Алматы. 29 наурыз. 7kun.kz – Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті тасқынға қарсы жағдайды мониторингтен өткізу мақсатында қаланың шекералық аумағын айналып ұшу шараларын ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Шара елорда әкімі Бахыт Сұлтановтың, ҚР ІІМ министрінің орынбасары Юрий Ильиннің, ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Марғұлан Аманбаевтың, «Есіл бассейндік инспекциясы» РММ, «Казгидромет» МКҚК, Есіл өзенінің арнасын жобалаушы «Орта» ЖШС өкілдерінің қатысуымен өтті.
«Ұшақпен аралау жұмыстарының барысында Майбалық көлі, Вячеславское су қоймасы ауданындарындағы, Қарағанды және Ақмола облыстарының елді мекендеріндегі қар және ылғал қорының ауқымы нақтыланды. Аталмыш шара Вячеслав су қоймасында және Астаналық бақылау реттегішінде су ағынын алдын ала есептеуге, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарға, ТЖД және «Қазсушар» ММ-не су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге дайындалуға мүмкіндік береді. Ықтимал су тасқыны жағдайының алдын алу бойынша шаралар кешенін әзірлеу мақсатында қала әкімдігімен бірлесіп елорда аумағында тасқын суларды ұйымдасқан түрде өткізу бойынша кешенді іс-шаралар жоспары әзірленді», – делінген ТЖД-нің хабарламасында.
Бүгінгі таңда су басу қаупі бар 34 учаске анықталды. Әрбір учаске бойынша жұмыс түрлері, қажетті материалдың көлемі анықталып, жауапты орындаушылар белгіленді.
Қала аумағындағы автомобиль жолдарының барлық су тасқыны қауіпті және қар басатын учаскелерін, сондай-ақ зардап шеккендер үшін жұмылдырылатын күштер мен құралдарды және жылыту пункттерін енгізе отырып, табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ ұшырағыштық карталары әзірленді, мұнда соның ішінде Ильинка, Өндіріс, Көктал, Железнодорожный, Пригородный, Оңтүстік-Шығыс сияқты қаланың барлық тұрғын алаптары, жаңа теміржол вокзалының, әуежайдың, газ аппаратурасы зауытының аудандары ескерілген.
Қала қызметтерінің қызметін үйлестіру үшін аумақтар мен елді мекендерді су тасқыны суларының зиянды әсерінен қорғауды қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды өткізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілді. Сонымен қатар, төтенше жағдайлардан зардап шеккен халықты көшіру бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленді.
Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру қажет болған жағдайда, зардап шеккен халықты уақытша орналастыру және олардың тұратын жерлері анықталды. Нақтырақ айтқанда, олар теміржол вокзалы, сапаржай, мектептердің спорт залдары сияқты нысандарға, одан кейін қонақ үйлер мен жатақханаларда орналастырылатын болады. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда су тасқыны кезінде пайдалануға болатын 73 ЖЭП бар.
Су тасқыны кезеңіне қаланың азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін дайындау мақсатында қаланың коммуналдық қызметтері мен ішкі істер органдарының автокөліктері және инженерлік техникасының жалпы тобы жеке құрамнан 663 адам, 191 бірлік техника, оның ішінде 2 бірлік ПНС-110, 14 жүзу құралдары, 67 мотопомпа, сондай-ақ 1 тікұшақ жұмылдырылды. Инертті материалдардың қоры 18000 тонна (құм, ұсақ тас), жанар-жағар май және тамақ дайындалды.
Бүгінгі таңда Астана су қоймасының су шығыны 13,89 м3/сек құрайды, толымдылығы – 233,31 млн.м3, бұл жобалық қуаттың 56,78%-ын құрайды.
Қазір бақылау реттегіштің нақты толықтырылу көлемі 2,6 млн.м3. 27 наурыздағы жағдайға сәйкес реттеуші сыйымдылықтың негізгі су жіберу арқылы су шығарудың көлемі - 1,5 м3 / сек. Су шығару арқылы өтетін Есіл өзенінің тұрмыстық шығыны №1-0, 8 м3/сек.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024