Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz - «Айқын» газеті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универистеті журналистика факультетінің төрт студентіне бір реттік шәкіртақы берді.
Айта кетейік, биыл «Айқын» газетінің шыға бастауына 13 жыл толды. «Мүшел жасқа» орай газет ұжымы «13 жылдыққа – он үш шара» атты бастама көтеріп, түрлі шаралар ұйымдастыруда. Оның алғашқысы медиа саласының өкілдері арасында өткен шахмат турнирі болды. Кеше бастама аясында «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп бастаған ұжым мүшелері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті ұжымы, студенттерімен кездесті. Кездесу барысында айқындықтардың талабы зор төрт студентке бір реттік шәкіртақы тағайындағаны белгілі болды. Оның бірін газет қызметкері Айдана Нұрмұхан анасының құрметіне өз атынан табыс еткен.Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024