Экономика
Бәсекелестік ортаға берілетін мемлекеттік органдар қызметінің тізімі күзде жарияланады
Қазақстан үкіметі 2016 жылдың қыркүйегінде бәсекелестік ортаға берілетін мемлекеттік функциялардың тізімін жариялайды. Бұл туралы экономикалық реформа және аймақтық даму бойынша мәжіліс комитетінің отырысында ұлттық экономика вице-министрі Марат Құсайынов мәлімдеді.
Оның сөзінше, қазір орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қызметті инвентаризациялау үшін жұмыс топтары құрылған. Жұмыс мамырда аяқталады деп жоспарланған."Осы жылдың маусымында бәсекелестік ортаға берілетін қызметтердің тізімі алдын-ала жарияланады. Шілде-тамыз айларында "Атамекен" ҰКП және Қазақстанның Азаматтық альянсы нарықтың дайындығы туралы сараптама дайындап, қыркүйекте үкіметке жалпы тізім ұсынылады", -деп түсіндірді Құсайынов.
Нарықтың бәсекелестік ортаға дайындығы зерттелгеннен кейін мемлекеттік қызметтердің нарыққа берілуі тәсілдері анықталмақ. Олар аутсорсинг, өз-өзін реттеу, мемлекеттік тапсырыс немесе қызметті алушының қаржысы есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Айта кетейік, осыған дейін 2015 жылдың ақпанында мәжілісте "Өз-өзін реттеу туралы" заң жобасы таныстырылды. Дегенмен депутаттардың бір бөлігі заңды қолдағанымен, келісі тобы наразылықтарын білдірді.