Қазақстандықтардың төрттен бірі (26%) еліміздің ДСҰ-ға мүше болу үшін жасалған әрекеттерінен хабарсыз. Отандастарымыздың 39%-ы «келіссөздердің сәтті жүріп жатқанын біледі және мақсаты мен мәнін түсінеді». 35%-ы бұл ақпаратты естіген, алайда ұйым жайлы терең білмейді. «DEMOSCOPE» қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросы өткізген сауалнама осындай нәтиже көрсетті деп хабарлайды 7kun.kz.
Зерттеуге қатысқандардың ойынша, Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуының ең пайдалы тұсы шетелдік тауарлар бағасының арзандауы болмақ. Респонденттердің 32%-ы Қазақстан ДСҰ-ға мүше болғаннан кейін шетелдік өндірушілер тауарларының бағасы сәл ғана арзандайды дейді. Ал, 20%-ы барлығы сол күйінше қалады, 18%-ы анағұрлым арзандайды деп жауап берді. ДСҰ-ға мүше болғаннан кейін шетелдік тауарлардың бағасы қымбаттайды деп ойлайтын қатысушылар 17% екені белгілі болды. Сауалнама барысында қатысушылардан ДСҰ отандық өндірушілер үшін қандай мүмкіндіктер жасайтыны жайлы сұралды. Респонденттердің 37%-ы өзге елдердің нарығына шығуға мүмкіндік береді, 25%-ы олардың тауарлары бәсекеге төтеп бере алмайды деп жауап берді. Отандық өндірушілер шығындарын бір жүйеге келтіруге және тауар бағаларын арзандатуға мәжбүр болады деген жауапты таңдаған қатысушылар 24%. Ал, 14%-ы қазақстандық өндірушілерге ешқандай әсері болмайды деп сенімді жауап берді. 4 жылдан кейін Қазақстан ДСҰ-ға мүше елдердің мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат беруге міндеттеледі. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 38%-ы мұндай жағдайда бәсекелестік күшейеді, нәтижесінде, мемлекеттік сатып алу шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтердің сапасы артады деп ойлайды. 28%-ы қазақстандық компаниялар үшін тиімсіз, олар шетелдік қатысушылармен баға жағынан да, сапа жағынан да бәсекелесе алмайды деген пікірде. Бұл шешімнің тек пайдалы жағын көруге талпынғандар - 20% . Олар мемлекеттік сатып алу процесі ашық әрі әділетті өтетін болды деп сенеді. Сондай-ақ, ештеңе де өзгермейді деп салқынқанды жауап берген қатысушылар 14%-ға тең. Сұралғандардың 23%-ы қызмет көрсету саласында баға арзандайды және қызмет көрсету сапасы артады дейді. Ал, қосымша жұмыс орындары ашылады деп жауап берген азаматтар 19%-ды құрайды. Шет елдіктер еліміздің нарығына кірсе Қазақстандық компаниялар нарықтан ығыстырылады деп қауіптенетін отандастарымыз да бар екен. Олар зерттеуге қатысқан қазақстандықтардың 19%-на тең. Қалған 23%-ы шет елдік компаниялар Қазақстан нарығында жұмыс жасауды бастағанда ғана белгілі болады деп алдын ала болжам жасамады. Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен 14 облыс орталығынан 18 жастан асқан 1756 адам қатысты. Олардың 69%-ы әйелдер және 31%-ы ер-азаматтар.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024