Осы жылы Қазақстандағы автокөлік базары қиын-қыстау кезеңді бастан өткізді. Бірақ баяғыдай арзан автокөліктер көп сатылып жатыр. Біз алдыңғы айдағы ең арзан 7 автокөлікті назарларыңызға ұсынамыз.
Daewoo Matiz
[caption id="attachment_75570" align="aligncenter" width="640"] Фото: motor.kz[/caption]Daewoo Matiz. Бұл қолжетімді автокөлік қатарына жататын дүниелердің бірі. Осы машинаны автокөлік базарынан 1 млн 559 мың теңгеге сатып ала аласыз. Жыл басында бұл автокөліктің бағасы 1 059 000 теңге болған.
LADA Granta
[caption id="attachment_75571" align="aligncenter" width="650"] Фото: photos-b-kl.kcdn.kz [/caption]Екінші орында LADA Granta автокөлігі. Өзінің арзан бағасына байланысты бұл машина қазақстандық автокөлік базарында сатылымы бойынша алдыңғы орындарда тұр. Ең қарапайым моделі 1 669 000 теңге көлемінде. Бұл автокөліктің де Daewoo Matiz сияқты жайлылық жағынан кемшілігі болғанымен, қауіпсіздік жастығы бар.
Geely CK
[caption id="attachment_75572" align="aligncenter" width="1000"] Фото: virazh.kz[/caption]Geely CK - біздің тізімдегі көліктердің ішінде Қазақстанда құрастырылған жалғыз қытайлық автокөлік. Автокөлікті ресми дилерлері 1 млн 930 мың тенгеге бағалап отыр. Темір тұлпардың артықшылығы ABS пен желдеткіші бар.
LADA Kalina
[caption id="attachment_75573" align="aligncenter" width="640"] Фото: strg1.nm.kz[/caption]4-орында тағы да бір LADA автокөлігі тұрақтады. Хэтчбектің негізгі құны 2 млн 13 мың теңгеге бағаланды. Негізгі артықшылығы қауіпсіздік жастығы бар.
LADA Priora
[caption id="attachment_75574" align="aligncenter" width="640"] Фото: strg1.nm.kz[/caption]Ең арзан машиналар тізімінде LADA Priora автокөлігі де бар. Бағасы 2 млн 38 мың теңге. Седанның 1,6 литрлі 16 клапандық моторы бар. Жиынтығында қауіпсіздік жастығы мен ABS бар. Сонымен қатар, орталық құлып, алдыңғы терезе көтергіші бар.
DAEWOO Nexia
[caption id="attachment_75575" align="aligncenter" width="800"] Фото: today.kz[/caption]Келесі кезекте DAEWOO Nexia автокөлігі. Қазіргі уақытта бағасы 1 млн 996 000 теңгені құрайды. Бұл еш жиынтықсыз құны. Ал егер сіз толық жабдықталған автокөлік алғыңыз келсе 2 млн 500 мың теңгеге сатып алуыңызға болады. Толық жабдықтың ішіне қауіпсіздік жастығы, рульді күшейткіш, ABC кіреді.
DAEWOO Gentra
[caption id="attachment_75576" align="aligncenter" width="1000"] Фото: autokost.kz[/caption]Ал арзан автокөліктер тұғырында 7 орынға орналасқан темір тұлпар DAEWOO Gentra. Қазіргі таңда бұл автокөліктің бағасы 2 млн 595 мың теңгені құрайды. Бұл бағаның ішінде толық жабдықталғанымен қоймай ABC және қауіпсіздік жастықтары орналасқан. Ұзындығы 4 метр болатын автокөлікке АИ 91-ден жоғары жанармай қажет.
Дінмұхаммед Алдаберген