Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматы қаласы

Алматы қаласы

Алматы қаласы (бұрынғы кездері Верный және Алма-Ата деп аталған) – Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Респбуликасының оңтүстік –шығысында орналасқан. Алматыда 1 185 900 адам тұрады. Қаланың аумағы – 170 шаршы километр.

Алматы қаласы 6 ауданнан тұрады: Алмалы, Алатау, Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу және Түрксіб аудандары. Сонымен қатар әкімшілік бағынышта кенттер, ауылдар бар.

Алматы қалалық әкімшілігі мынадай департаменттер мен басқармалардан тұрады.

Қала тұрғындарының жартысынан көбін қазақтар құрайды. Қазақтардан басқа орыстар, ұйғырлар, татарлар, украиндар және т.б. ұлт өкілдері тұрады. Шетелдіктердің ішінде ең көбі түріктер. Бейресми деректер бойынша халық саны 2 миллионды, ал респи дерек бойынша Алматыда 1,3 миллионды қоныстайды.

1854 жылғы ақпанның 4-де Іле Алатауының баурайында Ресей империясының әскери қамалы Верныйдың қалануымен қала тарихының жаңа кезеңі басталды.1854 жылдың күзінде Верный  қаласының  құрылысы аяқталды. Верный  қамалының бір жағы Кіші Алматы өзенінің  бойымен орналасқан, ағаштан құрылған бесбұрыш пішінде салынды.

1867 жылы сәуірдің 11-де Верный қамалының  атауы өзгертіліп, Алматинск қаласы аталды. Бірақ сол жылы «Дала коммиссиясының» баяндамасы бойынша қаланың аты Верный  болып қайта өзгертілді. Верныйдың  қала болуы  сол кездегі реформаларға байланысты болды. Верный  өзімен аттас Верный  уезі мен Жетісу ауданының  орталығына айналды. 1921 жылы 5 ақпанында аудан комитетінің  салтанатты  жиынында Верный  қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата  деген атқа ие болды. Бұл шешім бойынша  Жетісу Әскери-революциялық комитеті: «Қалалық революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу әкімшілік орталығының атауы Алма-Атаға өзгертілсін» деген бұйрық шығарды.

1993 жылғы шешім бойынша қала атауы орыс тілінде Алма-Атадан Алматыға ауыстырылды. 1998 жылдың 1 шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң бойынша Алматы ғылыми,мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық болады.

Өнеркәсібі

2005 жылы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша қала аумағында 1668 өнеркәсіптік кәсіпорын тіркелген. Олардың 168 – ірі орта (қызметкер саны 50 адамнан асады). Жалпы өндіріс көлеміндегі үлесі – 77,7%. Жалпы алғанда,  қала бойынша ірі және  орта кәсіпорындары өнім өнідірісін 2004 жылы алдыңғы  жылға қарағанда 10,2% ұлғайтты.

Өнеркәсіп  өнімдерінің жалпы  қала бойынша  өсуін өңдеу  өнеркәсібінің  кәсіпорындары қамтамасыз етеді. Осы қала бойынша  өндірілген  өнімнің  көлемі есеп беру беру кезеңіне 156311,8 млн теңгеге жетті.

Алматы – Қазақстанның ірі өнеркәсіп және қаржы орталығы. Мұнда машина жасау өнеркәсібінің «Алматы ауыр машина жасау зауыты», «Поршень зауыты», «Электроприбор», жеңіл өнеркәсіпте  «Жетісу», «Қыз Жібек», т.б. іргелі акцион қоғамдары жұмыс істейді. Қалада 11 494 жеке меншік, 513 біріккен кәсіпорын, 317 шетелдік кәсіпорын бар. Олар 1997 ж 41,5 млдр теңгенің өнімін шығарды. Шағын және орта бизнес кәсіпорындары 11 мыңнан асады. Алматыда 54 дербес банк және 30 банк филиалы  жұмыс істейді.

Қазіргі таңда  ААҚОАСА мистігінде++++ 14 элемент бар – «Астана - Финанс» АҚ, Кредит АҚ, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ, «Концерн» «Цесна Астық» ЖШС, «Экотон», АҚ «МАG», АҚ «Қазақтелеком», АҚ «Қазкомерцбанк» АҚ, «Темірбанк» Ақ «АТФ БАНК».Қала кәсіпорындары АҚШ, Италия, Туркия, Германия және Ресей фирмаларымен іскерлік қатынастары дамуда.Алматы- еліміздің ең ірі көлік байланыс торабы. 1992 жылы маусымда Алматы-Үрімші тас жолы көлігі  тұрақты қатынай бастады. Алматы  әуежайы  Жер шарының  кез келген  мемлекетімен байланысуға мүмкіндік береді. Қала қаржы  мен сауданың халықаралық орталығы мәртебесін сақтап қалды.

«Алматы» - Алматы қаласына арналған энциклопедиялық – анықтамалық басылым. 1983 жылы «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы әзірлеп, баспадан шығарған. Қазақ және орыс тілдерінде жеке-жеке басылған Кітапқа барлығы  1722 мақала енгізілген. Басылым түрлі-түсті суреттермен көркем  безендірілген. Көлемі – 77,5 бет, таралымы – 30 мың дана. Кітап Қазақстанның сол кездегі астанасы Алматы қаласымен оның төңірегінің  табиғаты, халқы, тарихы, экономикасы, қала құрылысы мен архитектурасы, халық ағарту  ісі, физкультура мен спорт, бейнелеу өнері, театры, музыкасы, кино өнері, халықаралық байланыстары туралы мәліметтер береді. Энциклопедиясының алфавиттік бөлімінде астана аудандары, кәсіпорындар, мекемелер мен оқу орындары, денсаулық және спорт орталықтар, алаңдар мен көшелер, тарихи  орындар мен ескерткіштер жайындағы материалдар топтастырылған. Қалада бұрын-соңды  қызмет атқарған  көрнекті қоғам қайраткерлері соғыс және еңбек ардагерлері, ғалымдар мен өнер адамдары, ақын-жазушылар өмірімен таныстырады. Энциклопедия 1996 жылы орыс тілінде біраз ықшамдалып, жаңартылып қайта басылды.

«Алматы» - Алматыдағы қонақ үйі. 1967 жылы салынған. Сәулетшілері – И.А.Карташ, А.Я.Чиркин, Н.Н.Рипинский, инженер С.И.Қаламжаров 8 қабатты ғимарат иілген пластина сияқты жасалып, маңайындағы бульварлар мен гүлзарлар, алдындағы  опера және балет театры ғимаратымен әдемі жарасымдылық тапқан. «Алматы» қонақ үйінің  ғимараты 20 ғасырдың 70 жылдарындағы сәулет өнерінің  озық үлгісі саналады. Бірыңғай  көлденең жолақтар арасында биік қабаттағы терезелері, фасадқа үйлесіп, ауада қалқып тұрған  сияқты жеңілдік береді. Қонақ үйде  540 орындық 280 бөлме, 250 орындық  банкет залы 1 қабат мейрамханасы бар.

«Алматы ақшамы» - Алматы қалалық әкімшілігі мен қалалық мәслихатының газеті. Бірінші саны 1989 жылы 1 шілдесінен бастап «Вечерняя Алма-Ата», газетінің  аудармасы ретінде жарық көрген. 1990 жылы 17 ақпанынан дербес газет болып шыға бастады. Алғашқыда 40 мың данамен тек Алматыда, 1982 жылдан кейін Алматы, Талдықорған, Семей, Шымкент, Қызылорда, Жамбыл облыстарына тарады. Алматы қаласының әлеуметтік экономикалық өміріне байланысты мақалалар жариялап келеді. 

Алматы ауыр машина жасау зауыты

Металлургия кәсіпорындарына созу станы мен прокат жабдықтарын, көпшілік тұтынатын басқа да бұйым шығаратын ірі кәсіпорын. Зауыт 1941 жылы көшіріліп әкелінген Луганск паровоз жасау зауытының үш цехы  негізінде құрылды. 1942 жылдың  наурыз айынан майданға қажетті өнімдер, ал, 1946 жылдан прокат жабдықтарын шығарды. Кәсіпорында кейін негізгі өнідірстік және қосалқы цехтар  салынды. Өндіріс тұйық технологиялық циклмен ұйымдасқан, ол металлургиялық құю жұмыстарынан басталып, құрастыру және өңдеумен аяқталады. Прокат жабдықтарын, созу стандартын және басқа да металл өнімдерін шығарады. Кәсіпорын  1951 жылдан өнімдерін  Англия, Жапония, Франция, АҚШ, Болгария, Венгрия және басқа да елдерге шығарып, кезінде Қазақстан ауыр машина жасау кәсіпорындарының көшбасшысы атанды. Кәсіпорын шығарған құбыр  және сым  жасауға арналған стандар, детальпрокат агрегаттары, қара және түсті металлургия өнеркәсібі жабдықтарының  қосалқы бөлшектері, сымды  электротермикалық және  химиялық жолмен өңдеу қондырғылары, шойын мен құрым құймалары бағасын алды. 1992 жылы Алматы ауыр машина жасау  зауыты акционерлік қоғамға айналып, ал 1997 жылы ашық түрдегі акционерлік қоғам болып қайта құрылды.

Алматы ашытқы зауыты – Қазақстандағы нан ашытқысын өндіретін бірден бір өндірістік арнаулы кәсіпорын негізі 1969 жылы қаланған 1993 жылы «Ашытқы зауыты» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

Зауыт престелген, кептірілген және аса сапалы нан ашықтыларын шығарады.

Алматы Байланыс колледжі – радиотехника, электрлі байланыс технигі мамандарын даярлайтын арнаулы орта оқу орны. 1930 жылы Алматы байланыс политехникумы болып ашылған. 1940 жылы Алматы байланыс колледжі  болып аталып кеткен. Күндізгі бөлімінде экономикалық, бухгалтерлік есеп және қадағалау, көп каналды электрлі байланыс, радиобайланыс, радио-хабарламасы және теледидар, почта байланысы, метеорологиялық, радиотехникалық жүйелерді іске қосу салалары бойынша мамандар даярлайды. Сырттай оқытатын бөлімі бар.

Алматы Ет-консерві комбинаты – «Құлан акционерлік қоғамы» – Алматы қаласындағы ет өңдеуге, шұжық түрлерін, ет консервілерін, құс етін даярлауға, дәрі-дәрмектік заттар әзірлеп, сүйектен ұнтақ жем өндіруге, тері тұздауға, мамандандырылған кәсіпорын. Комбинат 1938 жылы іске қосылған. 1991 жылы «Тұлпар» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. 1994 жылы Құлан акционерлік қоғамы деп аталды. 1997 жылы кәсіпорыннан «Құланавтобаза», «Энергия», «Нұр әлем»,  «Алматы ет» акционерлік қоғамдары бөлініп шықты. Кәсіпорын бірнеше  рет қайта жабдықталып кеңейтілді. Барлық жұмыс процесі механикаландырылған.

Алматы дәрігерлер Білімін жетілдіру институты – медицина саласындағы мамандары біліктілігін көтеруге арналған мемлекеттік жоғары оқу орны. Институт  Алматыда 1963 жылы ұйымдастырылған. 1993 жылдан бастап С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік Медицина университетінің құрамында. Институт  ұжымы  дәрігерлер білімін жетілдірумен қатар, ғылыми және алдын ала емдеу жұмыстарымен де шұғылданады. Институтта еліміздің М.Әлиев, Т.Шорманов, Х.Мырзалиева, Г.К.Ткаченко сияқты көрнекі маман-ғалымдары мен денсаулық сақтау ісінің белгілі ұйымдастырушылары қызмет етті.

Похожие материалы