Қазақстанда 2015 жылдың қаңтар айында тіркелген жеңіл автокөліктердің саны 63,741 мың бірлікті қамтыды, бұл өткен жылғы осы айдағы көрсеткіштен 51,7%-ға артық деп хабарлайды Қазақстанның Экономика министрлігінің статистика комитеті.
Қаңтарда тіркелген жеңіл машиналардың көбісінің жасы 10 жылдан артық (24,729 мың бірлік). Бұдан әрі "өзге автомобильдер" (13,449 мың бірлік) және 3-7 жыл бұрын шығарылған автокөліктер (10,406 мың бірлік).
2015 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша жалпы республикада 4,082 млн бірлік жеңіл автокөлік бар екен.
Похожие материалы
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024