Bibotta атауы қалай қалыптасты?
Бұрын отандық жұлдыздар да, қарапайым тұрғындар да не базардағы Қырғызстанның киімдерін, не шетелдік D&G, Louis Vuitton, H&M брендтерінің киімдерін алатын. Қазір оның орнына Ая Бапани, Аида Қауменова, Айгүл Қасымова және Динарa Абдуллина шығарған отандық өнімдерді сатып алатындардың қатары артты. "Made in KZ" маркалы отандық киім үлгілері қолжетімді бағада, қолжетімді дүкенде сатыла бастады. Отандық дизайнерлер қазақ халқының бай мәдениеті мен ұлттық ою-өрнектерінің шетелдік жазуы бар киімдерден әлдеқайда тартымды екенін дәлелдеді. Осы бағытта жұмыс істеп жүрген жас дизайнерлердің бірі - Ақбота Багытжан. Ақбота отандық Bibotta киім брендін қалыптастырып, Ninety One тобы мен Димаш Құдайбергенге арнайы киім тіккен.
"1994 жылы Алматыда туылдым. Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында дизайн саласында кәсіби білім алдым. Дизайнер болуды 2 сыныптан бастап армандадым. Қыздарға арналған түрлі көйлектердің суретін салатынмын",- дейді жас дизайнер.
[caption id="attachment_99067" align="aligncenter" width="300"] Фото: androidmafia.ru[/caption]Отандық брендтің тез танылуына оның атауы көп әсер етеді. Bibotta бренді жастар арасында жылдам танымал болып үлгерді. Ерекше есімнің қалыптасу жолы қарапайым. Ақбота Багытжан алғашында өзінің аты-жөнін қысқартып Б.Бота деп жазып жүрген. Кейін халықаралық баййқауларға өз жұмыстарын ұсыну үшін осы атауды латын әліпбиіне айналдырған. Осылайша, Bibotta атауы өмірге келген.
"Бұл брендтік атау мен ойлағаннан да танымал болды. Кейде танымал болуыңның өзі осы брендтік атауға байланысты болады. Бұл бизнестің жазылмаған заңдылығы. Қазіргі таңда мені барлығы Bibotta есімімен таниды. «Бұл сіздің шын есіміңіз бе?», «Осы ат сізге қатты жарасады» деген пікірлерді жиі естимін. Bibotta атауы Бота Багытжанның қысқартылған түрі",- дейді Бота Багытжан.
Жұлдыздармен "дос болу" керек
Әрбір брендтің, кәсіптің өзіндік ерекшеліктері болады. Дизайнерлердің ең көп шығындалатын тұсы – сән апталықтарына қатысу және коллекция жасау. Брендтік өнімдері танылуы үшін дизайнерлер сән апталықтарына қатысып, өз өнімдерін таныстырып, атын қалыптастыруы керек. Сән апталығына тек бір рет қатысу жеткіліксіз. Бренд танымал болу үшін кем дегенде 3-4 рет қатысу керек. Ал әрбір сән апталығына қатысу жарнасы орта есеппен 300-400 мың теңгені құрайды. Оған арналған коллекцияны дайындау үшін де көп қаражат керек. Осындай қаржылық қиындықтар мен шығармашылық даму үрдістерін басынан кешірген Bibotta отандық бренді 5 жыл ішінде алыс-жақын шетелге де танымал болып үлгерді.
Қазіргі таңда дизайнерлік өнімдеріңді танытудың ең жақсы жолы – әлеуметтік желілер. Жақсы пиар, дұрыс жарнама да өтімділігін жоғарылатады. Бота Багытжан өз өнімдерін жарнамалау үшін заманауи трендтерді пайдаланып, жұлдыздарға сыйлық жасайтынын жасырмады. "Менің инстаграм желісінде тұрақты оқырмандарым, тіпті, фанаттарым бар. Олардың арасында байқау ұйымдастырып отырамын. Ғаламтор арқылы тапсырыс беретіндер де көп. Танымалдылыққа тез жетудің тағы бір жолы – атақты жұлдыздармен "дос болу". Халықтың алдында жүрген адамдардың жүріс-тұрысы, киім киісі адамдарға үлгі. Сондықтан, жұлдыздарға сыйлық жасау арқылы еш ұтылмайсың",- дейді ол.Ninety One-ның жанкүйерлері қалай Bibotta-ның фанаттарына айналды?
[caption id="attachment_99077" align="aligncenter" width="300"] Фото: Twitter.com[/caption]Bibotta брендінің жастары арасына жылдам танылған шағы - Ninety One тобына арнап киім тіге бастаған тұсы. Кореялықтардың стилін дәстүрлі қазақ ою-өрнегімен үйлестіре білген Bibotta қазақ жастары арасында да, тіпті кореялықтар арасында да танымал болды. Ninety One тобын сүйіп тыңдайтындар Bibotta-ның брендтік киімдеріне де қызыға бастады. Осылайша өз өнімдерін жаңа сатыға көтерген Бота отандық жұлдыздарға арнап тапсырыспен киім тікті. Өзінің Ninety One тобымен қалай достасқанын ол былай түсіндіреді:
"Әр дизайнерді бір нәрсе шабыттандырады. Маған бір кореялық әнші ұнап қалған болатын. Сол әншіге киім тігуді армандап, кореялықтардың киіну үлгісімен "ауыра" бастадым. Осы тұста "іздегенге сұраған" дегендей, Қазақстанда "Ninety One" атты кореялық стильдегі топ пайда болды. "Ninety One"-мен байланысып, өзімнің жұмыстарымды ұсындым. Осы топ екеуміз бір-бірімізді адаспай таптық. Бірге жұмыс істедік. Бейнебаяндарда киім дизайнері әрі стилист болдым. "Ninety One" тобының жанкүйерлері менің де фанаттарыма айналды. Тыңдармандар аузынан: "Олардың киімін расымен де сіз тіктіңіз бе? Біз олар Кореядан әкелінген шығар деп ойласақ»"- деген пікірлерді естіп, бір марқайып қалатын едім. Bibotta брендінің халық арасында жылдам танылуына "Ninety One" тобымен жұмыс істеуім белгілі бір деңгейде әсер етті".
[caption id="attachment_99082" align="aligncenter" width="300"] Фото: 411.spb.ru[/caption] Bibotta Q-pop стиліне қызыққанымен, кореялық киім үлгісін қайталамай, өзгерістер енгізді. Қазақша оялар мен белбеулер қосу арқылы жаңа бағыттағы киім үлгісін жасады.Қазақша жазуы бар киімдер
Кез келген дизайнердің өзіндік ұстанған бағыты, табыс әкелетін өнімі болады.Bibotta өнімдерімнің ішінде жазуы бар жейделер ерекше орын алады. Жылдам танылып, сұранысқа ие болған бұл өнімдерді Bibotta брендінің “фишкасы” деп атаса да болады.
[caption id="attachment_99083" align="aligncenter" width="300"] Фото: Deskgram[/caption]Шетелден келетін киімдердің көпшілігінде жазулар жазылған. Оны біреу түсінсе, кейбіреулер түсінбестен киіп жүреді. Осындай киімдердің сұранысқа ие екенін түсінген соң, Bibotta оның қазақша нұсқасын жасауға бел буады. Сосын “Неге?”, “Ерекше”, “Бес нәрседен қашық бол!”, “Мәңгі сені жазбаған сүрінуге” деген жазулары бар отандық өнімдер нарыққа шықты. Bibotta тарихындағы ең өтімді тауар осы болды.
Димаш Құдайберген де Bibotta өнімдерін киеді
Жұлдыздардың көпшілігі Bibotta брендінің киімдерін киеді. Тіпті, Димаш Құдайбергенде де арнайы Bibotta тіккен киім бар. Бірақ, Ботаның өнімдері көбінесе сахнаға емес, күнделікті өмірде киюге арналған.
"Өзім көбінесе кореялық киім үлгілерін басшылыққа аламын. Осындай үлгідегі киімдер жасап шығарғым келеді. Алайда, біздің елдегі түсінік басқаша. Кореялықтар оверсайз (oversize) стильде, яғни, кең тұратын киімдерді ұнатады. Бұл стиль еркіндікті білдіреді. Сосын Кореяда патриоттар тұрады (күліп). Олар тек өз өнімдерін, өз дизайнерлерінің киімдерін тұтынады. Олардың атақ-дәрежесін жоғары бағалайды. Кореяда тек қана сахна жұлдыздары емес, олардың дизайнерлері де үлкен мәртебеге ие",- дейді Бота.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024