Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Теңге позициясын қалпына келтіре бастады

Теңге позициясын қалпына келтіре бастады

Алматы. 12 сәуір. 7kun.kz - Ұлттық валюта құлдырағаннан кейін Қазақстан қор биржасында (KASE) долларға қатысты күшейе бастады, деп хабарлайды LS.

Таңертеңгі сауда қорытындысы бойынша, 12 сәуірде америкалық валютаның орташа сараланған бағамы 1 доллар үшін 329,96 теңгені құрады (-0,92 теңге).

Kurs.kz сайтына сәйкес, Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттерінде америкалық валюта 1 доллар үшін 329-330 теңгеге сатылады.

ICE мәліметтеріне сәйкес, Brent маркалы мұнай 12 сәуірде барреліне 72,2 долларға сатылды.

Бұған дейін теңге рубльдің соңыннан 1,8 пайызға әлсіреді. Сондай-ақ, соңғы күндері долларға қатысты 10 пайызға төмендеді.

Соған байланысты Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев қазақстандықтарға теңгенің әлсіреуін түсіндірді.

«Қазақстанның жеткілікті жақсы макроэкономикалық көрсеткіштерін ескере отырып, теңгенің ауытқуы әлсіреу мен күшею бағытында да орын алуы мүмкін. Курстың ағымдағы құбылмалылығы нарыққа да, психологиялық компонентке де ие», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Похожие материалы