Астана. 19 маусым. 7kun.kz - Қазақстан Airbus-тың Defence&Space тапсырысын орындауға кірісті. Бұл туралы Қорғаныс және әуе-ғарыш министрлігі хабарлады.
Келісім бойынша, Қазақстан жалпы құны 60 млн еуро болатын жер серіктері бөлшектерін өндіреді. Қазіргі уақытта күн өткізгіштері мен экран-вакуумды термоизоляция өндірісі басталып кетті.
Контракт Астанада "Ғарыш аппараттарын жинақтау және сынақтан өткізу кешенінің" қолданысқа енгізілген уақыттан бастап алғашқы 5 жыл көлемінде жұмыс істейді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Airbus қазақстандық бөлшектерді байланыс серіктерін жасауға, Жерді және ғылыми-технологиялық серіктерді қашықтықтан бақылауға қолданады.
Айта кетейік, бұған дейін Airbus ірі лайнердің жаңа нұсқасын ұсынған болатын.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024