Экономиканың бәсекелестік қабілетін арттыру мақсатында елімізде көптеген алғышарттар жасалуда. Президентіміздің осы жылдың 27 ақпанындағы Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай, жиырма төртінші бағытындағы Жаңа Кезеңнің дамуына қарай, әкімшілік реформаларды іске асыру және атқарушы билік құрылымдарын ілгерілету бойынша келесідей ұсыныс берілген: әрбір мемлекеттік органның стратегиялық жоспары болуы керек, барлық мемлекеттік органдар қызметінің мақсаты, басымдылықтары айқындалып, нысаналы көрсеткіштері белгіленуге, әр мемлекеттік қызметшінің жұмысы соларға жетуге бағдарлануы шарт. Мұның өзі жоспардың қажеттілігінің айқындығын сипаттайды.
Жоспарлау үрдісінің мазмұны халық шаруашылық көрсеткіштерін әзірлеу, негіздеу, орындаудың жағдайын жасау мен оны ұйымдастыру болып табылады. Халық шаруашылығын жоспарлау- іс жүзіндегі көп қырлы қызмет қана емес, сонымен бірге өзінің қажеттілігінен туған кең ауқымды экономикалық ғылымның аясы.
Экономикалық ғылымдар жүйесінде халық шаруашылығын жоспарлау саяси экономия мен салалық экономика деген бөліктерден тұрады.
Саяси экономия қоғамдық үздіксіз өндірістің дамуының заңдылықтарын қарастырады. Осы заңдылықтарды талдау шаруашылық жоспарлардың мазмұнын анықтайтын, қоғамдық өнімнің үздіксіз өндірісінің заңдылықтарын сипаттайтын жоспарлау ғылымының теориялық базасын қалыптастырады.
Салалық экономика жекелеген салалардағы үздіксіз өндіріс үрдістерінің жоспарлы ұйымдастырылуының ерекшеліктерін зерттейді.
Жоспарлауда обьективті экономикалық заңдарды қолдану кешенді сипатта болады. Ол қоғамдық өмірге қатысушылар бір- бірімен өзара байланыста болғандықтан, жоспарлардың барлық бөлімдері өзара себептік -салдарлық байланыста болу керектігімен түсіндіріледі.
Соңғы жылдары Қазақстанда халық шаруашылық кешенін жоспарлаудың жүйесі өзіне келесідей элементтерді қосады: ұзақ мерзімді ғылыми болжамдар мен тұжырымдамалар, стратегиялық жоспарлар мен мемлекеттік бағдарламалар, елдің әлеуметтік экономикалық дамуының ағымдағы және орта мерзімді индикативті жоспарлары.
Қазақстан Республикасында халық шаруашылығын жоспарлауды мемлекеттік орталық атқарушы орган -«Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі» атқарады және аймақтар бойынша осы министрліктің департаменттері мен бөлімдері қызмет етеді.
Жоспарлаудың маңыздылығын ұғынып, әсіресе аймақтық кесіндідегі қажеттілігін түсініп, білу үшін менің өндірістік практикамды Маңғыстау облысының «Экономика және бюджеттік жоспарлау» департаментінде өтуімнің себебі де сол.
Практика өтудегі негізгі мақсат- «Экономиканы мемлекеттік реттеу» және оған шектес пәндер бойынша, соның ішінде экономиканы аймақтар кесіндісінде жоспарлауда алған теориялық білімімді өндіріс жағдайында пысықтау, нақты облыстың халықтық шаруашылығын жоспарлау бойынша тәжірибе жинақтау.
Практика өтудегі негізгі мақсат:
- Облыс әкімшілігінің құрылымымен жалпы танысу;
- «Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің» жұмыс ережелерімен толықтай танысу;
- «Экономика және бюджетті жоспарлау департаметінің» экономикалық саясат және жоспарлау бөлімі қызметімен танысып, оған талдау жасау;
- Экономикалық жоспарлау бөлімінің басшылығымен облыстың әлеуметтік және экономикалық даму жоспарларын әзірлеуге қатысу;
- Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдау;
- Жоспарлау жүйесінің тиімділігін бағалау;
- Маңғыстау облысының даму бағдарламаларын қарастыру;
- Облыстың қазіргі жағдайының дамуы бойынша кешенді экономикалық талдау жүргізу;
- Республика бойынша облыстың дамуының қосатын үлесін білу.
- Маңғыстау облысының «Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті»
- Жалпы ереже
- Маңғыстау облысының «Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті» (бұдан әрі--Департамент) мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заң шеңберінде экономикалық саясат пен бюджетті қалыптастыру, сондай-ақ лицензиялау саласында мемлекеттік басқару мен бақылау жасау қызметін атқаруға өкілетті мемлекеттік мекеме (мемлекеттік орган) болып табылады.
- Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, әкімдік қаулыларына, Маңғыстау облысы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілер мен осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық. формасындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауымен мөрі және мөртабаны, белгілі үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңға сәйкес банкіде шотесебі бар.
Департамент өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынас жасайды.
Департамент, егер ол заңға сәйкес осыған өкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың бір жағы ретінде әрекет етеді.
- Заңды мекен-жайы: Ақтау қаласы 14 ықшам аудан, 1үй
- Департамент қызметі мен өкілеттілігі Маңғыстау облысы аумағына таралатын республикалық мәндегі қаланың жергілікті атқарушы органына жатады.
- Департаменттің қызметін қаржыландыру тек жергілікті бюджет арқылы жүзеге асырылады.
- Департаменттің шектеулі штаттық саны 69 адам.
- Департаменттің толық атауы:
мемлекеттік тілде—
Маңғыстау облысының «Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті»;
орыс тілінде—Департамент экономики и бюджетного планирования Мангистауской области
- Осы Ереже Департаменттің құрылтайшы құжаты болып саналады.
- Департаменттің негізгі міндеттері, қызметі және құқықтар
Департаменттің негізгі міндеттері болып мыналар саналады:
1) Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамытудың ұзақ, орташа және қысқа мерзімдік перспективаларына арналған стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын, негізгі бағыттарын қалыптастыру;
2) облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың басымдықтарына сәйкес өңірлік фискалдық, бюджеттік және инвестициялық саясатты қалыптастыру;
3) облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың бағдарламалары мен болжамдарын жасау жөнінен қала атқарушы органдарының жұмысын үйлестіру;
4) бюджеттік заңнамаға сәйкес перспективалық бюджеттік жоспарлау мен бағдарламалау;
5) берілген өкілеттілік шеңберінде лицензиялау туралы заңды жүзеге асыру, облыстағы лицензиялау қызметін үйлестіру;
6) перспективалық экономикалық жоспарлау және болжам жасау;
7) Департамент Маңғыстау облысы әкімі белгілейтін, сондай-ақ қолданыстағы заңға сәйкес басқа да міндеттерді басшылыққа алады.
- Департамент қызметіне мыналар жатады:
1) Маңғыстау облысы әлеуметтік-экономикалық дамытудың негізгі бағыттарын жасауды салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
2) мемлекеттік қарыз алу мен борышты, сондай-ақ бюджеттік несиелеуді жоспарлау мен талдауды жүзеге асыру;
3) қаржыландырудың жылдық жоспарын жасау;
4) инвестициялық ахуалды жақсарту жөнінен шаралар қолданып, өңірлік бағдарламалар мен басым инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін шет ел инвестициясын тартуға ықпал жасау;
5) Маңғыстау облысының мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру жөнінен ұсыныстар жасау;
6) мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын қызметкерлердің еңбек ақы жүйесін жетілдіру жөнінен ұсыныстар жасау;
7) Департамент құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жасау;
8) Маңғыстау облысына әлеуметтік-экономикалық дамытудың мониторингін өткізу;
9) экономикалық талдау мен болжау жасау;
10) экономикалық қауіпсіздік мәселелерінің мониторингі;
11) бюджеттік түсімдерді болжау;
12) өңірлік бағдарламалар мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру тиімділігіне баға беру;
13) мемлекеттік мекемелердің, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімдігінің қатысуымен құрылған басқа да ұйымдардың қызметінің тиімділігіне талдау жасап, баға беру;
14) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың штаттық кестесіне талдау жасауды жүзеге асыру;
15) экономикалық достастық жөніндегі мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіріп, халықаралық және экономикалық ұйымдармен және рейтингтік агенттіктермен өзара қарым-қатынас жасау;
16) бюджеттік инвестициялық жобаларға (бағдарламаларға) экономикалық сараптама жасау;
17) Маңғыстау облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың стратегиялық жоспарларын, бағдарламаларын, орта мерзімдік болжамдарын жасап, оларды жүзеге асырудың мониторингін өткізу;
18) өңірлік орта мерзімдік фискалдық саясатты жасауға атсалысу;
19) ұзақ мерзімді және орта мерзімді инвестициялық стратегияны айқындау және басым инвестициялық жобалардың тізбесін жасау;
20) бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру;
21) салық салу жүйесін жетілдіру, бюджеттің кіріс бөлігін диверсификациялау және оныңшығыс бөлігін ықшамдау жөнінен ұсыныстар дайындау;
22) орта мерзімдік кезеңге және кезекті қаржы жылына бюджет жобасын жасау;
23) жекелеген қызмет түрлерін лицензиялауды, сонымен қатар лицензиаттардың қызметіне бақылау жасауды жүзеге асыру;
24) Департаментке Маңғыстау облысының әкімі жүктеген және Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асыру;
- Қызметі мен міндеттерін жүзеге асыру үшін Департаменттің мынадай құқықтары бар:
1) Маңғыстау облысының барлық мемлекеттік органдарынан және басқа да мемлекеттік органдардан қажетті ақпараттарды сұрауға және алуға;
2) Департамент құзырындағы мәселелер бойынша Маңғыстау облысының әкіміне ұсыныс жасауға;
3) Департамент құзырындағы мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен әкімдік қаулысының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің және Мәслихат шешімдерінің жобаларын енгізуге;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шыруашылық жүргізуші субъектілердің—лицензиаттардың лицензияларының әрекетін тоқтата тұруға және қайтарып алуға;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лицензиялық және басқа да заңдарға сәйкес өтініш берушілер мен лицензиаттарға тексеру жүргізуге;
6) сараптамалар жасау, кеңестер беру және лицензиаттарға тексеру жүргізу кезінде басқа мемлекеттік органдардан және мемлекеттік емес ұйымдардан мамандар шақыруға;
7) ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтыруға;
8) Департаменттің қолданыстағы заңға сәйкес басқа да құқықтары бар.
- Департаменттің қызметін ұйымдастыру
- Департаментке Маңғыстау облысының әкімі қызметіне тағайындап, қызметінен босататын директор басшылық жасайды.
Департамент директорының (бұдан әрі--Директор) заңда белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалып, қызметтен босатылатын үш орынбасары бар.
- Директор Департаменттің жұмысын ұйымдастырып, басшылық жасайды және Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз қызметін жүзеге асыруына жеке басымен жауап береді.
- Осы мақсатта Директор:
1) өз орынбасарлары мен Департамент бөлімдерінің міндеттерін және өкілеттіктерін белгілейді;
2) заңға сәйкес Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңда белгіленген тәртіппен Департамент қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) Департамент бөлімдері туралы ережені бекітеді;
5) мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Департамент атынан сөйлейді;
6) заңға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
- Департаменттің мүлкі
- Департаменттің жеке мүлікті жедел басқаруға құқығы бар.
Департаменттің мүлігі оған мемлекет берген мүліктен тұрады және негізгі қорлар мен айналымдағы құралдардан, сондай-ақ Департамент балансында көрсетілген басқа да мүліктерден тұрады.
- Департаменттің мүлігі коммуналдық меншікке жатады.
- Департаментті қайта құру және тарату
- Департаментті қайта құру мен тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
- Департаментті қайта құру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, өзгерту) Маңғыстау облысының әкімінің қаулысы бойынша жүргізіледі.
- Мәжбүрлеп қайта құру заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда сот органдарының шешімі бойнша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
- Қосылу формасында қайта құрылғаннан басқа жағдайда жаңадан пайда болған заңды тұлға тіркелген сәттен бастап Департамент қайта құрылған болып есептеледі.
Департаментті оған басқа заңды тұлғаны қосу жолымен қайта құрған жағдайда бұлардың біріншісі заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеуіне қосылған заңды тұлғаның қызметі тоқтатылды деген жазба жазылған сәттен бастап қайта құрылды деп есептеледі.
- Департаментті тарату Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңында белгіленген тәртіп негізінде жүргізіледі.
- Заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне жазу жазылғаннан кейін Департаментті тарату аяқталды, ал Департамент--өмір сүруін тоқтатты деп есептеледі.Экономикалық саясат және жоспарлау бөлімінің Ережесі
Жалпы ереже
- Экономикалық саясат және жоспарлау бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Маңғыстау облысының экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің (бұдан әрі - Департамент) құрылымдық бөлігі болып табылады.
- Бөлім өзінің жұмыс аясында Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы”, “Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару”, “Бюджет Кодексі туралы”, ҚР Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, бөлімнің іс әрекеті жөніндегі басқа да нормативті-құқықтық актілерін, Экономика және бюджетті жоспарлау департаментті туралы ережесін, сонымен қатар осы ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің негізгі тапсырмалары
2.Бөлімнің негізгі тапсырмалары болып:
2.1. Маңғыстау облысының стратегиялық жоспары мен әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламасын әзірлеу және олардың жүзеге асуын қадағалау;
2.2. Маңғыстау облысының стратегиялық жоспары мен әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жинақтап қорыту құжаттарын және қаланың түйінді мәселелерін шешу жөнінде ұсыныс әзірлеу;
2.3. Қолданымдағы заңнамаға сәйкес басқа да тапсырмалар.
III. Бөлімнің міндеттері
3.Бөлімнің негізгі міндеттері болып:
3.1. Маңғыстау облысының экономикалық дамуына және болжамына талдау жасау;
3.2. Облыстың экономикалық дамуының түйінді мәселелерінің сәйкессіздігін анықтау және олардың шешімін табу жөнінде ұсыныс әзірлеу;
3.3. Облыстың экономикасының қорын анықтау, қаланың динамикалық дамуы үшін оларды толық пайдалану жөнінде ұсыныс әзірлеу;
3.4. Маңғыстау облысының стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың мониторингісін жүргізу және әзірлеуді үйлестіру;
3.5. Жергілікті атқару органдарының Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді болжамын әзірлеу жөніндегі жұмысын үйлестіру және оларды тиісті министерстволар мен ведомстваларда келісу;
3.6. Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының жыл сайынғы іс шара жоспарын, салааралық және функционалды бағдарламаларын әзірлеу және келісіу;
3.7. ҚР Үкіметіне еліміздің аймақтарының іс әрекетін рейтинг бағасы бойынша бағалау арқылы жинақталған ақпарат әзірлеу;
3.8. Рейтинг бағасының көмегімен аудан әкімдерінің іс әрекетін бағалауды жүзеге асыру және нұсқамасын әзірлеу;
Жоғары органдарға ақпарат әзірлеу:
- Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы;
- Маңғыстау облысының стратегиялық жоспарының орындалуы туралы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс шарлар бағдарламасының шаралар жоспарының орындалуы жөнінде;
- Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі түйінді мәселелері мен оларды шешу жолдары жөнінде ұсыныс әзірлеу;
- Қазақстан Республикасы экономикалық қауіпсіздігінің көрсеткіштер жүйесінің негізгі индикаторы жөнінде;
- халықтың тұрмыс деңгейін көрсететін негізгі көрсеткіштер туралы;
БАҚ-қа және қалалық сайтқа жіберу үшін Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы құжаттарды әзірлеуде Департамент бөлімдерінің жұмысын үйлестіру;
Маңғыстау облысында инфляциялық үрдістерді тұрақтандыру жөнінде қабылданған шаралар бойынша жинақталған ақпарат әзірлеу;
Департемент директорының және оның тиісті орынбасарларының тапсырмаларын және басқа да қызметтік функцияларын жүзеге асыру;
- Бөлім құқықтары Бөлім өзіне жүктелген тапсырмалар мен міндеттерді орындай отырып төмендегідей құқықтары бар:
4.1. Маңғыстау облысы әкімі аппаратының және Департамент бөлімдерінен тиісті ақпараттар сұратуға және алуға;
4.2. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша ұсыныс енгізуге;
4.3. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдауға;
4.4. Бөлімнің қолданымдағы заңдарға сәйкес басқа да құқықтары бар.
Y. Бөлім қызметін ұйымдастыру
5.1. Бөлімді мемлекеттік қызмет заңына сәйкес Департамент директорымен тағайындалған және босатылатын бөлім бастығы басқарады;
5.2. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер лауазымына қойылатын кәсіптік талаптарға кіретін лауазымдық міндеттер, Департамент директорымен бекітіледі және ҚР Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік қызмет басқармасымен келіседі.
5.3. Бөлім қызметкерлерін мемлекеттік қызмет заңына сәйкес Департамент директоры қызметке алады және қызметтер босатады.
5.4. Бөлім бастығы жалпы бөлім жұмысына басшылық жасайды және бөлім қызметкерлеріне жүктелген тапсырманың уақытында орындалуын қамтамасыз етеді және сол үшін жауап береді.
5.5. Бөлім жұмысының бағытын орынбасарлардың міндеттерін бөлу жөніндегі бұйрыққа орай Департаменттің экономикалық жоспарлау жөніндегі директордың орынбасары жетекшілік жасайды.
- Жауапкершілік
6.1. Қазақстан Республикасының қолданымдағы заңдарына сәйкес Бөлім қызметкерлері қызметтік міндеттерді орындау барысында жауапкершілік жүктейді.
6.2. Бөлімнің әрбір қызметкері өзіне бекітілген жұмыс аясына жауапты болады.
6.3. Бөлімнің бастығы жалпы Бөлім жұмысына жауап береді.
- Экономикалық жоспарлау бөлім бастығының лауазымды нұсқаулығы
Жалпы ереже
1.1. Экономикалық жоспарлауды жинақтау бөлімінің бастығы (бұдан әрі- бөлім бастығы) DO-4 категориясындағы мемлекеттік әкімшілік қызметкері болып табылады.
1.2. Бөлім бастығын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет заңына сәйкес Департамент директорымен тағайындалған және босатылатын бөлім бастығы басқарады;
1.3. Департамент директоры мен жетекшілік ететін директор орынбасарына бағынады және бұйрықтар, жұмыс өкімін алады.
1.5. Бөлім бастығы өзінің жұмыс аясында Қазақстан Республикасының заңдарын, нормативті-құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Маңғыстау облысы Маслихатының шешімдерін, Маңғыстау облысы әкімінің шешімдері мен өкімдерін, Департамент туралы ережесін, сонымен қатар осы ережені басшылыққа алады.
Негізгі тапсырмалар
Өзінің құзыры шегінде белгіленген заң тәртібі бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы бірегей мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысады және міндеттерді жүзеге асырады белгіленген өкілеттікпен анықталған.
3.Функционалды міндеттері
3.1. Жалпы бөлім жұмысына басшылық етеді. Келесі құжаттарды әзірлеуге қатысады және ұйымдастырады:
- облыстың стратегиялық даму жоспары;
- облыстың орта мерзімді даму жоспары;
- облыстың аймақтық, салалық даму бағдарламасы;
- облыстың есепті кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша ақпарат, талданған жазбалар, сонымен қатар түйінді мәселелерді шешудің жолдары жөнінде ұсыныс әзірлейді.
3.2. Жоғары органдардың тапсырмалары мен тапсырыстарының, Маңғыстау облысының әкімінің қаланың әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі мәселелер бойынша өкімі мен шешімдерінің орындалу барысы жөнінде ақпарат әзірлеу;
3.3. Маңғыстау облысының дамуының стратегиялық жоспарын, аймақтық және салалық бағдарламаларын әзірлеуге қатысу және олардың жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат әзірлеу;
3.4. Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімді жоспарының жобасын әзірлеу және ҚР министрліктері мен ведомстваларымен келісу;
3.5. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша талданған материалдар әзірлеу және түйінді мәселелердің шешімі жөніндегі ұсыныстар енгізу;
3.6. Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының жыл сайынғы паспортын әзірлеу;
3.7. Департамент директоры мен оның орынбасарларының берген тапсырмалары мен басқа да тапсырмалармен тапсырыстарды орындау.
Өндірістік практикада алған білімдерімді пысықтап, Маңғыстау облысының әлеуметтік- экономикалық дамуына талдау жасау.
Мен өндірістік практиканы өту барысында «Экономикалық саясат және жоспарлау» бөлімінде бөлім бастығының қарауымен Маңғыстау облысының 2007 жылға арналған паспортын дайындауда статистикалық мәліметтерді жинақтау және оларды өңдеу жұмыстарымен айналыстым. Сонымен бірге:
- аймақтар бойынша орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық жоспарларды және аймақтық даму бағдарламаларын әзірлеуде негіз болатын Үкіметтің Ереже, қаулылырымен танысу;
- бөлімнің тоқсан сайын облыстың әлеуметтік және экономикалық дамуы бойынша есеп берулерін қарастыру;
- басқа да департаменттер мен басқармалар, бөлімдердің жұмыстары үшін қажет болатын Маңғыстау облысының болашақ жобалары және стратегиялық даму көрсеткіштері бейнеленген көрнекілік материалдарын жасауға көмектесу;
- облыстың 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді әлеуметтік экономикалық даму жоспарының әзірлену жобасын қарастырып, ондағы көрсеткіштердің есебін талдау;
- облыстың әр саласын талдау арқылы еліміздің басқа аймақтарымен салыстырып, жалпы ортақ түйінге келу- менің өндірістік практикамның басты мақсаты мен міндеті болды.
Экономиканың дамуы үшін қалыптасқан қолайлы жағдай өңірде экономикалық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған бірқатар шараларды іске асыру іс жүзінде өнеркәсіптің барлық салаларында даму қарқынының едәуір өсуіне ықпал етті.
Облыстың орта мерзімді әлеуметтік- экономикалық дамуын талдаудың негізгі мақсаты – аймақ экономикасының даму қарқынын сақтау, одан әрі өсуін қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатының өсуінің даму қарқындарын қарастыру.
Жоспарланған кезеңге өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы негізгі басымдықтары болып мыналар белгіленіп отыр:
мұнайгаз секторының онан әрі дамуы, соның ішінде мұнайхимия, инфрақұрылымды дамыту, барлау жұмыстарын ұлғайту, экологиялық жобаларды жүзеге асыру;
өңірдің экономикасын диверсификациялау, шағын және орта бизнесті дамыту, туристік кластерді құру;
дамыған көлік инфрақұрылымын құру және өңірдің экономикалық өрлеуіне ықпал ететін және халықаралық рынокка (көлік және логистика) шығуға мүмкіндік беретін транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану;
барлық тұрғындардың сапалы білім алуына мүмкіндігі болатын жағдай жасау, халықтың денсаулығының жақсаруы;
тұрғындардың жұмыспен толыққанды қамтылуы, кедейшіліктің деңгейі мен ауқымын азайту;
экономиканың нақты салаларына инвестиция тартуды жандандыра отырып, өңірдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
химия саласының өндірісін кеңейту, мұнайхимия өндірісін құру;
экспортқа бағытталған және импорталмастырушы өнімдер, ауылшаруашылық және балық өнімдерін шығаратын жаңа өндірістерді дамыту; туристік индустрияның дамуы;
Ақтау теңіз сауда портын одан әрі дамыту, Құрық портын дамыту, халықаралық әуежайды қайта жаңғырту, «Жер-Теңіз-Аспан» жобасын іске асыру;
жалпы пайдаланыстағы автомобиль жолдарының құрылысы және күрделі жөндеуі;
қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру, «Қошқар ата» қалдық су қоймасын зарарсыздандыру жобасын жүзеге асыру;
әлеуметтік және инженерлік, соның ішінде ауылдағы инфрақұрылымдарды онан әрі дамыту;
жаңа жұмыс орындарын құру, кадрлар дайындау және қайта даярлауды қамтамасыз ету, тұрғындарды несиелендіру және шағын несие беру жүйесін дамыту;
ауылдық аумақтарды дамыту, тұрғын үй бағдарламаларын, басқа да аймақтық бағдарламаларды жүзеге асыру.
Экономиканың дамуы үшін қалыптасқан қолайлы жағдай өңірде экономикалық ахуалды тұрақтандыруға бағытталған бірқатар шараларды іске асыру іс жүзінде өнеркәсіптің барлық салаларында даму қарқынының едәуір өсуіне ықпал етті.
Облыс экономикасының құрылымында өндірілген өнімнің 95% кен өндіру өнеркәсібіне тиесілі. Өңір экономикасының шикізаттық бағыты кен өндіру өнеркәсібінің басымдығын айқындап берді, оның даму жағдайына экономиканың қалған секторларының барлығы тікелей байланысты.
Тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарының жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу жөнінде қабылдаған шаралары, даму институттарының облыстың мұнай-газ өндіру секторының инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға қатысуы, отын-энергетикалық кешеннің тиімділігінің жаңа деңгейін ұйымдастыруға алғышарт жасайды, бұл Маңғыстау облысының 2010 жылға дейінгі даму стратегиясына көрсетілген өнеркәсіптік-технологиялық саясатты іске асырға бағытталған бағыттардың бірі болып табылады.
Қазіргі кезде облыста жалпы республикалық көлемнің 30% дейін шикі мұнай және газ конденсаты өндіріледі. Мұнай өндіру көлемінің жыл сайынғы өсу қарқыны сақталуда. Жаңа кен орындарының игерілуін қатарға қосу және әрекет үстіндегі қабаттың мұнай қайтарымын арттыру бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ әрекет үстіндегі ұңғымалар қорынан 18 жаңа ұңғыманы қатарға қосып, іске қосу күрделі жөндеу есебінен 2005 жылы мұнай-газ секторының барлық кәсіпорындары арқылы 16,6 млн. тонна мұнай өндірілді, бұл 2004 жылғы деңгейден 9,5% жоғары.
2005 жылы кен өндіру өнеркәсібінде 735,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл шикі мұнай мен ілеспе газ өндірудің 7,7%, мұнай мен газ өндіру бойынша қызмет ұсынудың – 22,9% артуы есебінен 2004 жылғы деңгейден 8,5% жоғары.
Табиғи газдың көлемі ілеспе газды қоса есептегенде 3,1 млрд. текше метр немесе 2004 жыл деңгейінен 11,6% жоғары (2,7 млрд. текше метр – ілеспе газды қоспағанда). Табиғи газ көлемінің ұлғаюы «Толқын» кен орнындағы «Толқынмұнайгаз» ЖШС кәсіпорынының табысы көлемінің өсуіне байланысты.
Мұнай өндірудің негізгі көлемін өңірде ең ірі кәсіпорындар: «КМГ»БӨ» АҚ, «Өзенмұнайгаз» ӨФ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» ААҚ, «Арман» БК ЖШС, «Бозашы Оперэйтинг ЛТД» ЖШС құрайды.
Мұнай өндіру секторы кәсіпорындарының геологиялық–техникалық іс–шараларды мезгілінде жүргізу, тербелмелі-станоктар жұмысын оңтайландыру, қабатқа әсер етудің тиімділігін арттыру мақсатымен кен орындарында бу мен ыстық су айдауды қалпына келтіру және қайта бөлу және басқа да шаралар жүргізуі, сайып келгенде мұнай өндірудің едәуір өсуіне әкелді.
Жаңа техника мен технология енгізу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» ААҚ, «Өзенмұнайгаз» ӨФ, «Қазмұнайгаз БӨ» АҚ орталық электронасос қондырғылары (УЭЦН «Weatherford» фирмасының бұрандалы BMW – 16-600 и BMW – 28-600 типті насостары, Канадада шығарылған), құмның жоғары көшпелі жағдайында жоғары байланысты мұнаймен жасайтын жұмыстарға қаралған өзгертілетін жұмыс тәртібі енгізілді.
«КМГ» РД» АҚ «Өзенмұнайгаз» ӨФ БДДжЖБ қарыз қаражаты есебінен ұңғымалар өнімділігін қалпына келтіру және мұнай өндіру көлемін арттыру ісіне 109 млн. АҚШ доллары көлемінде «Өзен» мұнай және газ кен орнын оңалту жобасын іске асыру жалғасуда. Жобаның негізгі мақсаты Өзен мұнай шығаратын кен орнында өндірудің азаю қарқынын төмендету және оған қайта инвестициялар салуға жағдай жасау болып табылады.
«Өзенмұнайгаз» ӨФ 2000-2005 жж. даму Бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2004 жылы мұнайдың жылдық өндіру көлемі – 6 180 мың тонна құрады, 2005 жылы – 6 571 мың тонна құрады. 2006 жылы – 6 500 мың тонна. Газ өндіру мен оны қайта өңдеу көрсеткіші 2004 жылы – 881 млн. текше метр газ, 2005 жылы – 812,1 млн. текше метр. 2006 жылы 751,6 млн. текше метр газ өндірілді, өндірілетін газ көлемінің төмендеуі әрекеттегі кен орындарындағы табиғи газдың азаюына байланысты.
2004 жылғы сәуірде «Өзенмұнайгаз» ӨФ кәсіпорынның өз қаражатының есебінен қуаты тәулігіне 65 машина болатын арнайы техниканы жөндеу және қызмет көрсету бойынша сервис орталығы пайдалануға берілді. Бұл ретте 32 жаңа жұмыс орны құрылды. 2005 жылы БҚМО МДАЦ арналған қуаты жылына 2000 текше метр екі резервуардың құрылысы жүзеге асты, үш топтық қондырғы, екі БКНС жаңғыртылып, 24,8 км құбыр төселген «Өзен» кен орнының 2А блогын жайғастыру және жаңарту жүргізілді. 2004 жылы МДАЦ МАБ және ПО мұнайды сусыздандыру және тұзсыздандыру қондырғысының №1 іске қосу кешені қатарға қосылды. 2005 жылы қабаттардың мұнай қайтарымының жаңа әдістерін енгізу жөніндегі жұмыстар басталды.
Мұнайлы кенорындары қабаттарының қайтарымын арттыру жөніндегі озық технологияларды енгізу бойынша шараларды жүзеге асыру, кәсіпорынға 2004 жылы 5254,8 мың тонна мұнай өндіруге ықпал етті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,9% артық. 2005ж. – 6571 мың тонна мұнай немесе 2004 ж. көрсеткіштен 7,7% артық. 2006 жылдың қаңтар-мамыр айларында 2723,3 мың тонна мұнай өндірілді, ол 2005 жылдың сәйкес кезеңдегі деңгейінен 2,1% жоғары. 2006 жылдың аяғына дейін 6500,0 мың тонна шикі мұнай өндірілді.
Тұтастай алғанда облыс бойынша 2006 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында мұнай өндіру 13146,5 мың тонна құрады, 2005 жылдың сәйкес кезеңіндегі өндіру деңгейінен 7% жоғары. 2007 жылдың басына қарай облыс кәсіпорындар арқылы 17901,5 мың тонна көлемінде шикі мұнай өндіріледі немесе 2005 жылғыдан 8 % артық.
Газ конденсатын өндіру 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы 2 есе өсіп, 270,0 мың тонна құрады. 2005 жылы 276,1 мың тонна өндірілді, бұл 2004 жылғыдан 2,2 % артық. 2006 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында – 192,6 мың тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейінен 8,4% төмен. 2006 жылдың аяғына дейін 372,4 мың тонна газ конденсаты өндіріледі, бұл 2005 жыл көлемінен 34,8 % асып түседі.
Облыстың барлық мұнайгаз секторының кәсіпорындары 2007 жылы 18,9 млн. тонна шикі мұнай (газ конденсатын қосқанда) өндіреді, бұл 2006 жылы күтіліп отырған көлемнен 6,1% артық, 2009 жылдың аяғына 2006 жылдың базалық көлемінен 14,9 % құрайды немесе 20566 мың тонна мұнай.
Газ өндіру көлемі де 2006 жылғы көлеммен салыстырғанда арта түсетін болады: 2007 жылы – 15,9%-ға (3324,9 млн. текше м), 2009 жылы 14%-ға (3270,1 млн. текше м). Бұл «Толқын» кенорнында қуаты тәулігіне 10 млн. м3 жаңа газ өңдеу кешенінің құрылысының салынуына байланысты .
Кен өндіру өнеркәсібінің басқа да салалары ұлутас, ұсақ тас пен қиыршық тас, табиғи құм өндіру арқылы көрініс табуда.
Қиыршық тасқа деген сұраныстың өсуін қанағаттандыру мақсатында, «МырзабекАлтынТАС групп» ЖШС өндірісті кеңейту мен қосымша технологиялық жабдықтар сатып алу туралы шешім қабылданды. Негізгі желінің іске қосылуы 2005 жылдың қазан айында жүргізілді. Маңғыстау облысының Шетпе поселкесіндегі «Шетпе – 1» кен орнындағы текшелі қиыршық тас өндірісін кеңейту» жобасының құны 832001 мың теңгені құрайды. Инвестицияны толықтай игеру 2007 жылдың аяғына дейін көзделген, оның 2005ж. игерілгені – 769 153 мың теңге. 2007 жылы құрылысқа арналған ұлутас 983,4 мың текше м. көлемінде, өндіріледі, бұл 2006 жылмен салыстырғанда реті бойынша 9,7% артық. Қиыршық тас.– 1031,5 мың текше м және 1268,5 мың текше м., бұл 2006 жылғы деңгейден 19,4% артық.
Өңірде өндірілетін энергоресурстарды тасымалдау халықаралық «Ақтау» теңіз сауда порты арқылы және құбырлық көлікпен жүзеге асырылады.
Маңғыстау облысы бойынша магистралды мұнай құбырларының жобалық өткізу қабілеті мынаны құрайды:
- 1000 мм диаметрлі (2 тінді) Өзен – Атырау – Самара мұнай құбыры – жылына 15 млн. тонна.
- 500 мм диаметрлі (2 тінді) Өзен – Жетібай - Ақтау мұнай құбыры – жылына 5 млн. тонна.
- 700 мм диаметрлі Қаламқас – Қаражанбас - Ақтау мұнай құбыры – жылына 8 млн. тонна.
Мұнай өнімдерін аударып тиеуді Маңғыстау облысының негізгі көлік кешені болып табылатын, Қазақстанның көлік инфрақұрылымында елеулі орын алатын, Түпқараған ауданында «Баутин» жүк ауданымен қоса «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК мен «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» АҚ жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Президенті 2003 жылғы 17 мамырда №1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму Стратегиясына сай жасақталған мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша Ақтау қаласын одан әрі дамту жөнінде кешенді шаралар жүзеге асырылуда.
2006-2008 жылдары мемлекеттік – жеке меншіктік ынтымақтастық принципі бойынша «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК солтүстік бағытта кеңейту» жобасын жүзеге асыру жоспарлануда.
Аталған жоба бойынша техникалық-экономикалық негіздеме жасалды, салалық сарапшылардың қортынды пікірлері алынды, жобаны мемлекеттік органдармен келісу іске асты.
«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК кеңейту жобасын жүзеге асыру ауқымында 2006 жылы 7 ақпанда жобаның бас мердігері «Mobilex Oil Terminal» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу туралы №40 келісім және Қазақстан Даму банкімен Банк займы туралы 2005 жылы 23 желтоқсанда № К4072 - R/05 келісім жасалды.
Жобаны жүзеге асыру Ақтау порты арқылы тасымалданатын транзитті жүк көлемін 23 млн. тоннаға жеткізеді. Порттың өндірістік қуаты жүкті тиеп-түсіруде 20 млн. тонна мұнай құю жүгі және 3 млн. тонна құрғақ жүк болады.
Қазақстанның мұнайгаз секторының онан әрі дамуы Каспий шельфін барынша қарқынды игеруге байланысты. Бұл өз кезегінде тиісті жағалық инфрақұрылымды дамытуды талап етеді. Қазақстанда көмірсутегін өндіру көлемін арттырған кезде Ақтау теңіз портының экспорттық қуаты жеткіліксіз болып қалады. Сондықтан, Қазақстанның теңіз жолымен іске асатын экспорттық мүмкіндігін тежеуден қашақтау мақсатында Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасына сәйкес (КСКМ) Александра Бекович-Черкасский шығанағының жағалауы аумағында (үш жағынан толқын мен жел әсерінен қорғалып тұрған суы қатпайтын бірден-бір айлақ) Құрық портын дамыту және экспорттық терминалдар құрылысы жоспарлануда.
Құрық мұнай терминалының құрылысы өндірілген және жеткізілген мұнай көлеміне байланысты екі кезеңде жүзеге асады. Терминалға жіберілетін мұнай көлемі 2009 жылға 10 млн. тонна/ жыл болады деп болжанып отыр, 2015 жылға 20 млн. тонна. 2015 жылға 2 нүктелік айлақ салынады (ВПУ), сорғы станциясының қуаты 96 мың т/тәулікке дейін өседі, резервуарлық парк көлемі 490 мың куб. м. құрайды.
Индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясын іске асыру аясында Маңғыстау облысының әкімдігі өңірде мынадай бағыттағы кластерлер құру мәселелерін қарастыруда: мұнайхимия, туризм және құрылыс индустриясы.
Мұнай-химия кластерін қалыптастырудың алғы шарты Ақтау қаласындағы Пластикалық масса зауыты және Жаңаөзен газ өңдеу зауыты (ӨГӨ) – солардың базаларында полиэтилен және мұнай химиясының басқа да өнімдерін шығару жөніндегі жаңа өндірістер құрылуы ықтимал, әрекеттегі өндірістердің болуы болып табылдаы.
Мұнай- химия саласы бойынша келешекті жобалардың бірі битум өндіру зауыты болып табылады, оның шикізаты ретінде осы өндіріске өз сипаттамасы жағынан сай келетін Қаражанбас кенорнының мұнайын қолдануға болады. Битум ішкі нарықта тұрақты сұранысқа ие.
Каспий теңізінің ежелгі ескерткіштер саны көптігінің, Маңғыстау ландшафы ерекшелігінің болуы аймақтағы туристік әлеуетті айқындады.
Бұдан басқа, соңғы жылдары құрылыс материалдарының өндірісі кеңейтілді, бетондық торап пайдаланылуға берілді, БАЙОНИ жаңа технологиялық желі негізінде қиыршық тас өндірісі жетілдірілді, электродтар шығаратын цех құрылды, шыны пластикалық және шыны талшықты құбырлар зауыты қатарға қосылды. Цемент зауытының құрылысы басталып, қуаттылығы жылына 1,5 млн. тонналық бірінші кезегі 2008 жылы қатарға қосылады, осылайша, құрылыс кластерін қалыптастыруға алғы шарттар жасалуда. Сонымен қатар, облыста батыс елдерінің технологиясы қолданылатын, 20 компания шыныпластикті терезе мен есіктер шығарумен айналысуда.
Өңірде 20-дан астам кәсіпорын бетон, темірбетон өнімдерін шығарады, лактау, сырлау бұйымдары, тығыздағыш шығаратын кішігірім кәсіпорындар жұмыс жасайды.
2008 жылы «Толқынмұнайгаз» АҚ «Боранккөл газ өңдеу заводының» жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр, инвестиция көлемі 130 млн. АҚШ доллары. Жоба тәулігіне 7,0 млн. куб. метр газ өңдеуді көздейді, сұйық күйінде пропан, бутан, смеси пентан қосымшаларын алуды, компоненттерді сақтайтын қойма салуды, Опорная станциясындағы құю эстакадасына дейін құбырмен тасымалдауды қарастыруда.
«Каспий Цемент» ЖШС «Цемент өндіру» жобасының бірінші кезеңін жүзеге асыруды аяқтауда. 2008 жылы өндірістік қуаты жылына 1,5 млн. тонна цемент болады немесе жылына 1,2 млн. тонна клинкер, инвестиция көлемі 150 млн. АҚШ доллары. Күні бүгін жобаны техникалық-жобалық негіздемесі жасалуда.
Сонымен қатар, 2007-2009 жылдары мына инвестициялық жобалар жүзеге асырылады:
Қаптау (лицевой) кірпішін өндіру заводының құрылысы» ( «Тоқыма» ЖШС);
«Перфорациялық жүйе шығару заводы» («КазТехноИнжиниринг» ЖШС);
«Текшеленген тауарлы қиыршық тас шығаруды ұйымдастыру» ("Карьертау" ЖшС);
«Жоғары сапалы битум алу үшін жоғары тұтқыр мұнайды өңдеу және мұнай өнімдерін жақсарта түсу, құрамында мұнайы бар қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі тәжірибелік-өнеркәсіптік модулды-блоктық кешені» («Корпорация «Модульная технология» ЖШС);
«Ақтау қ., Құрық с., Баутино к. бос цементті қабылдау, сақтау және тұтынушыға босату жөніндегі цемент терминалының құрылысы» («НЦЗ-Актау» ЖШС).
Қазіргі кезде облысымызда өңірдің мұнай-газ саласының мұқтаждығына шағын көлемді жабдықтар мен оларға босалқы бөлшек өнімдерін шығаратын екі кәсіпорын жұмыс жасайды: «Каскор – Машзавод» АҚ және «Каспий аймақтық машина жасау кешені» ЖШС.
Өңірде металлургия саласы нашар дамыған. Өндірілетін өнім көлемі мардымсыз. Дегенмен, инвестициялық жобалардың бірқатары іске асырылуда. 2004 жылы «Ақтау теңіз портының» аумағында «Мұнайгаз құбыры» АҚ-ның жобалық қуаттылығы жылына 60,0 мың тонна болат құбырлары, кәсіпорынның өзіндік қаражаты есебінен инвестиция көлемі – 32,8 млн. АҚШ доллары болатын «Мұнай сортаментті құбырлар шығару жөніндегі зауыты» инвестициялық жобасын іске асыру басталды. 2005 жылдың желтоқсан айында Аймақтық бағдарлама аясында жобалық қуаты 90 мың тонна темір біліктермен инвестиция көлемі 9,0 млн. АҚШ доллары тұратын «Ақтау литей зауытының құрылысы» жобасы іске асырылды. 2005 жылдан бастап облыс бойынша металлургиялық өнеркәсіп және дайын металл бұйымдарының өндірісі саласына "Keppel Kazahstan" ЖШС (теңіз металл конструкцияларын шығару заводы), "Каспиан Сталь" ЖШС (металлургиялық завод) сияқты кәсіпорындар қосылды.
Бұған қоса Құрық селосында «ЕРСАЙ Каспиан Контрактор» ЖШС металл конструкциясы заводының жобасын іске асыру аяқталады, жылдық қуаты 18 мың тонна, жоспарланып отырған жұмыс орны– 500 адам.
2007 жылы "Каспиан Сталь" ЖШС металлургия заводы өнім бере бастайды жылына 114 мың тонна, 2011 жылы жобалық қуатына шыққаннан кейін жылына 300 мың тоннаны құрайды.
2004-2005 жылдары аймақтың индустриалдық-инновациялық даму аясында құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларын шығаруға бағдарланған төрт жоба іске асырылды:
«Шыныталшықты құбырлар өндірісі жөніндегі зауыт», жобалық қуаты жылына 400 мың метр түтік және инвестициялық көлемі 10,2 млн. АҚШ доллар. «Шыныпластикті құбыр өндірісі жөніндегі зауыт» жобалық қуаты жылына 300 мың метр құбыр және инвестиция көлемі 25,6 млн. АҚШ доллар. Өндірілетін өнім химиялық әсерлі ортаға төзімді, ұзақтылығымен ерекшеленеді, тат басуды, құбырдың ішкі жағынан қалдықтар мен шөгінділер пайда болуын болдырмайды, салмағы аз. Өндіріс, ең алдымен мұнайгаз секторына бағдарланған;
«Рудасыз материалдар өндірісін кеңейту» жобалық қуаты жылына 2,0 млн. текше метр қиыршықтас және инвестиция көлемі 6,4 млн.АҚШ доллар. Өндірілетін өнім автомобиль жолдарын, темір жолдарын салу мен қайта жаңартуда, сонымен қатар Каспий теңізінің жағалауларын бекітуде және жасанды аралдар салуға қолданылады;
«Құрылыс индустриясын дамыту» (1 кезегі), жобалық қуаты жылына 40 мың текше метр тауарлық бетон мен бетон бұйымдары, инвестиция көлемі 1,0 млн. АҚШ доллар. Жобаны жүзеге асыру Форт-Шевченко қаласындағы құрылыс объектілерін бетон және бетон бұйымдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2006 жылы жобалық қуаттылығы жылына 1,5 млн. тонна немесе 1,2 млн. тонна күйдірілген цемент тасы және инвестиция көлемі 150 млн АҚШ доллар «Цемент өндірісі» жобасын іске асыру басталды. 2006 жылдың наурыз айында зауыттың бірінші іргетасы қаланды. Қазіргі уақытта ТЭН жобасы әзірлену сатысында.
2006 жылы аймақтың индустриалдық-инновациялық даму аясында бірқатар жобаларды іске асыруды бастау жоспарлануда, соның ішінде «2002-2015 жылдарға арналған Қазақстанның батыс аймағында құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар өнеркәсібін дамыту» республикалық бағдарламасына енгізілген «Жақтау кірпіштерін өндіретін зауыттың құрылысы» жобасы.
«Текше қиыршықтас өндірісін ұйымдастыру» («Карьер-Тау» ЖШС) жобасын іске асыру жалғастырылады.
Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс көлемінің ұлғаюы нәтижесінде 2005 жылы гранит, ұлутас, құм өндірісі 11,4 % өсіп, 516,1 мың текше метр құрады, бетоннан жасалатын құрылыс конструкциялары - 24,8%, ол 71,1 мың тонна құрады. Қиыршықтас өндіру 33,6% қысқарып, 124,3 мың текше метр құрады.
Тоқыма өнеркәсібі
Өңдеу секторының өнім өндіруінің жалпы көлемінде тоқыма өнеркәсібінің үлесі айтарлықтай емес. Өңірде саланың тұтынылатын тиісінше шикізаты жоқ. Оны өңірден тысқары әкелу, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттсіздігіне әкеледі.
Түркия, Қытай, Қырғыз және басқа елдерден өңірге әкелінетін арзан дайын бұйымдармен бәсекелестікте, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қуаттылығының жүктелімі 50 пайыздан кем құрайды. Саланың негізгі кәсіпорындары – тоқыма өнімдерімен айналысатын және аяқ киім шығаратын «Жамал-ай» АҚ (бұрынғы «Ақбөбек» ААҚ) және тек қана бұйымдар тігуге бағдарланған «Жанарыс» ЖШС.
Өндірісті қолдау мақсатында екі кәсіпорын да өз өнімдерін шығаруда мұнай-газ секторына қайта бағдарлады, сондықтан да халықтың тұтынуға арналған өнімін өндіру үлесі мен оның номенклатура көлемі азғантай болып отыр.
2004 жылы тоқыма және тігін өнеркәсібінде 182,8 млн. теңгеге немесе 2003 жылғы деңгейге 131,9% өнім өндірілді.
2005 жылы - 16,2 млн. теңгеге немесе 2004 жылғы деңгейге 87,5%.
2006 жылы осы саланың кәсіпорындары 2005 жылғы бағамен 270,7 млн. теңге сомасында немесе осы жылғы деңгеймен 137,9 % өнім шығаратын болады.
2007 жылы 2006 жылғы деңгеймен салыстырғанда өндіріс көлемі 278,6 млн. теңге немесе 102,9%. 2009 жылы өнім шығаруды 303,6 млн.теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.
Тамақ өнеркәсібінің азық-түлік өнімдерін өндіру үшін шикізат облыстан тысқары жерлерден әкелінеді.
Тамақ өнеркәсібінің негізгі кәсіпорындары – сүт және сүттен дайындалған тағамдар шығаратын «Ақтау-сүт» ЖШС, «Гурман» ЖШС, «Жаңаөзен сүт зауыты» болып табылады.
Бұдан басқа, облыста «Бриз» ЖШС, «Баута» ЖАҚ, «Араз» ЖШС-нің алкогольсіз сусындары, шырындары, бөтелкедегі сулары, сыралары, сондай-ақ, «Волна» Ақтау кондитерлік фабрикасының кондитерлік бұйымдары шығарылады. Шұжық және нан шығаратын шағын өндірістер бар.
2004 жылы тамақ өнеркәсібінің көлемі - 3054,2 млн. теңге (152,4%), 2005 жылы – 3173,1 млн. теңге (103,9%) құрады.
2006 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында тамақ өндіру көлемі 2451,9 млн. теңге құрады немесе 2005 жылдың 9 айына қарағанда 14,9% кем.
2006 жылы осы салада 3%-ға өсу немесе 3269,1 млн.теңге құрайды күтілуде.
Барлық өнімдер Қазақстан, Ресей және ТМД-ның басқа елдерінен өңірге жеткізілетін құрғақ сүтті қалпына келтіру, өңдеп, дайындау жолымен шығарылады және облыс аумағында, негізгі көлем- Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында айырықша өткізіледі.
Облыс фермелері арқылы шығарылатын нақтылы өнімдерді қайта өңдеу шаруашылыққа жақын орналасқан өндірістің болмауынан жүзеге асырылмауда.
Бұл Түпқараған ауданының Таушық ауылындағы шаруашылығында асыл тұқымды малы –түйесі бар «Таушық» ЖШС кәсіпорнында ғана іске асырылады және кәсіпорын түйе сүтін қайта өңдеу жолымен - шұбат өнімін шығарады, кәсіпорын қуаттылығы тәулігіне - 400 тонна шұбат өндіреді.
«Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС «Айран» және «Қатық» жаңа өнімдерін игеріп, номенклатураны 7 атауға дейі жеткізді.
Ет өнімдерін – шала фабрикаттар, шұжық шығаруда, көбінесе «Школьник –Ақтау» мен «Поздняков» ЖК жұмыс істеуде.
Облыста ет өнімін өндіру көлемі жылына 15 мың тонна қажеттілікке шаққанда 9,5 мың тонна құрады.
Осы кәсіпорындардың шығаратын өнімдері, көбінесе Ақтау және Жаңаөзен қалаларында өткізіледі, қолданылатын шикізаттар өңірдің шет аумақтарында –Қостанай, Батыс Қазақстан және Қазақстанның басқа облыстарынан сатып алынады.
Жекелеген жағдайда, ЖК Поздняков И.А. Қостанай қаласында шала ет фабрикаттары мен шұжық бұйымдарын өндіру үшін шикізат құнын арзандату мақсатында мал сою цехын және малды алғашқы қайта өңдеу цехын ашты.
Өңірде көптеген кішігірім жеке наубайханалар нан және бөлкенан бұйымдарын шығарады.
«Волна» Ақтау кондитерлік фабрикасының кондитерлік бұйымдары шығарылады. Орталық Ақтау қаласында осы бағытта тәулігіне 50 т. өнім шығаратын «Мағаш» ӨФ, тәулігіне 30 тоннаға дейін бөлкенан өнімдерін жеткізіп шығаруда қайта жөндеу бойынша жұмыстанып жатқан «Ақтау-нан» ЖШС ірі кәспорындары жұмыстарын жүзеге асыруда. Нан пісіретін наубайхана мен облыстық орталықтағы гипермаркет «Ардагер» ЖШС-де наубайхана бар.
Облыста кондитерлік бұйымдар шығаратын кәсіпорындар да бар. Олардың ішінде -100 түрлі өнімдер- шоколад кәмпиттер, зефир, печенье, кекстер, шығыстың тәтті тағамдар және т.б. шығаратын «Волна» Ақтау кондитерлік фабрикасы. Кәсіпорын қуаттылығы – айына 28 тонна өнім.
Облыста алкогольсіз сусындар, ауыз сулар шығаруда Польша субъектілерінің үлестік қатысуымен «Бриз» ЖШС жүзеге асыруда.
Ағымдағы жылы кәсіпорын өндіріс жаңартпашылығын өткізіп, минералды сулар, газдалған сусындар және ауыз су құятын жаңа технологиялық құрал-жабдықтар сатып алды.
Облыста сондай-ақ, қазіргі уақытта айналым қаражатының болмауынан уақытша тоқтап тұрған, тәулігіне 60 тонна ұн шығаратын өндіріс ашылды. Тамақ өнеркәсібінде негізгі құралдардың тозуы 13,5% құрайды. 2007 жылы өндіріс қөлемі тамақ өнеркәсібінде 4413,3 млн. теңгені құрайды немесе 2006 жылғы деңгеймен салыстырғанда 135,0% 2009 жылы өнім өндіруді 6445,2 млн.теңгеге жеткізу жоспарланып отыр немесе 2006 жылғы деңгейден 84,4%.
2005 жылдағы екі саланы салыстырсақ, арасындағы айырмашылық 51 есе болса, 2006 жылы 37 құрады. Бірақ, мамандардың берген болжам, жоспарлары бойынша алдағы жылдары мұндай айырмашылықтар екі есеге азаятын болады.
Аймақта сонымен бірге, инновациялық бағытта «Жер- Теңіз- Аспан» біріктірілген жобасы әзірленуде. Бұл жоба келесідей даму жобаларын қарастырады: Құрық теңіз портын және ілеспе инфрақұрылымдарын дамыту; «Ақтау теңіз порты» АЭО- ты кеңейту; туристік кластерді дамыту; автомобиль және темір жолдарын дамыту; Каспий технологиялық университетін құру; энергетиканы дамыту; Ақтау қаласы құрылысын келешекті дамыту; Ақтау қаласының халықаралық әуежайын жаңарту.
Туризм
Облыс туризмді дамытуға өте жоғары әлеуетке ие, алайда сәйкес инфрақұрылымдардың жетіспеуі оның жандануын тежеуде. 2004 жылы облыс бойынша жекеменшік туристік фирмалар саны 13 бірлік құрады. Облыстағы қонақ үй мекемелерінің саны 814 орындық 23 бірлік құрады. «Renaissance Aktau Hotel» қонақ үй кешенінің құрылысы жалғастырылды. Туристік фирмалар шетел азаматтары мен отандастарымызға арналған 27 облысішілік маршрут және 5 экологиялық: «Саура» шатқалының таңғажайып әлемі», «Ақ жартастар патшалығы», «Тылсым ойылым», «Түпқараған мүйісінде», Қаратау мүйісінде» және т.б., сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының алыс және жақын шетелдерге шығуы үшін 20 халықаралық туристік маршруттар әзірледі.
«Жібек жолы тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұраларын сақтау және сабақтастықты дамыту, туризмнің ифрақұрылымын құру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде республикалық бюджет есебінен «Мангистау Реставрация» ЖШС Маңғыстау ауданындағы «Қараман Ата» қорымының 11 ескерткішін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 2005 жылы жергілікті бюджет есебінен жаңғырту-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге 101,5 млн. теңге бөлініп, 99,5 млн. теңге игерілді. Соның ішінде, «Масат Ата» қорымының қайта жаңғырту жұмыстарына 4,8 млн. теңге бөлінді, Форт-Шевченко қаласы маңындағы «Қарағашты әулие» кесенесіне 9,3 млн. теңге сомасына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. «Жамбыауыл» қорымы 11,9 млн. теңге сомасына қайта жаңғыртылды.
Халықаралық жоба – Каспий теңізі бойынша круиз ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда.
2006 жылдың аяғына дейін турфирмалар саны 20 бірлікті құрады, туристік фирмалармен қызмет көрсетілетін туристер саны 8,4 мың адамға дейін көбейді немесе 2005 жыл көрсеткішіне 116%.
Көліктік- логистикалық қызметтер
Облыстың көліктік- коммуникациялық жүйесі қазіргі заманғы барлық көлік түрлері және байланыс жүйесімен танылып отыр.
Әуе көлігі саласында «Ақтау халықаралық аэропорты» АҚ танылады.Ақтау халықаралық аэропорты барлық үлгідегі әуе кемелерін қабылдау және шығару үшін жабдықталып отыр. «Ақтау халықаралық аэропорты» АҚ тиесілі инфрақұрылымды, әуе құрал-жабдықтарын жаңартуды қоса отырып, көрсетілетін қызметтер спектрін кеңейтумен және сапасын жоғарылату бойынша қайта жөндеу жүргізуді қарастыруда.
Облыстың теңіз көлігі Түпқараған ауданы «Баутино» жүк аймағымен және «НМСК «Қазмортрансфлот» АҚ –мен «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ӨМП 2003 жылдан бастап мұнай құйғыш кемелерді жалға ала және фрахталанған танкерлермен мұнайды тасымалдау негізгі қызметі болған. Көлік кешенінің негізі болып отырған Маңғыстау облысының Ақтау халықаралық теңіз порты Қазақстан көлік инфрақұрылымында маңызды орын алады.
Маңғыстау облысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы № 633 қаулысына сәйкес «Көлік логистикасы» шұғыл жобаға қатысуда.
Маңғыстау облысының аумағы арқылы:
Шығыс Европаны Орта Азия мен Солтүстік Европамен, парсы шығанағы елдерімен байланыстыратын ТРАСЕКА и «Север-Юг» екі халықаралық көліктер дәлізі өтеді.
Облыс әкімдігі көрсетілген қаулыны іске асыру, сондай-ақ жоғары тасымал әлеуетін қолдану мақсатында, еліміздің Үкіметіне «Ақтау теңіз порты» аумағы шегінде арнай экономикалық аймақ статусын бере отырып, мультимодалдық көліктік-логистикалық орталық құру туралы ұсыныс берген болатын.
Ол өндірістік-техникалық, банктік, ақпараттық, консалингтік- аналитикалық және басқа көліктік-логистикалық сервистік қызметтерді қоса, толық сервистік және коммерциялық - іскерлік қызметтер спектрін іске асыратын теміржол, су және автомобиль көлігін шоғырландыруға арналған көп фукциялы терминалды кешен ретіндегі орталық болып табылады. Бұған сатып алушыларды іздеу кезеңінде тауарларды бажсыз қоймалау аумағы қосылатын болады.
Жоспарланып отырған кезеңге өңірдің барлық транспорт кешені дамиды. Республикалық бюджет қаражаты есебінен Атырау – Ақтау автомобиль жолдарының құрылысы жүзеге асады.
Ақтау әуе жайын халықаралық стандартқа сәйкес келтіру мақсатында жаңа аэровокзал ғимараты салынады, концессия механизмін қолдана отырып, ұшу-қону алаңына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
Ақтау теңіз портын солтүстік бағытқа қарай кеңейту жобасын жүзеге асыру жалғасады.
Ақтау теңіз портын кеңейту жоспары бойынша 2009 жылға гидро имараттар кешені бар жаңа айлақ салу көзделуде, оның ішінде 4 мұнай құю, 2- контейнерлік, 2 әмбебап құрғақ жүк айлағы, сондай-ақ экологиялық, шекара қызметі, флотқа арналаған айлақтар болады. Бұл Ақтау портында жүк аударып-тиеуді 11,5 млн. тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді..
Мультимодальды көліктік-логистикалық орталық дами түседі.
Өңдеу өнеркәсібінің басқа салаларының дамуы.
Маңғыстау облысының индустриалды-инновациялық дамуының өңірлік бағдарламасының аясында 2004-2005 жылдары өз қаражаты және қарызға алынған қаражаттар есебінен мына жобалар жүзеге асты:
«Ауыз су тұшыту және өндіру заводы» (1-кезегі), «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, жобалық
қуаты тәулігіне 20 мың.куб.м. су, инвестиция көлемі 17,3 млн. АҚШ доллары;
«Ауыз су жасау және құтыға құю заводы» «Каспиан индакстриас Лтд» ЖШС,
жобалық қуаты сағатына 35 куб.м. ауыз су және инвестиция көлемі 2,5 млн. АҚШ доллары;
«Азот-түк заводының қайта жаңартылған қуатында аммиак селитрасын өндіру
технологилық желісі», «Актал Лтд» ЖШС, жобалық қуаты жылына 120 мың тонна аммиак селитрасы, инвестиция көлемі 2,5 млн. АҚШ доллары.
2006 жылы «Перфорациялық жүйе өндіру жөніндегі завод»» («Казтехноинжиниринг» ЖШС) жобасын іске асыру жалғасуда, жобалық қуаты жылына 1 млн. заряд инвестиция көлемі 12,0 млн. АҚШ доллары. азвитиРаР
Энергетиканы дамыту
Өнірдің шаруашылық қызметін айқындаушы энергетика болып табылады. Экономикалық қызметтің осы түрінің негізгі өкілі – «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС, облыс тұтынушыларының 90% энергиямен жабдықтайтын облыстағы энергия өндіруші бірден-бір кәсіпорын. 1999 жылдың сәуір айында БН-350 шапшаң жылдам нейтронды тәжірибелік - өнеркәсіптік реакторы пайдалунадан шығарылғаннан кейін, «МАЭК – Казатомпром» ЖШС толықтай табиғи газбен жұмыс істеуде.
Маңғыстау жылу-электорстанциясы (МЖЭС) 1998 жылдың 1 қыркүйегінде 2 - Жылу-энергия орталығы мен Жылу – энергия станциясының бір бөлімшеге бірігуі жолымен құрылған болатын.
Бүгінгі таңда станцияның негізгі міндеті - дистиллят дайындайтын зауытты және (Бусужылумен жабдықтау станциясы) ПТВС теңіз суын тұшыту үшін бумен жабдықтау және жасанды ауыз суын дайындау кезінде қолданылатын дистиллят алу болып табылады.
Ол Маңғыстау облысының өнеркәсіптік кәсіпорындары мен тұрғындары үшін тек қана электр энергиясын өндіреді.
«МАЭК-Казатомпром» ЖШС МЖЭС блок бөлігі Маңғыстау облысы мен көрші Атырау облысының барлық мұнай кен орындарын электр энергиямен қамтамасыз етеді.
2006 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өнім көлемі 23878 млн. теңге құрады, бұл- өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6 % көлем артық.. Электр энергиясы – 2391,5 млн. кВт. сағ., жылу энергиясы – 2623,9 мың Гкал, табиғи су – 596,5 текше метр әзірленді. 2006 жылдың аяғына дейін күтілетін өнім көлемі 31896,9 млн. теңге құрайды. Электр энергиясы – 3188,6 млн. кВт. сағ., жылу энергиясы – 3091,6 мың Гкал., табиғи су – 795,3 млн. текше метр әзірленетін болады.
«МАЭК – Казатомпром»ЖШС күрделі жөндеу және технологиялық жабдықтарды қайта жаңартуға бағытталған 2007-2015 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама жасақтады.
2007 жылы кәсіпорын 3360,8 млн. кВт.сағ электроэнергиясын өндіретін болады, бұл 2006 жылғы деңгеймен салыстырғанда 5,4%. Жылуэнергиясы 2007 жылы 3079,2 мың Гкал яғни 2006 жылғы көлемнен төмен, 0,4%
Көліктік-коммуникациялық кешеннің дамуы
Облыстың көліктік-коммуникациялық жүйесінде көлік және байланыс жүйелерінің қазіргі заманғы барлық түрлері бар.
Автомобиль жолдары
2005 жылы тұтастай облыс бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ағымдағы жөндеуіне, күтіп ұстауға жергілікті бюджеттен 416,2 млн. теңге бағытталды, соның ішінде облыстық маңыздағы жолдарға – 205,3 млн. теңге, аудандық қалалық маңыздағы жолдарға – 216 млн теңге. Автомобиль жолдарының құрылысына 20,3 млн теңге бөлінді.
2005 жылдың аяғында Құрық портының дамуына байланысты ұзындығы 59 шақырым «Ақтау-Құрық» және 64 шақырымдық «Құрық-Жетібай» автомобиль жолдарына републикалық жолдардың мәртебесі берілді, 462 шақырым жол облыстық маңыздан аудандық маңызға өтті.
Қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының автожолдар саласын дамытудың 2006-2012 жылдарға арналған Бағдарламасын жүзеге асырудың Маңғыстау облысы бойынша іс-шаралар жоспары» іске асырылып жатыр.
2007-2009 жылдары облыстық маңыздағы автомобиль жолдарының дамуына 1 396 млн. теңге бөлу жоспарланып отыр, оның ішінде: құрылысына – 696 млн. теңге, күрделі жөндеуіне – 700 млн. теңге. Қиыршық тас төселген «Қызан-Ақшымырау» жолының – 18 км, «Форт-Шевченко-Таушық» жолының – 20 км, «Тұщыкұдық–Шебір» жолының – 6 км құрылысы, «Шетпе-Шайыр» жолының – 20 км, «Жаңаөзен-Қызылсай» жолының – 18 км, «Ақтау – Құйылыс» жолының – 17 км күрделі жөндеуі қарастырылып отыр.
2007-2009 жылдар аралығында республикалық маңыздағы «Ақтау – Атырау» жолының «Шетпе-Бейнеу» учаскесін, «Бейнеу-Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы» автомобиль жолының 2-кезеңін қайта салу және «Жетібай – Жаңаөзен – Фетисово – Түрікменстан шекарасы» автожолының орта жөндеуі жоспарланып отыр.
Теміржол көлігі
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Маңғыстау облысы бойынша темір жолының ұзындығы 819 км құрайды, оның ішінде «Опорный - Бейнеу» - 125 км, «Бейнеу – Ақжігіт» – 90 км, «Бейнеу – Маңғышлақ» – 404 км, «Маңғышлақ – Жаңаөзен» – 179 км.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» ЖАҚ теміржол станциясына байланысатын қосалқы жолдары бар кәсіпорын «Каскор-Транс-Сервис» АҚ болып табылады. 2005 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемінің азайғандығы аңғарылды (703 млн. тонна), бұл Ақтау теңіз порты арқылы экспорттық-импорттық тасымалдың азаюына байланысты болды. Негізінен, бұл мұнай және мұнай өнімдері, бұлар тасымал көлемінің 87,1 пайызын алатын. 2006 жылғы бағамдау бойынша теміржол көлігімен тасымалдау 8,4 млн. тоннаны құрайтын болады (2005 жылға – 115%)
«Жер – Теңіз – Аспан» жобасын жүзеге асыру ауқымында мына теміржолдарды салу жоспарланып отыр:
«Маңғыстау учаскесі (рзд. Тамақ) – Баутин теңіз порты»;
«Тамақ ст. – Баутин» т/ж учаскесінен 20 км тармақ ;
«Тамақ ст» вокзалы;
«Ералиево – Құрық теңіз порты» учаскесі;
«Бейнеу – Шалқар» учаскесі;
«Манғыстау ст. – Ақтау теңіз порты» учаскесі.
«Ералиево – Құрық теңіз порты», «Бейнеу – Шалқар», «Маңғыстау (рзд. Тамақ) – Баутин теңіз порты» теміржол учаскелерінің құрылысы «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі транспорт стратегиясы» даму бағдарламасына кіреді, солай бола тұра оны іске асыруды жеделдету бағытында жұмыстар жүргізілетін болады.
Құбырмен тасымалдау көлігі
«ҚазТрансОйл» ЖАҚ Батыс филиалы «Оңтүстік мұнай құбырлары» ӨБ филиалының атауын қайта өзгерту жолымен 1997 жылдың 1 қазанында ұйымдастырылды. Батыс филиалының негізгі қызметі құбыр желілері бойымен мұнай мен суды тасымалдау болып табылады. «ҚазТрансОйл» ЖАҚ-ның Батыс филиалының құрамына Орал мұнай құбыры басқармасы, Атырау мұнай құбыры басқармасы, Құлсары мұнай құбыры басқармасы, «Қаражанбас» ЖӨДҚ, «Ақтау» ЖӨДҚ және басқа да құрылымдық бөлімшелер кіреді.
Құбырының диаметрі 1200 мм, тіннің жобалық өнімділігі тәулігіне 260 мың текше метр, ұзындығы 1041 км «Астрахань – Маңғыстау» су таратқышы Маңғыстау облысына Еділ суын беру қызметін атқарады. Қазіргі уақытта Еділ суын тұтынушылар магистральды су таратқыш трассасының бойына орналасқан Маңғыстау облысының елді мекендері, мұнай өндіретін компаниялар, темір жол және басқа да өнеркәсіп кәсіпорындары болып табылады. Тасымалданатын судың мөлшері тәулігіне 30-40 мың текше метр шамасында.
Теңіз (су) көлігі
Облыстың теңіз көлігі Түпқараған ауданында «Баутин» жүк ауданымен қоса «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК мен негізгі қызметі 2003 жылы жалға алынған мұнай құю айлақтары арқылы мұнай аударып тиеу және фрахталған танкерлермен мұнай тасымалдайтын «Қазтеңізкөлікфлот» ҰТКК» АҚ.
«Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК кеңейту жобасын жүзеге асыру мақсатында солтүстік бағытта толқын тегеуірінін бәсеңдетуші имараттарды салушы «Мобелекс Ойл Терминал» ЖШС бас мердігері жұмыстар жүргізді. Болашақ порттың төңірегінің түбін тереңдету жұмыстарының жобасы жасалып, келісіуге жіберілді.
Әуе көлігі
Облыста әуе көлігі қызметін әуе кемелерінің барлық түрін қабылдай алатын, Батыс Еуропа елдері мен орталық және оңтүстік –шығыс Азия мемлекеттерін байланыстыратын әуе маршрутының қиылысында қолайлы орналасқан «Халықаралық Ақтау әуежайы» АҚ атқарады.
2006 жылдың 9 айында жолаушылар тасымалы 128,8 мың адам болды, яғни 2005 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23%, жүк тасымалы 2193,3 мың тонна (2005 жылға 120,3 %)
2006 жылы облыстық әкімдік «Ақтау теңіз порты» АЭА ауқымын кеңейтуге және Құрық теңіз портының құрылысын салуға бағытталған «Жер – Теңіз – Аспан» интеграциялық жобасын жасақтады. Жоба бойынша әрқайсысы жеке-жеке мамандандырылатын 5 суб аймақ құру көзделген, олар: «Aktau Free Trade» халықаралық шекаралық сауда орталығы, «Aktau Industries» өнеркәсіптік қаласы, Каспий қайраңының инфраструктурасын игеру орталығы, көліктік-логикалық мультимодалды орталық және Ақтау қаласында АЭА болған жағдайда жүк терминалы болатын халықаралық әуежай құрылысы.
Қуатты көліктік жүйе құру да көзделуде, бұл – еліміздің барлық қалалары ғана емес дүниежүзінің ірі қалаларымен әуе қатынасын орнатуға, халықаралық жүк тасымалын қамтамасыз етуге, АЭА жағдайында жүкті текшелеп жинап қоюға мүмкіндік береді.
Алдағы жылдарда әуе көлігі саласында ұшу қауіпсіздігі қамтамасыз ету үшін, әуе тасымалы көлемін арттыру үшін, облыстың бұл бағыттағы беделін арттыру үшін бірінші кезекте халықаралық әуежайды қайта жаңғырту мәселесін шешу керек.
Халықаралық Ақтау әуежайын қайта жаңғырту жобасын жүзеге асыру мемлекеттік – жеке одақтасу негізінде қарастырылып отыр.
Телекоммуникация мен байланысты дамыту
Маңғыстау облысы бойынша 384 қалааралық телефон желісі, оның ішінде 360 спутниктік арна бар. Облыста «ДАМА» жүйесінің 21 спутниктік станциясы бар. Тұрғындарға байланыс қызметін көрсетумен үш ірі кәсіпорын айналысады: «Қазақтелеком» АҚ, «SKL SILK» және «Шер и К».
Облыста 44, оның ішінде 18 қалалық және 26 ауылдық пошта байланысы бөлімдері жұмыс істейді «Мақат – Теңіз – Ақтау» Каспий ВОЛС (талшықты-оптикалық байланыс желісі) құрылысының аяқталуы қалааралық және халықаралық байланыстармен облыс орталығын ғана емес облыстың аудандарын да қамти алды.
Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ «Маңғыстау, Қарақия, Түпқараған, Бейнеу аудандарының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру» жобасын бекітілген жүйелік кесте бойынша іске асыруда.
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту
2004 жылдан бергі кезеңде экономиканың ауылшаруашылығы секторында ілгерілеушілік байқалады.
Мұнда ауылшаруашылығы өндірісінің өсуі неғұрлым маңызды екенін атап өткен дұрыс. 2005 жылы өңірдің ауыл шаруашылығында 1762,6 млн. теңгенің өнімі өндірілді немесе өткен жылдың деңгейіне 104%. Жалпы өнім өндіріснде мал шаруашылығының үлесі 91,7%, егін өсіруде 8,3%.
Мал шаруашылығы.
Облыста мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жөніндегі жұмыстар ұйымдастырылуда. «Сенек» ЖШС-нде жылына 35 мың дана қаракүл елтірісін өңдейтін цех, ұсақ және ірі тері илейтін жүйе, жылына 200 тоннаға дейін жүн жуа алатын қуаты бар жүйе жұмыс істейді. Осы шаруашылықта иленген теріден сырт киім, бас киім тігетін цех бар. Жуылған жүннен техникалық киіз басылады. Бұл өнімдердің бәрі мұнай компанияларына өткізіледі. 2005 жылы құны 60 млн тұратын мал шаруашылығы өнімдерін өңдейтін типтік үлгідегі ғимарат салынды. Жабдықтар инвесторлар қаражатының есебінен алынатын болады.
Түпқараған ауданының түйе өсіруге мамандандырылған «Таушық ауыл шаруашылығы» ЖШС-нда шұбат дайындау және оны полиэтилен құтыға құю цехы кеңейтілді. Шаруашылықта шұбат дайындау технологиясын одан әрі жетілдіру жұмыстары жүргізілуде, бұл аталған сүт өнімін шығаруды көбейтуге мүмкіндік береді. Шаруашылықта тоңазытқышы бар мал сою пункті, шұжық дайындайтын, түйе сүтінен ұлттық тағам дайындайтын шағын цехтар бар, сонымен бірге, мұнда түйе жүнінен халық тұтынатын тауарлар жасалады, Ақтау қаласында өздерінің сауда нүктелері бар. Бейнеу ауданының «Бейнеусервис» ЖШС-нда тері өңдейтін және қысқа тон тігетін цех бар.
Өндірілген мал шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда аудандастырылған мал тұқымын асылдандыру маңызды орын алады. Облыста асыл тұқымды мал 11 шаруашылықта топтастырылған.
Шаруашылықтар қойдың өнімділігін арттыру үшін қолдан ұрықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Үш ірі асыл тұқымды мал шаруашылығында 5 қолдан ұрықтандыру пунктері жұмыс істейді.
Облыста өндірілген ет, түйе және сиыр сүті толықтай тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге жұмсалады. Тұрғындардың етке деген сұранысы өз ресурстары есебінен етке 24%, сүтке 7-9 % ғана қамтамасыз етіледі.
Егін шаруашылығы. Құрғақшылық, ылғалдың аздығы, су көздерінің тұзданып кетуі суармалы егін шаруашылығымен кеңінен айналысуға мүмкіндік бермейді. Ауыл шаруашылығы жерінің жалпы көлемінің (12700,3 тыс.га.), көбі (12697,8 тыс.га.) жайылымға арналған. Егістікке арналған жер 0,4 мың га, шабындық жер 0,3 мың га ғана құрайды. Ауыл шаруашылығы дақылдары егілген жер 2005 жылы 199,4 га, өнім жиналған жер 152,7 га құрады, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 30 гектарға көп. Егістік жердердің көп көлемін бұрынғысынша бақша өнімдері – 35,5%, қызанақ – 28,2 %, қияр – 13,7% құрайды.
Соңғы жылдары суармалы егіндіктерге басқа да дақылдар – облыс базарларында жыл бойы жоғары сұранысқа ие қырыққабат, баклажан, бұрыш, жуа, көк, қызылша, т.б. өсіріле бастады.
Мал шаруашылығымен және егін шаруашылығымен айналысатын қожалықтардың жалпы саны 897 бірлікті құрайды, жер учаскелерінің жалпы сомасы 1275,0 млн. теңге, қазір 495 шаруа қожалығы жұмыс істеп жатыр.
Балық шаруашылығы. Облыста қазір балық шаруашылығымен 18 қожалық айналысады. Балықшылар саны 50 адамнан 150 адам аралығында. Балық Каспий теңізінің жағалауында ауланады. Балық аулау квотасы игерілмейді. Бөлінген лимиттің игерілмеуі себепті 2005 жылы 2003 жылмен салыстырғанда ұсақ балық аулау майшабақ 10 есе, кефаль (басқын балық) - в 4,6 есе, қара балық 5,8 есе азайды . 2005 жылға лимит 235 тонн көлемінде белгіленді, іс жүзінде 100,4 тонна ғана ауланды немесе рұқсат етілген көлемге 42,7%.
Облыста 2002 жылы құрылған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жүйесі «Мангистауагросервис» МКК табысты жұмыс істеп келеді, сол арқылы малды жалға, техниканы лизингке алу жүзеге асып отыр. Лизинг шарты бойынша трактор, орақ, басқа да мал азығын дайындайтын техникалар мен жабдықтар алынуда. Бұл кәсіпорынның қызметін қазірдің өзінде, 130-дан астам шаруа қожалығы пайдаланды, кредит алуға ынта білдірушілер саны көбейе түсуде.
Қазіргі кезде агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-маркетингтік консультациялық қамтамасыз етумен аграрлық рынок қатысушыларын ақпараттық-маркетингтік консультациялық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер кешенін ұсынушы арнайы мамандандырылған ұйым болып табылатын «Казагромаркетинг» АҚ Маңғыстау өкілеттігі айналысады. Облыстың екі ауданында компьютермен, қажетті құралдармен жабдықталған, әлемдік интернет желісіне қосылған ақпараттық-коммутациялық орталық желісі (СИКЦ) бар.
Мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалардың іске асырылу қортыңдысы бойынша 2006 жылы барлығы 36 өңірлік бағдарлама жұмыс жасады, өткен жылы оны іске асыруға 25739,5 млн.теңге, соның ішінде жергілікті бюджеттен - 13786,3 млн.теңге бөлінді.
2005 жылдан бастап 9 өңірлік бағдарлама бекітілді және жұмыс жасай бастады, соның ішінде «2005-2007 жылдарға арналған Маңғыстау облысының экологиялық бағдарламасы», «2005-2007 жылдарға арналған Маңғыстау облысының денсаулық сақтау саласын реформалау және дамыту бағдарламасы», «2005-2010 жылдарға арналған Маңғыстау облысының білім беру саласын дамыту бағдарламасы», «Маңғыстау облысы бойынша 2005-2007 жылдарға арналған жұмыспен қамту бағдарламасы» және т.б.
Қолданыстағы және әзірленіп жатқан өңірлік бағдарламалардың мақсаты- өңір экономикасының дамуының тұрақты өсуін, республикалық, жергілікті бюджеттер қаражаттарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету.
Денсаулық саласында 2005 жылы денсаулық сақтау саласында 144,6 млн. тенге сомасында 4 объект салынды, 19 денсаулық сақтау объектісіне 241,7 млн. теңге жалпы сомасында күрделі жөндеу жүргізілді.
Алғашқы медициналық – санитарлық көмек объектілерін медициналық құрал-жабдықтармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандыру орта есеппен 80,4 пайызға дейін өсті.
Облыс бойынша денсаулық сақтау объектілерін медициналық автокөлікпен қамтамасыз ету 95 пайызға, соның ішінде ауылдық жердегі ұйымдар (орталық аудандық аурухана, ауылдық учаскелік аурухана, ауылдық дәрігерлік амбулатория) -100 пайызға өсті.
2005 жылдың 12 айында туберкулез ауруынан қайтыс болғандар деңгейінің көрсеткіші 100 мың тұрғынға 29,1 құрады немесе өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3,3 пайызға төмендеді (30,1).
Болжам бойынша жалпы тұрғындардың науқастануы 100 мың тұрғынға шаққанда 1500-ге дейін (2005 ж. 83 пайыз), туберкулез ауруы -100 мың тұрғынға шаққанда 200 - ге дейін төмендейді (2005 ж. 97,5 пайыз).
Мемлекеттік нормативтерге сәйкес, АМСК мемлекеттік ұйымдарын медициналық құрал-жабдықтармен, медициналық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету деңгейі 2007 жылы 100 пайызға жетеді.
Білім беру саласында 2009 жылға қарай 2006 жылмен салыстырғанда балабақшаларды қалпына келтіру мен салу нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдар саны 21 бірлікке көбейетін болады.
2007 жылы білім беру саласын ақпараттандыру мен білім беру саласы объектілерінің материалдық - техникалық базасын нығайту жөніндегі бағдарламаларды іске асыру нәтижесінде, облыс мектептерін 100 пайызға Интернетке қосу және мультимедиялық және лингафондық кабинеттермен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде ауылдық аумақтарды орталықтандырылған газбен қамту 2009 жылдың басына қарай 95 пайызға жететін болады.
Сумен жабдықтау саласында «Ауыз су» бағдарламасымен қаралған барлық іс-шараларды іске асыру нәтижесінде, 2009 жылы сапалы ауыз сумен қамтылған облыс тұрғындар санын 99,3 пайызға, ал 2010 жылы -100 пайызға дейін көбейту жоспарлануда.
Тұтастай алғанда, мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларды толықтай іске асыру, облыстың экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуын одан әрі қарай күшейтуге, халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді.
Ауылдық аумақтарды дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру бойынша едәуір жұмыстар жүргізілуде.
2005 жылға бағдарламаны іске асыруға 1921,4 млн. теңге қаралған. Іс жүзінде 1960,6 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен - 442,2 млн. теңге, жергілікті бюджеттен- 1270,4 млн. теңге, басқа көздерден – 193,2 млн. теңге жұмсалды.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ауыл тұрғындарын орталықтандырылған газбен қамту - 81 пайыз, сапалы ауыз сумен қамту - 74 пайыз, ауылдық елді мекендерді телефондандыру - 80 пайыз құрады.
«Ауыз су» бағдарламасына сәйкес, сумен қамтамасыз ету саласында 2005 жылы 24 км су құбыры жөнделіп, 31,1 км су құбырының желісі салынды.
Нәтижесінде сапалы ауыз сумен қамтылған тұрғындар саны 330,5 мың адам (93 %) құрады. Бағдарлама екі кезеңде іске асырылады: бірінші кезең – 2004-2006 жылдары, екінші кезең – 2007-2010 жылдары. Бағдарламаның бірінші кезеңіне 2006 жылға арналып бөлінген қаражат есебімен 6906,5 млн. теңге жолданды, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1 562,3 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 4520,3 млн. теңге және басқа көздерден – 823,9 млн. теңге. Жергілікті бюджет шығынының негізгі үлесі білім беруге – 34%, денсаулық сақтауға – 14% және сумен жабдықтауға – 10% келеді.
Оның жалпы санынан денсаулық сақтау саласында білім беру саласында -2, халықты әлеуметтік қорғау саласында -2, ауыл шаруашылығы мен жерді қорғау саласында -3, қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша-2, мемлекеттік- басқару және қоғамдық қауіпсіздік саласында – 7, құрылыс бойынша- 2, мәдениет саласында – 3, сумен жабдықтау- 2 және өнеркәсіп саласы бойынша – 1, басқаларында -2 бағдарлама жұмыс істеуде.
Бұдан басқа, ағымдағы жылы мынадай бағдарламалар: «2006-2009 жылдарға арналған оралмандарды әлеуметтік қолдау», «2006-2014 жылдарға арналған құрылыс материалдары, бұйымдар және конструкциялар өнеркәсібін дамыту», «2007-2009 жылдарға арналған мәдениет саласын дамыту», «Жасөспірім 2006», «2006-2008 жылдарға арналған Маңғыстау облысының үкіметтік емес ұйымдарын мемлекеттік қолдау» және т.б. қабылданды.
Халықты әлеуметтік қамсыздандыру
Облыста зейнетақы, арнайы мемлекеттік жәрдемақы, мүгедектігіне және қамқоршысынан айырылуына байланысты арнайы әлеуметтік жәрдемақы алушылар санының өсуі байқалады, бұл бірінші кезекте басқа мемлекеттер мен облыстардан келген оралмандар санының көбеюіне байланысты 2005 жылы зейнеткерлер саны 24,1 мың адам құрады (2004 жылға 104,3%), мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар – 15,2 мың адам (2004ж. 102,7%). Арнайы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар 24,0 мың адам болды (2004 жылға 105,3%).
2005 жылғы 1 қаңтардан барлық санаттар бойынша арнайы мемлекеттік жәрдемақы төлеу, республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асады. ҚР Үкіметінің «2005ж. 1 қаңтардан Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтан төленетін зейнетақы төлеу мөлшерін арттыру туралы» 2004 ж. 21.12. қаулысына сәйкес, зейнетақы алушылардың барлығына зейнетақы мөлшері 7,7% ұлғайды. Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 ж. 18.02. Жолдауына сәйкес, ең төменгі зейнетақы мөлшері көбейді, базалық зейнетақы 3000 теңге мөлшерінде тағайындалды. Мүгедектігіне және қамқоршысынан айрылуына байланысты жәрдемақы мөлшерінің ұлғаюына байланысты, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа айлық мөлшері өсті.
Білім беру және кадрлар даярлау
2005 жылы білім беруге жергілікті бюджеттен 6,8 млрд. теңге жұмсалды, бұл 2004 жылғы деңгейден 83,8% көп. Облыстық мәслихаттың 6.04.05ж. № 10/151 шешімімен бекітілген «Маңғыстау облысы бойынша білім беру жүйесін дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасын» және облыстық мәслихаттың 08.12.2004ж. № 38/132 шешімімен бекітілген «Маңғыстау облысында білім беру ұйымдарын күрделі жөндеудің және материалдық-техникалық базасын нығайтудың 2005-2007 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасын» іске асыру басталды.
Денсаулық сақтау ісін дамыту
2005 жылы жергілікті бюджеттің есебінен Бейнеу ауданының Төлеп ауылында 14,5 млн. теңге сомаға фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы және Тұрыш ауылында 15,0 млн. теңге сомаға фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы, Маңғыстау ауданының Ақшымырау ауылында медициналық қызметкерлерге арналған тұрғын үймен бірге фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысы – 42,3 млн. теңге, Қызылтөбе селосындағы (Маңғыстау с.) учаскелік аурухана филиалына арналған ғимарат құрылысы – 21,8 млн. теңге салынды. Маңғыстау ауданы Шетпе селосында республикалық бюджеттен ресми трансферттер есебінен 208 млн. теңге сомасында 50 орындық туберкулез аурухананың құрылысы аяқталды, өткен жылы 158,2 млн.тенгесі игерілді.
2006 жылы облыс бойынша дербес амбулаториялық-емханалық ұйымдар саны (ААЕҰ) Қызылтөбе және Дәулет селоларында (Ақтау қаласы) ауылдық мемлекеттік дәрігерлік амбулаторияның ашылуы, облыстық стоматологиялық емхананың үлкендер және балалар болып бөлінуі, Маңғыстау селосының ауруханасынан жекелеген емханалардың бөлінуі, Бейнеу ауданының Сыңғырлау және Төлеп селоларындағы ФАП-тардың дәрігерлік амбулатория болып құрылуы есебінен 6 бірлікке артты
Ауруханалық ұйымдар саны бұрынғыша қалады – 33 бірлік.
Шетпе селосындағы 50 төсектік туберкулез ауруханасының іске қосылуынан, жаңа ғимараттың пайдалануға беріуінен кейін облыс бойынша ауруханалық төсек-орындар саны 2006 жылы 3264-ке (30 төсекке арналған) дейін артты.
Ағымдағы жылы барлық фельдшерлік-акушерлік пункттер – 9 бірлік (Сыңғырлау және Төлеп ФАП-тарынан басқа), ФП (6 бірлік) және 6 бөлмесіз медициналық қызметкерлер медициналық пункт мәртебесіне аударылады, яғни жалпы саны 21 бірлік құрайды.
2006 жылы денсаулық сақтау шығындары 23%-ға 6372 млн. теңгеге дейін өсті, одан 01.10.06ж. жағдай бойынша 4410 млн. теңге игерілді немесе жылдық жоспардың 70%. Медициналық көмектің кепілдірілген көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 15,2% (4300 млн. теңгеге дейін) артты.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен Жетібай кентінде аудандық аурухана құрылысы салынуда, 2006 жылға бөлінген 100,0 млн. теңгенің 85 млн. теңгесі игерілді. 2005 жылмен салыстырғанда денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға шығындар 1,6 есе өсті. 27 объектіні күрделі жөндеуге және денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруға 2006 жылға 1400 млн. теңге бөлінді, одан 01.10.06ж. 884,5 млн. теңге (63,2%) игерілді.
2007 жылы ААЕҰ Ақтау қаласының саяжайларында 2 ПМСП орталығының ашылуы, Маңғыстау ауданының Тұщықұдық, Ұштаған, Жыңғылды, Қызан ауылдарындағы АДА дәрігерлік амбулаторияға қайта ұйымдастырылуы, Қарақия ауданының Жетібай станциясында, Түпқараған ауданының Аташ, Баутин кенттерінде , Жаңаөзен қаласының Рахат және Арай саяжай учаскелерінде жаңа ДА ашу, Маңғыстау ауданының Онды, Шебір, Ақшымырау селоларында медпункттерді ДА-ға ауыстыру, Боранқұл және Қызылсай ауруханаларының амбулаторияларын ДА-ға көшіру есебінен 16 бірлікке артады.
Республикалық бюджет қаражаты есебінен 2006-2007 жылдары Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласында 337,0 млн. теңге сомасында 30 төсектік аудандық туберкулез ауруханасының құрылысы қаралған, 2005 жылы жергілікті бюджеттен ЖСҚ әзірлеуге 12,0 млн. теңге бөлінді.
Ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдастырудың материалдық-техникалық базасын нығайту жоспарында 2007-2009 жылдары Бейнеу ауданының аудандық емханасына 30,6 млн. теңге сомасында, Қызыләскер селосының фельдшерлік-акушерлік пунктіне 24,3 млн. теңге сомасында; 4 АДА-ға (Қарақия ауданының Мұнайшы кенті, Жетібай станциясы, Ақтау қаласының Маңғыстау селосы мен Өмірзақ кенті) 180,0 млн. теңге сомасында қосымша құрылыстар мен басқа да объектілер жоспарланады.
Мәдениет және спортты дамыту
2005 жылы мәдениетті дамытуға жергілікті бюджет шығыстары 1124,1 млн.теңге болды (2004 жылдың шығыстарына – 102,1%), соның ішінде мәдениет объектілерінің құрылысына – 42,6 млн. теңге. 2005 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Бейнеу ауданының Бейнеу селосында құны 6,1 млн.теңге болатын, 40 орындық телетеатр құрылысының, Форт-Шевченко қаласындағы орталық кітапханаға құны 5,2 млн теңге болатын жанама құрылысының, облыстық өлке тану мұражайының жалпы құны 8,2 млн теңге болатын кіреберісінің, Ақтау қаласындағы облыстық қуыршақ театрына құны 23,1 млн теңге болатын жанама құрылысының жұмыстары аяқталды.
Ағымдағы жөндеуге 15,4 млн. теңге жұмсалды, кітапханаларға кітап алуға – 3,0 млн.теңге, газет-журналға жазылуға – 6,3 млн. теңге, мұражай экспонаттарын алуға – 1,5 млн. теңге.
Бейнеу ауданының Боранкөл селосы клубының құрылысына, музыкалық-драма театры ғимаратына екі қабатты жанама құрылыс салуға 5,8 млн. теңгеге ЖСҚ жасалды.
«Жібек жолының тарихи орталықтарын түлету, сақтау және түркі тілдес халықтардың мәдени мұраларын сақтау, мұраға қалдыру, туризм инфрақұрылымын дамыту» мемлекеттік бағдарламасы ауқымында республикалық бюджет қаражаты есебінен «Маңғыстау Реставрация» ЖШС Маңғыстау ауданы Шетпе селосы маңындағы «Қараман ата» қорымындағы 11 ескерткішті қайта жөндеуден өткізді.
Бүгінгі күнге «Мәдениет саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы дайындалуда. Бұл бағдарлама бойынша мәдениет объектілерінің жүйесін кеңейтіп, материалдық-техникалық базасын нығайту көзделуде. Бұрын жабылып қалған мәдениет ұйымдарын қалпына келтіру және жаңаларын салу жоспарлануда; мәдениет объектілерін әсіресе селолық жерлерде, күрделі жөндеу; кітапханалардың, әсіресе селолық жерлерде, кітап қорларын молықтыру; ауылдарда мәдени-демалыс жұмыстарын қалпына келтіру және дамыту;; мәдениет және өнер саласының кадрлық әлеуетін нығайту; ұлттық мәдениет пен салттарды жан-жақты дамыту; мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуді өрістете түсу.
2007 жылы мәдениет ұйымдарының желісін кеңейте түсу үшін жергілікті бюджет есебінен Қарақия ауданының Мұнайшы кентінде 150 орындық клубты қайта жаңғыртып, ашу, Шетпе селосындағы (Қосбұлақ) клубты қалпына келтіру белгіленіп отыр.
2008 жылы 3 кітапхана ашылмақ: Ақтау қаласында, Бейнеу селосында және Шетпе селосында; Құланды селосында жергілікті бюджет есебінен селолық клуб салу жоспарлануда.
2009 жылы Түпқараған ауданының Сайын аулында демеушілік қаражат есебінен селолық клуб салынбақ. Жергілікті бюджет есебінен Теңге кентінде 300 орындық, Қызылсай селосында 250 орындық Мәдениет үйлерін салу жоспарлануда. Республикалық бюджет есебінен Ақтауда 150 орындық тарихи-мәдени парк құрылысы салынып, 2 кітапхана ашылады деп күтілуде.
Бейнеу ауданының Боранккөл селосында мәдениет үйі, селолық клубтар Маңғыстау ауданының Жармыш және Тұщықұдық селоларында, Бейнеу ауданының 4 аулында салынбақ, Құрықта мәдениет үйінің құрылысын кітапханамен қоса салу көзделіп отыр.
Алдағы жылдарда «Мәдени мұра» бағдарламасы ауқымында облыстың тарихи-мәдени ескерткіштерін қалпына келтіру-жөндеу жұмыстары жалғасады. Облыстық тарихи өлке тану музейі жанынан 2007 жылы жергілікті бюджет есебінен 22,0 млн.теңге қаражатқа «Мәдени мұра» орталығының құрылысын салу жоспарланып отыр.
2007-2009 жылдары мұрағат ұйымдарының саны өзгермейді, 8 бірлік. Мәдениет ұйымдарының саны артады – 159 бірлік (2006 жылға 107,4%) оның ішінде мемлекеттік – 148 бірлік (108,1%), оның ішінде кітапхана –68 бірлік (2005 жылға 07,9% ).
2007 жылы спорт ғимараттарының саны Жаңаөзен қаласында кәсіпорынның өзіндік қаражаты есебінен жеңіл атлетика ядросы бар, 3 қабатты спорт кешені мен алаңы құрылысын беру нәтижесінде 2 бірлікке артады.
2008 жылы Жаңаөзен қаласының Теңге кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысы, Ақтау қаласындағы мектептер жанында жергілікті бюджет қаражаты есебінен 10 спорт алаңы, Форт-Шевченко қаласында спорт кешені, Ақтау қаласында демеушілік қаражат есебінен 2 спорттық-демалыс орталығын салу нәтижесінде 14 бірлікке артады.
2009 жылы спорт имараттарының саны Түпқараған ауданының Ақшұқыр селосында жабық спорт зал, Ақтау қаласында демеушілік қаражат есебінен Спорт сарайы, жергілікті бюджет есебінен Маңғыстау политехникалық колледжінің ФОК құрылыстары нәтижесінде 2 бірлікке өседі.
Сонымен бірге, 2008-2010 жылдары Ақтау қаласында спорттағы дарынды балаларға арналған 100 орындық облыстық мектеп-интернат құрылысын салу қаралады.
Тұрғын үй саясаты
Тұрғын үйлерді барлық қаржыландыру көздері есебінен қатарға қосу мына көлемде жоспарлануда: 2004 жылы -166 мың шаршы метр, 2005 жылы – 214,5 мың шаршы метр, 2006 жылы - 286,0 шаршы метр, 2007 жылы -357,0 мың шаршы метр.
2005 жылы тұрғын үй құрылысының инвестициялары 7103,4 млн. теңге құрады, бұл - 2004 жылғыдан 1,2 есе артық. Ауданы 228177 шаршы метр тұрғын үй қатарға қосылды, бұл- 2004 жылғы деңгейден 1,3 есе артық.
2005 жылы халықтың қаражаты есебінен 161 мың шаршы метр тұрғын үй, мемлекеттік емес сектордың кәсіпорындары мен ұйымдарының қаражаты есебінен – 58,8 мың шаршы метр қатарға қосылды. Көп қабатты үздік үлгіде жоспарланған тұрғын үйлер салынып қатарға қосылды: «Алтер ЛТД» ЖШС жалпы көлемі 19 442,5 шаршы метр 156 пәтерлік тұрғын үй, «РегионСпецСтрой» ЖШС жалпы көлемі 5721,5 шаршы метр 54 пәтерлік тұрғын үй, «КазТрансОйл» АҚ жалпы көлемі 13901,25 шаршы метр 100 пәтерлік тұрғын үй, «Гепард -1» ЖШС жалпы көлемі 2557,6 шаршы метр 13 пәтерлік тұрғын үй, «Асауов» ЖК жалпы көлемі 6200 шаршы метр 40 пәтерлік тұрғын үй салып, қатарға қосты .
2005 жылы республикалық бюджеттен коммуналдық тұрғын үйлер салуға 393,75 млн. теңге мөлшерінде қаражат бөлінді. Осы қаражаттарға Ақтау қаласында 50 пәтерлік коммуналдық тұрғын үй құрылысы мен Жаңаөзен қаласындағы 50 пәтерлік коммуналдық тұрғын үй құрылысы салынып басталды. Республикалық бюджеттен несиелік тұрғын үй салуға 500 млн. теңге бөлініп, Ақтау қаласының 27 шағынауданында 135 пәтерлік тұрғын үй мен 29 шағынауданда 78 пәтерлік тұрғын үй құрылысын салу басталды. Аталған үйлерді қатарға қосу 2006 жылға белгіленді. 2005 жылға бөлінген қаражат бөлінген қаражат толық игерілді.
Барлық қаржыландыру көздері есебінен 2006 жылға жоспарланған тұрғын үйлерді қатарға қосу көлемі 286,0 мың шаршы метр құрайды Ақтау қаласында жалпы ауданы 6,975 мың шаршы метр 100 пәтерлік муниципалдық тұрғын үй құрылысы салу аяқталды.
2006 жылы тұрғын құрылысын дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына сәйкес республикалық бюджеттен: коммуналдық тұрғын үй құрылысына 387,5 млн. теңге, 01.10.2006ж. – 358,97 млн. теңгесі игерілді; несиелік тұрғын үй құрылысына -250,0 млн. теңге бөлініп, 133,83 млн. теңгесі игерілді; инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мен жайғастыруға – 1 010,0 млн. теңге бөлініп, 680,7 млн. теңгесі игерілді. 2007 жылы барлық қаржыландыру көздерінен 357,0 мың шаршы метр тұрғын үйді қатарға қосу жоспарлануда. 2006 жылы салынып өткізілген 2 несиелік тұрғын үйден қайтарылған қаражаттарды қайта пайдалану есебінен ауданы 13,2 шаршы метр несиелік тұрғын үй салынатын болады. Ол Ақтау қаласында тағы бір 78 пәтерлік несиелік үй және Жаңаөзен қаласындағы 100 пәтерлік тұрғын үй құрылысы болмақ.
Мемлекеттік емес сектордағы кәсіпорындар мен ұйымдарының қаражаттары есебінен 92,8 мың шаршы метр, тұрғындардың өз қаражаттары есебінен 240,8 мың шаршы метр тұрғын үй салу болжамдалуда.
Жоспарланатын 2008 жылы кезеңде жорамалданған тұрғын үйлерді қатарға қосу көлемі 428,0 мың шаршы метр құрайды. 2008 жылы жергілікті бюджет қаражаттары есебінен Бейнеу ауданы Бейнеу селосында екі пәтерлік төрт муниципалдық тұрғын үй, Қарақия ауданындағы Мұнайшы кентінде екі пәтерлік 3 қызметтік тұрғын үй салу жоспарланған. Осы мақсаттар үшін 78 млн. теңге қаралған, сонымен қатар 2008 жылы Жаңаөзен қаласында оралмандарды бейімдеу үшін 100 пәтерлік шағын жанұялық жатақхана және бюджет ұйымдары қызметкерлері мен жас жанұяларға 200 пәтерлік тұрғын үйлерді салуға 100 млн. теңге сомасында және 200 млн. теңге сомасында өтпелі аяқталмаған объектілерге бөлінетін болады
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану
Өңірдегі экологиялық ахуал өте күрделі және ауыз судың табиғи көздерінің жеткіліксіздігінен, автокөлік құралдары санының көбеюінен, қала аумағында атмосфералық ауаның газдану деңгейінің жоғарылауынан, игерілген және әрекетсіз қалған уран кеніштерінің болуынан, мұнай өндіру саласындағы жұмыс көлемінің артуынан шиеленісе түсуде. Оның үстіне, күрт континентальдығынан, жылына 150 мм аспайтын жауын–шашынның жеткіліксіздігінен, шектен тыс құрғақшылық климат ахуалды қиындата түсуде. Облыс үшін сағатына 25-32 м/сек дейін жылдамдықпен болатын күшті дауыл мен жел соғуы тән, жыл сайын 100 күннен артық шаңды күн бойынша ШРШ-тан артуы белгіленеді.
2005 жылы «2005-2007 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама» әзірленіп, облыстық мәслихаттың 6.04.2005ж. №10/154 шешімімен бекітілді. Оны іске асыруға жергілікті бюджеттен 22,3 млрд. теңге қарастырылған, оның ішінде жергілікті бюджет қаражатынан 2005 жылға – 145 млн. теңге, 2006 жылға – 178,1 млн. теңге, 2007 жылға – 186,9 млн. теңге қарастырылды. Бұдан басқа, облыстық мәслихаттың 30.05.2005ж. №11/197 шешімімен бекітілген «Жасыл ел» аймақтық бағдарламасы әзірленді. Бұл бағдарламаны іске асыруға жергілікті бюджеттен 550,8 млн. теңге қаралған, оның ішінде 2005 жылға – 138,2 млн. теңге, 2006 жылға – 198,1 млн. теңге, 2007 жылға – 214,5 млн. теңге қаралды.
Өңір үшін облыс орталығы мен Каспий теңізінің жағалау бөлігіне тікелей жақын орналасқан, құрамында химия өндірісінің уран қалдықтары бар зиянды «Қошқар Ата» қоймасы елеулі түрде қауіп төндіруде.
Осындай қалыптасқан ахуалда облыста аттестатталған зертханасы жоқ жалғыз бақылау посты – «Қазгидромет» Ақтау РМК басқа, қоршаған ортаның ластануын бақылайтын посттар жоқ.
Қазіргі кезде «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында жаңадан құрылған экологиялық постты жарақтандыру, қажетті жабдықтарды, аспаптарды, жүзу құралдарын, т.б. орталықтандыра жеткізіп қою жүргізілуде. Экологиялық посттың негізгі функциясы – АЭА аумағындағы экологиялық ахуалға үнемі бақылауды жүзеге асыру, қоршаған орта жағдайының мониторингін жүргізу, оның ішінде теңіз суының, атмосфералық ауаның және басқа да шөгінділердің ластану деңгейін анықтау болып табылады.
Облыс аумағында Үстірт мемлекеттік табиғат қорығы (223,3 мың га) және ормандар мен жануарлар әлемін қорғау бойынша 2 мемлекеттік мекеме (Бейнеу және Сам – 242,4 мың га) бар.
Қоршаған орта жағдайын зеуірттеу және оны жақсарту бойынша бұдан арғы қажетті шаралар қабылдау мақсатында, 2005 жылы жергілікті бюджеттен бірқатар табиғат қорғау шараларын іске асыруға 134,0 млн. теңге бөлінді. Ағымдағы жылы қоршаған ортаны қорғау шараларына жергілікті бюджеттен 242,5 млн. теңге бөлінді.
Облыстың ең өзекті проблемаларының бірін шешу - «Қошқар-Ата» қалдықтар қоймасын қайта құрымдау және қалпына келтіру жобасын іске асыру мақсатында, техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық сметалық құжаттаманың бекітілетін бөлігін әзірлеу аяқталды. Жобаның бағасы – 1010 млн. теңге (2000 ж. баға бойынша). Жоба 2007 жылға 124 млн. теңге көлемінде 2007-2010 жылдарға арналған республикалық бюджеттен қаржыландыруға берілген.
Жоспарланған 2007–2009 жылдары кен өндіруші кәсіпорындар жыл сайын 60 га мазутталған жер бойынша қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін болады. Өнеркәсіп кәсіпорындары 2007-2009 жылдары табиғат қорғау іс–шараларын жүргізуге 20,0 млрд. теңгеден астам қаражат қарастыруда.Жалпы көлемі 360 мың га табиғи кіші қорық құру, 100 текше метр жыл сайынғы санитарлық ағаш бұтау, облыстың орман ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін түрлерінің санын сақтауға мүмкіндік жасайды. Киіктерді сақтау үшін қолайлы жағдайлар туғызу, киіктің шоғырланған және төлдейтін жерлерін қарауылдау арқылы киік санын 2006 жылы 12,1 мыңнан 2009 жылы 16 мыңға дейін (132,3%) көбейту жоспарлануда.
Өңірдің мұнай-газ кешенінің барлық жанып тұрған алауларын түтінсіз жану режиміне ауыстыру бойынша іс–шаралар жүргізілгеніне қарамастан, 2007–2009 жылдары ластанудың стационарлық көздерден атмосфераға таралуы: 2007 жылы – 72,8 мың тоннаға дейін, 2008 жылы – 74,3 мың тоннаға дейін, 2009 жылы – 76,8 мың тоннаға дейін (2006 жылғы деңгейге тиісінше 103,3%, 105,3% және 108,9%) ұлғаяды. Бұл химия кәсіпорындарында өнеркәсіптік өндірістердің өсуімен, бірқатар жаңа өндірістердің іске қосылуымен байланысты.
2007-2009 жылдары табиғат қорғау іс–шараларын іске асыруға жергілікті бюджеттен 2104,1 млн. теңге бағыттау Жергілікті бюджет қаражаттары есебінен 306,7 млн. теңге сомасында Ақтау қаласының оңтүстік жағынан «Қошқар Ата» қалдықтар қоймасы ауданында тұрмыстық – қатты қалдықтар полигонын салу жоспарланып отыр.
Республикалық бюджет қаражаттары есебінен облыстың экологиялық жағдайын жақсарту үшін «Қошқар Ата» қалдықтар қоймасын қайта құрылымдау және қалпына келтіру, Бейнеу селосы, Жаңаөзен қаласы, Ақтау қаласындағы су тазартқыш және канализациялық ғимарат салу жобасының ерекше маңызы бар.
Қорытынды.
Экономикалық әдебиеттерде халықаралық және халық шаруашылық, салааралық, салаішілік және аймақтық пропорциялар кіретін жүйе қолданылады. Осы көрсетілген барлық түрлер бір-бірімен өзара байланысты және халық шаруашылығының жоспарлы дамуының шарты болып табылады, сонымен бірге жоспарларды құру кезінде қалыптасады. Олар экономиканың теңгерімшілігін және қоғамдық өндірістің тиімділігін, оның құрылымдарының жетістігін, экономикалық өсу қарқынының жеделдігін, жоспарланған уақытта әлеуметтік саяси және экономикалық шешемдердің қабылдану дәрежесін көрсетеді.
Әкімшілік жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға өтуге байланысты жаңа шаруашылық қатынастардың дамуының шартында халық шаруашылығын жоспарлау басқа кейіпке енеді. Жаңа жоспарлаудың ерекшелігі сол директивті бағыттан ұсыныстық бағытқа көшеді де, орталық және аймақтар мен жергілікті кәсіпорындар, ұйымдар арасындағы өзара тиімді келісімді қамтамасыыз етеді.
Нарықтың өзін-өзі реттеуі жаһандық, экономикалық және әлеуметтік үрдістердегі құлдырауларға және деформацияларға алып келеді. Мемлекет экономикалық реттеу мен жоспарлаудың мүмкіншіліктеріне сүйене отырып, пайда болған деформацияларды түзейді және кезеңмен нарықтық қатынастарды еркін бәсекелестік режиміне, экономиканы теңгерімшілік жағдайға алып келеді. Нарықсыз және нарықтық қатынастар мен оның механизмдерінсіз жоспарлы экономика қажетті деңгейде тиімді болмайды.
Нарықтық еркіндіктің кез-келген декларациясында экономикалық дамудың жоспары барлық елдерде құрылады. Жоспарлаудың мұндай обьективті қажеттілігі келесідей жағдайлармен түсіндіріледі:
Біріншіден, экономиканың дамуында ғылыми техникалық прогрестің әсері күшеюі және күрделі әрі жетілген технологияларға, өндіріс пен еңбекті ұйымдастырудың рационалды нысандарына өтуі соңғы салдар мен болатын нәтижені жоспарлау қажеттілігінен туады.
Екіншіден, жоспарлау мемлекетке қажетті басқару функциясы ретінде экономиалық дамудың үздіксіздігін, әлеуметтік байланыстарды қалыптастыру үшін қажет.
Үшіншіден, нарықтық қатынастар шегінде кез келген ұйым өзінің қызметі барысында өндірістің даму стратегиясы мен кәсіпкерлік қызметінің тактикасын жасап, өздерінің мақсаттарына жетеді. Осылайша, бүкіл экономика негізделген жоспар арқылы өзіне оң бағытты қамтамасыз етеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024