
Алматы. 17 қазан. 7kun.kz – Жыл басынан бастап 16 қазан аралығында валюта нарығында теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 366,86 теңгеге дейін 10,4%-ға әлсіреді, - деп мәлімдеді Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.
«Теңгенің әлсіреуі сыртқы факторларға байланысты болды. Біріншіден, дамушы елдердің валюталарына қатысты АҚШ долларының нығаюы. Екінші фактор – келешекте Ресейге қарсы санкцияларды қатаңдату туралы хабарлау. Осының аясында, жыл басынан бері Ресей рублінің әлсіреуі 15% болды», - деп түсіндірді Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы.
Сондай-ақ, ол Қазақстан Ұлттық банкінің айырбастау бағамының шегін, дәлізін немесе басқа өлшемдерін белгілеместен өзгермелі айырбастау бағамы саясатын жалғастыратынын айтты.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025