Жезқазған мыс балқыту зауытының қайта жөнделуге жабылуы, компанияларын қайта жасақтау, жаңа кен орындарын іздеуге ұмтылуы Қарағанды облысы халқының көңіліне томпақ келіп отыр. Көпшіліктің айтуынша, «Қазақмыс» аймақтан кетуі мүмкін. Алайда, компания басшылығы бұл жаңалықты жоққа шығарып, өңірде қалып, ары қарай дами беретінін айтты.
Қайта құру ‒ ең дұрыс шешім «Қазақмыс» компаниялар тобының баспасөз мәслихатында айтылғандай, корпорацияны қайта құру соңғы бірнеше жыл бойы жүргізіліп келеді. Компания басшылығы есептері бойынша, реформалар арқылы активтер тобын жеке дамыту өнімділікті арттырып, түсімнің көбейтеді, компанияның дамуы үшін қосымша мүмкіндіктер береді. Қайта ұйымдастыру әр бір кәсіпорынның жұмысын өнімді ете түседі.
Қарағанды, Жезқазған және Балқаштағы көпжылдық өндіріс алаңдарының активтері «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-де қалады. Сөйтіп, «Қазақмыс» өз жұмысына жеке, қоғамдық емес компания ретінде жалғастыра беретін болады,» - делінген болатын баспасөз мәжілісінде.
Нақтырақ айтқанда, қазіргі жұмыс істеп тұрған төрт кеніш пен үш кен байыту фабрикасы ШҚО-да, үш өсімді жоба ‒ Босшакөл, Ақтоғай, Көксай, сондай-ақ, Қырғызстандағы Бозымшақ кеніші «KAZ Minerals PLC» компаниясының құзырында қала беретін болады. Бұл активтерге сәйкес, 10 000 адам жұмысқа алыну жоспарланып отыр.
«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС құрамында 12 кеніш, 4 кен байыту фабрикасы, 2 мыс балқыту зауыты, 2 көмір кесетін және 3 көмекші электростанция бар. 2013 жылдың 31 желтоқсанында активтерге сәйкес 40 000 адамдық жұмыс орны бар болатын.
«Қазақмыста» қайта құру кезінде әр компанияның өзіндік ерекшеліктерін ескеретін болады, соның ішінде географиялық жағдайы, өндіру қызметі және инвестициялық қажеттіліктер есепке алынад. Ал кәсіпорындарға қойылатын басты талаптардың бірі ‒ өз бетімен шаруашылық жұмыстарын дұрыс жүргізе алу.
Сондай-ақ, басшылықтың айтуынша қайта құру кезінде жұмыс орындары қысқармайды. Керісінше, кәсіпкерлерге өз алдына қойған мақсаттарына сай дамуға және жұмысшылардың тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Мыс зауыты өндіріске дайындалып жатыр
«Қазақмыс» Жезқазған өңіріндегі басты кәсіпорын болғандықтан, Қарағанды облысының Жезқазған және Сатпаев секілді ірі қалаларының халқының көпшілігі осы компанияда жұмыс істейді.
Осыған байланысты тұрақты жұмыс орнын сақтау және өндірісті жаңашаландыру компанияның басты мақсаттарының бірі болып саналады. Бұрынғы жұмыс орындары мен айлық көлемі сақталады. Ал, қайта құрудан кейін, гидрометаллургиялық жұмыс жүйесінен көшкен соң қызметкерлер айлығы жоспарланған жұмыс көлеміне қарай реттелетін болады. Жұмысшылардың айлығы штаттық кесте бойынша қойылады‚ - делінді «Қазақмыстың» баспасөз мәжілісінде.
Сондай-ақ, «Kazakhmys Smelting» ЖШС Жезқазған мыс балқыту зауыты өндіріске дайын. Ол бұрынғы технология ‒ қорытуметаллургия бойынша жасақталып жатыр. Онымен бірге, Жезқазған байыту фабрикаларынан келген концентраттарды жүктеу жұмыстары, металургтер құрал-жабдықтарды қайта ретке келтіріліп жатыр.
- Қазіргі кезде ЖМЗ-да рудақыздыру пешін іске қосу және ескі технологиялық жүйемен жұмыс істеуді жалғастыру жоспарлануда. Зауыт басшылығы алғашқы сынамалы мысты осы жылдың қазан айының соңында өндіруді жоспарлап отыр. Ал, алғашқы катодты өнім қараша айының үшінші жартысында шығарылады. Кәсіпорынның жылдың қуаты 100 тонна мыс өндіруге жетеді. Мыс балқыту зауытын салу мемлекеттің көмегінің арқасында және металл нарығының экономикалық деңгейінің жақсаруына байланысты болып отыр. Зауытты іске қосумен қатар, өндірістік тәжірибелік цех салу мәселесі қарастырылып, корпарация жобалау ісіне кірісіп жатыр. Сонымен қатар, жаңа бұрғылар да іске қосулыда.
Жаңа мыс кеніштері ашылуда
Компания басшылығы қауіптің бар екен жасырмайды. Жезқазған аумағындағы шикізат соңғы елу жыл бойы қазылып алынып келеді. Ресурс азайып, руда құрамындағы мыс көлемі азайып барады. Бірақ, геологиялық және таулы жүргізгіш компаниялар жаңа мыс қорын іздеу жұмысын жүргізіп жатыр. «Қазақмыс» жыл сайын геологиялық жобаларға қомақты қаржы бөліп келеді.
- 2013 жылы «Қазақмыс» компаниясы 1 млрд. теңге көлемінде Жезқазғандағы геологиялық іздеу жұмыстарын жүргізуге ақша бөлген, деп хабарлайды компанияның баспасөз хатшылығы. Іздеу жұмыстары Жезқазғанның орталық аймақтарында: Жыланды және Жезқазған қапталында жүргізілді. 2013 жылғы көрсеткіштер бойынша, 15600 метр оңтүстік және шығыс Жезқазған кенішінен. Ал, Қарашошақ кенішінің батыс, оңтүстік батыс пен солтүстік шығыс бөлігі толығымен игеріліп, қазу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда Итауыз елді-мекенінде кен қазылып, келесі кезекте Жомарт кенішінен кен өндіру жоспарға енгізілді.
Сонымен қатар, кен орындарына таяу маңдағы халықты көшіру мәсеселесі де қарастырылып жатыр. «Қазақмыс» бұл мәселеге 150 млн. доллар көлеімінде қаржы бөлген.
Кәсіби техникалық білім және бизнес
Нарықтағы түсті металл құнының арзандауына қарамастан, «Қазақмыс» алдағы уақытта өзін әлеуметтік тұрғыдан әлеуетті компания ретіндегі позициясын сақтап қалады.
- Корпорация келісімшарттарға сәйкес, жергілікті қала мен елді-мекендер басшыларымен ынтымақтастықтығы жалғаса береді. Жұмысшыларға әлеуметтік жеңілдіктер берілу арқылы жұмыс сапасын арттыру көзделіп отыр.
2008 жылы «Қазақмыс» Сатпаев қаласында «Технологиялық колледжін»» ашып, кен орындарында жұмысшы, геологиялық және маркшейделік сала мамандарын дайындауды бастады. Оқу орнын компания қаржыландырады. Студенттерге стипендия төленіп, жетім балалар мен әлеуметтік жағдайы төмен балаларға материалдық көмек көрсетіледі. Колледж соңғы технологиялар бойынша оқытылып, жаңа құрылғылармен жабдықталған. 2012-2013 жылы колледжді 300 кәсіпқой маман тәмамдап шықты.
- Жезказған өңірінде соңғы үш жыл ішінде «Кәсіпкерлер мен өндірушілер ассоциациясы» жұмыс істейді. Бүгінге дейін 57 заңды тұлға, оның 22 –сі өз өнімін өндірсе, ал жұмысшылардың жалпы саны - 2518 адам. Ассоциация құрылған уақыт ішінде, өнеркәсіптерде 400 адам жұмысқа алынды.
Корпарацияның баспасөз хатшылығы хабарлағандай, ассоциация «Қазақмыс» кәсіпорындарына түрлі қызмет түрлерін ұсынады: жұмыс формаларын тігу, жөндеу жұмыстары, азық-түлік әкелу, асханалардағы жұмыстар, өндіріс қауіпсіздігін сақтауды қадағалау. Сонымен қатар, тау-кен орындарына қажет құрал -жабдықтардың бөлшектерін дайындайды. Осылай көптеген кәсіпорындар корпарацияның бизнес-әріптесі болып, «Қазақмыс» жүйелі жұмыс жасап келеді.
Жәния Әбдібек, Әл-Фараби ат. ҚазҰУ, журналистика факультеті
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024