Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бас банк жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады

Бас банк жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады

Алматы. 28 қаңтар. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі 2019 жылғы 18 қаңтардан 25 қаңтар аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады.

25 қаңтардағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық  бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,3%-ға нығайып  (378,66-дан), 377,46 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарықта 2019 жылғы 18 қаңтардан 25 қаңтар аралығында неғұрлым маңызды оқиғалар Жапонияның ОБ мен ЕОБ-нің негізгі мөлшерлемені сақтау бойынша шешімдері, АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда-саттық келіссөздердің барысы туралы қарама-қайшы жаңалықтар, Қытайдағы ІЖӨ  өсуінің соңғы онжылдықта ең төменгі қарқынға дейін баяулауы туралы статистиканы жариялау, Терезой Мэйдің  Брекcит бойынша әзірлеген баламалы келісімін талқылау және Парламент ұсынған келісімнің  мақұлданбауына байланысты  ЕО-дан шығу бойынша мерзімдерді көшіру туралы күтулердің өсуі, Еуроодақ елдерінде баяулау аясында әлемдік экономиканың 3,5%-ға дейін өсуі бойынша ХВҚ болжамының төмендеуі, сондай-ақ АҚШ-тың федералдық ведомстволарының қызметін уақытша жаңғыртуы болды. Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әлсіреуіне әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

Оңтүстік Африка рэнді  инвесторлардың тәуекел активтеріне қызығушылығының жалпы өсуі аясында 1,7% -ға (13,85-тен 13,62-ге дейін) нығайды;

Түрік лирасы 1,25 млрд. еуро  сомаға еурооблигацияларды табысты орналастыру аясында  1,1%-ға (5,33-тен 5,27-ге дейін) нығайды;

Мексика песосы  баяулаудың үлкен қарқынын күту кезінде қаңтардың алғашқы екі аптасында инфляцияның жылдық көрсеткіште  4,52%-ға дейін баяулауы аясында  0,6%-ға (19,10-нан 18,99-ға) нығайды; 

Индонезия  рупиясы  ағымдағы аптада ҚХР мен АҚШ арасындағы сауда-саттық келіссөздердің басталуы қарсаңында инвесторлардың тәуекелге көзқарасының жақсаруы аясында0,6%-ға (14 178-ден 14 093-ке дейін) нығайды;

Ресей рублі  мұнай бағасының өсуі және салықтық төлемдер кезеңі аясында  0,3%-ға (66,18-ден 66,01-ге дейін) нығайды; 

Үндістан рупиясы бір АҚШ доллары үшін 71,19 - 71,17 рупий аралығында саудаланды;

Бразилия реалы Жаир Болсонарудың ұлына қатысты салықтық тергеулер жөніндегі хабарлардың аясында 0,5%-ға (3,75-тен 3,77-ге дейін)  әлсіреді.

Похожие материалы