Алматы. 28 қаңтар. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі 2019 жылғы 18 қаңтардан 25 қаңтар аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады.
25 қаңтардағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,3%-ға нығайып (378,66-дан), 377,46 теңге деңгейінде қалыптасты.
Сыртқы валюталық нарықта 2019 жылғы 18 қаңтардан 25 қаңтар аралығында неғұрлым маңызды оқиғалар Жапонияның ОБ мен ЕОБ-нің негізгі мөлшерлемені сақтау бойынша шешімдері, АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда-саттық келіссөздердің барысы туралы қарама-қайшы жаңалықтар, Қытайдағы ІЖӨ өсуінің соңғы онжылдықта ең төменгі қарқынға дейін баяулауы туралы статистиканы жариялау, Терезой Мэйдің Брекcит бойынша әзірлеген баламалы келісімін талқылау және Парламент ұсынған келісімнің мақұлданбауына байланысты ЕО-дан шығу бойынша мерзімдерді көшіру туралы күтулердің өсуі, Еуроодақ елдерінде баяулау аясында әлемдік экономиканың 3,5%-ға дейін өсуі бойынша ХВҚ болжамының төмендеуі, сондай-ақ АҚШ-тың федералдық ведомстволарының қызметін уақытша жаңғыртуы болды. Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әлсіреуіне әкелді.
Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:
Оңтүстік Африка рэнді инвесторлардың тәуекел активтеріне қызығушылығының жалпы өсуі аясында 1,7% -ға (13,85-тен 13,62-ге дейін) нығайды;
Түрік лирасы 1,25 млрд. еуро сомаға еурооблигацияларды табысты орналастыру аясында 1,1%-ға (5,33-тен 5,27-ге дейін) нығайды;
Мексика песосы баяулаудың үлкен қарқынын күту кезінде қаңтардың алғашқы екі аптасында инфляцияның жылдық көрсеткіште 4,52%-ға дейін баяулауы аясында 0,6%-ға (19,10-нан 18,99-ға) нығайды;
Индонезия рупиясы ағымдағы аптада ҚХР мен АҚШ арасындағы сауда-саттық келіссөздердің басталуы қарсаңында инвесторлардың тәуекелге көзқарасының жақсаруы аясында0,6%-ға (14 178-ден 14 093-ке дейін) нығайды;
Ресей рублі мұнай бағасының өсуі және салықтық төлемдер кезеңі аясында 0,3%-ға (66,18-ден 66,01-ге дейін) нығайды;
Үндістан рупиясы бір АҚШ доллары үшін 71,19 - 71,17 рупий аралығында саудаланды;
Бразилия реалы Жаир Болсонарудың ұлына қатысты салықтық тергеулер жөніндегі хабарлардың аясында 0,5%-ға (3,75-тен 3,77-ге дейін) әлсіреді.