Алматы. 12 қаңтар. 7kun.kz – 2017 жылы мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен төлемдер 7,1 трлн теңгеден асты. 2016 жылмен салыстырғанда түсім 10,9 пайызға ұлғайды, деп хабарлайды LS.
Мемлекеттік кіріс комитетінің мәліметтері бойынша, салықтың ең көп көлемі Алматыда (1,7 трлн теңге), Астана (989,9 млрд теңге) және Атырау облысында (1 трлн теңге) болды.
Ақтөбе облысы мемлекеттік бюджетке 355,8 млрд теңге, Қарағанды облысы 340,3 млрд теңге, Оңтүстік Қазақстан облысы 318 млрд теңге, Шығыс Қазақстан облысына 312,5 млрд теңге және Алматы облысы 318,5 млрд теңге түсірді.
Бұдан басқа, Маңғыстау облысының салықтары мен төлемдері 335,5 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, Павлодар облысынан 239,4 млрд теңге, Батыс Қазақстаннан 256,1 млрд теңге, Қостанай облысынан 160 млрд теңге салық алынды.
Сонымен бірге, Ақмола облысынан түскен қаражат 134 млрд теңгені құрады. Қызылорда облысынан 106,6 млрд теңге, Жамбыл облысынан 81,4 млрд теңге және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 79 млрд теңге салық алынды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024