Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ақша айырбастау пунктерін жалға алу құны қымбаттады

Ақша айырбастау пунктерін жалға алу құны қымбаттады

Тұрғын үйден гөрі коммерциялық жылжымайтын мүлікті жалға алу құны жылдам қымбаттаған. 2016 жылдың ақпан айында коммерциялық алаңдар былтырғы жылмен салыстырғанда 20%-ға қымбат берілді. Бұл туралы Ranking.kz хабарлайды.

«Қазіргі жағдайда өсім салыстырмалы түрде болып отыр. Доллар эквиваленті бойынша коммерциялық ғимараттардың бағасы түскен. Ал теңгемен есептегенде біршама жоғарылаған", - дейді сарапшылар.

Жалға алу құнының көлемі бойынша,  бір жыл ішінде фотосалондар мен ақша айырбастау пунктерінің бағасы қымбаттаған. 2016 жылдың ақпан айында аталған орындардың 1 шаршы метрі 9 мың теңгені құрап, бір жыл ішінде фотосалондарды жалдау 2,2 есеге, ал айыбас пунктерін жалдау бағасы 60%-ға артқан. Ақпан айында айырбастау бөлімшелерінің жалдау бағасы 8,5%-ға қымбаттап, коммерциялық ғитараттар арасында көш бастап тұр.

Сондай-ақ, асхана орындары (1 жыл ішіне жалға алу бағасының өсімі - 51,5%), шаштараз бен сұлулық салондары (41,5%) және өндіріс цехтарының бағасы (40,6%) қымбаттады.

Похожие материалы