Қазақстанның электронды коммерция нарығындағы тауар айналымы соңғы жыл ішінде 62%-ға көбейіп, 20,5 млрд теңгеге жетті. Елдегі ең ірі маркетплейс Satu.kz-тің 2016 жыл қорытындысы бойынша есебінде осылай жазылған.
2015 жылмен салыстырғанда сайттағы тапсырыс саны 16%-ға артқан. Мұндай өсімді ұлттық валютаның құнсыздануымен түсіндіруге болады. Орташа чек 29 мың теңгені құрады.
"Соңғы 2 жылдағы экономикалық жағдай электронды коммерцияға жаңа ойыншылардың келуіне кедергі болды. Ал тәжірибелі кәсіпкерлер өздерін сенімді сезінді. Олардың көлемі - сайтымыздағы жалпы сатушылардың үштен екісі", - деп атап өтеді Satu.kz басшысы Иван Портной.
Бірінші ерекшелік - мобильдік.
Екінші ерекшелік - жеткізу
Қазақстанда онлайн-шоппинг негізгі үш қалада шоғырланған. Satu.kz клиенттерінің үштен екісі Алматы, Астана және Теміртау қалаларында тұрады. Оңтүстіктегі үлес 43%-ды құрайды. Өзге аймақтардағы тұтынушылар үлесі шамамен бірдейі.
Интернет кәсіпкерлердің белсенділігінде де осындай тенденция байқалады. 152 мың сатушының 85 мыңы Алматыда тіркелген. Интернет-кәсіпкерлердің бестен бірі - Астана және Қарағанды облыстарында. Өзге 20% басқа қалаларда орналасқан.
Үшінші ерекшелік - ассортимент
Ұсыныстың өте көп болуы бір жағынан қолайлы бағаны таңдауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан шешім қабылдау үшін ұзақ уақытты қажет етеді.
"Сатып алушылардың өмірін жеңілдету үшін сатушының өзі ассортиментпен дұрыс жұмыс істеуі керек. Біріншіден тауарға дұрыс және толық сипаттама жазылуы тиіс. Қосымша видеоролик тәрізді құралдарды да пайдалануға болады. Танымалдылық жағынан алда келе жатқан трендтен де қалмау керек", - деген кеңес береді Иван Портной.
Бүгінде қазақстандықтардың таңдауы өзгерген. Ең танымал тауарлар ондығында спорт және демалыс заттары бар. "Сән және денсаулық", "үй және бақша" санатындағы тауарлардың сатылымы да осы жылы тиісінше 45% және 38%-ға өскен. Медицина, автосегмент 20%-ға өсті. Техника, электроника тауарларының өсімі өзгеріссіз қалды.