АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ (курстық жұмыс)
Қазақстан экономикасының басқарудың және шаруашылық жүргізудің нарықтық механизміне өтуіне байланысты соңғы жылдары кәсіпорындардың бірнеше ұйымдастырушылық-құқықтық формалары пайда болды. Олардың ішінде негізгілердің бірі болып табылатын акционерлік қоғам (АҚ). Нарықтық экономика жағдайында басты мақсат ретінде АҚ бастарудың тиімді жүйесін алу және кәсіпкерліктің осы перспективалық құқықтық формасының басымдылығын іске асыру болып табылады.
АҚ ұйымдастыру және басқару іскерлігін қамтамасыз ететін құжаттардың негізгілердің бірі – Қазақстан Республикасының «АҚ туралы» заңы.
Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңінде «АҚ туралың заңының тиімсіз болуы, ал кейбір жағдайда АҚ-ның осы заңды орындалмауына әкеп соқтырды. Осыған байланысты заңның кейбір бөлімдеріне өзгертулер мен толықтырулар еңгізіп, АҚ басқару және іскерлік формасына ең тиімді жайдайлар жасала басталды.
Өтпелі экономика елдері үшін ірі акционерлік компанияларын басқару аса өзекті мәселенің бірі болып табылады. Ірі кәсіпорындар өндіріс қызметінің орталықтандырылған жоспарлаудан, ірі ауқымды бизнесті ұйымдастырудың нарық нышандарын пайдалануға көшу, ірі ұйымдастыру құрылымдардың ұзақ мерзімді тұрақты даму проблемаларына көп көңіл бөлуді талап етеді. Олардың көбі акционерлік нышанға лайық келеді.
Қандай да ұйым жұмысындағы жетістік, ол мемлекеттік құрылудағы немесе өндірістік кәсіпорын болсын, басқарудың оптимальды құрлымын қамтамасыз ету жағдайында жүзеге асуы керек. Басқарудың оптимальды құрлымын құру үшін ең алдымен, басқару органның жұмысшыларының тәжірибесі мен біліктілігі керек. АҚ басқарудың тиімді жүйесін құрудағы тағы бір қиыншылығы, ол «бір ғана қожайынған мойынсынатын қазақстандық менталитеттің ерекшелігі. Нарық тек менталитеттің өзгеруге әкеліп қоймай, сонымен қатар АҚ басқаруы да жаңа функциялардың пайда болуы мен фирманы басқарудың ұйымдастырушылық жүйенің өзгеруіне әкелді.
Қарастырылып отырған мәселенің өзектілігі, ғылыми тұрғыдан алғанда оның жеткілікті зерттелмеуі курстық жұмыс тақырыбын «Акционерлік қоғамдар қызметінің экономикалық тиімділігін талдау» деп таңдауға себеп болды.
Курстық жұмыстың мақсаты – республикамыздағы акционерлік қоғамдардың қазіргі жағдайларын талдай отырып, олардың қызметінің негізгі мәселелерін зерттеп талқылау, сондай-ақ, олардың қызмет тиімділігін арттыру жолдарын анықтау болып табылады.
Осыған сәйкес, курстық жұмыста көзделген мақсатпен қатар, келесідей міндеттер қойылды:
- Акционерлік қоғам түсінігін, басқару принциптерін қарастыру, қоғамның қалыптасуы мен даму деңгейлерін қарастыру, оның экономикалық мәні мен алатын орнын талдау.
- Акционерлік қоғам қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді анықтап, олардың экономикалық мәнін ашу.
- Зерттеуге алынған «ВЧД-23»Семей пайдалану вагон депосының деректерін пайдалана отырып, кәсіпорынның техника-экономикалық негіздемесін жасау.
- «ВЧД-23»Семей пайдалану вагон депосының қызмет тиімділігін бағалау.
- Акционерлік қоғам қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру жолдарын анықтап, оларды талқылау.
Курстық жұмыстың теориялық-әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғам туралы» заңдары, Үкіметтің Қаулылары, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы АҚ-ның жарғылары, Президент Жолдаулары, ҚР Статистика жөніндегі Агенттігінің мәліметтері мен «ВЧД-23»Семей пайдалану вагон депосының деректері құрайды.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде акционерлік қоғам және оның тиімділігін бағалау мен арттырудың теориялық мәселелері қарастырылды.
Екінші бөлімде Қазақстан Республикасының «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясына жалпылама талдау жасалынды. Сонымен қатар, «ВЧД-23»Семей пайдалану вагон депосының мысалында кәсіпорын қызметінің тиімділігі талданды.
Үшінші бөлімде акционерлік қоғам қызметінің өзекті мәселелері қарастырылып, оны арттыру жолдары мен амалдары талданды.
I.АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМНЫҢ жалпы түсінігі және ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
1.1. Акционерлік қоғам түсінігі және экономикада алатын орны.
Акционерлік қоғам дегеніміз қатысушылардың қоғамға деген мендеткерлік құқықтарын куәланлдыратын, жарғылық капиталы белгілі бір акция санына бөлінген коммерциялық ұйым. Акционерлер қоғамның міндеттеріне жауап бермейді және тек сатып алған акция құнымен шығын тәуекеліне барады.
Қоғам балансында ескерілетін иелігінде жекелеген меншігі бар, өз атынан заттай және заттай емес құқықтарды иеленіп жүзеге асыратын заңды тұлға.
Акционерлік қоғам заңға қайшы келмейтін кез-келген іс-әрекетке құқылы. Қоғамның іс-әрекеті негізінен құнды қағаздар мен акция операцияларынан пайда табуға бағытталған.
Қоғам құрылтайшылары арқылы қайта құрылуы немесе жұмыс істеп жатқан заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы (бірігу, бөліну, сіңіру, қайта құрылу) мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап құрылуы деп есептеледі.
Қоғамның барлық органдарына және акционерлеріне талаптардың орындалуы негізгі құжат қоғамның жарғысы болып табылады.
Акционерлік қоғамның акциялары
Акция – меншік титулы, жазбаша куәлік, акционерлік қоғам капиталына қаржы салымын куәландыратын бағалы қағаз болып табылады.
Ол акция иесіне Акционерлік қоғамның істеріне қатысуға, салынған капитал мөлшеріне байланысты белгілі көлемде дивиденд алуға құқық береді. Акция иесі – акционер болып табылады. Акционер Акционерлік қоғамның кредиторы болып табылмайды, сондықтан күнделікті дивиденд төлемін және акцияны сатып алуына (егер акция курсы төмендейтін болса) фирмадан талап етуге құқы жоқ. Акционерлердің жылдық табысының (дивиденд) көлемі баланста көрсетілген табысына тәуелді. Жалпы акционерлік жиналыста осы табыс үлесін дивиденд түрінде болу және төлеу, табысты қолдану сұрақтары шешіледі. Табыс акция мөлшеріне байланысты пропорционалды бөлінеді.
Егер Акционерлік қоғам тиімді жұмыс істесе, онда акицонерлік капиталды көбейтуге мүмкіндік болады. бірақ акция иелері акционерлер санын көбейтуге ұмтылмайды, себебі әр акционер қайта шығарылған акцияны алуға ерекше құқық алады. Әрбір акционер «ескі акция мөлшеріне пропорционалды суммада жаңа акция ала алады.
Бағалы қағаздар нарығында, әсіресе қор биржасында, компанияның іс жүзіндегі қоры ешқандай шайқалусыз дамуына қарамастан, бір кәсіпорынның акциясы бір уақытта әр түрлі баға (курсқа) ие бола алады.
Акционерлік қоғам табысы келесідей қолданылады: бір бөлігі акционерлер арасында таратылады, екінші бөлігі акционерлік қоғамның резервіне бағытталып, капитал ұлғаюына немесе кәсіпорын құлдырағанда дивиденд төлеуге қолданылады.
Әдетте, Акционерлік қоғам «жасырын резервтердің өсіруге жағдай жасайтын саясатты жүргізеді. Резервте жиналымдар біткеннен кейін акционерлік компания дивидендтерін төмендетеді. Бұл Акционерлік қоғам күйреуінің бірінші белгісі. Акция иелері аз дивидендтер әкелетін акциялардан құтыла бастайды. Бұл акция курсының номиналды құнынан төмендеуіне әкеледі. Егер Акционерлік қоғам қызметін тоқтатса, онда акция ұстаушылар Акционерлік қоғамға салған қаржысын толығымен жоғалтады, ал акция ешкімге керек емес қағазға айналады.
Акционерлік қоғам қалыпты жұмыс істеген жағдайда акция ұстаушы өз акциясынан қоғам жұмысына сәйкес дивиденд алады. Мысалы, 50 теңгелік акция табысы 6 теңге құрайды. Сондықтан, бір акция дивидендті 6 теңге құраса, онда акционер жылдық 12% алады. Қоғам құрылған кезде алғашқы акциялар номиналды құны бойынша сатылады. Кейіннен олар өте жоғарырақ курс бойынша сатылады. Бұл жағдайда табыс көлемін іс жүзінде келесі формула бойынша анықтайды:
Қор биржасында және банкте акция сатылу мен сатып алу бағасын акция курсы деп аталады. Ол негізгі екі факторға тәуелді: дивиденд мөлшеріне және саудалық пайыз көлеміне. Әрине, төленетін дивиденд көлемі жоғары болса, яғни оның курсы жоғары.
Акция сатып ала отырып, ақшалай қаржы иесі әрдайым алынған дивидендтің, аз капитал салымын берік табысқа кепіл беретін банк немесе өнеркәсіп облигациясынан кепілмен ала алатын табыстармен салыстырады.
Банктік пайыздық көрсеткіш акция курсының төмендеуі мен жоғарылауына әсер ететін фактор: банктік пайыз жоғары болған сайын, қор биржасындағы акция курсы соншалықты төмендейді және керісінше. Айталық, акцияның номиналды 100 теңгелік құны 12 теңге көлемінде дивиденд әкеледі, ал ссудалық пайыз көлемі – 4. Онда бұл акция қор биржасында 360 теңге курспен сатылады, өйткені дәл осындай соммамен банкке жылдық 4% есеппен қойылған сомма 12 теңге әкеледі.
Сонымен, акция курсы өзімен капитализацияланған дивидендті көрсетеді, оны мына формуламен есептейді:
Берілген түсініктегі шамалар акция курсының әрдайым тербелінуі, акцияның сұраныс пен ұсыныс қатынасына тәуелді.
Қоғам акция ұстаушыға түрлі артықшылықтарды беретін және атаулы акция түрлерін шығарады. Акция ұстаушы – заңды түрде компанияның акционері екенін куәландырады. Атаулы акцияларды шығарғанда, оларды тек акционерлік кітапқа енген акционерлер иемдене алады. Әр түрлі елдерде, қоғам қызметін реттейтін түрлі заңдар бар. Біреулерінде ұсынушыға, ал екіншісінде атаулы акциялар көп кездеседі. Акцияның әр түрлі артықшылықтары мен кемшіліктеріне ие.
Ұсынушыға арналған акция сату операцияларында қолдануға ыңғайлы. Бұл жағдайда компания акция иелерінің аттарын білмейді. Осылайша акцияларды сату және сатып алуда қоғам құрылтайшыларына және акционерлеріне түрлі қиыншылық туғызуы мүмкін.
Акциялар тағы жай және артықшылығы бар болып бөлінеді.
Жай акция – акционерлік құқықта негізінде көрсетілген қоғам табысына сәйкес дивиденд алуға құқық береді. Артықшылығы бар акция жай акцияға қарағанда ұстаушыға түрлі формада көрсетілетін арнайы басымдылықтарға ие. Басымдылықтардың бірі, қоғам акцияларына табыс деңгейі аныталғанға дейін кепілді табыс нормасы төленеді. Артықшылығы бар акцияның екі түрі бар. Біріншісі: нақты белгіленген дивидендті бар акция, бұнда қоғам қызметінің нәтижесін байланыссыз алдын ала келісілген табыс төленеді. Артықшылығы бар акцияның бұл түрі өз мәні бойынша облигациядан айырмашылығы жоқ. Бұндай акция өте сенімді, бірақ олардың дивидендтің жоғарлауы болмайды. Артықшылығы бар акциялардың сату барысында компания акцияның тұрақты бағасын қояды. Бұл жағдайда, олардың бұрынғы иелері, акцияларды биржалық курспен сатудан түскен пайданы бөлуге қатыса алмайды. Артықшылығы бар акция ішінде нақты белгіленген дивидендке қоса, қосымша шектеулі көлемде табыстың белгілі бір бөлігі төленеді. Сонымен қатар, артықшылығы бар акция иемденушілер, компания жойылғанда, қоғам мүлігін бөлуде басымдылыққа ие болады.
Компания жай акциялар бойынша қарыздарды өтеу бұрын, артықшылығы бар акция иемденушілерге, сол акцияның номиналды құнынан жоғары, яғни нарықтық курсты толығымен жабатын сомма төленеді. Соған қарамастан, артықшылығы бар акция иемденушілеріне қоғам жойылуында теріс жақтары бар. Қоғамды заңды түрде жасырын резервтер болады. Оларды бөлу көбінесе жай акцияларға кетеді, сондықтан жай акцияларға төлегенде олардың номиналдық құнынан әлде қайда жоғары болады.
1.2 Акционерлік қоғамның атқару органы мен басқару принциптері.
Фирманың стратегиясын және қоғам ісінің негізгі бағытын акционерлер жиналысы мен директорлар кеңесі шешеді. Ал барлық шаруашылық – жүргізу процессін және фирманы басқаруды атқарушы орган жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғам туралы" заңына сәйкес қоғамның ағымдағы ісін басқаруды қоғамның жеке атқарушы органы жүзеге асырады.Коллегиялық атқару органының басшысы жеке атқару органы болып табылады.
Атқару органының өкілеттілігі Заңда анықталып, жалпы түрде ол: қоғамның ағымдағы ісін басқаруда барлық сұрақтарға, тек жалпы акционерлік жиналыс пен директорлар кеңесіне қатысты сұрақтардан басқа сұрақтарды шеше алады. Бас директорлардың және ол басқаратын билеудің өкілеттігіне Заңда көрсетілмеген. Ол қоғамның жарғысында жеке және коллегиалдық атқару органы біркелкі көсетілген. Билеудің де жүргізу ісі Заңда қарастыырылмаған. Ол жарғыда немесе директорлар кеңесімен бекітілген ішкі құжатта анықталған. Заңда тек, атқару органының отырысының протоколына және билеу отырысы немесе лирекция шешімі негізінде қоғам атынан барлық құжаттарға қол қоятын бас директор.
Осыған байланысты, қоғам атқару органының ісі Заңда жалпы түрде берілген. Басқа органдармен нақты қарым-қатынасын анықтауға директорлар кеңесіне қалдырылды.
Атқарушы орган:
- Ағымдағы қызметке атқарушы орган басшылық етеді. Атқарушы орган алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкін.
Атқарушы орган қоғам қызметінің осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде және қоғамның жарғысында қоғамның басқа органдары мен лауазымды адамдарының құзыретіне жатқызылмаған кез келген мәселесі бойынша шешім қабылдауға құқылы.
Атқарушы орган акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің шешімдерін орындауға міндетті.
Атқарушы органның вето құқығы белгіленген мәселелер жөніндегі шешімдері "алтын акция" иесімен келісілуге тиіс.
Егер мәміле жасасу кезінде тараптардың қоғам белгілеген шектеулер туралы білгендігін дәлелдесе, қоғам өзінің атқарушы органы осы шектеулерді бұза отырып жасаған мөміленің жарамды екеніне дауласуға құқылы.
- Қоғамның акционерлері және оның акционерлері болып табылмайтын қызметкерлері алқалы атқарушы органның мүшелері бола алады.
Атқарушы органның мүшесі директорлар кеңесінің келісімімен ғана басқа ұйымдарда жұмыс істеуге құқылы.
Атқарушы орган мүшесінің функциялары, құқықтары мен міндеттері осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен, қоғамның жарғысымен, сондай-ақ аталған адам мен қоғам арасында жасалатын жеке еңбек шартымен белгіленеді. Қоғам атынан атқарушы органның басшысымен жасалатын жеке еңбек шартына директорлар кеңесінің төрағасы немесе осыған жалпы жиналыс немесе директорлар кеңесі уәкілеттік берген адам қол қояды. Атқарушы органның қалған мүшелерімен жасалатын жеке еңбек шартына атқарушы органның басшысы қол қояды.
Атқарушы орган басшысының өкілеттігі:
Атқарушы органның басшысы:
1) акционерлердің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесі шешімдерінің орындалуын ұйымдастырады;
2) үшінші тұлғалармен қатынастарда қоғам атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
3) үшінші тұлғалармен қатынастарда қоғам атынан өкілдік ету құқығына сенімхат береді;
4) қоғам қызметкерлерін (атқарушы органның мүшелері болып табылатын қызметкерлерді қоспағанда) қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жазалар қолданады, қоғамның штат кестесіне сәйкес қоғам қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларының және айлықақыларына дербес үстемеақылардың мөлшерін белгілейді, атқарушы орган мен коғамның ішкі аудит қызметінің құрамына кіретін қызметкерлерді қоспағанда, қоғам қызметкерлеріне берілетін сыйлықақы мөлшерін айқындайды;
5) өзі болмаған жағдайда өз міндеттерін атқаруды атқарушы орган мүшелерінің біріне жүктейді;
6) атқарушы орган мүшелерінің арасында міндеттерді, сондай-ақ өкілеттік саласын және жауапкершілікті бөледі;
7) қоғам жартысында және қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы мен директорлар кеңесінің шешімдерінде бслгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Акционерлік компанияның қызметін басқарудың негізгі принциптері:
Акционерлік компанияны басқару процесін ұйымдастыруда маңызды роль негізгі принциптерге беріледі. Экономикалық әдебиеттерде принцип түсінігіне экономикалық қатынасқа қатысушылар арасындағы байланыс заңдылығын көрсететін негізгі ережелер енеді. Жеке авторлар принцип мазмұнына әр түрлі талқылама береді. Мысалға, К.Джексон принципті «бастапқы концепция – нарықтық өзара іс қимылға қатысушылардың мінез құлқын регламенттейтін басшының идеясы, деп анықтайды. Біздің көз қарасымыз бойынша бұндай анықтама «принципң мазмұнының түсінігіне өте кең талқылама. Шынында да бұндай кең мағына тауар-ақша қатынасының заңдылығын көрсететін теориялық постулаттар мен концепцияларға қолдануға болады. Л.Хамердің ойынша «бірлескен қызметте немесе бәсекелістікте, іскерлік шарт жасағанда контрагенттер қолданатын іс-әрекеттің жалпы ережесі мен нормасы, деп принципті түсіндіреді. Біздің ойымызша, Л.Хамердің экономикалық принциптердің мінез-құлқына бағытталған асыра сілтеме талқыламасы экономикалық принциптерді негіздеуі мен өндірімі субъективизмге алып келуі мүмкін. Негізгі принциптер экономикада объективті экономикалық заңдылықтармен байланысты болады. Бірақ сонымен қоса принциптер объективті мазмұннан бөлек экономикалық қатынасқа қатысушылардың белгілі бір дәстүрлеріне сәйкес іс-әрекетін субъективті элементтермен рәсімдейді.
Басқарудың негізгі принциптерінің түсініктемесін бергенде, әр бір принципті рәсімдеуде субъективті элементтер жалпы экономикалық принциптерге қарағанда маңыздырақ рөл атқарады. Сонда да, маңыздылығына қарамастан объективті мазмұн шешуші болып табылады. Мысалы, принциптердің кезкелген нормативтік құқықтық рәсімделуі. Басқару принциптердің мазмұнының басымдылығы сыртқы формалардың сақталуында, волюнтаристік елемеушілік принцип мәнділігінде анық шектеушілік қызметін атқарады. Мысалыға, компанияның ұзақ мерзімді стратегиясына байланысты шешім қабылдағанда акционерлердің барлық топтарын, тәуелсіз эксперттер мен консультанттарды тарту арқылы коллегиялдық принципті ұстануға болады, бірақ соңғы шешім акциялардың басқару пакетін иемденушілердің мүддесіне сай қабылданады. Ірі компанияларды басқару тәжірибиесінде, сыртқы көрінісінде заңды талаптармен формалды процедураларды сақтап, колданған кезкелген принциптердің мазмұнын бұзатын түрлі «сұр технологиялардың қолдану кезігеді. Сондықтан принциптің формалды процедурасына емес оның мәнін сақтауға аса маңызды акцент аудару керек.
Басқару принциптерінің құрылымы мен салыстырмалы мәндігі әр түрлі менеджмент мектептерінің өкілдері арасында өткір дискуссия тақырыбы болып табылады. Неотейлоризмді жақтаушылар басқару принциптер жүйесінің көпсатылығын алға тартады. Оған олар жалпы корпоративтік стратегияны жүзеге асырумен зерттеу принципін қосады. Екінші сатысына – іскерлік стратегияны жүзеге асыру принципін, үшінші сатысына – функционалды стратегияны жүзеге асыру принципін, ал төртіншісіне – жеке басқару функциясын регламенттейтін негізгі ережелерді жүзеге асыруын, яғни ұзақ мерзімді болжамдауды регламенттейтін ережелер, стратегиялық жоспарлау ережелері, стратегиялық жоспарларды ұйымдастыру мен координациясын іске асыратын ережелер т.б. қосады. Біздің ойымызша, неотейлоризм өкілдері басқару принциптерінің көпсатылығын ұсына отырып, жалпы корпоративтік басқару принциптерді қамтитын негізгі түсініктің түбін қарастырмаған, өйткені жеке процедураларды жүзеге асырғанда олардың нақты ережелерін теңейді. Мысалға, ұзақмерзімді жоспарлауды бірінші дәрежелі, жалпы корпоративтік басқаруды ұйымдастыру тиімділігін, ұзақ мерзімді мақсаттарды жүзеге асыру процесі ретінде алдын ала анықтау болып табылатын басқару идеясымен теңейді.
Бұл мәселенің келесі ұшқарлығы стратегиялық менеджменттің негізгі принциптерін мұқият зерттеумен барлау, объективті қажеттілігін елемеушілік болып табылады. Мысалы, класикалық болып қалған И.Ансоффаның «Жаңа корпоративтік стратегия еңбегінде көрестілген басқарудың негізгі принципін қолданумен проблематикасын анықтау шетте қалады. Бірақ автор бірнеше негізін қалаушы принциптерді жүзеге асыруына жанама нұсқау береді. Бұл негізінен стратегия мақсатының оперативтік принципінің басымдылығы. А.Томпсонмен А.Стриклендтің «Стратегиялық менеджмент: стратегияны зерттеумен жүзеге асыру өнерің деген еңбегінде де басқарудың негізгі принциптерінің проблематикасын айналып өтеді. Бірақ автор, ең болмағанда, төрт негізгі принципке қатаң ұяды. Мұндай жағдайды ғылыммен өнер синтезі ретінде жалпы түрде басқаруды, ал жеке түрде стратегиялық менеджментті қарастырумен байланысты менеджмент әдістемесі және дәстүрлі теориясы арқылы жартылай түсіндіруге болады. Менеджментке мұндай көзқарас жетерліктей қатаң шығармашылық тапқырлықтың шекарасына көңіл адармауына нұсқайды. Бұл әсіресе менеджменттің негізгі принциптеріне жүгінетін ірі компанияларды басқаруда нақ анықталады.
Басқару принциптерінің маңыздылығы бірінші дәрежелі екенін ашық қабылдайтын зерттеушілер арасында да жеке принциптердің мәнділігі, олардың сандық құрамы, корпорацияны толық немесе оның бөлек функционалды құрылымдарын басқару кезінде принциптерді маңыздылығы бойынша тізу жөнінде ортақ пікір жоқ. Түрлі көзқарастарды талдау түрлі менеджмент мектептеріне жататын зерттеушілердің пікірінің басқарудағы жеке принциптерінің мәнділігі мен олардың өз-ара «салмақ қатынасындаң ажырайтындығын көрсетеді. Сонымен бірге, егер неотейлоризм өкілдері стратегиялық басқарудың «қатаң жүйесінің негізі ретінде дара басқару принципінің маңыздылығын алға тартса, «адамдар қатынасың мектебінің өкілдері дара басқару принципін абсолюттеуге біршама табандылықпен қарсы тұрып, оны біртұтас дара басқарумен коллегиялық принциптердің диалектикалық балансында тек бір әлпеті ретінде қабылдайды, яғни дара басқаруды міндетті түрде шектеулі қолданып, мүмкіншілігінше стратегиялық шешімді коллегиялық түрде қабылдау керек деп санайды. Түрлі мектептер өкілдерінің басқа принциптерге көз қарасын талдағанда да пікірлердің алшақтығы немесе қарама-қарсы пікірлер де кездеседі.
Басқару принциптерінің сандық қатынасы бойынша келесі көзқарастар бар:
- негізгі принциптерді шектеулі көлемде қолданып, оларды стратегиялық шешімдерді қабылдауда және зерттеулерде қатаң ереже ретінде қолдану керек;
- функционалды және оперативті стратегиясын, негізгі бөлімшелердің іскерлік стратегиясын және корпоративтік стратегиясын дайындауды және жүзеге асыруды принциптерді үлкен көлемде және түрлі үйлесімде қолдану керек;
- бүкіл компанияны басқаруын ұйымдастыруна негізгі принциптерді қосатын көпсатылы иерархиялы принциптерді;
- стратегиялық басқарудың жеке функционалды және өндірістік бөлімшелердің ерекшеліктерін көрсететін арнайы принциптерді;
- төменгі сатыдағы басқарушылық иерархиясының стратегиялық шешімдерді ұйымдастыру технологиясын анықтайтын ережелер мен регламенттерді қолданған жөн.
Менің ойымша, міндетті түрде комлексті тәсілді қолданған жөн. маңызды стратегиялық шешімді дайындауда, негізгі принциптер түрінде жасалған нағыз басқарушылық идеясын мейлінше шектелген көлемде қолданған жөн. Олар бұзулғанда немесе балансталмаған түрде қолдану өндірістік-коммерциялық іскерліктің тиімділігін бірден төмендетуі мүмкін. Сонымен қатар компанияның жеке бөлімшелерінде жалпы корпоративті стратегиялық шешімдерді жүзеге асыруда, өндірістік, инновациялық, инвестициялық, маркетингтік қызметерінің арнайы ерекшеліктері көрсетілген қосымша мамандандырылған принциптер мен ережелерді қолдану жөн. Комплекстік тәсіл, принциптер мен ережелерді қолдану сферасының маңыздылығы бойынша иерархиялығын бөлу ғана емес, сонымен бірге, принциптердің қарама-қарсылығын жоюды қамтасыз етеді. Комплексті тәсілдің тағы да бір артықшылығы, принциптер мен ережелердің жиынтығын қолдануда кумулятивті эффектке жету болып табылады.
Компанияның қалыпты дамуында басқаруды тиімді ұйымдастыру үшін иерархиялық принциптің маңыздылығына күмән келтірмейді. Кез келген компания бірнеше иерархиялық сатыдан тұрады. Иерархиялық сатысының саны компанияны басқару ерешелігін анықтайтын маңызды көрсеткіш. Акционерлік емес компанияларға қарағанда акционерлік компанияларда көп иерархиялы болып келеді. Акционерлік иерархияның жоғарғы сатысы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады. Мұнда компания дамуының маңызды сұрақтары шешіледі. Акционерлік қоғамның өндірістік және коммерциялық қызметінің түрлілігіне байланысты үш-төрт иерархия сатысы болады. Иерархия сатысы арасындағы құқық пен міндеттерінің бөлінуі басқару сапасына және компанияның қалыпты дамуына әсер етеді. Жалпы корпоративтік принциптерді құруда иерархиялық принцип талаптарын анықтау керек.
Сыртқы ортамен байланыстың мақсаттылық принцип қатынасында корпоративтік менеджмент зерттеуінде түрлі көзкарас бар. Бір зерттеушілер мысалыға Дж.Робертс бұл принциптерді жеткізушілермен тұтұнушылармен және басқа іскер серіктермен өзара байланысында компания позициясының қатаң ұстануы деп түсінеді. Басқа да көзқарастар айтылуда. Мысалы, Т.Скарлет бұл принципті әлеуметтік экономикалық қоршаған ортаның өзгермелі шартына терең адаптацияның объективті қажеттілігі ретінде талқылайды. Тәжірибеде түрлі компаниялар аралық тәсілді қолданады олар сыртқы факторлардың осы немесе басқа қатынастарына қарағанда компанияның позициясы күшті кезінде контрагенттермен бәсекелестермен өзара байланыста өз шарттарын қосатын агресивті стратегияны қолданады. Егер сыртқы факторлардың кейбір қатынастарына байланысты компания позициясы әлсіз болғанда оңай икемделетін стратегияны қолданады. Яғни компанияның мүддесін белгілі бөліктерін көрсететін компрамисті шешім іздеу. Кезкелген жағдайдағы қатаң немесе жұмсақ әдістер қоршаған ортамен өзара байланысқанда компания өз мүдделерін табандалықпен қорғайды.
Жалпы корпоративтік принциптерді қарастырғанда компания бөлімшелердің сонымен бірге түрлі сыртқы контрагенттермен өзара қатынасының арасындағы тиімді байланысты басқаратын ережелерді көрсету керек. Бұл ережелер жалпы басқару принциптерінен шығуы немесе осы принциптердің жеке аспектісін мазмұныда көрсетілуі керек.
Нарықтық экономикалық қызметтің ережелерімен жалпы корпоративтік принциптерінің өзара байланысы күрделі диалектикалық мінезді алып жүреді. Нарықтық шаруашылықтың негізінде, өндірістік экономикалық байланысты қалыптастыруда, бизнес сферасын таңдауда фундаменталды принцип жатыр. Бұл принципті абсолютті деңгейге шығаруға болмайды, өйткені мемлекеттік араласу немесе нарықтың белгілі бір секторының монополиялануына байланысты дын шектелуі мүмкін. Бірақтан да, таңдау еркінділігі түрлі тәуекелдермен байланысты.Егер компания ішіндегі жоғарғы сатылы менеджерлер жоспарлы және алдын ала көрудің жоғары деңгейіне қол жеткізе алатын болса, онда әлеуметтік-экономикалық сыртқы ортамен байланыста, әрдәйім стихиялы және алдын ала анықсыздығы кездеседі. Осы жағдайда компания басшылары өндірістік және коммерциялық іскерліктің стратегиялық басқаруды құрғанда еркін кәсіпкерліктің диалектикалық қарама-қайшылығын есепке алып отыру керек.Бір жағынан компанияның қызметінің параметрлерін таңдауда нарықтық еркіндіктің өз-ара байланысын максималды қолдану керек. Басқа жағынан нарықтық шаруашылық дамуының стихиялық, алдын ала белгісіздік элементтерінің зиянын мүмкіндігінше минимумына дейін төмендету керек. Дәл осылай жалпы корпоративті принциптер мен басқа да нарықтық фундаменталдық принциптерді дайындауда және жүзеге асырудың арасындағы тікелей байланыс байқалады. Компанияның даму стратегиясын дайындауда қызметтің жеке түрлерінің және жалпы бизнестің ұтымды тәуекелділік деңгейін жақсылап есептеу өте маңызды.
Ірі акционерлік компанияның негізгі басқару принциптерін дайындауға және жүзеге асыруға жүйе үсті денгейдің принциптер мен пастулаттарының әсер етуінің жалпылай қарастырғанда келесідей пікірлерді атап көрсетсек болады:
- ірі акционерлік қоғамның қалыпты дамуынның сапалы стратегиясын дайындауда жалпы ғылыми принциптер мен постулаттарды шығармашылық түрде қолданған жөн. Оларды рациналды түрде қолданғанда статегиялық басқарудың ғылыми методологиялық базасын құруға мүмкіндік береді;
- нарықтық экономиканың жүзеге асуының принциптері, компанияның өндірістік-коммерциялық қызметін толығымен қамтиды және сыртқы экономикалық ортамен байланыстын стратегиясын дайындаудың негізі болады;
- жүйе үсті постулаттары мен принциптерінің бірыңғайлығы, акционерлік компанияны басқарудың жалпы принциптерінің құрылуы мен табылуын, ізденістін теоритикалық-методологиялық бағытын анықтайды.
1.3 Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың қалыптасуы мен дамуы
Қазақстанның нарықтық жүйеге көшу барысында жекешелендіру мәселесіне айрықша мән беріліп, алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілді.Сол себептен мемлекет ірі өндірістердің құрылымын өзгертуге мәжбүр болды.Қазақстанда жекешелендіру мәселесі жалпы құқықтық актілер жүйесі арқылы реттеледі.Соның айғағы “Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы” Заң қабылданды,оның артынша Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысымен бекітілген бірінші бағдарлама –Қазақстанда мемлекет иілігінен алу мен жекешелендірудің 1991-1992 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды.
Кәсіпорынды мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру аукцион, конкурстар өткізу жолымен, сондай-ақ акционерлеу мен жекешелендіріп отырған кәсіпорынның балансында болған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды еңбек ұжымдарына беру арқылы жүзеге асырылды.
1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарлама мемлекеттік меншіктің қайта құрылуының тәртібін анықтады.Нысанның ел экономикасындағы маңыздылығына,салалық тиістілігіне,қызметкердің санына,негізгі қорлардың құнына сәйкес олар шағын, орта және ірі кәсіпорындар топтарына бөлінетін болды.Осы кездерде энергетика,көлік,металлургия,телекоммуникация,ірі сауда орталықтары салаларындағы обьектілер мен кәсіпорындарды жеке жобалар бойынша жекешелендіру басталды. Республикада 1993-1995 жылдары акционерлік қоғамдардың саны 331-ге дейін жетті. Оның 10 %-ы Оңтүстік Қазақстан облысының үлесінде болды.Осымен қатар аграрлы-өнеркәсіптік кешенде холдингтік түрдегі 13 мемлекеттік акционерлік компания құрылды.
Мемлекеттік мүлікті басқарудың және жекешелендірудің тиімділігін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған төртінші бағдарламасы акциялардың мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқығы салалық министрліктер мен ведомстволарда берілген акционерлік қоғамдарды басқару саласындағы жаңа тәсілдерді көздеді. Мемлекетсіздену және жүйелендірудің он жылдық кезеңінде 2 мыңнан астам түрлі нарықтық типтегі ірі ұйымдық формалар құрылды.Берілген меншік түрлерінің өзгерістеріне мемлекетсіздену, жекешелендіру және басқарудың берілуі негіз салды.
Нарықтың қайта құрылуының ресми программалық құжаттарында, Қазақстан Республикасында мемлекетсіздену мен жекешелендірудің үш кезеңі анықталған. Шындығына келгенде, олар әлде қайда көп болған. Республикада мемлекеттік меншікті денационализацияның басталу есебі 1990 ж басталады, яғни сауда да, қоғамдық тамақтануда, тұрмыстық қызмет сферасында мемлекетті мемлекетсіздендіру туралы жергілікті халықтық Кеңес депутаттарының ұсыныстары берілген уақыттан басталады. Оларды жүзеге асыру 1991-1992жж. кішігірім жекешелендіру барысында жүрді. Бұл жылдар жекешелендірудің ресми бірінші кезеңі деп санайды. Ұйымдық құрылымға айналу бұл кезеңде мемлекеттік мүлікті коллективті сатып алу болды. Бұл кезеңде сауда саласында 30% жуық кәсіпорын, 40 %-құрылыстық және 25 % - қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары жекешелендірілді.
1990 жылдан осы уақытқа дейін Қазақстан өнеркәсіп өндірісінде өндіріс көлемінің 70-ші жылдар деңгейіне дейін төмендеуі тіркелуде. Берілген тенденция төмендеудің тежеуімен 2003ж. бастап және соңғы жылдардағы тұрақтанумен байланысты. Өнеркәсіп өндірістің төмендеуінің салыстырмалы динамикасы шикізат саласындағы өндіріс салыстырмалы жай қысқаруы мен қайта өндіруші өндірістің көлемінің бірден төмендеуін мінездейді. Бұндай өндіріс көлемінің қысқаруы – сыртқы және ішкі нарық сұранысының төмендеуінің, сыртқы және ішкі нарық сұранысының төмендеуінің, өндірілген қорлардың жетіспеушілігі, төмен төлемдер өндірілген қорлардың жетіспеушілігі, төмен төлемдер ережелері, бартердің қолдануы мен ақша алмастырушылардың салдарынан болды.
1990ж. бастап осы күнге дейін республика өнеркәсібінің жағдайын талдауда мұнайдан басқа, барлық өндіріс саласының өклем төмендеуін көрсетті. Металл жасауда және машина жасауда (13,3%), жеңіл өнеркәсіпте (12%), химия мен мұнай – химиялық өнеркәсіпте (6,7%), құрылыс материалдар өнеркәсібінде (5%). 1990ж. көрсеткіш деңгейіне дейін төмендеуін көрсетті. Қара металлургия барлық өнеркәсіп көрсеткіштерінен жоғары деңгейде тұрды.
Шаруашылық комплексындағы реформа мемлекеттегі кәсіпорынның тек бір бөлігін ғана тиіп өтті.Республикадағы үлкен экономикалық массив қаржылық экономикалық сауықтандыру программасын қамтымады. Сонда да кейбір кәсіпорындар өз жағдайын тұрақтандырып, инвесторлар үшін тартымды болды. Өнеркәсіптің басқа жағы, проблемалар мен экономика өнеркәсіптің басқа жағы проблемалар мен экономикалық көрсеткіштерін дұрыстай алмады.
Қаржылық экономикалық сауықтандыруына бағытталған реформаның үлкен бөлігін кәсіпорынның екінші тобы құрайды. Бұл өнеркәсіптер республиканың үлкен өндірістік потенциалын қамтиды.
Екінші топтағы өнеркәсіптерді сауықтандыру барысында қаржылық тұрақтылыққа алып келіп инвесторлар үшін қызығарлықтай болады немесе қаржылық жағдайын одан да төмендетіп жіберуі мүмкін.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының экономикалық даму тенденциясы мен жағдайын талдау ұйымдық құрылымдардың құрылу ерекшеліктері мен дамуын анықтап көрсетті.
Қазақстанда реформа қарқынды түрде өтті. Он жылдың ішінде негізгі ірі кәсіпорындар түрлі меншік түріндегі акционерлік қоғам ретінде қайта құрылды. Қайта құрудың қарқынды темпі жақсы және жаман жақтарын анықтады. Жақсы жақтарына өнеркәсіптің негізгі массасы өндірістік және коммерциялық қызметі нарықтық ұйымдастыруымен үйлесуі жатады. Сонымен қоса реформа жүргізу барысында ірі кәсіпорындардың бір бөлігі монополистер қолына беріліп, кәсіпорынның ұлғасымына алып келді. Ал, бұл өндіріс көлемін төмендетіп жіберді, тіпті кейбір түрін шығаруды тоқтатты.
Қазақстан өнеркәсібіндегі құрылымдық жылжу ірі өңдеуші өнеркәсіптердің нарық жағдайына тез бейімделуін және өздерінің өнімдерін өткізу нарығы бар екенін көрсетті. Сонымен қатар өнеркәсіптер сыртқы және ішкі нарықта қатты бәсекеге түсе бастады.
Келесі кестеде Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдардың 2000-2004 жылдар аралығындағы қызмет түрлері бойынша олардың саны көрсетілген.
1-Кесте. Қазақстан Республикасындағы 2000-2004 жылдардағы акционерлік қоғамдардың нақты жұмыс жасайтындары.
Қызмет түрлері | Жылдар | 2004 ж-ң 2000ж-ға %-бен | ||||
2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | ||
1.Ауыл шаруашылығы. | 327 | 276 | 249 | 214 | 173 | 52,9 |
2.Кен өндіру өнеркәсібі. | 99 | 93 | 88 | 86 | 81 | 81,8 |
3.Өндеу өнеркәсібі. | 962 | 861 | 790 | 675 | 618 | 64,2 |
4.Құрылыс. | 558 | 525 | 506 | 462 | 418 | 74,9 |
5.Сауда: автомобильдерді,тұрмыстық және үйде пайдаланатын бұйымдарды жөндеу | 766 | 795 | 743 | 635 | 550 | 71,8 |
6.Көлік және байланыс. | 572 | 513 | 468 | 409 | 354 | 61,9 |
7.Жылжымайтын мүлікпен операциялар. | 482 | 512 | 524 | 499 | 459 | 95,2 |
8.Қаржылық қызмет | 301 | 282 | 258 | 261 | 264 | 87,7 |
Барлығы | 4067 | 3857 | 3626 | 3241 | 2917 | |
Ескертпе: ҚР-сы Статистика агенттігі мәліметтері негізінде әзірленді |
Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері бойынша жоғарыдағы кестеде келтірілген деректерге талдау жасайтын болсақ, Республикада топ бойынша акционерлік қоғамдардың қызмет көрсету түрлерінің ішінен алғашқы орынды өндеу өнеркәсібі алып отыр. Өндеу өнеркәсібінің 2004 жылғы мәліметтерін құрылыс саласымен салыстыратын болсақ, оның 47,8 %-ға өскенін көруге болады. Екінші орында саудада қызмет көрсету, ал үшінші орынды көлік және байланыс қызметі алып отыр. 2004 жылы саудада қызмет көрсету көлік және байланыс саласына қарағанда әлдеқайда жоғарғы көрсеткіштерге ие болды, ол 55,3 %-ға артты. Аймақ бойынша қарастыратын болсақ ең жоғарғы көрсеткіш Алматы қаласының үлесіне тиіп отыр. 2000 жылы акционерлік қоғамдар саны небары 1042 болған, ал 2004 жылы олардың көлемі 1174-ке дейін жетті, яғни оның 2004 жылды 2000 жылмен салыстырғанда 12,7 %-ға өскенін байқауға болады. Статистика агенттігінің 2004 жылғы мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанның өзге де аймақтарында қызмет атқаратын акционерлік қоғамдардың көбі Алматы облысы (225), Оңтүстік Қазақстан облысы (199),Солтүстік Қазақстан облысытарында (114), шоғырланған.
Сонымен қатар келесі кестеде келтірілген мәліметтерді пайдалана отырып, Республикадағы барлық акционерлік қоғамдардың өндірістік және қаржы шаруашылық қызметін талдауға мүмкіндігіміз бар.
2-Кесте. Қазақстан Республикасындағы Акционерлік қоғамдардың 2000-2004 жылдар аралығындағы өндірістік және шаруашылық қызмет нәтижелері.
Көрсеткіштер. | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 | 2004ж- 2000ж-%-бен |
1.Өндірілген өнім көлемі. | 1133502,0 | 1255514,4 | 1492672,2 | 1834433,0 | 2166810,2 | 191,2 |
2.Сатылған өнім көлемі. | 1066900,3 | 1165198,5 | 1384357,8 | 1707284,8 | 2011767,8 | 188,6 |
3.Cатудан түскен табыс. | 1505236,1 | 1629764,5 | 2028587,0 | 2525476,0 | 3157967,2 | 2,9 есе |
4.Қарапайым қызметтен болған барлық шығыстар | 1552039,2 | 1733308,5 | 1844105,7 | 2297027,3 | 2672517,0 | 172,2 |
5.Таза табыс. | 187142,0 | 145706,9 | 239199,0 | 341183,7 | 523220,9 | 2.8 есе |
Ескертпе: ҚР-сы Статистика агенттігі мәліметтері негізінде әзірленді. |
Бұл кестедегі мәліметтерге қарай отырып өндірілген өнім көлемінің 2004 жылдың 2000 жылмен салыстырғанда 91,2 пайызға өсіп отырғанын байқаймыз. Ал сатылған өнім көлемі 88,6 %-ға өсті. Сонымен қатар сатудан түскен табыс мөлшері 2 есеге өскенін көріп отырмыз. Кәсіпорынның таза табысы 2000 жылы 187142,0 мың теңгені құраса, 2004 жылы 523220,9 мың теңгеге дейін жетті. Демек оның 2,8 есе %-ға ұлғайғанын байқауға болады. Республикадағы акционерлік қоғамдардың 2000-2004 жылдар аралығында өндірістік, қаржы сфераларында тиімді қызмет атқарғанын аңғаруға болады.
Бұның барлығы өндірісті қайта құруға, жаңа инвестицияның ағылуымен, менеджмент және маркетинг қолданумен байланысты. Міне осыған байланысты мемлекет экономикасына шетел инвесторларды, сонымен қатар менеджмент пен маркетингті жетік білетін кадрларды тарту талпынысына байланысты болды.Осыған орай 2004ж. аяғында Бельгия, Швецария, Япония, Оңтүстік Корея және Қазақстан шетел компания басшыларымен келісім шарт жасасты. Ал 2005ж. экономиканың түрлі салалары бойынша 46 акционерлік қоғамды қамтитын 24 келісім-шарт жасалынды.
- АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ қызметінің тиімділігін талдау.
2.1 «ВЧД-23» Семей пайдалану вагон депосының өндірістік-шаруашылық қызметін талдау.
Тәуелсіздік алған Қазақстанның көлік қатынасында темір жолдың маңызы ерекше зор. Қазіргі кезде Қазақстан темір жолының үлесіне көлік қатынасының барлық түрлері бойынша тасылатын жүктің төрттен үш бөлігі,сондай-ақ жолаушылар тасымалының тең жарымы тиеді.Темір жолдарды техникалық жағынан қамтамасыз ету және жүк тасу жәнінде Қазақстан ТМД елдері арасында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынды алады.Тек 1991-2003 жылдар аралығында Қазақстан темір жолы арқылы 220 миллион тонна мұнай мен мұнай өнімдері, 1,1 миллиард тонна көмір, 60 миллион тоннадан астам қара металл,барлығы -2,5 миллиард тонна әр түрлі халық шаруашылығы жүктері тасылды.
Ал кейінгі екі жылда бұл көрсеткіш одан әрі өсіп отыр.Атап айтқанда тек 2005 жылы темір жол көлігімен 222,7 млн тонна жүк тасылып, оның көлемі 10,5пайызға ұлғайған.Жүк айналымы 171,8 млрд тонна- шақырымды,ал жолаушылар тасымалы 12млн астам адамды қамтыған.
Қазақстан темір жолына талаптар жыл өткен сайын өсіп отыр және оның басты міндеттері Президент Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында көрініс тапқан.
Олар төмендегідей :
- Темір жол қатынасының негізгі бағыттарын қазіргі кезеңнің талабына сай қайта құру;
- Трансазия магистралы бойынша жүк тасуды жетілдіру;
- Шет елдермен байланыс жасауда аса маңызды Достық-Ақтоғай станциялары арасындағы жол қатынасын одан әрі қарай дамыту;
- Жүк тасылатын басты аймақтарда қазіргі кезеңнің талабына сай жүк сақтайтын терминалдарды ұйымдастыру;
- Барлық көлік және коммуникациялық орындардың құрылымдарын қайтадан қарап жетілдіру және т.б.
1997 жылғы 31 қаңтарында Үкімет қаулысымен Алматы,Тың және Батыс Қазақстан темір жол бөлімдері біріктіріліп, республикалық мемлекеттік “Қазақстан темір жолы ” кәсіпорны құрылды. Ал 2001 жылы бұл мемлекеттік кәсіпорын Үкіметтің қаулысымен “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясы акционерлік қоғамына айналдырылды.
“Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясының басқару құрамына департтаменттер, жеке басқармалар, кәсіпорынның жергілікті жерлердегі бөлімдері т.б. кіреді. Бұдан басқа оған халықты қажетті тауарлармен қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау, құрылыс, жолды жөндеу, ғылыми экономикалық жобалау, телефон-телеграф байланысы, станциялар жанындағы жолдарда жүктер айналымын қамтамасыз ету басқармалары қарайды.
Қазақстанның темір жолының магистралын тиімді пайдалануда оның материалдық техникалық базасын нығайту, қазіргі кезеңнің жаңа техникасы және технологиясымен жарқтандырудың маңызы өте зор. Бұл бағытта соңғы жылдары едәуір ілгерушілік орын алған. Темір жолды жаңа техникамен жарақтандыру ең әуелі локоматив шаруашылықтарын қазіргі кезеңдегі талаптарға сай жақсартумен сипатталады.
Осыған орай тек 2005 жылы “Қазақстан темір жолы” республикалық мемлекеттік кәсіпорны бойынша 18 жөндеу, 28 локомотив депосы мен жөндеу кәсіптік кооперативтері, 41 техникалық қызмет ету пункті, 61 темір жолды керек жарақтармен қамтамасыз ету пункті және 3 тепловоздарды жуып тазартатын пункттер ұйымдастырылды. Қазірде Қазақстан темір жолының вагон шаруашылығына 16 пайдалану вагон депосы, 12 жөндеу депосы мен 4 вагон жөндеу ұжымы, 90 вагондарды техникалық жағынан күту, 56 пойыз және пойыздарға тіркелген вагондардың бұзылуын бақылайтын бекеттер қарайды .
Сонымен республикамызда 16 пайдалану вагон деполарымыздың ішінде Семей пайдалану вагон депосын зерттеуге алуды ұйғардым.
1933 жылдары Қазақстанда ірі өндіріс орындарының ашылуымен қатар жылдам қарқынмен темір жол желілері де көптен салынып дами бастады. 1936 жылдың басында Cемей вагон депосын құру туралы шешім қабылданды. 1940 жылдың қараша айында 806 километрлік Шар стансасынан Локоть стансасы телімінің соңғы буыны салынып болған кезде, Семейдің Қаражыра көмір кенін тасымалдауға жол ашылды.
Соғыс жылдарында Семей бөлімшесі арқылы жолаушылар таситын алғашқы вагондар жүре бастады, ал жүк вагондары көмір, кен, астық, құрылыс материалдары тасымалданды.
"Ол кезеңде темір жол желісінің екі осьті вагондардан тұратын поездар жүретін бір жолдық бағыты ғана бар болатын. Кейін әр типті тарту аспаптары, көтергіш механизмдері бар төрт осьті вагондардан тұратын поездар жүре бастады. Жылжымалы механизмдерді жөндеуші слесарлар тетіктерді қолмен тасыды, жарық болмай, түнгі мезгілде керосинмен жанатын шамдар пайдаланылды, ал поездарды жарақтандыру қолмен жүргізілді, қажетті қосалқы бөлшектер өгіздерге, кейін аттарға тиеліп тасымалданды" - деп естелік айтады бүгінде сол уақыттың көзкөргендері.
Вагон депосының құрылысы соғыс біткен соң да ұзақ жылдар бойы толық аяқталған жоқ, кезең-кезеңмен құрылысы жүргізіліп, жаңарып отырды. 1971 жылы тұрмыстық корпус салынды, кейін құрал-жабдық цехы, теплица пайдалануға берілді. 1974 жылы доңғалақ жұптарын жөндеуге арналған доңғалақ тығыршық цехы салынды.
1999 жылдың шілде айында "Семей вагон депосының кепілді учаскелерінің шекарасын ұлғайту туралы" № 345 - Ц бұйрығы негізінде Жана-Семей, Защита, Лениногорск, Зыряновск, Бухтарма, Серебрянка қосылды. "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының 2000 жылдың 09 наурызындағы № 524 - Ц бұйрығына сәйкес 2000 жылдың 01 желтоқсанынан бастап депоның жөндеу цехтары пайдалану жүйесінен бөлінді.
2001 жылдың шілде айынан бастап Семей вагон депосы Семей пайдалану вагон депосы болып өзгертіліп, Шұлғауов Сайлаубек Тұралықұлы директор болып тағайындалды.
Жаңа Дегелен темір жол желісінің ашылуына байланысты депо учаскелерінің қатарына Ауыл станциясындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету пункті, Локоть станцияларында вагондарға техникалық қызмет көрсетуді бақылау пункттері, бақылау қосындары қосылды.
Бүгінгі таңда Семей пайдалану вагон депосының қарамағында 8—вагондарға техникалық қызмет көрсету пункті, 3—вагондарға техникалық қызмет көрсетілуді бақылау пункті, 21—бақылау қосыны жұмыс істейді. Депоның қызмет көрсету аумағының жалпы ұзындығы 1591,4 километрді құрайды.
Семей пайдалану вагон депосы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының филиалы болып табылады және филиал қызметінің аумақтық шекарасында магистральдік жолдармен жылжымалы құрамның айналымын қамтамасыз ету мақсатында құрылған.
Филиал қызметінің негізгі мақсаттары:
- жоғары сапалы техникалық қызмет көрсету және жылжымалы құрамды жүк тасымалдауға дайындауды қамтамасыз ету;
- темір жолдарды техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Айтылған міндеттер мен мақсаттарға жету үшін Филиал келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- вагондарға техникалық қызмет көрсету және оларды қолданыстағы ережелер мен тәртіпке сәйкес жүк тасымалдауға дайындау;
- құрылғылар мен жабдықтарды іске жарамды күйде күту және тиімді пайдалану;
- ғылым мен техниканың, озық тәжірибенің жаңа жетістіктерін енгізу;
- өндірістік қуатты толық пайдалану,
- еңбек процестері механизациясының деңгейін көтеру;
- өндірістік тәртіпті қатаңдату, кадрларды дайындау және біліктілігін арттыру жөнінен шаралар жүргізу;
- поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмыстағы ақаулы жағдайлардың алдын алу шараларын әзірлеу және жүзеге асыру;
- еңбек талаптарын жақсартуды қамтамасыз ету, жұмыс орындарын ұйымдастыру және қауіпсіздік техникасының нормалары мен өндірістік санитарияны сақтау;
- қоршаған ортаны ластанудан және Филиал қызметінің нәтижесінде туындайтын басқа да зиянды әсерлерден қорғауды қамтамасыз ету;
- материалдарды, отын мен электр қуатын үнемдеп жұмсау жөнінен шаралар жүргізу;
- тасымалдаудың өзіндік құнын төмендету және өндіріс тиімділігін арттыру болып табылады.
Вагон депосының пайдалану қызметінің негізгі өндірістік көрсеткіштеріне келетін болсақ, олар жүк және жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсету, вагондарды жүк тиеуге дайындау, жүк вагондарын жуу және күнделікті ағытып жөндеу т.б. жұмыстармен айқындалады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының әлемдік сауда ұйымына енуіне байланысты "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының "Семей пайдалану вагон депосы" филиалында ISO 9000:2000 стандарттарға сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Бұл өз кезегінде компанияның клиенттерімен және серіктерімен өзара қарым-қатынаста сапалы, жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашпақ.
Семей пайдалану вагон депосының ұжымы бүгінгі таңда жылжымалы құрамның сенімділігін арттырумен қатар, поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, вагондарға техникалық қызмет көрсету саласын жақсарту,өндірістік көрсеткіштерді орындауға бағытталған жоспарлы жұмыс үдесінен шығу жолында еңбектеніп жатыр.
Енді кәсіпорынның экономикалық әлеуетін бағалау үшін оның техника-экономикалық көрсеткіштерін анықтау қажет. Ол төмендегі кестеде көрсетілген.
3-кесте. «ВЧД-23»Семей пайдалану вагон депосының техника-экономикалық көрсеткіштері.
№ | Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | 2005жыл | 2006жыл | Ауытқу | |
+,- | % | |||||
1 | Өткізілген өнімнің түскен табыс(түсім) | Мың теңге | 7438 | 10907 | 3469 | 146,6 |
2 | Өткізілген өнімнің өзіндік құны | Мың теңге | 478875 | 566698 | 87823 | 118,3 |
3 | Жалпы табыс | Мың теңге | -471437 | -555791 | 184354 | - |
4 | Кезең шығындары | Мың теңге | 29302 | 49771 | 20469 | 169,9 |
5 | Негізгі қызметтен түскен табыс | Мың теңге | -500739 | -605562 | -104823 | - |
6 | Негізгі емес қызметтен түскен табыс | Мың теңге | 1635 | 1203 | -432 | - |
7 | Салық салуға дейінгі жиынтық табыс | Мың теңге | -499104 | -604359 | -105255 | - |
8 | Таза табыс | Мың теңге | -499104 | -604359 | -105255 | - |
9 | Өткізілген өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығын | Теңге | 68,3 | 56,5 | -11,8 | - |
10 | Өнім рентабельдігі | % | -104,6 | 106,9 | -2,3 | - |
11 | Сату рентабельділігі | % | -6,7мың есе | -5,5 мың есе | -1169 | - |
12 | Өндіріс рентабельділігі | % | -3,7 есе | -4,3 есе | -0,6 есе | - |
13 | Жұмыскерлер саны | адам | 618 | 631 | 13 | 102,1 |
14 | 1 жұмыскердің еңбек өнімділігі | Мың теңге | 469,2 | 517,7 | 48,5 | 110,3 |
15 | Жұмыскердің жылдық еңбек ақы қоры | Мың теңге | 289964 | 326868 | 36904 | 112,7 |
16 | 1 жұмыскердің орташа айлық еңбекақысы | Теңге | 39099,8 | 43168,0 | 4068,2 | 110,4 |
17 | НҚ орташа жылдық құны | Мың теңге | 96020,5 | 98111,5 | 2091 | 102,2 |
18 | Амортизация мөлшері | % | 442,8 | 460,0 | 17,2 | - |
19 | Айналым құралдарының орташа жылдық құны немесе қалдығы | Мың теңге | 30366,5 | 31176,5 | 809,5 | 102,7 |
20 | 1 айналым ұзақтығы | күн | 1496 | 1043 | -453 | 69,7 |
21 | Айналым коэффициенті | 0,2 | 0,3 | 0,1 | 150 | |
22 | Қор қайтарымдылығы | Теңге | 0,07 | 0,11 | 0,04 | 157,4 |
23 | Қор сыйымдылығы | Теңге | 12,91 | 8,99 | 3,92 | 69,6 |
24 | Қормен қарулану | Мың теңге | 155,4 | 155,5 | 0,1 | 100,1 |
25 | Амортизация сомасы | Мың теңге | 425195,5 | 451359,5 | 26164 | 106,2 |
Жоғарыдағы кестеде көрсетілген мәліметтерге сүйеніп, ВЧД-23 Семей пайдалану вагон депосының экономикалық әлеуетін бағалауға болады. 2006 жылды 2005 жылмен салыстыратын болсақ өткізілген өнімнен түскен табыс мөлшері 3469-ға (146,6 %) ұлғайғанын көруге болады. Өнімнің өзіндік құны 2005 жылға қарағанда 18,3 % -ға өсті.Кезең шығындарын қарастыратын болсақ, олар 20469-ға, яғни өткен жылмен салыстырғанда 69,9 %-ға өскенін байқаймыз. 2005 жылы мен 2006 жылы рентабельділік көрсеткіштері теріс нәтижені берді.Бірақ 2006 жылы 2005 жылға қарағанда персоналдар саны 2,1 %-ға, 1 жұмысшының орташа жылдық еңбек ақысы 10,4 %-ға артты. Негізгі құралдардың орташа жылдық құны 2,2 %-ға, ал айналым құралдарының орташа жылдық құны 2,7 %-ға өскенін байқауға болады. Өткізілген өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығын 2005 жылы 68,3-ге тең болса, 2006 жылы ол 56,5 теңгеге тең болды. Бұл 2006 жылы оның 11,8-ге кемігендігін көрсетеді. Өндірістің тиімділігінің басты көрсеткіші – 1 жұмыскердің еңбек өнімділігі болып саналады, яғни бұл көрсеткіш 1 жұмыскерге шаққандағы орташа жылдық өндірілген өнімін көрсетеді. Осы кәсіпорында бұл көрсеткіштің мәні 2005-2006 жылдар аралығында 10,3%-ға (48,5 мың теңгеге) өсті. 2006 жылы 2005 жылға қарағанда 1 айналым ұзақтылығы 30,3%-ға (453 күнге) кеміді, ал айналым коэффициенті жоғары мәндерге ие : 2005ж. 0,2-ке, 2006ж-0,3-ке тең(бұл коэффициент былтырғы жылға қарағанда 50%-ға артты.) Қор қайтымдылығы төмен нәтижені көрсетсе де, 2005 жылға қарағанда 0,04 теңгеге артқанын байқаймыз.Қор сыйымдылығы керісінше 3,92 теңгеге кеміді, қормен қарулану 0,1 %-ға өсті.
2005 жылдың жоспарына сәйкес негізгі қызметке 499001 мың теңге бөлінді, ал жылдың соңында бұл дерек 504896 мың.теңгеге дейін көбейіп кетті.Демек 2005 жылы 5895 мың.теңге жоспарға үйлеспеді. Оның ішінде жүк тасымалдауға-469001, қосымша қызмет көрсетуге-9115, әкімшілік шығындар-18951, өндірістік сипаттағы шаруашылық шығындарға - 11523 мың теңге жұмсалды. Оның пайыздық үлестері төменгі диаграммада көрсетілген.
Жоспарға сәйкес қызметтің 86 %-ы орындалды. Соның ішінде «ЕАҚ» 773 мың.теңге, (99,7%),«Әлеум.есеп»-2758 мың.теңге (94,4 %), «Отын»-1286 мың.теңге (77,3 %),«Электр энергиясы»-152 мың.теңге (97,6%), «Өзге де қызметке»-2999 мың.теңге (90,3 %).«ОРУ АО аффелир»-17729 (17%) мың.теңгені құрады. «Материалдар»-8792 мың.теңге (118,5 %), «Тозу»-7208 мың.теңге (188,7 %), яғни материалдар 18,5%-ға, тозу-88,7 %-ға жоспардан асыра орындалды.
2006 жылғы жоспарда негізгі қызметке 707167 мың.теңге бөлінді, соның 607298 мың теңгесі ғана жұмсалды.Оның ішінде жүк тасымалдау -559935 мың.теңге, қосымша қызмет көрсету-6763 мың теңге,әкімшілік шығындар-21581 мың.теңге, өндірістік сипаттағы шаруашылық шығындар-19019 мың.теңгені құрайды.
Төмендегі диаграммадан бұл қызметтердің пайыздық қатынасын көруге болады.
Өткен 2005 жылмен салыстырғанда шығындар 108297 мың.теңгеге өсті. «ЕАҚ»- 70684 мың.теңге (109,1 %),«Әлеум.есеп»-10930 мың.теңге (111%), «Отын»- 1951 мың.теңге (139,2%),«Электр энергиясы »- 2874 мың.теңге (151,3% ), «Материалдар» - (112,4 %) бойынша шығындар ұлғайып кетті.Ал «Өзге де қызмет»- 3087 мың.теңге (94,8 %).«ОРУ АО аффелир»- 183 мың.теңге (95%) «Тозу»- 1563 мың.теңге (88,6 %) бойынша керісінше кеміді. 2006 жылы Еңбек ақы қорына компания бюджетінен - 341382 мың.теңге бөлінді.Жыл соңында бұл көрсеткіш - 341738 мың.теңгеге дейін жетті. Артық шығын мөлшері - 356 мың теңгеге тең болды. Бұны штат кестесінен тыс жұмысшыларды алу есебінен және жұмыстан босату жөніндегі жәрдемақы төлеуге кеткен шығындармен түсіндіруге болады.2005 жылмен салыстырғанда еңбек ақы бойынша шығындар 68447 мың.теңгеге көбейіп кетті,бұл өсу тарифтік ставкалар және штаттың артуына байланысты болды.
Осы талдауларға қарай отырып, «ВЧД - 23» Cемей пайдалану вагон депосының қызметі соңғы жылдары көп шығындарға тап болды. Көбінесе әкімшілік шығындарға, жұмыстан шыққан адамдарға өтем ақы төлеуге, банк қызметін пайдаланғаны үшін, сонымен қатар Бұқтырма, Лениногор, Защита стансасында кап.ремонт жүргізгеніне көп ақша қаражаты жұмсалды. Сол себептен депоның табыстылық деңгейі төмен нәтижені көрсетіп отыр.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен қаржы нәтижелілігінің салыстырмалы сипаттамасын сипаттайтын рентабельділік көрсеткіштері төмен мәндерге ие болып отыр. Бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық тұрақтылық пен орнықтылыққа толыққанды жетпегендігін көрсетеді.
2.2 «ВЧД-23» Семей пайдалану вагон депосының қызметінің тиімділігін бағалау.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі өндірістің нәтижелерін шығындар мен қолданылған ресурстарды салыстыру жолымен өлшенеді. Қол жеткізілген тиімділікті қолданылған ресурстармен немесе шығындармен салыстыра отырып, кәсіпорын қызметінің тиімділігінің бірқатар көрсеткіштерін анықтауға болады. «ВЧД-23»Семей пайдалану вагон депосының қызметінің тиімділігін бағалау үшін келесідей көрсеткіштер тобын анықтаймыз. Оларға: кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділігін, оның мүліктік жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер, төлемқабілеттілік және өтімділік көрсеткіштері, табыстылық көрсеткіштері, рентабельділік көрсеткіштері, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және іскерлік белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштер жатады. Бұл көрсеткіштер төмендегі кестелерде жинақталып жазылған.
3-Кесте. Кәсіпорынның өндірістік қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер тобы.
Көрсеткіштер | 2005жыл | 2006жыл | Ауытқу | |
+,- | % | |||
1. Қор қайтарымдылығы | 0,07 | 0,11 | 0,04 | 157,4 |
2. Қор сыйымдылығы | 12,91 | 8,99 | 3,92 | 69,6 |
3. Материал қайтарымдылығы | 0,06 | 0,09 | 0,03 | 150 |
4. Материал сыйымдылығы | 16,00 | 10,54 | -5,46 | 65,9 |
5. 1 жұмыскердің еңбек өнімділігі | 469,2 | 517,7 | 48,5 | 110,3 |
Келтірілген мәліметтер депо қызметінің жалпы қаржылық динамикасын көрсетеді. Көрсеткіштерге жеке-жеке тоқтала отырып, мынадай қорытынды жасауға болады.
Депоның өндірістік қызметінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштердің бірі - материал қайтарымдылығы болып табылады.Ол кәсіпорынның материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін сипаттайды. 2006 жылды 2005 жылмен салыстырсақ материал қайтарымдылығы 50 %-ға өсті, ал материал сыйымдылығы керісінше 34,1 %-ға қысқарды. Яғни депо материалдарды, шикізаттарды, материалдық емес ресурстарды жоспарға сәйкес тиімді пайдаланғанын көрсетеді.Еңбек өнімділігі болса, бір жұмысшының өндірілген өнім көлемін көрсетеді. Ол былтырғы жылға қарағанда 10,3 %-ға артты.
4-кесте. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер тобы.
Көрсеткіштер | 2005жыл | 2006жыл | Ауытқу | |
+,- | % | |||
1. Негізгі қорлардың жаңару коэффициенті | 0,97 | 0,93 | -0,04 | 95,9 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
2. Негізгі қорлардың тозу коэффициенті | 0,818 | 0,824 | 0,06 | 100,7 |
3. Негізгі қорлардың жарамдылық коэффициенті | 0,181 | 0,175 | -0,006 | 96,7 |
Депоның мүліктік жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерге келетін болсақ, оларға негізгі қорлардың жағару, тозу және жарамдылық коэффиценттері жатады. Олар депоның мүліктік жағдайын, мүлкін пайдалану тиімділігін сипаттайды. 2005 жылмен салыстырғанда жағару коэффиценті 4,1 %-ға қысқарды, тозу коэффиценті керісінше 0,7 % - ға өсті, ал жарамдылық коэффиценті 0,3 % - ға кеміді.
5-кесте. Өтімділік көрсеткіштері
Көрсеткіштер | 2005жыл | 2006жыл | Ауытқу | |
+,- | % | |||
1. Абсолютті өтімділік коэффициенті | 0,33 | 0,30 | -0.03 | 90,9 |
2. Жедел өтімділік коэффициенті | 0,92 | 0,96 | 0,04 | 104,4 |
3. Ағымдағы өтімділік коэффициенті | 0,020 | 0,015 | -0,005 | 75,0 |
Активтердің өтімділік және төлемқабілеттілік көрсеткіштерін талдайтын болсақ, абсолютті өтімділік коэффициенті алдағы жылға қарағанда 9,1 пайызға кеміді, демек депоның қарыздарды жабу кепілдігі төмен деңгейде екенін аңғаруға болады. Жедел өтімділік коэффициенті болса, 4,4 %-ға өсті, яғни осыдан кәсіпорын өз қарыздарын күтіліп отырған ақшалай түсімдер есебінен жабатындығын көруге болады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті 2006 ж 2005 ж –мен салыстыранда 25%-ға қысқарды.
6-кесте. Кәсіпорынның табыстылық коэффициенттері
Көрсеткіштер | 2005жыл | 2006жыл | Ауытқу | |
+,- | % | |||
1. Жалпы активтердің табыстылық деңгейі | -3,94 | -4,58 | -0,64 | - |
2.Ағымдағы активтердің табыстылығы | -16,4 | -19,4 | -3 | - |
3. Меншік капиталының табыстылық коэффициенті | 0,35 | 0,30 | -0,05 | 85,7 |
4. Өткізілген өнімнің табыстылығы | -67,1 | -55,4 | -11,7 | - |
Келесі көрсеткіштер тобы-кәсіпорынның табыстылығын сипаттайтын көрсеткіштер. Бұл көрсеткіштер екі жыл бойы теріс мәндерге ие . Мұның себебі, депоның әкімшілік шығындары, қосымша қызмет көрсету шығындары көбейіп кеткенінен болып отыр. Меншік капиталы оң мән көрсетіп отырса да, 2006 жылы 14,3 %-ға кеміді. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына талдау жасайтын болсақ, қаржылық тәуелсіздік дәрежесін көрсететін меншікті капиталды шоғырландыру коэффициенті – 2006 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,3-%-ға артты. Ал қаржылық тәуелділік коэффициенті болса, 0,2 % -ға кеміді, демек бұл депоны қаржыландыруда қарыздық қаражаттардың үлесінің кемігендігін көрсетеді. Ағымдағы берешек коэффициенті 33,3 %-ға өссе, қарыздарды меншік капиталмен жабу коэффициенті небары 0,1 %-ға қысқарғанын байқауға болады.
7-кесте. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштер.
Көрсеткіштер | 2005жыл | 2006жыл | Ауытқу | |
+,- | % | |||
1. Меншікті капиталды шоғырландыру коэффициенті | 0,475 | 0,486 | 0,011 | 102,3 |
2. Қарыздық капиталды шоғырландыру коэффициенті | -11,3 | -15,5 | -4,2 | - |
3. Қаржылық тәуелділік коэффициенті | 1,006 | 1,004 | -,002 | 99,8 |
4. Ағымдағы берешек коэффициенті | 12,3 | 16,4 | 4,1 | 133,3 |
5. Қарыздарды меншік капиталмен жабу коэффициенті | 1,004 | 1,003 | -0,001 | 99,9 |
6. Қаржылық леверидж коэффициенті | 0.998 | 0,997 | -0,001 | 99,9 |
7. Тұрақты қаржыландыру коэффициенті | 0,943 | 0,932 | -0,011 | 98,8 |
Қаржылық тұрақтылықтың негізгі индикаторларының бірі- қаржылық леверидж және қаржылық тәуекел коэффициенті б.т. Қаржылық леверидж мәні алдыңғы жылға қарағанда 0,1 %, ал қаржылық тәуекел мәні 1,2 %-ға кеміді.
8-кесте. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштер.
Көрсеткіштер | 2005жыл | 2006жыл | Ауытқу | |
+,- | % | |||
1. Активтердің айналымдылық коэффициенті | 0,06 | 0,08 | 0,02 | 133,3 |
2. Айналымнан тыс активтердің айналымдылық коэффициенті | 0,365 | 0,482 | -0,117 | 132,1 |
3. Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті | 0,245 | 0,350 | 0,105 | 142,8 |
4. Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті | -0,0032 | -0,0031 | -0,0001 | - |
5. Тауарлы материалдық қорлардың айналымдылық коэффициенті | 7,633 | 7,674 | -0,041 | 100,3 |
6. Дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті | 1,371 | 1,368 | -0,003 | 99,8 |
7. Кредиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті | 0,461 | 0,712 | -0,251 | 154,4 |
Келесі көрсеткіштер тобы бізге кәсіпорынның іскерлік белсендігін анықтауға мүмкіндік береді. Соның бірі-активтердің айналымдылық коэффициенті.Ол депоның барлық активтерінің айналым жылдамдығын көрсетеді. Оның мәні 2005 ж.-2006 ж-ға қарағанда, 33,3 %-ға артқан. Сондай-ақ айналымнан тыс активтердің айналымдылық коэффициенті 42,8 %-ға өссе, тауарлы материалдық қорлардың айналымдылық коэффициенті тек 0,3 %-ға артты. 2006, 2005 жылғы дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициентін салыстыратын болсақ ол 0,2%-ға кеміді, ал кредиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті 54,4 %-ға өсті.Ал кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен оның қаржылық нәтижелілігінің салыстырмалы сипаттамасын бағалайтын рентабельділік көрсеткіштері теріс мәндерге ие. Бұл кәсіпорынның салыстырмалы табыстылығы 2006 жылы 2005 жылға қарағанда төмендегенін көрсетеді.
9-кесте. Рентабельділік көрсеткіштері.
Көрсеткіштер | 2005жыл | 2006жыл | Ауытқу | ||
+,- | % | ||||
1. Активтердің рентабельділігі | -3,95 | -4,67 | -0.72 | - | |
2. Ағымдағы активтердің рентабельділігі | -16,4 | -19,4 | -3 | - | |
3. Меншікті капиталдың рентабельділігі | 0,348 | 0,297 | -0,051 | 85,3 | |
4. Негізгі өнд.қорлардың рентабельділігі | -5,197 | -6,160 | -0,963 | - | |
5. Өнім рентабельдігі | -104,6 | 106,9 | -2,3 | - | |
6. Сату рентабельділігі | -6,7мың есе | -5,5 мың есе | -1169 | - | |
7. Өндіріс рентабельділігі | -3,7 есе | -4,3 есе | -0,6 есе | - |
Сонымен «ВЧД-23» Семей пайдалану вагон депосы өз қызметін жоспарлы түрде орындағанымен, көптеген көрсеткіштері теріс мәнге ие. Бұған кәсіпорын шығындарының шамадан тыс асып кетуі себеп бола алады. Осыған қарамастан, кәсіпорынның іскерлік белсенділігі жоғары мәндерге ие, яғни бұл бізге депо өз капиталын тиімді пайдалана алатындығын көрсетеді.
Түйіндей келе кәсіпорынның қызметіне қанағаттанарлықтай баға берер едім. Кәсіпорын қаржылық тұрақтылыққа және орнықтылыққа жету үшін әлі көп жұмыс істеу қажет.Әсіресе шығындар көлемін азайту керек. Сондай-ақ ЦБО басқармасынан көбірек қаражат бөліну керек деп ойлаймын.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024