Алматы. 18 қараша. 7kun.kz - "Қазақстан темір жолы" АҚ жылдық 4,8% өсімімен, онжылдық мерзімге $780 млн еурооблигация орналастырды деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі.
Баспасөз мәлімдесінде аталмыш шығарылым еурооблигацияны 2020 жылға дейінгі мерзімге 6,375 пайыз жылдық купон мөлшерлемесі өсімімен жүзеге асырып, жоғары несиелік эмитент және тиімді құрылымдық (Облигацияны 2020 жылға дейін Мерзімінен бұрын Міндетті жабу шартымен) орналастыру қазіргі және болашақ инвесторлардың қызығушылығын туғызғаны айтылған. Бұл өз кезегінде алғашқы 1,8 млрд доллар жылдық кірісі 4,8 пайыз тапсырысқа жетуге мүмкіндік әперді. Бұл ҚТЖ АҚ тарихындағы еуроблигациялық ең төменгі кірісті шығарылым болып отыр. Сонымен қатар ҚР тәуелсіз еурооблигациясының төменгі сыйақы кірісін көрсетеді. 780 млн доллар көлеміндегі 2020 жылдарға дейінгі жабу мерзімімен еурооблигацияны орналастыру, компанияның қысқа мерзімдік міндеттемлері мен қызмет көрсету жүктемесін едәуір жеңілдетті. Қазақстан темір жолы АҚ жаңа еурооблигациялық шығарылымына эмитенттің (BBB- (Fitch) / Baa3 (Moody's)) несиелік рейтингі деңгейі берілді. Келісімнің ғаламдық үйлестірушісі J.P.Morgan және Renaissance Capital, букраннерасы Halyk Finance пен MUFG атанды. 2017 жылы ҚТЖ 6 млн тонна астық тасымалдады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024