы, бюджет штатынан түсетін табыстың 33% құрайды, федералды бюджеттен дотация 7%, Ұлыбританияда мемлекеттік субсидияның жалпы сомасы 70% құрайды. Соңғы жылдары көптеген мемлекеттерде орталық бюджет тарапынан субсидиялармен дотациялардың бөлінбеу тенденциялары орын алуда.
Батыс мамандарының айтулары бойынша, әр түрлі деңгейдегі салық жүйелерінің қалыптасуы өзіндік салық салумен қатар біріңғай салықтарды бөлу арқылы да жүргізуге болады. Мысал ретінде ГФР-ді алайық, заңдарға сәйкес бұларда федерация мен жергілікті деңгейде бірдей салықтарды алуға болмайды. Яғни жергілікті органдар тек федеративтік деңгейде жоқ салықтарды алуға мүмкіндіктері бар. Ал көптеген мемлекеттерде жергілікті салықтар федералды салықтардың қосымшасы ретінде ғана алынады. Бұл салықтар федералды салықтардың белгілі бір пайызы мөлшерінде белгіленеді. Мысалы, Италияда жергілікті бюджетке жер салығы мен ауыл шаруашылық салықтарының бір бөлігі ғана түседі. АҚШ, Германия және Франция сияқты мемлекеттерде жергілікті билік органдары табыс салығын (жеке тұлгалардан және компаниялардан) және ҚҚС салу құқықтары бар (Германия және Франция). Сонымен қатар бюджетке түсетін қаражаттың белгілі бір мөлшері жергілікті прблемаларды шешу үшін қалып отырады. Бірақ бұл жерде айта кететін бір жайт, батыстағы жергілікті билік органдарьщың жүргізіп отырған автономды салық саясаты мемлекеттік салық саясатына қайшы келмейді. Соңғы он жыл көлемінде жергілікті органдардың мемлекет саясатында алар орны ерекшеленіп отыр. Бұл өз көрінісін мемлекеттік заңдармен заңнамаларда тапқан блатын. Мысал ретінде, американдық федералды билікпенен жергілікті билік органдарының әрекеттеріне негізделген. Федералды Үкімет пен штаттардың қарым-қатынастарының, әсіресе қаржы саласындағы ерекшелігі бұл жоғарғы билік органдарының жергілікті билік органдарының асырып отырған бағдарламаларына араласпау.
Дамыған мемлекеттерде экономиканың дамуының ең жоғарғы көрсеткіштері ретінде инвестициялар көлемі қарастырылады. Инвестициялық салымдардың өзгеруі ұлттық өндіріспен халықтың жұмыспен қамтылуының, сонымен қатар сұраныстың индикаторы ретінде болады. Жекеменшік капиталды ынталандыру мен өндірісті өркендету үшін қолданатын салық саясатында кеңінен қолданылып жүрген әдістердің бірі ол - корпоративтік салықтан (заңды тұлғалардан алынатын табыс салығынан) алынатын салықтардың жеңілдіктер жүйесі. Инвестициялық саясатты ынталандыру үшін
салық механизмін қолданатын негізгі құралдарына мыналар жатады:
- салық ставкаларының төмендетілуі;
- амортизациялық төлемдердің арнайыланған жүйесі, соның ішінде жеделдетілген амортизация;
- инвестициялық салымдарға арнайыланған салық жеңілдіктері немесе бұны "салық несиесі" деп атайды;
- әр түрлі сый ақылар, субсидиялар мен инвестициялық қорлар. Инвестициялық әрекетті салық тарапынан реттеудің негізгі әдістерінің бірі болып бұл корпорацияларға салынатын салықтарға дифференсацияланған әдісті қолдану. Бұл жерде арнайы салық төлеушілер үшін, әр түрлі аймақтармен жекелеген салалар үшін салық жеңілдіктерін қолдану.
АҚШ-пен Батыс Европадағы инвестицияларды ынталандыру мақсатында қолданылып жүрген эканомикалық тиімді тәсілдерге тоқталып кетейік. Сонымен қатар бұл әдістер біздің салық заңнамамызда да қолданылуы мүмкін.
Жеделдетілген амортизация. Бұның мазмұны келесіден көрінеді: негізгі капитал үшін мемлекет тарапынан арнайыланған салық жеңілдіктері беріледі. Ал бұл өз кезегінде салық пен экономикалық амортизацияның айырмашылығын төмендетеді, және табысқа салынатын салық мөлшерін төмендетеді. Бұндай салық саясаты негізгі капитал айналымын жеделдетеді, сонымен қатар өндірісті техникалық жаңарту мен шығындардың жаңа түрлерін қолдануға мүмкіндік береді.
Салык несиесі. Негізінде инвестициялық салық несиесі бұл – жеке бизнестің салымдарын мемлекет тарапынан қаржыландыру, ол нысаны бойынша салық жеңілдігі. Ол жаңа техника мен технологияны енгізу, ескірген құралдарды шығаруға мүмкіндік береді.
Инвестициялық салық несиесі құрылғылардың соммасының пайызы есебінде және салық соммасы немесе пайдаға салынатын салық соммасы есебінен есептеледі. Бұндай салық жеңілдіктерін зерттеу жұмыстарына, ұсақ және орташа фирмалардың дамуына жұмсалатын инвестициялар, венчурлық компанияларды және т.б. салаларды ынталандыру үшін жұмсалады. Салық жеңілдіктері мен инвестициялау көп жағдайда жеңілдіктер жүйесіне айналады.
1980 жылдардағы АҚШ-тағы салық реформалары американдық корпорациялардың қаржылық ережелерін өзгертуге бағытталған болатын. Салықтық ынталандырудың негізгі құралдары келесілер болып табылады: табыстың салық салудағы заңнамалық ставкаларының төмендеуі (салық көлемі 46% дан 34% дейін кішірейтілді), негізгі қорлардың амортизациялық мерзімінің қысқартылуы, инвестициялық әрекетті ынталандырушы жеңілдіктер және американдық компаниялардың НИОКР- ды пайдалануы.
1986 жылдан бастап, АҚШ- тың салық реформалар заңына сәйкес табыс салығының корпоративтік салық мөлшері максималдық ставкасы төмендетілген болатын. Максималдық ставка 1987 жылдың 1 маусымынан 46%- дан 40%-дейін, ал 1988жылдың 1 маусымында 34%- дейін төмендетілген болатын. Бұл жерде көңіл болетін жай, салық салу жүйесіне енгізілген жаңартулар төлем көлемін 1987-1994 жылдары 117 млрд доллар құраған болатын, ал бұл өз кезегінде іскерлік белсенділікті көбейткен. Экономиканың тиімділігін арттыру мақсатында АҚШ-тағы 80 жылдағы жүргізілген салық- бюджеттік шаралар 1986 жылғы реформамен жаңа инвестицияларға салық жеңілдіктермен НИОКР саласындағы салық несилері бөлінбеген болатын. Сонымен қатар салық жеңілдіктерін бір қатары сақталды, бұл негізінде ірі концерндермен кіші және венчурлық фирмаларға және мұнай- газ фирмаларына кірмейтін корпорациялар үшін жасалады. Жаңа занда кәсіпорынның қүрылғыларының жеңілдеттілген амортизациясына мұмкіндік берілген: 5 жылдық амортизация үшін, оның көлемі алғашқы 2 жыл ішінде 51%-дан 64%-ға дейін ұлғайады.
АҚШ-тағы корпорациялық салық салудың негізгі қағидасы болып бұл "тазаланған пайдадан" алынатын салық соммасы, бұл жерде барлық жеңілдіктер мен салықтар есептелгеннен кейін жасалады. АҚШ- та кеңінен жіңілдктілген амортизация әдісі кеңінен қолданылады. Ал бұл өз кезегінде машиналармен құрылғылардың эксплуатация барысында оның кең көлемі салықтық жеңілдіктер пайдаланумен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 1986 жылы салық реформаларының заңында мерзімімен амортизациялық әдістерінің негізгі қорларының топтамасы қолданылды. Ал бұл классификация бойынша шығару уақыты бойынша 8 негізгі классқа бөлінген болатын. Осы топтамаға сәйкес барлық жоғарғы техналогиялық құрылғылар, ЭЕМ және тағы басқа бірінші және екінші классқа жатқызылады және амортизация мерзімі 4 жылдан 10 жылға дейін.
АҚШ- тың әкімшілік бюджеттік басқармасының эксперттерінің бағалары бойынша 1988 жылында жеңілдетілген амортизацияны қолдану барысында, сомма 30,7 млрд АҚШ долларын құраған болатын.
Бұны салыстыру мақсатында 1987 жылы АҚІЫ- тың өндіруші және өңдеуші салаларындағы корпорациялардың соммасының көлемі 140 млрд долларға дейін жеткен. Бұндай салық саясаты шығындарға қарамастан, АҚШ өзінің өндірісті дамуына көптеген мүмкіндіктер жасады.
ҒТП-ның қазіргі таңдағы даму этаптары дамыған мемлекеттерде, оның жетістіктерін пайдалану үшін арнайланған салық жеңілдіктерін пайдаланып отыр.
Кейбір кезеңдерде бұндай фирмалар үшін "салық каникулдары" қарастырылады . Бұл жерде акциялары нарықтағы "Ноу-Хауды" ынталандыру үшін қолданады. Бұндай әдістер тиімділігін ескере отырып АҚШ үкіметі бірнеше рет салық ставкасын төмендеткен болатын. 1986-жылғы салық реформасымен капитал ұлғаюының ставкалары, табыс салығымен мөлшері 15 немесе 28%-ға дейін табыс деңгейіне тікелей байланысты.
Германиядағы салық реформасымен экономикалық өсуді ынталандыру шаралары ретінде нарықтық механизмнің активизацияларының бағыттарының алар орны ерекше. Реформалардың негізгі міндеті ретінде - инвестициялық жағдайды жақсарту , өндірісті өзіндік қаржыландыру, кіші және орташа фирмалардың жұмысын ынталандыру шаралары жөне жаңа тауарларды енгізу және т.б. Осы ережелердің орындалуы Германия фирмаларының өнімдерінің бәсекелестік қабілетін көтереді.
Соңғы жылдары көптеген елдерде жалпыға ортақ салық саясатынан өзгеше салық жүйелерін қолдана бастады, бұның мазмұны келесіден көрінеді: үкімет бірнеше кәсіпкерлік бағыттарды таңдайды ( салық белгісі бойынша, ғылымды қажет ететіндігіне байланысты, экологиялық жағдайына байланысты және т.б.). Бұлар көптеген салықтық жеңілдіктерге ие болады : салық салудың жеңілдетілген ставкалары, инвестициялардың жеңілдіктері, жеңілдетілген амортизацияға рұқсаттың болуы. Бұндай салық саясаты Францияда өткізілген. Салық жеңілдіктері келесідей салалар маңында шоғырланған: электроника, аэро-ғарыштық өндіріс, формацевтикалық өндіріс.
Бірақ бұндай саясаттың көптеген кемшіліктері де кездеседі. Бұндай саясат өз табиғаты жағынан инвестициялық саясат нарықтық механизмнен көрі орталықтандырылған реттеуге жақынырақ болады.
Сонымен қатар салық базасының қысқартылуына байланысты корпаративтік салық ставкасы, жалпы салық ставкасынан үлкен болуы керек. Ал бұл өз кезегінде жинақтауға мүмкіндік бермейді және де инвестициялардың көп бөлігі тек приоритетті салаларға ғана жұмсалады.
Қазақстан үшін дамыған елдердің бұрыннан қолданып келе жатқан әдісі - салықтық жоспарлау өте үлкен қызығушылық туғызып отыр. Салықты жоспарлауды макроэкономиканың құралы реттінде және кейбір нарық субъектілерінің салық менеджменттінің элементі ретінде қарастыруға болады.
Соғыстан кейінгі кезеңде дамыған елдерде экономикалық және әлеуметтік дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламаларын жүзеге асыру үшін экономикалық болжау негізінде жасалған бағдарламалар орын алды. Бұл жерде Германияның салық потенциалын жинақтаудағы бағдарламаларын айта кету керек. Сонымен қатар, Жапонияның да соғыстан кейінгі даму жолы да үлгі бола алады. Сондай концепция 1987 жылы КСРО- да жүзеге асыру үшін қарастырылған болатын.
Жапонияда әлеуметтік экономикалық даму үшін орта және ұзақ мерзімді бағдарламалар құрылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің көбісі жалпы жоспарға байланысты болжамдар жасайды. Ал бұл өз кезегінде салық төлеушілердің мемлекетке деген көрсеткіші. Жапонияның көптеген болжамдары жүзеге асырылған болатын. Жапония үкіметімен зандық күші бар "ұлттық дамудың кешендік жоспары" бекітілген болатын. Ал оның мақсаты -мемлекеттің дамуын қамтамасыз ету.
Жапонияның экономикалық жоспарлануының күшті жағы әуелі экономиканың дамуында ұзақ мерзімді бағдарламаларды жасау және капиталдық салымдар саясатында арнайыланған құрылымын жасау және де өндірістің аумақтық орналасуы.
Жапонияның тәжірибиесі нарық жағдайында жалпы мемлекеттік жоспарлау өте тиімді екенін дәлелдеп берді.
Батыс елдерінде салықты жоспарлау мазмұны: заңмен бекітілген барлық құралдарды қолдану және өз салықтарын төмендету үшін қолданатын жолдар мен әдістерді іздестіру. Сонымен қатар батыста салықтық жоспарлау әр түрлі келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін жасалады. Осы аталған заңды салалардан тыс салықтық жоспарлаудың қарамағында салықты төлемеу, одан бас тарту, заң жүзінде салықтық қылмыс деп саналатын әрекеттер салықтан бас тартудың мөлшері, шеңбері әр мемлекетте әр қалай. Егер бір мемлекеттегі белгілі бір қиянаттар қылмыс деп саналса,басқа мемлекеттерде сондай қиянат аз заңға қайшы келмейді деп саналады.
Көптеген ірі компаниялар заңды салықты жоспарлау және заңсыз салықтан бас тарту үшін арнайыланған қызметкерлерді жұмысқа алады. Сонымен қатар олар көптеген басқа да жолдарды пайдаланады. Әрине салықтарды экономдау бұл кәсіпорынның басты мақсаты емес. Сонымен микродеңгейдегі салықтық жоспарлау салық тексерудің заңды тәсілі салық жеңілдетуге мүмкіндік беретін барлық заңды қолдану және салық міндетін қысқарту әдістері.
Жүргізілген зерттеу шетел практикасының салық механизмімен жұмыс істеу мынандай нәтиже шығаруға мүмкіндік береді. Салық құралдарын дұрыс қолдану арқылы нақты экономикалық мақсатқа жетуге және экономиканың тиімді дамуына мүмкіндік береді. Инвестицияны ынталандыруда салық
құралдарын белсенді қолдану, өндірістің техникалық дамуы және ғылыми техникалық зерттеулер Қазақстан үшін үлкен қызығушылық білдіреді. Бірақ дамыған мемлекеттердің тәжірибиесін қолданғанда ұлттық, тарихи, экономикалық және басқада ерекшеліктерін ескермей автоматты түрде көшіруге болмайды.
3.2 Қазақстан Республикасының салық механизмін жетілдіру жолындағы түйінді мәселелері
Салық саясаты өз алдына мемлекеттің салыққа байланысты шараларын көрсетеді және ол қаржы саясатының құрамдас бөлігі болып табылады. Салық саясатының мақсаты мен мазмүны қоғамның мәдени-экономикасына байланысты болады. Салық саясатының қызметі мемлекетке қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету, елдің шаруашылығын реттеу үшін жағдай жасау және де нарықтық қатынастар процесінде туындайтын тепе-теңсіздіктерді шешеді.
Нарықтық қатынастарының даму жағдайында экономикалық реформалардың басты мақсаты әртүрлі деңгейдегі бюджеттердің кіріс көзінің жоғарлату проблемаларын шешетін нарықтық экономиканың негізгі құралы ретінде салық механизмінің тиімді пайдалану болып табылады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қызмет етуін талдап зерттегенде салық салу механизмінің теориялық және практикалық проблемалары әлі шешілмегені анықталды.
Салық механизмінің тиімсіз аспектілерінің бірі негізінде салық жинау проблемалары жатыр. Соңғы жылдары осы проблемаларды шешу мемлекеттің салық саясатының басты мәселенің бірі ретінде саналады.
Салық төлеушілердің іс-қимылы салық салу базасының жиынтығы негізінде мінез-құлықтың құрылуы келесідей критерияларға жауап беру қажет:
- салықтарды жеңілдету және салықтардан жалтаруды мүмкін емес ету;
- салық төлеушілердің потенциалды мүмкіндіктерін өндіріске және өны өндіруге қамтып көрсету;
- қызмет нәтижесі салық төлемдерінің мөлшерінің тәуелсіздігін қамтамасыз ететін мінез-құлықтың тұрақтылығы болу керек, бұл салық төлеуден бас тартуға кедергі жасайды.
Потенциалды салық төлеушілердің салық жинау процесінде нақты қамтамасыз ететін салық салу базасының анықтамасы айқын болу қажет. Қазіргі таңца салық ставкалары жоғары екені бәріне белгілі. Олардың анықталуы кезінде тапшылықта тұрған кәсіпорындардың мүмкіншілігін ескермейді. Негізінен басқа елдердің қолданылып жүрген ставкаларын қабылдайды, бірақ сол елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын, халықтың өмір сүру деңгейін ескермейді.
Фискалдық саясаттың жаңартылуына ат салысу жұмысына Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің қызметінің бір түрі болып табылады. Салық саясаты мемлекет пен салық төлеушілердің қажеттіліктерін біріктіру керек. Бірақ, тәжірибиеде бұл мүлде бұлай емес. Салық заңдылықтары толық жетілмегені туралы көп жазып, көп айтады. Жылына бір неше рет өзгертіп отырған заңдылықтарды салықтырдың толық төленуіне және жетілуіне кедергі жасайды. Ол салық төлеушілерге де, кейінірек мемлекетке де зиян келтіреді. Салық зандылықтарының барлық өзгертулері болжам жасамай тұрған кезде жылына бір рет өзгертілуі тиіс. Осыған сәйкес болжам, шығындарды ескермей, тек қана тікелей есептеу әдісімен есептелінуі тиіс.
Салық механизмінің маңызды бір бағыты ТМД елдерімен және басқа елдермен ақпарат алмастыратын жүйе құру қажет. Ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде жұмыс істейтін жеке тұлғалардың табысын анықтап отыру үшін және салықтардан жалтару үшін белгілі бір жағдай жасау керек.
Ішкі инвестицияларды ынталандырмайынша экономиканы көтеру мүмкін емес. Сол сияқты, Қазақстан Республикасының салықтық қарым-қатынастарды жаңғыртудың басты бағыттарын болжамдайды:
- Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісіне салықтық және кедендік заңдардың жаңғырту мақсатында маманды ассоциация және қоғам ұйымдарының өкілдері, заңгерлер, аудиторлардан тұратын тәуелсіз байқауларды тартуда комиссия құруды ұсынады;
- қаржы тапшылығына байланысты отандық және шетел инвесторлары мен өндірушілерін қолдауға бағытталған салық және кеден ісі жөнінде жұмыстарды жүргізу жүйесін құрастыруды ұсыну;
- Қазақстан Республикасының Үкіметіне салық және кеден заң актілерін жаңғырту жүмыстарын жүргізген кезде максималды түрде кәсіпкерлердің, тәуелсіз аудиторлардың, қоғамдық бірлестіктер мен құрылымдардың жұмыс тәжірибиесін үсыну.
Егер осы айтылған ұсыныстар іске асырылса, онда Қазақстан Республикасының салықтық қарым-қатынастары жақсы дамиды.
Казіргі кезде Қазақстанда өндірістің дамуына ғана емес сонымен бірге кез-келген бизнестің дамуына жақсы жағдайлар құрылған. Бүгінгі таңда шағын және ірі бизнеспен айналысатын кәсіпкерлер келесідей негізгі проблемалармен қақтығысады: салықтар, заңдылықтардың тұрақсыздылығы, мемлекеттік органдардың қайшы келуі, сот жүйесінің дамымауы, несие берудің аздығы, қылмыс. Біздің ойымызша шағын және ірі кәсіпорындарға, жеке кәсіпорындарға салық жеңілдіктерін енгізу қажет. Экономиканың тұрақтылығының жоқ болуы, өндірістің төмендеу жағдайларында белгілі бір қызмет түрлеріне салық каникулын, салықтық несие, салықтық жеңілдіктерін беру арқылы ынталандыру қажет. Біздің салық жүйеміз отандық өндірушілерді ынталандыру қажет. Өйткені, әлемдік тәжірибиеде көрсеткендей экономиканың өсуі шағын және ірі бизнестің дамуына байланысты болады.
Қазақстан Республикасының даму жағдайында үкімет шешімімен жаңа принциптерді құру және енгізуде шетел инвестицияларын ынталандыру және тарту маңызды орын алады. Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу механизмін реформалау бойынша үлкен жұмыс жүргізілді. Бұның басты мақсаты аталынған салаға инвестиция тартуды қамтамасыз ету болып табылады.
Қорытынды
Нарықтық экономиканың дамуы барысында салық механизмін тиімді пайдаланудан мемлекет кірістерінің құрылуы тікелей байланысты. Себебі салық механизмінің негізгі элементтеріне салықтық болжамдау мен жоспарлау, салықтық реттеу және салықтық бақылау жатады. Осы компоненттерге байланысты салық жүйесінің дамуында жүзеге асырылады.
Сонымен салық механизмі деген категорияға мынандай нақты тұжырымдалған анықтама беруге болады, яғни: салық механизмі дегеніміз салықтық қатынастарды ұйымдастырудың әдістері мен ережелерінің жиынтығы, және ол арқылы бөлу және қайта бөлудің кең ауқымы мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын құру және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеу мақсатында өз функцияларын жүзеге асыру болып табылады.
Салық механизмі құрылымы бойынша мынандай элементтерден тұрады:
- салықтардың түрлерінің жиынтығы (салық жүйесі);
- салықтарды жоспарлау мен болжамдау;
- салықтық реттеу;
- салық салу принциптері;
- салық зандылықтары мен құқықтары;
- салықтық бақылау;
- салық элементтері;
- салықтарды есептеу алу әдістері.
Салық механизмі арқылы біз салықты қашан, қандай мөлшерде, қандай мерзімде, кімге, қайда төлейтінімізді білумен қатар, салық салу обьектілеріне не жатады, салық көзі, өлшем бірлігі, салықтық айыппұлдар дегеніміз не деген сұраққа жауап аламыз.
Осы дипломдық жұмысты қорытындылай келе салық механизмін жандандыруға байланысты мынадай ұсыныстар жасап отырмын:
1) методикалық жағынан жаңа салық кодексі оқырманға бір оқығанға түсінуге қиын, сондықтан қандай да болмасын салық заңдылықтары мен нормативтік құжаттар оңайлатылған, түсінікті болу керек;
2) барлық экономиканың салалары бойынша және салық түрлері бойынша мониторингті жандандыру мен дамытуды қажет;
3)салық заңдарына өзгерістер жасау өте жиі жасалынады, соның себебінен салық механизмінің қызмет істеуі кәсіпкерлердің ынтасын жоюмен қатар бюджет кірістерін толтыруға кері әсерін тигізеді, сондықтан өзгерістер жылына әрбір жарты жылдықта бір реттен артық емес жасалуға тиіс;
4) салық төлеуші жеке тұлғалардың "салық мәдениетін" арттыру қажет, себебі қарапайым халықтың көпшілігі салықты не үшін қажеттігін білмейді;
5) салық комитеті қызметкерлерінің еңбек ақысын көбейткен жөн;
6) жергілікті атқарушы органдарға салықтарды бюджетаралық бөлінуге байланысты құқықтық мәртебесін арттыра түсуі қажет.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- Қазақстан Республикасының "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Салық кодексі, 10-қаңтар, Алматы, 2006 жыл.
- Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" заңы, 1- сәуір, 2003 жыл.
- Қазақстан Республикасының 2005 жылғы "Республикалық бюджет туралы заңы", 15-желтоқсан, 2005 жыл.
- Баймуратов У. "Национальная экономическая система" Алматы, 2000ж.
- Баймурзаев Р. Л.Аносова, Г.Жарылгасимова "Налоги в Казахстане", Алматы, 2000 г.
- Драбозина Л.А. "Финансы" Москва-2001ж.
- Ильясов К.К., Зейнелгабдин А.Б., Дрыстанбекова С.С. "Финансово-кредитные проблемы экономики Казахстана" Алматы,1995 ж
- Ильясов К.К., Зейнелгабдин А.Б., Ермекбаева Б.Ж. "Налоги и налогооблажение" Алматы, 1995 ж.
- Құлпыбаев С.Қ. "Қаржы" Алматы, 2004ж.
- Мельников В.Д., Ильясов К.К. "Финансы" Алматы, 2003ж.
- Оспанов М.Т. "Налоговая реформа и гармонизация налговых отношений" Санкт - Петербург 1997 ж.
- Сейдахметова Ф.С. "Налоги в Казахстане", Алматы,2002 г.
- Худяков А.И. "Налоговое право Республики Казахстан" Алматы " Жеті жарғы".
- Юткина Т.Ф. "Налоги иналогооблажение" Москва, 1999ж.
- Ермекбаева Б.Ж. "Салықтар және салық салу" Алматы, "Қазақ университеті", 2003 ж. 8-12 бет
- Шеденов О. "Салық - экономиканы реттеу құралы " "Қаржы-қаражат"Алматы, 2003ж. №3
- Елубаева Ж. "Салық жүйесін жетілдіру жолдары" "Қаржы-қаражат" Алматы,2003ж. №5
- Байдүйсенов А.Д. "Қаржы - қаражат" Алматы, 2004ж. №4
- Кусаинов К.К. "Қаржы - қаражат" Алматы, 2003ж. №3
- "Бухгалтер бюлетені" ресми газетінің 2005-2006ж. басылымдары.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024