Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz — Қытайдың Great Wall Motor және немістің BMW компаниясы Қытайдағы Mini электрокөліктерін бірлесіп өндіру бойынша хаттамаға қол қойды.
Автокөлік өндірушілер жаңа энергия көздері үшін әлемдегі ең ірі автокөлік нарығы болып саналатын Қытайдағы бірлескен кәсіпорын ашу мүмкіндігін талқылайды, деп жазады The Great Wall. Компанияларға жаңа зауыттың орналасуы, сондай-ақ оның құрылысына салынған инвестиция көлемі сияқты мәселелерді шешуіне тура келеді.
Өнеркәсіп сарапшыларының айтуынша, жаңа жоба Great Wall мен BMW компаниясына экологиялық қауіпсіз автомобильдер нарығының үлесін кеңейтуіне жол ашады.
Great Wall компаниясының штаб-пәтері Баодинде орналасқан. Ол жыл сайын 1 млн бірлік сатылымға ие Қытайдың ең ірі автокөлік өндірушісі болып есептеледі.
BMW 2017 жылы Қытайда 372 мың автокөлік шығарды. Оның ішінде 35 мыңы Mini маркасымен өндірілген.
Қытай автокөлік өнеркәсібі қауымдастығының мәліметтері бойынша, 2017 жылы елімізде жаңа энергия көздері арқылы 777 мың автомобиль сатылды. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 53,5 пайызға артық.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024