Тұрғын үйден гөрі коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу құны жылдам қымбаттаған. 2016 жылдың ақпан айында коммерциялық алаңдар былтырғы жылмен салыстырғанда 20%-ға қымбат берілді. Бұл туралы Ranking.kz хабарлайды.
«Қазіргі жағдайда өсім салыстырмалы түрде болып отыр. Доллар эквиваленті бойынша коммерциялық ғимараттардың бағасы түскен. Ал теңгемен есептегенде біршама жоғарылаған", - дейді сарапшылар.
Жалға алу құнының көлемі бойынша, бір жыл ішінде фотосалондар мен ақша айырбастау пунктерінің бағасы қымбаттаған. 2016 жылдың ақпан айында аталған орындардың 1 шаршы метрі 9 мың теңгені құрап, бір жыл ішінде фотосалондарды жалдау 2,2 есеге, ал айыбас пунктерін жалдау бағасы 60%-ға артқан. Ақпан айында айырбастау бөлімшелерінің жалдау бағасы 8,5%-ға қымбаттап, коммерциялық ғитараттар арасында көш бастап тұр.
Сондай-ақ, асхана орындары (1 жыл ішіне жалға алу бағасының өсімі - 51,5%), шаштараз бен сұлулық салондары (41,5%) және өндіріс цехтарының бағасы (40,6%) қымбаттады.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024