Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

7kun анықтамасы: Данила Смирнов

7kun анықтамасы: Данила Смирнов

Данила Смирнов 2009 жылдан бастап "Альфа Банк" АҚ-ның Басқарма төрағасы. 1969 жылы 8 маусымда туған. Ресей Федерациясы және Қазақстан Республикасының банктік саласында 20 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. Қатардағы экономисттен банк басшысының деңгейіне дейін көтерілген.

Білімі: 1996-1997 жылдар аралығында „Әлемдік экономика“ мамандығы бойынша РФ Үкіметі жанындағы Қаржы Академиясын, 1994-1996 жылдар аралығында "Халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша РФ Үкіметі жанындағы Қаржы Академиясы, 1986-1994 жылдар аралығында «Биотехникалық және медициналық аппараттар мен жүйелер» мамандығы бойынша Н. Э. Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік Техникалық Университетінде оқыған.

Қызметтік карьерасы:

1992-1996 жылар — Ресей Ұлттық Коммерциялық Банк, Филиалдар мен мекемелер бөлімінің экономисті, Жинақтық талдау мен аудит департаменті Аудит бөлімінің жетекші экономисті

1996-1997 жылдар — „Менатеп“ Банк, Қарыз құралдарының әдістемесі секторының бастығы, Қарыз міндеттемелерін есепке алу және әдістемесі бөлімінің бастығы, Қаржылық қарыздық құралдар орталығы бастығының орынбасары

1997 жылдар — «Нефтяная Компания „ЮКОС“ ААҚ, Әскери-техникалық ынтымақтастық дирекциясының Ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы.

1997-2000 жылдар — «KPMG» ЖАҚ, банктік аудит бөлімінің аға аудиторы.

2000-2001 жылдар — «Банк Австрия Кредитанштальт» ЖАҚ (Халықаралық Мәскеу Банкі), Аудит бөлімінің бастығы.

2002—2004 жылдар — «KPMG» ЖАҚ, Аудит бөлімінің менеджері.

2004—2008 жылдар — «Альфа-Банк» ААҚ, Ішкі аудит басқармасының бастығы.

2008 жылдың 28 қазаны мен 2009 жылдың 9 ақпаны  аралығында — «Альфа-Банк» ЕБ, АҚ, Қаржы Директоры.

2009 жылдың 10 ақпанынан бастап осы уақытқа дейін — «Альфа-Банк» ЕБ, АҚ Басқармасының Төрағасы.

Похожие материалы