АҚШ заңнамасына сәйкес президенттің бір жылдық жалақысы 400 000 долларды құрайды. Жалақыдан бөлек жыл сайын президенттің тұрмыстық қажеттіліктеріне 50 000 доллар, іс сапарға 100 000 доллар және жеке қажеттілігі үшін 19 000 доллар көлемінде қосымша қаражат беріледі. Өз кезегінде президент адал еңбегімен тапқан жалақысының бір бөлігін көмекке мұқтаж жандарға, оның ішінде онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарға, ардагерлерге беріп, қайырымдылық шараларға жиі атсалысып тұрады. Саяси дәстүрге айналған мұндай қайырымдылық шараны әрбір АҚШ президенті келер ұрпақтың және өзінің де мұқтажсыз, еркін өмір сүруі үшін орындауға міндетті. Америкада әр төрт жыл сайын жаңа президент сайланады. Президенттің жалақысы белгілі, ал экс-президенттердің табысы қандай?
Американың федералды заңдары бойынша экс-президенттерге лоббистика арқылы жұмыс істеуге тыйым салынған. Себебі АҚШ-тың бұрынғы президенті лоббистиканың көмегімен өзінің дәрежесін пайдаланып, кейбір мемлекеттік институттарға өз иелігін жүргізсе, Американың политикалық саясатына кесірін тигізуі мүмкін.
Дегенмен заң экс-президентке жеке кәсіппен айналысуға тыйым салмайды. Америкада өзінің жұмыс тәжірибесімен, еңбек жолымен бөліскісі келмейтін, еңбек жолындағы естеліктері арқылы пайда табуды көздемейтін экс-президент кемде-кем.
Линдон Джонсон сынды демократтан бастап көшбасшылардың барлығы дерлік көптеген бизнес құрылымдарының өкілдерімен кездесу өткізіп, белгілі бір сомаға дәріс оқып, кәсіпкерлерге кеңес береді. Бір қызығы, бұл кездесу ресми түрде бизнес, қаржы саласына байланысты шара ретінде емес, экс-президенттен авфтограф алып, “шәй ішу” үшін арналған шара деп аталады екен.
Президенттердің ішінде кездесулердің саны бойынша Рональд Рейган мен Джордж Герберт Уокер Буш жетекші орынды иемденеді. Рейганға қарағанда Джордж Буш ұзақ уақыт бойы мұнай кәсібімен айналысып, өз кәсібін Конгрестегі техастық заң шығарушылардың арқасында дамытты. Ал Рональд Рейган туралы көптеген кітаптар жазған Кирон Скиннердің сөзінше, Рональд күн сайын білікті бизнесмендермен кездесулер ұйымдастырған, ал онымен кездесу үшін кәсіпкер бірнеше ай бұрын кезекте тұрған. Жалпы Рональд Рейган қызметінен босатылғаннан кейін ресми түрде “Ақ үйден” “Рональд және Нейганның қорына” 13 жылдың ішінде 40 млн доллар аударылған.
Экс-президенттер үшін бұқаралық ақпарат құралдары да табыстың жақсы көзі саналады. Олар газет-журналдарға, телевизиялық бағдарламаларға берген сұхбаты, мақаласы үшін қомақты көлемде қаржы алады. Мысалы, Билл Клинтон дүниежүзілік бұқаралық ақпарат құралдарына Америка саясатындағы “зұлымдық” туралы ақпарат бергені үшін 1 млн доллар көлемінде табыс тапқан. Ал 2001-2015 жылдар аралығында Клинтонның отбасы жоғары оқу орындарында дәріс оқып, халықаралық конференциялар мен жеке кездесулердің арқасында 153 млн доллар тапты. Егер экс-президент президенттік қызметін атқарып жүріп, қоғам арасында дау, келеңсіздік туғызған болса, журналистер бірінші кезекте сол тұлғадан сұхбат алуға ұмтылады. Мұндай саясаткерден сұхбат алу үшін журналистер біраз шығындалып та жатады. Мысалы, британдық журналист Дэвид Фрост экс-президент Ричард Никсонмен сұхбаттасу үшін арнайы бағдарлама түсірген. Бағдарламаның әр бөліміне журналист Никсонға 200 000 млн доллар төледі. Сұхбат барысында экс-президент Уотергейт оқиғасы үшін кешірім сұрады.
Егер экс-президенттердің барлығы пайда көру үшін сұхбат беріп, мақала жазады деп ойласаңыз, қателескеніңіз. Экс-президенттердің ішінде кіші Джордж Буш өзіне қатысты ақпаратты оңайлықпен бермейді, әрі сұхбат беруге бірнеше миллион долларды ұсынса да келіспейді. Негізінен, кіші Джордж Буш өзінің өмірі, естеліктері жайлы жазылған кітаптарының арқасында жақсы табысқа кеңелді.
Барак Обама да Джордж Буш секілді өзінің өмірі, естеліктері, президенттік қызметі жайлы жазылған кітаптардың көмегімен қаржы табады. Барак Обаманың кітаптарын жариялау үшін баспа оған 30 млн доллар көлемінде гонорар төлеген. Барак Обамаға дейін бірде бір президенттің кітаптары дәл осылай жоғары бағаланбаған.
Билл Клинтон мен кіші Джордж Буш гонорарын қоса есептегенде, екі басшы кітаптарының арқасында 4,5 млн доллар тапқан. Жалпы Барак Обама келешекте өзіне тиесілі кітапхана мен зерттеу орталығын ашуды жоспарлайды. Кітапхана мен орталықта экс-президенттің сегіз жыл бойғы еңбек жолы, атқарған қызметі жайлы материалдар сақталады. Кейбір БАҚ-тың дерегінше, Барак Обаманың отбасы бүгінгі күнге дейін 240 млн доллар көлемінде табыс тапты. Бұл Клинтон және Буштың отбасына қарағанда үш есе жоғары көрсеткіш.
Айару Өтенбаева "7"
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024