Алматы. 19 маусым. 7kun.kz - "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры соңғы 10 жылда 30 мыңға жуық кәсіпкерге қаржылай қолдау көрсеткен. Бұл туралы "Даму" қорының баспасөз қызметі хабарлады.
"2007 жылдан бастап 2017 жылға дейін жалпы құны 1,5 млрд теңге болатын 30 мыңға жуық жоба несиелендірілді. Кредит екінші деңгейлі банктер және микроқаржыландыру ұйымдары арқылы жеңілдікті мөлшерлемемен берілді", - деп атап өтті "Даму" қоры басқармасының төрағасы Абай Сарқұлов Х-шы Астана экономикалық форумында.
Қор басшысының мәліметінше, кредиттің пайыздық мөлшерлемесі бойынша субсидияны 9,7 мың кәсіпкерлер жобасы алды. Оның жалпы сомасы 1 трлн 811 млрд теңге. 3 мың жоба кепіл мүлкі жетіспегендіктен қосымша кепілдік алған. Жалпы сомасы - 104,3 млрд теңге. Сонымен қатар, 3,3 мың кәсіпкер оқытылған.
2016 жыл бойынша, "Даму" қорының қолдауына ие болған кәсіпорындар, 4 трлн теңге көлемінде қызметтер мен тауарлар шығарған. Одан бөлек, 253 млрд теңге салық төлеп, 26 мың жұмыс орнын құрған.
"Соңғы 6 жылда әрбір салынған 1 теңге 4 теңге болып қайтты. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, қордың жеке капиталы 98,7 млрд теңге болды. Бұл Қазақстан банк секторының 3,5 пайызын құрайды. Ал қор активтері - 349,4 млрд теңге. Бұл елдегі банк активтерінің жалпы сомасының 1,4 пайызы", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры - "Бәйтерек" ұлттық холдингінің құрамына кіретін даму институттарының бірі. Қордың негізгі мақсаты - Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024