Астана. 30 желтоқсан. 7kun.kz – Депутаттар Үкімет пен Ұлттық банктің мемлекеттік қаражатты ұрлау мақсатында Jusan Bank-пен ықтимал сөз байласуын анықтауға ниетті. Бұл туралы мәжіліс депутаты Қанат Нұров айтты, деп хабаралайды 7kun.kz.
«Қызметтік пайдалану үшін негіздемелік келісімге және алу туралы шарттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуді, сондай-ақ Үкіметтің, Ұлттық Банктің және өзге де мемлекеттік реттеушілердің кінәлі лауазымды адамдарының Jusan Bank және өзге де екінші деңгейлі банктермен қаражатты аса ірі көлемде жымқыру мақсатында олардың ықтимал топтық сөз байласуы мәніне іс-әрекеттерін тергеу мақсатында осы мәселелердің барлығына уәкілетті мемлекеттік органдардың жауаптарын алуды сұраймын», – деді депутат Бас прокурорға және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасына жолдаған депутаттық сауалында.
Оның айтуынша, депуттар Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа сауал жолдап ұсыныстарын жеткізген. Бірақ премьер-министрдің жауабы қанағаттанарлықсыз болған. Мәжілісмен 9 трилион мемлекеттік көмек әлі де ашылмаған құпия болып отырғанын айтты. Соның ішінде жүйелік маңызы бар банктерді сатып алулар сериясында әлі де ашылмаған жағдайлар бар, мәселен шағын Jusan Bank-тің екі ірі Цесна мен АТФ банктерін сатып алуы.
«Сонымен қатар, Қаржы министрлігінің Проблемалық несиелер қоры неліктен АТФ банктен оның құнсызданған активтерін өз құнынан бес есе қымбат бағаға сатып алды, соның нәтижесінде 2020 жылы 171 миллиард теңге екі теңгеге тып-тыныш келісім бойынша Jusan Bank-тың кассасына өтіп кеткен? 2019 жылы мемлекеттен 241 миллиард теңге көмек алғаннан кейін «Цесна банктың» резервтерін Jusan Bank-ке бір теңгеге беруді кім қалыптастырды?», – деді депутат.
Ол аудиторлық есепте Jusan Technologies-тің түпкілікті бенефициары ретінде «Jusan Bank» «Цесна» және АТФ банктерін сатып алудан пайда 1 миллиард 350 миллион долллар, ал мемлекеттік қарыздарды қайта құрылымдаудан небәрі 300 миллион доллар пайда тапты деп көрсетілгенін түсінбейтінін атап өтті.
Нұров Үкіметтің, Ұлттық банктің және барлық реттеуші органдардың қызметін квазимемлекеттік кәсіпорындар арқылы экономикаға мемлекеттік көмек көрсету үшін ұлттық валютаның барлық эмиссиясын Мәжіліс мемлекеттік бюджет шегінде бекітетіндей етіп дереу қайта құрылымдау қажет деп санайды. Әйтпесе олар валюта нарығында құлдырап, инфляцияны күшейтеді, деді депутат.
Айта кетейік, БАҚ-та Jusan Bank-ті экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырып жатады, оны осы қаржы мекемесі қызметінің түпкі пайда алушысы деп есептейді.