Данила Смирнов 2009 жылдан бастап "Альфа Банк" АҚ-ның Басқарма төрағасы. 1969 жылы 8 маусымда туған. Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасының банктік саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Қатардағы экономисттен банк басшысының деңгейіне дейін көтерілген.
Білімі: 1996-1997 жылдар аралығында „Әлемдік экономика“ мамандығы бойынша РФ Үкіметі жанындағы Қаржы Академиясын, 1994-1996 жылдар аралығында "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша РФ Үкіметі жанындағы Қаржы Академиясы, 1986-1994 жылдар аралығында «Биотехникалық және медициналық аппараттар мен жүйелер» мамандығы бойынша Н. Э. Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік Техникалық Университетінде оқыған.
Қызметтік карьерасы:
1992-1996 жылар — Ресей Ұлттық Коммерциялық Банк, Филиалдар мен мекемелер бөлімінің экономисті, Жинақтық талдау мен аудит департаменті Аудит бөлімінің жетекші экономисті
1996-1997 жылдар — „Менатеп“ Банк, Қарыз құралдарының әдістемесі секторының бастығы, Қарыз міндеттемелерін есепке алу және әдістемесі бөлімінің бастығы, Қаржылық қарыздық құралдар орталығы бастығының орынбасары
1997 жылдар — «Нефтяная Компания „ЮКОС“ ААҚ, Әскери-техникалық ынтымақтастық дирекциясының Ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы.
1997-2000 жылдар — «KPMG» ЖАҚ, банктік аудит бөлімінің аға аудиторы.
2000-2001 жылдар — «Банк Австрия Кредитанштальт» ЖАҚ (Халықаралық Мәскеу Банкі), Аудит бөлімінің бастығы.
2002—2004 жылдар — «KPMG» ЖАҚ, Аудит бөлімінің менеджері.
2004—2008 жылдар — «Альфа-Банк» ААҚ, Ішкі аудит басқармасының бастығы.
2008 жылдың 28 қазаны мен 2009 жылдың 9 ақпаны аралығында — «Альфа-Банк» ЕБ, АҚ, Қаржы Директоры.
2009 жылдың 10 ақпанынан бастап осы уақытқа дейін — «Альфа-Банк» ЕБ, АҚ Басқармасының Төрағасы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024