Экономика
Apple-ге Еуропада 13 млрд еуро салық төлемеген деген айып тағылды
Ирландия, 31 тамыз. - 7kun.kz Еуропалық комиссияның антимонопольді органы Apple корпорациясынан Ирландияға 13 млрд еуро көлемінде (14,5 млрд доллар) салық төлеуді талап етіп отыр.
Еурокомиссияның хабарламасында жазылғандай, Ирландия компанияға салық төлеу үшін үлкен жеңілдіктер ұсынып, Apple-дің табыс салығын тек 1% көлемінде белгіленген. Ал өз кезегінде америкалық корпорация елде жұмыс орындарын ашуы қажет болған.
Басқа компанияларға мұндай мүмкіндіктер ұсынылмағандықтан монополияға қарсы орган мемлекеттік жеңілдікті ЕО заңдарын бұзу деп есептеді. Дублинге Apple-дің ирландиялық екі бөлімшесіне 12,5% деген мөлшерлеме бекітуге тапсырма берді. Еуропалық комиссияның шешімінен кейін Apple акциялары 3%-ға дейін төмендеді.
Ирландияның қаржы министрлігі бұл шешімге қарсы шығып, Apple салықты төлеп, мемлекеттен ешқандай көмек алмаған деп мәлімдеді. Елдің қаржы министрі Майкл Нунан Еурокомиссия шешімін еуропалық сотқа аппеляция беретіндігін хабарлады.
Apple-дің өзі де реттеуіштің шешіміне қарсы шығып, Еурокомиссия ирландиялық салық заңын ескерместен, компанияның еуропалық тарихын қайта жазып шықпақшы деп кінәлады.