Сонымен қатар, 644 мың мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың (мемлекет халқының 3,6 пайызы) 269 мыңы спортпен шұғылдануға қарсы көрсетімі жоқ. Олардың ішінде спортпен шұғылданатындар 2016 жылы 10,2 пайызды құрады.
Бұған қарамастан, жыл сайын қаражаттың көбі кәсіби спортшылар мен олимпиада ойыншыларына бөлініп, бұқаралық спортқа аз салынатын.
ҚР Ұлттық құрама командаларын қамсыздандырып, дайындау және спорттық шараларға қатыстыруға 17,4 млрд теңге бөлінеді. 2018 жылы, бюджет туралы заң жобасына сәйкес, спортшыларға 34,8 млрд теңге қаржы салынады.
Ақмола, Алматы облыстарында және Астана қаласындағы олимпиадалық базаларды салу мен қайта құруға 22,4 млрд теңге қаржы жұмсалады (бөлінген барлық қаржының жартысы). Былтырғы жылмен салыстырғанда аталған баға 2 есе өскен.
Ал бұқаралық спортты дамытуға биыл 7,6 млрд теңге бөлінеді, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 3,5 есе аз.
Айта кетейік, спорттағы дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуге биыл 4,3 млрд теңге бөлінеді (былтырғы жылдан 42 пайыз көп).
Бұқаралық спортты дамытудағы негізгі мәселелердің бірі аймақтар мен ауылдық жерлерде материалды-техникалық базаның жетіспеушілігі. Ауыл адамдарының тек 20-25 пайызы ғана спортпен айналысады.