Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Апта басында теңге әлсіреді

Апта басында теңге әлсіреді

Алматы. 26 қараша. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 370,30 теңгені құрады. 23 қарашадағы таңғы сессиямен салыстырғанда (366,25 теңге / $1) ұлттық валюта 4,05 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 368,90 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 371,05 теңге, жабылу курсы бір долларға 370,60 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 22 млн 250 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 37.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 372 теңге, Алматыда – 373 теңге.

Ұлттық Банктің 26 қарашадағы ресми бағамы 1 доллар үшін 366,05 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы