Бүгінде күллі әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық үрдіс біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгеріске алып келуде.
Өмір сүрудің әртүрлі салалары цифрландырыла бастады. «Ақылды» қалалардың пайда болуы, экономикада делдалдықтың жойыла бастауы, цифрлық тұғырнама мен классикалық банкингтер т.б. арасында бәсекелестік артуы осыны көрсетеді. Соған сай еліміздің бұдан әрі дамуы жаңа үш жаһандық трендтің ықпалымен жүргізілетін болады. Олар әрбір адамнан басқаша ойлауды, жылдам үйрену қабілеті мен өзгеру қасиеттерін талап етеді.
Біріншіден, бұл технологиялар дамуының серпілісі. Жаңа өмір салтын қалыптастыратын және адамдарды сапаға дайындайтын магистралдық технологиялық трендтер – роботтық техника, қаржылық технология, биотехнология, жасанды интеллект, генетика, ұшқышсыз басқарылатын әуе жүйелері, микро және наноинженерия. Осындай қарқындағы технологиялық өзгерістерге ілесуі үшін ұлт дайын болуы керек. Адам өркениетінің технологиялық негіздеріне ауысуы адамдардан жоғары біліктілікті қажет етеді. Қоғамның инновациялық бағыттары жалпыға бірдей болуы қажет.
Екіншіден, ХХI ғасыр технологиялары әлемдік экономикада мемлекеттер бәсекелестігі табиғатын өзгертеді. Егер бұрын елдердің артықшылығы ретінде табиғи байлығы, жаһандық нарыққа арзан жұмыс күшімен тікелей шығу мүмкіндігі қарастырылатын болса, қазір бірінші орынға интеллектуалдық әлеуеті мен инновациялары, өнімді жұмыс күші, яғни мамандардың кәсіби дайындығы, ұтқырлығы алға шығады.
Үшіншіден, адами капиталға үміт арту – бұл ХХI ғасырда дамудың жаңа парадигмасы. Алдыңғы қатарлы елдер «бәсекелестікке қабілетті ел – бәсекеге қабілетті адамдар» қағидасы бойынша стратегиялық шараларды әзірлеуге кірісті. Бірінші кезекте, білім саласына жіберілетін инвестициялар артуда. Еңбек нарығы түбегейлі өзгеру үстінде. Қолданыстағы кәсіби мамандықтардың 9%-дан 50%-ға дейін жойылып кету қаупі бар. Жоғары білікті қызметкерлерге деген сұраныс шұғыл артуда. «Таланттар 4 экономикасы» феномені айқын көрініс табуда: талант капиталдан қымбат бола бастады, өйткені оның өзі капиталды шығарады.
Қазір технология бұрынғыдан жылдам өзгеруде. Еңбек ресурстары мен білім саласында салааралық және еларалық байланыстарды бөлуге жаңа серпіліс тудыруда. Төртінші өнеркәсіптік революция адамзат үшін теңдессіз өзгерістер ауқымын алып келе жатыр. Оның қозғаушы күші – өндіріске жаппай киберфизикалық жүйелерді енгізу (индустрия 4.0), адами қажеттіліктерді қамту. Оның ішінде – адамдардың тұрмысы, жұмысы және демалысы.
Айта кету керек, бірінші өнеркәсіптік революция XVIII ғасырдың екінші жартысында басталды. Адамзат ол кезде су мен бу көмегі арқылы қол еңбегінен машиналық еңбекке көшу мүмкіндігіне ие болды. Өнеркәсіптік революция ғылым 5 жинақтау және сақтау салалары бойынша ашып, технологияларды алға жылжытады. Біз дәстүрлі компаниялардың жұмысында қалыптасқан дизруптивтік жаңа бизнес-моделдердің құрылуының куәгері болдық. Осындай трансформациялар мемлекеттік мекемелер мен әлеуметтік сала деңгейінде жүріп жатыр. Жоғары интеллектуалды және шығармашылық жұмыстар жүргізу мүмкіндігі көбейеді. Жаңа технологиялар мен өндірістердің дамуы қалыптасқан экономикалық құрылымдардың жұмысын тоқтатады. Компаниялар тұтынушылардың өзгеріп жатқан тұтыну талаптарына қарай ілесуі керек, бірақ оның да өзіндік қарама-қайшылықтары болады. Мәселен, экономика өсетін болса, ал жаңа интеллектуалдық жүйелер еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмысын алмастырады. Ал бұл дегеніңіз жұмыссыздық өсуіне әкеліп соқтырады. Жаңа ақиқаттарға негізделген экономикада инновациялық технологияларды жасайтын жоғары білікті мамандарға сұраныс көбейіп, ал төмен білікті жұмысшыларға сұраныс азая бастайды. Уақыт өткен сайын мұндай құбылыстар күшейе түседі. Елдердің шаруашылық салаларына ықпал етіп қана қоймай, сондай-ақ жаппай өңірлерге де ауысады. Біз әлемде дамып келе жатқан қайшылықтардың куәгері болуымыз мүмкін. Бұл қоғамда теңсіздік тудырып, өзгерістерді қабылдайтындар және оларға қарсы шығатындар етіп, адамдарды екіге бөлуі мүмкін. Демек, қарқынды дамудағы әлемнің көлеңкесінде қалып қоймау үшін, мемлекеттерге зор күш салу керек. Жаһандық жаңалықтардан ажырамауы қажет. Білім мен инновациялар экономикасына көшуге бағыт алып, кең көлемді технологиялық жаңғыртулар мен қайта қаруландыруларды жүзеге асыру қажет. Мықты цифрлық мемлекет – цифрлы шешімдер әлеміне толықтай интеграцияланған күшті бизнестен басталады. Мемлекет еліміздің бизнесінде цифрлы технологияларды барлық басым секторларда кеңінен қолдануға ұмтылып отыр. Кәсіпкерлерге арналған цифрлы технология енгізудің ұтымды жүйесін құру жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорындарды цифрлық трансформациялап, шығындарды барынша азайту қолға алынып, цифрлық жобаларға инвестиция тарту үшін тиімді жағдай жасаудың нормативті базасы жүзеге асырылып, реттелуде. Бүгінде елімізде келесі ірі жобалар жүзеге асырылуда: цифрлы кен орыны, цифрлы кеніш, электронды сауданы дамыту, интеллектуалды транспортты жүйе және цифрланған тау-кен өндірісі, электр энергетикалық кешен. 4.0. индустрия технологиясы қолданысындағы цифрлы фабрикалар моделін құрудың пилоттық жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда.
Цифрлық технологияларды енгізу дәстүрлі базалық салаларда өндірісті арттыруға, олардың бәсекеге қабілетін күшейтуге серпін береді. Цифрландыру нәтижесінде АӨК және сыртқы нарыққа отандық экспорт шығару деңгейі артады. Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру үшін қазақстандықтар өздерінің дүниетанымын, дағдыларын өзгертуге, бәсекеге бейім білім алуға, яғни адами капиталдың жаңа сапасына, адамдардың жаңа сапасына қол жеткізуі тиіс. Елді одан әрі дамыту соңғы әлемдік үрдістердің әсерінен орын алады, яғни әрбір адамның терең ойлануы мен тез үйренуге және өзгертуге қабілетті болуын талап етеді. Бұрын елдердің артықшылықтары табиғи ресурстарға, әлемдік нарыққа тікелей қол жеткізуіне, арзан еңбекке байланысты анықталса, қазіргі таңда интеллектуалдық ресурстарға және инновацияларға, еңбек өнімділігіне, кәсіптік оқытуға және олардың ұтқырлығына байланысты бағаланады.
Адами капиталға жаңа көзқарас
Әлемдік бәсекеге бейімділіктің көш соңында қалмас үшін Қазақстан әлемдік сұраныс пен шындыққа төтеп бере алатын адами капиталдың жаңа сапасына қол жеткізуі керек. Адами капиталдың жоғары деңгейі есебінен әлемнің жетекші экономикасы мол жетістікке, жеңіске жетеді. Білім беру жүйесі бұрын белгісіз мәселені шеше алатын, өзгеріске жылдам бейімделетін, жаңалықтар аша білетін, ұшқыр, шығармашыл ойлы, аналитикалық көзқарасты жасампаз (креативтік) адамдарды даярлауға бар күш жігерін жұмсауы тиіс. Сонымен қатар функционалдық, IT сауаттылық, ағылшын тілін жетік меңгеру, жоғары адамгершілік азаматтық кемелдену де өте маңызды. Жолдауда қойылған міндеттерге сай мектептердің цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу, бейне жабдықтармен жасақтау жұмысы жалғасады. 2019 жылдың 1 қыркүйегіне қарай мектепке дейінгі білім беру ісінде балалардың ерте дамуы үшін өз бетінше оқу машығы мен әлеуметтік дағдысын дамытатын бағдарламалардың біріңғай стандарты енгізіледі. Жұмыс берушілерді тарта отырып, халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыны ескеріп техникалық әрі кәсіптік білім беру оқыту бағдарламаларын жаңарту жоспарланып отыр.
Төртінші өнеркәсіптік революция – ІТ-технология заманы. Яғни, интернет әлемі. Көш басындағы елдердің көз ілеспес жылдамдықпен дамуы осы ақпараттық технологияның жетілуімен тікелей байланысты. Бұрын «ақпараттық технология маманы кім, олар нені білу керек?» деген сауал күңгірт еді. Қазір ақпараттық технология маманы барлық саланы меңгеруі керек. Бұл – интернет арқылы барлық технологияны саусағымызды қозғалту арқылы орнынан қозғалтатын күнге жетеміз деген сөз.
Қоғамды, экономикалық ахуалды жаңа даму сатысына көтереді делініп жүрген IT технологияның даму үрдісі жайында өзіндік ойы бар IT сарапшы маман Тимур Бектұр: «Бұл саланың даму қарқыны өте жылдам екені айтпаса да түсінікті болар. Өйткені технология күнделікті өмірімізге дендеп еніп жатқанын бәріміз көріп жүрміз. Мейлі ол мұнай-газ, ауыл шаруашылық, медицина болсын, барлығына да жаңа технология еніп жатыр. Сол себептен мамандарға да сұраныс жоғары. Әсіресе, желілік технологияларды, серверлер мен жүйелерді баптаушыларға сұраныс көп. Сондай-ақ, қазір интернет заманы болғандықтан, уэб бағдарламашыларға да сұраныс баршылық. Соңғы кезде big data, machine learning, data mining секілді ақпаратты анализдеумен, машинаны кодтаумен айналысатын салалардағы мамандарға да сұраныс көп» дейді.
Оның айтуынша, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Бізге осынша ІТ маманы жетіспейді» деп бір көрсеткішті айтады. «Одан кейін тағы бір жерден «Осынша ІТ маманына қажеттілік бар» деген ақпарат шығып жатады. Алайда сол цифрлардың қайда, қалай есептеліп жатқанына өз басым күмән келтіремін. Себебі жыл сайын еліміздегі ЖОО-нан қаншама ІТ мамандары оқу бітіріп жатыр. Дей тұрғанмен, күнделікті вакансиялардың саны артпаса, кеміп жатқан жоқ» деді бізге берген пікірінде.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024