Алматы. 21 мамыр. 7kun.kz - 11 мамырдағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір аптаның ішінде 0,7%-ға (328,85-тен) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 326,4 теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты.
Түрік лирасы 2,1%-ға (4,23-тен 4,32-ге дейін) әлсіреді. Валюта аптаны әлсіреуден бастады, алайда Түркия президенті Р.Т.Эрдоғанның ұлттық валютаның ағымдағы құны іргелі факторларды көрсетпейтіні туралы, сондай-ақ Түркиянің Орталық банкі басшылығының жоспардан тыс кездесуінен кейін бағамды тұрақтандыру үшін ықтимал өктемдіктер туралы орын алған алыпсатарлық туралы мәлімдемесі әлсіреуді тоқтатты.
Бразилия реалы Бразилияның Орталық банкі төрағасы Илан Голдфайнның 6,5%-дық нысаналы инфляцияға қол жеткізуге қатысты түсініктемесінен кейін реттеушінің базалық мөлшерлемені азайту арқылы монетарлық саясаттың ықтимал жұмсаруы туралы алыпсатарлық аясында 2,0%-ға (3,53-тен 3,60-қа дейін) әлсіреді;
Мексика песосы 0,8%-ға (19,27-ден 19,42-ге дейін) әлсіреді;
Үндістан рупиясы 0,7%-ға (66,87-ден 67,33-ке дейін) әлсіреді;
Индонезия рупиясы бір апта бойы бір АҚШ доллары үшін 13 945-13 960 рупий деңгейдегі шектерде айтарлықтай өзгеріссіз саудаланды;
Ресей рублі әлемдік нарықтарда мұнай құнының өсуі есебінен 0,8%-ға (62,46-дан 61,93-ке дейін) нығайды;
Оңтүстік Африка рэнді өткен аптадағы шығыстарды орнынан келтіріп, 1,9%-ға (12,50-ден 12,26-ға дейін) нығайды.