Экономика
Медиа
«Айқын» газеті төрт студентке шәкіртақы тағайындады
Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz - «Айқын» газеті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универистеті журналистика факультетінің төрт студентіне бір реттік шәкіртақы берді.
Айта кетейік, биыл «Айқын» газетінің шыға бастауына 13 жыл толды. «Мүшел жасқа» орай газет ұжымы «13 жылдыққа – он үш шара» атты бастама көтеріп, түрлі шаралар ұйымдастыруда.
Оның алғашқысы медиа саласының өкілдері арасында өткен шахмат турнирі болды.
Кеше бастама аясында «Айқын» газетінің бас редакторы Нұртөре Жүсіп бастаған ұжым мүшелері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультеті ұжымы, студенттерімен кездесті. Кездесу барысында айқындықтардың талабы зор төрт студентке бір реттік шәкіртақы тағайындағаны белгілі болды. Оның бірін газет қызметкері Айдана Нұрмұхан анасының құрметіне өз атынан табыс еткен.