Астана. 20 қыркүйек. 7kun.kz - Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестиция және даму бірінші вице министрі Роман Скляр айтты, - деп хабарлайды 7kun.kz тілшісі.
Вице-министрдің айтуынша, машина жасаудың деңгейі - ұлттық өнеркәсіптің технологиялық даму көрсеткіші болып саналады.
«Өздеріңіз білесіздер, машина жасау саласы ең күрделі және дифференцияланған саланың бірі. Сондықтан да болар, машина жасау ісі мемлекеттік реттеу шараларына мұқтаж. Бәсекенің жоғарылығына қарамастан, бұл саланың болашағы жарқын. Оған мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау сеп», — деді бірінші вице-министр.
Бұл салаға мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында басымдық берілген. Бағдарлама жүзеге асырылған алғашқы бес жыл ішінде машина жасау - ең қарқынды дамыған сала болып танылды. Осы уақыт аралығында өндіріс көлемі 2,3 есе артып, 2010 жылғы 376 млрд теңгеден 2014 жылы 870 млрд теңгеге бірақ жетті. Өңдеу өнеркәсібі саласындағы отандық машина жасау ісінің үлесі 9,7%-дан 14,8%-ға дейін артты. Жалпы алғанда индустриализация жылдарында машина жасау саласында жүзден астам жоба жүзеге асқан.
Индустрия және даму министрлігі келтірген мәліметтер бойынша, 2018 жылдағы 8 ай ішінде машина жасау өндірісінің көлемі 638,1 млрд теңгені құрады. Өндіріс өсімі 13,8 пайыз. Машина жасаудағы ең қарқынды көрсеткіш - автомобиль шығару ісінің еншісінде. 8 ай ішінде құны 117,7 млрд теңге болатын 19 мың автокөлік шығарылған. Бұл - өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 1,6 есеге артық.
Р. Склярдың айтуыншаа салалы мемлекет тарапынан реттеу механизмдері Қазақстан тәуелсіздігін алған кезден басталған. Бұл қолдау саланың ғана емес, ел мен әлемдік экономикадағы жағдайға қарамастан үзілмеген. Мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауға балама ретінде Кәсіпкерлік, Кеден және Салық кодексіне қосымшалар енгізілді.
Машина жасау ісін ынталандыру мақсатында мемлекет кәсіпорын мен тұтынушыларға жеңілдікті несие де ұсынады. Мысалы «Бәйтерек» ҰБХ арқылы көптеген қызметтерді пайдалануға болады. Атап айтқанда кәсіпорын құру және жаңартуға қаржы бөлу, банк несиелерін толықтай немесе ішінара субсидиялау бар.
«Осыған байланысты мысал ретінде жеңілдікпен автонесиелеу және лизинг бағдарламаларын атауға да болады. Бұл бағдарламалардың арқасында экономикалық өсім көрсеткіші төмендеп тұрған кезде отандық өнімге деген сұранысты арттырып, елдегі автокөлік құрастыру зауыттарының еңсе тіктеуіне мүмкіндік берілді», — деді Р. Скляр.
Мұнымен қатар, «Казақинвест» арқылы экспорттауда қолдау көрсету шараларын атауға болады. «Бәйтерек» ҰБХ тарапынан да индустриалдық жоабаларды ынталандыратын көптеген шаралар бар.
Вице-министр машина жасау саласын дамыту мақсатында биыл Инвестиция және даму министрлігі мен ҚР машина жасаушылар одағы бірлесіп «2019-2030 жылдарға арналған машина жасаудың кешенді даму жоспарының» жобасын дайындады. Оны мемлекеттік органдар, даму институттары мен бизнес өкілдері Қазақстан машина жасаушыларының VI форумы аясында талқылады.
Инвестиция және даму вице-министрі сөзінің соңында қарқынды дамып келе жатқан бұл салаға мемлекет тарапынан реттеу қажеттігін және бұл бизнесті қолдау құралдарына қол жетімділікті арттыру керектігін баса айтты.
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024