Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшуі (курстық жұмыс)

Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшуі (курстық жұмыс)

Аралас экономика дегеніміз бұл мемлекеттің тікелей араласуы емес аралас деп атаймыз. Жеке меншікте бар және мемлекетін меншігіде бар. Мемлекетің меншігіне темір жол, космостық аймақтар және тағы басқалар жатады. Қазақстан Республикасын аралас экономика деп санауға болады. Өйткені мемлекеттің үстемдігі бар.

1993-1995 жылдары қабылданған Конституцияда белгіленген жеке меншікті мойындады Аралас нарықтық экономика дегеніміз не? Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: «Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтырудың нақтыланған алып жүйесі болып табылады», әрі қарай ол: «Аралас экономика - бұл нарықпен, бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика» — дейді.

Қазақстан Республикасы қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады. Ол бәсекелестік бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра — өзара іс-әрекетке негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметтік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады.

Қандайда бір экономикалық жүйедегі әртүрлі меншік түрлерінің арақатынасы қандай болуы керек? ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысына дейін өмір сүрген еркін нарықтық экономика дәуірінде (монополистік капитализмге дейінгі жүйе), ұсақ жеке меншік артығырақ сипатқа ие болады. Ұсақ кәсіпкерлер өзара еркін бәсекелесті. Бұл еркін бәсеке дәуірі еді. ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысынан бастап ҒТР-ның әсерінен акционерлік (корпоративтік) қоғам түрі қалыптаса бастады. Ал, ХХ-шы ғасырдың басынан мемлекеттік меншік үлесі кәдімгідей өсе бастады.

Қазіргі уақытта жетілмеген (еркін емес) бәсеке жағдайында, нарықты реттеу дәуірінде меншік түрлерінің құрылымы кәдімгідей өзгерді: жеке меншік 30-35% көлемін, корпоративті (ұжымдық) меншік көптеген бөлігін, яғни 50%-ын және мемлекеттік меншік 15-20%-ды құрайды.

Мемлекеттік меншіктің үлесі көбінесе елдің экономикалық даму ерекшелігімен анықталады.

Аралас экономиканың алғашқы көрінісі — экономиканы реттеуге мемлекеттің араласуы. Бұл ең алдымен мемлекеттің экономикалық қызметінің күшеюінен керінеді, бұған сұранысты ынталандыру, салықты реттеу арқылы инвестицияны ынталандыру, амортизацияны жылдамдату және т. б. шаралар кіреді. Аралас эконсмикаға тән белгінің бірі — мемлекет пен бизнестің өзара байланысы. Бірақ мұңда басқа да көптеген аралық буындар мен элементтер бар, ол әр түрлі өнеркәсіп, сауда, саяси топтардың мүддесін білдіріп, қоғамдық өндірісті біртұтас өзара байланыстың түрлері     мен саяси лоббизм жолымен реттеуге қатысады.

  1. Аралас экономиканың мәні, маңызы

ЭКОНОМИКАНЫ  ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Күнделікгі экономикалық өмірде адамдар арасындағы қатынастар әрқашанда белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет жасайды.

Экономикалық жүйе - бұл экономикалық процестердің жиынтығы. Ол калыптаскан мүліктік қатынастар мен ұйымдық түрлер негізінде коғамда жүзеге асады.

Әлемдік экономикалық әдебиеттерде экономикалық жүйені топтаудың кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі:

  1. Меншік типтері бойынша;
  2. Экономиканы ұйымдастыру типтері бойынша.

Осындай әдістер негізінде экономикалық жүйені төмендегідей типтерге бөледі:

а) дәстүрлі экономика;

ә) әкімшілдік-әміршілдік экономика;

б) еркін бәсекелестік (таза капитализм) нарықтық экономика;

в) казіргі нарықтық экономика (қазіргі капитализм) немесе аралас экономика.

Енді осы типтерге толығырақ тоқталайық.

а) дәстүрлі экономика тұйық, оқшау шаруашылыққа негізделеді. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырған дәстұр мен салт, қандай тауарды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықтады. Экономиканың осы түрі бұрынғы заманға қарағанда, Азия, Латын Америкасы мен Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі.

ә) еркін бәсекелестік нарықтық экономика ресурстарға жеке меншікгік және тауар өндірушінің еркін бәсекелік механизмімен сипатталады. «Тұлға өзінің барлық материатдық және рухани мүмкіндіктерін өз пайдалылығы үшін қолдануға тырысады. Ол күнделікті өмірде коғам үшін пайда келтіруді ойламайды. Адам тек өзінің мүддесін көздейді, бірақ, бұл жағдайда көптеген басқа кездегідей, ол көрінбейтін қолмен, мақсатқа қарай бағыттаңды және оның ойында бұл болғандай емес. Өзінің ойлаған мүддесін тіпті саналы түрде көздегенмен де, ол қоғам мүддесіне батымды-ақ жиі қызмет жасайды».

Мұндай экономика ең идеалды экономика ретінде қарастырылады. Еркін (либералды) нарықтық экономиканың негізін қалаушы А. Смит болды. Ол нарықтық экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеді. Алайда еркін нарықтық экономиканың нақты қызмет атқаруы көрсеткеніндей, оның бөлінбес серігі — артық өндіру экономикалық дағдарысының үнемі туындауы болып келеді. Экономикалық дағдарыстар тарихын зерттеуі көрсеткендей, олар 1825 жылдан бастап үнемі әрбір 8-10 жылда қайталанып отырады. Дағдарыс кезінде саудада тоқырау басталады, нарыққа өтпейтін өнімдер мөлшері толып кетеді, қолма-қол ақшалар айналымнан жойылады, зауыт пен фабрикалар тоқтатылады және жұмысшылар жұмыссыз қалады. Тоқырау жылдарға созылады және экономика бүлінеді.

Экономикалық жүйенің типтері мен моделдері

1 кесте

    Негізгі белгілері                Т   И   П   Т   Е   Р
Мемлекеттікжоспарлы Н А Р Ы Қ 
XVII-XIX ғғ Қазіргі ХХ-шы ғасыр
Әкімшідік-әміршілдік Еркін бәсекелестік Аралас бағытталған Әлеуметгік аралас
Өндірісті коғамдастыру-дың көлемі Қоғам (мемлекет) шеңберінде Кәсіпорын шеңберінде Шаруашылықты бөлшектеп мемлекеттендіру Шаруашылықты бөлшектеп мемлекеттендіру
Меншік түрінің басымдырақ болуы Мемлекеттік Жеке инди-видуалды   Жеке ұжымдык мемлекеттікпен   Жеке ұжымдык мемлекеттікпен  
Экономиканы реттеу Мемлекеттік Нарықтык өзін-өзі реттеушілік Нарықтык және мемлекеттік Нарықтык және мемлекеттік
Әлеуметтік- Тұрақты Өндірістің Әрбір 8-10 жыл сайын болатын экономикалық дағдарыстар Экономикаға мемлекеттің араласуы. Экономикалық дағдырыстарды ескерту мен бәсендету бойынша антикалық шаралар.
Әлеуметтік Кепілдіктер Күшті мем-лекеттік әлеуметтік қорғау, мүлік тепе-теңсіз-дігін жою Азаматтардың әлеуметтік қорғалмауы Жеке және мем-лекеттік әлеумет-тік сақтандыру корларының кұрылуы Күшті әлеумет-тік корғау, мүлік тепе-тенсіздігш азайту.

б) әкімшілдік-әміршілдік экономика. Нарықтық экономикадағы еркін бәсеке және оны тереңірек талдау құбылысы әкімшілік-әміршілдік экономика теориясының пайда болуына ықпал етеді. Әміршілдік экономика теориясынын ұраны: «Қазіргі өндіргіш күштермен олардың ұғыну бейнесінде, тіпті табиғатымен қарау байқалады. Өндірістегі қоғамдық анархия өндірісті қоғамдық-жоспарлы реттеумен алмастырылады».

Әкімшілдік-әміршілдік экономиканың нарықтық экономикаға қарағанда артықшылығы мынада: ол ашық түрде жұмыссыздықты, өндірістің тым құлдырауын болдырмайды. Ал қиын шешуші кезеңде елдің материалдық еңбектік және ақша қорларын ірі халық шаруашылығынын міндеттері мен бағдарламасын жүзеге асыруға шоғырландырады және жұмылдырады. Сондықтанда жоспарлау жүйесін қоғамдық меншікке негізделген социалистік елдер ғана емес, жеке меншікке негізделген кейбір капиталистік елдерде қолданады. Айталық, екінші дүние жүзілік соғыс кезеңінде бұл гитлерлік Германияда байқалды. Экономиканың ауқымды салалары мен барлық салалары орталық жоспарлау және соғыс ұйымдарының тікелей бақылауында болды. Осы кезендерде Англия мен АҚШ-да дәл солай жүзеге асты.

Әміршілдік-әкімшілдік экономиканың олқылықтары мынадан байқалады.

Біріншіден, барлық шаруашылық сауалдарын көп сатылы бюрократтық инстанциясы арқылы шешу қажет болды. Олардың келісімін алуға көп уақыттын кетуі - барынша кедергі болып табылады. Мұндағы басты мақсат — жаңа өнімді шығару қажетгілігі, жаңа техника мен технологияны өндіру болмақ. Ал келісімге кеткен уақыт бұған кедергі жасайды.

Екіншіден, кәсіпорын жоспарынын орындалуы туралы тұтынушы алдында емес, жоғары жақтағы орталық ұйымдар алдында есеп береді. Кәсіпорын есебі бұрыстау, боямалы ақпараттан құрылады. Сондықтанда орталық ұйымдар экономика және тұтынушылардың қажеттілігі туралы көбіне нақты көзқараста бола алмайды.

Осының барлығы әкімшілдік-әміршілдік экономиканы тиімсіз етеді және оны әртүрлі тапшылыққа алып келеді.

в) қазіргі нарықты экономика аралас экономика ретінде болуда.

Аралас нарықтық экономика дегеніміз не? Американ экономисі Пол Самуэльсон былай деген: «Аралас экономика экономикалық өмірдің нашарлауын жалпы сауықтырудың нақтыланған алып жүйесі болып табылады», әрі қарай ол: «Аралас экономика - бұл нарықпен, бұйрық, дәстүр элементтерімен бірге болатын экономика» — дейді.

Аралас нарықтық экономика теориясынын түп тұлғасы болып «конвергенция» теориясы (авторы — Нидерланд экономикалық мектебінің профессор-экономисі Ян Тинберген) және «жаңа индустриалды қоғам» теориясы (авторы — Гарвард институтының профессор-экономисі Джон Кеннет Гэлбрейт) жатады. Дж.Гэлбрейт «жаңа индустриалды қоғамды» аралас экономиканын ерекше бір типі ретінде қарастырып оның нарықты және жоспарлы жүйеден тұратынын айтқан.

Аралас экономикада «нарықтық механизм баға мен көптеген саладағы өндірісті анықтайды, олай болса, мемлекет нарықты салық салу, шығынмен реттеп отырады» - деп жазған болатын Пол Самуэльсон.

Әлеуметтік аралас нарықтық экономика теориясының негізін қалаушы герман экономисі, Фрайбург университетінің профессоры Вальтер Ойкен (1891-1950 жж.) болып табылады. Оның тұжырымдамасының құрамдас бөлігі: әлеуметтік қорғаудың толығырақ жүйесін мүмкіндігі келгенше нарықтық экономикаға қол жеткізу негізінде жасау болмақ. Бұл тұжырымдаманың ұраны мынау: «... адамды экономикалық саясатқа емес, экономикалық саясатты адамға бейімдеу».

Аралас әлеуметтік бағытталған экономикалық саясатқа емес экономикаға мысал ретінде «швед моделі» жатады. Мұнда барлық негізгі қордың 4%-ы мемлекеттің қолдануында болады, ал барлық мемлекеттік шығындардың жартысы әлеуметтік мақсатқа бағытталады.

Іргелі әлеуметтендіру қорытындысы мынада: «өндірістің қызметі көбінесе жеке кәсіпорынға жүктеледі, себебі бәсекелестік негізде іс-әрекет

жасайды. Ал, жоғарғы деңгейде өмір сүру қызметін қамтамасыз ету (барлық әлеуметтік инфрақұрылымның, оның ішінде мынандай саланы — жұмыссыздық, әлеуметтік сақтандыру, білім, көлік, байланыс, ғылымды қосқанда) мемлекетке жүкгеледі».

Қазақстан Республикасы қалыптасуы мен дамуының стратегиялық мақсаты аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономика болып табылады. Ол бәсекелестік бастауға, меншіктің негізгі түрлерін араластыра — өзара іс-әрекетке негізделеді. Олардың әрқайсысы жалпы экономикалық және әлеуметтік өзара байланыс жүйесінде өз қызметтерін атқарады.

Қандайда бір экономикалық жүйедегі әртүрлі меншік түрлерінің арақатынасы қандай болуы керек? ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысына дейін өмір сүрген еркін нарықтық экономика дәуірінде (монополистік капитализмге дейінгі жүйе), ұсақ жеке меншік артығырақ сипатқа ие болады. Ұсақ кәсіпкерлер өзара еркін бәсекелесті. Бұл еркін бәсеке дәуірі еді. ХІХ-шы ғасырдың екінші жартысынан бастап ҒТР-ның әсерінен акционерлік (корпоративтік) қоғам түрі қалыптаса бастады. Ал, ХХ-шы ғасырдың басынан мемлекеттік меншік үлесі кәдімгідей өсе бастады.

Қазіргі уақытта жетілмеген (еркін емес) бәсеке жағдайында, нарықты реттеу дәуірінде меншік түрлерінің құрылымы кәдімгідей өзгерді: жеке меншік 30-35% көлемін, корпоративті (ұжымдық) меншік көптеген бөлігін, яғни 50%-ын және мемлекеттік меншік 15-20%-ды құрайды.

Мемлекеттік меншіктің үлесі көбінесе елдің экономикалық даму ерекшелігімен анықталады.

АРАЛАС ЭКОНОМИКА

Ірі өнеркәсіпті бір сатысынан басқасына ауыстырған өндіргіш күштердің өсуі адамзат қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуының қатпарларында да терең өзгерістер туғызады. Бұл процестің белгілері Ресей ғалымдарын мынандай қорытындыға итермеледі: "Мүмкін соғыстан кейінгі тарихқа тән жалпы адамзаттық құрылымының интенсивті күшеюі, өркениеттің жаңа түріне өтудін куәсі болар... ол экономикалық тиімділікті терең түсінгені ізгілікпен қосуға бағытталған". Мәселенің бұл қойылысында қазіргі дүниедегі өзгерісті мәнді мойындау бар.

Екінші жағынан, болып жатқан өзгерістерді айтқанда қоғамдық өндіріс түріңдегі өзгерістерді кешіруге болмайды. Олар, жай ғана модификацик емес, басқа мазмұнға, жағдайға өту. Бұл өзгерістер машиналарды енгізу, ірі өнеркәсіптің нәтижесі, содан кейін қоғамдық өндірістің индустриялануы капитализм шеңберінде ұжымдық өндірістің өмірге объективті келуін қамтамасыз етті. Нәтижесінде коғамдық өңдіріс машинаға сүйеніп өз бойында қарама-қарсы екі тенденцияны қосады, кәсіпорындар мен өндіріс салаларының оқшаулануы және өзара байланыстылығы. Тауарлы өндірістегі ұжымдық қатынастарды немесе ұжымдық өндірістегі тауарлы қатынастардың коғамдық өндірістің бір түрінен екіншісіне ауысып өтпелі жағдайын білдіреді. Қоғамдық өндірістің бұл өтпелі жағдайы нарықтық қатынас дамуының жаңа сатысын — аралас экономиканы туғызады.

Тауарлы өндіріс — аралас экономика, өйткені мұнда ұжымдық өндіріс қалыптасады, біреуінің заңдылықтары басқасына айналады. Аралас экономика қызметінің ерекшелігі, тауарлы өңдіріс заңдылықтарына негізделген ұжымдық өндірістің заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Экономикалық қатынастар дамуының табиғи-тарихы процесі меншіктің түрлі формаларының басын қосады. Шаруашылықты жүргізудің бір тәсілі табиғи жолмен басқа тәсіліне ауысып отырады.

Аралас экономиканы түрлі өндіріс әдістері арашндағы кедергі, ол мемлекеттік жеке кәсіпкерлер ісіне араласуынан болады деп қарамау керек. Аралас экономиканы кеп укладтылықпен теңестіру де қате көзқарас. Әр түрлі укладтар түрлі дамыған өндіріс әдістерінде болды. Айталық, дамыған капитализмде феодалдық жер пайдалану, ұсақ тауарлык шаруашылықтың қалдықтары болды; бірақ осының себебінен капиталистік өңдірістік қатынастардың негізіне аралас экономиканы кіргізу тауарлы өңдірістің капитализмді туғызғанымен бірдей, керісінше емес. Аралас экономиканы формациялық емес деп қарау да күмәнді. Мұндай көзқарас азиаттық ендіріспен ұштасады, оған маркстік-лениндік формация жүйесіңце орын табылмағаны белгілі. Шын мәнінде бұл көзқарас қоғамдық қатынастарға үстірт қараудан шығады. Егер бұл құбылыс капитализм де емес, социализм де емес десек онда ол информациялық құбылыс бола алмайды. Мұндай көзқарас қоғамдық даму барысындағы процестерді көрсете алмайды.

Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау мынаны белдіреді: қазіргі экономикалық құрылыс — аралас экономиканы сипаттайды, ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі. Тек сыртқы керініс түрі тауарлы ұжымдық қатынастарды   бар   екенін   көрсетті, сөйтіп экономист ғалымдарды аралас экономика туралы айтуға мәжбүр етті, содан кейін теория жасауға кірісті. Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің екі түрі аралас экономиканың тарихи алғы шарттары еді. Сондықтан аралас экономика шын өмірдегі қатынастардын бер жағын емес, ең тереңдегі шын нақты қатынастарды айқындайды. Аралас экономика өзінің бойына мемлекет пен кәсіпкерлердің    арасындағы қатынастарды емес, экономикалық укладтар арасындағы катынастарды емес, тіпті формациялар мен өндіріс әдістері арасындағы қатынастарды емес, ол бір қоғамдық өндіріс түрінің екіншісімен ауысу қатынастарын жинақтайды. Аралас экономикада ешкімді, ештеңені  ешқандай  қыстау, қинау  шыңдау  жоқ.  Мұнда  эволюция табиғи жолмен, біреулері жаңадан, бұрынғылары қоғамдық өндіріс элементтерінің "ескертуімен" өзгеріп жүріп отырады. Оның өтпелілігі мұндағы жаңа өндіріс әдісінің пісіп-жетілуінде, бірақ бұл бір өндіріс әдісінің екіншісіне өту кезеңі емес. Мұңдағы процестер өте күрделі, өйткені жаңа заңдылықтарды қалыптастыру бұрынғылардың модификациялануы мен жаңаруы, мәндік қатынастардың өзгерген түрлері туралы сөз болып отыр. Бұлар жөнінде өтпелі кезеңде айтуға болмайды,  өйткені ол бұрынғы түрдегі процестерді өзіне қабылдамайды және адекватты материалдық-техникалық база жасалған    кезеңге дейінгіні қамтымайды.

Шаруашылықты жүргізудің жаңа түрінің қалыптасуын айтқанда мынаны атап өту керек; жаңаның бәрі емес, жаңаның жоғары дәрежелі, қоғамдық өндіріс түрінің біреуін басқасының ауыстыруы бұл тауарлы өндірістің заңы. Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі — аралас экономика. Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы мынада: өтпелі экономика формациялық даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді.

Әр түрлі елдердің қазіргі эхономикасын аралас зкономика деп сипаттауға болады, бірақ АҚШ-тың немесе ГФР-ның, экономикасын өтпелі деп айтуға келмейді. АҚШ-тың, ГФР-ның, экономикасы өз бойына тауарлы және ұжымдық қатынастардың заңдылықтарын жинақтағанымен, оларда туып келе жатқан қоғамдық-экономикалық құрылыстың экономикалық укладтары жоқ. Сондықтан біз АҚЩ-тың немесе ГФР-ның қазіргі экономикасын өтпелі экономика дей алмаймыз. Жаңа экономикалық жүйенің алғы шарттары және жаңа жүйе бір-бірінсіз өз бетімен дамитын ерекше эмбрион сияқты. Зерделеп отырған құбылыстың белгілерін   атау   қиын   емес, өйткені оларды бұрынғы ғалым-экономистер өз түсінігі бойынша айқындады. Ғылыми әдебиетте олар  монополисттік капитализмнің немесе индустриалды қоғамнын, болмаса басқа бір концепцияның белгілі  сипаттары  ретінде көрінеді.  Осы алғы  шарттар аралас экономика ұғымын анықтады және оның мынадай белгілерін атап өтуге болды. Алдымен аралас экономика қоғамдық өндірістегі тауарлы және ұжымдық өндірістің барлығын, оларға    тән заңдар, заңдылықтар мен қатынастарды сипаттайды. Аралас экоиомика нақтылы экономикалық шындықтың құн заңы мен жоспарлылық заңының әрекетін білдіреді. Олар туралы Дж. Гэлбрейт "Нарықтық қатынастар кейбір жоспарлау жолымен модификацияланып отыру тиіс" деп жазды. Проблеманың осы жағына назар аударуды Ч. Макмиллан жақтап Линбломның мына сөздерін келтіреді: "Дәстүрлі экономикалық теорияның  ең үлкен қателіктерінің бірі — бизнесмендерді қозғаушы күш қызмет көрсету мен тауарларды сату, ал нарықтық экономикадағы өңдірісті дамытудағы бірден-бір мүдде — сатып алу мен сату қатынастары. Мұнда күмәнді ірге тасты өндіріс жүйесі қызмет істей алмайды. Оның дамуы үшін мемлекепік реттеуді енгізу керек". Жоспарлылық пен құнның модификацияланған түрлері әлі де болса ұжымдық өндірістің экономикасында  классикалық тауар өндірісінің жоқтығын білдіреді.

Аралас экономиканың алғашқы көрінісі — экономиканы реттеуге мемлекеттің араласуы. Бұл ең алдымен мемлекеттің экономикалық қызметінің күшеюінен керінеді, бұған сұранысты ынталандыру, салықты реттеу арқылы инвестицияны ынталандыру, амортизацияны жылдамдату және т. б. шаралар кіреді. Аралас эконсмикаға тән белгінің бірі — мемлекет пен бизнестің өзара байланысы. Бірақ мұңда басқа да көптеген аралық буындар мен элементтер бар, ол әр түрлі өнеркәсіп, сауда, саяси топтардың мүддесін білдіріп, қоғамдық өндірісті біртұтас өзара байланыстың түрлері мен саяси лоббизм жолымен реттеуге қатысады.

Аралас экономиканың басты белгісі — мемлекеттік меншік. Айталық, жеке сектордың қолынан бәрі келе бермейді, бұл әсіресе темір жол транспортында, атом энергетикасында, космостық техниканы игеруде ерекше білінеді. Қазіргі өндірістің бұл салалары тек үлкен көлемде ақша қаржыларын талап етіп қана қоймай, сонымен қатар қоғалның барлық күш-жігерін қажет етеді. Олар өз кезегінде шаруашылықтың басқа салаларына айтарлықтай тікелей ықпал жасайды.

Мемлекеттік меншіктің пайда болуы — тауар қатынас-тарында жаңа лептің, ұжымдық өндірістің үстемдігін сипаттайды. Аралас экономикаға меншіктін көптүрлілігі тән, мұнда жеке-дара және ұжымдық меншіктің түрі олардың негізі болып, басқа түрлерінін пайда болуына әсер етеді. Аралас экономиканың маңызды бір белгісі құндық және жоспарлылық тұтқалар арқылы реттеу. Оларды қолдану басхарудың мемлекеттік және де басқа оргаңдарда жүреді, бұлар кеңестік және консультация немесе зерттеу сипатында болады. Өнеркәсіп органдарын сәйкестендіретін мемлекеттік жоспарлау органдары Жапониядағы индустриалды құрылысының кеңесі сияқты стратегиялық жоспарлау принципі негізінде "тұрақтандыру саясатына, салық, ақша және сауда құралдары экономикалық белсенділікті реттеу үшін қолдануы".

Жапония аталған шаралардан басқаларыға да жүргізеді. Олар: "бүкіл экономика үшін ұзақ мерзімді индустриалдық құрылымды жан-жақты жасайды. Бұл құрылымдар әлем экономикасында әрекет ететін нарықтық күштермен аниқталады"'. Жапонияның, мысалы индустриалдық дамуы жоғары және постиндустриялық жағдайына көшуі анығырақ болған сайын экономикада жоспарлылық та жоғары болады. Әр түрлі мемлекеттік құрылымдарда олар түрлі көріністер табады.

Аралас экономиканың мәнді бір сипаты — микро-макро деңгейіндегі экономикалық процестерді ұйымдастырудың, басқарудың рөлінің артуы. Ұйымдастыру қатынастары рөлінің артуы тек қана техникалық себептерден емес, алдымен экономикалық процестердің салдарынан

  1. ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКА

Өтпелі экономика типтерін өту процестерінің сипаты мен аукымы бойынша айырады. Әтпелі экономиканың ғаламдық және локалды типтерін бөліп қараймыз. Ғаламдық адамзаттың бір дәуірден екінші дәуірге өтуімен байланысты: индустриалдық дәуірге дейінгіден индустриаддыққа өту немесе индустриалдықтан постиндустриалдыққа (ақпараттық); екі өркениетіліктен (шығыс және батыс) біркелкі әлемдік өркениетке өту.

Жоғарыда аталған дәуірлер шеңберінде локалдық өтпелі процестер жүзеге асады: дәстүрлі экономикадан әртүрлі моделдегі рыноктық экономикаға өту. Бұл кезде ғаламдық өту процесі өтпелі жономиканың локалды нышаны мен типтеріне қатты әсер етеді:

а) инерииялы экономика. Коғам мен оның экономикасы қысқа мерзімде өзінін сипатын, түрін және жағдайын өзгерте алмайды. Инерциондық өтпелі экономикада ұзақ мерзім кезіне бұрынғы ескі экономикалық түрлерді сақтауды жүзеге асырады. Экономиканы, оның түрін, жай-күйі мен құрылымын, кадрларды қайта оқытуды өзгерту, жаңа экономикалық ойды 5-10 жылда калыптастыру мүмкін емес, ал «500 күнде» жүзеге асыру қиын болмақ.

Казакстан Решубликасы нарыққа өтудің екінші бағдарламасында өтпелі кезеңдегі экономиканың инерциялығы ескеріліп, ескі әміршілдік-әкімшілдік басқару элементін жаңа нарықтық қатынастарға жайлап ауыстыруға бет-бұрыс жасадды;

ә) өтпелі экономиканың тұрақсыздығы. Бұл жағдайда кез-келген ең жаңа экономикалық түр мен қатынастар тез жойылады. Сондықтан тұрақты түрде ең толыққан, ең тиімді, рыноктық қатынастардың динамикалық жаңа түрлерін іздестірген дұрыс;

б) өтпелі экономикадағы ескі және жаңа экономикалық элементгер, гүрлер, бөлшектердің бір мезгілде болуы. Мұнда бір мезгілде кетіп бара жатқан мемлекеттік меншік түрімен бірге жеке меншік пайда болып, ол әр түрде байқалады. Сөйтіп аралас меншік түрі пайда болады: мемлекеттік, жеке меншікпен араласқан түрде және т.б.;

в) өтпелі экономиканың тарихилығы:

—  өту белгілі тарихи мерзім кезінде жүзеге асады;

— өтудің өзі белгілі мемлекетте болады. Нақтыласақ, Қазақстан Республикасында өтпелі кезеңнің аяқталуы шамамен ХХІ-ші ғасырдың басына белгіленуде.

г) етпелі экономиканың өзіне тән арнайы құбылысы, тіршілігі және ерекшелігі бар. Себебі, бұл кезеңде барлық өлемдік қауымдастықтағы елдер әртүрлі даму баспалдағында болып, экономикалық жүйенің біркелкі емес моделін қолдануда.

Егер нарықтық жүйеге енетін елдерді алатын болсақ, оларды бір-бірімен былай: нарықтық экономикадағы мемлекеттің ролі бойынша, мемлекеттік меншіктің жалпы құрылымдағы әртүрлі меншік түрлеріндегі үлесі бойынша, монополиялық және олигополиялық нарықтардың бар болуы бойынша, еркін нарықтық сектордың үлесі бойынша айыруға болады. Нарықтық экономикадағы елдер дәстүрлі экономикадан нарықтық экономиканың қазіргі жаңа түріне — әлеуметтік бағытталған әрі басқарудың аралас түріне кешуде.

Бұрынғы социалистік елдердің нарыққа өтуі адамзат қоғамы дамуындағы қайталанбас нәрсе. Олардың нарықтық экономикаға өтуінің өзіне тән ерекшелігі бар. Бұл өту құбылысы дәстүрлі түрде емес, жоспарлы экономикаға енетін аздаған мемлекеттердің өзіне қатысты ерекшелігімен сыпатталады.

Жоспарлы экономикадағы аздаған еддердің өзінде өту мерзіміне әсер ететін кәдімгідей айырмашылықтар болады. Нақтыласақ, ТМД елдерінде жеке меншік болған емес, ал 90% жуығы мемлекеттік меншік үлесіне тиді. Сондықтан мемлекеттен алу мен жекешелендіруге Польша мен Венгрияға қарағанда көп уақыт қажет болды. Біз атап отырған екі елде мемлекеттік меншік үлесі 14 %-дан асқан жоқ, ал жеке меншік үлесі — 76 % құрады.

Осыдан байқайтынымыз, Польша мен Венгрияға нарыққа өтудін жедел «шоктық» варианты әбден келеді, ал бұл Ресей үшін болмайтын жай. Алайда Ресейде осы аталған өту варианты «500 күн» бағдарламасымен жүзеге асты.

Өтпелі процестер өзінін сипаты жағынан табиғи-эволюциялық және табиғи-реформаторлық болып келеді.

Қоғамның бір жүйеден екіншісіне табиғи-эволюциялық процеске көшуі әдетте ғаламдық эволюциялық процесс шеңберінде байқалады. Алайда ғаламдық өзгерістер шеңберінде өтпелі процесс табиғи-реформаторлық сипаткд ие болуы мүмкін. Өтпелі процестің табиғи-реформаторлық сипаты өтпелі экономиканың локалдык типінде байкалуы мүмкін.

Мысал ретінде, реформаторлык сипаттағы локальды өтпелі экономикаға 1917-ші жылдан кейінгі Ресейдегі социализм құрылысы кезеңін айта аламыз. Осындай жағдай 1946-шы жылдан соң Шығыс Еуропа мен Азия елдерінде болды. Реформаторлық сыйпаттағы эволюциялық типке мысал ретінде, соғыстан кейінгі Германияның тоталитарлық қазіргі типтегі нарықтық экономикаға өтуін айтамыз Белгілі неміс ғалымы әрі экономисі Людвиг Эрхардтың (1897-1977 жж.) жасаған бағдарламасынын негізінде ету жүзеге асты.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағытталған аралас нарықтық экономикаға өтуі ТМД елдеріндегі сияқты эволюциялық-реформаторлық сипат алды. Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан Республикасындағы басты міндеттері мыналар:

  1. Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу және жекешелендіру. Мемлекетсіздендіру — мемлекеттін экономиканы тікелей басқару қызметін алып тастауын айтамыз. Меншікті жеке меншікке жекешелендіру мемлекеттің абсолютгік монополиялық меншіктілігін жоюды білдіреді. Мемлекеттік меншіктің үлесі азайып, шамамен 30-40 % шеңберде қалады.
  2. Қазакстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жігінің қалыптасуы (еңбекке қабілетті тұрғындардың жалпы санының 10-15% қамту).
  3. Нарықтық инфрақұрылымнын қалыптасуы, басты нәрсе – тауар мен кор биржасы және басқада әртүрлі нарықтың құрылуы.
  4. Бәсекелістік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен экономиканы монополиясыздандыру.
  5. Бағаны бейтараптандыру, сұраным мен ұсыным негізінде рыноктық сипаттағы бағаға көшу.
  6. Экономиканың қаржы-экономикалық тұрақтануы.
  7. Өтпелі кезеңде тұрғындардың әлеуметтік қорғау жүйесін мықты қамтамасыз ету.

Нарыққа өту өзіндік мақсат емес, әлеуметтік бағытталған аралас экономиканы құрудың құралы. Экономика адам үшін емес, экономика адам үшін болуы керек.

Нарықтық қатынастардың Қазақстан Республикасындағы қалыптасуының ерекшелігі көптеген факторлармен байланысты түсіндіріледі: ұлттық, әлеуметтік-демографиялық, ғылыми-техникалық, ұйымдық-құрылымдық, табиғи-шикізаттық, табиғи-климаттық және географиялық сипаттармен.

Біріншіден, етпелі экономиканың ерекшелігі сонда, Қазақстан өтуді тұтастық шеңберінде, егемендікте және өз мемлекеттілігінде жүзеге асырады.

Екіншіден, экономиканың өтуін Қазақстан алғашқы рет әлемдік практикада әкімшілдік-әміршілдікпен ғана емес, сондай-ақ қоғамдық меншіктегі жоспарлы экономикалық жүйеден, жеке және аралас меншік түріне негізделген нарыққа өтуді жүзеге асырды. Әкімшілдік-әміршілдік экономикадан нарыққа өтудін халықаралық тәжірибесі Жапония мен Оңтүстік Кореядағы басқарудың әкімшілдік-әміршілдік элементін қолданғандығы қажет нәрсе. Бірақ көзді жұмып қойып, ұлттық, құндылық пен дәстүрді ескермей жат елдің тәжірбиесін кешіре салу, экономиканы реформалауға толық мүмкіндік жасамайды. Сондықтан, әлемдік өркениеттіліктің біздің ұлттық құндылығымызбен дәстүрімізге сай болатындай тенденциясына бағыт ұстағанымыз жөн.

Үшіншіден, Қазақстанның территориялық-географиялық жағдайы — өркениеттіліктің батыс пен шығысты қосатын ерекше орны болып табылып, өткелі кезендегі экономикаға айрықша әсер етеді.

Төртіншіден, Қазақстан Ресдубликасындағы экономиканы реформалау созылған экономикалық дағдарыс жағдайында өтуде.

Ол КСРО-ның ыдырауымен, бұрынғы жалпы одақтық, халық шаруашылығы көшенінің экономикалық байланыстарының үзілуімен түсіндіріледі. Жалпы одақтық экономикамен интеграциялық елдерде болған, еліміздің қауқарлы ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы әулеуеті талап етілмей кадды.

Бесіншіден, өнеркәсіптегі мемлекеттік сектор негізінен ірі кен-байыту, металлургиялық, химиялық және химия-мұнай кәсіпорындарынан тұрады. Ауыл шаруашылығында ірі кәсіпорындар – совхоздар кеп болды. Республикада олар — 2059-ға жетіп, барлық ауыл шаруашылығы кәсіпорынының 75% құрады. Казақстан Совхоздары ТМД-ғы ең ірі болып келіп, олардың орқайсысында 16 орташа алғанда 15 мың шамасынан аздау егіс көлемі және 16 мыңнан астам ірі қара мал басы болды. Осындай ерекшеліктер осы аядағы жекешелендіру сипатына әсер етпей коймады.

Жекешелендіру тек қана үшінші кезеңде (1996-1998 жж.) ғана аяқтала бастады. Сондай-ақ жекешелендіру мен өңдірісті көтеру өнеркәсіптегі сияқты ауыл шаруашылығында шет инвесторларының қатысуымен жүзеге асты.

Реформалау практикасы көрсеткендей, Қазақстан Республикас таңдап алған бағыт — аралас әлеуметтік бағыттағы нарықты экономиканы қалыптастыру — республиканың өзіндік жағдайын өзінің моделін құру факторын көбірек ескереді. Қазакстан ары қарай реформаны жүргізгенде басқа елдің өтлелі экономикадағы әлсіздігі мен жетістіктерін есекере отырып, нарықтық экономиканың өзіне тән ұлттық моделін құрады.

3. ҚАЗАҚСТАНТ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА ӨТУІ

Қазақстан қазір ел ішінде біртіндеп нарықтық экономиканы тудыруға бағытталған құрылымдық реформаның жаппай қамтитын бағдарламасын жүзеге асыруда. Алғашқыда бұрынғы Кеңес Одағы шеңберінде жүзеге асырыла бастаған Қазақстандағы экономикалық реформа процесі, 1991 жылы желтоқсанда тәуелсіздік жарияланғаннан кейін тіптен үдеп кетті. Төуелсіздік жарияланған сәт пен қазіргі уақытқа дейінгі аралықтағы негізгі экономикалық уақиғалар: 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыру (либерализациялау), 1993 жылы қаңтарда қабылданған Конституцияда және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясында жекеменшік құқықты мойындау, 1993 жылы сәуірде ұлттық жекешелендіру бағдарламасын жасау, 1993 жылы қарашада ұлттық валютаны енгізу; 1993-1994 ж.ж. дағдарысқа қарсы бағдарламаны жасау; 1994-1996 ж.ж. қатаң ақша-несие саясатын жүргізу; индикативті жоспарлар жасау, 1997 жылы қазан айында Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық  бағдарламасын қабылдау. Бұл бағдарлама экономиканы жан-жақты күшейтуді және сапалы жаңа межелерге алып шығуға қабілетті экономикалық тасқынды қамтамасыз етуді көздейді. "Егер біз стратегиямызды мүлтіксіз орындап, ынталы еңбек етсек, онда біз орталық азияның нағыз барысы бола аламыз және ұлт тұтастығына, әлеуметтік әділдікке және барша халықтың экономикалық жақсы тұрмысына сай тәуелсіз мемлекет ретінде - дамушы елдер үшін үлгіге айналамыз" - делінген Президенттің халыққа Жолдауында.

Осылай дей тұра, тек қана бай табиғи ресурстарға иек артып және барлық қарқынды экономикалық процесті "сонан ксйін" деп кейінге қалдыра берсек қателік болар еді. Бұл қателікті үш ел қазірдің өзінде жасап үлгерді (Сауд Аравиясы, Замбия, Нигерия), ал табиғи ресурстары болар-болмас, мардымсыз ғана Жапония, Сингапур секілді мемлекеттер әлдеқайда зор экономикалық дамуға көтеріліп отыр. Осы мысалдардан шығатын даму стратегиясындағы басты нерсе — әлемдік экономиканың кіндігі біртіндеп Азияға, Оңтүстік-Шығысқа, Азия-Тынық мұхит аймағына ауысатын болады. Сөйтіп Қазақстан Республикасы экономикалық күштер тепетендігінің ортасында, яғни Евразия орталығында болып шығады.

Еліміздің 2030 жылға дейінгі мерзімге белгілеген жеті басты бағыты: ұлттық қауіпсіздік және тәуелсіздік, ішкі саясаттағы тұрақтылық және қоғамды нығайту, инвестицияның жоғары деңгейінен және ішкі қаражатпен нарықтық экономика негізінде экономиканы көтеру, Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы, жақсы тұрмысы энергетикалық ресурстар, инфра құрылым (әсіресе көлік және байланыс), кәсіпқойлы тиімді үкімет, сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен аяусыз күрес. Сонымен, аталған осынау артықшылық тізбесінің өзі-ақ Қазақстан басшылығының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және имандылық, түсініктер жағынан елдің стратегиялық дамуына кешенді жағдайда келіп отырғандығын күмәнсіз куәлендіре алады. Мұның өзінде табыс шарты болып дұрыс тандалынған стратегия аталынады. Мәселен, белгіленген бағытты жүзеге асыру үшін мықты басшының, жақсы ұйымдасқан адамдар тобының, саяси тұрақтылық және қоғамды нығайтудың, Заңның үстемділігі болуы шарт.

Өз экономикасын қайта құрудағы өте күрделі мәселелерді шешуге аяқ басқан Қазақстанның бастан кешкен қиыншылықтарын ескермеуге болмайды. Ол: жекеменшік сектордың жоқтығы, өндіріс ауқымындағы мемлекеттік кәсіпорыннан бастап, сауда ауқымындағы монополиялар, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік сатып алу және несиелер мен мамандандырылған банкілерді мақсаткерлікпен бөлісуге дейін ескі құрылымға қоса макроэкономикалық тұрақтылықтың қажеттілігі. Мұның сыртында, экономикалық қызметке қатысушылар жұмыс істеуге мәжбүр болған жағдайдағы бағалар құрылымы әлемдік рынокпен байланыста емес еді, халықтың психологиялық дайындығы, адамдардың рыноктік қатынастарға барабар ойлау жүйесі болмаған.

Казақстан Республикасының "Қазақстан —2030" даму Стратегиясына орай Үкіметтің 1998-2000 ж.ж. арналған іске асырылар бағдарламасы жасалынды. Онда Үкіметтің 1998-2000 жылдардағы жұмыс мақсаттары айқындалған, атап айтқанда, экономикалық өсуді экономиканың нақтылы секторы арқылы түзеуді қамтамасыз ету, бюджет саласын реформалау және жүргізілген белсенді әлеуметтік саясат пен макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау жағдайында еліміздің экономикасына инвестиция тарту.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдағы кезеңдегі қызметі төмендегідей басты міндеттерді орындауға бағытталған:

■ ұлттық кауіпсіздікті нығайту;

■ Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Стратегиясындағы мақсаттарға жету негізінде ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды нығайту деңгейін ілгерілете беру;

■ экономикалық өсу қарқынын үдету;

■ әлемдік   рынокқа   энергия   шығарушылардың   біржола схемасын анықтау, жобалау, оның жекелеген участоктерінде құрылысты бастап және аяқтау жұмыстары;

■ халықаралық сауданы дамытуды қамтамасыз ететін транспорт пен   коммуникацияның негізгі нысандарын қайта құру мен салуды аяқтау;

■ мемлекетті басқарудың принципті жаңа жүйесін құру.

XXI ҒАСЫРДЫҢ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК – ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫ

Болашақтағы Қазақстан Республикасы экономикасының негізгі экономикалық мақсаттары мына бағдарлама құжатында анықталады: «Қазакстан егеменді ел ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясы» бағдарламасында (1992 жыл) Назарбаев Н.Ә. экономика саласындағы, яғни қоғамдык өмірдің шешуші саласындағы стратегиясы үш кезең ішінде нарықтық жүйеге өтуді жалғастыру болатынын атап көрсетті:

I кезең 1992-1995 жылдарды макроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процестерін камтиды: меншіктің едәуір бөлігін жекешелендіру және тұтыну нарығын тауарлармен толтыру:

II кезең (1996-2005 жылдар) экономиканың шикізат базасын өзгертуге қадам басу үшін, телекоммуникация мен транспорт жүйелерін жеделдете дамыту, сонымен бірге дамыған тауар және валюта нарықтары, капитал, жұмыс күші, бағалы қағаздар мен интеллектуальды меншік нарықтарын қалыптастыру үшін қажет;

III кезең (2006-2012 жылдар) экономиканың ашық типін жедел қарқынмен дамыту, осының негізінде өтпелі кезеңде стратегиялық мақсаттарға жету және Қазакстанның әлемдік индустриальды елдер қатарына кіруі мен әлемдік саудада позициясының нығайуымен сипатталады.

1997 жылдың қараша айындағы Елбасының Қазакстан халқына жоддауында өтпелі кезендегі әлеуметтік-экономикалық дамудың қортындысы шығарылды, тежеуші факторлары айқындалып, 2030 жылға дейін жүзеге асырауға көзделген жеті ұзак мерзімді мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілді (22 тарауды қараныз).

Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру мына үш кезеңде болуы қажет:

1998-2000 жылдар;

2001-2010 жылдар;

2011-2030 жылдар.

—Ұзақ мерзімді басымдылықта Қазақстан Республикасы Президенті: «Қазақстан Конституциясына сәйкес біз әлеуметтік-нарықтық экономика құрудамыз» деп тағы да атап көрсетті. Кабылданатын заңдар мен шешімдер біздің стратегиямыздың жүйесінде болуы керек.

«Қазакстан-2030» бағдарламасынын бірінші кезеңінде (1998-2000 жылдар) кездеген мақсаттардың жүзеге асуын қорытындылағанда, Казақстан Республикасы Президенті 2000 жылдың 21 ақпанында Республика Үкіметімен кездескенде осы бағдарлама әрбір басшының столындағы кітап болуы тиіс деді.

Президент ұзақ мерзімді стратегияда анықталған реформалардың бірінші кезеңі аяқталғанын атап көрсетті.

XXI ғасырдың қарсаңындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының бес басты бағыттарын айтты:

  әлеуметтік ахуалды жаксарту және кәсінкерлік қызметті одан әрі дамыту;

  басқарудың тиімділігін арттыру;

  өндіріс секторыла несие беру;

  экономикалық шикізат бағдарын өзгерту;

  аймақтық диспропорцияларды жою.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономика саясатының осы бағыттарына кенінен тоқталайық.

Президент әлеуметтік ахуалды жақсарту деп ең маңызды мәселе халықты жұмыспен қамту мәселесі екенін атап көрсепі. Үкімет қазіргі кезде жұмыссыздықпен және кедейлікпен күрес туралы бағдарламаны дайындауда. Жұмыспен қамту мәселесін шешуде шағын кәсіпкерлікке маңызды рөл берілді.

Аталған бағдарламада шағын және орта бизнесті одан әрі дамыту, олардың өкілдері Қазақстан шикізатын өңдеуді кеңейтуге, негізделген өндірістерді құруға және дамытуға ат салысуы қажеттілігі көзделеді. Ел Президенті: «Балтық елдерінде шағын және орта бизнестің әжептәуір дамуында үлкен тәжірибе жинақталғанын көрсетеді. Осы елдерде бюджет кірістерінің жартысынан көбі шағын және орта бизнес арқасында түседі және де әлемдік нарықта ауытқуларға төменгі денгейіне төуелді болуы.

Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының негізгі басымдығы біздің экономикамыздың шикізаттық бағдарын өзгерту болып табылады. Әзірге осы мәселені шешуге байланысты кешенді құрылымдық саясат жоқ. Отандық шикізаттың жаңа, бірінші, екінші, үшінші және төртінші сатыларын құруда, ауыл шаруашылығын өңдеу өнеркәсібін құру мен дамытуда айқын белгіленген стратегиясы, импортты алмастыру бағдарламасы жоқ.

Мұнай өндеуді ұйымдастыру, мұнай химиясының басқа да өнімдерінің өндірістерін ұйымдастыру, мұнай өндеу және мұнай өндіру үшін машина жасау өнеркәсібін дамыту міндеттері қойыдды. Бұл тек өнеркәсіптін шикізат бағдарын жоюдын бірқатар жолдары.

Осы жұмыстың негізгісі-бәсекеге қабілетті баға мен технологиялық сапаны қамтамасыз ету. Сонымен қатар мынадай міндет қойылды; — бәсекеге қабілетті өндеу өнеркәсібін құру.

Экономикалық саясаттың тағы бір бағыты аймақтардың дамуындағы диспропорциялар, әсіресе оңтүстік пен солтүстік аудандардағы диспропорциялар оңтүстік аудандарда солтүстік аудандармен салыстырғанда жұмыссыздықтың басындылығынан болатын табыстар мен кедейлік деңгейі бойынша, халыктың жіктелуінен көрініс табады. Осындай диспропорциялардың салдары халықтың елдің ең қолайлы аудандарына қоныс аударуынан көрінеді.

Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің әлі іске жаратылмаған әлеуетінде жаңа жұмыс орындарын құруды, шағын және орта бизнесті дамытуда қарастыратын көшіп-қону саясатьш жасау міндеті қойылды. Осыған байланысты кәсіпкерліктің өмір сүру мен одан әрі даму мәселесі қойылды. Осы жерде халықты жұмыспен қамту, азаматтық құқ, халықтың табыстары, нарықтың коньюнктурасын жақсарту, нарықтық бәсекені қажетті деңгейде ұстау және дамыту сияқты үлкен мәселелердің бастаулары қиылысады.

XXI ғасырдың карсаңында Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық саясатының ең негізгі міндеттеріне толығырақ тоқталайық: әлеуметтік ахуалды және кәсіпкерлік қызметтің одан әрі қалыптасуын жақсарту

Қазақстан Республикасының Президентінің 2005-2006  жылғы  дәстүрлі жолдауынан

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудын жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр.

Біздің әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздер мыналар деп білемін.

Біріншіден, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл - жеке меншік институты мен келісім-шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика.

Екіншіден, біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдынғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз.

Үшіншіден, біз еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнатудамыз.

Тертіншіден, біз дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе-теңдіктін үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз.

Бесіншіден, біз барлық діндердің тен құқылығына кепілдік береміз және Қазакстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз. Біз Исламның, басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін кұрметтеп өрі дамыта отырып, осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз.

Алтыншыдан, біз казақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз.

Жетіншіден, біз өз елімізді халықаралық қоғамдастықтың толық құқығы және жауапты мүшесі ретінде қарастырамыз, ал мұның өзі біздің аса маңызды басымдықтарымыздың бірі. Қазақстан мұнда геосаяси тұрақтылықты және өңірдегі кауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде маңызды        міндеттер атқарып отыр.

Бүгін, сіздерге, кұрметгі қазақстандықтар, өзімнің жыл сайынғы Жолдауымды арнай отырып, мен Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қарай қадам басуы жолындағы негізгі басымдықтарды ұсынғым келеді.

Бірінші басымдық; Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі — елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі

Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүние-жүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық "орнын" иемденген, өрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қәбілетті ел болуын қалаймыз.

Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық әкономикалық жобаларға белсене қатыса алады, катысуға тиіс те, өйткені олар біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық-географиялық, жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді.

Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті.

Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық "серпілісті" әлемдік экономикаға кірігудің қажетті шарты ретінде пайымдай отырып, мен мынадай бағыттарға баса назар аудару керек деп санаймын.

  1. Халықаралық маңыздағы "серпілістік" жобаларды іске асыру, нңдустрияны дамыту, өлемдік рыноктың белгілі бір тауашаларында бәсекеге қабілепі бола алатын тауарлар мен қызметтерді өндіру

Біз түпкі өнімдерін экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, мұнай-газ, көлік саласында және машина жасау мен металлургиядағы, химия мен агроөнеркәсіп кешеніндегі басқа да ішкі салаларда бірлескен көсіпорындар құруға және дамытуға арқа сүйеуіміз керек. Алдымызда халықаралық ұйымдардың белсене қатысуымен биотехнологиялық орталықтар; өңірлік ІТ-орталық ретінде ақпараттық технологиялар паркін дамыту міндеті түр.

Үкімет ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бесекеге қабілеттілігін қолдауға бағытталған нақты бағдарламалар қабылдауы қажет. Жеке меншік бизнесті қолдаудың және оның тауарлары мен кызметін әлемдік рыноктарға жылжытатын мамандандырылған құрылымдар болуы шарт, мұндай ұйымдардың әлемдік тәжірибесін зерделеп, оны еліміздің жағдайына бейімдеуіміз керек.

2. Қазақстанның өңірлік және халықаралық экономикалық бірлестіктер мен ассоциацияларға қатысуы жолымен халықаралық экономикаға кірігуі

Қазақстан көп тарапты халықаралық – экономикалық жобаларға белсене қатыса алады және қатысуға тиіс, мұның өзі біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі әрі біздің экспорттаушыларымызға қолдау көрсетеді.

Өңірлік серіктестікке келгенде, біз Еуропа ЭҚ шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және Біртұтас Экономикалық кеңістікті қалыптастыруға одан әрі септесе беру ниетіндеміз.

Сонымен қатар Бүкілдүниежүзілік банк, Еуропа Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі жене таяуда құрылған Еуразия даму банкінің жобаларына баса назар аудару керек.

Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр.

Біздің әлемдік рейтинг кестесінің жоғары бөлігіне іліккен елдер тобының ішінен орын алуымызға мүмкіндік беретін басты негіздер мыналар деп білемін.

Біріншіден, өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл — жеке меншік институты мен келісім-шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика.

Екіншіден, біз аға ұрпақты, ана мен баланы, жастарды қамқорлық пен ілтипатқа бөлейтін әлеуметтік бағдарланған қоғам, ел халқының барлық топтары тұрмысының жоғары сапасы мен алдыңғы қатарлы әлеуметтік стандарттарын қамтамасыз ететін қоғам құрудамыз.

Үшіншіден, біз еркін, ашық әрі демократиялық қоғам орнатудамыз.

Төртіншіден, біз дәйекті түрде саяси тежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесіне негізделген құқықтық мемлекет құрып, оны нығайта береміз.

Бесіншіден, біз барлық діндердің тең құқылығына кепілдік береміз және Қазақстанда конфессияаралық келісімді қамтамасыз етеміз. Біз Исламның, басқа да әлемдік және дәстүрлі діндердің озық үрдістерін құрметтеп әрі дамыта отырып, осы заманғы зайырлы мемлекет орнатамыз.

Алтыншыдан, біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз. Сонымен қатар ұлтаралық және мәдениетаралық келісімді, біртұтас Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз етеміз.

Жетіншіден, біз өз елімізді халықаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты мүшесі ретінде қарастырамыз, ал мұның өзі біздің аса маңызды басымдықтарымыздың бірі. Қазақстан мұнда геосаяси тұрақтылықты және өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде маңызды міндеттер атқарып отыр.

Бүгін, cіздерге, құрметті қазақстандықтар, өзімнің жыл сайынғы Жолдауымды арнай отырып, мен Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қарай қадам басуы жолындағы негізгі басымдықтарды ұсынғым келеді.

Бірінші басымдық: Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі

Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.

Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те, өйткені олар біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық-географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді.

Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті.

Қазақстанның экономикалық дамуындағы сапалық “серпілісті” әлемдік экономикаға кірігудің қажетті шарты ретінде пайымдай отырып, мен мынадай бағыттарға баса назар аудару керек деп санаймын.

  1. Халықаралық маңыздағы “серпілістік” жобаларды іске асыру, индустрияны дамыту, әлемдік рыноктың белгілі бір тауашаларында бәсекеге қабілетті бола алатын тауарлар мен қызметтерді өндіру

Біз түпкі өнімдерін экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, мұнай-газ, көлік саласында және машина жасау мен металлургиядағы, химия мен агроөнеркәсіп кешеніндегі басқа да ішкі салаларда бірлескен кәсіпорындар құруға және дамытуға арқа сүйеуіміз керек. Алдымызда халықаралық ұйымдардың белсене қатысуымен биотехнологиялық орталықтар; өңірлік ІT-орталық ретінде ақпараттық технологиялар паркін дамыту міндеті тұр.

Үкімет ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігін қолдауға бағытталған нақты бағдарламалар қабылдауы қажет. Жеке меншік бизнесті қолдаудың және оның тауарлары мен қызметін әлемдік рыноктарға жылжытатын мамандандырылған құрылымдар болуы шарт, мұндай ұйымдардың әлемдік тәжірибесін зерделеп, оны еліміздің жағдайына бейімдеуіміз керек.

2. Қазақстанның өңірлік және халықаралық экономикалық бірлестіктер мен ассоциацияларға қатысуы жолымен халықаралық экономикаға кірігуі

Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады және қатысуға тиіс, мұның өзі біздің жаһандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі әрі біздің экспорттаушыларымызға қолдау көрсетеді.

Өңірлік серіктестікке келгенде, біз ЕурАзЭҚ шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және Біртұтас Экономикалық кеңістікті қалыптастыруға одан әрі септесе беру ниетіндеміз.

Сонымен қатар Бүкілдүниежүзілік банк, Еуропа Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі және таяуда құрылған Еуразия даму банкінің жобаларына баса назар аудару керек.

3. Қазақстанды экономикалық жаңарту мен халықаралық рыноктарда бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың қосымша құралы ретінде БСҰ-ға кіру

Қазақстанның БСҰ-ға кіруі жолындағы келіссөз үдерісі тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Республиканың сыртқы сауда режимін реттейтін заңдарының едәуір бөлігі қазірдің өзінде БСҰ нормаларына сәйкес келтірілді немесе Парламентте талқылану үстінде.

Еліміздің осы халықаралық экономикалық ұйымға енуі Қазақстанның дүниежүзілік рыноктағы бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін. Дегенмен осы мүмкіндіктерді ұтымды әрі тиімді пайдалана білу керек.

Біз әлі қолға алынбаған секторлардағы шетел инвесторларының құрылтайшылық қатысуы деңгейіндегі экономикалық тұрғыдан өзін ақтамайтын шектеулерді алып тастауымыз керек.

Қорытынды

Қорыта айтқанда аралас экономиканы түрлі өндіріс әдістері арашндағы кедергі, ол мемлекеттік жеке кәсіпкерлер ісіне араласуынан болады деп қарамау керек. Аралас экономиканы кеп укладтылықпен теңестіру де қате көзқарас. Әр түрлі укладтар түрлі дамыған өндіріс әдістерінде болды. Айталық, дамыған капитализмде феодалдық жер пайдалану, ұсақ тауарлык шаруашылықтың қалдықтары болды; бірақ осының себебінен капиталистік өңдірістік қатынастардың негізіне аралас экономиканы кіргізу тауарлы өңдірістің капитализмді туғызғанымен бірдей, керісінше емес. Аралас экономиканы формациялық емес деп қарау да күмәнді. Мұндай көзқарас азиаттық ендіріспен ұштасады, оған маркстік-лениндік формация жүйесіңце орын табылмағаны белгілі. Шын мәнінде бұл көзқарас қоғамдық қатынастарға үстірт қараудан шығады. Егер бұл құбылыс капитализм де емес, социализм де емес десек онда ол информациялық құбылыс бола алмайды. Мұндай көзқарас қоғамдық д Аралас экономиканың алғашқы көрінісі — экономиканы реттеуге мемлекеттің араласуы. Бұл ең алдымен мемлекеттің экономикалық қызметінің күшеюінен керінеді, бұған сұранысты ынталандыру, салықты реттеу арқылы инвестицияны ынталандыру, амортизацияны жылдамдату және т. б. шаралар кіреді. Аралас эконсмикаға тән белгінің бірі — мемлекет пен бизнестің өзара байланысы. Бірақ мұңда басқа да көптеген аралық буындар мен элементтер бар, ол әр түрлі өнеркәсіп, сауда, саяси топтардың мүддесін білдіріп, қоғамдық өндірісті біртұтас өзара байланыстың түрлері мен саяси лоббизм жолымен реттеуге қатысады.

Аралас экономиканың басты белгісі — мемлекеттік меншік. Айталық, жеке сектордың қолынан бәрі келе бермейді, бұл әсіресе темір жол транспортында, атом энергетикасында, космостық техниканы игеруде ерекше білінеді. Қазіргі өндірістің бұл салалары тек үлкен көлемде ақша қаржыларын талап етіп қана қоймай, сонымен қатар қоғалның барлық күш-жігерін қажет етеді. Олар өз кезегінде шаруашылықтың басқа салаларына айтарлықтай тікелей ықпал жасайды.

Мемлекеттік меншіктің пайда болуы — тауар қатынас-тарында жаңа лептің, ұжымдық өндірістің үстемдігін сипаттайды. Аралас экономикаға меншіктін көптүрлілігі тән, мұнда жеке-дара және ұжымдық меншіктің түрі олардың негізі болып, басқа түрлерінін пайда болуына әсер етеді. Аралас экономиканың маңызды бір белгісі құндық және жоспарлылық тұтқалар арқылы реттеу. Оларды қолдану басхарудың мемлекеттік және де басқа оргаңдарда жүреді, бұлар кеңестік және консультация немесе зерттеу сипатында болады. Өнеркәсіп органдарын сәйкестендіретін мемлекеттік жоспарлау органдары Жапониядағы индустриалды құрылысының кеңесі сияқты стратегиялық жоспарлау принципі негізінде "тұрақтандыру саясатына, салық, ақша және сауда құралдары экономикалық белсенділікті реттеу үшін қолдануы".

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Абдуллаев Ә.«Экономикалық теория» Алматы 2004 ж
  2. Әубәкіров “Экономикалық термин негіздері” Алматы 1999.
  3. Әубәкіров “Жалпы экономика теория” Алматы 1999.
  4. Әубәкіров Я. «Экономикалық теория негіздері» Алматы-1998ж
  5. Баққұллыв С. «Құқық негіздері» Алматы- 2004ж
  6. Осипова Г.М .« Эканомикалық теория негіздері» Алматы-2002ж
  7. Мейрбеков А.Қ. «Кәсіпорын эканомикасы » Алматы 2204ж
  8. Сейтқасымов Ғ.С. Әубәкіров “Ақша несие банктер” Алматы 2001.
  9. Райымқұлүлы С. «Эканомикалық теория негіздері» Шымкент 2005ж
  10. Шедденов Ө.Қ “Экономикалық теория ” Оқу құралы, Ақтөбе 2000ж
  11. Б.Мәдешов «Эканомикалық теория негіздері» Алматы 1994
  12. Әубәкіров “Эконолмикалық теория” Алматы 2001 ж.
  13. Мауленова С.С. “Экономикалық теория” Алмлаты 2003 ж.
  14. Шедденов Б.А. “Жалпы экономикалық теория” Алматы, Ақтөбе  2002 ж.
  15. Нурейов Р.М. “Основа экономической теори” Москва 1996 г.Мерзімді басылымдылар тізімі

1.“Егемен Қазақстан” 21 наурыз 2005 № 57-6

2.“Егемен Қазақстан” 2 наурыз 2006 №62-5

Похожие материалы