Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өркениетті нарықтық экономика құруға бет алды. Осы тұстағы Қазақстан Республикасының өз ерекшелігі, бір жағынан, ол дамыған елдерге тән белгілер ие (халқының жалпы сауаттылығы, ғылыми мекемелерінің кең жүйесі және өндіргіш күштерге сай зерттеулері), екінші жағынан дамушы елдерге тән белгілердің (экономиканың шикізат бағытында дамуы, көптеген аймақтардың экологиялық ластануы, экономиканың нақты секторына инвестицияның көп мөлшерде қажеттілігі, артта қалған инфрақұрылым) болуында еді. Қазақстан табиғи байлықтарының мол қорымен, ТМД елдерінің арасынлда халық санынаң төмен тығыздығымен сипатталады.
КСРО – ның әкімшілік - әміршілдік жүйесінен нарықтық экономикаға көшу реформаларын жүргізу ол Кеңес Одағын түбегейлі ыдыратып, оның орнына бірнеше жеке дара мемлекеттердің пайда болуына алып келді. Өткен ғасырдың 90 – шы жылдарында Одақ ыдырағаннан кейін оның құрамдас мемлекеттері көптеген қиындықтарға кездесті және де дағдарыстан шығуда жеке дара принциптік сипатқа ие болды. Соның ішіндегі Қазақстан да экономикалық қайшылықтар салдарынан көптеген проблемаларға кезікті, яғни, өнеркәсіптің құлдырауы, халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі, экологияның шектен тыс ластануы, әлеуметтік инфрақұрылымның күйзелісі, демографиялық жағдайдың нашарлауы, қаржы дағдарысы және т.б.
Қазіргі кезде макроэкономикалық тұрақтылық орнығып, қалыпты даму үрдісіне ие болып отыр. Бірақта қалыпты дами отырып келешекте дамыған елдердің қатарына қосылу мақсатында көптеген проблемалар баршылық. Олар: нарықтық экономиканың қолайлы дамуы үшін еліміздің тікелей әлемдік нарыққа шығатын мұхитпен шектеспеуі, ішкі нарық көлемінің шағындығы, сауда қарым қатынасындағы транспорттық шығынның көптігі, географиялық жағынан мемлекеттің қатаң климаттық белдеуге орналасуы, таза нарықтық заңдарыдң жетілмеуі, елдегі көлеңкелі экономика мен коррупцияның белең алуы және т.б.
Бірақта елде халықтың тұрмыс жағдайын көтеріп, елдің қарқынды дамуына негіз болатын байлығының мол қоры мен дағдарыстан шығып жаңа жетіліп келе жатқан ел ретінде экономика жағынан пайдаланылмаған мүмкіндіктерінің көптігі. Егер қай мемлекет болмасын терең дағдарыс жағдайына түсіп кейін оңтайлы түрде дағдарысты тұрақтандырса, онда ол мемлекет дамудың қарқынды импульсіне ие болады. Сол сияқты 90 – шы жылдары нарықтық экономикаға бет бұрған Қазақстан экономикалық дағдарыс кезінде нарықтық жүйеге тән емес кәсіпорындар жабылып және әлсіз немесе болашағы жоқ кәсіпорындар бәсекеге шыдамай банкротқа ұшырады, ал олардың орнына жаңа заман талабына жауап беретін кәсіпорындарды құруға мүмкіндік туды. Сондықтан да қазір терең дағдарыстан шыққан ел ретінде еліміз макроэконмикалық тұрақтылыққа қол жеткізіп, экономиканың дамуы қарқын алып келеді.
Қазіргі кездегі негізгі мақсат жаңа инновациялық кәсіпорындардың жетіліп дамуына жағдай жасайтын нарықтық механизмдерді барынша дамытып, экономиканың шикізат өндіру бағытынан қосылған құны жоғары, сапалы дайын өнім өндіруге бет бұрды. Ал, шикізаттық емес салалардың қарқынды дамуы үшін әрине үлкен реформалар керек, яғни, өңдеуші саланың дамуына жағдай жасау үшін салықты төмендету, ыңғайлы инвестициялық климат қалыптастыру, модернизациялық процесті жеделдету, еңбек нарығын тиімді пайдалану және тағы басқа шаралар қарастыру керек.
Жалпы экономикалық өсім негізінен шикізат өндіру мен қызмет көрсету саласының өсу нәтижесінен болып отыр. Экономиканың өнімділік деңгейі мен ғылыми – техникалық прогресті көтеретін қосылған құны жоғары өнімдерді шығаратын өнеркәсіп саласы қысқаруда немесе өте әлсіз дамуда.
Егерде осыларды ескере отырып, жалпы елімізді жер асты пайдалы қазба байлықтарынсыз қарастырсақ, онда 90 жылдардағы дағдарыс әлі де жалғасын табуы мүмкін еді және халықтың табыс деңгейі қазіргі кезге қарағанда бірнеше есе төмен болуы мүмкін болатын.
Шикізат байлықтары өткен ғасырдың 90 – жылдары елдің дағдарыстан шығуына көп септігін тигізеді және болашақта да сондай дағдарыс болған жағдайда елдің толықтай депрессиясынан сақтандыру функциясын атқарады, яғни жер астындағы шикізат қорларын игеру арқылы халық жұмыспен қамтылса, ал бюджет шикізат нарығынан түскен пайданың арқасында толықтырылуы мүмкін. Сондықтан осы айтылғандарға сәйкес қазба байлықтарын қазіргі кездегідей ысырапқа салмай, оны келешекте отандық өндірістің дамуына пайдалану керек.
Қазақстан стратегиялық маңызы бар табиғи ресурстарына бай елдердің қатарына жатады. Сол табиғи ресурстарды тиімді пайдалану еліміздің қарқынды дамуының бір мақсаты болып табылады. Бірақ экономикамыз бұрынғысынша шикізат нарығына байлануда. Олар: жер асты қазба байлықтарының тиянақсыз пайдаланудың әсерінен қалдықтардың жинақталуы; табиғатқа әкелер экологиялық салдарлары; сейсмикалық қауіптіліктің артуы; экономикамыздың шикізатқа тәуелділігінің одан әрі артуы; жер асты пайдалы қазбаларын игеруді арттырудың салдарынан өңдеуші өнеркәсіп дамуының тежелуі және т.б.
Қоғам дамуының сапалық түрде жақсартудың бір мақсаты осы жер асты байлықтарын мейлінше кері жақтарын азайтып, тиімділігін арттыра түсудің мәселенің бірі.
Соңғы жылдары экономикамымыздың дамуы қарқынды болғанымен, оның шикізат саласына, әсіресе, мұнай мен газ өндіруге байлануы экономикамымыздың әлсіздігін білдіреді. Сондықтан, экспорттың негізгі бөлігі сапалық тұрғыдан жоғары бағаланатын дайын атура шығармай экономикамымыздың тұрақты негізі қаланды деп айта алмайыз.
Әлемдік нарыққа шикізат ресурстарын кең көлемде шығаратын Қазақстан экономикасы соңғы жылдары шикізат бағасының көтерілуіне байланысты үдемелі жылдамдықпен дамуы қажет болып көрінуі мүмкін. Өкініщке орай, ол шикізат өндіру саласында ғана табысты ұлғайтып, дайын атуар өндіру мен сапалық тұрғыдан арттыруға кері әсерін тигізіп отыр.
Салықты төмендетіп, сыртқы нарықпен еркін қарым – қатынас жасауды дамыту ол отандық тауарлардың әлемдік нарықта бәсекелестік қабілеттілігін арттырудың ең маңызды жолы. Себебі, протекциянистік саясат неғұрлым әлсіз болып, импорттық тауарлар ішкі нарыққа еркін ағылса, онда қлттық валюта бағамы төмендеп, отандық тауарлардың әлемдік нарықта тиімді бағаға сатылудың икемді жағдайы қалыптасады. Егерде протекционистік саясатты қатаң ұстап, импорттық тауарларды шектей түссе, онда қазіргі кездегі шикізат бағамының көтерілу салдарынан ішкі нарыққа ағылып жатқан валюталар қозғалысы шектеліп, ұлттық валюта шетелдік валюталарға қатысты бағамы көтеріле түспек және соның әсерінен отандық тауарларды әлемдік нарықта сатудың тиімділігі төмендейді немесе бәсекелік қабілетін жоғалтады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей жалпы жаңа индустриалды елдер (ЖИЕ) қазіргі деңгейіне шикізат ревурстары арқылы емес, жетекші саласы болып табылатын өңдеуші өнеркәсіп шаруашылығын дамыту нәтижесіне жетті. Жаңа индустриалды елдерде өнеркәсіп өндірісінде ғылымды көп қажет қажет ететін өнім шығаруды ұлғайтуға бағытталаған құрылымдық өзгеріс процесі жүруде.
Қазақстанға қазба байлықтарын кең көлемде өндіруші ел ретінде экологиялық проблемаларды шешуге ерекше көңіл бөлуді қажет етеді, сонымен қатар табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды басқару мен оны халықтың игілігі ретінде пайдалану тапсырмасы тұр. Мұнай өндіру саласындағы кәсіпорындардың басым көпшілігі шетелдік капитал еншісінде екендігін ұмытпаған абзал. Мәселен, 2004 жылы 59,2 млн.т мұнай мен газ өндірілді, соның тек 8,9 млн.т немесе 14 пайызы ғана ұлттық “Қазмұнайгаз” компаниясына тиесілі болды. Басқаша айтқанда, экспорттық түсімнің қайтарылмай қалу қаупінің алғышарттары зор.
Үкімет соңғы кездері мұнайға әлемдік бағаның көтерілуіне байланысты экспорттан түсетін табысты тиімсіз пайдалануға жол беруде. Ол экономикамыздың әлсіздігін және үкіметтміздің кәсіби деңгейінің төмендігін көрсетеді.
Қазақстан экономикасының тағы бір осал тұсы – ішкі инвестициялардың көзі болып табылатын жиынтық жинақтау нормасының әлі де болмаса төмендігінде. КЕйбір деректерге қарағанда, огың мөлшері 2004 ж. 8% - дан аспады, ал экономикамыз үшін 25% - ға жеткені қажет. Сондықтан қорланған ұлттық капитал көлемі келешегі үлкен ірі коммерциялық жобаларды игеруге шамасы жетпейді. ИНвестициялық “гэп” ұғымының мәні осында.
Қазақстан, 2000ж. Еуропаның бірқатар елдерінің қолдауымен нарықтық қатынастарының дамуы тұрғысынан буыны бекімеген ел болып табылады. Экономиканы диверсификацияламасақ, нарықтық шаруашылығы озық дамыған елдердің қатарына қосыла алмаймыз.
І. Макроэкономикалық модельдерді талдау
1.1. Макроэкономикалық модельдердің мәні, түсінігі, түрлері.
Макроэкономика экономиканы жалпы бірыңғай қарастырады, оның тұлғалары үкімет, кәсіподақ, орталық банктер, өнірушілер және тұтынушылар жалпы тұлға ретінде мемлекет көлемінде қарас - тырылады. Егер микроэкономика жеке тауарлардың көлемі мен бағасын қараса, онда макроэкономика агрегатталған, жинақталған өлшемдермен қарастырады.
Бір фирманың әрекетін сипаттайтын басты микроэкономика -лық көрсеткіштер: пайда, шығындар. Халық шаруашылығын жалпы сипаттайтын басты макроэкономикалық көрсеткіштер: ұлттық байлық, жалпы ұлттық өнім, ұлттық табыс, баға деңгейі, процент ставка - сының орташа деңгейі және жұмыспен қамту.
Макроэкономикада ашылған заңдар үкіметтің экономикалық саясатын жасауға негіз болып табылады.
Экономикалық ілімді макро және микроэкономика деп ХХ ғасырдың 30 – шы жылдары Д.М. Кейнстің ғылыми зерттеулерінің әсерімен дайындалды. Өткен барлық көрнекті экономистер: меркан -телистер, физиократтар, классикалық саяси экономияның өкілдері – ұлттық өндірістің көлемі, жұмыспен қамту деңгейі, инфляция және басқалар сияқты макроэкономикалық мәселелерге көңіл қойған. Бірақ олардың әрқайсысы осы мәселелерді бір макроэкономикалық
Кейнстің еңбегі, оның ілімі жалпы бірыңғай ретінде эконо -миканы мемлекеттік реттеу белсенділігінің қажеттілігін негіздеді және макроталдаудың дәстүрлі әдісі модельдерді құрастыру болып табылады.
Модель - бұл басты факторларды есепке алатын және бірінші реттіктермен босатылған оңайтылған теориялық схема.
Модельде екі топ элементтері бар: анықтау керектілері, яғни белгісіз өлшемдер немесе “эндогендер” және берілгендер, яғни белгілі өлшемдер немесе “экзогендер”.
Модельді құру жүйесі модельдің белгісіз және белгілі өлшемдерін байланыстыратын қызметті анықтауды білдіреді.
Модельдер қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді аз уақытқа белгіленеді, көбінесе бір жылға. Ұзақ мерзім үшін неғұрлым ұзақ уақыт кезеңі беріледі.
Сонымен, макроэкономикалық модель дегеніміз - әр түрлі эко -номикалық құбылыстар мен үрдіс арасында пайда болатын функ -ционалдық байланыстарды айқындау мақсатында құрылған жүйеленген сипаттама. Кез келген модель күнделікті өмірдің оңай -латылған бейнесін көрсетеді. Себебі макроэкономикалық зерттеу жүр -гізуде нақты өмірдің барлық жауаптарын бір уақытта қарастыру мүмкін емес. Сондықтан да бірде – бір макроэкономикалық үлгі нақты, толыққанды болмайды. Ол нақты уақыт кезеңіндегі белгілі бір бағыттағы тек жалғыз ғана дұрыс жауапты бермейді. Бірақ осындай жалпылама модельдердің арқасында экономикаға әсер ететін ішкі (эндогенді) және сыртқы (экзогенді) экономикалық айны -малылардың көлемі анықталады.
Экзогенді айнымалылар – алғашқы ақпараттар, “сырттан” ендірі - леді, яғни түсіндірілмей, берілген түрде қабылданатын айнымалы -лар, ал эндогенді айнымалылар – кейінгі ақпараттар, олар модельдің өзінде қалыптасады, яғни экономикалық принциптер арқылы түсінді -рілетін айнымалылар. Басқа сөзбен айтқанда, экзогенді айнымалылар -дың мәні модель құрылмай тұрып беріледі, ал эндогенді айнымалы -лар модельдің ішіндегі есептеулердің нәтижесінде қалыптасады. Негізгі мақсатымыз эндогенді айнымалылардың өзгерісін экзогенді айнымалылар арқылы түсіндіру болып табылады.
Модельдің көмегімен қамтамасыз етілетін экономикалық мәсе -лелерді шешудегі жан – жақтылық мароэкономикалық саясаттың икемділігін және баламалылығын арттырады. Макроэкономикалық модельдерді пайдалану Үкімет пен Ұлттық банк экономикадағы циклдік толқуларды реттеуде жүргізетін бюджет – салық, ақша – несие саясаттарының құралдарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Шеңберлі ағым үлгісі, AD – AS, Кейнс кресі, IS – LM, Филипс пен Лаффер қисығы, Солоу моделі сияқты жалпылама макроэконо -микалық модельдер макроэкономикалық талдау жүргізудің негізгі құралдары болып табылады. Бұл модельдер қандайда бір ғана ұлттық экономикаға тән емес. Кез келген модель экономиканың динамикасын және оның көрсеткіштерін танып – білудегі пайдалылы -ғымен бағалануы тиіс. Бағалаудың объективтік қиындығы мынада болып табылады: а) алға қойған мақсаттарға жетуге байланысты модель құрарда оны жеткілікті алғышарттармен қамтамасыз ету; ә) макроэкономикалық саясат үшін қате шешімдерді болдырмау. Модель жеткілікті дәрежеде нақты өмірді көрсетуі мүмкін, бірақ бұл жағдайда ол өте күрделіленіп кетуі де ықтимал. Ал өз кезегінде үлгінің қарапайымдылығы оны экономикалық зерттеулерге пайдала -нуға байланысты басты талап немесе шарт болып табылады. Модельдің шамадан тыс жеңілдетілуі модельде біраз маңызды факторлардың ескерілмеуіне әкеліп соғады, ал оның нәтижесінде қабылданған шешімдер қате болып шығу ықтималдылығы артады. Сондықтан кез келген модельді құрудағы басты қиыншылық нақты мәселе бойынша макроэкономикалық талдау жүргізуге қажетті факторлар шеңберін анықтау.
Сонымен бірге, статистикалық және динамикалық модельдерді айырады. Статистикалық бір жағдайдан екіншіге ауысуды қарастыр -майды. Оны қатып қалған фотосуреттің бейнеленуімен салыстыруға болады. Динамикалық модель оған қарағанда күрделірек, айталық, ұлттық табыс бір жағдайдан екінші жағдайға өткен қозғалыста қарастырылады.
Макромодельдер де микрошешімдер негізінде құрылады. Мысалы, жалпы инвестициялардың макромоделін қадағалай отырып, макроэкономистер үй шаруашылығы инвестиция жөнінде қабылдай -тын шешімдерді де ескереді. Барлық сұрақтарға жауап беретін бірыңғай модель болмайды. Сондықтан макроэкономистер әрқайсысы белгілі мәселелерді шешетін көптеген модельдерді қолданады.
Макромодельді құрып жатқан кезде экономика тепе – теңдікте тұратындай, барлық құрамалар арасындағы байланысты табу керек.
Жалпы экономикалық тепе – теңдік - ұлттық экономикалық жағдайда нарықта бір уақытта сұраныс пен ұсыныстың тепе – теңдігі қамтамасыз етілгенде және экономикалық агенттердің ешқайсысы өздерінің сату немесе сатып алу көлемін өзгертуге қызықпағандай жағдайды айтады.
Нақты өмірде тепе – теңдік ерекшелік, сирек жететін, тез өтетін құбылыс болып табылады. Экономиканың қалыпты жағдайы жеке нарықтарда жалпы тепе – теңдік жағдайдан ауытқу мүмкін -дігін жорамалдайды. Әйтсе де тепе – теңдік талдау кең қолданы -лады, себебі тепе – теңдікке жетуге барлық экономикалық агенттер қызығады.
Қоғамдық ұдайы өндірістегі тепе – теңдік барлық тауарлар сатылған, барлық өндіріс құралдары және тұтыну заттары қайтарыл -ған жағдайда ғана мүмкін. Бұл жағдай белгілі халық шаруашылық пропорцияларды сақтауды болжайды.
Бірінші рет осындай қорытындыға келген макроэкономикалық талдаудың негізін салушы болып саналатын физиократ Франсуа Кенэ. Кейін қоғамдық ұдайы өндіріс деңгейіндегі тепе – теңдік мәселесімен айналысқан К. Маркс болды. Оның айтуы бойынша, ұдайы өндіріс материалдық игіліктерді, өндірістік қатынастарды және жұмыс күшін жаңартудың бірыңғай процесі болып табылады. Ол тепе – теңдікке жетуге болады, егер қоғамдық өнімнің барлық құн және табиғи формада қайтарылса деп есептеді.
Қазіргі батыстық экономикалық әдебиеттерде қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігі экономикалық тұлғалары үй шаруашылығы, фирмалар, үкімет (мемлекет) болып табылатын экономикалық айналым моделін қарастырады.
Барлық тұлғалар арасындағы байланыс ақшалай формада схемада олар пунктермен көрсетілген, сонымен бірге табиғи заттай (түзу
Бастапқы және соңғы орын үй шаруашылығы болып табылады. Ресурстар нарығы арқылы олар фирмаларға жер, еңбек, капитал, өздерінің кәсіпкерлік қабілеттіктерін береді. Мысалы, өнім нарығы арқылы кәсіпорыннан олар тауар және қызметтер алады.
Игіліктердің ақшалай формада айналымы кері бағытта жүреді (схемада сағат тілімен көрсетілген). Үй шаруашылығы үкіметке тікелей салық төлейді, ал одан жоғары жалақы және түрлі төлемдер
Фирмалар үкіметке тікелей және жанама салықтар төлейді және мемлекеттен белгіленген жеңілдіктер мен төлемдер алады.
Осы процестің үнемі қайталануы ұлттық экономика шегінде қоғамдық ұдайы өндірісті құрайды.
1.2. AD – AS, IS – LM модельдерінің өзара байланысы
Тауарлар және игіліктер нарығындағы тепе – теңдік жағдайын сипаттаудың екі түрлі әдісі бар. Бірінші – кейде ол макроэкономикада неоклассикалық көзқарас деп аталады – баға нарықты тепе – теңдік жағдайға әкелетін құрал деп жорамалданады. Мұнда «баға» деп тауарлар мен игіліктер деңгейлерінің ақшалай бірлікте көрсетілуі ғана емес, сонымен қатар пайыздық мөлшерлеме, нақты еңбекақы қарастырылады, осындай жағдайда нақты және ақша секторлары бір – біріне ықпалын тигізбейді. Екінші – белгілі бір уақыт аралығында кейбір бағалар өзгертуге бейім емес, мұндай жағдайда тепе – теңдік жұмысбастылық көлемі есебінен және жалпы ішкі өнім көлемінен мүмкін болады. Бұл осы көзқарасты сынаған Дж. Кейнс атымен кейнстік көзқарас деп аталады.
Екінші көзқарасты жақтаушылар пайымдаудың басқа жолын ұсынады. Оларда кейбір баға аз өзгермелі дегенге жол беріледі. Бұл жағдайда тепе – теңдік айырбасталатын көлем – тауарлар мен қызмет көрсету (ЖҰӨ) және жұмысбастылық көлемі есебінен орнайды.
Бұл көзқарастар түбегейлі әр түрлі қорытындыларға әкелуіне қарамастан, олар бір негізін қалаушы үлгіге негізделді. Сонғысын талдаудың екі графикалық құралдарымен синтездеуге болады: тауар нарығы мен ақша нарығының өзара әрекеттесуін көрсететін IS - LM үлгісі, еңбек нарығы және тауарлар мен қызмет көрсетуді өндіретін және оларды тауар нарығында сататын фирма іс - әрекетін сипаттайтын сұраныс – ұсыныс үлгісімен.
Алдымен кең анықталған тауар нарығын қарастырайық, яғни, тауарларды ғана емес, сонымен қатар қызмет көрсетуді де қамтитын нарықты қарастырайық. Талдаудың бастапқы нүктесі – тұтыну және инвестициялық игіліктерге сұранысты білдіретін үй шаруашылықтары. Бұл бөлімде басты назар қысқа мерзімді кезеңге аударылады.
Жабық экономикада соңғы шығындардың саны ретінде алынатын ЖІӨ жеке тұтынуға, жеке инвестицияға және мемлекеттік сатып алуға бөлуге болады. «Бірінші кезеңде» бұл мынаны білдіреді.
Y1 = C1 + I1 + G1
Нақты пайыздық мөлшерлеменің тұтынуға ықпалы тұрақты оң немесе теріс болмағандықтан, мұнда тек жанама ықпалы қарастырылады: пайыз мөлшерлемесінің өсуі үй шаруашылығының байлығын, соның әсерінен оның тұтынуын да азайтады. Инвестицияны қарапайымдандыру мақсатымен - инвестиция функциясы пайыздық мөлшерлемеден ғана тәуелді деп қарастырылады: нақты пайыздық мөлшерлемені үлкейту капиталдың баламалы құны есебінен инвестиция тартымдылығын азайтады.
Y1 = C1 + I1 + G1 теңдеуi – тауар нарығындағы тепе – теңдіктің шарты. Сол жағы шығарылатын ұсынысты көрсетеді, ал оң жағы - оның сұранысының сипаттамасы болып табылады. Ұсыныс экономиканың өндіргіш күштерімен, яғни капитал қорларымен, жұмысшылардың біліктілігімен және техникалық даму деңгейімен анықталады.
Классикалық экономика теориясы екі негізгі жобаға негізделеді. Біріншіден, ресурстардың толық жұмсалуымен өндірілген өнімді сатып алу үшін жиынтық шығын деңгейі Ү = С + І + G + Xn. ( яғни АD ≠ AS жағдай болуы мүмкін еместігіне сенімділік білдіреді).
Екіншіден, егерде осы жағдай болса да, онда еңбекақы, баға және нарықтық пайыз мөлшерлемесі тез өзгереді және жиынтық сұраныстың төмендеуінен кейін, жағдайды тұрақтандыратын тез және болымсыз өндірістің құлдырауы болады. Ақша нарығы әрқашан инвестициялар мен қор жинақтарының теңдігіне, яғни ресурстардың толық қамтылуына кепілдік береді. Тек табиғи деңгейдегі “ерікті” жұмыссыздық болуы мүмкін. Бұл АD және АS тепе – теңдік нүктесінде, өндіріс көлемі Ү мен Ү* теңдігін білдіреді.
Кейнс кресі үлгісі баға деңгейінің Р өзгерісі үрдісін бейнелеуге мүмкіндік бермейді, себебі орнатылған бағаны болжайды. Кейнс кресі АD – АS үлгісін макроэкономикалық талдау мақсатына пайдаланады және инфляция деңгейінің өсуімен немесе төмендеуі -мен байланысты макроэкономикалық саясаттың ұзақ мерзімді салдарын зерттеу үшін пайдаланылады.
Бөлімнің мақсатты нақты экономика секторының (тауар нарығының) және ақша нарығының өзара әсерінің тереңдетілген талдауын көрсету. Тауар нарығы түсінігінде қызмет көрсету мен тұтыну тауарлары нарығы да қарастырылады, олардың тұтыну игілігінен өзгешелігі жоқ деп айтуға болады. Бұл тауарлар санаттары арасында кейбір ерекшеліктер бар, дегенмен олар өзара сұраныспен ғана шарттасып тұр, өйткені тұтыну мен инвестиция -ланған тауарларға деген сұраныстың болуы әр түрлі айнымалы шамаларға байланысты. Тұтыну тауарларына сұраныс негізінен табыспен байланысты, ал инвестициялық тауарлар пайыздық мөлшерлемемен байланыты болады. Бірақ бұл айырмашылықтар үстіртін қарастырылған, өйткені тұтыну мен инвестицияланған тауарлардың нарығын бір – бірінен шектеу үшін, олардың салыстыр - малы бағаларын білу керек.
Кейнс моделінде бұл жасалмаған, сондықтан да экономистер тауар нарығының барлық түрлерін бір нарық деп қарастырады.
Бұл бөлімнің міндеті, осы нарықтардың құрылымын тура анықтаудан тұрады, бұл жердегі маңызды мәселе олардың арасын -дағы өзара байланысын табу. AD – AS үлгісін қарастырғанда бұл өзара байланыс болжанған, өйткені тауар мен қызмет көрсету бағаларының өзгеруі тікелей ақша сұранысына әсер етеді.
Ақша нарығында пайыздық мөлшерлемесінің ауытқуы жиынтық шығындар шамасына әсер етеді. IS – LM үлгісін ең алғаш рет Дж. Хикс (Хикс “кресі”) 1937 жылы ұсынған.
А. Хансеннің 1949 жылы шыққан “Монетарлы теория және қазынашылық саясат” атты кітабы арқылы ол көпшілікке мәлім болды, содан кейін ол Хикс – Хансен үлгісі деп аталып кетті.
IS – LM үлгісі (инвестиция – қор жинағы, ұнамды өтімділік – ақша тепе – теңдігінің үлгісі. Тауар және ақша нарықтарында бір мезгілде тепе – теңдік қалыптасу үшін, қажетті табыс көлемі Ү пен нарықтық пайыз мөлшерлемесі R – дің тіркемесін табуға үлгі мүмкіндік береді.
Сондықтан да, IS – LM үлгісі AD – AS үлгісінің нақтыланған түоі болып табылады.
Инвестициялар пайыз мөлшерлемесінің теріс функциясы, ал тұтыну - нақты табыстың оң функциясы екенін білеміз, демек жиынтық сұраныс теңдеуі төмендегідей:
AD = C (Y) + I (R)
Ал ұсыныс, Кейнстің айтуынша, мынадай болады.
AS = C (Y) + S (Y)
Тауар нарығындағы тепе – теңдік жағдайы келесі теңдікті орындағанда ғана орын алады.
I (R) = S (Y)
Берілген теңдеуді ДЖ. Кейнс анықтаған, тауар нарығындағы классикалық тепе – теңдік жағдайы үлгісінен басқаша.
I (R) = S (R)
Төмендегі теңдеу классикалық үлгідегі тауар нарығындағы тепе – теңдікті көрсетеді. Бұл теңдеулердің айырмашылығы қор жинағы функциясының аргументінде.
IS – LM моделінің негізгі теңдеулері:
1) Y = C + I + G + Xn - негізгі макроэкономикалық тепе – теңдік. Мұндағы:
2) C = a + b (Y – T) - тұтыну функциясы.
3) I = e – d · R - инвестиция функциясы.
4) Xn = g – m´ · Y – n · R - таза экспорт функциясы.
5) M/P = k · Y – h · R - ақшаға сұраныс функциясы.
Модельдің ішкі айнымалылары:
Ү (табыс), С (тұтыну), І (инвестиция), Хn (таза экспорт), R (пайыздық мөлшерлеме).
Үлгінің сыртқы айнымалылары:
G (мемлекеттік шығындар), Ms (ақша ұсынысы), t (салық мөлшерлемесі).
Эмпирикалық коэффициенттер:
(a, b, e, d, g, m, n, k, h) оң мәндер және салыстырмалы түрде қарағанда тұрақты.
Қысқа мерзім кезеңінде экономика ресурстардың толық қамтылған жағдайында болады. (Ү ≠ Ү*), баға деңгейі Р тұрақты (анықталған), ал пайыз мөлшерлемесі К және жиынтық табыс Ү өзгермелі. Р = const тұрақты, өйткені барлық айнымалылар атаулы және нақты мәндері сәйкес келеді.
Ұзақ мерзім кезеңінде экономика ресурстардың толық қамтылған жағдайында болады.
(Y = Y*), баға деңгейі Р өзгермелі. Бұл жағдайда айнымалы Мs (ақша сұранысы) атаулы шама болады, ал үлгідегі басқа айнымалылар - нақты шама болады.
IS қисығы тауар нарығындағы тепе – теңдікті көрсетеді..
IS қисығы басқа факторлар тұрақты болған кездегі (G, T) пайыз мөлшерлемесі (R) мен жиынтық табыс (Y) арасындағы байланысты көрсетеді.
Егер пайыз мөлшерлемесі жоғары болса, онда табыс деңгейі (немесе жиынтық сұраныс) соғұрлым төмен болады. Жоғарыда тұрақты деп болжанған басқа факторлар IS қисығын не жоғары немесе төмен қозғалады. Мысалы, егер кез келген пайыз мөлшерлемесінде мемлекеттік шығындар өсетін болса, онда ол жиынтық сұраныстың өсуіне алып келеді. Мұндай жағдай IS қисығын оңға қарай өсіреді. Керісінше, берілген пайыз мөлшерлемесінде салық мөлшері мен қолда бар табыстың төмендеуін күту жиынтық сұранысты төмендетеді, IS қисығы солға қарай қозғалады.
Жоғарыда айтылған тұжырымды Кейнс кресінің үлгісін пайдаланып көрсетуге болады.
Төмендегі шарттар орындалғанда IS қисығы жатық болады:
1) Таза экспорт (n) және инвестицияның сезімталдығы (d) пайыз мөлшерлемесінің динамикасынан жоғары болғанда.
2) Тұтынудың шекті бейімділігі (b) жоғары болғанда.
3) Салық салудың шекті мөлшерлемесі (t) үлкен емес.
4) Импорттаудың шекті бейімділігі (m' ) үлкен емес жағдайда.
Мемлекеттік шығындар G – дің жоғарылауы және салықтың төмендігіне байланысты IS қисығы оңға қарай жылжиды. Салық мөлшерлемесі (t) өзгеруіне байланысты IS қисығының бұрыштық көлбеуі өзгеруі мүмкін, ол өзгеріс табысы саясатының салдарынан болады, өйткені табысы жоғары отбасылары үшін тұтынудың шекті ыңғайы табысы төмен отбасылармен салыстырғанда төмен болады. Ал басқа факторларға (d, n, m’), макроэкономикалық саясатқа әсерін тигізбейді.
LM қисығы ақша нарығындағы тепе – теңдікті көрсетеді.
LM қисығының графигі - ақша ұсынысының (Ms) белгілі бір мөлшерінде ақша нарығындағы тепе – теңдікке сәйкес келетін пайыз мөлшерлемесі мен жиынтық сұраныстың арасындағы байланысты көрсетеді.
Төмендегі шарттар орындалғанда LM қисығы жатық болады, егер:
1) ақшаға сұраныстың сезімталдығы, нарықтық пайыз мөлшерінің өзгерісінен (һ) жоғары болса;
2) ақшаға сұраныстың сезімталдығы (ЖҰӨ) өзгерісіне (к) төмен болса.
Баға деңгейінің төмендеуі (Р) және ақша ұсынысының өсуі (Мs) LM қисығын оңға қарай жылжытады.
Үлгідегі тепе – теңдік IS және LM қисықтарының қиылысында болады.
Салыстырмалы тікше LM қисығы мен жатық IS қисықтарының тіркемесінде ынталандырылған ақша – несие саясаты өте тиімді болады.
Жатық LM қисығы нені білдіреді? Ақша жиынының өсуінің нәтижесінде пайыз мөлшерлемесінің сәл ғана төмендеуіне ақша нарығы тепе – теңдікте болады. R динамикасына егер І және Хn өте сезімтал болса да, пайыз мөлшерлемесінің мұндай әлсіз төмендеуі, инвестиция мен таза экспортты өте көп өсіре алмайды. Сондықтан жалпы өнім көлемінің өсімшесі өте аз шама.
Тікше орналасқан IS қисығы нені көрсетеді? Пайыз мөлшерлемесінің едәуір төмендеуіне, таза экспорт пен инвестиция әлсіз ғана өседі, өйткені d және n коэффициенттері аз шама, сондықтан пайыз мөлшерлемесінің төмендеп, ақша ұсынысының өте жоғары өсуінде де өнімнің өсімшесі өте көп өспейді.
Тікше орналасқан IS қисығының және жатық орналасқан LM қисығының тіркемесінде монетарлық саясаттың тиімсіздігі төмен болады. Бұл жағдайда пайыз мөлшерлемесінің мәні аз шамада төмендейді, бірақ Xn мен І тарпынан серпіліс өте төмен болады, сондықтан өнімнің жалпы өсімшесі өте үлкен болады және (Ү0Ү1) – ге тең.
1.3. Филлипс қисығы, Лаффер қисығы, Кейнс кресі, Солоу модельдеріне қысқаша түсініктеме.
Классикалық мектептің экономистері нарықтық жүйе ұзақ мерзімді кезеңде экономикадағы ресурстарды толық пайдалануды қамтамасыз етеді деп пайымдаған болатын. Оның өзінде анда-санда туып қалатын сәйкессіздіктер рыноктың автоматты түрде өзін-өзі реттеу негізінде шешіледі. Соның арқасында, ең соңында, жұмыспен толық қамтамасыз етілу негізінде нәтижесінде экономикада өндірістің тиісті деңгейіне қол жетеді.
30-шы жылдардың “Ұлы тоқырауы” мұндай көріністерді жоққа шығарды. АҚШ-та 1930 жылдан бастап, төрт жыл қатарынан, өндіріс көлемі мен нақтылы табыс ұдайы қысқарып отырды. 1929 жыл мен 1933 жылдардың аралығында АҚШ-та жан басына шаққандағы табыс әуелі 30%-ға құлдырады. Әсіресе жұмыссыздық американдықтардың есінде сақталынып қалды. 30-шы жылдары жұмыссыздардың орташа үлесі 19%-дан астамды құрады. 1933 жылы құлдыраудың ең төменгі нүктесінде жұмыссыздар ресми түрде өздерінше тіршілік етуші халық -тың 25%-ы болып саналады.
30 жылдардың тәжірибесі классиктердің баға және жалақы, әсіресе қысқа мерзімді кезеңде, болар-болмас өзгереді деген ойлары -ның дұрыстығына күшті күдік тудырды. Шындығында да, ХХ ғасырдың алғашқы онжылдығында-ақ монополиялар мен кәсіподақтар -дың, ең аз жалақы туралы заңнаманың және басқа факторлардың болуы баға мен жалақының сырғымалылығын тоқтатуға қол жеткізді.
Кейнсиандық модель баға мен жалақы, әсіресе қысқа мерзімді кезеңде, болымсыз өзгереді дегенге негізделген.
Кейнсиандық тұжырымдама, сонымен бірге, классикалық теория -ның ұсыным өз сұранысын тудырады деген ережесін де жоққа шығарды. Кейнс, кері себепті-салдарлы байланыс – тұтас сұраным ұсынымды тудырады дегеннің болатындығына сендірді.
Егер тұтас сұраным жетімсіз болса, онда өндіріс көлемі жұмыспен толық қамтамасыз етілген жағдайдағы әлуетті сұранымға тең болмайды. Икемсіз баға кезінде экономика жұмыссыздықтың жоғары деңгейінде ұзақ уақыт бойы тоқырау жағдайында болады
Бұл модельден шығатын қорытынды - мемлекет сұранымды ынталандыруға бағытталған белсенді макроэкономикалық саясатты жүргізе отырып, экономиканың дағдарыстан шығуына ықпал етуге тиіс.
Кейнс, өзін-өзі реттейтін рычагтарды іске қосудағы бағаның, жалақының, пайыздық ставканың оралымдылығын теріске шығарды.
Тепе-теңдікке тек жоспарлы шығын (тұтас сұраным) ұлттық өнімге (тұтас ұсынымға) теңескенде ғана қол жеткізуге болады деген пайымдаудан барып Кейнсиандық модельдегі игілік рыногындағы тепе-теңдік жағдай анықталады.
«Табыс – шығын» моделі, оны да «Кейнстің кресі» деп атайды. Осы модельді құру үшін бастапқы сәт болып көлденең оське тартылған 45º бұрыштағы сызық қызмет етеді. Осы сызықтың кез келген нүктесіндегі табыстар шығындарға тең. Оны сызықтың жоспарланатын шығындардың (С + І+ G +X) функцияларымен қиылысуы макроэкономикалық тепе-теңдік орнайтын ұлттық табыстың мөлшерін көрсетеді.
Егер өндіріс көлемі тепе – теңдіктен кем болса, ол дегеніңіз, сатып алушылар фирманың өндірген өнімдерінен гөрі, тауарларды көбірек алуға дайын деген сөз, яғни табыстар мен жоспарлы шығындар теңеседі. Және, керісінше, өндіріс көлемі жоспарлы шығындардан артып кеткен жағдайда фирма өнім сату қиындығына ұшырайды және АD мен AS теңескенге дейін өндірісті қысқартуға мәжбүр болады.
Алайда Кейнс мыналарды дәлелдеп шықты:
- Сұраным азайғанымен, бағаның түспей тұруы мүмкін. Ірі сатушылардың рыноктағы өктемдігі, кәсіподақтардың жалақы ставкасын бекітуге тырысуы, ұзақ метзімді келісім – шарттардың болуы - мұның бәрі бағаның түсуіне кедергі келтіреді. Ал егер баға түспей қойса, онда тұтас сұраным ақшаның сатып алушылық қабілетінің өсуіне жеткізбейді және тек өндірістің құлдырауына әсер етеді.
- Ақшаға сұраным айтарлықтай артуы мүмкін, себебі халық баға түсетіндігін болжап, ақша құнының өсетіндігін күте бастайды.
- Экономикалық шешім қабылдау кезінде күтудің рөлі аса зор болады. Шешім екіұштылық жағдайда, қателесу ықтималдылығы зорайған кезд, экономикалық жүйеде ретсіздік жайланған кезде қабылданады. Экономика мұндай жағдайда өндірістің өнім шығару көлемі өндірістік қуаттан айтарлықтай кем түсіп, ал жұмыссыздық -тың деңгейі жоғарылап кеткен жағдайда белгісіз уақыт бойы тұралап қалуы мүмкін.
Экономиканы мұндай жағдайдан алып шығу үшін, тұтас сұранымды, әсіресе, инвестиция жағынан сүйемелдеп жіберу керек. Кейнс сұранымның ең белгісіз бөлігі - инвестиция деп санаған. Адамдар әдетте салыстырмалы тұрақты деңгейде тұтынушылық шығындарды қолдайды, керісінше, инвестицияны кесіп тастауға оп – оңай шешім қабылдайды.
Кейнстің есептеуінше бай елдерде адамдар өздерінің табыстары -ның (табыс өсімінің) барлық қомақты бөлігін жинақтауға бейімдеу келеді, бірақ жинақтаудың барлығы инвестицияға айналмайды. Алайда, барлық пайдалы жобалар жүзеге асырылып, төмен табысты болып қалады. Демек, экономикалық өсуге орай мемлекет инвестицияны ынталандыруы керек.
Инвестицияның тіпті болымсыз өзгерісі жалпы ұлттық өнім мен жұмыспен қамтылудың мультипликациялық өсуін тудырады. Осы ықпалдың өте дәл анықтамасы ретінде Кейнстің теориясындағы мультипликатор деп ЖҰӨ өзгерісінің инвестиция өзгерісіне тәуелділігін көрсететін коэффициент танылады.
Инвестициялар өскенде, бастапқы ақшалай инвестицияға қарғанда ЖҰӨ (жалпы ұлттық өнім) анағұрлым зор көлемде өсетін болады. Бұл - инвестициялар мультипликациялық (үдей түсу) эффектіге жеткізеді дегеннен шығады.
Бірінші эффектіден басқа, екінші, үшінші және тағы басқалар туады. Бір сферадағы жұмысбастылық басқа салада да туынды тәрізді жұмысбастылықты тудырады. Көбейтпелі бұл эффект - мультипликациялық эффект деп те аталады.
Инвестициялардың өсімшесіне көбейтілген мультипликатор ЖҰӨ өсімшесін береді.
Кейнс инвестициялардың мультипликаторына әсер тигізетін жинақтауға шектеулі бейімділік және тұтынуға щектеулі бейімділік және тұтынуға шектеулі бейімділік деген көрсеткіштерді ендірді. Бұл көрсеткіштер адамдардың табыс өсімін қалай жұмсайтындықтарын байқатады.
Кейнсиандық тұжырым нарықтық экономикадағы мемлекет рөлінің жаңа әдісінің теориялық негіздемесі болып табылды. Экономикадағы мемлекеттің бейтараптылығы туралы классикалық идеяның орнына, “инфляциясыз толық жұмысбастлыққа” жету үшін нарықтық экономикаға мемлекеттің үйлестіргіштік араласуы -ның қажеттілігі деген идея келді. Бұл идея қоғамдық санада және мемлекеттік экономикалық саясатта соғыстан кейінгі кезеңде орнықты.
Салықтардың инвестициялық қызметке ықпал етуінің теориялық дәлелдемесі ретінде американ оқымыстылары – “ұсыным экономикасы -ның” 80 – шы жылдардың басында осы мәселені зерттеген өкілі американ экономисі А. Лаффер және басқалары әзірлеген салық салудың үдемелілігі мен бюджет кірістері арасындағы тәуелділік қызмет атқарады.
А. Лаффер осы мәселені қарағанда мынандай ой түйген: салық өсімінің жоғары болуы адамның экономикалық белсенділігін бәсеңдетіп, оларды салық төлеуден қашуға итермейді. Қызмет жасау арқылы табатын табыстың өмір сүруден гөрі, олар жәрдем ақыға өмір сүргенді жөн санайды.
Бұл теорияға сәйкес қызметке мөлшерлеменің белгілі бір шекке дейін қсуі салықтық түсімдердің өсуіне мүмкіндік туғыза -ды, одан кейін өсу бәсеңдейді, сонан соң бюджеттің кірістері кенет құлдырайды. Бұдан экономиканы, ең алдымен инвестициялық белсенділікті ынталандырудың міндетін салық ауыртпалығын түбегейлі жеңілдетудің жолдарынан іздестіріп, шешу керек деген жалпы түйін жасалынған. Экономиканың қозғаушы күші, бұл оқымыстылардың пікірлері бойынша, - бұл нарыққа бағыт -талған экономикалық қарекеттегі шарушылық агенттерінің ынталылығы. Егер бұл қарекет оларға пайдалы болса, онда ұдайы өндіріс интенсивті қарқындарда жүзеге асырылатын болады. Лаффердің ойы бойынша, бюджетке салық түрінде кәсіпкерлер мен халықтың табыстарының бүкіл сомасының 30% - ынан артық алуға болмайды. Егер табыстың 40 – 50% алынатын болса, онда бұл жинақ ақшаны, сонымен қатар экономиканың жекеше секторындағы инвестицияны да қысқартады.
Сөйтіп, қисық сызық салықтар мөлшерлемелерінің шамасы мен олардың есебінен мемлекеттік бюджетке қаражаттардың түсуі арасындағы өзара байланысты қамтып көрсетеді. Салықтың мөлшерлемесі артқан кезде мемлекеттің кірістері салықтар есебі -нен алғашқыда көбейеді. Егер салық мөлшерлемесі бір шекарадан - t' нүктесінен асып кетсе, онда салық түсімдерінен түсетін кірістер азая бастайды. Жоғары салықтар өндірістің ынталандырыл -маларын төмендетеді және олардың есебінен мемлекеттің кірісте -рін азайтады және керісінше. Салықтардың төмендеуі мұндай жағдайда мемлекет қаржысының жай – күйін жақсартады.
Табыс салығының мысалы жалақыға енгізілуі де экономика -лық шығынға әкеледі. Осы жағдайда кәсіпкерлер бұрынғыға қарағанда еңбек үшін көбірек төлеуге мәжбүр болады, ал жұмысшылар бұрынғыға қарағанда азырақ алады. Одан басқа табыс салығы ынталандыруға жағымсыз әсер етеді - еңбек ету тілегін төмендетеді, оның нәтижесінде жоғары салық өлшемдері кезінде мемлекет салықтық төлемдерді аз алады. Осы құбылыс Лаффер қисығында бейнеленген.
Берілген қисық абцисс осімен - салық мөлшері t көрсетілген координата құрылады. Салықтың нөлдік мөлшерінен бастап t - нің өсуі түсімдерінің өсуіне әкелетіндігі көрсетілген.
Бірақ А нүктесінен кейін салық мөлшерінің келесі ұлғаюы жағымсыз ынталандырушы әсер еткендіктен салықтық түсімдердің көлемін қысқартады. Бұл А нүктесінен кейін Лаффер қисығы соға қарай ауытқи бастайды. Сонымен tA- дан төмен салық мөлшері үшін олардың ұлғаюы салықтық түсімдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді, ал tA - дан асатын салық мөлшері мемлекетке табысты азырақ әкеледі; 100% мөлшер кезінде салық түсімі нөлге дейін төмендейді.
Іс жүзінде t салықтың оңтайлы мөлшеріне, салық түсімдері төмендей бастайтын кездегі дәл бағаны беру қиын.
Лаффердің қисық сызығына сәйкес салықтық түсімдер тым жоғары мөлшерлеме кезінде t нүктесінде және тым төмен мөлшерлеме кезінде t' нүктесінде бірдей болады. Бірақ eгер t нүк -тесінде салықтардың мөлшерлемесі өндірісті ұлғайтуды және ұлттық табысты көбейтуді ынталандыра отырып, жұмысқа, жинақ ақшаға және инвестицияларға ынталандырмалар жасайды. Сонымен, А. Лаффердің атағын ресторанда салфеткаға салған “Лаффер қисығы” шығарды.
Жеке табыс салығын салу, фискалдық мағынасынан басқа, маңызды әлеуметтік функция орындайды – халықтың түрлі әлеуметтік топтарының табыстарын теңестіруді қамтамасыз етеді.
Қазіргі жағдайда “монетарлық теория” өзі туралы барынша айқын көрсете білуде. Осы теорияны жақтаушылар жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігі - мен түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып, өндіріс процесін реттеуге болады. Олардың ойынша, түзу инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздықты басады. 1958 жылы жаңа зеландиялық экономист Олбен Филлипс (1914ж.ж.) осы ықпалды өлшеп көрсететін сұраным инфляция моделін жасап ұсынған екен. 1861 – 1956 жылдар аралығында Ұлыбритания статистика мәліметтерін қолданып О. Филлипс еңбекақы кесімдері мен жұмыссыздық деңгейлерінің арасындағы кері қатынасты білдіретін қисық сызықты анықтаған.
Филлипстің анықтауынша, Англияда жұмыссыздықтың 2,5 – 3% - тен артық өсуі бағалар мен жалақыны күрт тежейді екен. Осыдан жұмыссыздықтың қысқаруы баға мен еңбекақының өсуін қалыптастырады деген қорытынды шығады. Басқаша айтқанда, ұллтық экономикада жұмыссыздықты инфляцияның өсу қарқынын арттыру арқылы қысқартуға болады.
Филлипс есептеулерінің теориялық негізін Р. Липси есімді экономист жасаған екен. Кейіннен американ экономистері Р. Солоу және П. Самуэльсон Филлипс қисығын жетілдіріп, оның жаңаша моделін жасап берген. Олар Филлипс моделінде еңбекақы кесімін (ставкасын) тауар бағаларының өсу қарқынымен ауыстырады. Бұл түрінде Филлипс қисығы белгілі экономикалық саясатты жүргізу үшін, ең алдымен, жұмыспен қамту, экономиканың өсуі, бағаларды тұрақтандыру жағдайларын анықтауда қолданылады. Х сызығында жұмыссыздық деңгейі (%-пен), Ү сызығында - тауар бағаларының өсу қарқыны (% - пен) көрсетілген. Филлипс осы тәуелділікті математикалық тілде қисық түрінде көрсетіп, осы көрсеткіштердің арақатынасын белгілейді, кейінірек ол “Филлипс қисығы” деп аталып кетті.
Егер қалыптасып отырған жұмыссыздық, мысалы, U1 (Р1 – инфляция деңгейіндегі) өте жоғары деп саналса, онда бұл жұмыссыздық деңгейін қысқарту мақсатында белгілі ақша – несие және қаржы – бюджет іс – шараларының жүргізілуі қажет болады. Жұмыссыздықты қысқарту үшін өндірістің өсуіне қосымша жағдай жасалады. ЖҰӨ - нің өсуі жалпы сұранымның өсуіне байланысты, жалпы сұраным өскен жағдайда тауар бағалары да өседі, ал нарық бағаларының деңгейі өскенде ұсыным, өндіріс ауқымы өседі, түптеп келгенде, ЖҰӨ өседі. Ұлттық өндірістің өсуі өндіріс факторларына, оның ішінде еңбекке қосымга сұранымды қалыптастырады, жұмыссыздық қысқарады. Айталық жұмыссыздықтың үлес салмағы U2 – ге дейін қысқарған болсын, онда инфляция қарқыны Р2– ге дейін көтеріледі. Бұл экономиканың “қызуын” арттырып, дағдарыс жағдайын қалыптастыруы мүмкін. Сондықтан, үкімет енді басқаша саясат жүргізуге мәжбүр болады. Инфляцияны тежеу мақсатында бюджет шығындарын қысқартады, “қымбат” ақша – несие саясатын іске қосады. Осы шаралардың нәтижесінде бағалардың өсу қарқыны Р3 деңгейіне дейін түседі делік, ал жұмыссыздық сәл өседі, оның деңгейі U3 – ке жетеді.
Батыс тәжірибесі көрсеткендей, Филипс қисығын қысқа мерзімдік экономика жағдайында қолдануға болады, ал ұзақ мерзімде (5 – 10 жыл) жұмыссыздық пен инфляция қатарласа өседі. Ұзақ мерзімде Филлипс заңдылығы сақталмайды және оны белгілі бір жағдайлармен түсіндіруге болады.
Стагфляцияны Филлипс қисығы арқылы да суреттеп көрсетуге, яғни Филлипс қисығының солдан – оңға қарай жылжуымен сипаттауға болады. Филлипс қисығы оңға жылжығанда бағалардың өсуі жұмыссыздықтың өсуімен қатар қалыптасады.
Филлипс қисығын жұмыссыздық пен инфляция баламасын талдау құралы ретінде тек баяу инфляция жағдайында қолдануға болады деген пікір бар. Ал тосын инфляция жағдайында (мысалы, 70 – ші жылдары энергия ресурстарына бағаның тосын өскен кезіндегідей) бағалардың күрт өсуі жұмыссыздықты бұрынғыдан да жоғары көтеріп жіберуі мүмкін. Басқаша айтқанда, статистикалық деректердің негізінде жасалған Филлипс қисығы ұзақ мерзім үшін тұрақты экономикалық заңдылықты көрсетпейді.
ІІ. Экономикалық өсудің математикалық модельдері
2.1. Қазақстан Республикасының экономикалық өсу моделі
Қазақстан Республикасының Президентінің “Қазақстан – 2030” бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуында тұрақты экономикалық өсуге, халықтың өмір сүру деңгейін, әл – ауқат жағдайын көтеруге, жоғары индустриалды қоғам жаңа технологиялармен, өмір сүрудің жоғары деңгейімен және сапасымен, халықтың әәлеуметтік топтары арасындағы қайшылықтардың жеңілдеуімен сипатталады. Сондай – ақ, меншік қатынастары, экономикалық өсудің әлеуметтік және экономикалық факторлары арасындағы арақатынас өзгереді, адам капиталының рөлі жоғарылайды. Басқаша айтсақ, бағдарламада көрсетілгендей жоғары индустриалды сатыға өту үшін ұзақ мерзімді экономикалық дамуды қамтамасыз ету қажет.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаты болып халықтың материалдық әл – ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.
Жалпы экономикалық өсудің түрлі модельдері (неоклассикалық, кейнсиандық, неокейнсиандық, институционалдық) бар екндігі белгілі. Неоклассикалық модельдің зерттеу объектісі экономикалық өсу факторлары, яғни, еңбек, капитал, ресурстар, ғылыми техникалық прогресс (ҒТП), уақыт, экологиялық, ақпараттық фактор, адам капиталы болып табылады. Ал, Кейнстік бағытты жақтаушылар теориясында өсу әлеуметтік – экономикалық алғышарттардың кешеніне әсер етпейтін, тек технико – экономикалық параметрлердің өзгерісі деп дәлелденген. Ол ең алдымен сапалық емес, сандық құбылыс ретінде қарастырылады. Кейнстік және неокейнстік бағыт экономикалық өсудің алғышарттарын жасайды, яғни дағдарыстан қалай шығу керек, дамушы елдердің жүргізетін саясаттарын қарастырады.
Неоклассикалық және неокейнсиандық модельдердің өзара айырмашылығына қарамаыстан, олар ұқсас методологияға негізделген. Институционалдықтың олардан өзгешелігі сапалық басқа теориялық негіздерге сүйенеді.
Бірқатар зерттеушілер артта қалушылықты институционалды шарттармен байланыстырады, соның ішінде, ұлттық білім беру мен кәсіби даярлау жүйесінің дамымағандығы. Шынында да, артта қалған экономика ұлттық білім беруге, кәсіби даярлауға және кадрларды қайта даярлауға жеткілікті қаржы бөле алмайды. Жалпы және арнайы білім беру жүйесінің дамымағандығы білікті мамандардың төменгі деңгейін сипаттайды. Ол өз кезегінде еңбек өнімділігінің деңгейіне кері әсер етеді, оның әлсіз өсу қарқыны экономиканың артта қалуының басты себебі болып табылады.
Экономикалық өсудің қазіргі заманғы негізгі модельдері басқа да кез келген модельдер сияқты дағдарысты ұғым болып табылады. Ашық айтсақ әдебиеттерде өндірістік функцияның әр түрлі модельдерін кездестіруге болады және оның саны әрдайым артта түсуде. Мұнымен қатар макроэкономикалық өндірістік функцияны пайдалануға мүмкін болатынын және оның мәнін түсіндіретін, базалық, жай модельдерде жеткілікті.
Экономикалық өсу теориясын дайындау дайындау негізінен үш экономист: Г. Фельдман, Р. Харрод және Е. Домардың еңбегі екенін атап айтқан жөн.
Домар теориясына сәйкес экономикада нақты табыстың өсімі тепе – теңдік түрде болады. Бұл жағдайда қолда бар өндіріс қуаты толық пайдаланылады, мұның өзі қор сақтау нормасына және капиталдың шекті өнімділігіне немесе капитал қайтарымдылығының өсіміне (∆K/∆V) тура пропорционалды келеді.
Инвестиция және табыс, тұрақты бірдей қарқынмен өседі.
Е. Домар моделі өсу теориясы ролін атқаруға ұсыну үшін жасалмаған. Бұл тек кейнсиандық қысқа мерзімдік тепе – теңдік жағдайын неғұрлым ұзақ мерзімге созуға талпынған ұсыныс еді және бұл жағдай дамушы жүйе үшін қандай болуға тиісті, соны көрсетпек болған. Р. Харрод арнайы экономикалық өсу моделін жасап, және оған инвестицияның акселератор ұстанымы және кәсіпкерлік күту негізінде экдогендік функциясын кіргізді, ал Домар инвестицияның экзогендік формасын ұсынған болатын.
Акселератор принципі бойынша кез келген табыстың өсуі (кемуі) капитал салымын өсіреді (немесе кемітеді), былайша айтқанда табыстың өзгеруіне пропорционалды болады.
Көбінесе екі осы модельді бір Харрод – Домар моделіне біріктіреді. Осы екі модель де мынадай бір қорытындыға келеді: өндірістің белгілі техникалық жағдайында экономикалық өсу қарқыны жинақталудың шекті бейімділік шамасымен анықталады, ал динамикалық теңдік жұмысқа толық қамтылмаған жағдайда іске асырылады. Домар және Харрод модельдері Кобба – дуглас моделіне қарағанда біздің экономикаға жақын. Өсудің негізгі факторларының бірі сұраным мен ұсыным сияқты модельде өнеркәсіптегі инвестиция болып табылады, ла мұның өзін Қазақстанның экономикалық жағдайында толық пайдалануға болады.
Бірақта осы модельдерде де нақты жағдайға келмейтін бірнеше қайшылықтар бар. Мәселен, Домар моделінде былайша айтылады: экономикалық өсуді қолдау үшін елдегі өндірістік қуаттар толық пайдаланылуы керек. Ал, біздегі қазіргі жағдайда өнеркәсіп кәсіпорындарының біразы тиімді жұмыс істемейді. Сондықтан да бұл модель біздің нақты жағдайды дұрыс көрсетпеуі мүмкін.
Сондай – ақ, Домар моделінде “еңбек нарығында ұсыныс басым болуы керек” делінген. Бұл біздің нақты жағдайға сәйкес келеді. Өйткені, қазіргі кезде шындығында да еңбек нарығында жұмысшы күші жеткілікті, бірақ мәселе сапа туралы және кәсіби жөнінде болатын болса, онда кейбір күдік туатыны жасырын емес. Ал, Харрод моделінде мына жағдай міндетті түрде болуы керек: “егер жоспарланған ұсынымның өсу қарқыны кепіл -діктегіден ауытқитын болса, онда жүйе тепе – теңдіктен алшақтайды”. Біздің жағдайда ұсынымның ешқандай өсу кепілдігін айтуға да болмайды. Өйткені, инфляция, биржадағы валюта курсы -ның әрқашанда ауытқушылығы, бағаның өсуі және т.б. Сондықтан да жоспарланған ұсыным өсімі кепілдегіден әрдайым алшақтай бермейді, ал мұның өзі бұл модельді біздің нарық жағдайында қолдануды қиындатады.
1920 – 1950 жылдары Харрод және Домар модельдері нақты экономикалық өсу үрдістерінде байқалады, бірақ одан кейінгі кезең -дердегі даму бағытын талдауда Р. Солоудың неоклассикалық моделі неғұрлым табысты пайдаланылды.
Нобель сыйлығының лауреаты Р. Солоу өндірістік функция аппараты негізінде макроэкономикалық өсу модельдерін дайындау елеулі роль атқарады. 1956 жылғы ол ұсынған модель макроэконо -микалық өндірістік функция негізінде көптеген зерттеулердің пайда болуына себеп болды.
Харрод – Домар модельдерімен салыстырғанда Солоу моделі макроэкономикалық үрдістердің қасиетін неғұрлым анық сипаттай -ды, өйткені, оның мынандай ерекшеліктері бар:
- модельдің өндірістік функция сызықтық емес және шекті өнімділіктің кему заңын қамтып көрсетеді;
- негізгі капиталдың істен шығуын, тозуын ескереді;
- еңбек ресурстарының динамикасын және техникалық дамуын сипаттап және оның экономикалық өсуге әсерін анықтайды;
- тұтыну деңгейін ең жоғарғы сатысына жеткізу міндетін шешуге мүмкіндік береді. Солоу моделінің негізгі шарты мынандай:
- өндірістік функция мына түрде V = F(K,L); көлемнен тұрақты қайтарымдылық болады, былайша айтқанда F(ZK ∙ ZL) = ZF(K,L). Шектеулі өнімділік факторы жағымды, бірақ азайтады да. Капиталдың шығу көлемі W, жалпы көлемге пропорционалды: K : W = bk ; мұнда b - шығу (тозу) бірқалыптысы.
- қорлану бірқалыптылығы (инвестиция) а - тұрақты, инвестиция - j = av;
- табыс V, тұтыну мен инвестицияға бөлінеді: V = C + j;
- жұмысқа қамту саны L тұрақты n қарқынмен өседі;
- еңбексақтағыш техникалық прогресс g қарқында, былайша айтқанда шартты түрде жұмыстан босатылған жұмыскерлерге керісінше жүргізіледі: бір жұмыскердің тұрақты тиімділігі g қарқынмен өседі.
Жоғарыда келтірілген шарт бойынша өндірістік функцияны еңбек өнімділігіне У = VL және оның капитал мен қарулануына k = KL былайша айтқанда y = f(k) тәуелді деп қарауымызға болады. Және мына қатынастарды да пайдалана отырып:
V = F(K,L) = LF(K/L,1) = LF(K) осы қорытындыны айтуға болады.
Солоу моделі біздің жағдайдың шындығына жақын келеді. Онда ҚР – да кездесетін барлық факторлар ескерілген. Бірақ, мұнда да кейбір қайшылықтар жоқ емес. Мысалы, модельде былай айтылған: қамтылған жұмысшылар саны тұрақты қарқынмен өсіп отыруға тиіс, ал бідің нақты өмірде қарқын өзгермелі болып келеді және оған қоса жұмысқа қамтылған жұмысшылар саны өспеуі де мүмкін немесе керісінше азаюы да ықтимал.
Тағы бір маңызды маңызды сәйкес келмеушілік былайша, еңбек сақтағыш техникалық прогресс біздің елде енді ғана білініп келеді. Кобба – Дуглас моделінде айтылған ескерпелердей “техникалық прогресс” түсінігін біздің отандық емес, шетелдік ғылым және техниканың өсуі, ал бізде тек импорттық технология көрінісі ғана бар деп айта аламыз.
Өткен ғасырдың екінші жартысында экономикалық дамудың неоклассикалық моделі пайда болды. Бұл модельдің негізгі ерекшеліктері барлық экономиканың дамуына “импульс” беретін салалар кешенін құру болды. “Зор дүмпу” теориясы өкілдерінің бірі - А. Хиршманның “балансты емес экономикалық өсу” концепциясын қарауға болады. Осы теорияға сәйкес экономикалық өсу диспропорциясы мемлекетті инфрақұрылымдардың дамуына инвестиция салуына мәжбүр етеді, былайша айтқанда: көлік, жол, құрылыс және т.с.с. салаларға. Бұл концепция Қазақстан саясатында қаралады. Қаралып отырған осы теорияның кемшілігі мынада: қуаты толық пайдаланбай, шығынның өсуі нәтижесінде болатын жаңа диспропорциялардың пайда болуында екенін айтқан жөн.
Р. Лукастың экономикалық өсу моделі еңбек өнімділігінің өсуін, инвестицияны адам капиталымен байланыстырады. Мұнда өндіріс көлемінің икемділігі бұл факторға қатынасы - 0,4 – ке жетеді, былайша айтқанда адам капиталына жұмсалған қаржының 10% - ға артуы өндіріс көлемінің өсімін 4% - ға өсіреді. Осы талдауда экономикалық өсу икемділігін бағалау НИОКР – ге қатынасымен алынған. Мұның өзі 0,06 – 0,1. Бұл теорияның кемшілігі әртүрлі елдердегі өсуі қарқынына дифференциялау жасағанда, оған дәйекті түсінік берілмеген.
Ерекше ынта туғызатын М. Калецкийдің өсу теориясы. Ол барлық модельдер үшін бірыңғай жағдайдың болу мүмкіндігін жоққа шығарды. Мына жағдайды ол дәлелдеуге тырысты: әр әлеуметтік жүйе белгілі өсу теориясына және ұлттық табыстың өсу қарқынының сондай бір формуласына сәйкес келеді. Оның осы тәсілінің нәтижесінде арнайы бірінші реттегі маңызы, белгілі қоғамның әлеуметтік жағдайы үшін берілетіндігі өсу теориясын дайындауда ресейлік ғалымдардың еңбегінде ерекше көңіл бөлінген. (А.И. Ноткин, А.И. Анчишкин, Ю.В. Яременко), сондай – ақ отандық ғалымдар (С. Байзақов, А. Есентугелов, С. Қасымов және басқалары) біздің жағдай үшін экономикалық өсудің мәнін ашуға олар таяу қалды десек те болады. Бұл теориялық ой – пікір мұрасын біз қабылдап, қарулануымыз керек, егер біз қандай өсу теориясын табуға тиіспіз деген сұраққа жауап тапқымыз келсе.
Сонымен ұзақ мерзімді экономикалық өсу, тек сандық көлемде ғана емес, сапалық жағынан да жақсаруы керек. Мәселен, жоғары технологияны және инновацияны өндіріске енгізу экологиялық проблемаларды шешу және халық тұрмысының сапасын жақсарту негізінде өндіріс тиімділігін арттыру қажет болады. Сондықтан да Қазақстан экономикасы мемлекттің экономикалық өсу жағдайын дайын жасауға және оны қамтамасыз етуге тиімді араласуын қажет етеді.
2.2. Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштері.
Еліміздегі сыртқы экономикалық қолайлы конъюктура, ішкі әлеуметтік – экономикалық стратегия шараларын жүзеге асыру 2001 - 2006 жылдары ең маңызды макроэкономикалық көрсеткіштердің оң серпінін сақтап қалды. ЖІӨ көлемі 2006 жылғы жедел деректер бойынша ағымдағы бағалармен 9 738,8 млрд. теңгені құрады. Нақты ЖІӨ - нің 2005 жылмен салыстырғанда 10,6% болды. ЖІӨ 2005 жылмен салыстырғанда нақты көрсеткішпен 80,6% ұлғайды және қолайлы жағдайлар болған жағдайда ЖІӨ екі еселеу міндетіне 2007 жылдың өзінде – ақ қол жеткізуге болады.
Нақты ЖІӨ - нің өсуі экономиканың барлық салаларындағы өндірістің нақты көлемдерінің өсуіне негізделген. Тауар өндірісі құрылымында құрылыс көлемі 35,6%, ауыл шаруашылық көлемі 7,0%, өнеркәсіп көлемі 6,9%, оның ішінде кен өндіруде 7,0%, өндеуші өнеркәсіпте 7,3% өсті.
2001-2006 жылдар аралығындағы экономикалық жекелеген салаларындағы өндіріс көлемінің динамикасы, өткен жылғы жылғы %-бен
ЖІӨ өндірісіндегі негізгі үлесті өнеркәсіп құрайды (29,5%). Оның құрылымында 2006 жылға кен өндіру саласының үлесі 57,9% дейін ұлғайды, ал 2001 жылы кен өндіру және өндеуші өнеркәсіп салалары шамамен тең үлесті құрады (тиісінше 45,5% және 45,3%). Қызмет көрсету өндірісі мынадай салалардың былайша өсуімен сипатталады: қаржы қызметі 43,4%, байланыс қызметі 20,4%, сауда 9,8%, көлік 7,0%. ЖІӨ құрылымында үлкен үлесті әлі де қызмет көрсету алып отыр (52,5%), олардың үлесі ЖІӨ өндірісінің жартысынан тұрақты түрде асады. (1 - кесте).
Кесте 1
Жалпы ішкі өнімнің құрылымы, 2001 – 2006жж
Көрсеткіштер | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 |
ЖІӨ, барлығы | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 | 100 |
Тауар өндірісі | 44,9 | 43,8 | 42,9 | 42,5 | 43,6 | 44,0 |
Қызмет көрсету өндірісі | 49,4 | 50,5 | 51,8 | 53,4 | 52,6 | 52,5 |
Таза салық , ҚДЖӨҚ | 5,7 | 5,7 | 5,3 | 4,1 | 3,8 | 3,5 |
Қазақстандық экономиканың ішкі өсу факторларына макроэкономикалық саясатты тиімді жүргізуді жатқызуға болады, оның нәтижесінде негізгі капиталға салықтар көлемінің түсуі артады, жұмыссыздар деңгейі төмендейді, халықтың табысы өсе түседі.
Сол уақытта, қайта өңдеу өнекәсібіндегі байқалған он үрдістерге қарамастан, бірқатар факторлар әлі де айтарлықтай өндірісті тежеуде. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
- шығарылатын өнімге сұраныстың жеткіліксіздігін;
- бәсекеге қабілетті технологиялардың тапшылығын;
- қаржы қаражатының жетіспеуін;
- жоғары салықтарды;
- шикізатқа, материалдар мен шалафабрикаттарға жоғары бағаларды;
- білікті жұмысшылардың жетіспеушілігін.
2001 – 2006 жылдар ішінде негізгі капиталға инвестициялар 4 – 4,5 есе төмендеді.
Мұнда қор нарығы инвестициялық қызметке әзірге өте нашар жұмыс істеп отырғанын атаған жөн.
Экономикалық өсуді қолдау үшін Үкімет құрылымдық және институционалдық реформаларды жүргізді. Бұл халықтың табысы төмен жағдайдағы табиғи монополистердің көрсететін қызметтеріне тарифтердің күрт өсуі Үкіметтің сатылас тежеуімен жүзеге асырылды. Бұл инфляцияны бақылауға және онсыз да бәсекелестікке қабілеттігі нашар отандық өнімді соққыдан аман алып қалуға көмектесті.
Ел экономикасының өсуіне көбінесе кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігі ықпал етті. Дегенмен 2006 жылы олардың өсу қарқыны 2005 жылғы 22,1% - дан 2006 жылғы 10,6% - ға дейін төмендеді.
Негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқыны, өткен жылғы %-бен
Негізгі капиталға қаражат салымдарының негізгі көздері шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншік қаражаты (60,1%), шетелдік инвестициялар (19,7%), бюджет қаражаты (1,4%), заем қаражаты (7,8%) болды. Мұнай мен табиғи газ өндіру (32,9%), жылжымайтын мүлікпен операйялар (21,0%), көлік және байланыс (13,5%), және өңдеу өнеркәсібі (11,3%) инвестициялар салу үшін басым салалар болып табылады.
2006 жылы құрылыс жұмыстары мен қыызмет көрсету көлемі, толық бағалауды есепке ала отырып 2005 жылғы деңгейден 1,2 есе асты.
Қор нарығы 2006 жылы Қаржы министрлігі қазынашылық міндеттемелерді шығаруды көбейтті, бұл ең алдымен, ұлттық қордың жұмыс істеудің жаңа тетігін енгізуге орай бюджетті қаржыландырудың күтілген тапшылығына байланысты болды.
Қаржы министрлігінің қазынашылық міндеттемелерін шығару көлемі 2006 жылы 155,3 млрд. теңге болды, бұл өткен жылғы көлемнен 26,5% көп.
Қазіргі кездегі негізгі мақсат жаңа инновациялық кәсіпорындардың жетіліп дамуына жағдай жасайтын нарықтық механизмдерді барынша дамытып, экономиканың шикізат өндіру бағытынан қосылған құны жоғары, сапалы дайын өнім өндіруге бет бұрды. Ал, шикізаттық емес салалардың қарқынды дамуы үшін әрине үлкен реформалар керек, яғни, өңдеуші саланың дамуына жағдай жасау үшін салықты төмендету, ыңғайлы инвестициялық климат қалыптастыру, модернизациялық процесті жеделдету, еңбек нарығын тиімді пайдалану және тағы басқа шаралар қарастыру керек.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарасақ тәуелсіздік алған жылдардан бастап ЖІӨ құрылымындағы тауар өндірісі төмендеп келеді және 2005 жылы қызмет көрсету саласы ЖІӨ - нің негізгі бөлігін 52,2% құраған. Ауылшаруашылық саласы ЖІӨ үлесінде айтарлықтай 34 – тен 6,5% - ға дейін қысқарған. Құрылыстың үлесі 4,6% - ға төмендеп, ал өнеркәсіп саласы 9,7% - ға артқан. (2 – кесте).
Кесте 2
Қазақстан Республикасындағы ЖІӨ құрылымы
(қорытындыға пайызбен, ағымдағы бағаларда)
Тауар өндіру | 1990 жылы | 1995 жылы | 2000 жылы | 2005 жылы |
Оның ішінде: | 66,5 | 42,3 | 45,9 | 44,1 |
өнеркәсіп | 20,5 | 23,5 | 32,6 | 30,2 |
ауыл шаруашылығы | 34,0 | 12,3 | 8,1 | 6,5 |
құрылыс | 12 | 6,5 | 5,2 | 7,4 |
қызмет көрсету | 34,7 | 54,0 | 48,4 | 52,2 |
Мәлімет көзі: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі
Кесте 3
Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптің салалар бойынша құрылымы, %
Салалар | 1991 жыл | 2000 жыл | 2004 жыл | өзгеруі |
Мұнай өндіру | 2,2 | 38 | 41,2 | 39 |
Мұнай өңдеу | 2 | 3,3 | 3,9 | 1,9 |
Көмір өндіру | 3 | 1,5 | 1,5 | -1,5 |
Химия және мұнай химиясы | 6,3 | 1,2 | 1,4 | -4,9 |
Металлургия | 14,9 | 20,3 | 23 | 8,1 |
1 және 2 кестелерге қарайтын болсақ табиғи ресурстарды өндіруші салаларды ескермегенде іс жүзінде өнеркәсіптің барлық салалары қысқарған. Ал мұнай өндіру саласы 39% - ға артса, сол уақыт ішінде жеңіл және тамақ өнеркәсібін қоса алғанда 32% - ға қысқарған. Машина жасау өнеркәсібінің үлесі 8,4% - ға қысқарған. Кейбір салаларда талдап отырған аралықтағы жалпы төмендеуіне қарамастан 2000 жылдан бері қарай (химия, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау) біршама өсу деңгейі байқалды. Бірақта, олардың өсу деңгейі табиғи ресурстарды өндіру салаларына қарағанда айтарлықтай төмен. Кейбір зерттеулерге қарағанда 1999 – 2000 жылдары мұнаймен байланысты емес салалардың өсу деңгейі орта есеппен 6% шамасында құраса, ал мұнай өндіру саласынаң жылдық өсімі 24% - ды құраған.
Осылайша табиғи ресурстарды өндірумен байланысты өнеркәсіп секторының үлесі шын мәнінде өскен, сондай – ақ ЖІӨ құрылымындағы қызмет көрсету саласының да үлесі төмендеген. Олардың ішінде соңғы жылдары кейбірінің шамалы өсімі байқалады, алайда олардың өсімі шикізат ресурстарын өндіру саласына қарағанда тым төмен.
Жалпы экономикалық өсім негізінен шикізат өндіру мен қызмет көрсету саласының өсу нәтижесінен болып отыр. Экономиканың өнімділік деңгейі мен ғылыми – техникалық прогресті көтеретін қосылған құны жоғары өнімдерді шығаратын өнеркәсіп саласы қысқаруда немесе өте әлсіз дамуда.
Егерде осыларды ескере отырып, жалпы елімізді жер асты пайдалы қазба байлықтарынсыз қарастырсақ, онда 90 жылдардағы дағдарыс әлі де жалғасын табуы мүмкін еді және халықтың табыс деңгейі қазіргі кезге қарағанда бірнеше есе төмен болуы мүмкін болатын.
Алдағы 2 – 3 жылда шикізат саласындағы табыс бірден қысқаратын болса, онда халықтың табыс төмендеп, соның әсерінен жалпы сұраныс төмендейді. Сол кезде қызмет көрсету саласы ғана емес, сонымен қатар басқа да өнеркәсіп салалары төмендей бастайды және шетелдік инвесторлардың ынтасы жоғалады. Бұндай жағдайда қазіргі кездегі 14 млрд. АҚШ доллары шамасында жинақталған Ұлттық қор қаражаттары мен банктер, зейнеткерлік қорлар, сақтандыру компаниялары мен мемлекеттік даму институттары сияқты ішкі инвесторлар көмекке келуі мүмкін. Алайда олар қорландыру мен жинақтауда мамандығымен, экономиканың нақты секторын инвестициялауда тәжірибесі жоқтығын мойындауымыз керек.
2000 – 2006 жылдары қазыналық саясат әжептеуір ымырашыл болды. Республикаға валюта түсімдерінің негізгі көздерінің бірі болып табылатын тауарлар экспорты 2006 жылы 38,8 млрд. АҚШ долларын жуық болды, бұл 2005 жылғы көлемнен 37% артық. Экспорттың өсуіне Қазақстан экспортының негізгі баға факторы себепші болды.
Шикізат тауарлары экспортын негізінен шетелдік қатысуы бар кәсіпорындар жүзеге асырады, сондықтан экспорттан түсетін кірістердің өсуі нәтижесінде тікелей шетелдік инвесторларға төленетін дивиденттер көлемі айтарлықтай ұлғайы. 2006 жылы шетелдік инвесторлардың кірістері 7,6 млрд. долл. Асты, оның 5,7 млрд. төленген дивиденттер.
Тауарлардың таза экспортынынан түскен түсімдер өскен кезде ағымдағы операциялар шоттарының қалған баптары бойынша таза шығыстардың өсуі 2006 жылы ағымдағы шоттар тапшылығының кеңеюіне себепші болды.
Нәтижесінде 2006 жылы ағымдағы операциялар шотының теріс сальдосы 1.8 млрд. долл. Немесе ЖІӨ - нің 2,3% болды.
Жалпы Қазақстандағы экономикалық өсудің сандық көрсеткіштерін сипаттағанда мынадай ерекшеліктерді атап көрсетуге болады. Өсім көлемі кейінгі 4 – 5 жылда шамамен бір деңгейге тұрақталды және тікелей жоғары инфляциялық үрдіске пропорционалды тәуелділікте болды. Оны негізгі әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштердің индекстерін талдаудан байқауға болады. (4 – кесте).
Кесте 4
Негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштердің индекстері
Көрсеткіштер | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2005 | 2006 |
Жыл аяғындағы халық саны | 99,9 | 100,1 | 100,6 | 100,8 | 101,0 | 103,0 |
Жұмыспен қамтылғандар саны | 108,0 | 100,2 | 104,1 | 102,8 | 101,1 | 102,3 |
Жұмыссыздар саны | 86,1 | 88,5 | 97,3 | 98,0 | 97,2 | 97,9 |
Жұмыссыздық деңгейі | 10,4 | 9,3 | 8,8 | 8,4 | 8,1 | 7,9 |
Орташа айлық жалақы | 120,4 | 117,5 | 113,8 | 122,5 | 120,5 | 121,2 |
Жалпы ішкі өнім | 113,7 | 109,8 | 109,3 | 109,6 | 109,5 | 109,4 |
Түпкілікті тұтыну шығысы | 109,9 | 100,8 | 111,3 | 113,3 | 111,5 | 112,1 |
Өнеркәсіп өнімі | 113,8 | 110,5 | 109,1 | 110,4 | 104,6 | 103,4 |
Ауыл шаруашылық өнімі | 117,3 | 103,4 | 102,1 | 99,5 | 107,3 | 103,1 |
Негізгі капиталға инвестициялар | 144,7 | 110,6 | 116,6 | 123,1 | 122,2 | 121,4 |
Тұрғын үйлерді іске қосу | 123,7 | 103,9 | 136,6 | 124,5 | 184,2 | 170,1 |
Бөлшек сауда тауар айналымы | 115,7 | 108,2 | 109,8 | 118,2 | 113,4 | 114,2 |
ТМД елдерімен сыртқы сауда айналымы | 117,5 | 88,0 | 132,0 | 147,8 | 119,4 | 121,3 |
Сыртқы сауда айналымы, ТМД - сыз | 104,0 | 120,7 | 131,0 | 157,1 | 145,6 | 144,7 |
Мәлімет көзі: Қазақстан Республикасының статистикалық агенттігі
2006 жылғы қаңтар – наурыз 2005 жылғы тиісті кезеңге салыстырғанда ҚР – сы бойынша өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 102,1% өсті.
2005 жылғы әлемдік экономикалық форумның деректері бойынша, Қазақстан әлемдегі 140 мемлекеттің ішінен бәсекелестің өсу индексінде 61 орында екен. Бұл индекс үш индикаторды қамтиды: 1 – ші - өнім өндіру технологиясының іс жүзіндегі деңгейі, 2 – шісі - институттардың қалыптасып, қызмет істеу деңгейі, 3 – шісі - макроэкономикалық орта. Осы көрсеткіштер бойынша республикамыз технологиялық индекс жөнінен 77 – ші, қоғамдық институттардың дамуынан 76 – шы, макроэкономикалық ортаның қалыптасуынан 79 – шы орында.
Соңғы жылдарда Қазақстан экономикасында келеңсіз жағдай -лардың бірі – инфляция – айналымдағы ақшаның құнсыздануы тоқталмай келеді. Инфляция үрдісінің мынандай негативті тенденциясы тудырады. Қуаты және саны аз отандық қызмет көрсетушілер және тауар өндірушілер өз тауарының ассортиментін жақсартып, сапасын арттыру есебінен емес, өз өніміне бағаны көтеру арқылы өзіне тұрақты пайда алып келеді. Мұнвң өзі халықтың әл – ауқатын нашарлата түсетіні белгілі жай.
2006 жылғы наурызда тұтыну тауарлары мен қызметтердің бағасы өткен аймен салыстырғанда барлық өңірлерде өсті. Бағаның ең жоғарғы өсімі Павлодар облысында (1,4% - ға), Ақтөбе облысында (1,3% - ға), Қарғанды облысында (1% - ға), Атырау мен Оңтүстік Қазақтан облыстарында (0,9% - ға) бақалды.
2.3. Экономикалық проблемаларды эконометриялық модельдеу арқылы шешу.
Қазіргі уақытта экономикада шешім қабылдау экономикалық математикалық әдістердің кең шеңберіне негізделеді. Салалар мен кәсіпорындардың қызметін басқару, ресурстарды бөлу, дамудың ең жақсы вариантын таңдау, нарықтық коньюнктураны зерттеу, болжау, жоспарлау математикалық модельдеусіз жүзеге асырылмайды.
Нысандарды қаржыландыру мен несиелеу, материалдық және қаржылық баланстарды құру, ақша қаражаттарын салудың ең жақсы әдістерін табу, олардың өндіріс процесіндегі қозғалысына байланысты сұрақтарды шешуде экономикалық математикалық модельдеу ерекше орын алады.
Белгілі бір әлеуметтік экономикалық нысандарды экономикалық математикалық модельдеу, модельделетін нысанда жүріп жатқан процестер мен құбылыстардың мәнін дұрыс түсіне біліп, жүйелік амалды қолданғанда ғана тиімді болуы мүмкін. Осыған орай экономикалық математикалық модельдеу жүйелік талдау мен нысанның синтезін, шешімдерді қабылдаудың қағидалары мен амалдарын, ЭЕМ мен ақпараттық жүйелерді сауатты қолдануды талап етеді.
Әлеуметтік – экономикалық нысандар немесе процестер экономикалық математикалық модельдеудің осы және де атрибуттарымен өзара байланысты. Модельдеу процесінің қандай да бір міндетті құрамдас бөлігінің жоқ болуы әдетте құрылған модельдің тиімсіздігін туғызады немесе тәжірибелік есептеулер қолданылмайтындай етеді.
Дескриптивті модельдер экономикалық математикалық модельдер негізінде статистикалық модельдерді білдіреді, олардың сипаттамалары немесе параметрлері арасында қатынастарды орнату жолымен нысандарды зерттеуге арналған.
Дескриптивті модельдер фактілік үрдістердің ағымына араласпай, тек зерттеу үшін қолданылады. Бұл модельдерді қолданудың ауқымы жетерліктей кең.
Басқарусыз модельдерге ел экономикасы мен ұлғаймалы қайта өндірісті, халық саны мен тууды болжау, т.б. модельдер жатады. Әдетте олар нысан жөнінде жалпы түсінік береді. Модельденетін нысанда процестер агрегатталған түрде көрсетіледі және максималды жалпыланған болып келеді. Сондықтан басқарусыз модельдер мен модельдеу нысаны туралы толық түсінік берілмейді. Ол жалпы өзгерістер мен үрдістерді зерттеуге ғана жарамды.
Дескриптивті сапалы модельдерді құру модельденетін нысан жайлы арнайы ақпараттарың үлкен ағынын талап етеді. Осындай типті модельдерді құру үшін берілген нысан немесе модельдеу процесі саласының маманы болу керек. Әрине бұл жерде тек қана математикалық білім жеткіліксіз.
Дескриптивті модельдеудің маңыздылығы жоғары, олар құбылысты тұтастай, кешенді зерттеуге мімкіндік береді және объектілер мен процестердің жалпы, іргелі қасиеттерін орнатады.
Экономикалық математикалық модельдерді жасау - күрделі еңбекті көп қажет ететін процесс және ол бірнеше кезеңдерден тұрады: мақсат қою, оны формализациялау, модельдеу әдістерін таңдау, алынған шешімді талдау және модельді нақтылау, модельді практикаға енгізу. Осы кезеңдердің әрбірі кез – келген экономикалық математикалық модельді құру және тәжірибеде жүзеге асыру үшін қажет.
Мақсат қою. Бұл кезеңде модельденетін нысанның негізгі мақсаттары анықталып, есепті шығару шарттары айқындалады. Әдетте модельдеудің мақсаты модельденетін жүйенің бір немесе бірнеше процестерін зерттеуді қажет етеді. Бұл кезең модельдеу нысанын зерттеуден басталады, мысалы кәсіпорынды, оның өндірістік шаруашылық қызметін кәсіпорынның қызметін талдау кезінде біз ақпарат ағымының қозғалу бағыттарын, олардың өзара қарым – қатынасын, негізгі сипаттамаларын анықтаймыз. Атап айтқанда, кәсіпорынды басқарудың әр түрлі титегі ұйымдастырушылық құрылымдары, диспетчерлік графиктер, циклограммалар, материалдық ағымдарың қозғалыс схемалары және басқалар ақпарат ағымының қозғалыс схемалары болып танылады.
Мақсат қою - модель құрудың бастапқы және шын мәніндегі ең маңызды кезеңі, себебі бұл сатыда қабылданған шешімдер, мақсаттар, критерийлер кейін барлық модельдің тиімділігін анықтайды.
Мақсатты формализациялау. Формализация математикалық символдар мен белгілеулердің мазмұнын сипаттауға кіріспе, модельдеу мақсатын математикалық тілмен жазу деп түсіндіреді.
Модельдеу әдісін таңдау. Жоғарыда қарастырылған формализация процесі сызықтық бағдарламалаудың қарапайым есебіне әкеледі. Тәжірибе жүзінде одан да күрделі, көп жағдайда қандай да болмасын бір әдіспен шешуге мүмкін емес және бір мезгілде бірнеше экономикалық математикалық амалдарды қолдануды талап ететін күрделі есептер кездеседі.
Модельді құру процесі оның құрылымын, өзгермелілерін біржолата бекітуде, нақты мақсатты нұсқау мен мақсатқа жету критерийлерін анықтайды.
Модельдеудегі жүйелік амал. Модельденетін нысанның әр түрлі жақтары, қасиеттері мен параметрлерін есепке алмау қаупі бар немесе керісінше қажеті жоқ қасиеттерді есепке алу мүмкіндігін туғызады.
Қазіргі уақытта нысандарды зерттеу және модельдеу кезінде, олардың қасиеттерін бағалауға арналған көптеген ережелер мен әдістер жасалған. Бұл әдістер мен жолдардың жиынтығы жүйелік амал деп аталады.
Жүйелік амал экономикалық математикалық модельді құрудың аппараты немесе әдісі болып табылмайды, бұл - кез – келген нысанға қолдануға болатын ғылыми – зерттеу әдістемесі.
Нысанды модельдеудің мәнісі операцияларды белгілі бір кезектілікке жүргізу болып табылады. Жүйелік амалды жүзеге асыру үшін мынадай әрекеттерді орындау керек:
- Нысанның барлық басты және екінші дәрежедегі ерекшеліктері мен қасиеттерін анықтап, зерттеу;
- Оларды белгілі бір кезектілікке бірінен соң бірін орналастыру;
- Олардың өзара байланысы мен байланыс сипаттамаларын көрсету;
- Нысанды зерттеу мақсатын немесе модельдеу мақсатын нақты қою;
- Мақсатқа жету критерийлерін анықтау;
- Қойылған мақсатқа сай зерттеу немесе модельдеу кезінде есепке алынуы тиіс негізгі ерекшеліктер мен қасиеттерді таңдау;
- Мақсатқа жету әдістері мен құралдарын жасау;
- Осыған қажетті ресурстарды анықтау;
- Зерттеуді немесе модельдеуді жүзеге асыру.
Жүйелік амал модельдеудің әр түрлі варианттары мен тәсілдерін талдауға, қайсыбір математикалық аппараттардың қолданымын зерттеуге мүмкіндік береді. Жүйелік амалды қолдану тиімді экономикалық математикалық модельдерді модельденетін нысанның ерекшеліктері мен белгілеріне қарай, модельдеу мқсаты мен қолданылатын құралдарына байланысты макро және микроэкономикалық, теориялық және қолданбалы, статистикалық және динамикалық, оптимизациялық модельдер деп кластарға бөлуге болады.
Макроэкономикалық модельдер материалдық және қаржылық көрсеткіштерді өзара байланыстыра отырып, экономиканы біртұтас сипаттайды, мысалы, өндіріс көлемі мен инвестициялар, жұмысқа қамту мен пайыздық мөлшерлеме және басқалары.
Микроэкономикалық модельдер экономиканың құрылымдық және функционалдық құрамдас бөліктерінің өзара қарым – қатынасын немесе нарықтық ортада осындай жеке құрамдас бөліктің мінез – құлқын суреттейді. Біздің елімізде көп уақыт бойы оптимизацияға негізделген модельдеудің нормативтік амалы басым болды.
Теориялық модельдер экономиканың жалпы қасиеттерін және сипаттас элеметтерін формальды алғышарттардан дедукциялық қорытынды арқылы зерттеуге рұқсат етеді. Қолданбалы модельдер нақты экономикалық нысанның қызмет ету параметрлерін бағалауға және практикалық шешім қабылдауға мімкіндік береді.
Статистикалық модельдерде нақты мерзімдегі немесе уақыт кезеңіндегі экономикалық нысанның жағдайы сипатталады; динамикалық модель статистикалық қатардың жай саласы емес, ол экономикалық процестердің барысын анықтайтын күштер мен өзара қарым – қатынасты бейнелейді. Динамикалық модельдер әдетте дифференциалданатын және вариациялық есептеудің айырмашылықтық теңдеулердің аппаратын қолданады.
Біз жұмыс негізінде динамикалық модельдерді пайдалануды көзделетіндіктен, біз модельдің бұл типіне көбірек тоқталамыз.
Динамикалық модельдер. Көптеген экономикалық көрсеткіштерді талдауда жыл, тоқсан, ай, күн сайынғы мәліметтер жиі қолданылады. Мысалы, ЖҰӨ, ЖІӨ, таза экспорт көлемі, т.б. жөніндегі жылдық мәліметтер, өнім сатудың көлемі жайлы айлық мәліметтер болуы мүмкін. Рационалды талдау үшін сәйкес статистикалық мәліметтерді алу кезеңдерін жүйелеу керек. Бұл жағдайда мәліметтерді алу уақытына қарай реттеп, уақыттық қатарларды құру қажет. Мысалы: У көрсеткіші зерттелінсін делік. Оның ағымдағы кезеңдегі t уақыттағы мәні Уt арқылы белгіленсін; келесі кезеңдердегі У мәні Уt + 1, Уt + 2,..., Уt + к,... белгіленеді; алдындағы кезеңдердегі У – тің мәні Уt - 1, Уt - 2,..., Уt - к,... болып белгіленеді.
Осындай көрсеткіштердің арасындағы тәуелділікті зерттеуде немесе түсіндіруші өзгермелілер ретінде олардың уақыт аралығында дамуын талдағанда өзгермелілердің ағымдағы мазмұны ғана емес, сонымен қатар уақыт бойынша алдындағылардың кейбірі қолданылады, сондай – ақ Т уақытының өзі.
Әдетте динамикалық модельдерді мынадай топтарға бөледі:
- Үлестіру лагі бар модельдер – лагтік айнымалылары ретінде тәуелсіз өзгермелілер енгізілетін модельдер.
- Авторегрессиялық модельдер – теңдеулеріне лагтік өзгермелілер ретінде тәуелді өзгермелілер енгізілетін модельдер.
- Трендтік және тренд – циклдік модельдер.
Үлестіру лагі бар модель жалпы алғанда мынадай түрде болады:
Yt = α – β0 xt + β1 xt-1 + … + вk xt-k + εt
Мұндағы:
Үt - нәтижелік фактор
xt - түсіндіруші фактор
xt-1… xt-k - түсіндіруші фактордың лагтік мәндері
εt - кездейсоқ ауытқу
α;β - бағаланатын параметрлер
t - ағымдағы уақыт
k - лаг ұзындығы
Үлестіру лагі бар модельде b0 қысқа мерзімді мультипликатор деп аталады, себебі ол түсіндіруші фактор 1 бірлікке өзгеруінен сол мерзімдегі Ү – ң орта мәнінің өзгерісін сипаттайды. коэффициенттерінің қосындысын ұзақ мерзімді мультипликатор деп атайды, өйткені ол қарастырып қарастырып отырған әр бір уақыт кезеңіндегі түсіндіруші фактордың 1 бірлікке өзгерісінің Ү – тің орта мәніне әсерін сипаттайды. (h < k) коэффициенттерінің кез келген қосындысын аралық мультипликатор деп атайды.
Үлестіру лагі бар модельдің параметрлерін бағалау үшін, түсіндіруші фактордың ағымдағы мәндерінен гөрі, лагтік мәндері күштірек әсер ететін жағдайда икемді бейнелеуге мүмкіндік беретін Алмон процедурасын қолданады.
Алмон моделінің негзінде модельдегі βi коэффициенттерінің салмақтары белгілі дәрежеде і – лагінің көлемінен полиномалар арқылы аппроксимациялау мүмкіндігінің болжамы жатыр.
βі = а0 + а1і + а2і2 + ...аmim
Полином дәрежесінің таңдауы қарастырып отырған экономикалық процестің экономикалық көрсеткіштерінің функционалдық арқатынасының талдауына негізделеді. Мысалы, 1 – дәрежелік полином таңдауы лагтік фактордың нәтижелік факторларға әсері уақыт ағысымен кемитінін білдіреді. 2 – дәрежелік полином таңдауы лагтік фактордың нәтижелік факторға әсері мерзім басында өсіп, кейін кеміген жағдайға тән, т.с.с. a 0; a1; a2; … a m мәндері ЕКӘ арқылы анықталады. Мұнда ε t - кездейсоқ ауытқулар ЕКА алғышарттарын қанағаттандыруы қажет.
Авторегрессиялық модельдің жалпы түрі:
Y t = β 0 + β 1 x t + γ Y t – 1 + ν t
Мұндай модельдерді жеке жағдайда ЕКА арқылы бағалауға болады. Бірақ, көп жағдайда классикалық ЕКА қолдану қанағаттандырарлықтай нәтиже бермейді. Әдетте бұл мұнадай себептерге байланысты болады:
- xt- кездейсоқ ауытқулар арасында автокорреляция болу
мүмкіндігі;
- нәтижелік фактордың лагтік мәнінің кездейсоқ ауытқумен
корреляциялануы.
Бұл жағдайда ЕКА арқылы алынған коэффициент бағалаулары ауытқыған және орнықты емес болып келеді.
Көрсетілген корреляцияны тегістеуге мүмкіндік беретін, авторегрессиялық модельді бағалау әдістерінің кең тараған түрі – құралдық өзгермелілер әдісі болып табылады. Бұл әдістің негізгі идеясы: кездейсоқ ауытқумен коррецияланатын нәтижелік фактордың лагтік мәнін кездейсоқ ауытқумен корреляцияланбайтын құралдық өзгермелілер алмастыру болып отыр.
Трендтік және - циклдік модельдер. “Тренд” түсінігі әдетте динамикалық модельді сипаттайтын көрсеткіштің біртіндеп өзгерунің белгілі бір үрдісін бейнелейді.
Динамикалық модельді талдауда мерзімдік тербелістерді сипаттайтын циклдік түсінігі және кездейсоқ ауытқу компонентте, алдын – ала белгісіз факторлар немесе себептер әсерінен динамикалық модельдің бір мерзімді өзгерістерін белгілейді. Кездейсоқ ауытқуларды жою үшін динамикалық модельді тегістеу жүргізіледі.
Жалпы түрде динамикалық модельдің мұндай түрі бірнеше құрамдас бөліктері бар аддитивті нысанда келтіруі мүмкін:
Y t = U t + V t + E t + Z t + η t
Y t - нәтижелік фактор, оның мәндері динамикалық қатар құрады;
U t - динамикалық модель тренді;
V t - циклдік компонент;
E t - кездейсоқ компонент, ол белгісіз себептер әсерінен қалыптасады;
Z t - динамикалық модель элементтерінің салыстыруын қамтамасыз ететін компонента;
η t - басқарушы компонент, оның көмегімен болашақта тілеулі траекторияны құру мақсатымен динамикалық модельге әсер етуге болады.
Динамикалық қатарды зерттеу әр түрлі мақсатпен жүргізіледі, сондықтан қолданылатын әдістер мен математикалық модельдер қойыл,ан мақсатқа тәуелді болады. Егер де көрсеткіштің өзгерісін, оның трендін және оның сәйкес динамикалық қатармен белгіленген бағалаулары арқылы анықтау қажет болса, онда зерттеуге U t компонентасы алынады. Циклдық құрамдасты зерттеу қажеттілігі болғанда, V t компонентасына көңіл бөлінеді. Сонымен, циклдік және трендтік компоненталар өзара байланысып, бір – біріне әсер етеді. Трендтік, циклдік және кездейсоқ компоненталарды жеке есептеу процесі – фильтрация деп аталады, ал трендтік компонентаны циклдік компонентамен бірге бағалануы – тегістеу деп аталады. Мұнда (U t + Vt) мәндерінің трендін циклдік динамикалық немесе мезгілдік қатар деп аталады. Белгілі бір экономикалық жүйені басқару үшін әдейі енгізілетін басқарушы компонентаны де белгілеу қажет. Оның әсер ету нысандары, әдетте әрбір жүйе түріне сәйкес бола тұра, белгілі бір ақпаратқа ие болуды талап етеді.
Динамикалық процесс талдауы мынадай түрдегі схемамен көрсетуге болады:
- Z t компоненттерімен түзетілетін нәтижелік фактор туралы ақпарат, егер мұны салыстыру шарттары талап етсе;
- басқару компоненты 0 – ге тең;
- үнем компоненты есептелінеді;
- мерзімдік компонент есептелінеді;
- кездейсоқ компонент бағалануы жүргізіледі.
Динамикалық модельдер көмегімен жобалау. Уақыт қатарының статистикалық талдауының түпкі мақсаты зерттеулі көрсеткіштің болашақ мәндерін жобалау болып келеді. Мұндай жобалау, біріншіден, экономикалық деректерді алдын – ала білуге; екіншіден, құрастырылған регрессиялық модельдің тұрақтылығын талдау. Болжауды зерттеулі көрсеткіштің уақыттағы өзгерісінің және оның өткен мерзімдегі мінез – құлқын болашаққа экстрополяциялаудың негізінде немесе көрсеткіштің болашақ мәндерін бақылауға, болжауға болатын экономикалық факторларға тәуелділігі негізінде жасауға болады.
Болжауды ұзақ және қысқа мерзімді деп бөлеміз. Ұзақ мерзімді трендті анықтаған соң, әдетте зерттеулі көрсеткіш мәндерінің трендтен ауытқуын тудыратын факторларды бөліп алуға тырысамыз. Қысқа мерзімді тербелістерді болжау үшін, зерттеулі көрсеткіштің әрекетін анықтайтын көрсеткіштердің көп түрін анықтау мақсатымен тереңірек регрессиялық талдау жүргізіледі.
Тәуелді өзгермелінің болашақтағы болжамын жасағанда, алдымен түсіндіруші өзгермелінің болжамын анықтап алу керек. Бұл кешеннің міндеті өте тривиалды емес, ол талдауды тұрақтылыққа тестілеудің жүргізу мүмкіндігін жояды. Ондай жағдайда болжауды бағалау үшін болжамның салыстырмалы қатесі және стандартты ортақ квадраттық қате сияқты қарапайым көрсеткіштері қолданылуы мүмкін.
Қорытынды
1993 жылдың қарашасынан бері дербес макроэкономикалық саясат ұстағанымызға 12 жылдан асса, нарықтық қатынастарға өтуге кіріскенімізге 14 жыл толды. Терең дағдарыстан есімізді жинай бастауымыз алтыншы жылды алқымдапқалды. Базалық нарықтық институттар қалыптасып, соған саәйкес заңдар қабылданды. Инфляцияның қатерлі деңгейі ауыздықталып, банк секторы аяғынан нық тұрды, ұлттық валютаның курсын реттеу құралдары меңгеріліп, қаржылық тұрақтандыруға қол жеткізілді. Экономиканы алға сүйрелеуші локомотив ретінде минералдық ресурстар өндірісі мен экспорты басымды түрде дамыды. Дүниежүзілік шикізат нарығында Қазақстан үшін оңтайлы бағалар конъюктурасы қалыптасып, соның арқасында елдің төлем балансының оң сальдосы мүмкін болды. Ақша – несие саясатымен қатар ббджет – салық саясаты да уақтылы реформаланып, ұлттық капитал қорланды. Макроэкономикалық тұрақтандырудың қысқа мерзімдік салыстырмалы формасы орнықты. Өндірістік - құрылымдық реформалардың аяқталма -ғандығынан сапалы экономикалық өсуіміздің шарты ретіндегі шынайы макроэкономикалық тұрақтандыруға қол жеткіздік деп айту әзірге ерте. Бұл мақаланың мақсаты – қазіргі экономикамыздың шынайы келбетін, бірқатар бекем және осал тұстарын көрсету.
Республика экономикасының шикізаттық бағдарлануынан туындайтын голландтық синдром белгілерінің асқынуы еліміздің алдына жаңа міндеттер қойғаны белгілі “Голландық синдром” концепциясы экономикалық әдебиетте елдің табиғи ресурстарды игеруі, өндіруі және экспорттауы арқасында шынайы айырбас курсының артуы салдарынан әуелде сыртқы бәсекелестік эрозиясының орын алуын, соңында елдің өндірістік базасының әлсіреуін сипаттауда пайдаланылатындығын ескерте кетейік. Бұл синдромды жеңілдететін экономикалық саясаттың бірнеше шаралары бар. Солардың маңыздысы - ұзақ мерзімдік ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан экономиканың оңтайлы құрылымын қалыптастыру үшін оны диверсикациялау қажеттілігі. Осы тұрғыда және Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүше болудың қарсаңында сыртқы сауданы ырықтандыру (либерализациялау) жүргізілуі тиіс. Басты реттеу құралда -рынынң бірі – валютаның айырбас курсы.
Әлеуметтік бағдарланған экономиканы құру үшін мүмкіндігінше өркениетті нарықтық қатынастар қалыптастырылуы керек. Соңғысының орын алуы үшін дүниежүзілік еңбек бөлінісінде бәсекелестікке қабілетті экономкасы бар мемлекет атануымыз қажет. Бұл мақсатты жүзеге аыру үшін индустриялық – инновациялық стратегияға сай сервистік – технологиялық келешегі жоғары салаларды дамыту көзделгені белгілі.
Бүгінгі уақытта жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсуі, инфляция қарқынының төмендеуі, ресми жұмыссыздықтың азаюы сынды макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша елеулі жетістіктерге жеттік. 1999 жылдан бері олар тек оң сипатқа ие. 1999 – 2005 жылдар аралығында ЖІӨ өсунің орташа жылдық қарқыны 9 – 10 пайызды құрайды. Инфляцияның жылдық деңгейі 1999 жылғы 13,2 пайыздан 2005 жылы 7 пайызға дейін төмендеген. Ресми жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді тұрғындар санына шаққанда, сәйкесінше 14 пайыздан 8,6 пайызға түскен, 2004 жылы өндіруші саладағы өсу 12,7 пайызды, өңдеуші салада 8,9 пайызды құрады. 2005 жылдың көрсеткіштері де позитивті болатыны анық. ЖІӨ - нің физикалық көлемі дағдарысқа дейінгі деңгейге жеткізілді.
Алайда, экономиканың нақты секторында шикізаттық бағдар күшеймесе, әлсіреген жоқ. Қазақстан экономикасы сыртқы нарықта тек мұнай, қара және түсті металдар экспорында бәсекелестік қабілеттігі бар. Олардың жалпы экспорттағы үлесі 80 пайыздан асады. Астық (бидай) экспорты қалпына келе бастағанмен, оның үлесі төмен және климаттық жағдайларға тәуелді. ЖІӨ құрылымындағы мұнай – газ секторының үлес салмағы 50 пайызға таяу болса, жалпы экспорттағы ішкі мүнайдың ғана үлесі 57 % - ға жетіп жығылады. Тікелей шетелдік инвестициялардың (ТШИ) ішінде мұнай – газ секторына 63 пайыздық үлес тиесілі.
Теңгенің бекіне бастауы әлпетінде, қаншама парадосальды көрінгендігімен, экономиканың тиімділігі кемуде деген пікір де орынды. Өңдеуші өнеркәсіп саласының өзіндік құны артып, сәйкесінше, рентабельділігі төмендеуде. Мәселен, 2004 жылы дайын өнімді өткізудің өзіндік құны алынған кірістің 79 пайызын құрады. Сонымен қатар, өндіру саласында да материалдық және еңбек ресурстарын тьиімді пайдалану төмендеген. Бұл доллардың теңгеге шаққандағы курсының төмендеуінің арқасында өздерінің түсімін доллармен есептейтін компаниялардың ұтылуында деп білу қажет. Осы саладағы өзіндік құн деңгейі 2003 жылғы 44 пайыздан 2004 жылы 65 пайызға дейін көтерілген. Мұнай бағасының дүниежүзілік нарықта айрықша шарықтап кетуінің (ағымдағы жылдың ақпан айының басында 1 баррель мұнайдың бағасы 65 долларға жетті) оң жағы - республиканың сыртқы айналысының көлемін ұлғайтудың, нәтижесінде сауда сальдосының артуынан көрінсе, теріс жағы - сол мол валюталық түсім қайтадан қымбат, бірақ моральдық жағынан дамыған елдер үшін ескірген, біз үшін жаңа инвестициялық тауарларды импорттауға бағытталуында, мәселен алыс шетелдермен оңдай тауарлардың импорты 2004 жылы 56 пайыздан асқан.
Біздің іс жүзінде елдегі кедейшілік пен жұмыссыздық ауқымын қысқартуға қол жеткізгеніміз айрықша маңызды. Біздің басты жетістігіміз қазақстандықтардың өмір сапасының жақсаруын есептеймін.
Осы, әсіресе соңғы жылдары да бұл салада секіріс жасалды. Бүгін мен қазақстандықтардың тұрмысын жақсартудың дәйекті саясаты өзінің нақты жемістерін берді деп мақтанышпен айта аламын. Соған орай тек кейбір цифрларды келтірейік.
Егер 1994 жылы ұлттық валютаны енгізгеннне кейін халықтың жан басына шаққанда жалпы ішкі өнім 600 доллардай шаманы құраса, келесі жылдың өзінде біз бұл көрсеткішті он есе ұлғайта отырып психологиялық та, экономикалық та тұрғыда өте маңызды алты мың долларлық табалдырықтан аттаймыз.
Бұл кезеңде орташа айлық жалақы бірнеше есе өсіп, 334 долларға жетті. Ең аз жалақы 15 есе өсті. Ардагерлердің зейнетақысы айтарлықтай көтерілді.
2007 жылғы қаңтардан бастап мемлекеттік қызметшілерге, мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкер -леріне жалақы орташа есеппен алғанда тағы 30 пайызға арттырылатын болады.
Біздің іс жүзінде елдегі кедейшілік пен жұмыссыздық ауқымын қысқартуға қол жеткізгеніміз айрықша маңызды. Соңғы он жылда кедейшілік деңгейі төрт есе қысқарды. Жұмыссыздық екі есе төмендеді.
Кез келген дерлік үйге кіріп, әл – ауқаттың жақсарғанын көруге болады. 15 жылда орташа қазақстандық отбасының теледидар, тоңазытқыш, кір жуу машинасы секілді тұтыну тауарларымен қамтамасыз етілуі екі еседен төрт есеге дейін өсті. Оның үстіне бұлар бәсекеге қабілетсіз кеңестік тауарларды ығыстырып шығарған осы заманғы жоғары сапалы техникалар.
Егер тапшылық дәуірінде кеңестік өндірістің автомобильдері тек жекелеген отбастарында болса, бүгінде осы заманғы автомобиль әрбір үшінші отбасында бар. Оның үстіне бұлар бүкіл әлемге танымал маркалардың автомобильдері.
Кез келген отбасы әл – ауқатының негізі тұрғын үй мәселесін жүйелі түрде шешуді бастадық.
Бүгінде елдің тұрғын үй қоры төрт миллиард шаршы метрден астам ауқымды құрайды. Бұл ретте, 247 миллион шаршы метр жеке меншіктікі, ал 1991 жылы бұл цифр 87 миллион шаршы метрді құрған болатын.
Қазақстандықтардың тұрғын үй жағдайын одан әрі жақсарту үшін мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы қабылданды және іске асырылуда. Оны іске асыру нәтижесінде 12 миллион шаршы метр пайдалануға беріліп, қазақстандық 195 мың отбасы қоныс тойларын тойлауға мүмкіндік туғызады және бұл жеке құрылысты есептемегеннің өзінде.
Қазақстанда нақ осылай тұрғын үй ешқашан салынған жоқ!
Демографиялық салада ахуалдың соның ішінде бізде аса елеулі проблема саналған табиғи өсімнің есебінен, тұрақты түрде жақсарғаны байқалады.
Мемлекеттік инвестициялар дәйекті түрде артып келе жатқан білім жүйесінде де орасан өзгерістер жасалды. Егер дағдарысты 1993 жылы ол 249 миллион долларды құраса, 2006 жылы білімге екі жарым миллиардтан астам доллар инвестиция салынды. Осыған орай, біз он үш жыл ішінде білімге жұмсалатын шығынды он еседен астамға арттырдық. 2001 жылы мектептерді компьтерлендіру аяқталды. Қазіргі уақытта мектептердің 82,2 пайызы, кәсіптік мектептердің 52 пайызы және колледждердің 83 пайызы Интернет желісіне қосылды.
Тек 2005 жылдың өзінде президенттік “Болашақ” бағдарламасының аясында 1756 адам стипендия алды.и Енді біз жыл сайын үш мыңға жуық адамды шет елдерге оқуға жіберетін боламыз.
Қазіргі уақытта ғылымды дамытудың 2007 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленуде. Оның мақсаты - ғылым саласының халықаралық деңгейдегі секірісін және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруін қамтамасыз ете алатын сапалы жаңа деңгейге көшіру болып табылады.
Тұтастай алғанда, біз ғылымды қаржыландыруды 25 есеге арттыру жөнінде міндет қойдық. 2012 жылға қарай ғылымға бөлінетін жылдық қаржы көлемі 350 миллиард теңгені құрайды. Бұл ішкі жалпы өнімнің барлық көлемінің бес пайыздан сәл астамы.
Ұзақ мерзімді стратегияның, айқын мақсаттың және осыларға жоғары кәсіпқой саясаттың болуы Қазақстан табысының маңызды факторларының біріне айналды.
Бұл орайда, мен әзірлеу жөніндегі шешімді 1995 жылдың өзінде қабылдаған “Қазақстан - 2030” Стратегиясының қабылдануы айрықша рөл атқарды. Нақ осы стратегия оған қол жеткізу жолындағы ұлттық мақсаттар мен басымдықтар жүйесін айқындайды.
Талдаулар көрсетіп отырғандай, біздің стратегиямыз барынша табысты орындалуда, ал бірқатар бағыттарда, тіпті алға озып кетті.
Қол жеткізген табыстарға иек арта отырып, біз таяудағы ондаған жылдардың ішінде алдымызға әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына кіру жөнінде өршіп міндет қойдық. Дамудың жеті басым бағыты бөліп көрсетіледі, оның іске асырылуы аталған міндеттің шешілуіне мүмкіндік туғызбақ.
Бірақ ұлттың бәсекеге қабілеттілігі және еліміздің “50 – лік клубына кіруі - аясы тар мақсат емес.
Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі - бұл әрбір қазақстандықтың, барша қоғамның және тұтастай мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі.
Әлбетте, біздің бәсекеге қабілеттігімізді құрудың басты шарты нарық пен инновациялардың тиімділігі бизнестің даму дәрежесі, технополистерді құру болып табылады.
Сондықтан да елімізді кезең – кезеңмен индустриялық дамыған елдердің қатарына кіруге дайындауға тиіс. 2003 – 2015 жылдарға арналған еліміздің арнайы Индустриялық – инновациялық стратегиясын әзірледік.
Біз осы міндет төңірегінде топтасуымыз керек. Оны шешудің барлық мүмкіндіктері бар.
“Қазына” орнықты даму қоры - біртұтас холдингіне біріккен мемлекеттік даму институттарының жүйесі құрылды. Даму институттарының инвестициялық жобалар портфелі жалпы сомасы 3,7 миллиард долларлық қуатталған 144 жобаны құрайды.
Экономиканың одан әрі дәйекті дамуы үшін белсенді кәсіпкерлік орта, жоғары технологиялық тауарлар мен қызметтер өндірісін нысана еткен бизнес қажет.
Мемлекет бұған жан – жақты мүмкіндік туғызуда. 2008 – 2009 жылдар ішінде біз кезең – кезеңімен ҚҚС ставкасын 15 –тен 13 – 12 пайызға дейін төмендетеміз. 2008 жылдан бастап біз әлеуметтік салық ставкасын шамамен 30 пайызға төмендетеміз. Бұл шаралар кәсіпкерлердің өз қызметтерін дамытуда көбірек қаражат жұмсауларына мүмкіндік береді.
2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандықтардың барлығы өз табыстарының 10 пайыз мөлшерінде салық төлейтіні белгілі.
Біз сондай – ақ жетекші ұлттық компаниялардың тиімділігін және корпоративтік басқару деңгейін арттыру үшін олардың мемлекеттік активтерін бере отырып, “Самұрық” мемлекттік холдинг компаниясын құрдық.
Біз ұлттық инновациялық жүйені қалыптастырудамыз. 2015 жылға дейінгі мерзімге есептелген нақты бағдарлама әзірленіп, қабылданды.
Жалпы құны 84 миллиард теңгеге бағаланатын 54 жобаны іске асырып жатқан ұлттық инновациялық қор құрылды. Капиталдануының жалпы көлемі шамамен 700 миллион долларлық отандық және шетелдік венчурлық қорлардың жүйесі қалыптасты.
Технологиялық ақпаратты таратуға және инновациялық серіктестерді іздеуді жүзеге асыруға мүмкіндік туғызатын электрондық мәліметтер азасы, технологиялар трансфертінің қазақстандық желісі іске қосылды.
Біз Еуропадан Қытайға, Жапонияға және Оңтүстік Шығыс Азияға қысқа телекоммунациялық бағытқа айналатын Ұлттық ақпараттық супермагистраль құру жобасын табысты іске асыруға тиіспіз.
“Электрондық үкіметті” құруды аяқтауға біздің қазақстандық тұңғыш жерсерігінің мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға тиіспіз. Біз еліміздің аумағы мен жер қойнауларының мониторингін қамтамасыз ететін екінші жерсерігін ұшыруға тиіспіз.
Қазақстанның өркендеуі экономиканың орасан әлеуетке ие энергетикалық саласын жаңарту мен тиімді пайдалануға көп тәуелді болмақ.
Қазіргі уақытта біздің еліміз табылған мұнай қоры бойынша әлемдегі алғашқы ондыққа кіреді. ОПЕК – ке кірмейтін елдер ішінде Қазақстан мұнай қоры жөнінен екінші орынды иеленеді.
Біз оңтайлы, тепе – тең және мөлдір саясат жүргізуді маңызды санаймыз және ұлттық мүдделерді есепке ала отырып, Қазақстанның әлемдік энергетикалық қауіпсіздікке өз үлесін қосатын келешегі зор, сенімді халықаралық әріптес ретіндегі беделін одан әрі нығайта беруге ниеттіміз.
Егер де мемлекет жеткілікті инвестициялар мен технология -ларды тарту және оларды халықаралық рыноктарға жеткізу жолдарын шешіп бермегенде табиғи ресурстардың өзі ештеңеге тұрмайтын естен шығармауымыз керек.
Барлық межелерге қол жеткізуде, соның ішінде одан әрі экономикалық өсу және ұлттың әл – ауқатын арттыру көп жағдайда біз Қазақстанның ұллтық қауіпсіздігін қагшалықты қамтамасыз етуімізге қатысты болмақ.
Ал бұл белең алып келе жатқан тұрақсыздығы бізді алаңдата - тын Азиядағы қаціпсіздікке тікелей қатысты.
Таяу Шығыстағы және Ауғанстандағы ұзаққа созылған қақтығыстар тұрақтылықтың елеулі қатері ретінде қалуда. Иран төңірегіндегі күрделі геосаяси ахуал қалыптасуда.
Оларға қарсы күрестің қазіргі заманғы тәсілдеріне икемделетін халықаралық лаңкестік пен діни экстремизм проблемасы тереңдеуде.
Қазақстанның ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ шеңберіндегі интеграциялық үрдістерге белсенді белсенді түрде қатысуы жаңа қыр көрсетулерге қарсы күресте үлкен мәнге ие.
Ең таяу уақыттарда Қазақстанның және жақын көршілеріміздің өмірлік мүдделері саласында Қазақстанның Орталық Азиядағы ұзақ мерзімді стратегиясын әзірлеуге және қабылдауға тиіспіз.
Барша орталықазиялық өңірінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мейлінше қолдау көрсету біздің ұлттық мүдделерімізге сай келеді. Бұл біздің стратегиялық мақсаттарымызға қол жеткізуімізге мүмкіндік береді.
Әлбетте, инновациялық экономиканы құру және елдің технологиялық секірістің басты шарты адам дамуы болып табылады.
Сондықтан да біздің басымдықтарымыз ғылым мен білімнің инновациялық жүйесінің дамуымен, денсаулық сақтау саласының қазіргі заманғы қағидаттары мен стандарттарына өтуі, ұлттың мәдени және рухани әлеуетінің өркендеуін қамтамасыз етумен есептеледі.
Экономиканың өркендеуімен бірге мәдениет пен өнердің, қазақ тілінің, халқымыздың дәстүрлері мен өмірлік философиясының гүлденуі тең қатар жүруі тиіс.
Өкінішке орай, қазіргі өркениеттің күйреуі біздің уақытымыздың сипаттарының біріне айналуда.
Қазақстан Еуразия жүрегінде, ислам, христиандық және буддизм сияқты әлемдік үш дінің түйіскен тұсында орналасқан және біздің қоғам дүние жүзіне түрлі мәдениеттер мен өркениеттердің бейбіт қөатар өмір сүруінің бірегей өнегесін көрсетуде.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Н.Қ. Мамыров., М.Ә. Тілеужанова. Макроэкономика: Оқулық. Алматы “Экономика”, 2003 жыл.
- Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Қазақ халқына жолдауы.
- Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика: Учебник. – МГУ, Дис”, 1997 год.
- Күлекеев Ж.Ә., Есенғалиева К.С., Тастандиева Н.Б. Микро макроэкономика терминдерінің орысша – қазақша сөздігі. Алматы, 1995 жыл.
- Мамыров Н.Қ., Есенғалиева К.С., Тілеужанова М.Ә. Микроэкономика. “Экономика”, 2000 жыл.
- Ж. Дильдебаева., “Экономика негіздері”, №2 (14), 8 – 11 бет, 2006 жыл.
- “Әлемдік экономика” , 5 том. Я. Тинберген, Х. Бос.
- Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жінісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория: Оқулық. Алматы – Ақтөбе, 2002 жыл.
- С. Райымқұлұлы ., Г. Утемисова ., Г. Жұманова. Экономикалық теория негіздері: М.О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент 2006 жыл.
- Қ.Қ. Ілиясов., С. Құлпыбаев. Қаржы: Жоғары оқу орындарына арналған оқулық, Алматы 2005 жыл.
- Негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштер 2006 – 2007 жыл.
- Осипова, Г. Михайловна ., “Экономикалық теория негіздері”. Оқу құралы. Алматы, 2002 жыл.
- Я. Тинберген, Х. Бос., “Экономикалық өсудің математикалық модельдері”.Экономика. Әлемдік классика. (10 томдық). М.Б. Кенжеғозин.
А.Қ. Қошанов. Алматы 2004 жыл.
- Оспанов, С. “Экономикадағы сызықтық модельді талдаудың матеммтикалық әдістері”. Алматы, 2006 жыл.
15.Әлжанова, Н. Шәріпқызы., “Экономикалық математикалық әдістер”. Алматы, Қазақ университеті, 2006 жыл.
- Сарварова, А. ХХІ ғ. Қазақстанның экономикалық даму модельдері. Статистика и учет. 2002 жыл №2.
- Нұрғалиев, Ө. Қазақстанның экономикалық өсу ерекшеліктері. Азия – транзит. 2007 жыл №3.
- Ж. Дильдебаева, “Экономикалық проблемаларды эконометриялық модельдеу арқылы шешу”. Экономика негіздері, 2006 жыл №2(14).
- Л: А. Бимендиева, Ш.П. Жылжақсынова., “Экономикалық өсу – ұлттық экономиканың қызмет етуінің нәтижесі ретінде”. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы 2004 жыл №6(46).
- А. Айтжанова., Н. Тілегенов., “Жаңа даму кезеңінде ұлттық экономиканы дамытудың мароэкономикалық көзқарасы”, Саясат 2007 жыл №3.
- Ө. Нұрғалиев., “Қазақстанға қандай даму үлгісі қажет”. Аль – Пари 2007 жыл № 5 – 6 (86 – 87), мамыр – мусым.
- Ж. Байпақбаев., “Қазақстан экономикасы: қазіргі келбеті және диверсикациялайдың қажеттілігі”,. Саясат 2006 жыл №5.
- Ө. Нұрғалиев., “Қазақстанның экономикалық өсу ерекшеліктері”. Аль – Пари 2007 жыл. №3 - 4 (84 – 85).
- К. А. Мадыханова., “Еліміздегі макроэконмикалық ахуал мен сыртқы қарыз жағдайының өзара байланысы”. Қаржы – қаражаты 2007 жыл.
- Н.Ә. Назарбаев, “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан”, Егемен Қазақстан, 2007 жыл.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024