АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ (диплом)
Нарықтық қатынастар аясының кеңеюі, экономиканы басқару жүйесіндегі соңғы уақытта жүргізіліп жатқан өзгерістер аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жүйедегі орны мен рөліне айтарлықтай ықпалын тигізді. Осыған орай аймақ экономикасын басқару, олардың дамуын мемлекет тарапынан реттеу мәселелері өзекті бола түсері сөзсіз.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың ең басты мақсаты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында: « ... қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы ілгерілеу серпіні – біздің экономикамыздың өркендеуінің, сындарлы әлеуметтік саясатымыздың және тұрақты саяси жүйеміздің тиімділігінің айқын айғағы» - деп көрсетілгендей, мемлекетте жүргізілген саясаттың нәтижесінде Қазақстанның аймақтары әлеуметтік-экономикалық дамуда ілгерілей бастады [1]. Республикамыздың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі бір орынды ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық бірлікті құрайды. Сондай-ақ әр аймақтың өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастырудағы ерекшеліктері, экономикалық даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Соған байланысты аймақтық саясат қалыптастырылып, жүзеге асырылады. Аймақтық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік басқару мәселесі ерекше маңызға ие болары ақиқат. Бүкіл әлемде мемлекеттік басқару тиімділігін көтеру міндеті үлкен мәнге ие болуда. Бірақ барлық мемлекеттер қолдану үшін оңтайлы болып табылатын әмбебап үлгі жоқ, әрбір мемлекет тарихи дамуының белгілі бір кезеңінде өзінің ұлттық ерекшеліктеріне сай келетін ыңғайлы үлгіні жасақтауы тиіс. Мұның барлығы да өз еліміздің және шет мемлекеттердің даму тәжірибелерін тереңірек талдау, ой елегінен өткізу міндеттерін жүктейді. Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік –экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады. Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, бюджетаралық қатынастарды реттеу мәселелері еліміз аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін негізгі шарттар ретінде қарастырылуда. Осы аталып өткен мәселелер дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға негіз болды.
Аймақтық саясат мақсаты – маңызды инвестициялық жобаларды жүзеге асыру арқылы аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері арасындағы айырмашылықты азайту. Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру инфрақұрылымды, шаруашылық іс-әрекетті жақсартады, ал бұл өз кезегінде халықтың өмір сүру деңгейін көтереді.
Аймақтық саясаттың негізгі қағидаттары:
- республикалық мүдделерді аймақтық мүдделерден, әлеуеттілердің ағымдағылардан басымдығы;
- территориялық орналасуына байланысты аймақтардың табиғи байлықтарын тиімді қолдану;
- артта қалған аймақтарды іріктеп, олардың экономикасын сол жерде кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизмдерін құрып, шаруашылық жүргізуші субъектілерді ынталандыру арқылы көтеру;
- мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар аймақтарды дамыту басымдығы.
Аймақ дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - аймақтардың тұрақты экономикалық өсуіне мүмкіндіктер жасау негізінде бүкіл республика экономикасының өркендеуіне жол ашу болып табылады. Көздеген мақсатқа жету - мемлекеттік және аймақтық мүдделердің бірлігін, олардың ұштастырылуын көздейді.
Дипломдық жұмысының мақсаты – аймақтардың әлеуметтік –экономикалық даму ерекшеліктерін, аймақтық саясаттың жасақталу барысын, оның жүзеге асу бағыттарын, аймақ экономикасын басқарудың бүгінгі күнгі өзекті мәселелерін зерттеу болып табылады. Осыған орай дипломдық жұмыста аймақтардың қазіргі кезеңдегі даму ерекшеліктеріне басты назар аударылды.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылды:
- Қазақстан Республикасындағы аймақтық дамудың ерекшеліктерін айқындау;
- аймақтық саясатты жүзеге асару құралдарын саралау;
- Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларын, оның ішінде Маңғыстау облысының жағдайын сипаттау;
- Қазақстан аймақтарын әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлері бойынша топтастыру арқылы, аймақтық саясатты жүзеге асырудың негізгі бағыттарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде жалпы экономиканы басқарудың аймақтық астары, аймақтық саясатты жүзеге асару құралы ретіндегі басқару мәселелері қарастырылған.
Жұмыстың екінші бөлімінде Қазақстан аймақтарының, Маңғыстау облысының әлеуметтік- экономикалық жағдайына талдау жасалынып, соның негізінде аймақтық саясаттың аймақтардағы жүзеге асу барысы талданды. Ал үшінші бөлімде аймақ экономикасын басқаруды жетілдірудің негізгі бағыттары мен жолдары айқындалды.
Дипломдық жұмысының қорытынды бөлімінде жұмысты орындау барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдар жазылды.
1 АЙМАҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Мемлекеттің аймақтық саясаты: мәні, мақсаты, міндеттері
Қазақстандағы аймақтық жоспарлаудың теориялық негіздері. Нарықтық қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жағдайында радикалды экономикалық реформалардың ғылыми негізделуіне - аймақтық экономика маңызды роль атқарады. Аймақтық экономика - аймақтардағы өндіргіш күштердің орналасу факторларын және аймақтық дамуды зерттейтін ғылым. Академик Н.Н.Некрасовтың анықтамасы бойынша "экономикалық ғылымның саласы ретінде аймақтық экономика елдің экономикалық жүйесінде және әрбір аймақта өндіргіш күштердің дамуы мен әлеуметтік процестердің қалыптасуын анықтайтын экономикалық әлеуметтік факторлар мен жағдайларын жиынтығын зерттейді".
Аймақтық экономика өндіргіш күштерді аймақтық дамуының стратегиялық позицияларын өңдейді. Аймақтық өндіргіш күштердің орналасуы аймақтық экономиканың негізгі бөлігі ретінде қарастырылады. Аймақтық экономика экономикалық географиямен тығыз байланысты, бірақ оған қарағанда қолданбалы практикалық нәтижелерге бағытталған. Аймақтық экономика географиямен жақындығына қарамастан экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, экономикалық теория мен макроэкономикалық болжаумен, салалық экономикамен, статистикамен тағы да басқа әлеуметтік - экономикалық ғылымдармен тығыз байланысты. Аймақтық экономика экономикалық мәселелермен бірге экологияны әлеуметтік мәселелерді, демографияны, географияны, этнографияны тағы да басқа ғылымдарды қарастырады.
Аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму аспектілерін зерттеу Ресейде ХІХ ғасырда, ал Қазақстанда ХХ ғасырдың аяғында ғылыми негізде дами бастады. Батыста аймақтық экономика "аймақтық ғылым" деп анықталады. Экономист ғалым Н.Н.Некрасовтың анықтамасында "аймақ" дегеніміз біртекті табиғат шарттарын және өндірістік қатынастардың маңыздылығына бағытталған бір елдің ірі территориясы. Аймақтық экономикаға теориялық - әдістемелік зерттеулер жасаған ғалымдар Альфред Вебер, Аугуст Леш, Вильгелм Кристаллер, Иоганн Тюнен, Энтони Куклинский, орыс ғалымдары Н.Барановский, Н.Комосовский және тағы да басқа АҚШ , Германия, Франция ғалымдары үлес қосқан.
Жоспарлау мен басқарудың аймақық мәселелері республикадағы экономикалық қатынастарды қайта құру бойынша іс-шаралар жүйесінде маңызды орын алады. Мемлекеттің дамуында аймақтар мен олардың билік органдарының ролін арттыру әлемдік тенденцияға жатады. Аймақтық басқаруға қойылатын негізігі міндеттерге:
- Республика мен ТМД елдерінде кәсіпорындардың дамуы мен жұмыс істеуінде қорықтық қатынастар мен тауар - ақша, жоспардың арақатынасы;
- өзін-өзі басқару механизміндегі экономикалық және ұйымдастырушылық - әкімшілік әдістері мен экономикалық арақатынасы;
- аймақтық басқару процесіндегі орталықтанған және орталықтан-дырылмаған басқару шешімдерінің арақатынасы. Басқарудың экономикалық механизмінің маңызды элементіне ақша айналымын үздіксіз нығайту кезінде жоспарды қаржымен қамтамассыз ету жатады. Сондықтан да жергілікті шаруашылықтың аймақтық жүйесінің дамуы мен қызмет етуіне кешенді әлеуметтік – экономикалық дамуға қызмет ететін механизм қажет, ол механизм мыналарды қарастыруға тиіс:
- аймақтық экономикалық мүмкіндігінің материалдық өндірістік саласының тиімді қызмет етуіне байланысты болуы;
- аймақтық жүйенің барлық тармақтарының тепе – тең болуы;
- аймақтық әлеуметтік – экономикалық дамуының кешенді жоспарын қаржылай және материалды – техникалық қамтамасыз ету;
- әлеуметтік саланың дамуының нәтижелілігі мен аймақтың шаруашылық қызметінің тиімділігін есепке ала отырып бюджеттік жоспарлауды қайта құру;
- әрбір өндірушінің жағдайының жақсаруы әлеуметтік мәселелерді шешуге байланысты болады.
Аймақтық басқарудың методтары аймақтың өндірісітік және өндірістік емес сфералар жиынтығы мен кәсіпорындар мен ұйымдарға шаруашылық әрекеттің пайда болуын қамтамассыз етуі тиіс. Соның ішінде: - республикалық стратегиялық тұжырымдардың әлеуметтік – экономикалық даму жағдайына біртұтас мақсатты бағыттанушылық;
- жергілікті өзін - өзі басқару органдарының саяси және әкімшілік қызметтерінің біртұтастығын сақтау;
- әлеуметтік – экономикалық , құрылыс – инвестициялық және табиғатты қорғау саясатының жылдық жоспарын жан-жақты және біртұтас мамандануын қадағалау;
- аймақтық басқару мен жоспарлаудың тікелей және керсінше иерархиялық жүйе бөліміне біртұтас бюджеттік және қаржы - несиелік негізіне территориялық әкімшілік білім беру.
Аймақтық басқару органдарының экономикалық компетенциясын кеңейту барлық сұрақ территорияның әлеуметтк – экономикалық дамуымен байланысты болса, аймақтық органдар кәсіпорын коллективімен бірлесе отырып шешімін табуы қажет, өйткені жергілікті әкімшілік құқығы нақты экономикалық мүмкіндіктермен сәйкестенуі тиіс.
Аймақтық саясат механизмдерін жүзеге асыру, соның ішінде әлеуметтік –экономикалық ұдайы өндірістің қоршаған ортамен тепе теңдігінің бұзыуына байланысты, экологиялық қауіпті аймақтарға арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасап нақты аймақтардың дамуының өзекті проблемалары шешімін табуы қажет.
Шағын және орта қалалардың өркендеуі екі – үш өндірістік кәсіпорындардың қызметіне тәуелді болады. Жалпы жағдайдың экономикалық тоқырауы, инфляцияның күшеюі, шаруашылық қатынастардың үзілуі, көптеген шикізат пен өндіріс түрлерінің сұранысының төмендеуі кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуына алып келді. Бұның әсерінен қала және ауылды аймақтарда жұмыссыздықтың белең алуына, жоғары кадрларымыздың басқа елге кетіп қалуына, жергілікті халықтың тұрмысының төмендеуіне алып келді.
Қазақстан Республикасының болашақтағы әлеуметтік-экономикалық өсуі, оның аймақтарының дамуымен байланысты. Сондықтан экономикалық механизм келесілермен қалыптасу керек:
- аймақ - мемлекет экономикасын тікелей және жанама ресурстары, ғылыми- техникалық, қаржы- несиелік, несие және әлеуметтік байланысы дамыған біртұтас бөлігі болуы тиіс;
- бұл жерде ұдайы өндіріс пен еңбек ресурстары, қаржылай айналыммен ұлттық байлықтың жартысы, үйлестіру, айырбастау, тұтынушылар өндірісі іске асады ;
- басқару органдарының біріккен әрекеті, территориялық өндірісітің дамуына орындаушы органдардың бірігуіне әкеледі ;
- аймақтың табиғи құзіретіне жоспарлау , қаржыландыру , несиелеу, ақшалай айналыммен еңбек ресурстарын жетілдіру жатады .
Экономикалық механизмге деген қажеттілік ұдайы өндіріс циклінде әлеуметтік- экономикалық аспектісінің біртұтастығын сақтауын қажет етеді. Сондықтан , экономиканы дамыту саласында қандай да бір басқарудың шешіміне практикалық қызметі халықтың материалды және мәдени тұрмысын қамтамассыз етуімен бағалануы тиіс. Әлеуметтік даму көрсеткіші тұрғын үй проблемасын шешумен халықтың рухани қажеттілігін қамтамассыз ету арқылы еңбек етуіне әсер етеді. Сондықтан, экономикалық- әлеуметтік шаруашылық салаларының тепе – теңдігін ұстау маңызды болады. Ол мемлекет пен демографиялық ұдайы өндіріс арасындағы кәсіпорынмен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының экономикалық жүктеулерді тарату арқылы әлеуметтік әділеттілікті тудыруы қажет. Дәл осы кезде өндіріс шығынымен байланысты шыѓындардың толық көрсетілуі қажет. Бұл республиканың демаграфиялық жағдайына еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға демеу жасайды және көп еңбек етуді төмендетіп, ғылыми – техникалық прогресстің дамуына жол ашады. Сонымен бірге әлеуметтік бағдарламалар екі маңызды қаржылық ресурстарды қамтиды. Олар: қаржы – несие жүйесі және жергілікті бюджет.
Әлеуметтік тұрмыс инфрақұрылымның дамуына кәсіпорын мен бірлестіктердің еңбек ресурстарының төлем ролін күшейтуге тырысады. Эквивалентті байланыстардың барлық экономикалық жүйе түйіндерімен қамтамассыз етуі, нарықтық жүйенің экономикалық механизмде талап етуі болады. Экономикалық жүйелерді зерттеуді аймақтық басқару мен жоспарлау келесідей жағдайларда жүргізіледі:
- кәсіпорын – аймақтың басты экономикалық көзі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметнің заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Осыдан келіп территориялық басқарудың міндетті шаруашылық және өндіріс-технологиялық даму шартына араласпауы аймақтық кәсіпорындардың әлеуметтік- экономикалық кешенді дамуын ынталандырады.
- облыс, қала, аудандардағы шаруашылық субъектілердің есеп принціпі мен экономикалық есептертің эквивалентті негізін басқару органдары мен жалпы қатынас.
- жергілікті бюджеттің қалыптасуы кәсіпорын мен ұйымдардың жұмысының тиімділігіне байланысты .
Ұйымдық құрылым - шаруашылықтың өзін -өзі басқаруы жаңа әдістеріне, ғылыми - техникалық прогресске сәйкес жүргізілуі керек.
- Аймақ дамуын мемлекеттік реттеу
Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың аймақтық аспектісі бүгінгі күні ғылыми зерттеулердің ең әлсіз зерттелінген объекті болып табылады. Оның негізгі себептері: а) халық шаруашылығы мәселелерін жоспарлы шешудің қағидалары мен әдістерінен бас тарту; ә) өндіргіш күштерді тиімді орналастыру жөніндегі зерттеулерді азайту және б) шаруашылық пен әлеуметтік үрдістерді басқарудағы орталық және жергілікті басқару органдардың функционалды міндеттемелерді өзара бөлісудегі ретсіздік. Бірақ аталған мәселелерді шешуге әлі де қажетті көңіл бөлінбейді.
1995 жылдың ақпан айының басында «1995 жылға Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды көрсеткіштері» ресми түрде қабылданды. Ал 1999 жылдың наурыз айының басында Экономика министірлігі 1995-2005 жж., және екі кезеңге бөлінген: 1999-2000 және 2001-2005 жж., орта мерзімдік жоспарын қалыптастыру жөніндегі құжаттар пакетін дайындады және министрліктерге, ведомстоволарға, облыстық әкімшіліктерге жіберді. Сондағы сілтеме көптеген айқын түзетпелер мен қателіктері бар Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген (1996 ж. мамырдың 14 күні шыққан №596) «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативті жоспарларын құрастыру мен іске асыру тізіміне» болды. Сол қателіктерді байқау үшін бір ғана фактті келтірудің өзі жеткілікті: «Тізімде» саясат бұл «тетік», тетік бұл «құрал», құрал бұл «индикатор», индикатор бұл «көрсеткіш» және т.б. деп бекітілген. Егер де 1999-2005 жж. орта мерзімдік жоспарды осындай «әдістемелік» негізде құрастырылатын болсақ, онда оның іске асуын бақылау мүмкін емес, яғни экономиканы мемлекеттік басқару органдарының ісін бағалау мүмкін емес. Тағы да бір айта кететін жайт – «Тізімде» «Облыстар мен Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарлары облыстар және Алматы қаласының әкімдері, өзінің есебімен қаржыландырылатын бөлімін дербес әзірлейді және атқарылуын қамтамасыз етеді, ал жалпы ұлттық мәселелерге қатысты және мемлекеттік орталықтандырылған қаражаттар есебінен қаржыландырылатын бөлікте Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарында анықталған индикаторлар және ресурстар қабылданады». Бірақ та қаржыландыру мәселелері жөніндегі жоғарыда аталған құжаттар пакетіндегі негізгі көрсеткіштер тізімінде аймақтарды дамытуды қаржыландыру көрсеткіштері жоқ. Мұндай көрсеткіштер – «Аймақтық даму көрсеткіштері деп аталатын» 9-тарауда да жоқ. Мұның бәрі бүгінгі күні елді дамытудың орта мерзімдік, жылдық (ағымдағы) және де ұзақ мерзімдік әлеуметтік-экономикалық жоспарларды әзірлеудің ғылыми-әдістемелік негізінің әлсіздігін дәлелдейді. Ал бұл, өз орнында, мемлекеттік аймақтық саясатты қалыптастыруға кедергі жасайды.
1996 жылы 9 қаңтарда Үкімет қаулысымен «Қазақстан Республикасы аймақтық саясаттың тұжырымдамасы» расталды. Оның негізін салық және бюджет саясатын қалыптастыру позициясы арқылы және аймақтардың мамандандырылу принципі бойынша үлгілеу құрайды. Сонда мұнда, бір объектіге деген екі жақты көзқарас түсініспеушілікке, шатаққа әкелетіні ескерілмеген, өйткені бір аймақ жеткілікті мамандандырылған, бірақ та бюджет жағынан әлсіз болуы мүмкін. Яғни, берілген аймақ бюджеттік қаржыландыру жағынан басыңқылардың құрамына кіреді, өйткені оның даму мамандандырылу деңгейінен басыңқы бола алмайды. Бізге алдағы мерзімде аймақтардың басыңқылығын анықтау бірыңғай ғылыми негізге негізделетін аймақтарына деген кешенді көзқарас дұрыс деп көрінеді [8, 107 б.].
Берілген тұжырымдаманың «бастапқы алғышарттарында» «аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша саралануы тереңдей түсуде. Халықтың тұрмысының деңгейі мен сапасы бойынша аймақтардың арасындағы айырмашылық өсіп келеді», шағын және орташа қалалары мен жекелеген ауыл шаруашылығы аудандарының проблемалары шиеленісіп келеді деп жазылған, және де осының негізінде аймақтар мәселелерінің күрделене түсуі іске асырылатын аймақтық саясаттың кемшіліктерімен байланысты деген қорытындыға келуге болады. Онда, қисынға байланысты, қазіргі аймақтық саясатта осындай кемшіліктерді жою мүдделері болуы тиіс. Бірақ тұжырымдамада саясаттың мәнін анықтағанда екпін «мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына жету үшін тіршілік әрекеті мен шаруашылық жүргізудің аймақтық факторларын тек жалпымемлекеттік мақсаттарға жетуге ғана пайдаланатын болса, онда аймақтық саясаттың аймаққа деген пайдасы қандай? Бұл саясаттық бағытталудың мәнісін дұрыс анықтау мен түсінуге тәуелді екенін дәлелдейді [9, 202 б].
Аталғанды аймақтық саясатқа қолданатын болсақ, ол қалалық және ауылдық жерлерде тұратын халықтың табыстары, жұмыс бастылығы, өмір сүру деңгейі және облыстардың (аудандардың, қалалардың) әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінде айқын шиеленісуге әкелмеуіне байланысты жалпымемлекеттік шешімдерді қабылдау мен іске асудың жалпы мақсатнаманы ғылыми негіздеуде. Аймақтық саясаттың мәнін дәл осындай түсінуі оны қалыптастырудың негізін анықтайды. Оларға қысқаша біз төменірек тоқталамыз.
Біріншіден, мемлекеттің аймақтық саясатын қалыптастыруда түрлі аудандар халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын теңестіру мүдделерінің іргелі (тиянақты) маңызы бар. Осы мүдделер қазіргі жағдайда бірінші орында тұр, өйткені тұрғындар тығыздығы (адам/км2), қалалық және ауылдық тұрғындардың арақатынасы, олардың кірістің бір жанға шаққанда деңгейі, тұтыну бағаларының индексі, жұмыссыздардың саны мен жұмыссыздық деңгейі, индустриалды әлеуеті деңгейі және т.б. көрсеткіштерге байланысты Қазақстанның аумақтық-әкімшілік аудандары бір-бірінен тым өзгеше. Сонда, жұмыссыздар саны бойынша республика облыстардың үлес салмағы 1,8%-дан (Қарағанды облысы) 20,3%-ға дейін (Оңтүстік Қазақстан облысы) ауытқиды, ал облыстар арасында халықтар кірісінің бір жанға шаққанда максималды деңгейі минималды деңгейінен 4 есе үлкен. Сонымен қатар халықтың 60%-ға жуығы бүгін кедейлік шетінен тыс өмір сүреді. Халық тығыздығының орта республикалық деңгейінде (шаршы км-ге 5,8 адам) бұл көрсеткіш 17 адамнан (Оңтүстік Қазақстан облысы) 2 адамға (Маңғыстау облысы) дейін ауытқитын облыстар да бар. Қазіргі кезде өнеркәсіп өнімінің 40%-ына жуығы үш облыстың үлесіне келеді (Қарағанды, Атырау және Павлодар облыстары).
Жоғарыда айтқанды ескере отырып, басқадай факторларды есепке алмасақ та, аймақтық саясат «көлденең» сипатындағы шешімін қажет ететін халықтың өмір сүру деңгейінің мәселелі сұрақтарын объективті түрде айналып өтіп кете алмайды.
Екіншіден, аймақтық саясатты қалыптастырудың маңызды негіздердің бірі елдің өндіргіш күштерді дамыту мен орналастыруды тиімділеудің объективті қажеттілігі құрайды. Жоғарыда аталған «Тұжырымдамада» аймақтық саясаттың осы факторы оның іске асыру құралы ретінде қарастырылады, онымен екі тұрғыдан келісуге қиын: а) өндіргіш күштерді тиімді орналастыру аймақтық саясатты жүргізбес бұрын айқындалуы қажет; ә) өндіргіш күштердің бір жағынан «дамуға» (сапалы өсім) екінші «орналастыруға» әсерін тигізетін факторлар сипатының өзгешелігі соңғыларды құрал ретінде қарастырмай, аймақтық саясаттың объектісі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Оның іске асуы енді аймақтар өндіргіш күштердің сапалы өсімін қамтамасыз ету қажеттілігін есепке алуы тиіс деп айту жөн. Өйткені олар өнімділік еңбектің деңгейінен тікелей тәуелділігінің тең шарттарын «айыруға» мүмкіндік береді [10, 65-66 бб]. Бірақ оның қамтамасыз етілуі, берілген жағдайда, республиканың өндіргіш күштерінің аймақтарда әртүрлі болуы және өндірістік-экономикалық қатынастар жүйесінде институционалдық өзгерістермен қиындатылған.
Өндіргіш күштердің сапалы өсімі мәселесін қарастырғанда ғылыми-техникалық әлуеті мен әкімшілік-аумақтық таксондардың техногендік ерекшелігін айтып кету жөн. Сонда, мысалы, Қазақстанның орталық және оңтүстік аймақтарының ғылыми және ғылыми-техникалық әлеуеті деңгейі тым жоғары, және оны солтүстік-шығыс және батыс аймақтардың үлес көрсеткіштерімен салыстыруға болмайды. Бұл соңғыларда өндіргіш күштердің тез арадағы сапалы өсімін ынталандыруды қажет еткенін көрсетеді.
Үшіншіден, мемлекеттің аймақтық-экономикалық саясатын қалыптастырудың анықтаушы факторы ретінде республикадағы тоқырап қалған ауыл шаруашылығы аудандарын, шағын және орташа қалаларын айтуға болады. Олардың тоқырап қалу себебі көбінесе субъективті факторларға байланысты. Әсіресе, осындай көптеген қалалар мен аудандардың пайда болуына себеп болған негізгі фактор – ол үкімет жүргізген «жедел жекешелендіру» саясаты. Осы саясат негізінде іске асудың экономикалық және, әсіресе, әлеуметтік зардаптарының ғылыми болжамын ескермей жүргізілген еді.
Қарастырылып отырған таксонар жағдайларының нашарлануына қалалар құрастыратын жекешелендірілген кәсіпорындардан, жергілікті бюджетке ауыр «жүк» ретінде болып қалған, әлеуметтік сектор «кесіп тасталды». Ал оның кіріс бөлімі төлемсіздіктен және кәсіпорындардың түрлі себептермен тоқтап қалуына байланысты көптеген жағдайларда орындалмаған.
Осындай жағдайларда қазіргі мемлекеттің аймақтық саясаты, тиісті қалалар мен аудандардың (яғни олардың қатарына облыстар да кіреді) тоқырап қалу қалпынан шығуын ескермесе, онда оны толықтай негізделген деп айту мүмкін емес. Мұнда біз аймақтық саясаттың тек қалыптасу негіздерін қарастырдық. Оның тәжірибелік іске асуы негізгі қағидалар мен механизмдердің басыңқылығынның ғылыми және алдын ала анықтамалығын талап етеді.
«Қазақстан – 2030» Президенттік стратегиясының шараларын жүзеге асыру жағдайында, жоғарыда айтып өткендей, стратегиялық жоспарлаудың рөлі ерекше көрінеді. Егер оның аймақтық аспектісі алып отырсақ, онда мұның құқықтық «қолдауы» Қазқстан Республикасы Ата заңының тиісті баптарынан (86, 87) көрінеді. Бірақ, бүгін сөз облыстар, аудандар мен қалаларды әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспарларын әзірлеу мен бекіту мерзімдері жөнінде болып отыр. Ал, жергілікті жоспарлаудың әдістемесі мен негіздеу қағидаларын жоспарларды зерттеушілер мен құрастырушылар әлі де ескермейді. Керісінше, жергілікті әлеуметтік-шаруашылық ерекшеліктерін ескеретін, тиісті ғылыми зерттеулермен негізделмеген ірі ауқымды іспен айналысамыз. Сонда, мысалы, салалық пен аймақтық аспектісіндегі стратегиялық жоспарлауды іске асырудың объективті қажеттілігі туралы сөз, тек қазан айында шыққан (1997 ж.) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауында ғана туындады. Осының негізінде министірліктер, ведомстволар мен облыстар басшыларына жаңа 1998 жылға дейін Агенттікпен құрастырылған «Әдістемелік ұсыныстарды» ескере отырып, ағымдағы және орта мерзімдік стратегиялық жоспарларды әзірлеуге бұйрық берілді. Бірақ осындай тапсырыстар тиісті жоспарларды әзірлеу мен іске асырудың ғылыми-әдістемелік құралдарынсыз берілген еді.
Қарастырылып отырған құралдарға алдымен ғылыми негізделген қағидалар жүйесі жатады. Олардың өзгеруі алдағы келе жатқан мерзімнің мақсатты мәселелер сипатымен байланысты. Бірақ мұнда жоспарлау объектісіндегі болашақтағы конъюнктуралық өзгерістерге тәуелсіз қағидаларды атап өту қажет.
Ең алдымен кешендеу қағидасының рөлін айрықша атап көрсету тиіс. Берілген қағиданы пайдалану – бұл жоспарлы көрсеткіштерде аймақтардың меншік нысандары жүргізілген институционалдық өзгерістерге қарамастан бар әлеуметтік-шаруашылық «ағзасын» көрсету деген сөз. Осы қағиданы ескермеу аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін салыстыру мен рейтингтік баға белгілеу жағдайында қиындықтарға әкелу мүмкін. Кешенділік қағиданы сақтау:
- тиісті мерзімдерге жасалған республикалық (облыстық) жоспардың көрсеткіштеріне бағытталумен;
- жергілікті табиғи-экономикалық, материалды-техникалық және интеллектуалды ресурстардың параметрлерін анықтаумен және бағалаумен;
- жеке меншік негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың әлеуметтік-шаруашылық ниеттерін талдап қорытумен;
- мемлекеттік, салалық және аймақтық мүдделердің үйлесуімен қамтамасыз етіледі.
Аймақтық жоспарлаудың келесі маңызды қағидасының мәнісін мақсаттық бағытталумен анықталады. Оның ғылыми негіздеуі әлеуметтік сипатындағы мақсаттардың басым болуынан туындайды, өйткені әлеуметтік сектор дамудың түрлі мәселелерін шешу көбінесе «көлденең» көзқарасты талап етеді. Сондай-ақ осы секторда нарықтық қатынастарды элементтерінің пайда болуын ескеру қажет. Бұл аталған мәселелерді шешу жөніндегі жұмыстардың ұйымдастыру-әдістемелік мазмұнын тұтастай өзгертеді.
Және де, аймақтық дамуды жоспарлаудың маңызды қағидасының бірі, оның ғылыми екендігі болып табылады. Бұл біріншіден, экономикалық заңдар талабын есепке алуды, ал екіншіден, тиісті аймақтардың дамуын болжау және негізгі позицияларды талдауды тереңдетуге алдымен жергілікті ғылыми әлеуетін пайдалануды білдіреді.
Тек осы жоғары аталған қағидаларды сақтаған жағдайда ғана әкімшілік-аумақтық таксондар дамуының жоспарларын құрастыруға кірісуге болады. Бұл үшін көрсеткіштер мен әдістердің үлкен жүйесі қолданылады. Аталғандар туралы, жұмыстың басқа бөлімдерінде айтылған болғандықтан, біз осында тек бірқатар мәселелерді атап өтумен шектелеміз.
Ең алдымен республикамызда өндірістік-экономикалық қатынастардағы, халық шаруашылығын, институционалдық және әлеуметтік ортаны басқаруда түрлендірулерді жеделдетуге деген бағыт алынған еді. Экономиканы басқару органдарының саны мен құрылымының, қаржы-бюджеттік, салықтық және ақша-несиелік саясаттың, өндірістік істің құқықтық негізі мен механизмінің жиі, кейде күрт өзгерулері кездейсоқ емес. Ал бұл, біріншіден, қабылданатын көптеген шешімдердің о бастан негізгі және шұғыл болуына және, екіншіден, еңбекке, қабілетті халықтың инвестициялық белсенділігі мен еңбек ынтасының деңгейін төмендетеді. Жоғарыда аталған кері факторлардың «тік» (салалық) және «көлденең» (аймақтық) сипаты бар.
Аймақтық саясатты іске асыруда реформалардың жүзеге асуы аумақтық ерекшеліктерді ескермегеннен біраз қиыншылықтарға жол берілгенін ерекше атау керек. Нарықтық қатынастарды дамытудың негізі қалыптасқанда (жекешелендіру, әсіресе ауыл шаруашылығында, бағалар либерализациясы, еңбек өнімділігін және ауылдық жерлердің шағын индустриаландыруын ынталандыруға салықтық жеңілдіктердің механизмі және т.б.) облыстар мен аудандардың түрлі бастапқы мүмкіншіліктері есепке алынған жоқ, сонымен қатар ауылдық жерлерде тұратын тұрғындардың шаруашылық жүргізудің нарықтық моделін ұғынудың құқықтық, идеологиялық және психологиялық дайындық мәселелерін шешуге мән берілген жоқ. Осы моделдің элементтері, жоғарыда айтылғандай, (көптеген жағдайларда) «жоғарыдан» түсетін әкімшілік қысудың нәтижесі болды. Мұндай көзқарастың нәтижелері республиканың ірі және әкімшілік-экономикалық деңгейіндегі ерекшеліктерді айыруына әкеп соқты.
Осындай жағдайларда дағдарыстан шығудың аймақтық шаралары республиканың стратегиялық және жалпымемлекеттік мүдделерді ескеретін, оң жақтарын айқындайтын, облыстар мен аудандардың әлеуметтік-экономикалық өмірінің деңгейін бірте-бірте теңестіруге алып келетіндей болуы тиіс. Және кез келген жағдайда халық шаруашылығының маңызды салаларымен біз қалай қатынасымыз (кәсіпорындарды сату, зорлықпен жекешелендіру, ауылдарды қаржылай қолдаудың каналдарын азайту және т.б.), яғни «суға кеткенді құтқару суға кететіннің шаруасы» қағидасы бойынша істі жүргізуге тырысамыз. Салалық және аймақтық деңгейіндегі шаралардың сәйкессіздігі аймақтардағы халықтың тұрмыстық деңгейі көрсеткіштерінің түрлі болуын арттырады. Мұнда «Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының тұжырымдамасында» келтірілген үзіндіні айту қажет: «нарықтық реформаларды жүргізуде мемлекеттік және аймақтық басқару құрылымдарында тігінен және көлденеңінен келіспеушілік және жүйесіздік реформалардың бірыңғай мемлекеттік саясатын мақсатты бағытта жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді». Дәйексөздің мазмұны көпшілік адамдардың әлеуметтік жағдайының төмен болуы оның субъективті сипаттамасын дәлелдейді. Аймақтық қайта өндіру мен әлеуметтік-шаруашылық үрдістерді басқарудың ғылыми негізделген механизмін жасап шығару және жіберген қателерді түзету қажет.
Әрине, осындай механизм Қазақстан Республикасының Ата заңына негізделуі тиіс, өйткені мұнда (86-бап) маслихаттар, жергілікті өкілді органдар, тиісті әкімшілік аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіреді және жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, оны іске асыруға қажетті шараларды белгілейді, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Сонда конституциялық және басқадай заңды құзыретін іске асырғанда маслихаттардың тиісті аумақтардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған шешімдерге ықпалын тигізу жөніндегі еркіндік істің барлық элементтері бар.
Жақын арада мемлекетті және оның экономикасын басқаруды орталықсыздандырудың негізі ретінде жергілікті өкілді және атқарушы органдарға олардың кейбір функциялары берілуі тиіс. Олардың құзіретіне, конституциялық міндеттемелерден басқа, муниципалдық сипаты бар төмендегі мәселелер кіруі мүмкін: қаржы-бюджеттік ресурстарды дербес пайдалану және заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың қаражаттарын ынталандыру негізінде тиісті аумақтар экономикасын кешенді түрде дамытуды қамтамасыз ету; табиғи-экономикалық, демографиялық, әлеуметтік-мәдени, интеллектуалды сипатындағы жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, ақылы қызмет көрсету және өндіріс өнімінің сапасын жоғарылатуға бағытталған кәсіпкерлік істің белсенділігін арттыру жөніндегі шараларды іске асыру; ауылды жерлер тұрғындарын жұмыспен қамту мәселелерін шешуге және егістік дала мен фермалар өнімдерін жоғалтуды қысқарту есебімен ірі экономикалық нәтижесін алуға мүмкіндік беретін ауылды шағын индустриаландыруды ынталандыруға байланысты шешімдерді қабылдау; білім беру, медициналық және халықты әлеуметтік-мәдени қызметпен қамтитын жеке секторға материалдық-техникалық қолдау көрсету; аймақ экономикасын дамытудың баланстылық мүдделерін және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып шетел инвестицияларын тарту механизмдері мен жағдайларды қамтамасыз ету.
Бүгінгі күні Қазақстанда аймақтық сипатындағы тағы да келесі үш мәселені шешудің қажеттілігі бар: әлеуметтік артта қалған, жекелеген шалғайдағы аудандар (олардың саны – 70-тен кем емес), тоқыраған шағын және орташа қалалары (олардың саны – 50-ден кем емес) және арнайы экономикалық аймақ. Осы мәселелерді шешу салық салу, кедендік режим және т.б. саласында ерекше жағдайлар мен протекцияның механизмдерін қалыптастыруда бағдарламалы-мақсатты көзқарасты және олардың басыңқылығын жалпымемлекеттік қабылдауды талап етеді. Өйткені жылдардың тәжірибесі көрсеткендей, берілген таксондардағы әзірленген мақсатты бағдарламалар – іс жүзінде жүзеге асырылмайтын игілікті ниет. Яғни, осындай бағдарламалардың заңды негізі болуы және олар кезекпе-кезек және уақытында орындалуы тиіс. Егер үкімет ұзақ мерзімді нормативтер бойынша табыстарды бюджет аралық бөлуге көшкісі келсе, онда бұл істі қарастырылатын аудандар мен қалалардан бастау қажет. Сонымен қатар өзін-өзі басқарудың функцияларын кеңейтуді дәл осы әкімшілік-аумақтық таксондардан бастаған дұрыс [11, 202-214 бб].
Біз білгеніміздей, арнайы экономикалық аумақатрдың (АЭА) құрылу мен іс жүргізу мәселелері Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы негізінде шешіледі, мұнда басқару, қаржы-несиелік, салықтық-кедендік және жұмыс жүргізудің басқадай жақтары айтылады. Бірақ, казіргі кезде арнайы экономикалық аймақ құрылуы мүмкін аумақта қажетті маңызды алғы шарттардың бірі негізінде арзан жұмыс күшінің болуы көрсетілгенін айтып кету жөн. Қарастырылатын аумақтық-экономикалық құрылымдарды құрғанда осындай алғы шартқа сүйену мүмкін емес.
Жоғарыда айтып кеткенді қорытындылағанда, аймақтық мәселелерді шешуге бағытталған орталық басқару органдарының функционалды міндеттерінің негізгі бағытын көрсету жөн. Олар, біздің ойымызша, келесіде:
- жалпы мемлекеттік аймақтық саясат «Тұжырымдамасын» біртіндеп іске асыру;
- республиканың артта қалған аудандарды, тоқыраған шағын және орташа қалалары үшін қажетті режимінің әдістері мен механизмдерінің бар күш-қуатын пайдалану;
- жергілікті өкілді (атқарушы) органдарға тапсыру мақсатымен орталық басқару органдарының функциялары құрамын анықтау, бұл жергілікті өзін-өзі басқарудың эвалюциялылығын қамтамасыз етеді;
- бюджеттер арасында табыстарды бөлудің ұзақ мерзімдік нормативтерінің деңгейін ғылыми негіздеу және анықтау;
- жергілікті табиғи-экономикалық, инфрақұрылымдық және әлеуметтік-интеллектуалды ерекшеліктерін ескере отырып арнайы экономикалық аймақтарды құрудың алғышарттарын дұрыс анықтау.
1.3 Аймақтық саясатты басқарудың шетелдік тәжірибесі
Алдымен айта кетерлік жағдай, басқа елдердегі мемлекеттік реттеу төжірибесін оқып үйрену және ғылыми қорытындылау мақсаты, оны біздің әлеуметтік-экономикалық жағдайымызға өзгертпей көшіріп алу емес. Бұл келесі объективті сипаттағы себептерге байланысты мүмкін емес:
- республика басқа елдердегі саяси, табиғи-экономикалық, әлеуметтік-демографиялық, этно-мәдени және тағы да басқа себептерге байланысты өзгешеленеді;
- қазіргі Қазақстан жағдайында ұлттық экономиканы құру процесіндеміз және де экономикалық әкімшілік-жоспарлық шаруашылықтан нарықтық экономикаға өткен бізге ұқсас ешбір ел жоқ;
- басқару жүйесі мен шаруашылықта негізгі өзгерістер белгілі бір себептерге байланысты тиісті негіздеусіз жүргізіледі және «революциялық» кө-рініс табады, ал нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу шаралары олардың эволюциялық даму «нәтижесі» болып табылады.
Бірақ та шет елдер тәжрибесін ғылыми қорытындылау қажеттігі келесі жағдайлар бойынша түсіндіріледі: біріншіден, экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидалары мен жүйесінің тұжырымдамалы негізін, түбірін анықтауға мүмкіндік туады, екіншіден, аралас экономиканың жалпы заңдылықтарын анықтау мүмкіндігі туады, және де бұл Қазақстан жағдайында мемлекеттік реттеудің механизмдерін «түйістіруге» мүмкіндік жасайды, үшіншіден, мұндай толықтыру мемлекеттік реттеудің нәтижелерін салыстырып талдауға мүмкіндік береді және де керек болған жағдайда экономикалық реформаларды құруды, әлемдік шаруашылық процеске республиканың араласу мөлшерін ескере отырып, реформаларды дұрыс жолмен жүргізуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік-экономикалық процестерге мемлекеттің араласу тәжірибесін үйренуден шығатын қорытынды - коптеген алдыңғы қатарлы елдерде экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары ретінде халық шаруашылығы дамуының мақсаттары мен басымдылықтарын анықтау, болжау, жоспарлау, бағдарлама жасау қарастырылады. Сыртқы, ішкі және оларға сөйкес факторлардың біртіндеп шиеленісуі, мемлекет тек ғылыми негізделген экономикалық мақсаттарға жетуде, әрқашан тарихи жағдайды ескеруді талап етеді. Американдық ірі экономист П. Самуэльсон көрсеткендей, мұндай зерттеулерсіз, «күннен-күнге өсіп отырған қиыншьшықтар мен әлеуметтік өзгерістерге эволюциялық жолмен икемделе алмайтын экономикалық жүйелерге, қазіргі кезде қаншалықты мықты болғаныменен, бара-бара күйреу қатері туындайды, өйткені ғылым мен техника экономикалық өрістің табиғи дамуын үздіксіз өзгертіп отырады». Басқаша айтқанда, дәл біздің экономика сияқты, «әлсіз экономикалық жүйеге», барлық туындайтын қиындықтарға «эволюциялық жолмен икемделу қажеттілігі” үздіксіз ғылыми-техникалық процесс салдарынан туындайды.
«Ұлы дағдарыс» жылдары (20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың басы) алдыңғы қатарлы капиталистік елдердің нарықтық экономиканың өзін-өзі толық реттей алмайтындығына көздері жетті және де туындаған қиындықтарды уақытында шешу тек әлеуметтік-экономикалық өмірге мемлекеттің белсенді араласуымен ғана жүзеге асатынын түсінді. Бүл ақиқатты мойындау елдегі экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін ресми мемлекеттік ұйымдардың ресми ұстанымдарынан көрініс тапты. АҚШ-тағы «жұмыспен қамтамасыз ету туралы Заңға» сәйкес (1946 ж.) құрылған Президенттік экономикалық Кеңесі осы заңның талаптары бойынша барынша өндірісті толық қолдап, жұмысбастылықты, халықтың тұтынушылық қабілетін сақтай отырып, мемлекеттік монополистік реттеумен айналысты. 60-жылдардың соңында аталған Кеңеске міндет ретінде экономикада ұлттық басымдылықтарды анықтау, ұзақ мерзімдік болжау мен бағдарламалар жасау әдістерін әзірлеу жүктелінді.[11]
Капиталистік елдерде бағдарламалаудың кезендерінде экономиканы басқарудың салааралық қағидасы қолданылды. Францияда, Швецияда, Жапонияда, және тағы басқа мемлекеттерде дайындалған салааралық бағдарламалар барлық шешуші экономикалық салаларды қамтиды және олардың дамуын маңызды және тұтастай болжауда үлкен рөл атқарады. 80-жылдың басында АҚШ-та мұндай бағдарламалар 1200-ге жуық болды. Бұлардың ішінде энергияны үнемдеу, космостық зерттеулер, аймақтық даму басты орын алды. Бүл бағдарламаларды жүзеге асыру барысы салааралық байланыстарды күшейтуге бағытталған мемлекеттік шараларды қажет етті. Сондықтан АҚШ-та 20 жыл бұрын орталық экономиканы басқару орган-дарының аймақтық филиалдары құрылған, тиісті аймақтық Комиссияның міндеті бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты ұйымдастырушылық мәселелерін шешу болып табылған. Бұл тәжірибе біздің жағдайға пайдалы болар еді. Нарықтық жүйеге көшуге байланысты эйфория халық шаруашылық мәселелерін тиімді шешу жолдарын кейінге қалдырады.
Францияда, Жапонияда, Түркияда және т.б. елдерде ағымдағы, орта мерзімдегі жоспарлаудың ғылыми-әдістемелік және ұйымдастырушылық мәселелерін арнайы мемлекеттік органдар шешеді. Францияда бүл қызметті Жоспарлау бойынша бас Комиссариат жүргізеді, Жапонияда Экономикалық жоспарлау басқармасы мен Аймақтық кешенді даму басқармаі және т.б. жүргізеді. Ұзақ мерзімді экономикалық даму және күрделі жұмсалымдар аясының құрылымдық саясатымен қатар өндірістің аймақтық орналасуының ұзақ мерзімдік мақсаттарын белгілеу Жапонияның экономикасын жос-парлаудағы мықты жағы деп саналады.
Түркияда орта мерзімді жоспарлау 1963 - 1967 жылдары жоспардан басталып, жүйелі түрде жоспарлау уақытының міндеттеріне байланысты жүзеге асырылуда. Осындай алтыншы бесжылдық жоспарда (1988 - 1992 жылдары) нарықтық жүйенің дамыған күйін ескеріп, халық шаруашылығының макроэкономикалық көрсеткіштерін нақтылауға көп көңіл бөлінді.
Германияда экономиканы реттеу біраз басқаша, мүнда көбінесе бәсекелестікті қорғауға, мемлекеттің антимонополиялық және бақылау қызметін нығайтуға, нарықтағы ірі кәсіпорындардың қосылуына тыйым са-луға, жоспарлар мен бағдарламалардың әлеуметтік қызметін кеңейтуге көңіл бөлінуде.
Реттеуші органдардың басты міндеттерінің бірі аймақтардың үйлесімді кешенді дамуын қамтамасыз ету. Мысалы, Францияда 1982 жылы жүргізілген реформалардың нәтижесінде аймақтық шаруашылық жүйесін басқару иерархиясының үш деңгейнің функциялары ажыратылған (коммуналар, басқарматер және аймақтар). Ал басқарма құрамына кіретін кантондар мен аудандардың өзіндік даму мәселелерін шешуде құқықтық және ұйымдастырушылық тәуелсіздігі жоқ.[12]
Халық шаруашылығында аймақтық мөселелер мен оларды салалық экономикамен байланыстыруға Швецияның, Англияның, Германияның, Оңтүстік Кореяның және де басқа дамыған нарықтық жүйедегі елдердің кептеген үкіметтік шешімдері арналған. Бүл шешімдердегі басты ой, жергілікті билік органдары өзінің әлеуметтік-экономикалық саясатын жүргізе отырып жалпы мемлекеттік және макроэкономикалық мақсатқа жету. Көптеген елдердің жоспарлау тәжірибесін қорытындылай келіп американдық маркетинг маманы Мелвилл Бранч маркетинг қызметін жетілдірудің бірнеше қолайлы жақтарын бөледі. Соның ішінде, жоспарлау:
- басшылардың үнемі болашақты ойлауын ынталандыруға мүмкіндік береді;
- мемлекет және шаруашылық жүргізуші субъектілер қолданылатын шараларды үйлестіреді;
- көрсеткіштерді анықтау жөне олардың орындалуын қадағалауға жол ашады;
- алдағы мәселелердің және саяси ұстанымдардың нақты анықталуын талап етеді;
- шұғыл өзгерістерге дайындықты күшейтеді;
- барлық қызметкерлердің міндеттерінің өзара байланыста, қарым-қатынаста екенін көрсетеді.
Аталған пункттерден (халық шаруашылығының алдыңғы звеноларында ғана емес) ең маңыздысы ретінде бірінші, екінші жөне алтыншыны айтуга болады, өйткені қазіргі жағдайда жоспарлауда осы 3 пункт жетіспейді немесе өте аз қолданылады.
Қарастырылып отырған мемлекеттердің тәжірибесінен мемлекеттердің экономикасын реттеудегі күшті тетіктерінің бірі қаржы-бюджет ресурстарын пайдалану және салық жинау механизмі болып табылады. Осы механизмдердің маңызы мен оларды тәжірибе жүзінде қолдану зерттелді жөне де оқулықтарда қарастырылған.
Осы механизмдерді негізге ала отырып, бірнеше түжырым жасауға болады. Біріншіден, бюджетгік қаржымен қаржыландыру арқылы (субсидиялар,.дотациялар, субвенциялар, бюджет шығындарын жоспарлау) халық шаруашылығының басымдылықтарын және білімді көп қажет ететін салаларды жылдам дамыту мәселелері шешіледі. Италияда, Норвегияда, Данияда, Швецияда, Бельгияда және басқадай мемлекеттерде мемлекетгік бюджет арқылы бөлінетін ұлттық табыстың үлесі 50% жоғары, ал Франциада, Австрияда жөне ФРГ-де 50% шамасында. Бұл көрсеткіш АҚШ пен Жапонияда 30% ғана.
Екіншіден, құрылымдық-инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшін салық салу механизмі үлкен рөлді атқарады. Бұл механизм арқылы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызығушылығын арттыруға болады, өйткені олар өндіріс және өнеркәсіп салаларының тез дамуына әкеледі. Ол деген импортгы ауыстыратын және бәсекеге түсе алатын түрлі тауарларды шығару. Жапонияның экономикалық ғылымының патриархы Сабуро Окита «Шенеуліктердің ақылдылығы телефон арқылы ведомстволық ережелер арқылы экономиканы басқару емес, жеңілдіктерімен және инвестициялық саясат, салалық байланыстардың тиімді және дұрыс тұжырымдамасын анықтау, бәсекені күшейту арқылы басыңқы салаларды дамыту» деген. Бұл нәтижелер құлды-раушылық (стагфляция) жағдайына душар болған мемлекет үшін қолайлы. Дағдарыстан шығу үшін фискалдық саясат арқылы ынталандыру қажет. Бұл саясаттың негізінде:
- мемлекетгік шығындардың өсуі;
- салық ставкасының және мөлшерінің азаюы;
- мемлекеттік шығындардың өсуі мен салықтың азаюын үйлестіре пайдалану жатыр. Бұл әдістің біреуін тандап алу алға қойылған мақсатқа немесе объектіні реттеуге байланысты. Үшіншіден, мемлекет әлеуметтік және ғылым салаларына шығындарын азайтттауы қажет. Шығындарын азайтып бұл салалардағы сұранысты қанағаттандыра алмаса, ол қайтадан шығындалуға мәжбур болады және бұл жерде екінші шығын бірінші шығыннан өте үлкен болады. Соңғы он жыл ішінде Жапонияның әлеуметтік шаруашылық дамуындағы тәжірибесінен «ғылым және білім экономикалық өсу моделінің интенсивті және негізгі қүрылымдық факторы ретінде көрінеді». Қазақстанда бұл салаларга көңіл бөлу жоқ, қаржыландыру жүйесі бүрынғысынша, яғни қалдық қағидасымен жұмыс істеуде. Бірақ Президент 1994 жылдың басында болған Ұлттық Академиясының жалпы жиналысында: “интеллектуалдық өндірісті қам-тамасыз етуде, өндіргіш күштерді дамытуда, ғылым интеграциясын қамтамасыз етуде негізгі мәселелерді шешуді ұмытып кеттік” деген.
Дамыған өнеркәсіптік елдерде «экономикалық өсудің интенсивті моделінің» икемді құралы экономиканы реттеудің ақша-несие механизмі болып табылады.
Нарықтық экономиканың білгірлері, АҚШ-тың ірі мамандары К.Р. Макконелл және С.П. Брю, «осы ақша-несие саясатының мақсаты толық жұмысбастылыққа қол жеткізуге және инфляцияның болмауына экономикада жалпы өнеркәсіп деңгейінің өсуіне көмектесу болып табылады» - деген. Мұндай саясат пен дем беруші (жұмыссыздық болганда) және ұстамды (инфляция болғанда) фискалды саясат жүргізудің арасында тығыз байланыс бар екені көрінеді. Сонымен қатар, мемлекеттік реттеудің ақша-несие механизмі жоғарыда аталған «көмекші» ретінде тек қана оның қолданылуы дайын өнім айналысына емес (яғни коммерциялы-спекулятивті құрылымдардың баюына емес), материалды игіліктерді өндіруге бағытталған болса ғана көрінеді.
Нарық жүйесі дамыған елдерде бүл механизмді қолдану төжірибесін зерттей отырып, мынадай бірнеше негізгі қорытынды шығаруға болады:
- монетарлы саясаттың әсерін «сезінетін» ұзақ мерзімді тәжірибенің басым болуы кейнсиандық ақша сұранысы теориясы мен оның трансмиссиондық механизмі әлсіздігінен пайыз мөлшері және инвестицияға дем берудің арасында байланыстың жоқтығы туралы қорытындысының қисынсыздығын көрсетеді, айқындайды. АҚШ-тағы бұл тәжірибеге терең талдау жүргізу нәтижесінде П. Самуэльсон ақша массасының қысқаруының салдары болып келетін несие бойынша пайыз мөлшерінің өсімі бұл несиеге физикалық және занды тұлғалардың қол жеткізуіне қиын жағдай туғызатыны туралы қорытынды жасайды. Ал несиенің қымбаттылығы мен қолайсыздығы, өз кезегінде, дербес және мемлекеттік инвестициялаудың қысқару тенденциясына әкеледі. Бірақ бұл тенденция күшті трансмиссиондық механизмді қолдану арқасында біраз нивелирленуі (тегістелінілуі) мүмкін (яғни акцияны, қозғалмайтын мүлікті, қолда бар тауарды іске асыру арқасында инвестицияны ынталандыру).
Көптеген жағдайда несиенің арзандылығы (пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі) депрессия жағдайында инфляцияны жеделдететіні туралы қорқыныш бостан-бос. Бұл жағдайда несие, егер ол тек өндірістік инвес-тициялауды жеделдетсе, нарыққа шығарылған тауарлардың санын арттырады. Мұнда, басқа да теңгермелі жағдайда (тұрақты баға мен ақша айналымының жылдамдығы) айналымдағы тауар массасының өзгеруіне байланысты ақша массасының өзгеру деңгейін көрсететін мультипликатордың абсолютті параметрлерін анықтау қиын емес. Егер бұл несие басқа құрылымға келіп түссе, онда ол ақша массасын көбейтіп, артық сұранымның пайда болуына әкеледі.
- егер фискалды және монетарлы саясат жалпы мемлекет мақсатында жүргізілетін болса, онда пайыз мөлшерінің деңгейі (несиеге байланысты) мемлекеттің бақылауы мен реттеуінде болуы керек. Экономика дағдарысы мен фискалды саясатты дамыту (жетіддіру) кезінде несиенің өңдірістік инвестицияны жеделдетудегі рөлінің төмендеуі қисынсыз көрінуі мүмкін. Несиелік және салық жеңілдіктерінің берілуі, сыртқы экономикалық тарифтік саясаттың шамадан тыс икемділігі - мемлекеттік реттеудің сенімді тетіктері, мұны АҚШ-та, Ұлыбританияда, Германияда, Жапонияда, Оңүстік Кореяда, Францияда, Италия және т.б. елдерде қолданып талдау жасаған кезде айқындалды. Бірақ бұл тәжірибе Қазақстан Үкіметі 1994 жылдың басында кез келген несиелік және салықтық жеңілдіктердің алынып тасталынуы туралы шешім қабылдағанда ескерілмеді.
- жалпымемлекеттік мақсатқа жетуде ақша-несие механизмдерін тиімді реттеу көбінесе оны Қадағалайтын органдардың еркіндік дәрежесіне байланысты. Әлемдік тәжірибе бойынша, егер бүл органдар саяси ағымдар мен мүдделердің «шеңберіне» түссе, онда олардың іс-әрекеттерінің қорытындылары, жалпымемлекеттік тұрғыдан бағалау кезінде негативті болуы мүмкін. Бұл туралы Нобель сыйлығының иегері Ф.Хайек ақша саясатының басты мақсаты ақшаның тұрақтылығын қамтамасыз ету керек деген қорытынды жасайды.
Өндірісі дамыған елдердің тәжірибесі, сонымен қатар аграрлы секторы жақсы дамыған елдердің экономикасында бағаға мемлекеттік және жанама әсер етуінің үлкен маңызы бар екенін көрсетеді. Егер бүкіл дүние жүзінде ешқашан және еш жерде мемлекеттің араласуынсыз "таза нарықтың" болуы мүмкін емес деген ғылыми делелденген тұжырымдаманы растайтын болсақ, онда дәл осылай тарихта қоғам дамуындағы баға белгілеудің толық және жалпы даму бостандығы болмады деген қорытынды да дұрыс деп есептелінеді [38, 78-б.|.
Бірақ та бұл тәжірибе жеке мемлекеттердің экономикадағы бағаны реттеу үшін қолданып отырған механизмдер құрамының әртүрлі екенін көрсетеді және олардың құрамы кебінесе меншік сала формасының нақты арақатынасына; қысқа және үзақ мерзімдік шаруашылық және әлеуметтік мақсаттарға; халықаралық экономикалық қатынастардың дұрыс қалыптасу деңгейіне байланысты екенін көрсетеді. Бұл жүйенің мәнісі - фермердің ертеңгі күнге деген сенімділігін арттыру нәтижесінде, ол өзінің шаруашылық жүмысынан қандай қорытынды алатынын анықтауға мүмкіндік табады. Бұл жерде кепілдік баға туралы сөз болып отыр. Егер нарықтағы бағаға күтпегеи тенденциялар әсер ететін болса, онда ол фермерге минималды табыс деңгейін қамтамасыз етеді. Мұндай кепілдік фермерлердің тауарлы-несие корпорацияларымен қарым-қатынасқа түскен кезде қамтамасыз етіледі. Соңғылары, кепілдік баға арқылы фермерден қабылданған өнім, олардың несиелері арқылы белгілі бір соманы қамтиды (баға көбейтілген өнім) Қазақстан жағдайында да бұл жүйе орнықты болған болар еді. АҚШ фермерлерінің төменгі табыс деңгейін қамтамасыз ететін, сонымен қатар мақсатты баға тәжірибесі Қазақстан жағдайында жүргізілсе пайдалы болар еді.
Австрия, Италия, Франция, Оңтүстік Корея, Жапония және тағы басқа елдердің үкіметтерінің баға деңгейін реттеу АҚШ елімен салыстырғанда өте қатал тәртіппен және арнаулы экономиканы басқару органдарымен жүзеге асырылады. Мысалы, Францияда мемлекеттік баға реттеу қызметтері бәсекелестік Кеңес арқылы жүргізіледі және халық шаруашылығындағы бағаның бестен бір бөлігін қамтиды. Австрияда мұндай қызмет баға туралы арнайы заң арқылы жүзеге асады. Ол мемлекеттің экономика өрісінде төтенше жағдайын болдырмауын реттеуде үлкен рөл атқарады. Осы мемлекетте баға ырқтандыруының бастапқы кезеңі соғыстан кейінгі (1946 - 1947) 3-4 он-жылдыққа созылды. Бірақта, әлі күнге дейін Экономика министрлігі мен Үкіметтің тарапында сол елде ендірілген және импорттық тауарларға баға деңгейін реттеу кең өріс алуда. Бірінші топтағы тауар туралы сөз болса, онда оларға деген бағаны реттеу ең алдымен өндіруге кеткен шикізат материал ресурсының бағасы төмендеу фактісі ескеріледі, ал егер екінші топтағы болса, онда ауыл шаруашылығында өндірілген өнімді елге өткізу кезінде қолданылатын баж салығын төмендету фактілері ескеріледі. Мемлекеттің осындай бақылау жасау функцияларын күшейту, әсіресе экономикалық дағдарыстан шығу кезінде қолдану пайдалы екені тәжірибе жүзінде дәлелденген. Біздің жағдайымызда француз үкіметінің шағын жөне орта бизнесті жеңілдетілген несие, салық салу механизмдері арқылы және бағаны құруда арнайы құқықтар бойынша басқару ісін жүргізу тәжрибесі пайдалы болар еді.
Мемлекеттік баға реттеудің басты объектісі ауыл шаруашылық өндірісі болып табылатынын бүкіл дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отыр. Ғылыми талдау шаруашылық өндірісінің бірқатар ерекшеліктерін бөліп көрсетеді. Біріншіден, ол табиғи-климаттық жағдайға байланысты. Бұл тәуелділік фермердің және аграрлы сектор субъектісінің табиғи-климаттық фактордың қо-лайсыз жағдайда да табыс пен пайда табуын объективті және озекті проблемаға айналдырады. Оны шешуде басты рөл ауыл шаруашылық өнімдеріне бағаны мемлекеттің реттеуі және сол механизмдер арқылы ауыл шаруашылық жұмыскерлерінің еңбегін ынталандьгру. Яғни, көптеген елдерде қарастырылып отырған саладағы өнімге баға деңгейін анықтау “шығын қосылған табыс” қағидасы қолданылады. Демек, фермер әртүрлі шығындар кезінде немесе өндіріске әсер ететін табиғи-климаттық факторлардың қарама-қарсы жойылуына байланысты болғанда табысқа қол жеткізе алады. Әлеуметтік бағыттағы баға құруда ауыл еңбеккерлерінің тұрақтылығы, олардың шеберлігі өседі және де ұйымдастыру мен өндірістік технологияның сабақтастығы қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, тұрғындардың тамақ өнімдеріне қажеттілігін уақытында қамтамасыз етілуінде (сондай-ақ өндіріс тауарларына) ауыл шаруашылық өнімдерін табиғи өңделген түрлеріне негізгі көңіл бөлінеді. Әлеумепік түрдегі міндеттерді шешуде және тұрғындардың өмірін қамтамасыз етуден ауыл шаруашылық өнімдерше баға құру процесінде негізгі мемлекеттік басқару органдары шеттеп тұра алмайды. Осындай объектииті араласу әртүрлі басымды механизмдерде әкімшілік, экономикалық, тікелей, жанама, құқықтық және аймақтық реттеуде орын алады. Олар көбінесе әр Қазақстан Республикасының әлеуметтік-шаруашылық, құрылымдық, институционалдық ерекшеліктеріне байланысты.
Үшіншіден, аграрлы сектор қандай да болмасын жүйеде мемлекеттің қолдауына мұқтаж, әсіресе ғылыми-техникалық қызмет керсету бағыты мен нақты ( инновациялық-инвестициялық шараларды іске асыруда. Мысалы, АҚШ-та мемлекеттік дотацияның үлес салмағы төрттен бірге жетеді, ал Еуропалық экономикалық одақта (ЕЭО) жартысына жуық, Жапонияда фермерлердің барлық табыстарының төрттен үшін құрайды. Канадада бұл көрсеткіш деңгейі шамамен 40% жетеді. Мемлекеттің ауыл шаруашылығын дамытуын қолдауда баға құру механизмін жеке, кәсіпкерлік және жалпы мемлекеттік мүдделерін байланыстыруда қолданады.
Нарықтық экономиканың білгірлері, АҚШ-тың ірі мамандары К.Р. Макконелл және С.П. Брю, «осы ақша-несие саясатының мақсаты толық жұмысбастылыққа қол жеткізуге және инфляцияның болмауына экономикада жалпы өнеркәсіп деңгейінің өсуіне көмектесу болып табылады» - деген. Мұндай саясат пен дем беруші (жұмыссыздық болганда) және ұстамды (инфляция болғанда) фискалды саясат жүргізудің арасында тығыз байланыс бар екені көрінеді. Сонымен қатар, мемлекеттік реттеудің ақша-несие механизмі жоғарыда аталған «көмекші» ретінде тек қана оның қолданылуы дайын өнім айналысына емес (яғни коммерциялы-спекулятивті құрылымдардың баюына емес), материалды игіліктерді өндіруге бағытталған болса ғана көрінеді.
ЕЭО елдерінде ауыл шаруашылығы министрлерінің Кеңесінің шешімімен сала өнімдерінің бағасы 95% дейін реттеледі және бұл жерде назар аударарлық нәрсе ол сатып алу бағасының минималды деңгейі базар деңгейінің бағасының өзгеру деңгейіне байланысты негізделеді. Негізгі ауыл шаруашьшығы өнімдеріне (ет, сүт, астық) баға құру саясаты қолданылады, онымен арнайы органдар айналысады. Баға құру басымдылық болган жағдайда «сиқырлы төртбұрышта» (тұрақты өсу қарқыны, жұмысбастылық, баға тұрақтылығы мен төлем балансы) олардың міндеті кеңейеді. «Жүзетін» және нарық бағасының жұмыс істеу аясының кеңейуі тауарлар номенклатурасының қысқаруымен, бірыңғай жоспарлы бағамен «қызмст ету» бағытын алған. Бұл толығынан ауыл шаруашылық өнімдер бағасына қатысты, яғни жоспарланған түрде белгіленген сатып алу бағасын қабылдамау өзара шартты (жоспарлы мемлекеттік сатып алу үшін) және нарықты (сатып алу өзара шарттың үстінен) бағаны қабаттас енгізу. Дамыған елдердің шаруашылық тәжірибесі көрсеткендей, ішкі нарықтағы тауар өндірушілердің ықыласын қорғауда және экономикалық қатынастардың тиімділігін арттыруда лицензиялық, кедендік кірістер және тарифтік реттеу механизмдерін қолдану әр Қазақстан Республикасының геосаясатының, табиғи-тарихтық, табиғи-экономикалық және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне байланысты. Германияда экономиканы реттеу біраз басқаша, мүнда көбінесе бәсекелестікті қорғауға, мемлекеттің антимонополиялық және бақылау қызметін нығайтуға, нарықтағы ірі кәсіпорындардың қосылуына тыйым са-луға, жоспарлар мен бағдарламалардың әлеуметтік қызметін кеңейтуге көңіл бөлінуде.
Реттеуші органдардың басты міндеттерінің бірі аймақтардың үйлесімді кешенді дамуын қамтамасыз ету. Мысалы, Францияда 1987 жылы жүргізілген реформалардың нәтижесінде аймақтық шаруашылық жүйесін басқару иерархиясының үш деңгейнің функциялары ажыратылған (коммуналар, басқарматер және аймақтар). Сонымен қатар әлемдік нарық пен әлем шаруашылық интеграциясына кіру ықыласы ескеріледі.
2 АЙМАҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстанда қазіргі кезеңдегі аймақтық саясат ерекшеліктері
Тәуелсiздiк алғанға дейiн Қазақстанның аумақтық дамуы бұрынғы KCP0-ның бiртұтас халық шаруашылығы кешенiнiң шеңберiнде айқындалды және орталықтандырылған директивтi жоспарлау негiзiнде жүзеге асырылды.
Нарықтық экономиканың жұмыс iстеу жағдайында экономикалық әлеуеттi дамыту мен орналастыру және халықты таратып орналастыру мәселелерi негiзiнен нарықтық тетiктер арқылы айқындалады.
Сонымен қатар, мемлекет елдiң орнықты экономикалық дамуы, халықтың қолайлы тыныс-тiршiлiгi және бар ресурстық әлеуеттi ұтымды пайдалану үшiн жүйелi жағдайды қамтамасыз етеді. Тиiсiнше мемлекеттiң аумақтық даму процестерiн реттеудегi мiндеттерi де өзгереді.
Қазiргi кезеңде мемлекет мiндеттерi экономика мен еңбек ресурстарын экономикалық тұрғыдан перспективалы аудандарға және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы табиғи-климаттық аймақтарға шоғырландыруды ынталандыруға, нарық субъектiлерiнiң экономикалық белсендiлiгiн өсiру үшiн жағдайлар жасауға және әлемдiк шаруашылық жүйесiне үйлесiмдi кiрiктiрiлген бiртұтас iшкi экономикалық кеңiстiктi қалыптастыруға келiп тiреледi.
Жоғарыда көрсетiлген мiндеттердi iске асыру елдi дамытудың геоэкономикалық және геосаяси факторларын ескеруді және жаһандану мен халықаралық бәсекелестiктiң күшеюi елдiң әлемдiк нарықтарға ұстанымдануының тиiмдi стратегиясын тұжырымдауды талап етедi.
Аймақтар мен iрi қалалар бәсекелiк стратегияны тұжырымдаумен, еңбек бөлiнiсiнiң ұлттық қана емес, аймақтық және әлемдiк жүйесiнен де орын iздеумен айналысуға тиiс.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік-экономикалық және т.б. аумақтық факторларды толықтай ескеріп, оларды мемлекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтылағанда ғана ғылыми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.
Қазіргі уақытта республика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемлекет тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемлекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады.
Мемлекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызметіне тікелей араласпағанменен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеулер т.б.) араласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді қызмет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемлекет аймақтармен дұрыс өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемлекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Демек, аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеу - бұл олардың дамуының қажетті шарты.
Негiзiнен кеңестiк кезеңнiң өзiнде қалыптасқан елдiң экономикалық әлеуетiн орналастыру экономика құрылымының бұзылуы, iшкi экономикалық кеңiстiктiң сақталып отырған ыдырауы салдарынан оны дербес экономикалық жүйе ретiнде дамыту орнықтылығының қазiргi заманғы қажеттi талаптарына жауап бермейдi.
Қазақстанның әлемдiк шаруашылық жүйесiне белсендi кiруi Қазақстанның әлемдiк және өңiрлiк еңбек бөлiнiсiнде тар мамандануымен, негiзгi әлемдiк тауар нарықтарынан алыстығымен тежелiп отыр, бұл тұтастай елдiң де, және оның жекелеген өңiрлерiнiң де сыртқы нарықтарға шығуын қамтамасыз ететiн көлiк-коммуникациялық инфрақұрылымның дамымауымен тереңдей түседi.
Экономиканы нарық жағдайында дамыту елдiң жекелеген аумақтық-шаруашылық жүйелерiнiң бәсекелiк артықшылықтарын да, сол сияқты нарыққа бейiмделудiң әрқилы мүмкiндiктерiне байланысты олардың кемшiлiктерiн де анықтап бердi. Бұл жекелеген өңiрлерде өндiрiстiң бiршама құлдырауына және тоқтап қалуына, күйзелiске ұшыраған аудандар мен елдi мекендердiң пайда болуына алып келдi. Нәтижесiнде өңiрлiк теңсiздiктер тереңдедi және табиғи көшi-қон ағымына қарамастан, ел халқының бiр бөлiгi қазiргi уақытта экономикалық перспективалы емес аумақтарда тұрады.
Бұрын қалыптасқан таратып орналастыру жүйесi өз тиiмдiлiгiн жоғалтты және қазiргi уақытта қалыптасып жатқан елдi кеңiстiктi экономикалық ұйымдастыруға сәйкес келмейдi. Бұрын минералдық-шикiзат кен орындарының базасында салынған жекелеген шағын қалалар, кенттер, сондай-ақ қалыпты өмiр сүру үшiн жарамсыз аумақтардағы және даму орталықтарынан шалғайдағы ауылдар перспективасыз болып қалды.
60 шағын қаланың 10-ы күйзелiске ұшырағандар санатына жатқызылды. Әлеуметтiк-экономикалық даму әлеуетi бойынша 7512 ауылдық елдi мекеннiң (АЕМ) 1204-iнiң (халық саны 1,8 млн. адам) жоғары, 5625 АЕМ-нiң (5,2 млн. адам) - орташа, 595 АЕМ-нiң (189,9 млн. адам) төмен даму әлеуетi бар және 88 АЕМ-нiң тұрғындары жоқ.
Аумақтық дамуды басқару жүйесi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың өзара келiсiлген iс-қимылын қамтамасыз етпейдi. Аумақтық жоспарлау мәселелерiн әртүрлi ведомстволар реттейдi және тұтастай алғанда орталық деңгейде тиiмсiз үйлестiрiледi.Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау өзекті мәселеге айналады. Осы мақсатта аймақтық саясаттың қалыптасуына әсерін тигізетін негізгі жағдайларды сараптауға жүгінейік.
Нарықтық қатынастарды қалыптастыру барысында жүргізілген реформалар аймақаралық саралауды (дифференциация) тым «күшейтіп» жіберді. Нәтижесінде жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімді (ЖАӨ) өндіру көлемі бойынша республика халқының айырмашылығы он есеге дейін жетті (кесте 1). Ал АҚШ – та ең «алдыңғы» және ең «артта қалған» штаттарының арасындағы айырмашылық небәрі 1,8 есе ғана. Кесте деректері көрсетіп отырғанындай, жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімнің ең жоғары көлемі - Атырау облысына, ал ең төменгі көлем Жамбыл облысына тиесілі болып отыр. 2011 жылғы деректер бойынша осы екі облыстың жан басына шаққандағы ЖАӨ-дегі айырмашылық 12 есе болған.
Кесте 1 - Жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнім мың теңге
Облыстар | жылдар: | ||||
2007 | 2008 | 2009 | 2010 | 2011 | |
Қазақстан Республикасы | 121,5 | 157,8 | 168,4 | 172,3 | 266,9 |
Ақмола | 87,1 | 94,7 | 95,8 | 98,1 | 157,6 |
Ақтөбе | 124,2 | 162,5 | 185,4 | 200,1 | 285,9 |
Алматы | 58,5 | 72,0 | 74,6 | 85,7 | 120,8 |
Атырау | 288,6 | 581,7 | 698,2 | 701,5 | 1099,4 |
Шығыс Қазақстан | 125,6 | 143,3 | 152,4 | 164,8 | 196,7 |
Жамбыл | 44,0 | 50,2 | 56,4 | 60,0 | 91,2 |
Батыс Қазақстан | 115,9 | 203,4 | 240,0 | 258,9 | 323,0 |
Қарағанды | 150,8 | 197,2 | 201,4 | 202,5 | 272,2 |
Қызылорда | 122,6 | 144,1 | 145,6 | 158,3 | 217,1 |
Қостанай | 58,8 | 93,4 | 100,7 | 103,4 | 189,5 |
Маңғыстау | 247,4 | 432,1 | 458,3 | 504,3 | 566,5 |
Павлодар | 136,7 | 175,2 | 198,3 | 203,4 | 289,9 |
Солтүстік Қазақстан | 55,1 | 61,1 | 67,5 | 71,3 | 147,8 |
Оңтүстік Қазақстан | 55,1 | 61,1 | 67,5 | 71,4 | 110,3 |
Астана қаласы | 243,3 | 254,0 | 259,4 | 302,5 | 510,6 |
Алматы қаласы | 283,1 | 329,9 | 331,2 | 367,1 | 625,7 |
Мұндай тым саралау, әрине, миграцияның күшеюіне, дағдарысты және кедей ареалдардың кеңеюіне, аймақтардың экономикалық өзара әрекет ету механизмінің әлсіреуіне және аймақаралық қарама-қайшылықтардың өсуіне алып келері сөзсіз. Бұл өз кезегінде біртұтас әлеуметтік-экономикалық саясатты жүргізуді айтарлықтай қиындатады. Аумақтық әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктер (диспропорциялар) көбінесе объективті сипаттағы себептермен байланысты болғанмен де, оларды «жұмсарту» қажеттілігі айқын. Мемлекеттің тұтастығын сақтауға ұмтылған бір де бір мемлекет аумақтық теңсіздіктердің соншалықты алшақтығына жол бермейді. Мұны дамыған мемлекеттердің тәжірибесі де дәлелдей түседі. Сондықтан Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын тегістеуге бағытталған мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізу стратегиялық тұрғыдан маңызды болып табылады. Ұлттық экономиканың тұрақты өсуі елдің проблемалық аймақтарындағы өмір сүру жағдайын жақсартпайынша мүмкін емес. Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше проблемаларымен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады:
- шаруашылықтарының құрылымы экспортқа бағытталған;
- индустриялық дамыған;
- агроөнеркәсіптік;
- дағдарыстық.
Бірінші топ – стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай қорларын иеленетін және ғылыми-өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық-әлеуметтік артта қалуымен, эқологиялық жағдайларының нашар болуымен ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстан экономикасын дағдарыстан шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі. Осы аймақ топтары үшін төмендегідей проблемалар кешенін шешу қажет деп атап көрсетуге болады:
- минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өндіру мен өңдеудің жаңа технологияларын енгізу негізінде стратегиялық шикізат түрлеріне бай жерлерді интенсивті игеру;
- отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық инфрақұрылымдарды құру;
- ауылдық аумақтарының дамуындағы «жинақталған» күрделі проблемаларды (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, т.б.) шешу.
Екінші топқа ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары технологиялық ғылымды қажетсінетін өндіріс құру үшін қолайлы экономикалық жағдайлары және жоғары ғылыми-өндірістік әлеуеті бар, негізінен қаржылық ресурстармен өзін- өзі қамтамасыз ете алатын аймақтар жатады.
Бұл аймақтарды дамытуда шешуді талап ететін проблемалар қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
- шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық әлеуетті қалыптастыру;
- жаңа ғылымды қажетсінетін өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар негізінде құрал-жабдықтар мен машиналар, электроника құралдары, автомобиль құрылысы, жаңа материалдар, лазер технологиясын дамыту;
- нарықтық инфрақұрылымды дамытуды жеделдету.
Үшінші топ – ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет.
Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру үшін келесідей мәселелер өз шешімін табуы тиіс:
- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін тиімді мамандандыруды жүзеге асыру;
- ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалығын және экспорттық әлеуетінің өсуін қамтамасыз ететіндей өндірістік үрдістерге жаңа технология мен техникаларды енгізу және пайдалану;
- тұтыну нарығын тепе-тең түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материалдық-техникалық базасын нығайту, міндетті түрде өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды құру.
Төртінші топқа – қысылшаң (экстремалды) табиғи-климаттық, әлеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың салалық құрылымы ұтымды емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған проблемалардан «арылу» үшін мемлекеттік реттеудің нақты шаралары қажет. Сонымен бірге осы топтағы аймақтардың дамуы үшін шешілуі тиіс мәселелер келесідей:
- экологиялық дағдарыстың тереңдеу үрдісінің алдын-алу;
- осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деңгейін көтеру үшін материалдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
- қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардан, кіші және шағын қалалардан және басқа да тұрғылықты жерлерден республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетін халықтар үшін қажет жағдайлар жасау;
- шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану.
Республика аймақтарын мұндай топтастыру басқарудың аймақтық мәселелерін тиімді шешуге және жергілікті шаруашылықтарды қарқынды дамытуға мүмкіндік береді.
Проблемалық аймақтардың қатарына бірқатар себептердің салдарынан экономикалық әлеуеті орташа республикалық көрсеткіштерден бірнеше есе төмен, ал экономикасы өнеркәсіптің аз әртараптандырылған (диверсификацияланған) құрылымымен, нашар дамыған инфрақұрылымымен сипатталатын аймақтар жатады. Мұндай аумақтар олардың өзіндік дамуын ынталандыратын мемлекеттің көмегіне мұқтаж. Сондықтан да экономикалық ғаламдану үрдісіне қадам басып отырған Қазақстан үшін шешілуі тиіс басты міндет – аймақтар үшін жағымсыз салдарларды бейтараптандыра отырып, олардың дамуы үшін қажет жағдайларды қалыптастыру негізінде тиімді нәтижені ұлғайту.
Аймақтардың дағдарыстығының басты белгілері болып табылатындар:
- өндіріс қарқынының төмендеуі;
- халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы табыстың төмендігі);
- жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың өрістеуі (жұмыссыздықтың жоғары деңгейі);
- демографиялық, экологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы проблемалардың күшеюі және т.б.
Аймақтардың біркелкі дамымауы іргелі әлемдік үрдістерге жатады. Әрбір елде салыстырмалы түрде өркендеген және артта қалған аймақтар бар – бұл әлеуметтік-экономикалық, табиғи –климаттық, ресурстық және басқа да жағдайлармен байланысты табиғи, аумақтық айырмашылықтар. Осы орайдағы мемлекеттің міндеті шектен тыс жоғары аймақтық саралауға жол бермеу болып табылады.
Өмір сүру деңгейі мен сапасындағы шектен тыс аймақтық айырмашылықтар көбінесе аймақтардың экономикалық, табиғи-климаттық, ресурстық және инфрақұрылымдық ерекшеліктерімен анықталады, сондай-ақ олар мемлекеттің «теңестіру» саясатын жүргізу үшін негіз болып табылады. Осы саясатты жүзеге асырудың басқарушылық механизмінің негізгі міндеттерінің қатарына артта қалған аймақтардағы өмір сүру деңгейі мен экономикалық даму параметрлерін ең болмағанда орташа деңгейге (осы параметрлер бойынша) біртіндеп жақындату жатады. Бұл жағдайда негізгі міндет мемлекет тарапынан аймақтардың өзіндік дамуын ынталандыру: халықтың әлеуметтік бейімділігін қолдау (қолайлы жерлерге көшіп-қонуға көмек көрсету); артта қалған аймақтарға капитал мен инвестициялардың келуін ынталандыру және т.б. болып табылады.
Аймақ дамуының кез-келген аясындағы дағдарысты жою, бір жағынан алғанда, экономикалық белсенділік деңгейімен байланысты. Әлеуметтік даму салыстырмалы түрде дербестікке ие бола отырып, айтарлықтай дәрежеде ресурстық мүмкіндіктермен анықталады, олар өз кезегінде экономикалық даму деңгейіне байланысты. Екінші жағынан, нарықтық шаруашылықтың әлеуметтік жағдайға зиянын тигізе отырып, тек ғана экономикалық басымдыққа біржақты бейімделуі нарықтық экономиканың және тұтас мемлекеттің дамуына қауіп туғызады. Сондықтан мемлекеттік реттеудің әлеуметтік және экономикалық құраушыларының тепе-теңдігі қажет. Экономикалық және әлеуметтік құраушыларды тепе-теңдікте дамыта отырып, аймақ дамуындағы әр түрлі бағыттағы олқылықтардың орнын толықтыруға және халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін көтеруге болады, бұл түптеп келгенде мемлекеттің аймақтық саясатының табысты жүргізілуін анықтайтын негізгі шарттардың бірі болып табылады.
Аймақтық саясаттың мәні мен міндеттері және оларды жүзеге асырудың өзіндік механизмдері бар (сурет 1, 10 б.). Макроэкономикалық саясаттың құрамдас бөлігі бола отырып, аймақтық саясат әрбір аймақтың экономикасының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың тиімділігін көтеруді өзінің басты мақсаты етіп қояды. Қойылған мақсатқа жету үшін, әрине, міндеттердің қойылуы шарт. Олардың қатарына: мемлекет пен жекелеген аумақтардың мүдделерін үйлестіру, аумақтық дамудың әрекетті механизмін жасақтау, сонымен қатар аймақтың ресурстық, ғылыми, еңбек әлеуетін барынша пайдалану жатады. Осы сызбадан көрініп тұрғанындай, аймақтық саясаттың мақсаты, міндеттері мен жүзеге асыру әдістері мемлекеттік реттеудің басқа бағыттарымен өзара тығыз байланыста жүзеге асырылады.
Әлемдiк экономиканың жаһандануы әрi әлемдiк нарықтардағы өткiр бәсекелiк күрес және iшкi нарықтың аз сыйымдылығының бар екенiн ескергенде, Қазақстан мен оның аумақтарының одан әрi даму перспективалары елдiң әлемдiк нарықтарға шикiзат ресурстарын iрi экспорттаушы және транзиттiк аумақ ретiнде ғана емес, ең алдымен, Орталық Азия өңiрiнде орта және жоғары технологиялы тауарларды жеткiзуге әрi сервистiк (сауда-логистикалық, көлiктiк-ақпараттық, қаржылық, бiлiм беру және басқалары) қызмет көрсетулердiң ауқымды аясын ұсынуға бағдарланған орнықты экономикалық жүйе ретiнде ұстанымдану мүмкiндiгiмен айқындалады.
Елдiң жекелеген аумақтарында өмiр сүру жағдайының айтарлықтай нашарлауына алып келген техногендiк апаттардың, өндiрiс пен өмiр сүру деңгейiнiң төтенше құлдырауының себептерiн немесе салдарларын жою –негізгі мәселе. Бүгiнде елдiң проблемалы өңiрлерiне экологиялық қолайсыз аумақтар, оның iшiнде бұрынғы әскери полигондар аумақтары, сондай-ақ күйзелiске ұшыраған шағын қалалар мен ауылдық елдi мекендер жатады. Күйзелiске ұшыраған елдi мекендердiң жергiлiктi проблемаларын жою өндiрiстi әртараптандыру, шағын бизнестiң қалыптасуын ынталандыру, жергiлiктi инвестициялық ахуалды жақсарту әрi әлеуметтiк және инженерлiк инфрақұрылымды дамыту жолымен, оның iшiнде республикалық бюджет қаражаты есебiнен тиiстi мемлекеттiк және салалық бағдарламаларды iске асыру шеңберiнде өңiрлердiң өз күштерi арқылы қамтамасыз етiлетiн болады.
Мемлекеттегі әрбір аймақ өзімен-өзі жеке дами алмайды, өйткені басқа аймақтардың даму барысына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктерін де ескеруі тиіс. Сондықтан да экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық саясаттың маңызы ерекше бола түседі. Мемлекет әрбір аймақ үшін бағдарлама жасап, сол бойынша аймақтар өзінің даму бағытын жүзеге асырады.
Аймақтық саясатты нақты қалыптастыру үшін еліміздің кеңістікті айырмашылық себептерін көрсету қажет. Оларға жататындар төмендегілер:
- еліміз аймақтарының табиғи-климаттық жағдайының айырмашылығы;
- аймақтың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты, саласы және ауқымы. Бұл фактор тек ауыл шаруашылық, сондай-ақ пайдалы қазбаларды игеру ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру жағдайына және халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді;
- аймақтың орналасуының «күрделі» жағдайы, соның әсерінен шығындар артып, бағаның өсуі туындайды. Бұл аймақтың көлік және байланыс қызметтерінің дұрыс дамымауына, оның экономикалық даму деңгейіне ықпал етеді;
- инновация енгізу жағынан артта қалуы, өндірістің ескі құрылымы;
- елдің экономикалық даму тенденциясы;
- тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму сатысы;
- институционалдық фактор: жалпы және аймақтық саясаттың нысандары, саяси жағдайы, аймақтың даму тарихы және т.б.;
- орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі, өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілуі, өндірістік инфрақұрылым;
- әлеуметтік-мәдени факторлар: урбанизация деңгейі, халықтың білім деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы және т.б;
- орталықпен жүргізілетін макроэкономикалық саясатта аймақтық ерекшеліктердің есепке алынбауы;
- орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіліктер мен міндеттерді жіктеу үрдісінің толықтай аяқталмауы.
Сонымен қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік аймақтық саясаты ең алдымен шектен тыс аумақтық теңсіздіктерге жол бермеу және оларды «тегістеу» саясаты болуы тиіс. Бұл жағдайда орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тепе-теңдігі қажет. Осыған орай аймақтық дамуды шешілуі әлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық, мәдени, демографиялық және т.б. шаралар жүйесін талап ететін санқырлы проблема ретінде қарастыруға болады.
Нарықтық экономикаға өту барысындағы аймақтық саясат біршама өзгермелі болып келеді. Әрбір аймақтың ерекшеліктеріне қарай, кейбір аймақта мемлекет тарапынан нарықтық экономиканың қалыптасуы үшін жалпы құқықтық режимді қолдау жеткілікті болса, басқасында экономикалық белсенділікті ынталандыру қажет, келесі біреуінде, аймақтық экономикаға экономикалық және әкімшілік әсер ету әдістері қажет т.б.
Экономикалық саясат, еліміздің және оның жекелеген аймақтарының экономикалық жағдайын қамтамасыз етуге және қойылған мақсаттарға жетуді көздейтін мәселелерді шешуге бағытталуы тиіс. Ал, аймақтық саясаттың мәні жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аймақтық дамуды басқару болып табылады.
2.2 Қазақстан Республикасы аймақтары дамуының жалпы сипаттамасы
Дамыған жергілікті экономика мен жергілікті өзін-өзі басқаруды құруға мүмкіндік туғызатын оңтайлы аймақтық параметрлері бар елдерден айырмашылығы, Қазақстанның аймақтары ұлан-байтақ аумақтарымен, халықтың сирек орналасуымен, қатты бөлшектенген өндіріс әлеуетімен (потенциалымен) және ішкі рыноктың төмен сыйымдылығымен сипатталады. Дүниежүзілік банктің 1997 жылғы «Өзгермелі дүниедегі мемлекет» баяндамасында жақсы пайымдалған және нысаналы ұзақ мерзімді көре білу мемлекеттің ойдағыдай дамуы үшін негіз болып табылатыны атап көрсетіледі.
Экономикалық және әлеуметтік жүйелерді өзгерту кезінде аумақтардың дамуында мемлекеттің реттеуші рөлі едәуір әлсіреді, ол ең алдымен аймақтық дамуға арналған мемлекеттік инвестициялардың қысқаруынан көрінді. Бұл жекелеген аймақтардың экономикасына теріс ықпалын тигізді, тұрмыс деңгейі, әлеуметтік қызметтер мүмкіндігі, өндірістік және көлік инфрақұрылымының дамуы бойынша аймақтар арасындағы айырмашылықтар ұлғайды. Республиканың бұрынғы жоғары білікті кадрлары бар, халық тығыз орналасқан дамыған аймақтары өндірістің терең құлдырауы мен демографиялық дағдарысты бастан кешірді. Тоқыраған ауыл аудандары мен шағын қалалардың пайда болуы проблемаға айналды. Қазақстандағы экономикалық кеңістіктің әртектілігінен, аймақтардың нарықтық жағдайларға бейімделу мүмкіндіктерінің елеулі айырмашылықтарынан өтпелі үдеріс созыла түсті. Аймақтық проблемалардың өсуі мен алуан түрлілігіне келесі үдерістер елеулі ықпалын тигізді:
- жаңа госаясаттық және экономикалық кеңістікті қалыптастыру;
- әкімшілік-жоспарлы экономикадан мемлекеттің тұрақсыз реттеуіндегі нарықтық үлесіне көшу;
- экономикалық дағдарыс;
- ерекше инфрақұрылымдық, өндірістік, гуманитарлық проблемалармен шекараға шектес жаңа аймақтардың пайда болуы.
Қазақстан да соның қатарына жататын біртұтас мемлекеттерде аймақтық саясатты орталық үкімет жүргізеді, ол макро және микроқұралдарды тең дәрежеде бірдей пайдаланады.
«Қазақстан – 2030» стратегиясын іске асырудың алғашқы кезеңінде (1998-2000) негізгі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізілді, тұрақты және орнықты мемлекеттік жүйе құрылды, болашақ өсудің негіздері қаланды. 2001 жылы бірінші онжылдықтың стратегиялық жоспары бекітілді, ол одан әрі бес жылдық кезеңге орташа мерзімдік индикативті жоспарлармен нақтыланды. Жалпы мемлекеттік жоспарда елдің жүйелі даму стратегиясына сай келетін аймақтар дамуының басымдылықтары мазмұндалады [12, 45 б.].
Қазіргі сәтте Қазақстан орнықты экономикалық даму траекториясына шықты. Осы жағдайларда аймақтардың дамуына мемлекеттің араласуының мақсаты барлық аймақтардың тұрғындары өздері қалайтын әл-ауқат пен тұрмыс сапасына қол жеткізуде бірдей мүмкіндіктерге ие болатын экономикалық әрекетті кеңістікте ұйымдастыру болады. Ел шаруашылығын кеңістікте ұйымдастыру туралы қамқорлық – мемлекеттің негізгі қызметі. Аймақтық дамуды реттеуді жүзеге асыруға барлық мемлекеттік институттар қатысады. Бірақ аймақтық проблемаларды шешу әрдайым олардың негізгі міндеттері бола бермейді. Сондықтан аймақтық дамуды мемлекеттік реттеу жүйесіндегі мамандандырылған аймақтық бағдарланған әрекетті – аймақтық саясатты бөледі.
Аймақтық саясат әлеуметтік-экономикалық дамудың ұлттық стратегиясының құрамдас бөлігі болып табылады және ол биліктің философиялық тұжырымдамасынан тарайды. Экономикалық, әлеуметтік, саяси қатынастардың өзгеру кезінде аймақтық проблемаларды мемлекеттік реттеу әлемдегі көптеген елдердің дамуында маңызды рөль атқарады. Түрлі мемлекеттердің аймақтық дамуын реттеудің зерттеулері мен әдістерінің аймақтық ішкі проблемаларға қолданылатын тәсілдермен ортақ белгілері бар, өйткені олар әлемдік бай тәжірибеге сүйенеді. Аймақтық даму – аймақтың ішкі әлеуметтік-экономикалық құрылымының прогрессивті өзгеруі.
Ұдайы өгеріп тұратын дүниеде дәстүрлі аймақтық проблемалар жойылмайды, ал жаңа сапаға өтеді. Мүлде жаңа аймақтық проблемалар постиндустриалдық, ақпараттық қоғамға өту кезінде және экономиканың жаһандануына байланысты туындайды.
Мемлекеттің аймақтық саясаты – елдің экономикалық, әлеуметтік және саяси дамуын кеңістіктік, аймақтық аспектте басқару жөніндегі әрекет саласы, яғни мемлекет пен аудандар арасындағы, сондай-ақ аудандардың бір-бірімен өзара қатынастарымен байланысты.
Дамыған елдерде ол ең алдымен елдің проблемалы аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық үрдістерді мемлекеттік реттеудің және әлеуметтік және экологиялық шиеленісті тоқтатудың құралы ретінде қаралады.
Аймақтық саясатпен аймақтық әлеуметтік-экономикалық саясат – нақты аймақтар шектерінде өндіргіш күштер мен әлеуметтік үдерістердің қалыптасуы мен дамуын сабақтайтын экономикалық және әлеуметтік факторлар мен құбылыстардың жиынтығы өзара тығыз байланыста болады.
Түрлі елдердің аймақтық саясатының тәжірибесін ұдайы қорытындылайтын экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйым (ЭЫДҰ – ОЭСР), оны «түрлі аймақтардағы жұмыссыздық көрсеткіштерінің немесе халықтың жан басына шаққандағы табысының елеулі сәйкессіздіктерін жоюға нысаналанған саясат» ретінде қарайды.
Қазіргі Қазақстанның аймақтық тұрғыда әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің динамикасын сақтайтын елдермен көптеген ортақ аймақтық проблемалары бар.
Аймақтық саясаттың негізгі мақсаты - әлеуеттік жанжалдардың тууына себеп болатын, жалпы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, немесе оның бөліктеріне, сондай-ақ елдердің топтарына (мәселен, Еуропалық одақтың мүше елдері) кедергі жасайтын теңсіздіктерді барынша азайту. Нарықтық экономикалы елдердегі аймақтық-зерттеушілер аймақтардың дамуына мемлекет араласуынаң екі бағытын даралайды:
Экономикалық мақсаттар:
- тұралаған аймақтардағы өндірісті жандандыру;
- өсу аймақатры мен тиімді кәсіпкерлік құру;
- аймақтық өндірістің бәсеке қабілетін арттыру;
- аймақаралық экономикалық интеграцияны күшейту және т.б.
Әлеуметтік мақсаттар:
- халықтың жұмыспен қамтылуын ұлғайту;
- халықтың табыстарын өсіру;
- ең артта қалған аймақтарда өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;
- қоғамдық игіліктерге қол жеткізу мүмкіндігін ұлғайту және т.с.с [13, 82-84 бб.].
Экономикалық мақсаттар жалпы ұлттық әл-ауқатты қамтамасыз ету үшін әр аймақтың өндірістік әлеуетін тиімді де ұтымды пайдалануға қол жеткізуді көздейді. Аймақтық аспекттегі әлеуметтік әділдік принципінің түйіні былайша тұжырымдалады, азаматтар мен әлеуметтік топтар, тұратын жерлеріне қатыссыз жұмыс, табыстар мен қоғамдық игіліктер алу үшін бірдей мүмкіндіктерге ие болулары тиіс. Мәселен, ауылдық жердің халқы қала тұрғындарымен тең дәрежеде лайықты табыс табуға, медициналық қызметтерге, таза суға, санитарлық жағдайларын жақсартуға, білім алу мен дұрыс тамақтануға құқылы. Осы принцип дамыған аймақтардан артта қалған және тұралаған аймақтарға қаржы ресурстарын қайта бөлу арқылы іске асырылады.
Нарықтық экономикалы елдердегі аймақтық саясаттың объектісі аймақтық теңсіздік болып табылады, ол халықтың тұрмыс деңгейлері мен жағдайларынан, жұмыспен қамтылуы мен жұмыссыздықтан, аймақтардың экономикалық даму қарқындарынан, кәсіпкерлік жағдайларынан және т.б. көрінеді.
Мемлекеттік аймақтық саясаттың субъектілері болып орталық пен аймақтардың заңнамалық және атқару өкіметтері, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, аймақаралық қауымдастықтар бой көрсетеді.
Аймақтық саясаттың келесі нысандарын ажыратады:
- аймақтық болжау – қаржыландыру көздерін, экономикалық құрылымды және т.б. талдау негізінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жобаланатын бағыттары мен параметрлерін ғылыми болжау;
- аймақтық бағдарламалау – аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының мақсаттары мен аралық міндеттерін тұжырымдау, сондай-ақ қойылған мақсаттарға жетудің нақты мерзімдері мен ресурстардың қажетті шығындарын белгілеу арқылы аймақ дамуына нысаналы мақсатта араласу;
- аймақтық жоспарлау – қаржыландыру көздерін, тікелей орындаушыларды және т.с.с. көрсету арқылы жоспарлы кезеңге нақты міндеттер мен мақсаттар белгілеу.
Аймақтық саясаттың қаражаттары мен нысандары көпшілік мемлекеттерде алмағайып табиғи жағдайлардағы, халық шамадан тыс шоғырланған тоқыраудағы, ескі өнеркәсіпті аграрлы аудандардың проблемаларын шешуге бағытталады.
Индустриялы дамыған елдердегі аймақтарды жіктеу кезінде келесі критерийлер пайдаланылады:
- экономикалық даму деңгейі;
- аймақтардың экономикалық даму қарқындары;
- шаруашылықтың аумақтық құрылымының үлгісі (тораптық және гомогендік аймақтар);
- халық тығыздығының коэффициенті;
- халықтың өсім қарқыны;
- өндірістік мамандандырудың сипаты мен коэффициенті және т.б.
Аймақтар жіктелімінде келесі терминология қалыптасқан:
- бұрын дамудың біршама жоғары қарқындарын көрсеткен, тоқыраған аймақтар;
- ең төмен немесе «нөлдік» даму қарқындарымен өзгешеленетін тұралаушы аймақтар;
- пионерлік аймақтар немесе жаңа игерілетін аймақтар;
- микроаймақтар немесе бастапқы экономикалық аймақтар, одан әрі бөлшектеу кезінде олардың белгілері жоғалады;
- бірінші қатардағы (немесе бас) экономикалық аймақтар, яғни елдің аймақтық макробөлу үлгісін жасайтын жоғары реттегі аймақтар;
- бағдарламалық (жоспарлық) аймақтар, мақсаттық даму бағдарламалары таралатын және аумақ бойынша шектері бірыңғай кестедегі аймақтармен беттеспейтін аймақтар. Мәселен, Арал аймағының экологиялық апатты аймақтары Қазақстан Республикасындағы төрт облыстың 17 ауданының аумағын қамтиды, олар: Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарының аудандары мен Түркістан қаласы, тағы да ол барлық Орталық Азия республикаларына ықпалын тигізеді;
- бірегей (проблемалық және жобалық) аймақтар, дамушы елдерде екшеленетін және ірі жаңа құрылыстарды іске асырумен байланысты немесе тым төмен даму деңгейімен сипатталатын (проблемалық) аймақтар. Мәселен, республиканың жаңа елордасы Астана қаласының және қаржы орталығы – Алматы қаласының құрылысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 мамырдағы «Экономикасы тоқыраған аудандарға көмек көрсету туралы» № 561 Қаулысында ел халқының 15,6 %-ы тұратын 27 ауыл аудандары тоқыраған экономикалы аудандарға жатқызылады. Осы аудандар республиканың барлық аймақтарына орналасқан, соның ішінде Батыс Қазақстан облысында – 5, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Солтүстік Қазақстан облысында – 9, Оңтүстік Қазақстан облысында – 8, Орталық Қазақстанда – 2. Осы аудандардың негізгі проблемалары көлік инфрақұрылымының қанағаттанарлықсыз жай-күйі, сапалы ауыз сумен төмен қамтамасыздық, қолайсыз, кейде алмағайып экологиялық жағдай, жұмыссыздық және жұмыссыздықпен байланысты төмен деңгейдегі тұрмыс сапасы, өткізу рыноктарының шалғайлы және ауылшаруашылық өнімін қайта өңдеу мен өткізу бойынша инфрақұрылымның жетілмегендігі болды. Кейбір аудандар үшін қайта пайда болған шекаралық проблемалар өзекті мәселе болып табылады, олар – су ресурстарын, жер үлестіретін, аумақтың даулы учаскелерін ортақ пайдалану, халықтың ығысуы сияқты әрекеттер. Осы көрсетілген қаулыға сәйкес республикалық бюджеттің есебінен аудандар мен аудан орталықтарының инфрақұрылымына қолдау көрсету жөніндегі инвестициялық жобалардың тізімі белгіленеді. Соларға мемлекеттік көмек көрсету бойынша бірқатар шаралар қабылдаудың нәтижесінде 13 ауданда экономикалық белсенділік қалпына келтірілді.
Аймақтық саясат жургізу кезінде мемлекет экономикалық мақсаттар мен міндеттерді іске асыра отырып, халықтың тіршілігін әлеуметтік және экологиялық стандарттармен қамтамасыз етеді.
Аймақтық экономикалық сәйкессіздіктерді жұмсарту, ал бірқатар жағдайларда аймақтық экономикалық тепе-теңдікке қол жеткізу қажеттілігі өсіп-өркендеген елдер үшін де, сондай-ақ әлемдегі ең нашар дамыған елдер ретінде БҰҰ тізіміне кірген барлық елдер үшін де тән. Осы мақсаттарды жүзеге асыру механизмдері әбден жетілген және мыналарды қамтиды:
- мемлекеттің қаржылай көмегін;
- жергілікті қаражат бөлуді, соның ішінде жеке капиталды (инвесторларға әртүрлі жеңілдіктер беру мен төлемдердің мерзімін ұзарту жолымен);
- заңнамалық іс-шараларды;
- қаржы шектеулерін;
- айыппұл санкцияларын және т.б.
Әлемдік экономикалық дағдарыс кезеңіндегі (1929-1932ж.ж) нарықтық экономикадағы елдердің әлеуметтік және аймақтық саралануы салдарларын бәсеңдетудің қажеттілігі мемлекеттің араласу акцияларымен теориялық база құруды талап етеді. Нақты мемлекеттердің экономикасын реформалау кезінде Батыс елдерінің аймақтық саясатының идеялық арсеналы ең көп практикалық қолдану тапты. Кейбір идеялар Қазақстандағы экономикалық реформалардың бастапқы кезеңдерінде талап етілді.
Батыстың аймақтық саясаты бастапқыда Дж.М.Кейнстің еңбектерінде негізделді, ол кез келген елдің экономикалық және әлеуметтік дамуындағы мемлекеттің реттеуші ретіндегі ролін тиянақтады. Аймақтық саясаттың тұжырымдамасын әзірлеуге өткен ғасырдың 50-60-шы жылдарында Батыс Еуропа мен АҚШ-тың аса ірі ғалымдары – Ф.Перру, Ж.Будвилль, М.Портер, Н.Ванхоф, Л.Клаассен, В.Ойкен, Д.Фридмандар қомақты үлес қосты. Осы ғалымдардың еңбектерінде аймақтық дамудың әркелкілігі дәйектеледі. Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тың аймақтық саясаттарының негізін, аймақтық дамуды жеке оқиға ретінде қарайтын тұжырымдамаларды қамтитын классик-экономистердің іргелі рыноктық (нарықтық) теориялары құрайды.
XX ғ. 60-шы жылдарының орта шенінен бастап нарықтық экономикадағы елдерде «орталық – шет аймақ» үлгісі кең таралды.
Посткейнсиандық теория аймақаралық айырмашылықтарды мемлекеттің реттеуін жобалайды. Оның негізгі мақсаты – осал дамыған аймақтарға инвестициялар мен жеке капитал түсімін ынталандыру. Аймақтық саясаттың нарықтық құралдарының ішінен субсидиялар, несие және салықтар пайдаланылады.
Жаңа классикалық (неоклассикалық) аймақтық теорияны Л.Паенлинк пен П.Ниджкамп ұсынды және ол мынаған негізделеді: реттелмейтін еркін рынок өндіріс факторларының толық қатыстырылуына, еңбек пен капиталдың жұмылдырылуына, баламалы технологияларға табиғи түрде жеткізеді, бұл аймақтар арасындағы теңсіздікті жояды.
«Өсу полюстері» тұжырымдамасының негізін қалаушы және авторы Ф.Перру болып саналады. Осы тұжырымдамаға сәйкес аймақтық даму кеңістік пен уақыт бойынша беркелкі жүзеге асырылмайды: оның импульстары нақты «өсу полюстерінде» пайда болады да, содан соң орталықтан шеткері аймақтарға қарай түрлі арналар арқылы таралады. «Өсу полюстері» жүйесіндегі аймақтық дамудың тұрмыстың алуан түрлілігі мен адамның өзгермелі орта жағдайларына бейімделу әлеуетін тарылтатынын практика көрсетіп береді. Соған қарамастан, «өсу полюстерінің» теориясы әлемдегі көптеген елдердің аймақтық саясатының негізіне кірді. Осындай орталықтар құру кезінде үкіметтер артта қалған шеткері аудандардағы шаруашылық қызметті жандандыруды мақсат тұтты.
Теңдестірілмеген (балансталмаған) даму теориясы бойынша рынок мемлекеттің реттеуінсіз рынок механизмінің кезеңділігі мен өзін-өзі басқаруына қарай аймақтық айырмашылықтарды ұлғайтып, бір аймақтардың жоғары дамушылығын және өзгелерінің осалдығын бекітеді.
Аймақтың қоғамдық теориялары – нысаны жағынан саяси, мәні жағынан экономикалық болатын жалпы ұлттық және аймақтық мүдделердің қақтығысын ең маңызды деп санайды. Осы теориялардың аясында аймақтар мен орталық арасындағы ресурстарды және саяси билікті бөлу, әлеуметтік айырмашылықтар мен жанжалдар ерекше мұқият қаралынады.
Тауардың өміршендік кезеңі теориясының да сондай-ақ аймақтық аспекті бар, өйткені ол тауарды шығуы мен құлдырауына дейінгі және әртүрлі дайындықтағы тауарларды аймақтар бойынша орналастыру жөніндегі даму сатыларын қиюластырады. Осы теорияға сәйкес аймақтық саясат жаңа өнімдердің пайда болуына жәрдемдесуге және экономикалық құрылымды ескірген тауарлардан босатуға бейм болады [5, 15-29 бб.].
Әлеуметтік-экономикалық дамудың ұлттық стратегиясы мен аймақтық саясаттың өзара байланысының дәлелді растауын бұрынғы КСРО мысалынан көрсетуге болады. Аймақтық саясаттың барлық құраушылары – экономикалық, әлеуметтік, демографиялық, қоныстандыру, экологиялық және ғылыми-техникалық саясат – Сібірдің, Қиыр Шығыстың, Қазақстанның байтақ далаларын игеруге, минералдық ресурстардың жаңа кеніштерін, тың және тыңайған жерлерді шаруашылық айналымға тартуға «жұмыс істеді».
Федеративті үлгідегі кейбір елдерде аймақтық саясатты жүзеге асыру кезінде экономиканың даму саласындағы ұлттық стратегияның мемлекет субъектілерінің мақсаттары мен міндеттеріне қайшы келетін жағдайлар жиі туындайды. Бұл сепаратизмнің көзіне айналып, ұлттық экономикалық жүйені тұрақсыздандырады және біртұтас экономикалық кеңістіктің ыдырауына түрткі болады. Посткеңестік кеңістікте қазіргі заманғы Ресей осы үлгідегі мысалыды көрсетті.
Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында орын алған мемлекеттік билікті күшті орталықтандырудың қисыны бар еді, өйткені мемлекеттің негіздерін құру, республиканың егемендігін нығайту, аумақтық тұтастықты сақтау сол кездегі басым міндеттер болып табылады. Перспективада билікті шамадан тыс артық орталықтандыру елдің одан арғы дамуын тежеуі мүмкін, ең жақын көршілерден стратегиялық артта қалу қаупін төндіреді.
Жаңа заманғы мемлекеттердің дамуында мемлекеттік билікті біртіндеп орталықсыздандыру, мемлекеттік қызметтердің барынша үлкен бөлігін орталықтан аймақтарға табыстау үрдісі басым болады.
Қазақстандағы орталықсыздандыру мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың негізгі мақсаттары – мемлекеттік басқарудың негіздерін одан әрі демократияландыру, республика аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың ағымдағы мәселелерімен қатар перспективалы міндеттерін шешу кезінде басқарудың тиісті деңгейлеріндегі қызметтерді мемлекеттің тиімді жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау.
Сонымен, аймақтық дамудың мақсаттары мен міндеттеріне жетуге бағытталып жүргізілетін аймақтық саясаттың нысандары мен әдістерін елдер бойынша өзгешеленеді, бірақ оларды келесі сараланған мақсаттар біріктіреді:
- бірыңғай экономикалық кеңістік құру және оны нығайту, мемлекеттіліктің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және ұйымдық негіздерін қамтамасыз ету;
- әлеуметтік-экономикалық дамудың жағдайларын салыстырмалы түрде теңестіру;
- мемлекет үшін аса маңызды стратегиялық мәні бар аймақтардың дамуына басымдық беру;
- табиғи, соның ішінде ресурстық ерекшеліктерін бар мүмкіндігінше пайдалану;
- кешенді экологиялық қорғау.
Аймақтық дамуды реттеудің мемлекеттік саясаты Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап әрдайым жарияланатын ұлттық мақсаттарға - халықтың жұмыспен толық қамтылуына, тұрмыс сапасын жақсартуға, табыстарды әділ бөлуге, тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізуге бағытталып отырды. Қазақстан да артта қалған аймақтардағы тұрмыс деңгейін жақсартуға, әлеуметтік-экономикалық дамудың аймақтық сәйкессіздігін жоюға ұмтылған елдердің қатарына жатады.
Өндірістің дамуы мен халық тұрмысының әлеуметтік стандарттары деңгейлеріндегі Қазақстандағы аймақтық қарама-қарсылықтар біршама айшықты. Әсіресе астаналық аймақ, елдің батысындағы қызу қарқынмен дамып келе жатқан аймақтар мен оңтүстік пен солтүстіктегі ауылшаруашылық аймақтар, қала мен ауыл арасындағы сәйкессіздіктер айқын көрінеді. Осы жағдайлар шаруашылық пен халықты орналастыруда теңгермелікке қол жеткізу мақсаттарында елдің «аумақтық қайта жайластырылуына» Қазақстан Республикасы Үкіметінің ерекше назар аударуын талап етеді. 2001-2003 жж. қабылданған мемлекеттік құжаттардың көпшілігінің әрекеті аймақтарды дамытуға бағытталады.
Елдегі өндіргіш күштердің орналасуы әркелкі және олардың түрлі экономикалық аудандар мен табиғи-шаруашылық аймақтарда өз ерекшеліктері бар, осы ерекшеліктер бар, осы ерекшеліктер физикалық-географиялық, тарихи, демографиялық жағдайлармен, инфрақұрылымның дамығандығымен өзгешеленеді. Ғылыми әдебиетте Қазақстандағы бес экономикалық аймақты (табиғи-шаруашылық аймақтар) бөліп қарау қабылданған, олар – Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс, Батыс және Оңтүстік аймақтар. Халық тұрмысының деңгейіндегі аймақаралық айырмашылықтардың себептері салалық, кәсіптік және әлеуметтік саралаудың күшейтілуі болып табылады [5, 15-29 бб.].
Кесте 1 – Қазақстан Республикасының халық саны
Аумақтық бірлік | Халықтың саны (барлығы) адам | Қала халқы адам | Ауыл халқы адам |
Қазақстан Республикасы | 16009279 | 8567255 | 7442024 |
Ақмола | 737880 | 333466 | 404414 |
Ақтөбе | 719956 | 391862 | 328094 |
Алматы | 1694077 | 394811 | 1299266 |
Атырау | 513868 | 252160 | 261708 |
Батыс Қазақстан | 624466 | 283094 | 341372 |
Жамбыл | 1044628 | 437785 | 606843 |
Қарағанды | 1352146 | 1060579 | 291567 |
Қостанай | 886188 | 436815 | 449373 |
Қызылорда | 652147 | 232468 | 419679 |
Маңғыстау | 446507 | 235957 | 210550 |
Оңтүстік Қазақстан | 2432074 | 913116 | 1518958 |
Павлодар | 750844 | 500384 | 250460 |
Солтүстік Қазақстан | 643154 | 230236 | 412918 |
Шығыс Қазақстан | 1419088 | 772266 | 646822 |
Астана қаласы | 685826 | 685826 | 0 |
Алматы қаласы | 1406430 | 1406430 | 0 |
Кестеде көрсетілгендей, 2009 жылғы халық санағының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы халқының саны 2009 ж. ақпанның 24-нен 25-не қарағандағы түнгі 12 сағаттағы есептеу сәтіне 16004,8 мың адамды құрады.
Қала халқының саны 1600,9 мың адамды, ауыл халқы – 8365,7 мың адамды құрады. Сонымен бірге, қала халқының саны 195,1 мың адамға немесе 2,3%-ға, ал ауыл халқы 827,8 мың адамға немесе 12,7%-ға өсті. Елдегі қала халқының үлесі 54%, ауыл халқы - 46% құрады, 2000 жылы олардың ара-қатынасы тиісінше 56,4% және 43,6% құраған еді. Ең шаһарланған өңірлер Қарағанды (мұнда 77%-дан астамы қала халқын құрайды), Павлодар (67,9%) және Ақтөбе (61,1%) облыстары болып табылады. Ауыл халқы негізінен Алматы (барлық халықтың 76%-ы), Солтүстік Қазақстан (61,5%), Қызылорда (60,8%) және Жамбыл (60,5%) облыстарында шоғырланған. Аймақтардағы және республиканың аса ірі қалаларындағы халықтың тығыздығы 1-кестеде көрсетілді [6].
Халықтың саны әсіресе солтүстік және орталық – Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында азайды. Оның негізгі себебі механикалық кему – халықтың республикадан тыс жерлерге көші-қоны болып табылады. Одан басқа, осы облыстарда бірқатар жылдар бойы халықтың табиғи өсімінің төмен көрсеткіштері байқалады, ол жоғары өлім-жетім мен баланы аз туумен байланысты.
Халықтың облыс ішіндегі қозғалысында ауылдық жерлерден қалаларға әлеуметтік шарасыз көші-қон басым, бұл жағдай қалалардағы еңбек рыногындағы шиеленістерді тереңдетіп, қылмыстылық ахуалды ушықтырады. Қоныс аударушылар қала тұрғындарының мәртебесін ресми (формалды) түрде иеленгенімен, іс жүзінде тыныс тіршіліктің әлеуметтік, өндірістік және мәдени салаларына араласпайды.
Жұмыссыздыққа, тұрғын үйдің жоқтығына, еңбек рыногындағы төмен бәсеке қабілетіне, экологиялық құндылықтардың өскелең рөліне қарамастан, қалалар бұрынғысынша республикадағы ауыл халқын өзіне тартады. Бұл қалалардағы кәсіптік, әлеуметтік, мәдени даму мүмкіндіктерінің анағұрлым алуан түрлі екендігімен байланысты. Қызметтердің көптеген түрін көрсету, мәселен, жоғары білім жүйесі, арнайы медициналық көмек, мәдени қызметтің таралымы көбейтілмейтін түрлері, тек ірі қаланың жағдайларында ғана мүмкін болады. Ауыл халқының көптеген әлеуметтік игіліктер мен қызмет көрсетулерге нақты мүмкіндіктері қоныстандыру жүйесінің ерекшеліктерімен сабақтасады.
Еңбекті аумақтық бөлу және аймақтар экономикасының құрылымы жалпы аймақтық өнімнің (ЖАӨ) көлемі және оның халықтың жан басына шаққандағы өндірісі сияқты жалпылама көрсеткіштерімен сипатталады. Республиканың облыстарын (аймақтарын) ЖАӨ көлемдері бойынша бөлу әркелкі. Батыс аймақтағы барлық облыстарда дерлік ЖАӨ жоғары феномені мұнай және газ өндіретін кәсіпорындардың осындай шоғырлануымен түсіндіріледі. Сонымен бірге, кең әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарағанда, осы аймақтың барлық облыстарында хал-ахуал нашар. Осы аймақта табиғи-климаттық жағдайлар ауыр, тұрмыстың құны жоғары, соңғы жылдарда ауыл аудандарында жұмыссыздық күрт өсті де, халықтың облыс орталықтарында, шағын қалалар мен астанаға, сондай-ақ республика аумағынан тыс жақтарға үдере көшу басталды [14].
Аймақтық дамудағы ең өткір сәйкессіздіктер қала және экономикалық әрекеті негізінен аграрлық сектор арқылы көрінетін ауылдық жер арасында байқалады. Ауыл аймақтарының негізгі проблемалары – жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, халық тұрмысының төмен деңгейі, ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылудың жоғары үлесі, жетілмеген инфрақұрылым, аумақтың үлкендігі, елді мекендердің өткізу рыноктарымен нашар байланысты, көптеген ауыл аудандары мен ауылдардың шеткері орналасулары және олардың орталықтардан едәуір шалғайлылығы, қатал табиғи және климаттық жағдайлар, су ресурстарының өте тапшылығы, Аралдың, Балқаштың, Семей полигонының экологиялық зардаптары, мұнай-газ кендерін қарқынды игеру және әскери полигондардың техногендік ықпалы болып саналады.
Әлемдегі барлық елдерде аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына географиялық тұрғыдағы, табиғи-климаттық райлардағы, демографиялық жағдайдағы, даму тарихындағы айырмашылықтар мен өзге де факторлар ықпал етеді. Әрбір мемлекет артта қалған аймақтардағы тұрмыс деңгейін жақсартуға ұмтылады, яғни олардың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жағдайлар мен мүмкіндіктерді теңестіруге бағытталған аймақтық саясат жүргізеді, және сол арқылы адам әлеуетінің деңгейі мен сапасының артуына мүмкіндік туғызуды мақсат тұтады.
Дамыған елдердегі аймақтық саясат - әлеуметтік және экологиялық шиеленісті жою үшін проблемалы аймақтарда әлеуметтік-экономикалық үдерістерді дамытуды мемлекеттік реттеудің негізгі құралы.
Қазақстандығы аймақтар дамуының қазіргі заманғы жай-күйі өтпелі кезеңнің негізгі ерекшеліктерін көрсетеді. Аймақтық даму мен аймақтық саясатты реттеудің дамып келе жатқан жүйесі республиканың орнықты дамуындағы бүкіл үдерісті аса маңызды факторына айналып келеді. Біздің мемлекетіміздің аймақтық саясатының мақсаты табиғат және адам ресурстарының әлеуетін тиімді пайдалану, аймақтардың экономикалық әл-ауқатындағы қолайсыз айырмашылықтарды жою болып табылады.
2.3 Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік - экономика дамуының факторлары мен жағдайын талдау
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2009 жылы халыққа арнаған «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Жолдауында дағдарыс кезеңінде артқарылатын шаралардың нақты бағыттарын айқындап берді. Дүниежүзілік қаржы-экономикалық дағдарыстың алдын алу үшін «Жол картасы» бағдарламасын ұсынды. Аталған бағдарлама аясында өңірімізде көптеген қордаланған мәселелер бір жылда шешімін тауып, әлемдік дағдарыс облыс экономикасына елеулі әсер еткен жоқ. Сонымен қатар, облыстың әлеуетін және бәсекелестік басымдықтарын нәтижелі пайдалану үшін «Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасын дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» әзірленіп, Елбасының қолдауымен Үкіметте қаралып, мақұлданды. [24]
Жоспардың басты мақсаты - облыс экономикасының ілгері жылжуына қолбайлау болып отырған проблемаларын жан-жақты сараптап, күшті және әлсіз жақтарын айқындап, аудан және қалалардың мүмкіндіктерін барынша іске қосу, облыстың өзін-өзі қамту мәселелері бойынша бірінші кезектегі шараларды іске асыру болып табылады. Нәтижесінде облыс экономикасы мен әлеуметі есепті кезеңде тұрақты дамумен сипатталып отыр. Аталған басты құжаттарға қосымша 2010 жылы облыста 17 салалық бағдарламалар аясында да тиісті жұмыстар атқарылды. 2008-2011 жылдар кезеңі Оңтүстік Қазақстан экономикасына отандық және шетелдік инвестициялардың құйылуымен сипатталады. 2011 жылы облыс экономикасының негізгі капиталындағы инвестициялар көлемі экономиканың өсуінің негізгі көрсеткіштері және капиталдың жинақталуы ретінде 354,6 млрд. теңгені құрады, ол 2010 жылдың деңгейінен 1,3 есеге көп.[25]
Инвестицияның салалық құрылымы 2010 жылы 2009 жылмен салыс-тырғанда өзгерістерге енген жоқ, негізгі капиталдағы инвестициялардың бөлігі жылжымайтын мүліктерге, жалға алуға және қызметтерді ұсынуға (44,1%), коммуналдық, әлеуметтік және персоналдық қызметтерге (6,7 %), мемлекеттік басқаруға (7,8 %), көлік және байланыс (9,0%), денсаулық сақтау (6,5% ), сауда, автомобильдер мен үй шаруашылығы бұйымдарын жөндеу (4,2 %), электр энергияларын, газ бен суды шығару және тарату (7,1 %), құрылыс (5,5 %), қонақ үйлер мен мейрамханалар (1,7 %), білім беру (1,4 %), өңдеуші өнеркәсіп (2,3 %), ауыл шаруашылығы (3,1 %), қаржылық қызмет (0,5 %), кең өндіру өнеркәсібі (0,3 %) ие болды.(4 суретте көрсетілген)
2011 жылы басынан тоқтап тұрған және өндірістің кеңеюі, жаңа кәсіпорындардың ашылуы есебінен облыстың 33 ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындарында 1 346 жаңа жұмыс орны ашылды (2008 жылы. 18 ірі және орта кәсіпорындарыда 845 жаңа жұмыс орны ашылған). Оның ішінде индустриялық - инновациялық даму стратегиясы шеңберінде жалпы құны 12,1 млрд.тг. құрайтын 11 инвестициялық жоба іске қосылып, жаңадан - 1 060 жұмыс орны пайда болды. 2011 жылы облыстың кәсіпорындары үкіметпен бірігіп атқарған жұмыстың арқасында ұлттық компанияларға 10 млрд.тг. көлемінде өнім жіберілді. Отандық тауар өндірушілерді қолдау облыстық мемлекеттік сатып алу аясында да атқарылды. Соның бір дәлелі ретінде, Кентау экскаватор зауытының жанданғандығын айтуға болады.[26]
«Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасын дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» аясында облыстағы 500 кәсіпорын талданып, анықталған 35 проблемалық кәсіпорынның 22-де жұмысы тұрақтандырылды. Облыс экономикасын дамытуға 311,7 млрд.тг инвестиция негізгі капиталға бағытталды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 47,8 пайызға артық. Инвестицияның басым бөлігі Азиялық газ құбырлары құрылысына бағытталған. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің шығарған өнімдерінің көлемі 2011 жылы 169,5 млрд. теңгені құрайды және 2010 жылмен салыстырғанда 4 % ұлғайды, бюджетке түсетін салықтар мен басқа түсімдер көлемі 17,8 млрд. теңгеге жетті, бұл салықтық түсімдердің жалпы көлемінің 7 % құрайды. 2010 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімдегі шағын бизнес үлесі 25 пайызды құрайды.
Кәсіпкерлікті дамыту талдамасы құрылыс және сауда саласындағы жұмыс істейтін кәсіпорындар үлесі серпінді жағдайға ие екендігін көрсетеді (тиісті 12,6 % және 42,2 %).
Шағын кәсіпкерлікті қаржылық-несиелік қолдау көлемі талдау кезеңінде өсудің тұрақты басымдықтарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруде белсенді позицияларға «Тұран Әлем Банкі», «БанкЦентрНесие», «ТемірБанк», «Цеснабанк» АҚ және т.б. ие. 2009 жылы қаржылық кәсіпорындар мониторингке енгізілген несие портфельдері 31,8 млн. теңгені құрады, оның ішінде екінші деңгейдегі банктер шағын кәсіпорындарға 2768 жоба бойынша 30,3 млн. теңге сомасында несие берді. 2010 жылы белсенді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 111,4 мың бірлікке жетті. Оларда қызметпен қамтылғандар саны 261,7 мың адамды құрады. 2011 жылы орта және шағын кәсіпкерлердің тауарлар, қызмет көрсетулер көлемі 150,5 млрд.тг. құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 5 пайызға артық. (5 суретте көрсетілген)
Кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы қайта жасақталып, қызмет саясаты өзгертілді, жеңілдетілген жылдық өсімі 7 пайыздық несие берілуде. Оған қосымша бұл орталықтың өкілдіктері барлық аудан, қалаларда ашылып, бизнес жоспар жасауға көмек көрсететін арнайы мамандандырылған топтар жұмыс істеуде.
«Ырыс» шағын несиелеу ұйымы құрылып, 2011 ж. 1,1 млрд.тг. 526 жоба қаржыландырылды, олардың 80 пайыздан астамы ауылдық жерлерде. Қаржыландыру институттарын аудандарға жақындату мақсатында барлық аудан, қалаларда облыста шоғырланған банктердің қатысуымен арнайы бизнес жоба жәрмеңкелері ұйымдастырылды.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында 2010 жылы - 67 мың тонна, 2011 жылы - 28,0 мың тонна дизель отындары бөлінді немесе ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің дизель отындарымен жалпы қамтамасыз етілуі 82% құрады. Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен 67-тен аса ірі және 581 орташа және кіші цехтар айналысуда. Олар 2010 жылы 77,0 млрд. теңгеге өнім өндірді, бұл 2009 жылғы көрсеткіштен 25 млрд.теңгеге жоғары (2009 жылы - 52 млрд. теңге). Оның ішінде 16,7 млрд.теңгенің өнімін шағын кәсіпорындар өндірген.
2010 жылы аймақтарда ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, дайындау, өндіру үшін ауылдық тұтыну кооперативтерін құруға «Аграрлық несие корпорациясы» 565 млн. теңгелік жеңілдетілген несие берілді. 5 - жеміс-жидек өнімдерін қайта өңдеу, сақтау; 18 - көкөніс және мақта өндіру, сату; 3 - сүт өнімдерін қайта өңдеу; 3 - ет өнімін қайта өңдеу.[27]
2008 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау мақсатында республикалық бюджеттен лизинг арқылы құрал-жабдықтар алуға 371 млн. теңге, айналым қаржысын толтыруға 588 млн. теңге бөлінді.
Қазіргі таңда, жүзімді өңдеумен 24 шарап өңдеу мекемелері және шағын цехтар айналысады. Шарап өңдеумен айналысатын ірі мекемелер: «Оңтүстікшарап» ЖШС, «Жуалы» ӨК, «Нұр» ЖШС. Сонымен қатар, соңғы жылдары тоқтап тұрған «Тұтынушы» және «Шарапат» ЖШС-і іске қосылды.
Инвестицияның басым бөлігі Азиялық газ құбырлары құрылысына бағытталған. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің шығарған өнімдерінің көлемі 2011 жылы 169,5 млрд. теңгені құрайды және 2010 жылмен салыстырғанда 4 % ұлғайды, бюджетке түсетін салықтар мен басқа түсімдер көлемі 17,8 млрд. теңгеге жетті.
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруге және қайта өңдеуге несие алу үшін келіп түскен өтініштер
Жобаның атауы | Жоба-ның саны | Қажетті несие соммасы млн. теңге | Жаңа жұмыс орны-ның саны | Жобаның орналасқан орны |
Етті қайта өңдеу | 2 | 236,5 | 151 | Бәйдібек-1, Қазығұрт-1 |
Сүтті қайта өңдеу | 3 | 95 | 77 | Созақ-1, Кентау-1,Түлкібас-1 |
Құс фабрикасы | 2 | 175 | 48 | Сарыағаш-1, Түлкібас-1 |
Мал бордақылау алаңы | 1 | 5 | 15 | Созақ-1 |
Қант қызылшасын қайта өңдеу | 1 | 378 | 430 | Шардара-1 |
Мақтаны қайта өңдеу | 2 | 64 | 28 | Мақтарал-2 |
Көкөніс сақтау қоймасы | 1 | 40 | 17 | Қазығұрт-1 |
Құрама жем өндіру | 1 | 49,8 | 18 | Арыс-1 |
Жылыжай құрылысы | 7 | 80,5 | 74 | Арыс-4, Кентау-2, Түлкібас-1 |
Барлығы | 20 | 1124 | 858 |
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 158,2 млрд. тг. құрап, өткен жылмен салыстырғанда 14,5 млрд. тг. артты.
2011 жылы 2009 жылмен салыстырғанда ірі қара саны - 6,9, қой - 5,7, жылқы - 5,2, түйе - 8,2, шошқа -7,5, құс саны - 9,8 пайызға өсіп отыр.
Облыс бойынша масақты дәнді дақылдардың егіс көлемі 163,3 мың га құрап, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,1 пайызға ұлғайтылды, нәтижесінде 312,7 мың тн. астық жиналып, өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артқан. Сол сияқты, көкөніс, жеміс-жидек, мал азығы бойынша да орта есеппен 10-13% өсіп отыр.
2011 жылы несиелерді, басқа да қаржы көздерін есептемегенде бюджеттен тауар өндірушілерге субсидия ретінде 5 млрд.тг. бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға өсті. Егіс алқабын диверсификациялау, суармалы жерлердің тиімділігін арттыру
Егін алқаптарының тиімді құрылымын қамтамасыз ету, ауыспалы егіс айналымын енгізу және өңірлік мамандандыру мақсатында егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жүргізілді. 2011 жылы мақта егіс алқаптары 37 мың га азайтылып, дәнді дақылдардың алқаптары 192,7 мың га, мақсары 64,1 мың га, көкөніс 25,5 мың га, мал азығы 32,9 мың га кеңейтіліп, жүгері алқаптары 7,6 мың га артты. (1 кестеде көрсетілген)
Бұған қосымша облыста ауыл шаруашылығындағы жерлерді түгендеу жұмысы жаппай жүргізілді. Нәтижесінде 189,5 мың га жер қолданыстан шыққаны анықталды, оның ішінде суармалысы - 86,2 мың га. 2011 жылы 1196 шақырым суландыру жүйелері мен каналдар қалпына келтіріліп, 44,3 мың га суармалы жер қолданысқа енгізілді. 2010 жылы 104 жеке меншіктегі каналдар және 8 дренаж коммуналдық меншікке қайтарылды. Коммуналдық меншіктегі каналдарға механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуге 12 экскаватор алынды.
2011 жылы бюджет есебінен 2,4 млрд. тг. Мақтарал ауданының 83,4 мың га суармалы жерлерін толыққанды суару мақсатында Шардара су қоймасынан су қондырғыларының құрылысы басталып, олар 2013 ж. пайдалануға беру жоспарланып отыр.
Шардара су қоймасының төмен жағында төтенше жағдайлардың қаупін сейілту, жерлердің сумен қамтылуын жақсарту, Кіші Арал теңізінің су деңгейін сақтау, Шардара су-электр стансасының қысқы маусымдағы электр қуатын 20-25 пайызға арттыру мақсатында «Көксарай» су реттегішінің құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде. Облыстағы 58822 шаруа қожалықтарының 31351 немесе 53 пайызында агроқұрылымдардың жер көлемі 5 га, 15367 немесе 26 пайызында 10 га құрайды.
Агроқұрылымдардың ұсақталуынан, соған сәйкес ауыспалы егіс жүйесі жүргізілмегендіктен егістік жердің құнарлығы жылдан жылға төмендеуде. Осыған орай, ол шаруашылықтарды ірілендіру - саладағы күрделі әрі басты мәселелердің бірі болып табылады. Осы бағыттағы қайта құрулар ауылшаруашылық өнімдерінің сапасын жоғарылатуға бағытталатын болады.
2010 жылы 18300 ұсақ шаруашылықтар 533 ірі шаруашылықтарға біріктірілді. Бұл жұмыстар жалғасуда. 2012 жылы 19 430 шаруашылықтардың іріленуі жоспарлануда. Оның үстіне, кешегі жаңа Жолдауда саланың өнімділігін 2014 жылы 2 есеге көтеру жөнінен Елбасының қойып отырған үлкен тапсырмасын орындау үшін, сөз жоқ ірілендіруді жедел көлемде атқаруымыз керек. 2011 жылы тамшылатып суғару әдісін ендіру тапсырмасы 2 мың гектар болып белгіленген, немесе, жыл басымен салыстырғанда 2 есе көбейту болатын, нақты орындалғаны 2152 га. Бұл инновациялық жобаның кең көлемде қолдану үшін Түркістанда сервистік-дайындау орталығында арнайы құбырлар жасау кәсіпорны ашылды. 2012 жылы осы әдісті қолдану алқабын 20 мың га жеткізуді жоспарлануда. Ол үшін өткен жылы аудандарда тиісті жұмыстар атқарылды.
Жылыжайды көбейту мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. 2009 жылы 90 га болса, 2011 жылы жылыжайдың көлемі 134 га жетті. Облысымыздың маусымдық қажеттілігін қамтамасыз ету үшін жылыжайдың көлемін 146 га жеткізу межеленуде. Бұл көрсеткіш биыл артығымен орындалатын болады.
Облыс халқының маусымдық аралығында сұранысын қамтамасыз ету мақсатында, екінші жағынан өндірілген өнімді ысырапсыз пайдалану үшін 2011 жылы сиымдылығы 5000 тн көкөніс сақтайтын қоймаларды іске қосу межеленген болса, нақтысында 15230 тн іске қосылды. Бұл аз ба, көп пе салыстыру үшін, айтатын болсақ, 2011 жылы 1 қаңтарына облыста барлығы 14330 теңге қойма болатын. Облыстың 2009-2011 жылдарға арналған бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарына сәйкес аудан, қалалар бойынша 2011 жылы 10 мал бордақылау алаңы, 3 жаңа тауарлы-сүт фермасы және 5 мал соятын пункттер ашылды. [28]
Егіншілік саласында 53, оның ішінде 17 элиталық, 36 арнайы тұқым шаруашылықтары жұмыс істейтін болады. Бұған қоса, іс-шарадағы бағыттар бойынша «ҚазАгро» АҚ-ның қаржыландыруымен 15 инвестициялық жоба іске асырылуда. 2011 жылы нақтыланған облыс бюджетінің көлемі 220,5 млрд.тг. құрап, 2010 жылы салыстырғанда 26 пайызға өсті. 2011 жылы мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 120,4 млрд. тг құрады, немесе жоспар 16,8% артық орындалды. 2010 жылмен салыстырғанда түсімдер 5,2% өсті. Оның ішінде республикалық бюджетке түсетін түсімдер жоспары 25,4% артығымен орындалып, 2010 жылмен салыстырғанда 6,8% өсті.
Ал, жергілікті бюджеттің түсімі 2010 жылы. салыстырғанда 2,6% артық орындалды. Бюджет шығыстарын ықшамдау мақсатында әкімшілік шығындары қысқартылып, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бағытталды.[29]
Сонымен бірге, 2011 жылы облыстық бюджеттен жөндеуге және құрылысқа жоспарланған нысандардың жобалау-сметалық құжаттамаларына қайта сараптау жүргізудің нәтижесінде 2,4 млрд.тг, сол сияқты, 2011 жылы бюджеттін қалыптастыру барысында 5,9 млрд.тг үнемделіп, қосымша әлеуметтік нысандарға бағытталды.
Облыста «Жол картасы» аясында 758 инвестициялық жобаларға 25,8 млрд. тг бөлінді. 753 нысан бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды, оның ішінде: 189 - білім, 91 - денсаулық сақтау, 141 - жолдар, 323 - тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, 3 - спорт, 5 - мәдениет, 1 - әлеуметтік қамтамасыз ету нысандары. Қалған 5-і өтпелі нысандар.
Шымкент қаласындағы алаңы 80 га 6 саябақ, 21 сквер қалпына келтіріліп, қаланың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында мың га жерге жасыл желектер отырғызылды. Мемлекеттік дендробақ қайта құрудан өтіп, абаттандырылды. Қошқарата өзені тазаланып, бойына көгалдандыру, көркейту жұмыстары жүргізілді. 50 шақырымды құрайтын 9 орталық көшелерді жарықтандырылды. 400 аялдаманың, 7 көшедегі 10 шақырым аяқжолдардың құрылысы, 300 млн. тг көп қабатты тұрғын үйлер ауласындағы жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қала бойынша 625 қоқыс алаңшалары жөнделіп, 1384 контейнер қосымша қойылды.
Жалпы білім беру саласына 2011 жылы бюджеттен 90,4 млрд.тг қаралды, бұл 2010 жылы салыстырғанда 31,4 пайызға артық. Білім саласына бөлінген қаржының көлемі соңғы төрт жылда үш есеге өсті. 244 мектепке дейінгі ұйымдардың 2009 жылы 61-і іске қосылып, қосымша 4377 бала қамтамасыз етілді. 7 млрд. тг 300 білім нысаны күрделі, облыстағы барлық 1013 мектеп ағымдағы жөндеуден өтті. 2010 жылы 1 қаңтарына дейін 35 жаңа мектеп, оның ішінде «100 мектеп және 100 аурухана» бағдарламасы аясында 24 мектеп іске қосылды. (2 кестеде көрсетілген)
2 кесте
Қазақстан Республикасында білім беруді 2009-2011 жылдардағы мемлекеттік бағдарламасы (млн. теңге)
Қаржыландыру көздері | Жылдар | ||
2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл | |
Республикалық бюджет | 3417,8 | 6342,3 | 3399,6 |
Жергілікті бюджет | 5608,2 | 7547,1 | 8159,6 |
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік | 21774,7 |
Аталған бағдарлама аясында құрылысы жүргізіліп жатқан 13 мектептің жобада ескерілмеген қосымша жұмыстары бойынша құны 6,6 млрд. тг орнына 1,8 млрд. тг анықталып, республикалық бюджеттің 4,8 млрд. тг үнемделді.
Техникалық және кәсіптік оқу орындарының маман даярлау сапасы қолға алынып, жан-жақты тексеру, зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 20 колледждің лицензиясы 6 айға тоқтатылды.
Сыбайлас жемқорлық және жас өспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтар барлық деңгейде үйлестіру кеңестерінде жан-жақты қарастырылып, мектептердің бухгалтерияларын орталықтандыру жөнінде және оның орнына мектеп инспекторларының штаттарын көбейту жөнінде Үкімет пен Мәжіліске ұсыныстар беріліп, жұмыс атқарылуда.
Көп жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан 62 апатты мектеп болса, оның 45-і осы жылы облыс бюджеті есебінен бой көтеретін болады. Үш ауысымда оқытатын 29 мектептің мәселесі де толығымен шешіледі. 2011 жылы құрылысы 2000 жылы басында басталып, аяқталмай қалған білім беру және денсаулық сақтау салалары нысандарының мәселесі толығымен шешілмек. Сондай-ақ, құрылыс құны қымбаттаған «100 мектеп» бағдарламасы аясында құрылысы 2008 жылы басталған 13 мектепті осы жылы іске қосу жоспарлануда.
Қазақстан Республикасының президентінің тапсырмасына сәйкес, «Балапан» бағдарламасының аясында 2014 жылы 7 мың орынға мектепке дейінгі 118 білім беру мекемелерін ашу жоспарланып отыр, нәтижесінде мектепке дейінгі тәрбиемен қамтамасыз етілуі 18 пайызға артатын болады. Сонымен қатар 2012 жылы республикалық бюджеттің есебінен 4,2 мың орындық 13 балалар бақшасының құрылысы жүргізілетін болады. Білім сапасын көтеру мақсатында мектептердің материалдық - техникалық базасын нығайтуға көңіл бөлінді. Тозығы жеткен парталар мен тақталар толығымен ауыстырылып, қажеттілікті 100 пайыз қамтамасыз ету мақсатында 100 мың парта мен 6250 тақта алуға 1,2 млрд.тг облыстық бюджеттен қарастырылып отыр. Типтік мектептерде лингафондық, мультимедиялық кабинеттер құру жалғастырылатын болады.
Денсаулық сақтау саласына 2011 жылы бюджеттен 40,2 млрд.тг қаралды, бұл өткен 2010 жылмен салыстырғанда 22,8 пайыз артық. 2011 жылы 5 денсаулық сақтау нысандары іске қосылды. 128 нысанда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауылдық жерлерге жас мамандарды ынталандыру мақсатына 42 млн.тг бөлініп, 166 маман ауылға жолдама алды. 2011 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы тарихында алғаш рет ашық жүрекке операция жасалыну басталып, жалпы 103 адамға операция жасалынды. Одан басқа, 303 стенттік операция жасалды. Нәтижесінде 400 адамның өмірі сақталды.
Бірқатар аурулар бойынша аурушылдық деңгейі 2010 жылмен салыстырғанда, атап айтқанда, өкпе-құрт аурулары 12,2% және осы аурудан өлім көрсеткіші 11%, қан тамырлар жүйесі аурулары - 2% және өлім көрсеткіші 12% төмендеді. Нәрестелер өлімі 16% төмендеді. Бағдарламаны қаржыландыру жергілікті және республикалық бюджеттердің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған басқа да көздердің есебінен іске асырылатын болады.
Облыстық бюджет есебінен 81 ғимараттың іргетасы қаланбақ. Сөйтіп, бірінші кезекте салуды қажет ететін 4 ауылдық аурухананың, 2 алғашқы медициналық көмек көрсету емханасының, 1 өкпе құртына қарсы диспансердің, 1 жедел жәрдем көрсету бекетінің, 36 дәрігерлік амбулаторияның, 35 медициналық пункттердің мәселесі толығымен шешіледі. Сонымен қатар, 27 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өткізіледі. 2013 жылы медициналық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандырудың орташа көрсеткіші 2011 жылы 33,9 пайыздан 40 пайызға дейін (республикалық көрсеткіш - 44 пайыз) жететін болады.(3 кестеде көрсетілген)
Оңтүстік Қазақстан облыс халқын денсаулығын жақсарту 2009- 2011 жылдарға арналған шығыстар көлемі (млн.тг.)
Жылы | Республикалық бюджет | Жергілікті бюджет | Басқа қаржылан-дыру көздері | Барлығы |
2009 | 8725,3 | 8764,3 | 13,6 | 17503,2 |
2010 | 5830,6 | 13039,4 | 27,5 | 18897,5 |
2011 | 12604,5 | 12690,1 | 16,0 | 25310,6 |
Облыс бойынша 753 мәдениет пен өнер мекемелері халыққа тұрақты мәдени қызмет көрсетуде.
Әлеуметтік қолдау барысында 2011 жылы жұмыспен қамту органдарына 36,2 мың адам келген, оның ішінде 30,3 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Еңбек нарығындағы сұранысқа сәйкес тіркелген жұмыссыздар қатарынан 1,8 мың адам кәсіби даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыру үшін кәсіби оқуға жіберілді. 9771 жұмыссыздар ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. 2011 жылы 18,3 мың жаңа жұмыс орындары ашылды, оның ішінде өнеркәсіпте - 1,3 мың, ауыл шаруашылығында - 1,5 мың, құрылыста - 5,6 мың, білімде - 0,9 мың және басқа салаларды - 8,9 мың.
2011 жылы орташа жалақы 48 048 тг болып, 2010 жылы салыстырғанда 16,6 пайызға өсті.
Жұмыссыздықты төмендету бағдарламасының орындалуы
Аудан, қалалар- дың ата- луы | ЖҚ қызметіне жұмыс іздеп келгендер саны, адам | Тұрақты жұмыс- қа орналастыру, адам | Кәсіби оқуға тарту, адам | Жаңа жұмыс орындарының ашылуы, (жұ -мыс орны) | |||||
нақты | Орын % | нақты | Орын % | Нақты | Орын % | нақты | Жылд, орын % | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 8 | 9 | 10 | 11 | |
Бәйдібек | 390 | 118,2 | 368 | 156,6 | 55 | 110,0 | 248 | 153,1 | |
Қазығұрт | 586 | 110,6 | 450 | 138,5 | 70 | 100,0 | 350 | 263,2 | |
Мақтаарал | 1042 | 64,3 | 703 | 113,2 | 60 | 120,0 | 1027 | 168,4 | |
Ордабасы | 641 | 102,6 | 513 | 153,1 | 55 | 91,7 | 380 | 181,0 | |
Отырар | 468 | 146,3 | 362 | 168,4 | 70 | 100,0 | 399 | 84,9 | |
Сайрам | 1570 | 98,1 | 1367 | 235,7 | 70 | 100,0 | 739 | 166,8 | |
Сарыағаш | 1540 | 194,9 | 1140 | 196,6 | 60 | 100,0 | 1371 | 216,6 | |
Созақ | 914 | 315,2 | 676 | 281,7 | 60 | 100,0 | 317 | 273,3 | |
Төлеби | 724 | 114,9 | 481 | 174,9 | 60 | 200,0 | 356 | 213,2 | |
Түлкібас | 645 | 107,5 | 476 | 170,0 | 50 | 100,0 | 324 | 257,1 | |
Шардара | 525 | 175,0 | 333 | 114,8 | 60 | 100,0 | 426 | 162,0 | |
Арыс | 663 | 157,9 | 484 | 179,3 | 70 | 100,0 | 307 | 110,8 | |
Кентау | 1638 | 168,3 | 928 | 203,5 | 70 | 116,7 | 287 | 202,1 | |
Түркістан | 1468 | 98,9 | 948 | 234,1 | 70 | 140,0 | 445 | 71,7 | |
Шымкент | 7135 | 130,9 | 5016 | 233,3 | 590 | 100,0 | 3561 | 193,7 | |
Облыс бойынша | 19949 | 125,0 | 14245 | 196,3 | 1470 | 105,0 | 10537 | 169,7 | |
Облыстағы жұмыссыздық деңгейі 5,6 пайыз.т Облыстың еңбек нарықындағы жағдай 2011 жылға қарай экономикадағы оң өзгерістердің ықпалымен қалыптасып, нәтижесінде халықты әлеуметтік қорғау саласында негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы түзілді.
Оңтүстік Қазақстан облысында кедейлік пен жұмыссыздықты төмендету жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламаның іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру жөніндегі үйлестірілген іс-әрекеттер экономиканың барлық салаларындағы өндіріс көлемінің артуы халықты жұмыспен қамту саласындағы жағдайды жақсартуға айтарлықтай ықпал етті және тіркелген жұмыссыздық деңгейінің кестеде көрсетілгендей 2009 жылы 1,02 пайыздан 2011 жылы 1,0 пайызға дейін төмендеуіне өзінің оң әсерін тигізді. Жұмыссыздар саны 77,4 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі 7,4 пайыз мөлшерінде қалыптасты және өткен 2009 жылмен салыстырғанда 1,2 пайызға төмендеді. (сурет көрсетілген)
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, делдалсыз сауда арқылы тауар өндірушілерге қолдау көрсету мақсатында Шымкент қаласында 11 әлеуметтік азық-түлік дүкендері ашылды. 2011 жылы тұрғын үй құрылысына 5,8 млрд.тг инвестиция бағытталып, 178,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Оның 61,6 пайызының құрылысы халықтың өз қаржысы есебінен жүргізілді.
2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында өткен жылы Шымкент қаласындағы «Нұрсәт» мөлтек ауданында несиелік 659 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы аяқталды. Оның 553 пәтері 2 млрд. 651 млн. тг сатылып, бұл көрсеткіш 2008 жылы салыстырғанда 165 пәтерге немесе, 1 млрд. 263 млн.тг артық болып отыр. Сонымен қатар, облыс бойынша 115 коммуналдық тұрғын үйлердің де құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.
2010 жылы Қазақстан Республикасының президентінің қолдауымен «Нұрлы көш» бағдарламасы аясында Шымкент қаласындағы Асар мөлтек ауданында 575 тұрғын үй жылыжайымен қоса пайдалануға берілді. Бұл жұмыс ағымдағы жылдары да жалғасын табады.
«Таза су» бағдарламасын іске асыру барысында 2011 жылы республикалық, облыстық бюджеттен 456 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбырларының құрылысы, қайта құру, ағымдағы жөндеу және жоба-сметалық құжаттар дайындау жұмыстарына 7,8 млрд. тг қаралды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артық, бұл қаржыға:
- 28 елді мекенде құрылыс, қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілді;
- 170 елді мекенде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді;
- 190 елді мекенде 251 су тазартқыш стансасы орнатылды;
- 23 нысанның ЖСҚ әзірлеуге 169,8 млн. тг бөлінді.
- Азия Даму Банкі есебінен 928,3 млн. тг қаражат бөлініп, 13 елді мекенде су құбырының құрылысы жүргізілді.
- 2011 жылы Су ресурстары комитетінің ішкі қаржы көздері есебінен жалпы сомасы 1,9 млрд. тг топтама су құбырларының құрылысы атқарылып, 24 елді мекенде ауыз су құбыры жүргізілді.
Облыстың 900 елді мекендеріндегі ауыз суға зәру, шешімін таппай келген 488 елді мекендердің 433-де ауыз су мәселелері жақсарды. Соның ішінде, 70 елді мекен құбыр суымен қамтылып, облыс бойынша бұндай елді мекендер саны 482 жетті. Облыстың автожол саласында құрылыс және қайта құру жұмыстары жүргізіліп, 1593 шақырым жол, 21 көпір жөнделді. Бұдан бөлек, 11 жаңа көпір іске қосылды. Атқарылған жұмыстардың көлемі соңғы жылдардағы жөнделген жолдар көлемінен үш есе көп. Облыста 950-ден астам қоғамдық бірлестіктер тіркелген. Саяси партиялар филиалдарының саны - 9, этно-мәдени орталықтар - 61, кәсіподақтар - 199, қоғамдық қозғалыстар - 16, түрлі бағыттағы үкіметтік емес ұйымдар - 511, басқа да ұйымдар тіркелген.
Облыстың мемлекеттік атқарушы органдары, саяси партиялар мен азаматтық қоғам институттары арасындағы тығыз байланысты қамтамасыз ету, азаматтық қоғам өкілдерін облыстың әлеуметтік-экономикалық өміріне қатысуға тарту мақсатында құрылған Қоғамдық Форумның кезекті отырысы өткізілді. Облысымыздың ішкі саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету жолында бірқатар шаралар атқарылды
Денсаулық сақтау саласына 2012 жылы бюджеттен 40,2 млрд.тг қаралды, бұл өткен 2011 салыстырғанда 22,8 пайыз артық. 2011 жылы 5 денсаулық сақтау нысандары іске қосылды. 128 нысанда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауылдық жерлерге жас мамандарды ынталандыру мақсатына 42 млн.тг бөлініп, 166 маман ауылға жолдама алды. 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы тарихында алғаш рет ашық жүрекке операция жасалыну басталып, жалпы 103 адамға операция жасалынды. Одан басқа, 303 стенттік операция жасалды. Нәтижесінде 400 адамның өмірі сақталды.
Бірқатар аурулар бойынша аурушылдық деңгейі 2010 жылмен салыстырғанда, атап айтқанда, өкпе-құрт аурулары 12,2% және осы аурудан өлім көрсеткіші 11%, қан тамырлар жүйесі аурулары - 2% және өлім көрсеткіші 12% төмендеді. Нәрестелер өлімі 16% төмендеді. Бағдарламаны қаржыландыру жергілікті және республикалық бюджеттердің қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамаларында тыйым салынбаған басқа да көздердің есебінен іске асырылатын болады. Облыстағы жұмыссыздық деңгейі 6,3 пайыз, бұл республикалық көрсеткіш деңгейінде 2011 жылы 0,2 пайызға төмендеді.
Аталған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері өңірді дамытудағы аймақтық саясаттың тиімділігін көрсетеді.
3 АЙМАҚТЫҚ САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Аймақтық дамытудың негізгі басымдылықты бағыттары
Аймақтық саясат, еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған стратегиялық мақсаттар мен тапсырмаларға жету үшін өмір сүру қызметі және шаруашылықтанудың территориялық факторларын тиімді пайдалануға бағытталған мемлекеттік жалпы саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясаттың мақсаты – территориялдық өзін-өзі басқаруды дамыту қағидаларын құру және оңтайлы территориялдық еңбек бөлінісі негізінде әр аймақтың ресурстық өндірістік потенциалын тиімді пайдалану және халықтың өмір сүру қызметтері үшін сәйкес тең мүмкіндіктерін құруда болып табылады.
Аймақтық саясаттың мақсатына жету үшін төмендегідей тапсырмаларды шешуді талап етеді:
Бірінші кезеңде аймақтық саясатты жасау мен жүзеге асыру үшін алғы шарттарды құру болжанды. Оларға келесілер жатады:
- аймақтардың сәйкестілік шаруашылықтың даму қызметін қамтамасыз ететін саяси, экономикалық, экологиялық және құқықтық сипаттағы кешенді шаруаларды құру;
- мемлекеттің макроэкономикалық саясатының жалпы стратегиялық ережелеріне сәйкес территориялдық артықшылықтарын анықтау;
- Қазақстан Республикасының барлық территориясында экономикалық белсенділікті мемлекеттік ынталандырумен жеке аймақтарды селективті мемлекеттік қолдаудың келісімі.
Екінші кезеңде еліміздің экономикалық дамудың жалпы стратегиясы шегінде аймақтық дамудың алғашқы кезектегі тапсырмаларын жүзеге асыру болжанды, яғни:
- Институционалды және нарықтық инфрақұрылымының, аймақтық және жалпы республикалық еңбек, капитал және тауар нарықтарының құрылуы және дамуы;
- Артта қалған ауылдарды көркейту үшін материалдық негіз құру.
Республикамыздың экономикасын өсіру және көркейту жағдайында көптеген тапсырмаларды шешу үшін мүмкіндіктер пайда болды. Оларға жататындар:
- аймақаралық инфрақұрылымды құру және өндірістің территориалды ұйымын жетілдіру , экономиканың тиімді кеңістік құрылымын қалаптастыру;
- территорияның ғылыми-техникалық және табиғи ресурстарын тиімді пайдалану, экология-экономикалық теңдікті сақтау өндірістік кешеннің ресурстық-мақсатты тепе-теңдігін қамтамасыз ету;
- нашар дамыған аймақтардағы әлеуметтік сфера және экономиканың депрессивті жағдайын бастан кешіруден сақтану, аймақтар бойынша халықтың өмір саласын және деңгейіндегі әртүрлілікті түзету.
Аймақтттық саясаттың мақсаты мен тапсымаларына сәйкес оның төмендегідей негізгі бағыттары бөлінеді:
- құрылымдық өнеркәсіптік және инвестициондық саясатқа сәйкес кәсіпорын санауышы бойынша жұмыстар ұйымдастыру, аймақтағы кәсіпорын мен өндіріс үшін беделді қажетті селективті көмек көрсету;
- аймақтық экспорттық потенциалын көбейту, сыртқы және ішкі нарықта сұранысқа ие өнім шығаруды көбейтуді қолдау;
- өнекәсіптің базалық саласындағы ірі кәсіпорындарда өндірістік қызметті көркейту және капитал концентрациялау мақсатында технлогиялық өзара байланысты өндірістің жаңа ұйымдастырушылық құрылымын құру;
- жергілікті рыноктарда тауар және қызмет ұсынысын көтеру, халықтың жұмысбастылығын сақтау және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында жеке меншік кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта бизнестідамытуды қолдау;
- материалдық өндіріс және аймақтық инфроқұрылым сферасына тікелей шетел инвестициясын қоса инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
- бюджеттен тыс көздерді, институционалдық инвесторлар жүйесін, ацмақтың қаржылық ресурсын қалыптастыру;
- табиғаттың ландшавты және әртүрлігін, генетикалық қорларын сақтау.
Мемлекеттің аймақтық саясаты әр типтегі аймақ ерекшеліктерін қосқанда, олардың потенциалын біршама толық ашу мақсатында дифференциалды жүзеге асырылады.
Республикалық аймақтық артықшылықтарды анықтау үшін жалпы қабылданған типология қолданылады, жаңа салықтық және бюджеттік саясат құрылу позициясына байланысты аймақтарды 3 топқа бөледі:
Бірінші топ – кірістің орташа республикалық деңгейін көтеретін кірістері бар аймақтар (Ақмола, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар облыстары және Алматы қаласы). Бұл аймақтарда біршама жоғары салық қойылымы бекітілуі керек.
Екінші топ – кірістің орташа республикалық деңгейіне жақын аймақтар (Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары), бұларға салық қойылымының орташа деңгейі ұсынылады.
Үшінші топ – орташа кірістің ең төмен деңгейін көрсететін аймақтар (Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары).
Көрсетілген типологияға сәйкес республиканың территориалдық даму артықшылықтары санына 1-ші және 2-ші топтағы аймақтар кіреді. Территориясында негізгі экономикалық және өнеркәсіптік потенциалы бар лидер аймақты, яғни даму деңгейі жоғары аймақтарға республикамыздың экономикасының дағдарыстан шығуы бойынша және оның келешекте өсуіне үлкен үміт қойылды [30].
3 топтың аймақтары – аутсайдер деп айтылатын, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен артта қалған облыстарға мемлекеттік қолдау көрсету қажеттілігі шартында көңіл аудару керек.
Бұл типология қаржылық қаражаттарды аймақаралық қайта бөлу қажеттілігі сақталған кезде аймақтық саясатты жүзеге асыру бірінші, екінші кезеңдерде актуалды болады. Аймақтық саясатты жүзеге асыру шаралары бойынша аймақтардың топ құрамы ылғи ауысып тұрады.
Нарықтық процесстерді жүзеге асыру механизмдерін нақтылау және ішкі аймақтық артықшылықтарды бөлу мақсатында аймақтарды мамандандыру (специализациялау) қағидасы бойынша типология қолданылады, соған сәйкес аймақ 4 топқа бөлінеді:
Бірінші топ – стратегиялық сипаттары минералды ресурстарының керемет қорларын иеленетін және ғылымиһөндірістік потенциалының интенсивті дамуының жеткілікті жоғары көрсеткіштермен республика экономикасын тездетілген темппен енгізу қабілеті, бірақ ауылдардың экономикалық-әлеуметтік артта қалуы, оның көп бөлігі эқологиялық жағдайы нашар болуы көрсетілген аймақтар. Бұл аймақ топтары үшін беделді болып төмендегідей проблемалар жатады:
- минералдық шикізат және көмірсутек шикізаттарын кешенді өңдеу мен қазудың жаңа технологияларын енгізу базасы негізінде стратегиялық шикізат түрлеріне бой жерлерді интенсивті иелену (көмірсутек, хромит, калий тұзы, алтын, күміс, мыс, нырыш, фосфат, никель, борот, кобальт және тағы басқа);
- отандық және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы инвестициялық климатты анықтайтын және әлемдік стандартқа жауап беретін жоғары дамыған өндірістік, әлеуметтік және нарықтық иныроқұрылымдарды құру (қонақ үйлерді салу құрылысы, офис мекемесі, аэропорт, халықаралық порттар, байланыс торабы, көлік және темір жол көлігі торабы, сыртқы халықаралық нарыққа шығуын қамтамасыз ете алады).
Екінші топ – негізінен қаржылық ресурстармен өзін- өзі қамтылған жоғары технологиялық ғылыми көлемді өндіріс құру үшін жеткілікті қолайлы экономикалық жағдайларымен, ауыр индустрия саласының нақты көрсетілген мамандануымен жоғары ғылыми-өндірістік потенциалы бар аймақтар жатады.
Бұл аймақтардың экономикасын реформалаудың артықшылықты бағыттары болып төмендегілер көрсетіледі:
- шетел инвестицияларын тарту жолымен экспорттық потенциалды қалыптастыру және мехника-технологиялық үзіліс базасы ретінде ірі өндірістік потенциалы бар келешекте құрылымдық реконструкциялау;
- жаңа ғылыми көлемді өнімдер шығаруды ұйымдастыру, жаңа технологиялар базасында құрал-жабдықтар мен машиналар, электроника құралы, ақпараттану, автомобиль құрылысы, жаңа материалдар, лазер технологиясын дамыту, шетел технологиясын және қаржыландырудың сыртқы көздерін пайдалана отырып құрал-жабдық және автоматтандырылған басқару жүйесін шығару;
- экономикалық қайта қалыптасу темпін анықтайтын нарықтық инфроқұрылымды дамытуды тездету;
- өздерінің өндірісін көтерілуін және жақсаруын қамтамасыз ететін өнеркәсіптің юасты салаларының ірі кәсіпорындармен басқарудың жаңа ұйымдастырушылық формасын құру, шетелдік консалтингалық фирмалар мен мамандарды тарту; өндірістік және әлеуметтік инфроқұрылымның территориялдық ұйымдастырудың рационалды деңгейін қалыптастыру; тұтынушы нарығын баланстау бойынша материалдық база құру.
Үшінші топ – еліміздің сатушылық қорын құруда басты орында алатын агроөнеркәсіптік кешенді аймақтар. Олардың әлеуметтік-экономикалық дамуының артықшылықты бағыттары болып келесілер жатады:
- жеке меншіктің әртүрлі формаларының дамуын, ауыл шаруашылық өндірісін реформалау бойынша курстарды жалғастыру;
- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге тиімді мамандықтанудың жүзеге асырылуы;
- ауыл шаруашылық өнімінің жоғары сапалығымен және экспорттың өсуін қамтамасыз ететін өндірістік процесстерде жаңа технология мен техникаларды енгізу және пайдалану;
- аймақтық агроөнеркәсіпті кешеннің әртүрлі қызмет сферасын дамыту диспропорциясын бастан кешіру;
- республиканың тұрақты сауда кешенінқұру мақсатында айылшаруашылық шикізаттарды өндіру және қазіргі индустрияны сақтау бойынша кішігірім кәсіпорындардың кең байланысын ұйымдастыру.
Тұтыну рыногын балансталған түрде дамыту мақсатында, тұтыну заттарын өндіретін ауыл шаруашылығының және өнеркәсіп салаларының материалдық-техникалық базасын қатайтуда, өндірістік және әлеуметтік инфроқұрылымын міндетті түрде құру.
Бұл топтың еңбек шығындары бар аймақтар үшін ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу бойынша біршама кәсіпорын қатарында, халақтың жұмысбастылық проблемаларын жеңілдету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында шағын және орта бизнесті дамыту керек.
Төртінші топ – экстремалды климаттық, әлеуметтік-экономикалық және техника-технологиялық жағдайдағы, шаруашылықтың рационалды емес салалық құрылымы бар депрессивті аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарыстаға аудандар жатады [31]. Бұл аймақтарда жинақталған шаруашылық байланыстарының бұзылуы және экономикалық және әлеуметтік дағдарыс критикалық жағдайға әкелуі мүмкін аймақтар, бұлар өздерінің күштерімен бұл проблемадан шыға алмайды. Бұл үшін мемлекеттік реттеудің нақты шаралары қажет.
Бұл топтағы аймақтарға артықшылықты жағдайлары болып төмендегі проблемалар аталады:
- экологиялық дағдарысты тереңдету процесін алдын-алу;
- жекеленген ауылдық аймақтардағы ауыл шаруашылық шикізаты бар өнеркәсіптік қайта өндеу бойынша бірінші топтағы звеноларды құру, осынла тұратын халықтардың дәстүрі мен тәжірибесі және жергілікті ресурстарды пайдалануды қосқанда шаруашылық кешенін түр-тамырымен реконструкциялау;
- осы аймақтарда тұратын халықтардың өмір сүру сапасын және деғгейін көтеру үшін материалдық негіз құру жөнінде нақты шаралар қабылдау;
- қоршаған табиғи ортасы адамдардың денсаулығына өте қауіпті ауылдық аймақтардағы, кіші және орташа қалалардың және басқа тұрғылықты жерлердің тұрғындары республикамыздың басқа аймақтарына орын ауыстырғысы келетінін халықтар үшін қажет жағдайлар жасауы тиісті;
- шетелдік техникалық және гуманитарлық көмектерді тарту және оларды тиімді пайдалану болып табылады.
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына мемлекеттің реттеушісі әсері инититутционалды құрылымдарды жүргізу, сыртқы экономикалық саясат, жалпы мекроэкономикалық (бюджеттік, салықтық, акшалай-нешелік), әлеуметтік, экономикалық, кұрылымдық-инвестициалық саясаттарды жүзеге асыру және шаруашылық субьектілері мен халықтың өмірлік қызметі құқықтық регломентация жүесі арқылы жүзеге асырылады. Оларды шығаруда және тәжірибелік түрде орындалуы кезінде жүзеге асырылатын шараларды интеграционды аймақтық тиімділікті ескере отырып, олардың территориалық кешенді әлеуметтік-экономикалық дамыту мүдделеріне сәйкес ескерілуі қажет.
Аймақтық саясатты жүзеге асырудың басты құралдарына төмендегілер жатады:
- Аймақтағы өндірістік-экономикалық, интеллектуалдық және экспорттық потенциалдарын тиімді пайдалану және қатайту; жалпы мемлекеттік және аймақтық мүдделерімен келісім және өзара байланысын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді болашақтағы жетістіктерге Қазақстан Республикасының өндіргіш күштерін орналастыру мен аймақтық әлеуметтік-экономикалық дамыткдағы кешенді болжамдар жасау.
- Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарттары мен кезеңдерін кешенді должауда көрсетілген жүзеге асыруға мақсатталған жалпы мемлекеттік, аймақтық және салалық деңгейдегі индикативтік жоспар жүесін құру.
- Ірі масштабты аймақ аралық проблемаларды шешу жөніндегі жалпы мемлекеттік бағдарламаларды шығару және жүзеге асыру.
Арнайы экономикалық зоналарды құру үшін бұл аймақ қажетті алғы шарттары болуы керек, яғни тиімді көліктік-географиялық жағдаймен және экпорттық бағыттауға жеткілікті шикізат қорларының болуын ескеру қажет. Жалпы аймақтарды дамыту үшін шығарылған бағдарлама, индикативтік жоспарлар жүзеге асырылуы керек және болашақта артта қалған аймақтарды дамытып, экономикалық өсуін қамтамасыз етілуі керек.
ХХI ғасыр кез келген мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік саясат болуы керек екенін дәлелдеді. Әсересе, әлемдік қаржылық дағдарыс әрбір елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайына әсер еткені белгілі. Әлеуметтік саясат аясында халықты, оның ішінде көмекке аса мұқтаж адамдар, асыраушысынан айрылған, мүгедек жандар, жетім балаларды әлеуметтік қорғаудың маңызы зор. Қазақстан Республикасы Ата Заңында «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсеткен [32]. Әрине, әлеуметтік мемлекеттің негізгі принципі де әлеуметтік саясатты жүргізіп, негізгі функцисы әлеуметтік қорғау болып табылады. «Әлеуметтік қорғау – бұл мұндай қатынастар, яғни оның қамқорлығында индивидтер қоғамдағы өз позицияларын сақтауға мүмкіндіктері болады. Әлеуметтік қорғау – саяси немесе әлеуметтік одақты сақтау функциясы» .
Үшінші бөлімді қорыта келер болсақ, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру мақсатына жету үшін төмендегідей тапсырмаларды шешуді талап етеді:
- Қала бағдарламалары мен жоспарларын, әсіресе қаланың Бас жоспарын орындау, оны жетілдіру;
- Алматы қаласы экономикасының бәсекелестік қабілетін арттыру мен жарақтандыру;
- Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу;.
- Аймақтық саясатты жасау мен жүзеге асыру үшін алғы шарттарды құру;
- Еліміздің экономикалық дамудың жалпы стратегиясы шегінде аймақтық дамудың алғашқы кезектегі тапсырмаларын жүзеге асыру;
Ал жалпы Республикалық аймақтық артықшылықтарды анықтау үшін жалпы қабылданған типология қолданылады, жаңа салықтық және бюджеттік саясат құрылу позициясына байланысты аймақтарды топтарға бөлу қажеттілігі.
Нарықтық процесстерді жүзеге асыру механизмдерін нақтылау және ішкі аймақтық артықшылықтарды бөлу мақсатында аймақтарды мамандандыру (специализациялау) қағидасы бойынша типология қолданылады, соған сәйкес аймақ топтарға бөлу керек деген тұжырым жасауға болады.
3.2 Оңтүстік Қазақстан облысында аймақтық саясатты жетілдіру жолдары
Жергілікті әкімшіліктің өз көлеміндегі жалпы экономикалық-әлеуметтік құрылымдарды басқару тетіктерін жетілдіру үшін, ең алдымен экономиканың даму қарқынын (ЭДҚ) есептеудегі оның жалпы тұрақты (тұрақсыз) дамуын есептеу әдістемелігі (ТДӘ) керек. Экономиканың даму қарқынын өзін тұрақтандыру кезіндегі қарқын (ТКҚ) - есептеп табу және одан әрі тұрақты даму қаркыны (ТДҚ) - енгізу деп бөлуге болады. Тұрақтандыру кезіндегі қарқын мен тұрақты даму қарқыны - тұрақты даму кезеңдері (ТДК). Тек тұрақтандыру кезіндегі қарқынды есептеу арқылы тұрақты даму бағасын (ТДБА) анықтауға болады. Тұрақты даму бағасын анықтаудың басты мақсаты - тұрақты даму баланстық (ТДБ) көрсеткішін енгізу. Тек тұрақты даму балансы аркылы белгілі бір жергілікті аумақ пен аймақтың даму өлшем бірлігіндегі олардың әрқайсысының одан артық немесе кем болуына сәйкес, тұрақтылық пен тұрақсыздықты салыстырмалы түрде анықтауға болады.[37]
Экономика және әлеуметтік тұрақтылык (тұрақсыздық) бірнешеленген экономикалық категориялардың қызметтерінің нәтижесінде ғана анықталады. Ал, экономикалық категориялардың өздері алғашқы және соңғылары болып бөлінеді. Мысалы, бюджет категорияларының өзіндегі нәтижелерді кірістер мен шығындар түрлеріндегі категорияларға топтастыруға болады. Сонымен. аумақтық, аймақтық, аудандық, қалалық экономика және әлеуметтік тұрактылық дегеніміз - бірнешеленген нарықтық қатынастар қызметтеріндегі алғашқы және соңғы (орта буын) категориялар әрекеттерінің нәтижелері. Демек, тұрақты даму категориясы дегеніміз - жалпы экономикалық категориялар қызметінің жиынтығы. Ал, бұл нәтижелердің қосындысынан туатын көрсеткішті анықтау жолын таңдауды осы диссертацияның жаңалығы деп атауға болады. Экономикалық категориялардың қызметтерінің орындалуын экономикалық көрсеткіштер деп атауға болады.
Әрбір алғашқы категориялардың (салықтардың түрлері, еңбекақылардың түрлері, әлеуметтік жәрдемдер мен көмектердің түрлері, тауарлар мен қызметтердің түрлері т.б.с.с.) белгілі бекітілген құқықтық заңдылыққа бағынуы - өмір талабы. Ал, оның бұзылуын сыбайластық жемқорлық пен көлеңкелі экономиканың дамуына кеңінен жол ашу деп түсінуге болады. Сондықтан, экономиканың даму тұрақтылығын жасау - экономикалық категориялардың қызметтерін нақты жолға қою. Ал, категориялар қызметтерін жолға қою тек тексеру, талдау, бақылау, басқару, есептеу, аудит, болжау және жоспарлау әрекеттерінде қолға алынады.
Экономиканың тұрақты дамуының негізгі түбірі бар мақсаты - тек әлеуметтілікті тұрақтандыру. Тек әлеуметтік тұрақтылық экономикалық тұрақтылықтан туады. Экономика мен әлеуметтіліктің дамуына әрбір кезеңдерде бағасын беріп, оның дамуын бақылауды қолға алмайынша, “хаостық” жағдайга жол береміз. Сондықтан, есепті жылда әрбір объектінің экономикасының даму бағасын талдау арқылы анықтауымыз керек. Бұл талдау бұрынғы талдау нәтижелерімен салыстырмалы қаралуы керек. Себебі, жетістіктер мен кемшіліктер өлшеміне баға берілуі тиіс. Экономикалық қатынастарда әрбір ауданның, әрбір қаланың, әрбір облыстың бір біріне салыстырмалы әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуын бағалау көрсеткіштерін енгізу және оны одан әрі дамытуға талдау жүргізуді басшылыққа алу - бүгінгі күннің негізгі талаптарының бірі. Мұнсыз әрбір әкімшілік басшылығы қызметтеріне баға беруге болмайды. Бірақ, бұл мәселелерге жеткілікті көңіл бөліне қойған жоқ. Әсіресе, әлеуметтік пен экономиканың дамуына бөлінген, берілген бюджеттік, банктік, инвестициялық қаржылардың қайтарылымы мен пайдалы болуынын, қоғамдық тұрғыда сұранысы жоқ. Әрбір аймақтың дамуына баға беретін әртүрлі жеке статистикалық көрсеткіштер бар. Ал, осы көрсеткіштерді жинақтап, жалпы жаңа бағадағы экономиканың және әлеуметтіліктің тұрақты даму бағасын беретін көрсеткіштерді экономикаға қолдануды енгізгеніміз жоқ. Себебі, кейбір экономикалық көрсеткіштер әрбір ауданның немесе облыстың жетістігін көрсетсе, ал кейбір көрсеткіштер оның кертартпалығын анықтайды. Осы екі арадағы көрсеткіштер жиынтығының әрбір аудандар мен облыстардың бір біріне белгілі шеңберінде ғана ортақ бағасын анықтап, жетістіктер мен кемістіктердің ортақ өлшемін тауып көрсету осы зерттелімнің мақсаты болып табылады. Мысалы, дамуды анықтайтын статистикалық көрсеткіштер түрлері: өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер, тауар және ақша айналымы, жалақы қорлары, негізгі қорлар инвестициясы, бюджет кірістерінің өсімі, халықты еңбекпен қамтамасыз ету мөлшері т.б. болса, тұрақсыздықты туғызушы көрсеткіштер: экономиканың залалды болу мөлшері, алашақ - дебиторлық қарыздардан берешек -несиелік қарыздардың артықтығы, жалақы қарызының уақытында қайтарылмауы, зиян т.б. Бір облысты екіншісіне немесе аудандарды бір біріне салыстырып, кемістігі мен жетістігін айтуда әрбір көрсеткіштерді жеке айтуға немесе көрсеткіштер жиынтығымен салыстыруға болады.[38]
Экономиканы тығырықтан шығару жолдары - алашақ қарыздардың (дебиторлық) берешек қарыздан (несиелік) артықтығын жою. Жалпы, теориялық мәселелерге жүгінсек, белгілі бір кәсіпорындардың ішінде ғана дебиторлық қарыздан несиеліктың артық болуы немесе керісінше болуы әбден мұмкін. Бірақ, бүкіл бір экономикалық аймақтағы берешек пен алашақ қарыздар әрқашанда бір біріне тең дәрежеде сақталуы тиіс. Өзгеріс тек сыртқы экономикалық аймақтармен қатынастарда тууы мүмкін. Экономиканы тұрақтандыру тек экономикалық қатынастардын. әділетті құқықтана түсуіне де байланысты. Осыған орай, экономика жүйелеріндегі нарықтық катынастарда дамытатын қарыздар теориясы мен әдістемелеріндегі зерттелімдер жоқ.
Экономиканың тұрақты дамуының негізгі түбірі бар мақсаты - тек әлеуметтілікті тұрақтандыру. Тек әлеуметтік тұрақтылық экономикалық тұрақтылықтан туады.
Егер 8-кесте бойынша статистикалық мәліметтерге жүгінсек, дебиторлық қарыздан несиелік қарыздың артықшылығы (2007-2009 жылдар аралығында) Оңтүстік Қазақстан обылысы бойынша 17282,6 млн. теңгеден 16246,9 млн. теңгеге арта түскен. Сол сияқты, Шымкент қаласының экономикасындағы мұндай алшақтық қарыздар осы жылдар аралығында 10950,1 млн. теңгеден 13480,2 млн. теңгеге артқан. Әрине, бұл жақсы деп жорамалдағанмен, бухгалтерлік есептегі пассивтер бойынша тапқан пайданы бүркемелеу де болуы әбден мүмкін.
Облыстың, әрбір ауданның, әрбір қаланың тұрақты экономикалық-әлеуметтік дамуын салыстырмалы бағалауды бірнеше статистикалық көрсеткіштердің орташа өсім, (кему) қарқындарында нәтижелеп, топтастыру арқылы белгілеуге болады. Жергілікті жердің экономикалық-әлеуметтік тұрақтылығы (тұрақсыздығы) дегеніміздің өзі бірнешеленген жалпы белгілі бір аумақ пен аймақтың соңғы жылдар ішіндегі барлық экономикалық-әлеуметтік даму қарқындық көрсеткіштерінің тұрғылықты халық санына қатынастық үлесі деп есептеуге болады. Оңтүстік Қазақстан облысы аудандары мен қалаларының тұрақты даму көрсеткіштерін белгілеу үшін 2009 жылдан 2011 жылдар аралығындағы көрсеткіштердің өткен жылдарға салыстырмалы ортақ өсім қарқыны анықталып, оның халық санына үлестілігі табылған. Бұл үлестілікті табудың негізгі мақсаты - облыс бойынша әрбір аудандар мен қалалардың тұрақтылық (тұрақсыздық) өлшемін табу. Ол үшін, әрине біз облыс көлеміндегі көрсеткіштердің ортақ даму қаркынын тауып, аудандар мен қалаларды оған салыстырмалы қарауымыз керек. Ескеретін нәрсе, біз қолданған жеті статистикалық көрсеткіштердің көп немесе кем қылып қолдану жолдары бар кемінде бір көрсеткіштер мен ұсыныстарын қарастыруга болады. Бірақ, қолданылатын көрсеткіштер бір облыс көлемінде бәріне бірдей болуы тиіс.(8 кестеде көрсетілген)
Әрбір ауданның әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерін салыстырмалы бағалауды келесі ортақ формулада қолдануды ұсындық:
Мұндағы:
- аймақтық (облыстық) әлеуметтік-экономикалық ортақ тұрақты даму баланстық көрсеткіші;
- өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтердің өсім, (кемуі), сомасы;
- негізгі қорлар инвестициясының сапыстырмалы өзгермелілігі, сомасы;
- бөлшек сауда аиналымының салыстырмалы өзгермелілігі, сомасы;
-дебиторлық қарыздардың несиелік қарыздардан артықшылығындағы орта есептегі өзгермелілігі, сомасы;
- пайда мен залалдың бұрынғы жылдарға салыстырмалы өзгермелілік сомасы;
- еңбекақы қорларының бұрынғы жылдарға салыстырмалы өзгермелілік сомасы;
- бюджетке барлық түсімдер сомасының салыстырмалы өзгермелілігі;
- осы жылдардағы тұрғылықты халыктың саны.
Осы формуланы пайдаланып, қосымша 25-кестедегі мәліметтер бойынша әрбір аудандардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне талдау нәтижелеріне баға беру олардың орташа даму деңгейімен анықталады. Мысалы:
Оңтүстік Қазақстан облысының 2009 жыл мен 2011 жылдар аралығындағы әлеуметтік-экономикалық тұрақты дамуының өсімінің әрбір жан басына шаққандағы өсу қарқыны 7657,5 мың теңгені құрады, ал осы цифрды тұрақты даму балансы деп ескерсек, одан төмен дәрежедегі аудандардың әлеуметтілігі мен экономикасының дамуы нашар деп шешуге болады. Одан жоғарыларда тұрақтылық қалыптасқан. Әрбір ауданның экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық пен тұрақсыздық жағдайларын анықтауға алынған келесі есептеу мәліметтерін ұсынамыз.
Оңтүстік Қазақстан облысы ішіндегі аудандар мен қалалардың тұрақтылық (тұрақсыздық) өлшем өзгермелігін салыстыра анықтауға келесі формуланы пайдаланамыз.
Мұндағы:
ЭТД - Оңтүстік Қазақстан облысы аудандарының тұрақты (тұрақсыз) даму көрсеткіші;
- облыс құрамындағы аудандар мен қаланың тұрақты (тұрақсыз) даму деңгейі.
Облыстағы әрбір аудандардың тұрақты және тұрақсыз үлес пайызын анықтауға келесі формуланы қолданамыз:
Облыс экономикасы мен әлеуметтілігінде 2009-2011 жылдар аралығындағы өсу қарқыны бойынша салыстырмалы тұрақты және тұрақсыздық даму деңгейлерін бағалау
Аудандар | Әр аудан бойынша өсім қарқынының жан басына есептеу көрсеткіші, мың. теңге | Облыс бойынша өсім қарқыны көрсеткіші мен орташа деңгейінің айырмасы, мың. теңге | Тұрактылық (тұрақсыз-дық) дәрежесі, % |
Арыс | 27364,6 | -49202,9 | -64,2 |
Бәйдібек | 96217,1 | 19649,6 | 25,6 |
Қазығұрт | 38946,5 | -37621 | -49,1 |
Махтаарал | 37051,7 | -39515,8 | -51,6 |
Ордабасы | 86069,4 | 9501,9 | 12,4 |
Отырар | 48377,8 | -28189,7 | -36,8 |
Сайрам | 163907,1 | 87339,7 | 114,0 |
Сарыағаш | 119708,1 | 43140,6 | 56,3 |
Төлеби | 148803,9 | 72236,4 | 94,3 |
Түлкібас | 92548,9 | 15971,4 | 20,8 |
Кестедегі тұрақтылық (тұрақсыз) дәрежесінің есептелуін жоғарыдағы формуланы қолдана отырып, шығару жолы:
Арыс ауданы: 27364,6-76567,5=-49202,9 немесе
27364,6хЮО:76567,5=-35,7%
35,7-100=-64,2%
Егер әлеуметтік-экономикалық даму рейтингі төмен аудандарға дәлірек талдау жасасақ:
-Арыс ауданының әлеуметтік-экономикалық даму тұрақсыздығының 64,2% болуынан кәсіпорындар мен шаруашылықтар пайдасы төмендеген. Сонымен қатар, бұл өнімдер мен көрсетілген қызметтер және бюджет түсімдерінің төмендеуінен болып отыр;
- Қазығұрт ауданының әлеуметтік-экономикапық даму тұрақсыздығының 49,1 % болу себебі кәсіпорындар мен шаруашылықтар пайдасының төмендеуінен және дебиторлық қарыздардан несиеліктың артықтылығы өткен жылға қарағанда есеп беру жылы өзгермегендігінен болған;
- Махтаарал ауданының әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздығы 51,6 % болуының себебі экономика саласындағы дебиторлық қарыздан несиелік қарыздың басымдылығы осы жылдар аралығында 312,8 млн. теңгеден 454,4 теңгеге артуынан және кәсіпорындардың пайдасының төмендеуінен болып отыр;
- Отырар ауданының әлеуметтік-экономикалық даму тұрақсыздығы 36,8 %-ды құрауы кәсіпорындар пайдасы мен негізгі қорлар инвестициясының төмен болуынан. Негізгі қорлар инвестициясы 273,9 млн. теңгеден 244,4 млн. теңгеге төмендеген.(9 кестеде көрсетілген)
Бұл мәліметтерді облыс басшылары және аудан әкімдері назарға алып, арнайы талдау жүргізу мен кінәлілерге іс-шаралар қолданбайынша, өздігінен тұзетулердің болмайтыны анық.
Анықталған нәтижелер диаграмма түрінде ұсынылды. Бұл талдау әдісін экономика мен әлеуметтік тұрақты дамығанның өзінде де пайдаланып, ондағы артта қалып келе жатқан аудандар мен облыстарға көңіл бөлу арқылы тұрақтандыруды дамыту шешімдерін одан әрі терең дамытуға болады. Демек, бұл сараптама әдістемелік экономика мен әлеуметтіктің тұрақсыздық кезеңінен шығаруға қолданылса, одан әрі оның тұрақты даму кезеңінде де бағалауға болады.
Осы әдістегі талдау нәтижелеріне қатысты облыстық, қалалық, аудандық әкімшіліктер шешім шығарып, оны басқару әдістеріне қолдану керек. Егер әрбір ауыл, аудан, аймақ өздерінің тұрақты дамыту мәселелеріне жеткілікті көңіл бөлмей қала беретін болса, жалпы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы қанша айтқанмен бәсеңдей беретіні даусыз. Сонымен, біздің даму бағыттарымыздың басым бағыттары «Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы». Қолданылған экономика мен әлеуметтіктің тұрақты (тұрақсыз) даму әдістемелігі сараптамасының 2009-2011 жылдар аралығын камтуының себебі, бұл уақытты экономиканың нарықтық кезеңдерге өту дәуірі (2009 жылға дейін аралық), экономиканың нарықтық қатынастарының тұрақтануы (2009-2011) және нарықтық қатынастардың өркендеуі (2010 жылдан бастап) деп, кезеңдерге бөлуге байланысты. Және де бұл тұрақты даму әдістемелігі (ТДӘ) тек бір облыс көрсеткіштеріне қолданумен шектеліп қоймай, басқа облыстарға да қажет екенін айтуға болады. Тұрақты (тұрақсыз) даму көрсеткішін анықтау үшін оның тұрақты (тұрақсыз) дамуды есептеу әдістемелігін ұсыну осы монографияда қойылған мақсат болды.
Осы тұрақты (тұрақсыз) даму көрсеткішін анықтау үшін оның тұрақты (тұрақсыз) дамуды есептеу әдістемесін ұсыну арқылы Оңтүстік Қазақстан облысының аудандарының тұрақты (тұрақсыз) дамуына баға бердік. Енді осы анықталған нәтижелерден кейін облыстағы жұмыссыздықты жоюдың жолдарын қарастырайық. Оны алдағы анықталған халықтың табыссыздығы арқылы есептеуге болады.
Экономика және әлеуметтілік тұрақтылыққа жеткізуге арналған есептеу мәліметтері (млн. теңге)
Аудандар | 2011 жылғы өнім өндірудің және қызметтің көлемі | 2011 жылғы экономикалық қызмет турлерінде еңбек ететін жұмыскерлердін енбекақы қорлары | Жұмыссыздықтың табыссыздығы |
Барлығы | 60601,8 | 28694,6 | 11570,4 |
Арыс | 112,8 | 727,1 | 701,6 |
Бәйдібек | 2683,3 | 1121,2 | 820,9 |
Қазығұрт | 296,2 | 680,3 | 402,2 |
Махтарал | 965,1 | 1240,2 | 700,1 |
Отырар | 993,2 | 1106,7 | 608,9 |
Сайрам | 2876,4 | 1339,8 | 133,8 |
Ордабасы | 365,3 | 770,0 | 357,5 |
Сарыағаш | 927, 1 | 1449,5 | 643,3 |
Төлеби | 4359,9 | 891,7 | 176,9 |
Түлкібас | 2826,4 | 3076,6 | 961,0 |
Шымкент қаласы | 37062,4 | 16291,6 | 55163,4 |
Жұмыссыздықтың табыссыздығы, еңбек ететін жұмыскерлер табыстылығында 40,3%-ды (11570,4:28694,6x100) құрайды екен. Осы кестенің есептеу мәліметтерін қолдана отырып, тағы да келесі көрсеткіштерді анықтауға болады. Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 60601,8 млн. теңге өнімдер мен қызметке 28694,6 млн. теңге еңбекақы қоры бөлінсе, жалпы жұмыссыздықты жою үшін экономика қаншалықты көтерілу керек? Немесе 18977,9 млн. теңге табыссыздықты жою үшін өнімдер мен қызметтерді қанша дәрежеге көтеруге болады?
Оны есептеу әдісі:
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша теңгеге өнімдер мен қызметтердің көтерілуі керек. Демек, Оңтүстік Қазақстан облысындағы жұмыссыздықты жою үшін өнімдер мен қызметтердің деңгейі 85035 (60601,8+24436,2) млн. теңгеге жетуі керек. Оның ішінде аудандар мен қалалардың әрқайсысына жекелеп тоқталатын болсақ:
- Арыс ауданы бойынша: 112,8 х 701,6:727,1 = 108,8 млн. теңге немесе жалпы өнім мен қызмет деңгейі 221,6 (108,8 + 112,8) млн. теңгеге жетуі немесе оның өсімі 96,4%-ға ((221,6 х 100:112,8)- 100) көтерілуі керек;
- Бәйдібек ауданы бойынша: 2683,3 х 820,9:1121,2 = 1964,6 млн. теңге немесе жалпы өнім мен қызмет деңгейі 4647,9 (2683,3+1964,6) млн. теңгеге жетуі немесе оның өсімі 73,2%-ға ((4647,9 х 100:2683,3) - 100) көтерілуі керек;
- Қазығұрт ауданы бойынша: 296,2 х 402,2:680,3 = 175,1 млн. теңге немесе жалпы өнім мен қызмет деңгейі 471,3 (296,2+175,1) млн. теңгеге жетуі немесе оның есімі 59,1%-ға((471,3 х 100:296,2)-100) көтерілуі керек;
- Махтаарал ауданы бойынша: 965.1 х 700,1:1240,2 = 544,8 млк. теңге немесе жалпы енім мен қызмет деңгейі 1509,9 (965,1+544,8) млн. теңгеге жетуі немесе оның өсімі 56,4%-ға ((1509,9 х 100:965,1)- 100) көтерілуі керек;
- Отырар ауданы бойынша: 993,2 х 609,8:1106,7 = 547,2 млн. теңге немесе жалпы енім мен қызмет деңгейі 1540,4 (993,2+547,2) млн. теңгеге жетуі немесе оның өсімі 55,1%-ға ((1540,4 х 100:993,2) - 100) көтерілуі керек;
- Сайрам ауданы бойынша: 2876,4 х 133,8:1339,8 = 287,2 млн. теңге немесе жалпы өнім мен қызмет деңгейі 3163,6 (2876,4+284,2) млн. теңгеге жетуі немесе оның өсімі 9,9%-ға ((3163,6 х 100:2876,4)- 100) көтерілуі керек;
- Ордабасы ауданы бойынша: 365,3 х 357,5:770,0 = 169,6 млн. теңге немесе жаппы енім мен қызмет деңгейі 534,9 (365,3+169,6) млн. теңгеге жетуі немесе оның өсімі 46,4%-ға ((534,9 х 100:365,3) - 100) кетерілуі керек;
- Сарыағаш ауданы бойынша: 927,1 х 643,3:1449,5 = 411,4 млн. теңге немесе жалпы енім мен қызмет деңгейі 1338,5 (927,1+411,4) млн. теңгеге жетуі немесе оның өсімі 44,3%-ға ((1338,5 х 100:927,1)- 100) кетерілуі керек;
-Төлеби ауданы бойынша: 4359,9 х 176,9:891,7 = 864,9 млн. теңге немесе жалпы өнім мен қызмет деңгейі 5224,8 (4359,9+864,9) млн. теңгеге жетуі немесе оның өсімі 19,8%-ға ((5224,2 х 100:4359,9)- 100) көтерілуі керек;
- Түлкібас ауданы бойынша: 2826,4 х 961,0:3076,6 = 882,9 млн. теңге немесе жалпы өнім мен қызмет деңгейі 3709,3 (2826,4+882,9) млн. теңгеге жетуі немесе оның өсімі 31,2%-ға ((3709,3 х 100:2826,4)- 100) көтерілуі керек;
- Шымкент қаласы бойьшша: 37062,4 х 55163,4:16291,6 = 125493,3 млн. теңге немесе жалпы өнім мен қызмет деңгейі 162555,7 (37062,4+125493,3) млн. теңге немесе оның өсімі 50,6%-ға ((55829,7 х 100:37062,4)- 100) көтерілуі керек.
Енді осы мэліметтерді жинақтасақ, экономиканы тұрақтандыру үшін жалпы өнімдер мен қызмет деңгейін көтерудегі аудандар мен қалалардың деңгейлері: Арыс ауданында - 96,4%-ға, Бәйдібек ауданы - 73,2%-ға, Қазығұрт ауданы - 59,1%-ға, Махтаарал ауданы - 56,4%-ға, Отырар ауданы - 55,1%-ға, Сайрам ауданы - 9,9%-ға, Ордабасы ауданы - 46,4,7%-ға, Сарыағаш ауданы - 44,3%-ға, Төлеби ауданы - 19,8%-ға, Түлкібас ауданы - 31,2%-ға, Шымкент қаласы - 50,6%-ға. Экономиканы тұрақтандыру әлеуметтікті көтеру экономикаға жергілікті қаражатты бірден бөлу оның тұрақтылығын бірден туғызбайды. Себебі, экономиканың даму қарқыны белгілі уақыт аралығын қамтыса керек. Талдаудың нәтижелерінен тағы да белгілі болатын жағдай, әсіресе экономиканы тұрақтандыруда Шымкент қаласы, Сайрам, Төлеби аудандарында күрделі де ауыр екені байқалады. (10 кестеде көрсетілген)
Енді экономиканы тұрақтандыруға қанша уақыт кетеді деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Біз мұны қазіргі даму қарқынының есебімен ғана анықтай аламыз. Дегенмен, өсім қарқынының жай немесе ұлғаймалы дамуы әрбір аймақта, аумақта, облыста, аудандарда, қалаларда әртүрлі дәрежелерде белгілі бір себеп-салдарда жүруі мүмкін. Мұны экономиканың даму қарқыны деп атағанымыз жөн сияқты, Экоиомиканың даму қарқынын тұрақтандыру кезіндегі қарқын (ТКҚ) және тұрақтылықтағы даму қарқыны (ТДҚ) деп бөлуге болады.
Жұмыссыздықты жоюдағы экономиканы көтеру мәселелері белгілі болғаннан кейін, әрбір зерттелу объектілерінің даму қарқынын анықтай отырып, оны түзетуге кететін уақыт аралығын белгілеуге болады. Мысалы, жалпы Оңтүстік Қазақстан облысы экономикасының даму қарқынын есептесек:
-2009 жылды 2003 жылға салыстыру 37838,8 - 33598,9 = 4239,9 немесе өсім коэффициенті 1,13;
- 2010 жылды 2004 жылға салыстыру 45542,2 - 37838,8 .= 7703,4 немесе өсім коэффициенті 1,2;
- 2011 жылды 2005 жылға салыстыру 60601,8 - 45542,2 = 1505,9 немесе өсім коэффициенті 1,3.
- орташа жылдық даму қарқыны: 4239,9+7703,4+1505,9 = 13449,2:3 = 4483,0 млн. теңге.
Экономиканы тұрақтандырудың орташа өсімімен есептегенде: 60601,8 + 28694,6= 89296,4 млн. теңге. 8929,6,4:4483,0=1,3 жыл керек екен.
Бірақ, осы көрсеткіш тұрақты деп айту өте қиын. Себебі, даму қарқынгы экономйканы тек инвестициялау емес, иновациялаудағы жаңа технологиялық даму жолына түсуіміз керек. Экономиканы тұрақтандыру оның тұрақтылық бағасымен анықталады. Бірақ, нарықтық экономикада бір сала қарқындап дамып келіп тоқырауғаұшырап, екіншісі қайта түрленіп жаңғырады. Оның ішкі және сыртқы толып жатқан әсер ететін себеп-салдары бар. Дегенмен, қандай бір облыс, аудан, қала т.б. экономикасын тұрақтандырудың уақыт аралығын есептеуде келесі формуланы қолдануды ұйғардық:
Мұңдағы:
- экономиканы тұрақтандыруға арналған уақыт интервал аралығы;
- экономиканың нақты дамуына сәйкес, оны тұрақтандыруға жеткізудегі өнім өндіру және қызметті көтеру қаржылық сома дәрежесі;
- соңғы жылдардағы нақты дамуға сәйкес, орта есептегі өнім өндіру мен қызмет көрсетудің ақша есебіндегі даму қарқыны.
Оңтүстік Қазақстан облысы экономикасының қазіргі даму кезеңіндегі басты міндеттердің бірі экономикалық түрақты дамудың үлгісін ұйымдық құру және оның адамның саналы іс-әрекетінің ұйымдык негізі ретінде қызмет етуіне жағдай жасау болып табылады. Экономиканы тұрақты экономикалық даму кеңістігіне бағыттаудың ұйымдық қамтамасыз ету процесінің мазмұны белгілі бір дәрежеде жан-жақты болып келеді. Ол дамудың анықталған басымды-лығына негізделген: жоспарланган стратегия, стратегиялық мақсаттар мен міндеттер; басқару мен реттеудің тиімді формалары мен әдістерінің жиынтығы. Тұрақты экономигкалық дамуды қамтамасыз ету процесінің өзі менеджменттің қазіргі кездегі теориясының бағыттары мен әртүрлі формалары және әдістерін қолдану мақсатында ұйымдастырылған.
Экономикалық дамудың тұрақты қарқындық қамтамасыз ету процесінің мәні мен мазмұнын көрсететін бір бірімен байланысты үш ірі бағытты атап өтейік:
- ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету;
- ақпараттық-технологиялық қамтамасыз ету;
-экономикалық қамтамасыз ету.
Мұндай бағыттарды бөліп қарастыру түсінікті өйткені экономикалық жүйенің алдында тұрған стратегиялық және тактикалық мақсаттардың жетістіктерін ұйымдастырып, экономиканың тиімді қызмет етуі үшін алғашқы екеуі жағдай жасайды. Мақсаттар қандай ірі, әрі кең ауқымды алып жатса, оның негізінде жатқан түрлер мен әдістерінің келісімді бір бірімен әрекет ету механизмдерінің жұмысы ауырлау болады.
Сыртқы саяси стратегиялық өзгеру мен ішкі экономикалық саясат, оның бағыттары, құндылықтары, іске асыру механизмдерін өзгертеді. Жалпы мемлекет бағыт алған экономикалық қалыпты даму серпінін өзгертеді.
Қолданылған экономика мен әлеуметтіктің тұрақты (тұрақсыз) даму әдістемелігі сараптамасының 2007-2009 жылдар аралығын камтуының себебі, бұл уақытты экономиканың нарықтық кезеңдерге өту дәуірі (2007 жылға дейін аралық), экономиканың нарықтық қатынастарының тұрақтануы (2007-2009) және нарықтық қатынастардың өркендеуі.
Демек, бұл сараптама әдістемелік экономика мен әлеуметтіктің тұрақсыздық кезеңінен шығаруға қолданылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Аймақ – әлеуметтік-экономикалық жүйенің құрылымы, яғни ең алдымен аймақтардың әлеуметтік-экономикалық жүйелері жүйе құрушы қатынастармен, кешен құру байланыстармен біріккен және ортақ даму мақсатына ие әртүрлі деңгейлік функционалды-құрылымдық кішігірім жүйелер өзінше ерекшеленеді: демографиялық (тұрғын халық), өндірістік, табиғи орта, әлеуметтік, үзілістік, өндірістік-инфрақұрылымдық, рухани орта, ресурстық, әлеуметтік-инфрақұрылымдық, институционалды-инфрақұрылымдық, экологиялық. Осы барлық кішігірім жүйелер өз дамуында бір мақсатқа бағынады – табиғи орта орнықтылығын сақтай отырып аймақтық тұрғын халықтың материалды және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Кішігірім жүйелер арасында алынбас қамалдар – олардың барлығы бір-бірімен әрекеттеседі. Аймақтық әлеуметтік-экономикалық жүйелер қарқын мен екпінділіктің үйлесімімен сипатталады, яғни ішкі қарама-қайшылықпен, шиеленістілікпен, мәселелердің болуымен айқындалады. Бұл жаңа және ескінің, қалыптасқан және қайта пайда болған әлеуметтік-экономикалық және рухани үрдістердің, дәстүрлі және басқарудың жаңа әдістерінің қақтығысуымен түсіндіріледі. Осының барлығы қарастырылып отырған жүйелер қатып қалған құбылыстар тобы емес, қайта өрістеу қозғалысында екендігінің белгісі.
Әлемдегі барлық елдерде аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына географиялық тұрғыдағы, табиғи-климаттық райлардағы, демографиялық жағдайдағы, даму тарихындағы айырмашылықтар мен өзге де факторлар ықпал етеді. Әрбір мемлекет артта қалған аймақтардағы тұрмыс деңгейін жақсартуға ұмтылады, яғни олардың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жағдайлар мен мүмкіндіктерді теңестіруге бағытталған аймақтық саясат жүргізеді, және сол арқылы адам әлеуетініңдеңгейі мен сапасының артуына мүмкіндік туғызуды мақсат тұтады.
Дамыған елдердегі аймақтық саясат - әлеуметтік және экологиялық шиеленісті жою үшін проблемалы аймақтарда әлеуметтік-экономикалық үдерістерді дамытуды мемлекеттік реттеудің негізгі құралы.
Қазақстандығы аймақтар дамуының қазіргі заманғы жай-күйі өтпелі кезеңнің негізгі ерекшеліктерін көрсетеді. Аймақтық даму мен аймақтық саясатты реттеудің дамып келе жатқан жүйесі республиканың орнықты дамуындағы бүкіл үдерісті аса маңызды факторына айналып келеді. Біздің мемлекетіміздің аймақтық саясатының мақсаты табиғат және адам ресурстарының әлеуетін тиімді пайдалану, аймақтардың экономикалық әл-ауқатындағы қолайсыз айырмашылықтарды жою болып табылады.
Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасын тұрақтандыруда өткен жылдан бері Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан “Жол картасы” мен дағдарысқа қарсы қалалық бағдарлама маңызды рөл атқарды. Осы бағдарламалар аясында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу, жаңа жұмыс орындарын ашу, салықтарды толық төлеу жұмыстары ойлағандай жүргізілді. Соның нәтижесінде, 40 мың адам жұмыспен қамтамасыз етілді, өнеркәсіп өндірісінің қарқыны артты. Негізгі капитал мен құрылысқа салынған инвестициялардың көлемі молайды. Тіркелген жұмыссыздық деңгейі тұрақтанып, ол көрсеткіш қазір Оңтүстік Қазақстан облысының экономикалық белсенді тұрғындарына шаққанда 0,7 пайызды құрап тұр.
Оңтүстік Қазақстан облысын аумағында экономикалық қызметтің саларалық құрылымдарын қайта ұйымдастыру жүргізілу үстінде, оның ішінде: ғылымның, білімнің, мәдениеттің және жоғары технологиялық өнеркәсіптің ролін сақтау; өндірістік, іскерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуды, қызмет көрсету, туризм және рекреация саласын ынталандыру; экологиялық қауіпті және ресурсы сыйымды өндірістерді қайта ұйымдастыру.
Материалдық өндіріс салаларына қайта құрылымдауды жүзеге асыру ғылымды қажет ететін және ресурсты үнемдейтін технологиялар пайдасын көздейді.
Азаматтарымыздың әлеуметтік қорғалуы Конституциямен кепілдендірілген. Ал әлемдік қаржылық дағдарыс кезінде тұрақтылық пен қоғамның өсіп-өркендеуі мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын тиімді жүргізуіне тәуелді. Ал Қазақстан ұстанған бүгінгі әлеуметтік саясат халықтың тұрмыс жағдайының артуына әсерін тигізіп отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуын жетілдіру мақсатына жету үшін төмендегідей тапсырмаларды шешуді талап етеді:
- Облыс бағдарламалары мен жоспарларын орындау, оны жетілдіру;
- Елбасы Жолдауын жүзеге асыру, яғни шағын қалаларды дамыту жұмыстарын жүзеге асыру;
- Оңтүстік Қазақстан облысы экономикасының бәсекелестік қабілетін арттыру мен жарақтандыру;
- Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін енгізу;.
- Аймақтық саясатты жасау мен жүзеге асыру үшін алғы шарттарды құру;
- Еліміздің экономикалық дамудың жалпы стратегиясы шегінде аймақтық дамудың алғашқы кезектегі тапсырмаларын жүзеге асару.
Ал жалпы республикалық аймақтық артықшылықтарды анықтау үшін жалпы қабылданған типология қолданылады, жаңа салықтық және бюджеттік саясат құрылу позициясына байланысты аймақтарды топтарға бөлу қажеттілігі туындайды.
Нарықтық процестерді жүзеге асыру механизмдерін нақтылау және ішкі аймақтық артықшылықтарды бөлу мақсатында аймақтарды мамандандыру қағидасы бойынша типология қолданылады, соған сәйкес аймақтарды топтарға бөлу керек деген тұжырымға келуге болады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан басты бағыты» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 27 қаңтар 2012 ж.
- Бюжеева Б.З. Аймақтануға кіріспе/ Алматы: Қазақ университеті.2008.
- Смағұлова, Г.С. Аймақтық экономиканы басқару мәселелері/ оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2005.
- Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері/ оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2002.
- Региональная экономика/ Под ред. Т.Г. Морозовой.- Москва. 1993г.
- Исаева М.Г., Нурланова Н.К. Методы и практика оценки уровня устойчивости развития регионов Казхстана/ Министерство образования и науки РК. 2009.
- Аскарова М. Аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуының ерекшелiктерi / ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы: Вестн. КазНУ. Сер. экономическая.- 2010.
- Аймақтық басқарудың (менеджменттiң) тиiмдiлiгiн арттыру жолдары/ Под ред.: Е.Б.Жатканбаева, К.И.Байзаковой - Алматы, 2006.
- Аймақтардың экономикалық дамуы: Республика бойынша / География және табиғат.- 2005.
- Далабаева Т. Аймақтық интеграцияның негiзгi теориялары/ Отв. ред. М.Б.Кудайбергенов - Алматы -
- Мухтарова К.С. Аймақаралық айырмашылықтарды түзетудегi проблемалар / ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы = Вестн. КазНУ. Сер. экономическая.- 2010.
- stat.kz Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің ресми сайты
- Раимбеков Ж. Аймақтың экономикалық саясатын қалыптастыру әдiстемелiк негiздер / Қазақстан жоғары мектебi = Высшая школа Казахстана.- 2009.
- Бол Рой, Иохинес Ф.Ли. городские общественные финансы в развивающихся странах. –Нью-Йорк, 1992.
- Бибатырова А.И // Государственное регулирование национальной экономики //. Алматы 2004.
- Богачев О Бюджетный механизме в мировой практике развития депрессивных и остальных регионов. // Вопросы экономики. №6 –1996. С. 100-113.
- Сәб ден О. Аймақтық саясатты дамытудың стратегиялық бағыттары.- 0 // Сабден О.Экономика = Экономика: Таңдамалы еңбектер = Избранные труды в 10-ти томах.- Алматы, 2009
- Сұлтанов Д. Аймақтың әлеуметтiк - экономикалық дамуының проблемалары мен алғы шарттары // Қазақстан 10 жыл iшiнде : экономиканың, бiлiм және ғылымның өзектi мәселелерi: Халықаралық ғылыми-теориялық конф. материалдары мен тезистерi.- 2001.
- ontustik.stat.kz Оңтүстік Қазақстан облысының статистика департаментінің ресми сайты
- ontustik.gov.kz Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің ресми сайты
- Оңтүстік Қазақстан облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы құжаттары. 2011
- Ел Президентінің 2009 жылғы 19 қарашада Қазақстан халқына арнаған «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауы.
- Оңтүстік Қазақстан әкімдігінің қаулысымен бекітілген Оңтүстік Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамуын тұрақтандыру жөніндегі 2010-2011 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары және іс-шаралар;
- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі»;
- Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салықтар және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексі (Салық кодексі);
- Қазақстан Республикасының «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 167 Заңы;
- Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасын дамытудың 2010 жылға дейінгі Стратегиялық жоспары туралы» 2001 жылғы 4 желтоқсандағы Жарлығы;
- Қазақстан Республикасы Президентінің «Аумақтық дамудың 2015 жылға дейінгі Стратегиясын бекіту туралы» 2006 жылғы 28 тамыздағы Жарлығы;
- Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік басқару жүйесін модернизациялау жөніндегі шаралар туралы» 2007 жылғы 13 қаңтардағы Жарлығы;
- Қазақстан Республикасы Президентінің «Оңтүстік Қазақстан дамытудың 2003-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы туралы» 2003 жылғы 10 ақпандағы № 1019 Жарлығы;
- Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 Жарлығы;
- Ел Президентінің 1997 жылғы 11 қазанда Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының жақсаруы үшін» атты Жолдауы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» Бағдарламасын бекіту туралы» № 1097 қаулысы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы «Нәтижеге бейімделген мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы «Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің экономика мен қаржы жүйесін тұрақтандыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» қаулысы
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024