Алматы. 25 маусым. 7kun.kz – Жалпы алғанда, Арыс қаласындағы жарылысқа байланысты медициналық көмекке 165 адам жүгінген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Үкімет отырысында мәлімдеді.
«Медициналық көмекке 165 адам жүгінген. Оның ішінде 76 адам медициналық көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емделуге жіберілді, 89 пациент стационарлық емдеуге жатқызылды, реанимациялық бөлімшелерде аралас жарақаттар диагнозымен 15 пациент бар. Пациенттердің негізгі контингенті Шымкент қаласының облыстық клиникалық, балалар, қалалық клиникалық ауруханасында орналасқан. Қалған науқастар – Түркістан облысының орталық және аудандық ауруханаларында», - деді Біртанов.
Оның мәліметінше, медициналық көмек көрсету үшін Арыс қаласы, Ордабасы ауданы, Түркістан, Кентау және Шымкент қалаларының 22 жедел медициналық жәрдем бригадасы жұмылдырылып, қосымша Жамбыл облысынан төрт бригада жіберілді. Тағы 12 бригада толық дайын, санитарлық авиация желісі бойынша консультациялық көмек көрсету үшін бригада да дайын. Сондай-ақ, құрамында реаниматологтар, травматологтар, балалар реаниматологтары мен нейрохирургтары бар екі мультидисциплинарлық бригада да дайын.
Сонымен қатар, медициналық көмек көрсету үшін орталық аудандық ауруханаларға (Отырар, Ордабасы және Сарыағаш аудандары) камбустиолог-дәрігерлер, нейрохирургтер, реаниматологтар мен неврологтар жіберілді. Мамандар зардап шеккен үш науқасқа консультациялық көмек көрсетті.
«Қазіргі уақытта мамандар сол жерде операция жасады. Қажет болған жағдайда екі тікұшақ медициналық жабдықтармен жабдықталған», – деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024