Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда жаз маусымында қосымша пойыздар жүреді

Қазақстанда жаз маусымында қосымша пойыздар жүреді

"Жолаушылар тасымалы" АҚ жаз айларына қосымша жолаушылар пойызын қоспақ. Бұл жөнінде компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Жекелеп айтқанда, мына қосымша жолаушылар пойызы қосылмақ: 2 шілдеден 30 тамызға дейін №634/633 "Қарағанды-Жезқазған" бағытында жүрмек. Жиілігі - аптасына 2 рет; 17 шілдеден 28 тамызға дейін №61/62  "Алматы-2 - Арыс-1"  бағытында аптасына бір рет жүреді; 19 шілдеден бастап №453/454 "Алматы-1 - Аягөз" бағытында бекітілген кесте бойында жүреді; Одан бөлек, №502/501 "Астана-Алматы-2" бағытындағы Тальгоның 23 вагонынан құралған бір реттік пойыз жүреді. Астана қаласынан 28 маусым күні 21 сағат 28 минутта шығып, Алматы-2 вокзалына 29 маусым күні 12 сағат 07 минутта келеді.

Похожие материалы