Познавательный
Audi премиум автокөлік өндірушілерінің арасында бірінші орынға шықты
Германияның Audi компаниясы 2015 жылдың сәуір айында сатылым көлемі бойынша дүниежүзілік премиум-класс өндірушілерінің арасында бірінші орынға шықты, ол BMW мен Mercedes-Benz-ты басып озды деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Volkswagen бөлімшесі болып табылатын Audi сатылымдары өткен айда 2,5%-ға, 152,85 мың автокөлікке дейін артты.
Салыстыру үшін айта кетелік: BMW сатылымдары 5,6%-ға, 148,896 мың автокөлікке жоғарыласа, Mercedes-Benz сатылымдары 11%-ға, 148,072 мың автокөлікке дейін артқан.
Audi сатылымдарының өсіміне АҚШ-тағы жол талғамайтын Q5 және Q7 үлгілеріне деген сұраныс себеп болды.
"Негізгі үлгілер буыны ауысқалы жатыр және өткізу нарықтары өзгеріске ұшырауда, осыған қарамастан біз өткен жылғы рекордтық көрсеткіштен асып түстік. Келесі айларда біз дүние жүзі бойынша өсімді одан әрі арттырмақпыз", - деп мәлімдеді Audi компаниясының маркетинг және сатылым жөніндегі директоры Лука де Мео.
Дегенмен 2015 жылдың басынан бері сатылымдар бойынша көш басында BMW - оның сатылымдары қаңтар-сәуірде 5,5%-ға, 600,473 мың автокөлікке дейін артқан.
Осы кезеңі ішнде Audi 591,05 мың машина (+5,2%), Mercedes-Benz - 577,674 мың автокөлік (+14%) өткізген.